Сабақтың түрі: Практикалық сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ жауап



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі27,78 Kb.
#122207
түріСабақ
1   2   3
5. Практикалық кезең
Сонымен Word жолға шығып, 1-ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.
1. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
2. Аялдама. Мәтінмен жұмыс
1) Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін — Times New Roman, қаріп өлшемін — 16, орта бойынша туралау.
2) Соңғы сөйлемді қиып алып, төртінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3) Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың ету.
Логикалық тапсырмалар:
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
5. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
6. Термометр аяз болғасын — үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5. Сұрақ қою: Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол — компьютер. Осы ойға пікіріңіз қандай?
6. Сергіту сәті (көз жаттығулары)
Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер.
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Компьютер процессорымен мықты.
Ағаш тамырымен мықты,
Жақсы WORD жарым ырыс.
Жақсы сөз жарым ырыс
3. Аялдама. Безендіру жұмыстары
1) Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2) WordArt-та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.
4. Аялдама. Кесте құру
Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.
Ендеше балалар осы ертегімізге байланысты сөзжұмбақтарымызды шешейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет