Сабақтың түрі: Дебат сабақ. Көрнекілігі



бет3/5
Дата03.04.2023
өлшемі26,45 Kb.
#78661
түріСабақ
1   2   3   4   5
1-ші дәлелдемем: Ұялы телефонның қазіргі уақытта пайдалылығы, яғни қажеттілігі. Оның калькулятор, интернет, камера, видео сияқты функциялары қай мамандықта да пайдалы. Керекті хабарды, ауа-райын, валюта курсын, жаңалықтарды да осы телефонның көмегімен білуге болады. Ол үшін компьютерді бірге алып жүру қажеттігін азайтады. Олай болса, әртүрлі саладағы қызмет адамдарына ұялы телефон пайдалы.
2-ші дәлелдемем: Адам күні адаммен дегендей біздің арамыздағы әртүрлі қарым-қатынаста ұялы телефонның маңызы зор. Ұялы телефон қарым-қатынасты реттейді. Қазіргі алтыннан уақыт қымбат заманда жаныңа жақын адамыңның көңілін тауып, жай-күйін сұраудың зияны жоқ шығар деп ойлаймын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

  1. Даттаушы.

1.Сабақта шырылдап, көңіліңді бөледі, басқа балаларға кедергі
болады.

  1. Ұялы телефонды жатса да, тұрса да қолынан тастамайтын бала
    тұйық, жеке жүретін, көп сөйлемейтін болады .

  1. Жүргізушілерге соткамен сөйлесуге болмайды. Апаттың көбі қазір
    соткамен сөйлескендіктен болып отыр.

  1. Кейбіреулер балаларды төбелестіріп, соткаға түсіріп алады.

  1. Соткамен көп сөйлессең, музыка тыңдасаң, құлағың аурады. Ал одан
    ойындарды көп ойнасаң, көзің аурады.

«Даттаушы топтың 2 спикері Ниетқалиева Аяжанның ойы: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Аяжан өз тобымның №2 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. Өзіне ненің қажет, ненің қажет емес екенін жете түсіне бермейтін жас өспірімдерге ұялы телефон аса қажетті дүниеге айналды. Телефонды ойлап тапқан өнер тапқыштар осы телефонның бизнеспен айналысатын, уақыты тығыз, уақыты ақшамен есептелінетін жандарға арналғанын айтқан. Сонымен бірге зиянды тұстарында ескеріп, қауіпсіздік шараларын да бірге жеткізген. Алай да осы ережелерді ешкімде сақтамайды. Осы ережелерге байланысты менің бірінші дәлелдемем.
1) Ұялы телефонды жатын бөлмелерге түнгі уақытта қоюға болмайды. Заряд көзіне қосып қоюға да тыйым салынған. Яғни ток көзіне қосылған телефон да, қосылмаған телефон да жаңбырлы, найзағайлы күндері, не магнит күндері жарылғыш бомбамен тең. Ал қазір жастығымыздың астында жатырған әр телефонның соңы не боларын кім білсін. Өздерін бизнесмен деп есептейтін әр адамның осы телефонға тым әуестігі түсініксіз жағдай. Яғни өміріне аса қауіпті екенін де түсінбегені ме?
2) Қазіргі нарық қысқан заманда ұялы телефон ақша жоғалтудың басты себебі; әр ай сайын бірнеше мың бірлікті салатын әрбір адам ұялы телефон компанияларының қалтасын қалыңдатып отыр. Кейде тым қажетсіз уақытта да қыруар бірлік кетіретін телефон жалақысы аз, көпбалалы отбасы бюджетіне көп салмақ салуда. Бір жанұяда бірнеше телефон болса, ай сайын 5-6 мың теңге орта есеппен желге ұшады. Тыңдағандарыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет