Мерездің жіктелуі:
Сероснегативтік бірінші мерез
Серопозитивтік бірінші мерез
Жасырын бірінші мерез
Мерездің жаңа екінші кезеңі
Мерездің қайталанбалы екінші кезеңі
Екінші жасырын кезеңі
Мерездің үшінші беелсенді кезеңі
Мерездің үшінші жасырын мерез
Жасырын кезеңі
Туа біткен мерез:
а) ерте білінетін туа біткен мерез
б) кеш білінетін туа біткен мерез
в) туа біткен жасырын мерез
Висцералдық мерез
Жүйке жүйесінің мерезі
Арқа сухоткасы
Үдемелі салдық
Мерездің клиникасы
Бірінші мерез – syphilis primaria . 1. Трепонема тері немесе шырышты қабық арқылы енген жерде бірінші сифилома- қатты шанкр пайда болады. Ол дөңгелек немесе сопақтау, беті тегіс, шеті анық шектелген, тегіс эрозия немесе үстірт жара түрінде болады. Беті жылтыр, таза, аздаған сұйықтықтың әсерінен жылтарап тұрады. Түсі шикі еттің түріндей. Кейде бетінде сарғыш-сұр қабыршақ болуы мүмкін. Ұстағанда ауырмайды. Көбінесе жұқтыру жыныс қатынасы арқылы болғандықтан , қатты шанкр жыныс мұшелерінде орналасады, кейде артқы тесікте, кейде басқа жерлерде де орналасуы мүмкін(қызыл ерінде, бадамшада, тырнақ түбінде).
2. Шанкр шыққан соң 5-7 күннен оған жақын тұрған лимфа бездері үлкейеді (склероаденит). Алша сүйегінен жұмыртқаның үлкендігіндей болады, тығыз консистенциялы, бір-бірімен және ұлпалармен жабыспайды, бос жатады.
3. Бірінші кезеңнің аяғында алыстағы лимфа бездері де үлкейеді – полиаденит дамиды. Жергілікті лимфа лимфа бездерінен олардың көлемі кішірек.
Асқынулары: ең жиі басқа жұқпа қосылуы – шанкрдың айналасында қабыну басталады, бетінде ірің пайда болады. Шанкр эрозия түрінде болса, орнында ешқандай із қалмайды, ал егер жара түрінде болса, орнында тыртық қалады. Шанкр шыққан соң 5-7 күннен кейін оған жақын тұрған лимфа бездері үлкейеді (склероаденит). Бірінші кезеңнің аяғында алыстағы лимфа бездері де үлкейеді – полиаденит дамиды. Жергілікті лимфа бездерінен олардың көлемі кішірек.
Диагнозы: қатты шанкрдың белгілері айқвын болғанымен диагноз қоюға шанкрдың бетінен міндетті түрде трепонеманы табу керек. Серологиялық зерттеу бірінші кезеңнің екінші 2-3 аптасынан бастап қана оң нәтиже көрсетеді. Мынандай аурулармен қатты шанкрды ажыратуға болады:
Жұмсақ шанкр – жара тереңірек, жиектері қазылыңқы, түбі іріңді, қатты сіңбесі жоқ, айналасы қызыл, ісініп тұрады, ауырсыну белгісі туады.
Герпес (ұшық) – эрозиясы ұсақ, топталып орналасады, бір-біріне жанасып тұрады, шеттері тегіс емес, айналасы ұабынған, ашып, ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: |