Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ Әдісі : түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. 14- бет.
ІІІ. Өткенді пысықтау: № 1 жаттығу есептемей-ақ бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықта.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:№2 а) оқушыларға түсіндіре отырып шығарту, қосымша бірнеше мысалдар келтіру.
ә) Баған түрінде шығару, дұрыстығын тексеру.
9684:12=
4784:23=
94770:45=
95883:31=
68120:65=
73980:36=
77110:22=
107940:35=
№ 3 ізденісті талап ететін жаттығу. Оқушылармен талдай отырып шығару.
№4. Есептерді шығар. а) Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
140-х=140:7
140-х=20
х=140-20
х=120
140-120=140:7
Жауабы: сәбізге қарағанда 120 кг картоп артық дайындалды.