Тігім-матадағы қайталанған инешаншымдар қатары.
Инешаншымның ұзындығы-шаншылып алынған инелердің арақашықтығы. Инешаншымдар жіптердің орналасуына қарай әртүрлі: түзу,қиғаш,ілмек тәрізді,ілмекті,айқас тігімдер пайда болады. Жіпті матаға өрілуі-инешаншым деп аталады.
Тігіс ені- бөлшектің қиылған жерімен тігімнің арасы.
Қол инешаншымдарының тәсілі материалдың инемен тесілінуіне қарай екігі бөлінеді .Бірінші тәсіл барысында материал шаншымы және одан иненің алынуы материалдың бір жақ бетінде орындалады.Екінші тәсіл барысында материал шаншымы және иненің шығарылуы материалдың екі жағында да (оң және теріс) іске асады.
Қол инешаншымдарының құрылымы жіптердің материалдың бетіне және ішкі жағына орналасуына қарай,сондай-ақ материалдың оң бетінде жатқан жіп ұзындығының қарым қатынасына байланысты түзу,қисық,айқаспа бейнелі,ілмек бейнелі болып келеді.
Киімді дайындау барысында қол инешаншымдарының мынадй түрлері қолданылады:түзу,қисық,айқаспа бейнелі,ілмектік.Қол инешаншымдары мен тігімдері конструциясының графикалық бейнеленуі 1. 1-суретте көрсетілген. Тігін бұйымдарын дайындау барысында қолданылатын қол жұмыстарының сипаттамасы 1.2-кестеде берілген.
Тігімнің әрбір түріне арналған инешаншымдардың ұзындығы,диапазоны,мақта тігін жіптерінің сызықтық тығыздығына және сауда нөмеріне байланысты болып келеді.
Польтолық және костюмдік маталардан жасалатын бұйымдарды орындау барысында түйме,металл ілгектер мен ілмектерді бекітуге арналған инешаншымдар,сондай ақ көктеумен жапыстырып тігу тігімдерін орындау үшін мақта жіптерімен қатар 44лх сауда нөмерлі жіптер қолданылуы мүмкін.
Табиғи жібектен жасалган жіптер(сауда нөмері 33 және 65)тек қана жапсырып тігу тігіндерін орындау барысында пайдаланылады.
2)Тарихқа көз жүгіртсек ... «Жіп иіру». Үлкендер балаларын жұмысқа қызықтыра түсуі үшін «жүнді тұмсығыңа дейін түтсең, мұрныңнан маржан түседі» деп иландырып шапшандыққа тәрбиеленген. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді,көз сынайды». Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілуі әдісімен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Қолмен жасалатын жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар:
1. Бормен сызылған сызықтарды бір бөлшектен екінші бөлшекке инешаншымдар арқылы түсіреді.
2. Уақытша тігімдерде жіптің түсі қосып тігілетін бөлшектің түсінен (тез көрінуі үшін) өзгеше болуы керек.
3. Бөлшектерді көшірмелік инешаншымдар немесе бормен сызылған сызық бойымен көктейді. Көктеп болғаннан кейін көшірме инешаншымдар жібін алып тастайды.
4. Жіпті тігім басында және соңында бекітеді. Тігім басында жіп соңындағы түйін арқылы, ал соңында бір немесе бірнеше инешаншымдармен бекітіледі.
5. Бұйымды соңғы рет тіккенде, матамен жіптің түсі сәйкес келуі керек.
6. Әрлеу заттарын бұйымға тіккенде, сол түстегі жіп алынады.
7. Тура тесікті түймелерді қадағанда, жіптің түсі түйме түсімен сәйкес болуы керек.
8. Уақытша жасалатын қол тігімдерін орындау үшін №50, №60 мақтадан дайындалған жіптерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |