Сабақтың түрі: Дағдылармен іскерлікті жетілдіру сабағы Сабақтың типі: Тәжірибе Сағат саны: 4 сағат



бет7/16
Дата31.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#21101
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
№ 5. Мерез

Төмпешікті сифилид – терінің қалыңдығында дөңгелек немесе жартылай шар тәрізді қатты, қызыл-көк төмпешіктер шығады. Көлемі бұршақтың үлкендігіндей. Бір-біріне жақын, топталып орналасады, бірақ қосылмайды. Әрі қарай кейде төмпешіктің үстінде қабыршақ пайда болып, бірнеше ай тұрады да кішірейіп, жазылады. Орнында атрофиялық тыртық қалады. Төмпешіктер көбінесе кеудеде, қарында орналасады, қышымайды, ауырмайды.

Гумалдық сифилид - гумма тері астында майлы қабатта орналасады. Ол қатты, ауырмайтын, көлемі жаңғақ үлкендігіндей түйін. Бара-бара өсіп, терінің үстіне көтеріліп тұрады. Түсі қызыл-көк, ортасы некрозданып, жұмсарады, содан соң струпқа айналып, астынан желім тәрізді сұйықтық ағады, ол гуммиароабикке ұқсас болғандықтан гумма деп аталады. Гумманың саны көп болмайды, 1-3 түйін шығады. Диагнозын скрофулодермамен ажырату керек – жұмсақ сіңбе, бетінде жара, ол бірнеше тесікпен ашылып, ішінен ірің шығады. Жиегі жұмсақ, салбыраңқы.

Шырышты қабықтың зақымдануы – жұмсақ және қатты, таңдайдың, мұрынның шырышты қабаттары зақымданады, кейде жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен тіл зақымданады. Дәріс шырышты қабаттан басталып, сүйек және шеміршекке ауысады Мұрынның пердесін теседі, танауды екі бөліп тұрған қалқанның жоғарғы жағы зақымданып, мұрынның пішіні өзгереді, ертоқым сияқты болады, таңдай тесіліп, адамның дауысы өзгереді.

Туа біткен мерез – іште жатқан балаға анасынан жұғады. Іштегі балаға ең қауіптісі анасындағы мерездің екінші кезеңі және ауру жұққанан соң алғашқы 3 жыл. Мерезбен ауыратын әйелдер екіқабат кезінде, оның алдында мерезге қарсы толық арнаулы ем алса, әдетте балалар сау туады. Мерезде жатыр үлкейеді. Мерезбен ауырған әйел емделмесе баласы түсіп қалады, немесе 6-7 айлық бала өлі туады. Туа біткен мерездің 3 түрі бар:

1. Тұқым мерезі.

2. Ерте білінетін мерез.

3. Кеш білінетін мерез.
Тұқым мерезі – жатырдың мерезбен зақымдануының арасында тұқымның қоректенуі бұзылады, зат алмасу дәрісі қиындайды сөйтіп бала өлі туады, кейде 6-7 ай аралығында, кейде 4-5 айларда. Висцералдық ағзалардың ішінен әсіресе бауыр, көк бауыр, өкпе, эндокрин бездері жиірек зақымданады. Сонымен бірге орталыұ жүйке жүйесінің де зақымдануы кездеседі: менингоэнцефалит, лептоменингит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет