Сантиметрлік; миллиметрлік бөліктерге бөлінген жұмсақ таспа. Ұзындығы 150 см – ге тең. Матадан тігілген бұйымның бұйым бөлшектерінің өлшемін алуға арналған. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Ондай жағдайда өлшем дұрыс алынбайды.
Сәнмүсін
Бұйым тігу барысында , өндеу кезінде , сондай – ақ дайын болғанан кейін дұрыс тігілгендігіне көз жеткізу үшін сәнмүсінді пайдаланады. Сәнмүсінде бүйір, иық тегістерінің сырылып тігілуін жағаның мойындыққа, жеңнің жең ойындысына қондырылып көктелуін тексереді.
Түйрегіш
Бұйым бөлшектерін түйреу, көктеу кезінде, сондай – ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланады.