1)«Ұшын түймегеннің, үш шаншым ісі қалар» деген қазақта сөз бар яғни жұмыс барысындағы іс-әрекетті ойланып ережеге сай орындау керек. Қане білімгерлер жұмыс барысындағы қандай ережелерді ұстану керек?
Қол жұмыстары ---бұл тігін машинасында өңдеуге дейінгі бөлшектерді біріктіру үшін уақытша қолданылатын операциялар: әртүрлі қиықтарды көктеу,ұсақ бөлшектерді негізгілеріне қосып көктеу,бұйымның етегін көктеу,т с с Қол жұмыстарына ,сондай-ақ тұрақты тігілетін операциялар-түйме,шыртылдақ,ілгектерді тігу,қиықтарын торлау және т/б жатады. Тігін бұйымдарын дайындауға әртүрлі инешаншымдар мен тігімдер қолданылады.
Инешаншым-бұл жіптің матаға өрілуінің аяқталған процесі.