Сабақтың түрі: Практикалық сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ жауап



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі27,78 Kb.
#122207
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ. Тақыырыбы MS Word мәтіндік редакторы


Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы
Мақсаты: MS Word мәтіндік редакторы туралы ақпарат беру. Студенттердің
компьютерлік сауаттылығын дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
Білімділік: Студенттерге MS Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін, сипаттай
отырып үйрету.
Дамытушылық: Студенттерге MS Word-тың элементтерімен дұрыс жұмыс істей алу
дағдыларын дамыту. Компьютерлік технологияны меңгерту.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істеуге, адамгершілікке және патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ — жауап
Технология: «Сын тұрғысынан ойлау» М. М. Жанпейсованың модульдік технологиясы
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Өткен сабаққа шолу
4) Ертегі әлемі
5) Практикалық кезең (электрондық оқулықпен жұмыс)
6) Сергіту сәті
7) Қорытындылау.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Студенттердің жұмыс орнын дайындау, назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру,қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
2. Үй тапсырмасы. M S Word бағдарламасын оқып келу.
3. Өткен сабақтарға шолу. Сұрақ қою арқылы еске түсіру.
Үй тапсырмасын «Ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты және техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламын.
1 — сұрақ. Мәтіндік файлдың кеңейтілімі (. txt)
2 — сұрақ. Қарапайым графикалық редактор (Paint)
3 — сұрақ. Кесте дегеніміз не? (Кесте — жолдар мен бағандардан реттеліп берген ақпарат)
1 — сұрақ. Мәтінге объект кірістіру (Вставка — Объект)
2 — сұрақ. M S Word кеңейтілімі (. Doc)
3 — сұрақ. Мәтіннің түрлерін ата (Қарапайым, бағдарламалық,кестелік).


4. «Ертегілер әлемі» — Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.
Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып — білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Microsoft Word — ты іске қосу әрекеті?
Пуск — Программы — Microsoft — Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.
2. Алғашқы төрт жолақты ата.
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.
3. Терезенің үш батырмасын ата.
Жималау, жаймалау, жабу.
4. Дайындалған құжат қалай сақталады?
Файл — сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.
Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.
Енді біз Word-қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:
1. Тақырып жолағы
2. Меню жолағы
3. Стандартты панелі
4. Пішімдеу панелі
5. Сызғыш
6. Айналдыру жолақтары
7. Жұмыс аймағы
8. Қалып-күй қатары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет