Негізгі орта білімді бітірушілерге арналған биология пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
1-билет
Сабақтың түрлері мен қызметі,сабақтың түрөзгерістері туралы түсіндір?
Ағзалық әлем дегеніміз не?Ағзаны құрайтын заттар қалай аталады?Өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас ағза екенін қалай дәлелдеуге болады?
Митоздың әр фазаларына тоқталып түсіндіріп бер?Митоздық бөлінудің биологиялық мәні неде?
Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі түсіндір,есту гигиенасы,барлық анализаторлардың өзара байланысты жұмысы не үшін қажет?
Не себепті өсімдіктерде фотосинтездің нәтижесінде атмосфераға бос оттек бөлініп шығады?Автотрофты дегеніміз не?Қандай организмдер гетеротрофтарға жатады?
3-билет
Жапырақ,жапырақтың жүйкеленуі,жапырақтың түр өзгерістері,жапырақтардың сабаққа орналасуы қалай болады?
Балдырлардың шаруашылықтағы маңызы қандай?балдырларды қорғау үшін қандай шаралар қолданылады?Балдырлардың түстері неге қоңыр,қызыл болады?
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметін түсіндір,Рефлекс және рефлекс доғасы дегеніміз не?ең қарапайым рефлекс қандай?
4-билет
Мүктерді зерттейтін ғылым қала аталады?Мүктер қалай қоректенеді?Мүктердің құрылысын сипаттаңдар,оның қандай мүшелері бар?
Адамның барлық қаңқа бөліктерін атап өт,сүйектің құрылысы,сүйек типтері және олардың байланысуы қандай?
Не себепті жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?Мысалдар келтіріңдер.
5-билет
Гүлдің құрылысын түсіндіру?Гүлшоғыр дегеніміз не?гүлшоғырдың қандай түрлері болады?Өсімдіктердің тозаңдануы мен ұрықтануын түсіндіру?
Асқабақ тұқымдастарының қандай маңызы бар?Орамжапырақтар тұқымдасы неге шаршыгүлділер деп те аталады?Олардың маңызы туралы айтыңдар.
Дарвин ілімінің қалыптасуына ықпал еткен қандай алғышарттарды білесіңдер?Дарвин Жер шарына саяхат жасаған кезінде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?
6-билет
Лапыздың өзге өсімдіктерден қандай ерекшілігі бар?лалагүл тұқымдастарының сан алуандығын немен дәлелдеуге болады?
Қанның құрамы мен қасиеттері туралы түсіндір?Фагоцитоз құбылысына тоқталып өту,Резус-фактор дегеніміз не?
Бейімделушілік түрлерінің эволюциялық мәні неде?Әр бейімделушілікке мысал келтіріп түсіндір?
7-билет
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы?Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы?
Үлкен және кіші қанайналым мүшелеріне тоқталу,жүрек және қан тамырларының құрылысы?Жүрек циклі?
Генетика ғылымы нені зерттейді?Мендельдің үш тәжірибесін айтып түсіндір?
8-билет
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі.Астың қорытылуы.
Дәрілік өсімдіктер тобына қандай өсімдіктер жатады?Техникалық дақылдар дегеніміз не?Үпілмәліктің ерекшілігін айтыңдар.
Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі?тістің құрылысы мен қызметін айтып түсіндір.
9- билет
Неліктен қор жинаушы ұлпа дейді,өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?Ұлпаға анықтама беріп,өсімдік ұдпаларын атаңдар
Қырықбуын медицинада қандай мақсатта қолданылады?қуыс қалай пайда болады?
Бет бөлімінің сүйектерін атаңдар.Бас сүйектің қандай сүйектері қозғалмалы байланысқан?
10-билет
жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады (түзіледі),неше топқа бөлінеді?шырынды жемістер нешеге бөлінеді?
Құмай қандай өсімдік?Ыбырай Жақаев кім?Шығанақ Берсиев туралы не білесіңдер.
Биологиялық,әлеуметтік факторлар туралы түсіндір
11-билет
Балықтар оттегінің қандай түрімен тыныс алады?Балықтың негізгі тыныс алу мүшелерін атап,тыныс жолын сатысымен айтып беріңдер.
Су астында қаңқалардың үйіндісінің пайда болатын түзілістер қалай аталады?Регенерация деген не?
Тіршіліктің бес заманының әрқайсысына жалпы сипаттама беріңдер.
12-билет
Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды,қызметі қандай?Бүршіктер нешеге бөлінеді?
Адам үшін мәдени өсімдіктердің қандай маңызы бар?Алғашқы адамдар өсімдіктерді мәденилендіруде қандай еңбек еткен?
Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.Пияздан препарат дайындалуын түсіндіріп бер.
13-билет
Бөліп шығарушы ұлпа қандай заттарды бөледі,бөлінеген керексіз заттар өсімдіктен сыртқа қалай шығарылады.
Ағзаларға қосарлы атаутізім беруді кім ұсынды?К.Линней еңбегінің маңызы қандай?
Сабақтың жылдық сақинасын анықтау үшін кез келген ағашты алуға болама?қанша жаста екенін қалай білуге болады?
14-билет
Тип неліктен жұмыр құрт аталған?Жұмыр құрттардың жалрақ құрттардан айырмашылығы қандай?
Қалдық деген не?қандай қалдықтар бар?Атавизм,Рудимент дегеніміз не?
Мыналардың қайсысы түрі өзгерген жер асты өркендеріне жатады; бидайық,қияр,бақбақ,қайың,пияз,інжугүл,құртқашаш.
15-билнт
Сүлік қандай құрттарға жатады?Сүліктің адам өміріне маңызы қандай?
Жер бетінде қашан және неге нәсілдер қалыптасты,қанша нәсіл бар?
Шартты және шартсыз рефлекстер дегеніміз не?Шартты және шартсыз рефлекстерді кім зерттеп ашты?
16-билет
Фотосинтез қандай процесс,Фотосинтез өсімдіктің қай бөлімінде жүреді?
Адам өмірінің негізгі кезеңдерін айтып қай жас аралықтарында болатынын ата.
Эволюцияның қайтарылмайтынын қалай түсінесіңдер?
17-билет
Телу дегеніміз не және оның қанша тәсілдері бар?телудің маңызын түсіндіріңдер.
Тік жүру,екі аяқпен жүру,құрал және от пайдалану тәрізді адамның бейімделуі неге байланысты болды?
Сілекей бездері.Сілекей бөліну неге байланысты.
18-билет
Аналық пен аталықтың құрылысы және атқаратын қызметі?
Антропосоциогенездің негізгі әлеуметтік факторы қайсы?
Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?Тістің түрлері және атқаратын қызметтері.
19-билет
Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер.Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады?
Ұлулар қалай қозғалады,реактивті қозғалыс қалай жүзеге асады?
Жаппай және жеке сұрыпталудың қандай ерекшеліктері бар?
20-билет
Кірпікшелі кебісшеде қорек қалай ұсталып,Ол қалай қорытылады?Циста деген не?
Жұлын мен ми діңі қызметінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Модификациялық және мутациялық өзгергіштік дегеніміз не,мысал келтіріңдер?
21-билет
Құмырсқа,балара,ара сияқты бунақденелілердің бір біріне өзара «ақпарат беретін тілін» не себепті бай дейміз?
Бүйрек үсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы қандай?
Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?Біздің республикамызда өндірістік қалдықтарды өңдеу жолдары бар ма?
22-билет
Түрленіп даму дегеніміз не?Түрленіп дамудың бунақденелілер үшін маңызы қандай?