Сабақтың түрі: Дебат сабақ. Көрнекілігі


«Жақтаушы» топтың 3 спикері Душева Ақтілектің пікірі



бет4/5
Дата03.04.2023
өлшемі26,45 Kb.
#78661
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Жақтаушы» топтың 3 спикері Душева Ақтілектің пікірі: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Ақтілек өз тобымның №3 спикері. Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қорытамын. Жоғарыда жақтастарым дәлелдеп өткендей аядай ғана ұялы телефонның адам баласына пайдасы жетерлік. Жалпы адамзат үшін ең басты нәрсе – өмірі мен денсаулығы болса, оны сақтауда, ұзартуда яғни дер кезінде алғашқы жәрдем шақыру да осы телефонның еншісінде екен. Сонымен қатар хабар алу, мәлімет алу, бизнесті өркендету сияқты маңызды нәрселерде де ұялы телефон тиімдірек. Ал оның зиянды жағы, пайдалы жағынан кейін айтылады. Барлық техникалық зиянын ғалымдар болжай алғанымен, нақты дәлел келтіре алмайды. Ал ұялы телефонның зияны әлі дәлелденбеген бір жақты пікір. Яғни оның зияндылығына болжам ғана бар дер едім. Техниканың қай түріне де нұсқау жасалады. Оны қолдану уақыт, ескерілетін жайларды техника кітапшаларына жазылады. Сондықтан ұялы телефонды қолдану бағытын, өз ережелерін сақтаса орасан зор зиян келтірмес еді. Өз денсаулығына алаңдаған, бизнеспен айналыспайтын, жақындарынан жақын тұратын адам ұялы телефонды қолданбай-ақ қоюға болады. Уақыт, дәлдік деген ұғымдарды реттейтін пайдалы техника құралы ұялы телефонды орнымен қолдануға үйренсек қана, оның зияндылығы сөз болмас еді деп пікірімді аяқтаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет!
«Даттаушы» топтың 3 спикері Каменова Әсемнің ойы: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Әсем өз тобымның № 3 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген пікірді қорытамын.
Жоғарыда менің тобымның спикерлері дәлелдеп өткендей, заманның басты проблемаларының бірі ұялы телефон. Ұялы телефон қазіргі қиын экономикалық дағдарыс уақытында көп балалы жанұя ата-анасымен, ауқатты жанұя ата-анасының арасындағы ара жікті ашатын зиянды құрал болды. Ауқатты отбасы баласының құны 40-50 мың тұратын телефонын көрген көпбалалы, не жұмыссыз отбасы баласы өзін бейшара санап, өмірден түңілуге дейін жағдай туғызады. Бұл дегеніміз жалпы ұрпақ тәрбиесіне келетін орасан зор зиян.
Ендігі жерде осыған тоқтау болар тек әр адамның сана түйсігі деп ойлаймын. Болашақ ұрпаққа, яғни, сіз бен біздей жасөспірімдерге ұялы телефонды орынды қолдануды үйреніп, жақсы мен жаман жағын таразылай білейік дегім келеді. Қорыта келе, ұялы телефонның зияны жетерлік деген пікірді қолдаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет