Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, сәйкестендіру, кесте


Ежелгі Русьте жер жұқа формалы киттердің үстінде жатыр деп есептеген



бет6/7
Дата28.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#87747
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ежелгі Русьте жер жұқа формалы киттердің үстінде жатыр деп есептеген.



Ежелгі гректер жерді өзен-теңіздердің арасындағы диск деп ойлаған.



Үндістер үлкен тасбақа үстінде төрт піл жұқа жарты дөңгелекті көтеріп тұр деп есептеген.


Тұрсынай - Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болған. Алайда ол кей беймәлім құбылыстарға байланысты жоқ болды. Оған дәлел қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы.
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температура шамамен -60ºC құрайды. Марста озон қабатының болмауы себепті Күн шығыстан шыға салысымен ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын қабылдайды.

Айгүл - Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары.


Қызылжұлдыз бен Сатурн(Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметрі бойынша ол Жерден 11 есе  үлкен, салмағы бойынша 300 есе үлкен.
Есеккқырғанның бір жылы Жердің 11 жылына сәйкес, Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа.
Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өз белін өте жылдам айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа(серік),Каллипсо, Ио, Ганимед.

Нұржанар - Қоңырқай (Сатурн) — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.


Қоңырқа Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл.
Қоңырқайдың шамамен 30 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.
Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ.
Ғаламшардың экваториялдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.
Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.
Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метансу буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.


Әлия - Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.


Мейрамгүл - Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жерден 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.
Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет