Сабира Нурпеисқызы
НЕКЕГЕ ДЕЙІН...
2021
МАЗМҰНЫ
Жігітпен қалай танысамыз? .................................................6 Неге әлі ешкімді кездестіре алмай жүрсіз? ........................ 10 Қандай танысу варианттары бар? ......................................... 14 Ер адамға ұнайтын әйелдің қасиеттері (сенімді әйел)........19 Тәуелсіз әйел.................................................................... 26 Бүтін, қалыпты әйел ...................................................... 29 Ер адам сізге сыйлық беруі үшін не істеу керек?............... 31 Алғыс айта білудің маңыздылығы.........................................41 Неге қарым-қатынас басталғаннан кейін
арада өзгерістер болады? .................................................... 54 Жігітті өміріңде қандай орынға
қою керек? ........................................................................ 57 Жігітіңіздің сезімі суып кеткенде
ұстанатын ережелер.............................................................62 Масленица техникасы..........................................................70 Жігіт жақтан “запреттер” болса,
не істеу керек?.................................................................. 71 Флиртті қолдана білген әйел- еркектің
арманына айналады ............................................................. 72 Тойға дейін тиым салынатын амалдар................................. 77 Қолжетімділік (легкодоступность)
қарым-қатынасты қалай бұзады?..........................................79 Неге сіз принциптеріңізге
қарсы шықпау керексіз?......................................................82 Жігітпен қалай сөйлесу керек? .......................................... 85 Алғашқы кездесуді қалай өткіземіз? .....................................93 Жігіт жеке өмірге қол сұқса не істеу
керек? (пароль сұраса) .................................................. 97 Жігітіңіз сізді іздемей кетсе,
не істей аласыз?...............................................................99 Тойға дейін осы сұрақтарды қойыңыз ................................ 103 Араларыңызда әңгіме жоқ болса ......................................... 108 Жігіт сізді қалай тексереді? .............................................. 113 Қателік жіберіп қойсаңыз, қалай оны
түзеуге болады? .............................................................118 Кинодағыдай әйел болыңыз .................................................. 121 Комплимент ...................................................................125 Жігітіңіз қорқыта берсе,
нені байқау керек? ........................................................ 126 Қай кезде жігіттен бас тарту
керек болады?.................................................................128
МАЗМҰНЫ
Сізді қолданып жүргенін
қалай білуге болады?.....................................................................136 Самооценканың қарым-қатынасқа әсері ................................. 140 Тым жоғары самооценканың зияны ......................................... 145 Самооценканы көтерудің жолдары........................................... 147 Таңдау жасауда қалай
қателеспеу керек?......................................................................... 156 Жігітіңізден алуды емес,
беруді ойладыңыз ба?.....................................................................161 Сенімсіз, тұрақсыз жігіттің белгілері .................................... 164 Материалдық жағдайға
неге қарау керек? ...................................................................... 167 Манипулятор жігітті қалай танимыз? .................................... 174 Ата-анамен қалай және қашан таныстыру керек?
Жігітті қалай тексереміз?.......................................................... 178 Ер адамды 90 күнде
жаулап алудың техникасы .........................................................187 Қорытынды ............................................................................... 193
КІРІСПЕ
Бұлкітаптыоқығанда, сіздергеешбірқиындықтуындамайды. Керісінше, бір оқып бастағанда тоқтамай аяғына дейін жеткеніңізді де байқамай қаласыз. Себебі, мен осы кітапқа бар махаббатымды, және сіздерге пайдалы болатын ілімімді арнадым. Кітаптың тілі өте жеңіл, қарапайым әрі түсінікті, бұл жерде сіз қиын терминдер кездестірмейсіз. Дәл қазір менімен бетпе-бет отырып сөйлескендей әсер алып, сіздің жақын құрбыңыздан кеңес алғандай күйде боласыз.
Ең бірінші, осы кітапты жазудағы мақсатым- барша тұрмысқа әлі шықпаған қыздарға көмегімді беру. 3 жылда маған «тұрмысқа шыққаныма өкінемін, тұрмысқа қателікпен шықтым» және «жігітімнің көп қасиеті ұнамайды, бірақ айырылысуға қимаймын» сынды хаттар көп келеді, бұның себебі неде деп ойландым. Қыз бала өте нәзік, әрі көнгіш келеді. Алғашқы сүйгеніне қатты бауыр басып, көзі байланып, тіпті минустарына көзін жұмып тұрмысқа шыға салатындығынан деп ойладым. Оның да себебі бар ғой, біздің қыздарға кіші жасынан «Болашақ жарыңды мұқият таңдау керек, ол ертең сенің бақытты болуыңа себепкер болады» деп үйретпейтіндігінен. Біздің құлағымызға «Таңдаған тазға жолығады» деп құяды. Мен бұл сөздердің қаншалықты қате екенін осы кітапта дәлелдеп беремін. Сізге тек қана осы кітапты тыныштықта, асықпай, бір демде оқып шығу керек. Егер сіздің сәтті тұрмысқа шығуыңызға себепкер бола алсам, менің миссиям орындалды деп білемін.
Ізгіниетпен, сізгетекжақсылықтілейтінқұрбыңыз-Сабира.
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Кітапты оқымас бұрын ескерту!
Кітапты тегін таратуға, бөлісуге, біреуге оқытуға рұқсат етілмейді. Кітап авторлық құқықпен қорғалған және тиісті ақысына сатып алған адамға аманатталған. Пайдалы іліммен бөлісіп, сауап алғыңыз келсе, менің инстаграм парақшаммен бөлісіп, жеке менен кітапты алуына жол сілтеңіз.
Есте сақтаңыз, мен көрмесем де, білмей қалсам да барлығын көретін және білетін, аманат үшін жауапқа тартатын Аллаһ бар.
Кітаптан алған біліміңіз игі, берекелі болсын десеңіз менің ақыма кірмей, адал ілім алыңыз.
Аманат кітапты сатқандарға, тегін таратқандарға және кітапты менен емес адамдардан алғандарға қатысты.
ЖІГІТПЕН ҚАЛАЙ ТАНЫСАМЫЗ?
«Некеге дейін...» кітабымның алғашқы беттерін «Жігітпен қалай танысамыз?» тақырыбына арнауды жөн көрдім. Жігітіңіз бар болса, онда бұл бөлім сізге жігітіңізбен айырылысып кеткен жағдайда немесе сіздің құрбыларыңызға керек болып қалуы мүмкін.
Танысу мәселесі
Егер сіз ұзақ уақыт бойы ешкіммен таныса алмай жүрсеңіз 6
Некеге дейін... автор: @sabiradan_ немесе үнемі сізге көңіліңіз толмайтын жігіттер кездесіп
жүрсе, менің сұрақтарыма өзіңіз үшін жауап беріп көріңізші.
Сіз бір аптада қанша ер адаммен диалог құрасыз?
Дәл осы уақытта бір апта бойы кімдермен сөйлесіп жүрсіз?
Яғни ол сіздің әкеңіз, ағаңыз, туысыңыз емес. Таныстықтың жаңа нұсқасы. Ол тіпті дүкендегі сатушы, күзетші де болмауы керек.
-Сәлем!
-Сәлеметсіз бе?! Маған нан беріңізші, - деген диалог емес.
Менің айтқым келіп отырғаны, ол 15 минуттан 2 сағатқа дейін әңгіме айтып отыратын ер адам. Егер бір ғана ер адам болса немесе мүлдем жоқ болса, онда сіз жақын арада сіздің көңіліңіз толатын, талаптарыңызға дәл келетін ер адаммен таныспайсыз. Ол үшін сізге өте көп уақыт кетеді. Мен осы кітапта кейбір принциптерді, ережелерді айтамын. Мен - реалистпін. Махаббат деген нәрсеге реалисттік көзбен қараймын. Гормондар, бауыр басу, өмірдің тек қана жақсы жақтарын көру, қабылдау (розовые очки) міне осылар жайлы айтуым мүмкін.
Ал менің кітабымнан мынадай: “Әйел адамның өмірі толған жақсылық, қуаныш, үнемі бәріне күлімсіреп, қуаныш, махаббат
7
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
сыйлап жүріңіздер, үнемі аффирмация айтыңыздар. Ер адам барлық кезде де дұрыс айтады, сіз өзіңізді өзгертіңіз, ер адамды тыңдаңыз, қазіргі қарым- қатынас алғашқы және соңғы”, - осы секілді кеңестерді күтпеңіздер. Мен мүлдем ондайды айтпаймын. Менің айтатын сөздерім тек қана шындық. Қатты, тіке және шындық! Сіздерге кейбір айтатын сөздерім ұнамауы да мүмкін. Себебі, ер адаммен контакт тұрғысында қиын тапсырмалар болады.
Сіз қандай бикеш болуыңыз керек?
Сізбен кез-келген жігіт танысқысы келетін бикеш болуыңыз керек. Ол сізге қарағанда, сіздің бір сөзіңізді естігенде, көзқарасыңызды көргенде, сондай сәттерде сізге жақындап, танысып, кездесуге шақырғысы келетіндей болуыңыз керек. Қалай сондай бикеш боламыз? Оны мен алдағы тақырыптарда міндетті түрде толықтай айтып беретін боламын. Қазіргі әңгіме әлі де жігітін кездестіре алмай жүрген қыздарға
арналады.
Біздің көбіміздің ойлайтынымыз ол уақыт өзі келуі керек. Мысалы, сіз бағдаршамда тұрасыз, сол кезде кездейсоқ бір жігіт келіп сізге қарап, аяқ астынан ғашық болып: «Қарындас, сондай сұлусыз! Номеріңізді беріңізші, мен сізге ғашық болып қалдым», - деп, осылай қарым-қатынас басталып кетеді деп ойлайсыз. Кей жағдайлар болады, ер адамның алдында келе жатасыз, сіздің танысқыңыз келеді. Бірақ әйел адам ондай бірінші қадам жасамауы керек қой деп көбісі айтады. Мен бұл кітапта ондай нәрсені айтпауым мүмкін.
Ал уақыты келмеген болса ше? Яғни ешқандай жігіт сізді қағып кетпейді, көріп қалмайды, түртіп қалмайды, танысып қалмайды, тіпті танысқан күннің өзінде ол сіздің мүлдем көңіліңізге толмайтын, талаптарыңызға келмейтін жігіт. Мұндай жағдайда не істейсіз? Қашан осы күн келеді деп жұмысыңызды істеп, өзіңізбен-өзіңіз жүре бересіз бе? Осылай жылдар өтеді, күндер өтеді, уақыт зымырайды. Сіз бір күні оянасыз да, ойлайсыз: «Менің өмірімде әлі бірде-бір жігіт жоқ, мен тұрмысқа шығуым керек, мен біреумен танысып, махаббат болып, қол ұстасып жүруім керек. Ал менің өмірімде ешкім жоқ, маған не істеу керек? Қалай бұны өзгертуге болады?".
8
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Міне, осындай түсініксіз ойлар басталады. Айтарлықтай ештеңе істеген жоқсыз, барлығы өздігінен болуы керек, иә? Әрі қарай күтесіз тағы. Бірақ менің кітабымды оқыған қыздар алда өздерінің азаматтарын кездестіріп қалуы мүмкін. Себебі, менің тапсырмаларым көмегін береді.
«Ешбір жерде жақсы жігіт жоқ. Барлығына бір нәрсе ғана керек. Барлығы дөрекі, барлығы сараң, бір жылы сөз бен гүлін бере алмайды. Жігіттің барлығы жаман», - деп көп қыздар ойлайды. Жақсы жігіттер өте көп. Мен өзім тұрмысқа шықпай тұрып жақсы жігіттерді көп кездестірдім. Өзім іздедім деп ойлайсыз ба? Менің өмірімде түрлі жағдайлар болып қалатын, үнемі ер адамдармен контактқа (байланысқа) түсіп қалатынмын. Жұмыс бабымен, дебатқа қатысқанда, университетте үнемі жүгіріп жүресің, кездесулерге барып қаласың, концерт болып қалады немесе фитнеске бару керек болады, үнемі жаңа таныстар болып қалады және сол таныстардың тағы бір таныстары пайда болады. Құрбыңмен кафеге барасың, ал оның жігіті бар, жігітінің достары бар. Жалпы айтқанда, таныстық өмірімде өте көп болды. Маған солардың ішінен саралап кез-келгенін таудауыма болады. Егер мен үйде отыратын болсам, ештеңе істемесем, ешкіммен араласпасам, қалай ойлайсыз менде сондай нұсқалар болатын ба еді? Кім сөз салса соған тұрмысқа шығып кете берсем де болатын еді. Бірақ менде сондай жағдайлар болды. Сол жағдайларды мен қолдан жасадым деуге болады. Дәл солай сіз де жақсы жігіттермен кездесуге, танысуға болатындай жағдайды қолдан жасай аласыз. Барлығы қазір өзіңіздің қолыңызда болып тұр.
Бұл өмірде қандай да бір жағдайды, моментті күтіп жүрген адамдар өте көп. Нақты нені күтеді сонда? Маған біреу келіп сөз айтады немесе екеуміз бір жерде кездесіп қаламыз деп күтеді, иә? Сол адамның өміріңізде кездескенін күтесіз. Өмірдің барлығы күтумен ғана өтеді. Мысалы, сіз бір жігітке ұнауыңыз мүмкін, бірақ ол бірінші қадам жасауға ұялады. Немесе керісінше сіз қадам жасауға ұяласыз. Міне, солай екеуіңіздебірсәттікүтіпжүрсіздер. Әрадамбіріншіқадам
9
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
жасау үшін өзіне деген сенімділігі жеткілікті түрде көп болғанын күтеді.
Білесіз бе, солай үнемі күтіп отыратын адамдарға қандай адам кездеседі? Не мүлдем талғамыңызға сай келмейтін адам немесе мүлдем ешкім. Екі ғана нұсқа. Мысалы, бір орындықта отырсыз, қай адам орындықтың жанында өтіп бара жатады, сол сіздің күткен тағдырыңызға ілініп қалуы мүмкін. Ол орындықтың жанынан көп адамдар өте бермейді, сіз отырсыз және тағдыр ретінде жай ғана кездейсоқ өтіп бара жатқан адам түсіп қалды. Сіз не соны таңдайсыз, не ешкімді таңдамайсыз. Себебі, отырған орындығыңыздың жанынан одан басқа адам өтпейді.
Сол отырған орындықтан тұрып, ер адамдар көп жүретін жерге бару керек қой, себебі, сіз махаббатыңызды іздеп жүрсіз. Сол орындықтан тұрып, алғашқы қадамды жасағысы келетін ер адамға баруға болады ғой?
Мен қазір кішкене жеңілдетемін. Ойландырып тастамайтын, нақты қадамдарды айтуға тырысамын. Мен сіздің мақсатыңыз көп ер адамдармен танысу емес екенін білемін. Сіздің мақсатыңыз- тұрмысқа шығуға болатын, сіздің армандарыңызды орындауға тырысатын, тұрақты ер адамды кездестіріп және өміріңізге мән беретін сол жігітпен тағдыр қосу. Жалғыз біреу. Көп ер адамдар емес. Мынандай сұрақ туындайды.
Сізге сол адамның идеал, мінезіңізге сәйкес келетінінін қалай білуге болады? Егер сіз одан басқа ешкіммен сөйлеспесеңіз, таныспасаңыз, көрмесеңіз оны қалай білесіз? Мысалы, әр үш жыл сайын тек бір ғана ер адаммен танысып, бір ер адаммен ғана қарым-қатынас құрасыз. Мүмкін, сол ер адам сізге идеалды, керемет, талаптарыңызға сай келетін адам болып көрінуі мүмкін. Барлық еркектер осындай ғой, басқа біреумен сөйлессең де ол сондай болады деп ойлауыңыз мүмкін. Мен мына жігітті тастап кетсем бұл сияқты жақсы жігіт маған кездеспейтін шығар, келесісі бұдан да жаман деп ойлауыңыз мүмкін. Не үшін солай ойлайсыз? Себебі, сізде салыстыратын ешкім жоқ. Сізге лайықты емес, көңіліңіз толмайтын ер адамға
1 0
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
қанағатты болып келісе салатын нұсқа болып тұр. Сізге бір жері ұнамай тұрса да, сіз келісіп, көніп жүрсіз. Себебі, сізде салыстыратын ешкім жоқ. 5-6 жігіт сізді ұнатып, қамқор болып жүрген (ухажер) болса, біреуі күндіз-түні алақаныңда ұстайды, біреуі өмір бойы үлде мен бүлдеге ораймын дейді, үшіншісі ауырған кезде хабарласып, түрлі дәрілерді әкеледі, төртіншісі қыдырғыңыз келген жерге апарады, жалпы 5-6 нұсқаның ішінен ең нашары сол болса сіз түсінетін едіңіз. «Бұл маған боқтайды, басқа қыздармен ұстап алдым» немесе «мен бұдан сыйлық күтемін, ал ол сыйлық сыйламайды, мүлдем өзгермеймін деп айтады. Мен ойланайыншы, анау 4 жігіт менің асты-үстіме түседі, олар әлдеқайда жақсы. Үйленгеннен кейін мен үшін өзгергісі келмейтін мына жігітпен боламын ба? Немесе 4 жігіттің біреуін таңдайын ба?» деген сияқты әңгіме. Мен тек мысал келтіріп жатырмын. Міндетті түрде солай болуы керек деп тұрған жоқпын.
Неге әлі ешкімді кездестіре алмай жүрсіз?
Сізге бір сүйкімді, сізге ұнайтын, көрікті бір жігіт танысқысы келген кезде, сізде түсініксіз сезім пайда болады. Ұялып, қысылып, «жоқ, мен таныспаймын» деп майысып қалуыңыз мүмкін. Не үшін сізде осындай сезімдер пайда болады? Себебі, практика жоқ. Жаңа адамдармен сөйлесу, танысу практикасы жоқ. Менде бүгін сіздерге тапсырма болады. Жаңа әдетті қалыптастырамыз. Қандай әдет? Ол - жаңа адамдармен сөйлесу, социалды шеберлік, адамдармен керемет сөйлесе білу, тіл табыса білу, жағымды, тартымды бола білу әдеті. Мұның барлығы тек қана кітап оқудан, лекция тыңдаудан ғана емес, көп адамдармен сөйлесу арқылы пайда болатын шеберлік. Сізбен жігіт танысқан кезде өзіңізді жеңіл, ашық, көңілді, флиртовать ете алатындай қасиетіңіз болғанын қаласаңыз, өте көп жаңа адамдармен таныса білуіңіз керек. Тек қана ер адам емес, оның ішінде әйел адам, аталар, әжелер, кішкентай балалар, кез-келген жаңа таныс. Адамның өмірде жаңалықтары болмаса, жаңа нейрондар оянбайды. Адамда өзгеріс болмайды. Ол су сияқты бір орында тұрып қалады. Жаңа жерге бару керек. Орталық кітапхана, мәдениет үйі, цирк, парк, зоопарк, кафе,
11
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
театрлар, спектакльдер, машина қарататын жер, базар, супермаркет, концерт, автобус, такси, жай ғана көшеде кетіп бара жатсаңыз да жаңа таныстар табуға болады.
Тұрмыс құрмай тұрып, кез-келген таксиге отырғанда, рөлде кім отырса да, әңгіме айтып баратынмын. Танысқым келгеннен емес немесе осы әдетті қалыптастыру үшін емес. Тек уақыт созу үшін. Бірақ қазір мен білімімді жетілдіргеннен кейін жаңа таныстықтың, социалды шеберліктің маған көп көмектескенін біліп отырмын. Жаңа адамдармен сөйлескен сайын мен өзімді бір жеңіл сезіне аламын. Сіздерге тапсырма беремін, тапсырманы міндетті түрде орындау керек болады.
Таңдайын деп жатқан жігіт керемет сынақтан өту керек. Не үшін?
Қызды таңдайтын жігіт емес, керісінше тұрмысқа шығатын қыз өзіне жігітті таңдауы керек. Келген жігітті қабылдап, онымен өмір бойы көңіл қоса салуға болмайды. Бұл дұрыс емес.
Неге екенін білесіз бе? Себебі сізде ешқандай таңдау болған жоқ, сіз салыстыра алмадыңыз, басқа керемет, күштірек адам бар екенін білген жоқсыз. Тұрмысқа шығып аласыз, болды нүктені қою керек, артқа қайтатын қадам жоқ, шығар жол жоқ.
Көп ер адамдармен танысқан сайын, жаңа таныстықтар көбейген сайын сізде таңдау болады. Сол көп нұсқалардың арасынан сіз шертіп тұрып таңдай алатын боласыз, өзіңізге жақын, жақсы, нағыз идеал, сіздің бойыңыздағы мінезіңізге, түр-әлпетіңізге, көзқарасыңызға сай келетін жігітті шертіп тұрып таңдай алатын боласыз. Не үшін таңдау керек? Себебі, өмір бойы жаныңызда болатын, оған сіз 100% сене алатын, ол адаммен қол ұстасып, ешбір жамандыққа қарамастан оны кешіре алатын болуыңыз керек. Ал ондай адам кез-келгені бола алмайды. Сізбен сөйлесетін және потенциалды күйеу бола алатын әр жігітті фильтрациядан өткізу керек.
12
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Күнделікті таңертең оянғанда айту керек: «Мен бүгін жаңа адаммен танысамын, әлемде жаңа танысатын, менің потенциалды күйеуім болатын адамдар миллион. Мен соның біреуін таңдай аламын». Бір адамға жабысып қалу міндетті емес. Егер ол сізге ұнамаса өзіңіздің жаныңызды қинамаңыз.
Мен сіздерге таныс қыздың басынан өткен жағдайды айтып берейін. “Жап-жас қыз болады. 18 жасында университетке оқуға түседі, мұғалімді күтіп отырған кезде, жанына сымбатты жігіт келіп отырады. Жай ғана сұрақ қояды, бір-екі қалжыңын айтады. Екеуі сол әңгімеден кейін танысады, номер алмасады, лекцияға барады, сабаққа кіреді. Сосын екеуі кафеге барады. Бір айдан кейін екеуі жақсы дос болып, сосын қыз бен жігіт болып жүре бастайды. Олардың махаббаттары университетті бітіргенше созылады. Ол 4 жылдың ішінде осы жігітке тұрмысқа шығамын, менің алғашқы және соңғы махаббатым, бұдан басқа ешкім керек емес, екеумізде той болады деген сияқты армандармен, бүкіл достарына, анасына, әкесіне барлығына айтып береді. 25 жасында немесе университетті бітіргеннен кейін сол жігітке тұрмысқа шығамын деп армандаған шығар. Бірақ университетті бітіргеннен кейін ол жігіт «уақытша айырылыса тұрайық, мен әлі дайын емеспін, маған әлі көп нәрсе жасау керек» дейді. Басында сирек хабарласып, сосын мүлдем жоқ болып кетеді. Екеуі айырылысады. Ол қыз қайғырады, жылайды.
Не үшін? Себебі,бұл жігіттен басқа ешкіммен сөйлесіп көрген жоқ, танысып көрген жоқ, алғашқы танысқан жігіті де, махаббаты да осы.
«Енді не істеймін, мен мұндай жігітті кездестіре алмаймын, мұндай жігіт менің өмірімде болмайды. Мен оған тіпті беріліп қойған едім, ол жігіт мені алады деп ойладым. Мен жаңа махаббатымды таба алмаймын» деп қайғырып, сол жігіттен үмітін үзбей күтеді. Жігіт оралмайды. Басқа қызбен жүріп кетеді. Мүмкін үйленіп кеткен де шығар. Қыздың жасы да келіп қалды. 2-3 жыл өтіп кетті. Әлі ешкіммен танысқысы келмейді. Танысайын десе күші жетпейді. Сосын менің махаббатым өзі келіп менімен танысуы керек деп ойлайды.
13
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Көп әйел адамдар солай бірінші махаббатымен тоқталады да, егер сол бірінші махаббатымен айырылысып кетсе, одан кейін ешқандай қарым-қатынас бола алмайды, қосыла алмаймыз, барлығы осылай болып кетеді деп қорқады. Яғни, оларда махаббатын табуға болатындай ешқандай формула, ереже жоқ. Не үшін? Себебі, бірінші танысулары кездейсоқ болды. Жай ғана таныс арқылы танысып қалдыңыздар, жәй ғана университетте көрісіп қалдыңыздар т.с.с. Әдейі сонымен танысып, әдейі бір мекемеге барып, соның көңілін қарататындай қадамдар жасалған жоқ. Формула болған жоқ. Сосын ол менің барлық махаббатым, барлық қарым- қатынастарым осындай кездейсоқ болуы керек деп ойлайды. Күтіп-күтіп ешқандай махаббатын кездестірмейді, алғашқы болған махаббатын ойлайды да, адамда жалғыз бір жұп болады, бір ғана махаббат болады, одан кейін оны ұмыту қиын, басқаларға қосылу қиын деп миларына ережені сақтайды. Ондай заңдылық жоқ. Махаббат деген - химия. Ол гормон, өшеді, оның барлығын ұмытуға болады. Барлығына уақыт емші. Жай ғана ол адамды ойламау керек және жаңа қадамдарды басу керек. Бір жерде отырып күтпеу керек.
Өзіңізге сұрақ қойыңызшы, қалай ойлайсыз егер әр апта сайын, минимум 5-6 адаммен танысып, солармен әңгіме айтып, жаңа таныстарыңыз апта сайын өсе берсе сіздің сөйлеу манераңыз, сөздеріңіз, нәзіктігіңіз, мінезіңіз немесе мүмкіндіктеріңіз өсер ме еді, көбейер ме еді? Мен өзіме сенімсізбін деген қыздардың өзіне де сенімділігі осы жаңа әдет арқылы қалыптасты. Ер адаммен сөйлескен кезде өзіңізді сенімсіз сезінбеу үшін практика болу керек. Жаңа адамдармен кез-келген жерде сөйлесіп кетіңіз. Бастысы - әңгіме құра білу, әңгімені бастай білу.
14
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Қандай танысу варианттары бар?
Даяшыларға практика жасап бастау керек. Барлық сізге қызмет көрсететін адамдармен әңгіме-дүкен құру. Даяшылар, дүкен сатушылары, хат тасушылар, парикмахер, нейл-стилист, кірпігіңізді жасатсаңыз, косметологқа барсаңыз, қандай да бір сіздің өміріңізде қызмет жасайтын адамның барлығымен әңгімелесуге тырысыңыз. Мен өзім бұл әдетті бұрыннан қалыптастырғанмын. Қазір салонға барсам үндемей отырмаймын. Міндетті түрде танысамын, сөйлесемін, әңгімелесемін, маникюрға барсам да, кірпікке барсам да, шашымды қисам да, таксиге отырсам да міндетті түрде әңгіме айтамын.
1-Тапсырма: сізге кез-келген қызмет көрсететін, әсіресе автобуста жаныңызда отырған адамдармен танысу. Сіздің мақсатыңыз - сұрақ қою арқылы немесе өзіңіз жайлы айтып беру арқылы әңгіме құрушы адамның атын білу, оның қай жерде тұратынын немесе оның өмірі туралы бір фактті білу.
Қарапайым мысал келтіретін болсам, маникюрға барған кезде алдымен «Қандай түспен бояймыз? Қалай ойлайсыз, қараға бояйын ба немесе аққа бояйын ба?» деп жұмысына байланысты cұраймын. Себебі, ол міндетті түрде жауап беруі керек. Ары қарай онымен сөйлесе отырып, өзім туралы айта бастаймын. «Аз уақыт бұрын осы жаққа көшіп келгенмін. Осы жерге, бұл салонға бірінші рет келіп тұрмын. Егер маған жұмысыңыз ұнаса, тұрақты клиентіңіз болатын шығармын. Сіз осы жерде жұмыс істеп жатқаныңызға көп болды ма?» деп сұрақ қоямын. Бұл адам туралы факт білудің бірінші сұрағы. «Айтпақшы, менің атым-Сабира» Ол да өз атын айтады. «Номеріңізді алып қояйын, келесі жолы маникюрға келетін болсам, сізге хабарласуым мүмкін» деп номерін білесіз. Осылай кете береді.
Жігіттермен де танысқыңыз келсе дәл осылай шешуге болады. Кафеге барсам да, дүкенге барсам да мен сол жердегі адамдармен міндетті түрде танысып, әңгімелесіп кетемін. Мен үшін ол әдетке айналып кеткен. Мені танымайтын жаңа адамды көрсем, өзімен-өзі бір сұрақтар пайда болады.
15
Некеге дейін... автор: @sabiradan_ Өзіммен өзім сол адаммен байланысып кетемін.
Егер сізге жаңа адаммен танысу қиын болып жатса, комплиментпен бастау керек. Мысалы, қызға көйлегі туралы, шаш үлгісі туралы комплимент айту. Комплимент айту өте маңызды нәрсе. Себебі, комплимент адамның көңіл-күйін көтереді. Көңіл-күйі көтерілген адам сізбен әрі қарай байланысқысы, танысқысы, араласқысы келетін болады. Кез- келген адамға өзі туралы жақсы әңгіме естіген ұнайды. Егер жігітпен танысқыңыз келсе, дәл солай комплимент айтуыңызға болады. Таксиге отырсаңыз машинасы, музыкасының күшті екенін айтуға болады. Машинаның маркасын сұрауға болады. Көбінесе бірінші қадамнан кейін жігіт егер әйелі немесе қызы болмаса ары қарай өзі жалғастырып кетеді. Егер сізбен ешқандай контактқа түскісі келмесе, уайымдаудың қажеті жоқ, басы бос емес адам болуы мүмкін. Танысу сіздерге қиын болса, жай ғана жаңа адамдардың аттарын біліп үйреніңіз. Бүгін кафеге барасыз тапсырыс қабылдап жатқан кезде «Кешіріңіз, атыңыз кім?» деп сұрайсыз. Себебі сізге даяшының атын білу керек. Самат дейді. «Өте қуаныштымын, менің есімім-Сабира. Самат, мына кафеде мен бірінші ретпін. Қандай нәрсені маған ұсына аласыз, кеңес бере аласыз? Мен сорпа ішкім келіп тұр. Қайсысы дәмді?» Жалпы айтқанда, жұмысы жайлы сұрап бастайсыз, бірақ, ең бастысы әңгімені атыңыз кім деп сұраудан бастаңыз.
Көшеде, кафеде, машинада болсын кітап оқып жатқан адаммен міндетті түрде сөйлесіп кету керек. Сұрақ қою арқылы. «Мына кітапты көптен бері оқығым келіп жүр еді, қалай сізге ұнап жатыр ма?» деп бір сұрақты қойсаңыз болады. Магазинде, супермаркетте кезекте тұрсаңыз, сол жерде тұрған жігітпен сөйлесіп кетсеңіз болады. Әңгіме емес, жай сұрақ қою арқылы. «Кішкене жылжисыз ба, өтініш, менің сумкам өтпей жатыр» десеңіз болады. Немесе «өтініш, ана жерде тұрған шоколадты алып бере салыңызшы. Қолым жетпей жатыр» деп айту. Жоғарғы жақта тұрған сокқа қолыңыз жетпей жатса «Азамат, кешіріңізші, сізден өтініш сұрайын деп едім, бойым жетпей жатыр, алып беріп жібересіз бе? Ой рахмет, қандай
16
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
жақсы ер адамның бойы ұзын болса, кез-келген жерде қолың жетпеген кезде сұрай саласың» деп ары қарай әңгімені жалғастыруға болады.
2- тапсырма: Егер фитнеске, бассейнге, спорт залға барып жүрсеңіз, міндетті түрде сол күні үш адаммен әңгіме айтып шығу керексіз. Үш әртүрлі адаммен. Ол сіздің тренеріңіз немесе сізбен бірге бір топта барып жүрген адам болуы мүмкін. Үшеуімен де үш түрлі әңгіме айтылуы керек.
3-тапсырма: Комплимент айту. Бір күнде үш әртүрлі танымайтын адамға комплимент айтуыңыз керек. Киім, аяқ киім, очки, бас киім. Егер аяқ киімі кір болса немесе киімі жыртылып қалса ондай комплимент айтудың керегі жоқ. Себебі, кемсіткенсияқтыкөрініпқалады.
4-тапсырма: Күнделікті аяқ астынан бір жақсы амал, іс- әрекет жасау. Мысалы, дүкенге кіріп бара жатсаңыз, алдыңыздағы адамға есікті ашып беріңіз. Егер машинаны айдап бара жатсаңыз, алдыңыздағы адамға жол беріп, күлімсіреп өткізіңіз. Бір қария кісінің жолдан өтуіне көмектесіңіз. Кафеде, машинада, таксиде, автобуста отырсаңыз, жеп отырған қолыңыздағы банан, конфет, печенье болса міндетті түрде бөлісіңіз. Баланы көріп қалсаңыз «міне саған конфет, дәмін көрші», жаныңызда әже отырса «бөлісіп жейін деп едім, жалғыз жей алмаймын көп адам отырған кезде» деп айту. Әңгімені бастаудың бір жолы қолыңыздағы бар затпен бөлісу. Мүлдем таныса алмайтын, бірінші қадам жасай алмайтын адамдарға арналады. Бұл не нәрсеге көмектеседі? Біріншіден, сенімділігіңізді арттырады, екіншіден, көңіл-күйіңізді көтереді. Үшіншіден, аяқ астынан адамдармен танысуға көмектеседі. Осыған дейін қысылып, қымтырылып жүрсеңіз, 4-5 менің тапсырмамды күнделікті орындағаннан кейін, сізге әлдеқайда жеңіл болады. Не үшін? Себебі мен мұның барлығын күнделікті жасаймын. Мен үшін бұл әдет болып қалған нәрселер. Егер бұл әрекеттер сізге өте-өте қиын болса, сізге керекті нәрсені сұрау арқылы бастаңыз. Танымайтын адамның жанында «Кешіріңіз, сағат қанша екенін айтасыз ба?», «Кешіріңіз, мынау қай көше? Маған мына адреске бару керек еді, айтып жібере аласыз ба?» Немесе бір кафені сұрайсыз. «Осы көшеде “Самурай” деген суши-кафе бар еді. Мен таба
17
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
алмай жатырмын, қай жерде екенін көрсетесіз ба?» деп соны сұрасаңыз болады. Танысқысы келетін адам сияқты емес, жай ғана сізге сол ақпарат керек секілді сұраңыз. Егер жігіттерден сұрай алмасаңыз әйел адамдардан сұрап бастаңыз. Ал барлығы дұрыс болса онда бірден жігіттерден, жас азаматтардан сұрап бастасаңыз болады.
Есіңізге түсіріңізші, қашан соңғы рет біреумен таныстыңыз? Әйел, ата, апа, кішкентай бала, жігіт. Кім болса да, қашан сізде соңғы рет жаңа таныстық болды? Бізге керегі дәл қазір іске көшу. Дәл қазір бастау. Біз барлығын кейінге қалдырып үйреніп қалдық. Мысалы, қазір бір жігітпен немесе бір қызбен танысқыңыз келіп тұр. Ал оның айналасында достары көп. Сондықтан сіз онымен сөйлеспейсіз, кейінге қалдырасыз, жалғыз қалғанын күтесіз немесе дене бітіміңізді қалпына келтіргіңіз келеді, бірақ дәл қазір бастай алмайсыз. Себебі, қолыңыз бос емес, жұмыстарыңыз көп, фитнеске ақша керек, дұрыс тамақтану қымбат т.с.с. Немесе қазір шаршап тұрсыз. Жаңа таныстық ритуалдары сізде әдет ретінде қалыптасуы керек. Мысалы, сіздің әлі жігітіңіз жоқ, бірақ тұрмысқа шыққыңыз келіп тұр. Сізде мынандай әдет қалыптасады: күнделікті жұмысқа бара жатқан кезде, міндетті түрде бір ер адаммен танысасыз, сөйлесесіз және 15 күн өткеннен кейін, он бесінші күні сіздің арманыңыздағы жігіт сізге сөз салатын шығар, сізді кездесуге шақыратын шығар. Ал ол қай жігіт? Сіздің жұмысқа бара жатқан кезде, өзіңіз бірінші қадам жасап танысқан жігітіңіз болуы әбден мүмкін.
18
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ТАПСЫРМА
Жаңа таныстармен көп әңгіме - өзіңізге деген сенімділікті арттырады.
1. Күніне 3 жаңа адаммен сөйлесіңіз.
Мысалдарды айтып өттім.
Официанттар, лаш мейкер, нэйл стилист, дүкенші, мұғалім, күзетші. Кез-келген жұмысы бар, сізге сұраққа жауап бере алатын адамға сөйлеу керексіз. Тым болмаса есімін сұраңыз. Егер қорқынышты өтей алсаңыз, әңгіме кемінде 5 минут болу керек!
-Кітап оқып отырған адамға сұрақ қойыңыз;
-Сізбен очередьте тұрған адамға өтініш айтыңыз;
-Автобуста жаныңыздағы адамға сұрақ қойыңыз, уақыт сұраңыз.
2. Күніне 3 жаңа адамға комплимент айту керексіз!
Киімі, дауысы, очки, сумка, көздері, не болса да комплимент айтыңыз.
Жігіті барлар қыздарға, әпкелерге айтасыздар.
Жігіті жоқтар 2 әйел, 1 жігітке айтасыздар
3. Күніне аяқ асты 3 жақсылық жасаңыздар!
Асыңызбен бөлісіңіз, мысыққа тамақ беріңіз, даяшыға стол жинауға көмектесіңіз, чаевые калдырыныз, балаға балмұздақ алып беріңіз және т.с.с.
Бұл басқа адамдармен танысу үшін болмаса да, сіздердің коммуникативті қабілеттеріңізді жақсартады.
19
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ЕР АДАМҒА ҰНАЙТЫН
ӘЙЕЛДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
(СЕНІМДІ ӘЙЕЛ)
Танысуға тұрарлық бикеш, танысуға тұрарлық сұлу қыз болыңыз деп айтқым келді. Ондай қыздардың қасиеттері қандай? Қандай көріністе болады ондай қыздар? Жігітті өзіне қарату, өзіне ғашық ету, неше түрлі сыйлықтар сыйлатып, артыңыздан жүгірту деген сияқты күшті-күшті бізге ұнайтын тақырыптарға келмес бұрын, ең бірінші өзіңіз соған тұрарлықтай болуыңыз керек дегім келеді. Алдымен өзіңіздің стандартыңызды көтересіз, яғни қандай жігітті қалайтын болсаңыз, тура сондай стандартта өзіңіз де болуыңыз керек. Мен қыздардан сұрадым. Сіздің өмірлік жарыңыздың қасиеттері қандай болуы керек деп едім, маған толықтай тізім шығарып берді. Общительный, ақкөңіл, оның көп достары болу керек, алдына мақсат қоя білетін, шешім қабылдай алатын, жұмысы бар, өзіне деген сенімділігі бар, самооценкасы күшті, сөзінде тұратын деген сияқты күшті- күшті қасиеттерді айтып берді. Жігіттен сұрайтын болсақ қандай қызды қалайсың деп, ешбір жігіт кез-келген қыздар бола береді, ең бастысы, мені жақсы көрсе болды ғой деп айтпайды. Жігіттердің де өз стандарттары бар.
Олстандарттар сіздің бойыңызда болуы керек. Әрине, әр адамның өзінің минустары болады, өзгертілмейтін мінездері болады. Бірақ мен сіздерге айтқым келетін нәрсе, әрбір әйелде 4-5 болу керек қасиет бар. Ол - ең біріншісі нәзіктік, өзіңізге деген сенімділік, тәуелсіздік және мақсатқа жету қасиетіңіз. Осы 4-5 қасиет арқылы кез-келген жігітті өзіңізге қарата аласыз. Яғни самооценкасы күшті, өзіне сенімді жігітті қарата аласыз.
Бірінші өзіне деген сенімділігі бар әйел туралы қозғаймыз. Ол әрбір махаббатқа тұрарлық әйелдің бойындағы қасиет. Яғни, әйел немесе қыз өзінің жеке тұлға екеніне нық сенімді болуы керек.
20
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Өзіне сенімді әйел қандай болады?
•Өзіне сенімді әйел абыройы жоғары, өзіндік тұлғасының бағасы қаншалықты екенін біледі, өз қасиеттеріне және қабілеттеріне сай келетін, өзіне қандай адам керек екенін және не керек екенін нақты біледі. Ондай әйелдің абыройы өте жоғары болады. Намысы және абыройы бар әйел міндетті түрде өзіне сенімді болады.
•Өзіне сенімді әйел адам қарым-қатынастан не керек екенін нақты біледі. Егер қарым-қатынастан өзіне керекті сол сезімді, атмосфераны ала алмаса, еш ұялмай, қысылмай ол жігітке айта алады. «Ренжімеші жаным, маған мұндай нәрселер ұнамайды. Маған керегі басқа қасиеттер» деп өзіне ұнайтын нәрселерді айта алады. Егер өзі қалайтын қасиеттерді, атмосфераны, махаббатты, қарым-қатынасты адам бере алмаса, өкінбестен, тіпті, жігітті жақсы көрсе де сол қарым-қатынасты тоқтатып, кетіп қала алады.
•Өзіне сенімді әйел оны ренжітетін адамды жақсы көрмейтін болады. Себебі, оның жүрегі, абыройы ондайға барғызбайды.
•Өзіне сенімді әйел жігітпен танысқан кезде, ол жігіт ұнамаса, тым мақтаншақ, іш пыстыратын еркек болса әйел адам өзін қинамайды. Ол сол жағдаяттан білдіртпей, ыңғайсыздық тудырмай, жай ғана жағдаяттан шығып кетеді. Өз уақытын құр босқа құртудың орнына, ер адаммен жай ғана сөйлеспей қояды.
•Өзіне сенімді әйел кез-келген жігіттің өмірінде пайда болып, оның өмірін жақсартып, керемет қылып жібере аламын деп өзіне сенеді.
21
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Мен бір деректі фильм көрдім. Ерлі-зайыпты 40 жыл бірге бақытты өмір сүріпті. Ер адам әйелін 40 жыл өтсе де жақсы көреді. Бұл бақыттың, махаббаттың сыры неде деп сұрақ қойса, әйелі күйеуіне айтады екен:
-Білесің бе, мен сені құтқардым. Жолың болғыш адамсың, мен сияқты ешкім сені танымас еді, мен сияқты ешкім сені бақытты қыла алмас еді. Егер де сен өміріңді басқа әйелмен байлайтын болсаң, менің ойымша, сен қазіргі бақытты кезің сияқты бола алмас едің,- деп, өзіне деген сенімділігін солай жеткізіп жатыр. 40 жыл өткеннің өзінде әйел адам соншалықты өзіне сенімді.
Сосын ойлай бастайсың, қалай еркек бұл әйелден кетіп қалған жоқ, қалай әлі күнге дейін оны жақсы көреді. Міне, барлық құпия - әйелдің өзіне деген сенімділігінде, жеке тұлға мен абыройының бар екендігінде. Өзіне сенімді әйел кез-келген адамдардың арасында өзін ыңғайлы сезінеді. Тіпті, ол ұялшақ болса да өзін еркін ұстай алады. Кез-келген адаммен тіл табыса алып, егер оны ренжітетін адам болса сол адамды өз орнына қоя біледі. Туған күнге, кафеде кездесуге, қыздармен жиналысқа, концертке барса да өзіне сенімді әйел өзінің сұлулығында, ақылдылығында шек жоғын және сол бара жатқан жерде оны көрген барлық ер адам құлап, сол әйелмен танысқысы келіп, сүрінетінін алдын-ала сезіп, біліп оған сенімді болады. Өзіне сенімді әйел ешқашан өзін басқа бір қыздармен, келіншектермен салыстырып, уақытын босқа кетірмейді. Айналасындағы қоршаған әйелдерге ұқсағысы келіп, үлгі алмайды. Яғни ол жалғыз жеке тұлға.
Білесіздер ме қыздар? Танысуға тұрарлық қыз деген ол ешкімге ұқсамайтын қыз. Оның киімі ерекше болуы мүмкін, дауысы, жүрісі, қимылы ерекше болуы мүмкін. Ол басқа адамдармен бірігіп кетпейді. Оның жеке өзіне ғана тән ерекшелігі болады және сол ерекшелікті міндетті түрде сырттағы адамдар байқайды.
•Өзіне сенімді әйел ешқашан келесідей нәрсе үшін көңілін түсірмейді. Мысалы, оның көзінше жігіт онымен емес, жанында
22
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
тұрған қызбен танысуы мүмкін, комплимент айтуы мүмкін. Бұл оның көңілін түсірмейді. Себебі, ол өзінен әдемірек, ақылдырақ, дене бітімі күштілеу қыздар болуы мүмкін екенін біледі. Бірақ барлық жігіттер тек қана бір адамға қарап, бір адамды ұнатуы міндетті емес. Себебі, әр адамның талғамы әр түрлі. Жігіттер әйел адам түр әлпетімен ғана ерекшеленбейтінін, сонымен қатар, ақылдылығымен, білімімен, ішкі дүниесімен ерекшелене алатынын біледі. Жаңағы жігіт жанындағы әдемі қызбен танысуы мүмкін. Бірақ әрі кетсе бір ай, одан кейін қарым-қатынастары жалғаспайды. Не үшін? Себебі, сырты әдемі болғанымен, адамның іші әдемі емес болуы мүмкін.
Менің өмірімде ондай жігіттер өте көп кездескен. Сымбатты, келбетті. Менің университетімде, жұмысымда барлық қыздар сол жігітке ғашық болатын. Мысалы, менің группамда екі жігіт бар, басында маған қатты ұнады. Сондай сұлу. Бірақ қалай сол екі жігіт келіп, танысып әңгімелесіп бастайын деп еді, 15 минуттан кейін менің сөйлескім келген жоқ ол жігітпен. Себебі, тілі, сөйлескен әңгімесі түр-әлпетіне сәйкес келмейді. Түсінесіз бе? Қарасаңыз сондай сымбатты, бірақ қалай әңгімені бастайды, түк қызық емес. Әр сөзі кішкентай баланың әңгімесі. Менің талғамыма сәйкес келмейтін әңгімелерді айтады. Өзіне деген сенімсіздігін білдіріп қояды. Тіпті дауысының өзі, тембрі маған ұнамай қалды. Дәл солай қыздарда да болады.
•Нағыз тұрарлық әйел өзіне тек қана түрімен ғана қаратпайды. Ер адам ондай әйелмен сөйлескенде «Мәссаған, мен мына қызды әдемі деп ойлап едім, сөйтсем әдемі ғана емес, сонымен қоса ақылды екен ғой» деп ойлайды. Сол әйелмен араласқан, сөйлескен ер адамға жағымды болатыны соншалықты, ол үшін оның сұлулығы екінші орында тұрып қалатын болады.
Мен қазір бір мақтанып қойғым келіп тұр. Мен күйеуіммен қыз бен жігіт болып жүргенде 49-50кг болдым. Менің дене бітіміме барлық қыздар қызығатын. Дене бітімім өзіме ұнайтын. Тұрмысқа шықтым да жұмысқа шықпай жүрдім, үйде отырдым, 10кг қостым. Қазір менің салмағым 60 кг.
23
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Қыздар мені көрсе толып кетіпсің ғой деп айтады. Бірақ осы уақытқа дейін күйеуім маған мүлдем «сен толып кетіпсің» деп айтып көрмеген. Күнделікті таңертең тұрғанда немесе жұмыстан келгенде «Сондай әдемісің» деп айтады. Оның әңгімесі әлі күнге дейін өшкен жоқ. Күніне 6-7 рет сөйлесеміз. Оған, тіпті, менің сұлулығым маңызды емес сияқты болып тұр.
Маған кейбір қыздар «мен фитнеске де, маникюрға да, косметологқа да барамын, бірақ күйеуім басқа қыздармен сөйлеседі, екеуміз әңгімелеспейміз» дейді. «Басқа қызбен архив хаттарын оқысам, жақын дос сияқты әңгімелеседі. Не үшін? Не істесем болады? Ол жігітті қалай жазалаймын» дейді. Мен айтамын «жігітті жазалайсыз, қайтып ол қызбен сөйлеспесе де, басқасымен сөйлеседі ғой. Жақсы, ол ешкіммен сөйлеспеуі мүмкін. Бірақ сізбен қарым-қатынасы өзгермейді ғой» Не үшін білесіз бе? Себебі, әйел адам өзі қызықты болмаса, яғни іш пыстырарлық, ешқандай жаңалығы жоқ, ашық оқылған кітап сияқты болса, ешбір адам сол қызбен, әйелмен уақытын өткізгісі келмейтін болады. Не үшін ер адамдар тіпті көзге шөп салмаса да әріптестерімен, жұмыстағы қыздармен хат арқылы сөйлеседі? Себебі, қызық. Ер адамға флиртовать еткен ұнайды. Менің не айтқым келіп тұр? Сіздің сұлулығыңыз маңызды нәрсе емес. Ең бірінші кездесуде мүмкін сіз ер адамды үлкен көзіңізбен, дене бітіміңізбен қарата аласыз. Бірақ ол қарым- қатынас ұзаққа бармайды. Неге жігіт жоқ болып кете береді? Неге жігіт қайта-қайта кетіп қалады, кейін қайта келеді. Жай ғана ер адамға кейде іш пыстырарлық кездері болады. Іші пысса солай жоғалып кететін болады. Сондықтан өзіңізге сенімді әйел болуыңыз керексіз.
•Өзіне сенімсіз әйел үнемі біреудің ойын, келісімін күтеді. Мысалы, шаш үлгісін өзгертсе көзіне түскен адамнан жараса ма, жараса ма деп, көйлек кисе де «ой әдемі екен» деп біреу айтса екен деп сұрап жүреді. Себебі ол өзіне сенімсіз. Оған пікірін өзгерту үшін міндетті түрде басқа адамдардың, қоршаған ортаның сөзі керек. Өзіне сенімсіз әйел сезімін білдіре алмайды. Өз сезімдерін айтуға қорқады. Егер сенімсіз болсаңыз университетте оқып жүргенде, жұмыс жасап
24
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
жүрсеңіз, қыз бен жігіт болып қарым-қатынаста болып жатсаңыз, өз ойыңызды айтуға қысыласыз. «Ал менің ойым оның пікірімен сәйкес келмей қалса ше, оған менің пікірім ұнамай қалады» деп ойлайсыз. «Мүмкін жұмыстағы адамдар менің ойыма, пікіріме, сұрағыма күлетін шығар» деген ойлар мазалайды. Осындай сенімсіздігіңіз болса ол қоршаған ортаға бір көзқарастан көрінеді. Мен көшеде кетіп бара жатып кім өзіне сенімді, абыройлы, ал кім өзіне сенімсіз, күмәнді адам екенін бірден анықтай аламын. Ер адамға да, әйел адамға да қарап соны байқай аламын.
•Өзіне сенімсіз әйел көнпез болады. Яғни оған бір нәрсе ұнамай тұрса үнсіз қалып көне салады. Жігітпен таныссаңыз немесе қазір қарым-қатынаста болсаңыз, ер адам бірден сіздің өзіңізге сенімсіз, көнпез екеніңізді сезіп қояды. Сосын мына әйел адам мен үшін барлығына да дайын болады деп ойлайды. Барма десем бармайды, киме десем кимейді, ішпе десем ішпейді, отыр десем отырады, тұр десем тұрады деп ойлайды. Ал жігіттерге тойға дейін толықтай оның айтқанынан шықпайтын әйел адамдар ұнамайды. Қазір сізге «мені тыңдауың керек, мен сенің болашақ күйеуіңмін» деп айтуы мүмкін. Бірақ ондай жігіттерге өзіне сенімді, оның көзқарасын біржақты қоюға болатындай қыздар ұнайтын болады.
-Жоқ, жаным, ренжіме, әрине, егер маған осы үшін қыз сияқты ренжігің келіп тұрса, онда ренжи бер. Бірақ мен өзіме ұнайтын іспен айналысамын, өзіме ұнайтын адамдармен араласамын. Бұл маған керек, мен өзімді сол адаммен көңілді сезінемін. Мен робот емеспін ғой, немесе балаң емеспін, әйелің емеспін сенің айтқаныңнан шықпай отыр десе отырып, тұр десе тұратын. Сен маған ренжіме. Егер ондай қыз маған керек емес деп ойласаң онда кете берсең болады. Бірақ мен өзгермеймін, - деп айта алатын қыздар ер адамға ұнайды.
Ер адам өзіне қатты сенімді әйелмен сөйлесіп жатқанда өзін ерекше сезінеді. Не үшін? Мысалы, сіз президентпен сөйлесіп немесе бір бірқатар әйелдер тұрса, ал президент сізбен келіп сөйлессеқандайсезімболады? Сіздеерекшебірмақтаныш,
25
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
қуаныш сезімі болады, иә? Бұл да дәл солай. Ер адам ойлайды, өзіне сенімсіз біреу онымен амандасса, онда ешқандай от оянбайды. Ал өзіне сенімді, абыройлы, көнпез емес ерекше әйелмен сөйлескен кезде, ер адамның сол кезде өзінің самооценкасы да жоғарылайды. Онда бірден сол әйел адамға тұрарлық еркек болуым керек деген ой пайда болады. Өзіне сенімділігі жоқ әйелге еркек қызығушылығын бірден жоғалтады.
Не үшін сіздің жігітіңіз бірде бар, бірде жоқ? Демек сіз өзіңізге сенімсізсіз. Сіз ол еркекті жоғалтып алуға қорқасыз. Демек ол еркек бұрын сіздің сенімсіз, абыройыңыз түсіп қалған қыз екеніңізді біледі. Оған енді қызық емес. Ал не үшін қайтып келеді деген қыздарға - оның себептері көп. Ол себептер туралы мен басқа тақырыпта қозғаймын.
•Өзіне сенімді әйел адам ер адамнан өзіне не керегін нақты біледі. Егер ер адам оған аздау нәрсе беріп жатса ол ешқашан көне салмайды.
Маған бірінші орында сауатты ер адамдар ұнайтын. Қанша жігітпен танысып, сөйлесіп, дос ретінде араласқым келді. WhatsApp-та хат жазысқанда сауатсыз болса, тіпті ол бай, сымбатты, сөзінде тұратын жігіт болса да мен араласуды доғаратын едім. Мен өзім туралы айтып жатырмын. Сауатсыз ер азаматқа мен қарамайтынмын. Себебі менің стандарттарым басқа. Ал өзіне сенімсіз әйел кез-келген стандартқа көне салады. Өзіне ұнамаса да көнеді.
Ер адам өзіне сенімді, абыройлы әйел адамның жанында жақсы жағынан көрінгісі келеді. Себебі, бұл әйелдің одан аз дүниеге келіспейтінін біледі. Сенімді әйел үшін қолынан келгенін жасауға тырысатын болады.
26
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ТӘУЕЛСІЗ ӘЙЕЛ
Ер адаммен керемет қарым-қатынасты құрмай тұрып, яғни басыңызды айналдыратын махаббат басталмай тұрып, ең бірінші сіз өз өміріңізді керемет қыла білуіңіз керек. Біз өзіне сенімділік тақырыбын қозғадық, екінші қасиет ол тәуелсіздігі, шешім қабылдай білуі.
Тәуелсіз әйелдің өмірі соншалықты керемет, ол әрбір күнді өткен күніне ұқсатпай сүреді. Ол әрбір күннің басталуын қуанышпен, тезірек келесі күн басталса екен деп күтетін болады.
Тәуелсіз әйелдің айналасын оның хоббиін түсінетін, көзқарасымен бөлісетін, өміріне аздап өзгеріс енгізетін және ой-пікірімен бөлісе алатын адамдардан тұратын болады. Қоршаған ортасы іш пыстырарлық, өзіне сай емес, істейтін бір ісі жоқ, құр уақыт өткізетін адамдар емес. Оның қоршаған ортасында әрбір уақыттың минутын бағалайтын адамдар болады.
Әйел адам еркексіз өзінің уақытын керемет өткізе алады. Көңіл-күйін көтеріп, іші пысып кетсе бір жерге апарып, уақытын арнату ол үшін міндетті емес. Өмірінде еркек бар ма, жоқ па ондайға еш қатысы жоқ. Егер сіз тәуелсіз әйел болсаңыз жігіт іздегенде "әйтеуір уақыт өткізу үшін көңіліме жарай салса болды" деген ой болмайды.
Сіз өте талғампаз боласыз. Анау жігіттердің әйтеуір бір нұсқасы келіп қалатын болса, оны да әбден сүзгіден өткізесіз. Кез-келген минусына келісе салып, өміріңізді құрбан етпейсіз.
Тәуелсіз әйел адам өміріне ер адамды кіргізу үшін оны біраз сынақтан өткізеді. Сіздің өміріңіздің мәнді, сәнді, мағыналы болуы арқылы өмірлік жұбыңызды табу 2-3 есе сізге жеңілірек болады. Сондай тәуелсіз әйел адамды кездестірген еркек қандай ойда болады деп ойлайсыз? Бұл ер азаматта
"Сондай сұлу, ақылды, тәуелсіз, сенімді әйелдің өмірінде бір 27
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
орынды мен алсам екен" деген қалау болады.
Тәуелсіз әйел адам "еркектің бүкіл өмірлік жағдаяттарына мен байланысты болуым керек, бүкіл өмірлік уақытын, әрекетін, жүріс-тұрысын мен білуім керек" деп есептемейді. Әйел адамға міндетті түрде барлығын білу керек емес.
Тәуелсіз әйел адам балансты таба білуі керек. Яғни сіз еркекке тәуелсіз екеніңізді, бірақ өміріңізге бір жақсылықты, қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйді еркек сыйлап жатқанын көрсете білуіңіз керек. "Сенсіз де жақсы, сенімен де жақсы" деген сияқты әңгіме емес. Еркек сізге өзінің тамаша сезім, ерекше қуаныш сыйлап жатқанын сезу керек.
Білесіздер ме? 90% ер адамдардың қорқыныштары мынадай:
•Әйел еркекке эмоциональды тұрғыда тәуелді болып қалады; •Жүріп жүрген, сөйлесіп жүрген әйел маған еркіндік бермейтін болады;
•Бұл әйел адамның бүкіл өмірі мен ғана болып қаламын; •Бүкіл уақытын, көңілін, күнін маған ғана арнап бетіме қарап отырады;
•Мен әйел адаммен қарым-қатынас бастасам бірден өзімнің жеке өмірімнен айырылып қаламын.
Қазір өзіңізге сұрақ қойыңыз. 1минуттың ішінде жауап беруіңіз керек.
Сөйлесіп жатқан жігітім менің өміріме не әкеліп жатыр? Кішкентай болса да қандай өзгеріс, қандай қуаныш?
Егер 1 минуттың ішінде бұл сұраққа жауап бере алмасаңыз, мен сізге ойлануға кеңес беремін. Не істеп жүрсіз бұл адамның жанында? Не айтқым келіп тұр? Сіз жігітпен бос уақытыңызды өткізу үшін жүріп жүрген жоқсыз. Жүрмеу керексіз. Сіздің өміріңіз соншалықты қызықты, тіпті жігітсіз
де! Яғни сіз
28
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
онымен айырылысып кетсеңіз, әрине, көңіл-күйіңіз түседі, бірақ сіздің үйде отырып, депрессияға түсіп, қайғыруға уақытыңыз болмауы керек. Өз хоббиіңіз, айналысатын ісіңіз, араласатын достарыңыз бар. Ал сіз жігітпен не үшін сөйлесесіз? Не үшін танысып, не үшін қарым-қатынас құрып жатырсыз? Сіз өзіңіз жеке тұлға бола отырып, ол жігітіңіз де жеке тұлға болып, екеуіңіз қосылған кезде бір бүтін бола аласыздар. Яғни ол сіздің бос уақытыңызды басып отырған жоқ. Көңіл-күйіңізді көтеріп, іш пысқан кезде көңіліңізді аулап жатқан жоқ. Оның өз өмірі бар.
29
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
БҮТІН, ҚАЛЫПТЫ ӘЙЕЛ
Қалыпты әйел деген қандай әйел?
Қалыпты әйел ең біріншіден, өз принциптерін ұстанатын әйел. Яғни басқа адам үшін өз принциптерін сындырмайды. Бүтін, қалыпты деген ол сіздің өмірлік стандарттарыңыз, құндылықтарыңыз, принциптеріңіз, өмірлік өзіңіздің жеке ұстанатын ережелеріңіз ретінде қабылданады. Сол ережеге сай сіз қоршаған ортамен байланыста боласыз. Қалыпты әйел өзінің принциптерінен бас тартпайды.
Әйел адамның өзінің құндылықтары бар ғой, өмірлік, отбасылық, мысалы, ер адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек, міндетті түрде әйел адамды киіммен, тамақпен, сыйлықтармен барлық материалдық жағдайын қамтамасыз ету керек деген секілді. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті "Әйел адам да жұмыс істеуі керек, өз-өзін қамтамасыз ете алуы керек, күйеуінен қайта-қайта әр нәрсеге ақша сұрау дұрыс емес, әйел адам өзіне-өзі ақша таба білуі керек" деп айтуы мүмкін. Егер әйел адам өзінің принциптеріне қатаң ұстаныммен қарайтын болса, онда ол жігітке бірден "сау бол" дейді. "Ренжіме, мен сенімен бірге бола алмаймын, себебі біздің құндылықтарымыз, көзқарастарымыз әртүрлі".
Немесе әйел адамның принципі бойынша керісінше "үйде отырмаймын, менің жұмыс істеуім керек, бизнесім болуы керек" деп ойлайды. Бірақ сөйлесіп жүрген жігіті тым қатал, "ешкіммен сөйлеспеу керек, ешқайда шықпау керек, телефонын тексеріп отыруым керек" деп әр қадамын тексеріп, бақылап отырады. Сол кезде ол өзінің принципінен бас тартпау керек. Себебі ол қалыпты, біртұтас, бүтін әйел, жеке тұлға.
Ал жігіт өзінің принциптерінен бас тарта алады. Себебі ол әйелді көндіргісі келіп тұр. Қараңызшы, үйленгенге дейін жігіт "сен жұмыс істейсің" деп айтады. Ал үйленгеннен кейін сөзінде тұрмайды. Бұл жерде сіздің жеке интуицияңыз болу керек. Себебі еркектің сөзі мен әрекеті екі түрлі бола алады. Егер әрекеті мүлдем сөзіне сәйкес келіп тұрмаса сізге ойлану керек, бас тартасыз немесе көнесіз. Ал қалыпты, біртұтас, жеке тұлға әйел ешқашан өз принциптерінен бас тартпайды. Әйелдің
29
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
қалыптылық, біртұтастық қасиеттері өзіне деген сенімділік сияқты. Бұл қасиетті міндетті түрде қалыптастыру керек.
Өзінің принциптеріне сай өмір сүретін әйел адамға еркек 100% сенім арта алады. Ер адам сіздің жаныңызда өзін нық, сенімді сезеді де, сіздің әр пікіріңізге сөзіңізге құлақ асатын болады.
Кеңес алатын болады. Яғни сіз оның көз алдында бағалы боласыз. Не үшін? Себебі еркек басынан-ақ біледі. Сіз анау- мынау қыз емессіз. Сіз өзіңізге не керек екенін білесіз және сол принциптеріңізге нақты бейім боласыз. Ал ер адам үшін бұл өте маңызды.
30
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ЕР АДАМ СІЗГЕ СЫЙЛЫҚ
БЕРУІ ҮШІН НЕ ІСТЕУ
КЕРЕК?
Ер адамды өзіңізге байлап алғыңыз келсе оған сезім беру керек. Ол өзінің әйелін қамтамасыз ету керек. Қамтамасыз ету деген ол тікелей мағынада материалдық тұрғыдан емес. Эмоционалды тұрғыдан қамтамасыз ету. Көбінесе ер адамдар осы тұрғыдан әйелге байланып қалады. Бір құпия айтайын. Ер адам жанындағы бикешіне, әйелге, қызға тым болмаса бір пайдалы нәрсе бере алмаса немесе әйелге еркектен ештеңе керек емес екенін көріп тұрса, ол әйелдің жанында қалудың мағынасы болмайды.
Ер адам ондай әйелдің жанында қалмайды. Неге екенін білесіз бе? Әйел адам тым өз-өзін қамтамасыз ете алатындай болып кеткен. Не үшін ер адам өзінің әйелінің жанынан кеткісі келмей, ұзақ жылдар бойы махаббаты лаулап, көрген сайын сағынып байланып қалады? Себебі ол өзін әйелдің жанында керекті адам болып сезеді. Ал ер адамға керегі "мен оған керекпін" деген сезім. Ол машинаның майын ауыстыру деген сияқты тікелей мағынада емес. Мүмкін ешбір еркек бере алмайтын күлкіні сыйлайтын сол адам шығар. Немесе ешбір ер адам осы жігіт сияқты сізді қарата алмайды. Яғни бұл жігіттің өзіндік фишкалары бар, өзінің эмоциялары бар, ерекше айтатын сөздері, қылықтары, аздап қаталдығы, жалпы сізді ұстай алуы, сізді жақын тартуы деген секілді ерекшеліктері бар. Ер адам соны сезу керек. Ол нәрсені оған айту керек.
Байқасаңыздар, көбінесе ер адамдаросы техниканы қыздарға қолданады. Мен өзім әрбір ерадамнан сондай сөздерді естідім. Білесіз бе, олар қалай айтады? "Қанша қыздармен сөйлестім, қанша қыздармен жүрдім, бірақсен ерекшесің" деп айтады. Соған біздің қыздар сенеді. Себебіол сондай шындық ретінде айтады. "Шын айтамын, барлық қыздар бірдей, ал сен болсаң, сенің сөзің басқаша, сенің көзің,стилің өзгеше, сен мені бірден өзіне баурап алдың осындай ерекшелігіңмен" деп айтады. Кез-
31
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
келген қызды баурап алады сондай сөздермен. Бұл техниканы еркектерге қолдануға болады
32
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Тек дұрыс әрі орынды қолдана білсеңіз, яғни үнемі айта бермей, белгілі бір жағдаяттарда сізге ұнайтын әрекетін айту керек. Бірақ сізге ұнамайтын әрекетін айтып жүрмеңіз. Мысалы, ол сізді қадағалайды, ешқайда шығармайды. Сосын сіз «Қанша жігітпен сөйлесіп едім, ешқайсысын тыңдағым келген жоқ. Бірақ сені тыңдағым келеді. Маған ұнайды сенің қаталдығың» деп айтып қуантасыз оны. Ал негізінде ол сізге ұнамайды. Сіздің сыртқа шыққыңыз келеді, қыздармен кездескіңіз келеді. Ал ол сол сөздерден кейін, одан сайын қатал кетеді. Сондықтан сізге ұнайтын қылықтарын ерекше етіп, астын сызып жеткізу керексіз.
Ақша мәселесіне келген кезде ер адам, сіз оған тұрмысқа шықпай тұрып, сізді қамтамасыз етуге міндетті емес. Ол сізге ақша беріп, киіміңізді алып беріп, жолыңызға төлеуге міндетті емес. Бірақ ол сізді шынайы жақсы көрсе, үйленетініне 100% сенімді болса, ол сізді мүмкіндігінше қамтамасыз етеді. Тіпті екеуіңіз үйленбесеңіздер де. Себебі, ер адамда инстинкт оянады. Ал ол инстинкт тек қана өзінің отбасына ғана оянады, анасы, баласы, әйелі, қарындасы деген сияқты. Яғни тек қана өзінің жеке отбасына. Егер ол сізді шынайы жақсы көрсе, отбасым деп қабылдаса ол инстинкт өшпейді. Әрдайым сіз бірнәрсені астарлап айтсаңыз да, айтпасаңыз да, үнемі сізге ақша бергісі келіп, сізді қамтамасыз еткісі келіп, жылы киіндіріп тұрғысы келеді. Яғни құштарлығы оянады.
Сараң (жмот) жігіттер де бар. Мысалы, сіз одан кішкене жетпей қалған нәрсеге ақша сұрайсыз. Бірақ ол "менің айлығым әлі түскен жоқ, келесі айда түседі" деп айтуы мүмкін. Келесі ай айлығы түскен күннің өзінде, сіз оның есіне салмайынша, үндемей жүре берсе немесе тіпті астарлап айтқаннан кейін де үндемесе, "қазір маған ақша жіберші" деп айтқанша үнсіз жүре берсе, онда ол сараң. Сараң (жмот) жігіт ол өзі сізден ақша сұрайтын жігіт. Егер жігіт әйел қылып алмай тұрып, қарызға өзінің қызынан ақша сұраса өте төмен ұятты нәрсе деп білемін .
33
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Қараңыздаршы, қыздарға қарағанда еркектерде достар, таныстары, баратын жері, араласатын адамдары көп. Бірақ ол өзі ұялмай, қызармай сізден жолына, тамағына, киноға, бірге қыдыруға шыққан кезде жартылай ақшаны сен төле деп бөліп төлеуді сұрайды немесе өзінің бір керекті қажеттілігіне сізден ақша сұрайды. Егер тым болмаса 1-2 рет осындай жігіттер жолыңызда кездескен болса, бірден "маған менен жігіт ақша сұрағаны ұнамайды" деп нүкте қойыңыз. Мен ондайларды кішкене альфонс дегім келеді. Себебі, расымен қыздың ақшасына әйел қылып алмай тұрып өмір сүргісі келіп тұр ғой. Егер сіз бас тартып, "менде қазір ақша жоқ" деп айтсаңыз ол қыз сияқты ренжіп қалады. "Ой аяп қалдың ба, қайтарып беремін ғой, не болды соншама" деп сіздің көңіліңізге тиетін сөздер айтып манипуляция жасайды. Содан кейін сіз өзіңізді "Беру керек пе еді? Шынымен де аяп қалдым деп ойлады ма, ренжіп қалған шығар" деп кінәлі сезінесіз. Еш уақытта ондай кінәлі сезім сізде болмауы керек. Ондай еркек өзінің намысын жоғалтқан азамат.
Жігітіңізден сыйлық сұрау дұрыс па?
Осы сұраққа жауап бергім келеді. Ер адамнан сыйлық сұраған дұрыс. Ер адам әйелге қамқорлық жасап, қамтамасыз еткен сайын, сол әйелге байланып қалады. Көп мысал келтіруге болады. Көйлекті мысал ретінде келтірейік. Сіз 4-5 ай бойы айлығыңызды жинап қымбат Gucci-дің көйлегін алғыңыз келді. Сондай қымбат және сіздің арманыңыздағы көйлек. 4 ай бойы сіз осы көйлекті алғыңыз келді. 4 айдан кейін соған қолыңыз жетіп, әрең дегенде көйлек келісімін береді. "Жарайды енді көнемін, ақшаңды бер, мен келісемін". Сосын сіз сатып аласыз сол көйлекті және үтіктеп жатқан кезде күйдіріп аласыз. Қандай сезім? Сізге сондай қиын болады. Соншалықты ашуланасыз, ренжисіз, жылайсыз, себебі, ол қымбат көйлек қой, сіз ол көйлекті алу үшін қатты тырыстыңыз. Жалпы айтқанда ол сізге өте-өте қымбат болады. Сіз тіпті ол көйлекті күйдіріп алсаңыз да лақтырып жібермейсіз. Әрі қарай кеттік.
34
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
2-мысал. Көйлекті сізге біреу тегін сыйлады делік. Қымбат емес, арзан базарда тұратын көйлекті сыйлады. Сіз соны күйдіріп алсаңыз ашуыңыз келеді ме? «Ой, қап, әттеген-ай,- дейсіз де, лақтырасыз. Бұл не деген сөз? Адам қанша эмоционалды күшін, физикалық күшін, материалды күшін бірнәрсеге жұмсаса, онда адам болсын, үй болсын, киім болсын, зат болсын, соншалықты ол затты бағалайды.
Тіпті машина болса да ер адамдар қатты жақсы көреді ғой. Неге? Себебі олар машинаны жөндейді, жүздеген, мыңдаған ақшалар салады. Құралдарын сатып алады. Сол үшін олар көліктерін жақсы көреді. Адаммен де дәл солай. Егер де сіз ер адамды аяп, одан сыйлық сұрамасаңыз, ешқандай сізге сыйлық жасамаса, көнпез болсаңыз, ыңғайлы болсаңыз ол еркек сізбен тек қана уақыт өткізу үшін ғана болады. Сіз оны аяғаннан кейін, ол өзінің ақшасын сізден аяйтын болады.
Қарым-қатынастың басында жігіт сізге гүл әкеледі, балмұздақ алып береді, киноға апарады. Сіз 1 рет, 2 рет, 3 рет айтасыз оған "керек емес, ақшаңды құртпай-ақ қойшы, қымбат шығар, қарашы билеттер 2000 теңге екен, одан да сейсенбі күні 700 теңгемен студенттік билетпен бара салайық" деп айтсаңыз, ер адам сізге үнемдейтін болады. Бір рет ойлайды "үнемшіл қыз екен" деп, екінші рет ойлайды "жақсы қыз екен ешқандай ақша жұмсамайсың", үшінші рет ойлайды "не істеймін мен бұған жұмсап, бұл бәрібір мені жақсы көреді. Балмұздақ та керек емес, кино да керек емес, бұған тіпті уақыт та жұмсап керек емес" деп ойлап мүлдем "вложение" жасауды доғарады. Ең басты ер адамға ақшадан жоғары тұратын ол уақыт. Егер ол сізге аз уақытын бөлсе онда сізге байланбайды.
35
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Сонымен ер адамнан сыйлық сұрауға болатынын шештік.
Қалай сұрау керек?
Қандай сөздер арқылы?
Ұят емес па?
Маған мынаны алып берші деп сұрауға қысыламын ғой.
Біріншіден, сіздің жігітіңіз астарлап айтқан сөзді (намёк) түсіну керек. Кез-келген ер адам "Жаным, қарашы қандай әдемі сумка, маған қатты ұнап тұр, алғым келіп тұр" деген сөзіңізді тура мағынасында "маған алып берші" деп түсіну керек. Егер ол әдейі түсінбеген сияқты "Иә, күшті екен" деп қоя салса, онда ол өзінің ақшасын қимай жатыр немесе ақшасы жоқ деген сөз. Сараң (жмот) ер адамдардың қасиеті ол үнемі ақшасының аз қалғанын, үнемі жоқ екенін, таусылып жатқанын, айлық тезірек түссе екен деген сияқты материалдық қажеттіліктерін айта береді. Не үшін екенін білесіздер ме? Себебі, сіздің миыңызда "одан сыйлық сұрама, онда әзір ақша жоқ, естідің ғой ол пәтерге төлеуі, киімін алуы керек, қыстық аяқ киімі жоқ" деген сигнал оянуы үшін. Көрдіңіз бе, ол сізге қандай ойлар тастап жатыр? Ол егер сізге басында ештеңе алып бермесе, ештеңені қимаса, аяғында да, ақшасы бір айдан кейін пайда болса да сізге қимайтын болады. Сіз өзіңізден аяйсыз, еркекті аяйсыз. Ол ары қарай да солай жасайтын болады. Сыйлықты алған кезде эмоцияны көрсету - ең маңызды факторлардың бірі. Себебі, еркек сіздің энергияңызбен, эмоцияңызбен байланады екен.
Мысалы, ол 5-6 қызбен дос ретінде сөйлесіп жүр. Оның арасында сіз де барсыз. Әрқайсысына барған сайын, 5-6 қыздың ішінде тек біреуімен ғана өте көп күледі, өте көп уақытын өткізеді, ол қыз сол жігіттің жанында болған сайын, жігітке комплименттер айтады. Қалай ойлайсыз, осы 5-6 қыздың ішінде кімді таңдайды ол? Міндетті түрде еркекке эмоция сыйлаған, қуаныш сыйлаған және бір сағыз алып берсе де балаша орнынан секіріп, қуанатын қызды таңдайды. Ол әйел адам өзінің энергиясын еркекке бергенде, өзі ештеңесіз қалады. Бірақ біздің күшті қасиетіміз бар, ол энергияны,
36
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
эмоцияны еркектен қайтарып алмаймыз. Біз оны кез-келген нәрседен ала аламыз. Тамақ пісіруден, үй жинаудан, жаңа адамдармен танысып, сөйлескеннен, әңгіме айтқаннан, боянғаннан, билегеннен, кафеге барып, өте дәмді, өміріңізде жемеген, тәтті тағамнан, осының барлығынан біз энергияны алады екенбіз. Сосын барып еркекке береміз. Ал еркектің кішкентай қасиеті бізге ұқсамайтын, ол өзіне керекті энергияны әйелден алады, анасынан, әпкесінен, қызынан алады.
Ер адамға сыйлық жайлы айтуға ұялсаңыз кішкентай дүниеден бастау керек. Әзірге айфон сұрауға, қымбат көйлек сұрауға ұяласыз. Бірақ неден бастау керек: пиццадан, балмұздақтан, сушидан, кішігірім дүниелерден, қымбат емес, кішкентай білезіктен. Осы аз дүниеден ол сізге алып беріп, әдетке айналады. Ол үшін қалыпты болады. Сіз үшін де қалыпты болады. Болашақта сізге қымбат 50-60 мың теңгенің аксессуарларын немесе телефон керек болса ұялмай, тікелей айта алатын боласыз.
-Менің телефоным сынып қалды, маған біреу алып берсе ғой, мысалы жігітім,- деп айтсаңыз ешқандай ұялу сезімі немесе жігіттің жаман ойы болмайды. Себебі бұл қалыпты.
Егер сұраған кезде бас тартып:
-Жарайды, жаным, айдың соңына айлық аламын, сол кезде алып беремін,- деген сияқты әңгіме айтса:
- Мм, жарайды, рахмет,- деп суыққанды жауап берудің керегі жоқ. "Алақаааай" деп қуанышыңызды көрсету керексіз.
-Сен алып бермейтін шығарсың, келіспейтін шығарсың деп ойлап едім, қуанып кеттім ғой, қандай жақсы менің осындай жомарт жігітім бар, әйтпесе тіпті ата-анама да айта алмаймын, оларды қазір қинағым келмейді, рахмет саған, осы үшін кешке жақын кел, мен саған бір тосынсый дайындаймын,- дейсіз. Шағын торт пісіруге болады. -Міне, саған менің рахметім, - деп айтсаңыз болады.
Ер адам сөз беріп, ол затты сізге әлі алып бермесе де, қазірдің өзінде алғысыңызды естіп қойды, ұсыныстан бас тарту ол үшін ұят болады. Қыздың алғысын, рахметін алып қойды, енді сыйлықты міндетті түрде беру керек қой.
37
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Біздің миымыз тосынсыйды қалайды. Бірақ тосынсыйды жасайтын ер адамдар өте аз. Қазіргі романтиктер Еуропада ғана бар шығар. Біздің қазақтар романтикаға жоқ. Ол үшін суретін жібересіз, қай магазин, қанша теңге тұрады, қандай түс, қашан алғыңыз келеді, осының барлығын айтып қою керек.
Қыздармен киноға, қыдыруға барғыңыз келіп тұр, ақша керек болса тікелей айтасыз.
-Жаным, мен кафеге барайын деп едім, қыздар мені шақырып жатыр, бірақ ақшам жоқ.
Сосын ол сізден сұрайды:
-Қанша теңге берейін?
Міндетті түрде сұрауы мүмкін. Сіз өзіңізге керек ақшадан 1000-2000 теңгеге көбірек сұрайсыз. 3000 керек болса 4000, 5000 керек болса 6000, 6000 керек болса 7000. Түсінікті ғой?
Жігітпен кездесуге шыққанда, біз оны баратын киномыздан, жейтін тамағымыздан алдыруға ұяламыз, иә? Себебі, ол студент болуы мүмкін немесе айлығына дейін әлі көп уақыт бар. Біз оның жағдайын анасы сияқты ойлаймыз. Ол сіздің әлі күйеуіңіз емес, бізді әзір уайымдатпау керек.
Ол сізге “Балмұздақ жейсің ба, шай ішесің ба, қарның ашты ма?" деп сұраған кезде расымен балмұздақ жегіңіз келіп тұрса, шай ішкіңіз келіп тұрса ешқашан бас тартпаңыз. Себебі, ер адам сізге қамқорлық жасаған сайын, сізге байлана береді. Ол сізді қуантқан сайын, энергия алады. Сол үшін тәтті тағам болсын, кез-келген ұсынып жатқан нәрсесінен бас тартпау керек. Немесе балмұздақ таңдап жатқан кезде, ол "шоколадты түрін жейсің ба немесе малиновый жейсің ба" деп сұрап тұрса, өзің біл, маған бәрібір деп ешқашан жауап бермеңіз. Не үшін? Себебі, ер адамдарға өзінің не қалайтынын білетін қыз ұнайды. Яғни нақты таңдау жасай алатын, өз пікірі бар, өз көзқарасына ғана сене алатын және шешімді тез қабылдай алатын қыздар ұнайды. Мынандай жағдайлар болады ғой, кафеде отырасыз, менюға 10-15 минут қарап отырасың. Шыны керек, мен өзім сондаймын. Мен таңдағанды ұнатпаймын. Көбінесе күйеуіме таңдауды ысырып қойғым келеді. Бірақ ер адамға әйел адамның өзі шешім қабылдағаны ұнайды. Мысалы, кафеде отырсыз “не жейсің” десе, “білмеймін, өзің білші” деп жауап беретін
38
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
болсаңыз, ол сіздің пікіріңізді болашақта да естігісі келмейтін болады. Сіз осындай жағдайға әкелесіз. Көбісі сұрайды, менімен кеңеспейді, маған жоспарын айтпайды, қайда кетіп бара жатқанын, кіммен жүргенін айтпайды. Не үшін деп ойлайсыздар? Себебі, өзіңіз осындай жағдайға алып келдіңіз. Сол үшін басты ереже - қалауыңызды тіке айтыңыз, шешімді тез қабылдаңыз және өз басыңыз үшін жауап бере алатындай болыңыз. "Маған қызыл түс ұнамайды, қара түс ұнайды. Қара түсі жоқ па, онда қойшы, менің жегім келіп тұрған жоқ". Егер де шынымен қара түс ұнаса солай жасаңыз. Өз таңдауыңды білдіру үшін ғана жақсы көретін затынан бас тартатын қыздар бар. Маған бір келіншек жазды. “Маған KFC алып келген, ал мен пицца жегім келді деп айтып, KFC жемей қойдым. Бірақ сондай жегім келіп, қарным ашып, қарап тұрдым. Бірақ мен сіз айтқандай өзімнің таңдауымды жасадым, ол көрсін дедім маған ұнайтын нәрсені әкелу керек”, -дейді. Егер сізге шынымен де KFC ұнап тұрса немесе таңдау жасаған кезде оның алып беретін заты сізге ұнап тұрса, шынымен таңдаңыз. Өз таңдауыңызды жасау деген - өз қалауыңызды айту. Жігітіңіз екеуіңіздің көзқарастарыңыз бір жерден шығып тұрса, оған да шоколадный, сізге де шоколадный ұнап тұрса, онда ол тіптен керемет. Егер бүгін кездесетін болсаңыз, онда “менің қазір вафлимен балмұздақ жегім келіп тұр” деп айтасыз.
Мен мысал ретінде айтып жатырмын. Мен әлі күнге дейін күйеуіме күніне бір рет нені қалайтынымды айтамын. Міндетті түрде барамыз. Оның жұмысы түнгі 23:00-де бітеді. Мен дайын отырамын, ол мені алып барып келеді. Мен жай ғана қаладым, ал ол істеді. Мен оны бұл жағынан аямаймын. Не үшін? Себебі, ол маған дәл осылай қуаныш сыйлап жатыр, ал маған қуаныш сыйласа, мен оған жауап ретінде эмоция беремін. Дәл осы эмоциямен алғысымды жеткіземін. Ер адам осылай сіздің қалауыңызды орындау арқылы ол өзін нағыз керекті, өзін сізге қажетті ер адам етіп сезінеді.
39
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ТАПСЫРМА
1) Жүріп жүрген жігітіңізден сыйлық сұраңыз. Қымбат емес, орташа 5 мың тг. көлемінде, егер студент емес, жағдайы жақсы жігіт болса 10 мың тг. көлемінде болса да болады.
2) Көріскен сайын өз қалауыңызды еркелеп, бірақ нақты жеткізіңіз.
Білмеймін деген сөзді өзіңіздің таңдауыңызға байланысты ситуацияда айтпаңыз.
3) Сұраққа жауап жазыңыз
Жігітіңіздің қай қасиеті сізге ұнамайды???
Жігітіңіздің сол жазған қасиеттеріңіздің ішінен қайсысына көзіңізді жұмып, қабылдай аласыз?
Қай қасиетін өзгертпеуге келісесіз?
40
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Өзімнің жауабым:
Ақшаны менен аздау табады, артынан киімін жинамайды, ашушаң, ұрыс кезінде дөрекі сөйлейді, танымайтын адамдармен күшті сөйлесіп кетеді де туысқандармен қысылып сөйлеседі, ұялады, темекі тартады екен жасырып, достарымен аптасына 1 рет таңға дейін ойын ойнайды, тамаққа, киімге, иіске талғампаз, әдемі қыздарға қарайды мен көрмей тұрғанда, еріншек.
Барлығын қабылдай аламын, мен үшін бұл үлкен проблема емес. Ешқашан бұл заттар үшін ұрыс шығармаймын. Жігіттеріңіз алыста болса, мынаны жегім келіп тұр, бірақ ақшам болмай тұр деңіздер. Немесе көйлек алғым келеді кішкене жетпей жатыр деп айтыңыз.
Алыста болса да каспий бар.
Жігітіңіз жоқ болса, ағаңызға, әкеңізге практиковать етіңіз.
41
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
АЛҒЫС АЙТА БІЛУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мақтап, алғыс айта білмегенше өтініп сұрау мүмкін емес. Егер мақтап алғыс айта алмасаңыз, барлығы таза ауаға тең болады. Яғни өтініп сұрау ешқандай нәтиже бермейді. Көп әйелдер "мен оны мақтаймын, жарайсың, сен сондай күштісің деп айтамын. Ол бәрібір сол қалпында, өзгермейді. Жақсы болып кетпейді немесе өтінішімді орындамайды" дейді. Қыздар, көбіміз мақтауды өтірік істейміз. Шынайы қуанып таң қала алмаймыз. Мақтағанда өтінішімді орындап берсе екен деген оймен мақтаймыз. Жасанды екені көрініп тұр. Бізге не істеу керек? Өтініш айтпай тұрып, алдын-ала өзіңізді дайындау керексіз. Үйде күйеуіңіз жұмыс істеп жатса оған қарап тұрып бақылаңыз. Әр ісін, жұмысын бақылап, содан жақсылық табыңыз. Негізі еркек ойланып жұмыс істеп тұрғанда, оған қарап тұрсаң, әдемі сипат көрінеді. Мысалы, ол үйдің бір құрылысын істеп жатса, кез-келген бір жұмысты бастап, ойланған кейіпте отырса, оған қарасаңыз әдемі бір сипат көрінеді. Сосын өзіңізден сұраңыз. Күйеуіңіз нені жақсы көреді? Өз-өзіңізден іштей сұраңыз, ол қазір не жайлы ойлап жатыр? Ол қайда, не істеп жатыр, кіммен жүр деген ойлар емес. Жақсы көру ойлары болсын. Сізге істеген барлық жақсылықтарын еске түсіріңіз және соны миыңызда қайта- қайта айналдыра беріңіз. Ол да көмектеседі. Ер адамды естіп, тыңдап үйренуіңіз керек.
42
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Үшбұрыш техникасы
Ер адам сөйлеп жатқанда, оған қарап тұрыңыз да үшбұрыш сызыңыз. Бірінші оң көзіне, екінші сол көзіне, сосын ерніне. Осылай істеген кезде сіз күйеуіңіздің не айтып жатқаны, оның әңгімесі сізге өлердей қызық екенін көрсетеді. Еркекке бұл өте ұнайды. Оған оны таңқалып тыңдап жатқан кейпінде көрінесіз. Солай қарап тұрғанда ойыңызда оны мақтаңыз: «Жаным, айтып жатқан әңгімесінен өзінің, сондай қызық қылып айтады, көзі сондай әдемі» - іштей оған таңқалып тұрыңыз. Бұл сізге болашақта шынайы алғыс айтып, оны мақтауға көмектеседі. Себебі, сіздің ішіңізде де ер адам жайлы ойыңыз тек қана жақсы сөздер.
Бір өкініштісі кейбір әйелдер "Күйеуімнің жақсы жағы жоқ. Қай жерін жақсы көремін немесе қай жерін мақтаймын" дейді.
Құдай бізді көркем түрде жаратты. Адамның бірде-бір жақсы жері болмауы мүмкін емес. Ойланып қараңыз, оған бір кездері ғашық болдыңыз, одан басқа жақсы адамды көзіңіз көрмеді. Сол үшін міндетті түрде жақсылап ойланыңыз немесе өзінен сұраңыз. Өзінен сұрасаңыз, адам өзін шексіз мақтай алады ғой. Алғыс айту мен мақтау - дәмдеуіштер сияқты. Ал тағам - махаббат. Егер сіз іштей оны шынайы мақтағыңыз келіп, оған таңқалмасаңыз, онда сізге дәмдеуіш көмектеспейді. Еркек ондайға мүлдем сенбей қалады. Оған жағымды шығар, бірақ ол іштей сіздің өтірік мақтап тұрғаныңызды сезеді. Себебі, еркектер ақымақ емес. Әйел адамға қанша өтірік сөздер айтса да сеніп қалуы мүмкін. Ал еркектің интуициясы өте жақсы дамыған. Оған егер шынайы қуанышпен, бар ынтаңызбен айтылмаған сөздер болса, еркек оны бірден сезіп қояды. Бірақ сізге айтпауы мүмкін. Жай ғана аргументсіз, фактсыз жарайсың деп айтсаңыз, еркек оған сенбейді. Олар логиктер, миы эмоциядан емес, аргумент пен логикадан тұрады. Бізге сенуі үшін комплимент міндетті түрде аргументпен, себеппен болуы керек.
43
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Мысалы, сіз айтуыңыз мүмкін:
-Жаным, мына костюм сізге жарасады екен.
Ол сізден сұрайды:
-Рас па? Ал неге осы костюм, басқа костюм емес? Ол да жақсы ғой, -деуі мүмкін. Сіз шынайы оған айта білуіңіз керек. -Арқаң үлкен болып, денең күшті болып тұр, түсі сенің көзіңнің түсіне жақсы келеді,- деген сияқты аргументпен айтуыңыз керек.
Ол ақ көйлек киіп тұрса, оған екі түрлі нұсқада мақтау айтуға болады. Біріншісі:
-Жаным, мына ақ көйлек саған жарасады.
Екіншісі:
-Жаным, ақ түсте сен ерекше көрінеді екенсің. Сен өзің аққұба, сақалың қап-қара болып тұр. Ақ көйлек саған жарасымды көрінеді екен. Тіпті мен саған қайтадан ғашық болып қалған сияқтымын.
Осындай сипаттармен, аргументтермен келтіруге болады. Екінші нұсқа ер адамға жағымдырақ және сенімдірек. Тек қана іштей бүкіл махаббатыңыз, мақтауыңыз мұхит сияқты толып тұрып, ал аузыңыздан тек бір тамшы сияқты болып шықса ғана ер адам сізге сене алады. Түсінікті ме?
Ол тек үйде немесе жаныңызда болғанда ғана емес, қонақта жүргенде де, үйде көп қонақтар болғанда да, оның құлағына келіп әдемілеп таңқалғаныңызды, мақтауыңызды айтыңыз. Хабарламамен жазып жіберіңіз. Көп адамдар арасында жүрген кезде "жаным, сондай әдемі, сексуальный болып тұрсың, мен сені қалап тұрмын" деген сияқты хабарламамен жазып жіберіңіз. Міндетті түрде жаныңызда көп адамдар болып тұрсын. Ол сізге жауап бере алмайтындай, соны көрсете алмайтындай, көзі жанып кететіндей болсын. Сол уақытта ол сізге жақындай алмайды, бірақ іштей ол тезірек үйге қайтсақ екен деген сезімде болады. Ер адамдар интим комплименттерді жақсы көреді. Төсекте қалай күшті екенін, оны сондай қалайтыныңызды, жанып тұрған сезімде екеніңізді айтқан оған екі есе жағымдырақ.
44
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Енді алғыс айту жайлы сөз қозғайық. Мұздатқыш алу үшін бірінші тоңазытқышқа алғыс айту керек деген сөз бар. Ол орыстардың сөзі. Әйел адам көбінесе рахметін айта алмайды. Үйге жиһаз алса, күйеуінің парызы сияқты қабылдайды. Алғысын білдірмеуге болады деп ойлайды. Иә, оның парызы, бірақ оған алғыс айтса, ол үйге екі есе әкелгісі келетін болады. "Рахмет, жаным, сен болмасаң кім алып береді осыны" деген бір-екі ауыз сөз оған өте жағымды. Рахметті тек сатып алған затқа емес, кез-келген кішкене нәрсеге айта білу керек. Есікті ашып берсе де, қоқыс шығарып берсе де, су төгіп берсе де барлығын парыз деп емес, сізге көмектескісі келіп жасады ғой деген оймен алғысыңызды айтуыңыз керексіз.
Енді өзіңізге жоспар қойыңыз. 4 немесе 5 күн ішінде кез- келген кішкене нәрсеге рахмет айтып тұрыңыз. Барлық жасаған ісіне кішкентай болса да рахмет айтып бетінен сүйіңіз. Араларыңызда ондай жылы қарым-қатынас болмаса да, өз- өзіңізді қинап соған үйретіңіз. Бұл қарым-қатынастарыңызды жақсартады.
Сонымен, 4-5 күн рахмет айтып, аптасына бір рет жақсылап алғыс айтатын хат жазыңыз. Хабарлама түрде жіберіңіз немесе қағазға жазыңыз.
"Сенің бар болғаныңа шүкір. Көмектесіп үйде жағдайымды ойлайтының үшін рахмет"
Тағы басқа айтқыңыз келген барлық алғыстарыңызды жазыңыз. Идеал болмаса да оның кішігірім істеген жақсылығы бар шығар. Сол үшін алғыс айтыңыз. "Басымыздан қандай қиыншылық өтсе де, мен ештеңеге қарамай саған барлығы үшін алғыс айтамын" деп хат жазыңыз. Бір аптада 1 рет. Егер сіз үшін өте көп болатын болса, екі аптада 1 рет жазыңыз. Осы хат сіз үшін әдет болып кетуі керек. Айына міндетті түрде 2 рет алғыс хатын жазу керексіз. Ол хатты әдемілеп, жүрекшелермен, иіссумен сеуіп қойсаңыз болады. Жұмысқа кетіп бара жатқанда киімінің
45
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
қалтасына немесе сумкасына салып қойыңыз. Жұмысқа барған кезде соны тауып алып оқысын. Бізге ер адамның махаббаты керек болса, еркекке әйел адамның алғыс айтқаны, ол үшін ерекше екенін білуі керек. Әлемде қаншама еркек, бірақ ол сіз үшін ерекше. Соны ол түсініп білуі керек. Олар үшін бұл өте маңызды. Егер күйеуіңіз осыны сізден түсінбесе, сіз үшін оның орны ерекше, басқалар оның жанында тұрмайтынын білмесе оны ешқандай да төсек қатынасы немесе махаббат ұстай алмайды. Төсекте қанша жерден керемет болсаңыз да, еркекті ол ұстамайды. Көзге шөп салу да осындай себептерден тұрады. Еркек басқа әйелдермен төсек үшін ғана болмайды. Ондай төсек қатынасы үйде де бар. Олар басқа әйелден ерекше көзқарас күткеннен барады. Яғни көңілдестер құлағына әбден комплименттер құяды. "Сен сондай кереметсің, сен сияқты әлі ешкіммен болмадым", т.с.с. Қысқасы еркек өзінің ең керемет, ең күшті екенін білгісі келеді.
Енді өтініш сұрауға көшеміз.
Ер адамға өтініш көп айту керек. Ол маңызды. Ер адам сізге керек екенін сезбесе, ол өсіп көтерілмейді. Күнделікті мына нәрсені сатып ал деген сияқты өтініштер емес. Кішкентай өтініштер. Барлығы содан басталуы керек.
•Машинаның есігін ашып беруін сұраңыз.
•Қысболса,"қолымжаурапкетті,жаным, есіктіашыпберші" деп сұраңыз.
•Қолыңызға сумка немесе пакет алып алыңыз. "Қолым бос емес, есікті ашып берші" деп сұраңыз.
Үйге келгенде ер адамның алдына шығып есікті бірінші ашпаңыз. Ер адам бірінші кілтпен есікті ашып, сізді кіргізуі керек. Дүкенге барғанда пакетте нан болса, оны еркекке беріңіз. Ол сізге "бір пакет нан жеңіл ғой, өзің ала салшы, өзің көтере берші" деп айтуы мүмкін. Сіз "жеңіл екенін білемін ғой, бірақ мен қызбын, ал сен еркексің. Сенің қолында осы пакет болса, ол әдемірек көрінеді" деп айтыңыз. Базарда жүргенде ауыр не жеңіл болса да пакеттерді еркек ұстауы керек. Ер адамның
46
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
қолы бос болса, әйел адам бірнәрсені тасуды өз мойнына алмауы керек. Осыны есте сақтап алыңыздар. Тіпті, қолыңызда бала көтеріп жүргенде де оны күйеуіңізге беріңіз. Алла Тағала әйелді нәзік, еркекті мықты етіп босқа жаратқан жоқ. Күйеуіңізге екі қолы бос емес болған жағдайда ғана көмектесуге болады. Басқа жағдайда сіз нәзіксіз. Есік ашу, қолдағы затты көтеру, оның барлығы еркектің мойнында болуы керек. Оны осыған үйретіңіз. Аз-аздан үздіксіз. Ол сіздің қолыңыздан бір затты көрсе өзі алып қойып, есікті көрсе өзі бірінші ашып, сондай бір ереже қалыптасу керек.
Көмектесуін сұраңыз. Келіспесе қорқатын ештеңе жоқ. Бүгін бас тартты, ертең бас тартады, үшінші рет келіп орындайды. Үшінші рет орындамаса келесі аптада жасайды. Бастысы сіз одан сұрау керексіз. Сіздің өміріңізде, үй шаруасында оның мықтылығы сізге қажет екенін білуі керек. Ер адам біз сияқты емес. Олар ұмытшақ болады. Жұмысын, ақшаны, жеке мәселелерін, болашағын ойлап, біздің өтінішімізді ұмытып кетуі мүмкін. Сол үшін одан сұраңыз. Ұрыспай, ренжімей, әдемілеп, еркелеп сұраңыз. Бірнеше күн өткеннен кейін ұмытып кетсе, есіне салуға болады.
Өтінішті жайлап айту техникасы
Еркекке келіп өтінішті бірден айтса салсаң, ол блокқа түсіп, қорғанып, ақша жоқ деп бірден реакциясын көрсетеді. Себебі, ол ойлануға уақыт болмай, бірден жауап беру керек болған соң тез реакция көрсетеді. Сіз келе салып, 5000 теңге берші шалбар аламын немесе жұмысқа шығамын десеңіз, одан бірден бас тартуы мүмкін. Онда не істеу керек? Бірінші жұмыстан келгенде оны 15 минуттай жайына қалдырыңыз. Тынығып, демалып, тамағын ішіп тойып алсын. Сосын оның әңгімесін, оның жаңалықтарын тыңдап алыңыз (үшбұрыш техникасын қолданыңыз). Одан кейін ғана өтінішіңізді айта аласыз. Бірақ өтінішіңізді дұрыс бастау керек. Жандарыңызда артық адам
47
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
"Жаным, менің саған бірнәрсе айтқым келіп тұр". Ол "иә" дейді. Оған "сөйлесу керекпіз" деген сөзді айтпаңыз. Ол сөз еркекке ұнамайды. Бірден өзін мәселені шешу керек деген сияқты сезініп, алдын-ала дайындалады. Жай ғана "бірнәрсе айтамын" деп айтыңыз. Өтінішім бар деп те айтпаңыз. Себебі, ол тыңдаушы рөлінде тұрмайды. Алдын-ала не сұрайды екен, бас тарту керек деген сияқты ойда тұруы мүмкін. Өтінішіңізді айтар алдында оның жағдайы бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Мысалы, үйде ақша жоқ, ал сіз шуба алғыңыз келеді. Жағдайы жоқ болған кезде оны сұраудың пайдасы жоқ. Өтінішті айтып бастағанда, "жағдайыңыз келіп тұрса" деген сөзді қосыңыз. Тіпті еркек бас тартса да, ол айқайлап, ренжіп, "неге мені түсінбейсің, онсыз да ақша жоқ қой" деп сізге ұрсып бас салмайды. Ол жай ғана сізге "күте тұр, сосын аламыз" деген сияқты жауапты ақырындап және сізге себебін түсіндіріп айтады. Ол кезде араларыңызда ешқандай реніш болмайды. Сосын одан уақыты келгенде "өтінішімді орындай аласың ба немесе шешімін қайтеміз?" деген сияқты сұрақтарды қойыңыз. Ол "келесі айда немесе келесі аптада ақша аламын сол кезде алып беремін" деген сияқты сөздерді айтуы мүмкін.
Кішкентай қыздың техникасы
Жұмыстан күйеуіңіз келді дейік. Сіздің түріңіз ойланып тұрған сияқты, ойға шомылып тұрған сияқты болу керек. Күйеуіңіз сізден:
-Не болып қалды, неге ойға кіріп кеттің,- деп міндетті түрде сұрайды.
Ол сұрайды, сіз жауап бересіз.
-Өз-өзіме ашуым келіп тұр.
-Неге ашулысың?
-Менің мына нәрсені алғым келіп тұр, жағдайымыз оған келмейтінін, әзір оған мүмкіндігіміз жоқ екенін білемін. Бірақ алғым келіп тұр және сол үшін өз-өзіме ашуланып тұрмын,- деп айтасыз.
Ер адамда автоматты түрде сіздің өтінішіңізді орындағысы келетін рефлекс пайда болады. Әрине, өтініш жағдайға келіп тұру керек (ақша жоқ кезде шуба сұрау сияқты болмасын).
48
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Егер сіз одан сыйлық алғыңыз келсе, оған өзіңіз сыйлық беріңіз. Бірінші қадам сізден болсын. Кішігірім қолдан жасалған немесе сатып алынған сыйлық сыйлаңыз. Бастысы оған пайдалы және ол бұрыннан бері қалап жүрген нәрсе болу керек. Сыйлықтарыңыздың арасы апта сайын емес, арасы ұзақ болу керек.
Тағы да бір мысал: дүкеннен бір сақина көріп қалып оған ұзақ қарап тұрыңыз. Сосын, "қарашы жаным, сондай әдемі, иә?" деп айтасыз. Сіз сұрап жатқан жоқсыз. Жай ғана сізге осы сақина ұнағанын айтасыз. Ал оның есінде сіздің келе жатқан туған күніңіз бар. Ол міндетті түрде дүкенді және сізге ұнаған сақинаны есінде сақтап қалады. Сосын тағы да бір сөзді қосасыз:
-Қазір біздің оған жағдайымыздың келмей тұрғаны өкінішті, бірақ маған осы сақина қатты ұнап тұр,- деп айтасыз.
Сонымен, мақтағанда, алғыс айтқанда және өтініш жасағанда сізге тек қана шынайылық керек. Тек шынайылықпен ғана ер адамның барлық сіздің өтініштеріңізді орындауына жол бере аламыз.
Ер адамның сыйлық беруге өзінше көзқарастары болады. Мен қазір қалай сыйлық сұрау керек жайлы айтамын. Бірақ күйеуіңіздің қаржылай мүмкіндігі болмаса, мысалы, бір айлықтан екінші айлыққа әрең жеткізіп жүрген болса, ол туылғаннан бастап сараң болса, оның өзгертуге мүмкін емес мінезі болса және егер сізді жақсы көрмесе, осы сипаттар болатын болса, менің сыйлықты сұрау жайлы ақпаратым пайда әкелмеуі мүмкін.
Сыйлық сұраудың бірнеше ережелері бар.
Бірінші ереже, еркекке керек нәрсесін беру. Еркекке керек нәрсе не? Ол тамақ, киім, дүние емес. Әрине, ол нәрселер де керек, бірақ ол екінші жоспарға, екінші орынға кететін нәрсе болып табылады.
49
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Ең бірінші керек нәрсе - моральдық тұрғыдан көңіл бөлу. Яғни сіздің көңіліңіз толмайтын жағдайлар болмау керек. Ол еркекке жағымсыз энергия береді. Оған үнемі критика жасамау керек. Ол қандай критика болу мүмкін? Бір жағынан сіз жақсылық жасап жатырмын деп ойлайсыз. Оны түзетемін, түзеткенім келешекте керек болып қалады деген ой болуы мүмкін. Бірақ түзетудің өзінде де өз құпиялары болады. Еркекке бірден сен дұрыс істеп жатқан жоқсың ғой, оны былай істеу керек десеңіз, оны әйел адам мүмкін балаңыз түсінетін шығар. Бірақ еркек оны “оның айтқаны дұрыс екен ғой, менікі емес” деп қабылдамайды. Бірден критика пайда болады. Ал адам ол критикадан қорғана бастайды.
Екінші ереже, оған жабысып қалмауыңыз керек. Кей әйелдер еркекке жабысып, оның бүкіл энергиясын алғанша немесе шектен шығып екеуі ұрсысып қалғанша жабысып тұра береді . Бұл нәрседен арылу керекпіз. Қызығушылығы бар, самооценкасы жоғары және өзіне деген сенімділігі бар әйел болу керек. Егер бойыңызда осы үш сипат болатын болса, сіз олай еркекке жабысып қалмайсыз. Оған еркіндік беру керек.
Келесі ереже одан өтініш сұрай білу керек. Әйел адам негізі қиялшыл болып келеді. Сыйлық сұраған кезде біздің ойымыз "егер мен оған иіс су алып бер десем, онда ол тосын сый болмай қалады. Одан не пайда, ол маған ақша берді, мен барып өзім-ақ сатып алмаймын ба, ақша менде ғой" деп ойлаймыз. Бірақ өкінішке орай адам басқа адамның ойын оқи алмайды. Бізде ондай қасиет жоқ. Сол себепті еркек сізге сыйлық бергенін қаласаңыз, сіз оған міндетті түрде қалай барын айтуыңыз керек. "Жаным, мен иіссу алғым келеді". Иіссудың қандай екенін айтпай-ақ қойыңыз. Егер соншалықты астарлап айтқанды түсінбейтін еркек болса, каталогты ашасыз немесе сайтқа кіріп:
-Міне, жаным, мынау бағасы, аты Chanel, скрин жасап қойдым, саған WhatsApp-қа жібердім. Осыны менің туған күніме немесе 8 наурызға сыйлашы. Мен өз-өзіме ақшаны құртып алғым келмейді, егер маған сен өз қолыңмен сыйласаң, мен күшті сезімде боламын,- деп айтыңыз.
50
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Оның ойынша гүл солып қалады, крем, иіссу оның барлығы сізде бар. Мен сыйлық жасасам онда бір пайдалы нәрсе берейін деп ойлайды. Ол ас үй жабдығы, ыдыс-аяқ немесе телефонға баланс, балаға қарайтын керекті бір құрал-жабдық. Олардың ойына крем, иіссу, косметика мүлдем кіріп шықпайды. Менің алған нәрсем оған ұнамайды деген сылтаулары бар. Олар дұрыс айтады қыздар. Күйеуіңіз, жігітіңіз сыйлық берген кезде біздің жауабымыз "мәссаған, жаным, жарайсың, өмірімде күтпеген сыйлық еді" деген жауап емес. Біз "жаным, негізі басқа түсі болған жоқ па, қызылын алу керек еді" деп айтамыз. Қыздар, өздеріңіздің жауаптарыңыз естеріңізге түсіп жатқан шығар. "Қымбат қой, ақшаны құртпай-ақ қою керек еді немесе ақшаны жинап қойып кейіндеу дұрыс нәрсе алатын едік" деп айтамыз. Осы сөздерден кейін күйеуіңізден керемет сыйлық күтпеңіздер. Одан сыйлық алу үшін қайтадан тәрбиелеу керек болады. Қандай сыйлық жасаса да, аспанға секіру керек, шынайы қуанышты көрсету керек. "Мәссаған, жаным, күтпеп едім, мен сені ұмытып кететін шығар деп ойлап едім" деп айтыңыз. Алғыңыз келген сыйлықтың әрбір сипатын айтуға тырысыңыз. Үлкен, кішкентай, жасыл, қызыл және қандай марка екенін айту керек. Не үшін ол сыйлық сізге керек? Не үшін ол сыйлық сізге керемет бір сезім сыйлайды? Осының барлығын міндетті түрде айтыңыз. Оны айтатын сәтті (момент) таңдаңыз. Тал түсте базарда немесе оның қолы тимей жатқан кезде тосыннан айта салмай, оны кешке жақын төсекке бірге жатқанда немесе оңаша қалғанда, көңіл-күйі жақсы кезде айтсаңыз болады.
Туған күніңізге 1-2 ай қалса:
-Менің туған күнім келе жатыр, осы нәрсені алып берші,- деген сияқты сөздерді айтып қойыңыз. Екі ай бойы сол нәрсені күтіп жүріп, екі ай өткеннен кейін ол нәрсені ұмытып кетсе оған таң қалмаңыз. Жарайды, ол ұмытып кетті дейік. Сол күні таңертең тұрасыз, туған күніңіз немесе 8 наурыз болады делік. Таңертең тұрасыз, күйеуіңіз құттықтамайды. Сіз айтасыз:
-Білемін ғой мен сені, бірдеңе дайындап жүрсің, мен сені білемінғой,-дейсіз.Оләдейі ұмытыпкеткендейсипатта
51
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Мүмкін күйеуіңіз шынымен де әдейі ұмытып кеткен шығар. Сырттай түр көрсетіп, менің әйелім мені әдейі ұмытып кетті деп ойласын, ал мен жұмыстан кейін бір тосын сый жасаймын деуі мүмкін. Ал ол шынымен ұмытып кетсе, сіз оған астарлап есіне түсіресіз. "Сен маған сыйлық сыйламадың, екі ай бұрын айттым ғой, ал сен ұмытып кеттің" деген әңгімелермен сіз қарым-қатынасты құртып, келешекте тағы да ұмытып кететіндей жағдай тудырасыз. Таңертең тұрғанда:
-Жаным, мен сені білемін ғой, бәлкім, жұмыстан кейін бірнәрсе дайындап қойған шығарсың,- деп айтасыз. Ол:
-Не үшін дайындаймын, қызықсың сен осы,- деген секілді сөздер айтады. Сіз:
-Жақсы, жарайды, мен сені білемін ғой,- деп тағы айтасыз. Сосын күтіңіз. Жұмыстан кейін ол міндетті түрде сыйлық әкелу керек. Оның есіне түсу керек. Себебі, сіз сендіңіз ғой. Ал ол сіздің сеніміңізді ақтағысы келеді. Егер тіпті осындай сөздерден кейін де ол ұмытып кетсе, демек оның не қаржылай жағдайы жоқ немесе оның сізге деген реніші бар. Онымен ашық сөйлесіңіз. Мүмкін ол сыйлық сыйлау дұрыс емес деп ойлайтын шығар.
Сіздерге т ағы да т апсырма. Бүгін немесе ертең кешіктірмей одан бірнәрсе сұрайсыз. Осы менің ережелерім бойынша сұрайсыз. Бірінші кезекте оған керек нәрсені бересіз, 3-4 күн бұрын оны дайындаймыз, негативтен шығып, күліп жүреміз, ренішті, қабағыңызды түйіп жүруді, критиканы ұмытыңыз. Өзіңізді тәрбиелеуді үйрену керек. Өз-өзіңізді қолға алмасаңыз, нәпсіңізді тәрбиелемесеңіз оны сізге ешкім үйретпейді. Сонымен 3-4 күн бойы оны дайындайсыз, соңғы күндері оған кішкене астарлап ой тастаймыз (намёк). Мысалы, сіздің йогурт жегіңіз келеді, киім алғыңыз келеді, иіссу алғыңыз келеді немесе күйеуіңіздің жағдайы келетін болса шуба сұраңыз. "Менің клубникалық йогуртты жегім келіп тұр, көптен бері жегім келіп жүр еді" деген сияқты ой тастайсыз. Кейін күтіңіз, мүмкін күйеуіңіз сізге жақсы, керемет сыйлық сыйлайтын шығар. Гүл жайлы айтыңыз. Гүл ең жақсы нұсқа.
52
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
-Соңғы рет қашан гүл алғанымды ұмытып қалдым, жаным, білесің бе, сен маған ұсыныс жасаған кезде күшті роза сыйлап едің ғой. Сол кездерді аңсап кеттім,- дейсіз немесе тағы сол сияқты ойларды айтасыздар. Бірақ міндетті түрде ереже болсын.
Сосын 3-4 күн оны сыйлық сұрауға дайындап жатқанда, рахмет айтуды, алғыс айтуды үйреніңіз. Еркек үшін ең маңызды нәрсе - алғыс айту және оны қадірлеу. Біз әйелдер көп нәрсені міндет көреміз. Ол қоқысты шығарса, есікті ашса, суыңызды төгіп берсе, балаға қараса оның барлығы оның міндеті ғой деп қараймыз. Сол үшін біз рахмет айтуды көп кезде ұмытып кетеміз. Бір іс жасап берсе, "жарайсың, рахмет, сен болмасаң кім жасап береді" деудің орнына, "неге мына жерді қаздың, неге басқа тамақ алып келдің, мен саған қара нан дедім ғой, сен ақ нан әкелдің, мен саған қаймақ әкел дедім, ал сен қаймақ әкелмедің, сен үнемі ұмытып кетесің" деген сияқты сөздер айтасыз. Осындай сөздердің барлығын тастаймыз. Кез- келген оның көмегіне рахмет айтуды ұмытпаңыз. Шынайы, құшақтап, бетінен сүйіп, ол сіздің күйеуіңіз, түнде бірге ұйықтайтын адамыңыз, жан-жарыңыз, сіз одан ұялмау керексіз. Рахмет айтуға қысылмаңыздар. Егер біз алғыс айтып үйренсек және өтінішті сұрай ала білсек біздің көп мәселелеріміз шешілер еді. Өтініш сұраған кезде қызыңызға қараңыз. Кішкентай қызыңыз болса әкесінен қалай сыйлық сұрайды, қалай тәтті сұрайды? Кішкентай қыздар еркелеп сұрайды ғой, міне соны қадағалап қарап, қызыңыздан үйреніңіз.
53
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ТАПСЫРМА
-Мариновать етеміз 3 күн (тақырыпта толық айтылған).
-Раxмет айтып, эмоцияны көрсетіп үйренеміз. Әр ісіне, көмегіне раxмет айтамыз.
-Күйеуіңізден бір өтініш сұрайсыз, ЕРКЕЛЕП. (тәттілер, сыйлық, гүл, өзіңіз білесіз)
-Үй шаруасына көмектесуге күйеуіңізден өтініп сұрайсыз.
Көмекші сөздер:
Сен көмектеспесең, менің қолымнан келмейтін сияқты.
Мен үлгере алмай жатырмын, маған осыны жасауға көмектесші.
Сенің күшің көп қой, көтеріп апарып берші. Әр ісіне “раxмет” деп бетінен сүйеміз.
54
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
НЕГЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
БАСТАЛҒАННАН КЕЙІН АРАДА
ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?
Үлкен қателік - анасы (мамочка) болу. Біз киімдерін үтіктейміз, қарны ашып қалмаса екен деп тамағын жасап береміз, киімін жуып береміз, жұмысқа кешігіп қалмасыншы деп таңертең бетінен сүйіп, ерте оятамыз. Бұл қамқорлық, иә? Қамқорлық дұрыс нәрсе. Қамқорлық қарым-қатынасты жақсартады. Ер адамның махаббатын оятады. Бірақ қамқорлық пен шектен шығып кету деген нәрсенің айырмашылығын білуіміз керек. Көбіміз оның анасы болып кетеміз.
Мысалы, күйеуіңіз үнемі бірнәрсені ұмытып кетеді (туған күндерді, несие төлеуді, белгілі уақытты, кілтті). Сосын біз не істейміз, оның есіне саламыз. Анасы сияқты есіне түсіреміз. "Тағы да кілтіңді ұмытып кетпе, сен өмірі ұмытып кетесің ғой" деп айтамыз. "Бүгін анаңның туған күні ғой, анаңның туған күнін ұмытып кеттің ба?" немесе "Менің туған күнім ғой, неге ұмытып кете бересің?" - деп, дауысымыз ананың тоны сияқты болады. Анаңыз сізге қалай ұрысады? Критика жасап ұрсады, иә, минусыңызды айтып ұрысады. Негізі біз мұны жек көргеннен емес, ұрсысып қалғыңыз келгеннен емес, жақсылықты қалағаннан кейін солай айтамыз. Жақсы болсын, ұмытып кетпесін, келесі жолы есінде сақтап қалсын деп сөйлейміз, ұрысамыз.
Кетіп бара жатқан кезде:
-Есікті жауып кетуді ұмытып кетпе, ұмытып кете бересің ғой сен.
-Сен тағы ұмытып кеттің ба?
-Тағы да кешігіп қалдың ба?
-Кешікпейтін күнің бар ма сенің?
Өзіңіз байқап жатқан шығарсыз, есіңізге түсіп жатқан болар.
55
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Егер ол үнемі ұмытып кетсе не істеу керек? Анасы болмау керек, хатшы болу керек. Хатшы қалай сөйлейді? Ол айтады: -Сейсенбі күні кешкі сағат 18:00- де кездесуіңіз бар. Ұмытып кетпеңіз.
Жұмсақ сөйлейді. Біз де хатшы сияқты сөйлеуіміз керек. -Жаным, кілтіңді ұмытып кетпе, жарай ма?- деген сияқты жұмсақ сөйлеуіміз керек. Бұл жерде ең маңыздысы дауыс мәнері. Сөзімізді, тілімізді жұмсартып, майдалатып, анасы сияқты емес, әйел сияқты нәзік, жұмсақ сөйлеп үйренуіміз керек. Есіне салу да үлкен еңбек.
Ер адамның өзі істей алатын нәрселері бар. Мысалы, сіз ауырып қалсаңыз, ол өзіне тамақты ысыта алады. Сіздің барып тамақ ысытқаныңыз міндетті емес. Оның өзінің қолы бар, қарны ашып қалса тамақты табады. Оны жаман үйретіп қоясыз. Мысалы, сіздің қолыңыз мүлдем босап жатқан жоқ. Қонақтар келіп жатыр. Ол келіп "киімімді үтіктеп бер" дейді. Сіздің асығып, үлгере алмай жатқаныңызды көріп тұр. Егер сіз оны үйретіп тастасаңыз, ол ренжуі, ашулануы мүмкін. "Сен маған үтіктеп беруің керек, ол сенің міндетің, барлық нәрсені қойып, сен менің затымды бірінші істеуің керек" деп айтуы мүмкін. Ал үйретпесеңіз, қарым-қатынастың ең басында қалай басталды солай кете береді. Ең басында: «Жаным, күнім, алтыным, қарашы мен үлгермей жатырмын. Қонақтар жарты сағаттан кейін келеді. Мен барлығын істеп үлгеруім керек. Өтінемін өзің үтіктей салшы. Келесі жолы мен саған үтіктеп беремін» деп келісіп аласыз. Келесі жолы қолыңыз бос болмаған кезде, ол бәрібір қазір өзің істей салшы деп айтады дейді де, өзі істей салады. Тамақты ысыта салады, киімді үтіктей салады, кір киімдерді машинаға сала салады. Біз кір киімдерді үйдің ішінен өзіміз іздеп жүреміз, иә? Себебі, біз өзіміз сондай нәрсеге үйреттік. Қарым-қатынастың басында қалай үйретесіз ер адамды, ол солай қабылдайды және соны ереже деп ойлайды.
56
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Сосын біраз уақыт өткеннен кейін бұл ереже бұзылса, ол ашуланады:
-20 жыл болды ғой осыны істеп келе жатқаныңа, не көрінді аяқ астынан, ауа-райы сияқты өзгеріп кеттің құбылмалы болып. Не болды саған?-дейді. Сіз өзіңізді кінәлайтын боласыз.
Бұл кеңестер қарым-қатынасты енді бастап, енді үйленіп жатқан адамдарға жақсы болады. Ал көп жылдар бойы немесе бес жылдан көп тұрмыс құрған қыздарға бұл әрине қиын болады. Кеш емес, үйретуге болады. Бірақ ешқашан күйеуіңіз бірнәрсені ұмытып кеткенде дауысыңыз дөрекі болмасын, жұмсақ, майда, нәзік сөйлеңіз. Кемшіліктерін айта бермеңіз. Ер адамға қай кезде сөйлеу керек екенін білу керек, тәсілдерін білу керек. Күйеуіңіздің мінезін білесіз ғой, қай кезде сөйлеу керек, қай кезде сөйлемеу керек, қай кезде үндемей қалу керек, қай кезде айту керек деген сияқты. Сіздерге айтар кеңестерім осы.
57
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ЖІГІТТІ ӨМІРІҢДЕ ҚАНДАЙ ОРЫНҒА ҚОЮ КЕРЕК?
Ер адам әйел адамның өмірінде бірінші орында тұрмауы керек. Ер адамның өмірінде сіз өзіңізді үшінші орында деп қойсаңыз, яғни мен еркектің өмірінде басты емеспін, мен үшінші орында тұрамын деп, өз-өзіңізге бекітсеңіз, сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Ер адам сізбен пікір таласпайтын болады, сізден ақыл сұрамайды, сізге керек пе, керек емес пе, бұл оны алаңдатпайтын болады. Себебі, сіз оған өзіңіздің орныңызды білдіртіп қойдыңыз. Еркекке әрқашан өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды білдірту керек. Қалай? Ашумен, ұрыспен емес, еркелікпен, әдемі қызғанышпен.
Мысалы, сіз оның бір әйелге қарағанын көріп қойдыңыз немесе бір қыз оған қарап жатыр, жазып жатыр, хабарласып жатыр. Сіз өзіңіздің ол қыздан жоғары дәрежеде екеніңізді сөзбен және іспен, көзқараспен оған білдірту керексіз. Мысалы:
-Жаным, анау қыз неге сонша қарап жатыр қайта-қайта саған, сен оған қарайсың деп ойлап жатыр ғой деймін, иә?- деп күле саласыз.
Бір жағынан сіз қызғанып жатырсыз, бірақ бір жағынан сіз оған:
-Ол сенің талғамыңдағы емес, сен оған тіпті қарамайсың ғой, оның мүлдем мүмкіндігі жоқ, себебі мен одан жүз есе жақсымын, екеумізді салыстыршы, мен одан мың есе асып түсемін ғой, әйелі менен қызғанады деп ойлап жатқан шығар,- дейсіз.
Сіз оған өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды көрсетуіңіз керек.
58
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
•Сен оған қарадың ба? •Ол саған хабарласты ма? •Сен оған жауап бердің.
•Сен оған күлдің. •Ол саған күлді. •Неге күлесің?
Осы сөздер арқылы сіз еркектің өмірінде үшінші орында тұрғаныңызды білдіртесіз. Сіз өзіңіздің самооценкаңызды төмен қойып қойдыңыз. Еркек оны бірден сезіп қояды. Олардың интуициясы біздің интонациямызға, сөзімізге, қызғаныш кезінде жылағанымызға, эмоциямызға қарап біздің самооценкамызды сезіп қояды. Егер самооценкаңыз шектен тыс төмен болса, онда еркек сізбен дөрекі сөйлесетін болады. Бізбен ұрсысқан кезде дөрекі сөйлесетін болады. Ұратын болады, боқтайтын болады. Кешке достарымен сіздің көңіліңізге қарамай қала салатын болады. Не үшін? Себебі, ол сезеді, сіздің самооценкаңыз төмен. Сіз осыған жол бердіңіз.
Ол үшін не істеу керек? Кез-келген уақытта еркекке сөйлейтін сөзіңізді бақылаңыз.
Қандай сөздер айтып жатырсыз? Истериканы, қызғанышты, ұрыс-керісті кішкене нәрсе үшін бастап жатырсыз ба? Жай ғана бақылаңыз, сөзіңізде самооценкаңыздың төмендігі көрініп тұр ма? Алдын-ала айтатын сөздеріңізді саралап алыңыз. Сөздеріңіз оған қалай естілетінін бақылаңыз.
Бір қызбен сөйлескенін байқасаңыз, өзіңіздің ол қыздан жүз есе әдемірек, ақылдырақ, күштірек екеніңізді күйеуіңізге айтыңыз.
-Қалай ғана мына қызбен сөйлесіп жатырсың, мен одан жүз есе жақсымын. Сен соны таңдадың ба? Жақсылап ойлан, жарайды ма, жаным? Мына қызбен сөйлескеніңді екінші рет көріп қойсам, сен сол қызбен қаласың, ал мен сенің жаныңда қалмаймын. Сондықтан таңдау жаса, жаным, жарайды ма?- деп айту керексіз.
59
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
-Сен онымен сөйлесесің ба? Сен мені жақсы көрмейсің ба? Мен кетемін,- деп, мен сені жоғалтып алуға қорқамын деген сияқты сөз интонацияңыздан білінбеу керек. Оны еркелеткен кезде махаббатпен еркелеткеніңізді байқауы керек, олсыз өмір сүре алмайтыныңызды емес. Кез-келген жағдайда сіз одан бас тарта аласыз. Себебі, сізде жақсы самооценка.
Егер ол сізбен жаман қарым-қатынаста болса, боқтаса, ұрса, басқа қызбен сөйлесіп жүрсе, сіз оны көтере алмайтыныңызды білуі керек. Егер сіз еркектің өмірінде үшінші орында болуым керек деп қабылдасаңыз, еркек сізді ондай қатты маңызды адам емес деп ойлайды. Мысалы, сіз оған мені базарға апарып келші деп айтсаңыз, сосын досы СТО-ға апарып келші десе, ол бірден "менің әйелім ғой, ол кешіре салады, ол ренжімейді, оның самооценкасы төмен, ол автобусқа отырып бара салады, одан да мен досымды СТО-ға апарып келейін" деп ойлайды.
Білесіз бе неге екенін? Себебі, біз оның өмірінде үшінші орында екенімізді білдірттік. Нағыз әйел еркелетіп, нәзік сөзбен, көзқарасымен мақтау арқылы, ұрыспай-ақ өзінің бірінші орында екенін білдіртеді.
Егер шынымен де сізді бағаласа еркек үйде жатса, машинасы аулада тұрса, сіз автобуспен жүрмейсіз. Ол міндетті түрде сізді таксиге отырғызады немесе өзі апарып тастайды. Ол сіздің шаршамауыңызды қалайды. Не үшін? Себебі, сіз оның өмірінде бірінші орындасыз. Сіз оған өзіңіздің самооценкаңызды жоғары етіп көрсеттіңіз. Сосын ол ойлайды "менің әйелім нәзік қой, ол сондай көркем мінезді әйел, ол базарда жүрген әйелдер емес әркіммен салғыласып, автобуста тұратын. Жоқ, ол ондай әйел емес. Ол өзін-өзі бағалайды, өзін- өзі құрметтейді, ондай әйелді алақанымда ұстау керек". Міне еркек осылай ойлау керек.
60
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Сіз өзіңізге "Мен ешқашан біреудің өмірінде үшінші, төртінші, алтыншы орында тұрмаймын. Мен бірінші орында тұрамын" деп айтыңыз.
Бірақ мен бірінші орында тұрамын деп қырсығып, ұрсысып, "сен досыңды таңдадың ғой" деп, ол жерде қырылысып тұрмаңыз. Оны жай ғана үндемей жеткізу керек. Еркек сіздің ісіңізге қарап өзінің қателігін түсінетіндей болуы керек. Мысалы, ол досын таңдады. Сіз оған айтыңыз:
-Жарайды, егер досыңды таңдайтын болсаң, маған таксиге 2000 теңге берші, мен автобуспен барсам, бірнәрсені жоғалтып аламын.
Ал сіз міндетті түрде жоғалтып келіңіз:
-Мен автобуспен жүріп едім, әмиянымнан 20 мың теңге түсіп қалды. Автобуста ұрлайды екен, мен жүре алмаймын автобуспен, менің аяғым ауырады, онда әзір сен мені машинамен алып барып келмейінше, азық-түліксіз отырайық. Жаным, кешір, әрине, мен олай істей алмаймын. Менің күйеуім бар, менің күйеуім маған көмектескені қалаймын, сен мені жақсы көресің ғой, иә, мен де сені жақсы көремін, онда, қане, сен мені базарға апарып тастайсың.
Еркелеп, нәзіктікпен айтыңыз. Ал ол:
-Досыммен келісіп қойдым, досыма барамын,- деп айтса, сіз: -Жарайды, онда келесі жолы апарасың. Ендеше бүгін менің барғым келіп тұрған жоқ.
Келесі күні айтасыз, тағы бас тартты ма? Ол кезде де бармайсыз. Біз шыдамсызбыз, бәрінің тез біткенін қалаймыз.
Еркек ойламаса, біреуден қарыз алады. 1-2 күн кешіккенге шыдамайды әйел адам, тіпті, несие күйеуінің атында болса да. Ал еркекке бір апта бойы, “несие төлеңіз” деп хабарласа берсе, еркек екінші, үшінші айда ойланады. Ал бізге бәрін тындырып тастаған ұнайды. Біз нәзік бола алмаймыз. Еркек міндетін
61
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
атқармаса, әрине, біз нәзік бола алмаймыз. Бүкіл шаруаны өз мойнымызға аламыз.
керек.
62
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ЖІГІТІҢІЗДІҢ СЕЗІМІ СУЫП
КЕТКЕНДЕ ҰСТАНАТЫН
ЕРЕЖЕЛЕР
Әлі де қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүрген қыздарға немесе қазір тұрмысқа шығып кеткен, қыз бен жігіт кездегіөмірін
еске түсіріп жүрген қыздарға арналады.
Жігіт - қасқыр (аңшы), ал қыз - қоян. Қасқыр қоянның артынан жүгіреді. Дәл солай қыз бен жігіт екеуі бір-бірімен араласып жүрген кезде, егер қоян қасқырдың артынан жүгіретін болса, онда қарым-қатынас бұзыла бастайды. Себебі, ондай заңдылық жоқ. Онда ол махаббат, қарым- қатынас емес, ол кезде жай жігіт (қасқыр) қашады, қыз (қоян) артынан жүгіреді. Біраз уақыттан кейін қыз ашулана бастайды:
-Сөйлесейікші, сен неге маған көп көңіл бөлмей кеттің, неге арамыз суып кетті, сен байқамайсың ба? - деген сияқты қыздың әңгімелері басталады. Ал жігіт қаша бастайды. Себебі түсіндіре алмайды.
Оны мен сіздерге түсіндіріп бере аламын. Қыз әр қадам сайын еркекке жақындай бастайды, ал еркекке бұл ыңғайсыз, кез- келген еркекке бостандық керек. Айналасы бос болу керек. Сол кезде ол өзінің әңгімесін сол қызбен толтырғысы келіп, өзі қызға жақындайды. Ал егер бос жерді қыз есік қақпай, біреудің кеңістігіне кіріп кетіп, жігіттің артынан қуа бастаса, өзі сол бос кеңістікке кірсе, еркек бос кеңістікті көрмей қалады.
"Сенің жаныңда болайыншы, мен сенімен сөйлесейінші, кездесейінші, маған келші, маған сыйлық сыйлашы" деп естіледі жігітке.
Ол оған ұнамайды. Жігітке қызды өзі шақырғаны ұнайды: -Бүгін шықшы кездесейікші.
-Бүгін шыға алмасаң, онда ертең кездесейікші.
-Ертең де болмаса, тым болмаса бір күніңді маған бөлші.
Міне осындай болу керек.
63
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Ал егер жігіт ә дегеннен-ақ, қыз "иә, иә кездесемін, келе бер" деп тұрса, бір қоңырау шалғаннан-ақ бірден көтерсе "мен сенің қоңырауыңды күтіп отырдым" деп тұратын болса, онда ол қарым-қатынас емес.
Не істеу керек? Ресейде Мила Левчук деген психолог бар. Соның парақшасын қосымша оқып жүрсеңіздер болады. Маған оның "масленица” деген техникасы қатты ұнайды. Егер жігітіңіз сізден алшақтап кетсе, сізге көңіл бөлмесе сіз оған жабыса бастадыңыз деген сөз. Сіз оның кеңістігіне кіріп кеттіңіз. Ал ол өзінің кеңістігін босатқысы келіп жүр. Ол не үшін хабарласпағанын түсіндіре алмайды. Достарына кетіп қалады, ал сіз кездесейік десеңіз сізге уақыт таппайды. "Жұмыстан келдім, шаршап тұрмын" деп қашады.
Масленица техникасы
Бүгіннен бастап ол сізге хабарласса екінші қоңырауын қабылдайсыз. Бірінші қоңырауын қабылдамайсыз. Екі рет қоңырау шалса ғана өзіңіз хабарласыз. Немесе екінші қоңырауын көтеруге болады және араларыңыз жақсы болып кетпейінше 5-10 минуттан артық сөйлеспейсіз. Бұл шамамен 1- 2 апта уақыт алады. Барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Stories-ке өзіңіздің күнделікті өміріңізді салып тұрасыз. Өзіңіздің әдемі болып түскен суретіңізді, әдемі киіммен, каблукпен, жігітіңіз танымайтын адамдармен. Жай ғана сауда орнына кіріп бір адамға айтасыз: - Маған біреумен суретке түсу керек болып тұр, сізбен суретке түсейінші,- деп, түсіп алсаңыз болады. Ол танымайтын адаммен Stories-ке суреттер саласыз. Не үшін? Бұл оның қызығушылығын тудырады.
Ол сіздің стористеріңізді көргенде міндетті түрде сұрайды: -Кімменсің, қайда жүрсің, неге маған айтпайсың?
Сол кезде сіз ренжімеңіз, ұрысудың керегі жоқ, сіздің ұрысуға, ренжуге уақытыңыз жоқ екенін көрсетіңіз. Соңғы кездері бос емес екеніңізді көрсетіңіз. Ол сізге сізден алыстап кеткенін көрсеткісі келіп тұр ғой. Бірақ сіз бұл жерде масленица техникасы арқылы керісінше сіз одан алшақтап кеткеніңізді
64
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
көрсету керексіз.
Ол сізге неге маған айтпағансың десе, сіз:
-Жаным, ренжімеші, сіздің қолыңыз босамайды деп ойладым, сіз бәрібір жібересіз ғой, сол үшін айтпай-ақ қойдым, мазаңызды алмайын деп шештім,- деп құтыла саласыз. Ол сізге ұрсып жатса, онда сіз:
-Жарайды, кешірші, келесі жолы мен саған айтамын,- деп жылы жауып қоя салыңыз. Ары қарай ұрсып кетудің керегі жоқ.
"Кешке қарай мен саған келемін, шық" - деп, жігітіңіз кездесуге шақырады. Аптасына екі күн ғана кездесесіз. Мысалы, күнде кездесіп жүрсеңіз, аптасына 2-3 рет қана кездесесіздер. Егер екі аптада бір кездесіп жүрсеңіз, онда қиын болады, ол кезде кездесуден бас тарту керек.
Ол:
-Менің бүгін қолым босады, кездесіп сөйлесейікші, саған бірнәрсе айтқым келіп тұр,- дейді.
Мен түсінемін, оны жақсы көргеннен кейін көңілдеріңіз ауып, шыққыңыз келіп тұрады, бас тарту қиын болады. Бірақ осындай техникадан кейін жігітіңіз бірден есін жия бастайды. Бірнеше апта шыдай тұрыңыз.
Сонымен жігітке айтасыз:
-Менде ертең емтихан, бүгін мүлдем қолым тимейді, ренжімеші. Менің кездескім келіп тұр, әрине, бірақ менің қолым босамайды, ертең болсыншы,- деп айтасыз.
Ол "ертең менде жұмыс қой" деп айтуы мүмкін. "Ал менде сабақ" деп жауап бересіз. Неге сіз өзіңіздің уақытыңызды жігіт үшін босатасыз, ал ол өзінің уақытын сіз үшін босатпайды? Сол үшін екі-үш рет бас тарту керек. Кездескен кезде, кездесулеріңіз егер бұрын 4-5 сағат жүрсеңіздер, онда екі сағатқа қысқартыңыздар. Сағатқа қарап, екі сағат өтіп кетіпті ғой дейсіз. Құрбыңызға немесе анаңызға айтып қойыңыз, сізді хабарласып шақырып алсын.
65
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Өзіңіз қоңырауды бірінші қоюыңыз керек. "Жаным, ренжімеші, ыдыс жууым керек еді, мен саған қайта хабарласамын" деп қоя салыңыз. Бірақ артынша оған хабарласпайсыз. Ол өзі хабарласуы керек. Сізге айтады:
-Сен маған хабарласамын дедің ғой?
-Жаным, ренжімеші, мен ұмытып кетіппін, ыдыс жуғаннан кейін маған құрбым хабарласты, оның мәселелерін шештік.
Ол әдейі қырсығып істеп жатқаныңызды біліп қоймасын. Сол кезде барлығы жақсы болады. Егер ол сіздің қырсығып осындай техника жасап жатқаныңызды біліп қойса, онда ол одан сайын қырсығады. Ол да сізге хабарласпай қояды. Сосын екеуіңіз екі жақта жүресіздер.
Кездесуге бір күн шығасыз, келесі күні кездесуге өзіңіз шақырмайсыз. Шыдай тұрыңыз.
Жігітке мына сұрақтарды қоймайсыз:
"Қайдасың?" деген сұрақтың орнына "Не істеп жатырсың?" "Қашан келесің?" орнына "Мен сені көргім келіп тұр" немесе "Мен сені сағынып кеттім"
"Келші, кездесейікші" деген әңгімені айтпаңыздар.
"Кіммен жүрсің?" деп қоймаймыз сұрақты.
"Кіммен жүрсің, жаныңда кім бар? Ол жерде не істеп жатырсың?" деген сұрақты қоймаңыз.
Қызығушылық танытпаңыз. Қарым-қатынаста көбінесе еркек сұрақ қою керек. Еркек көп сұрақ қойып, оған жауапты аз алса, сол кезде оған қиын болады. Сол сұрақтарға жауап тапқысы келеді.
Кіммен жүрсің деп сұрақ қойса: "Асимамен, Қасиетпен, Зәуремен" деп нақты жауап бермеңіз. Ол сұрақ қойғанда 4-5 есе аз жауап беріңіз.
-Қыздармен жүрмін.
-Қандай қыздар?
-Сен танымайсың оларды.
66
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
-Қайда жүрсің?
-Жай жүрміз сыртта.
-Ненің жанында жүрсің?
-Нақты бір жерде жүрген жоқпыз, жай өтіп бара жатырмыз. Жауап беруге қашыңыз. Ол сізге хабарласқан кезде әңгіме тез біту керек. Ешқашан телефонмен және ватсаппен қарым- қатынасты талқыламаңыздар және ұрсыспаңыздар. Бетпе-бет отырып сөйлескен дұрыс. Сол кезде эмоция, айтқыңыз келген сөздер жақсырақ жетеді. Бетпе-бет кездескен кезде азырақ ұрсысамыз.
"Мен сенімен бүгін сөйлесуім керек, бүгін кел шешейік" деген әңгімені айтпаңыздар. Ол сізді кездесуге шақырсын, сіз шығыңыз, сол кезде ойыңыздағыны айтасыз. Егер араларыңыз дұрыс болмай жүрсе, онда 1-2 аптаға тоқтай тұрайық деп өзіңіз айтыңыз. Сол 1-2 аптада да, осы масленица техникасын қолдануға болады. Жай ғана оған хабарласпайсыз, жазбайсыз. Ал Stories-те бүкіл уақыттарыңызды қызық етіп өткізесіз. Ол сізге хабарласқанында, сізде "жай жатырмын, жай отырмын, ішім пысып кетті" деген жауап болмауы керек. Ол сіз бос уақытыңыздан жігітіңізге уақыт бөліп жатқаныңызды түсінуі керек. Жігіт осы уақытты бағалау керек. Сіздің іш пысқаннан сөйлескеніңіз жарамайды.
"Жалғызсырап жүрмін, жалғызсырап жүргендеймін" деп не үшін айтады қыздар? Себебі, олардың өмірінде жігіттен басқа айналысатын ісі жоқ, уақыты тек жігітке ғана арналған. Кітап оқу, әртүрлі видеолар көру, курстарға жазылу, марафондар, мастер класстар, қыздармен кездесу, достармен кафеде отыру, жұмысқа орналасу және тағы да басқа нәрселермен уақытты өткізуге болады (жігітті ойлауға қолыңыз тимейтіндей). Менің кеңесім осы.
67
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
НАҚТЫ АМАЛДАР
Жігіт - қасқыр, қыз - қоян. Қасқырдың артынан қоян жүгірмейді.
Егер ондай жағдай болса қыз жігіттің территориясына кіріп кетеді. Ал ер адамға бостандық керек!
Қарым-қатынастағы ереже:
Масленица (Жігіт сізден алшақтап кетсе):
1. Қоңыраудың біріншісін көтермейсіз, екіншісін көтересіз.
2. Тұтқаны сіз бірінші қоясыз.
3. Әңгіме 10 минуттан аспау керек.
4. Әр сөзіңіз, әр әңгімеңіз еркелеп айтылу керек, ешқандай суықтық танытпайсыз.
5. Stories-ке жаңа сурет, жаңа видео салып тұрасыз.
6. Stories-ке жігітіңіз танымайтын адамдармен түсесіз.
7. Ол ұрыс шығарғысы келгенде, еркелеп тақырыпты жабасыз да, трубканы қоясыз.
8. Тек жігіт қана кездесуге шақыру керек. Бірақ ол шақырған күніне емес, келесі күнге шығасыз. Немесе шақырған уақыты бойынша келіспейсіз, өзіңіздің бос уақытыңызды айтасыз. Тіпті ішіңіз пысып үйде жатсаңыз да. 18:00 келем десе:
- Жоқ, жаным, мен тек қана 19:00 шығамын.
- Неге?
- Оған дейін істейтін шаруам бар.
- Сонда шаруалар меннен де маңызды ма?
- Ну, мен саған неге мен бос кезде, күндіз келмейсің демеймін ғой. Сенікі сияқты менде де шаруаларым бар. Ренжімеші, жаным.
- Онда келмеймін, достарым келеді.
- Ааа, әрине, жаным, ештене етпейді. Қыздар караокеге барайық деп еді, солармен бара саламын.
68
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
9. Кездесулеріңіз әдетте 2 сағат болса, сіз 1 сағатқа ғана шығыңыз. 1 сағат болса, жарты сағатқа шығыңыз. Не үшін? Себебі, аз алған сайын, одан да көп алғысы келетін болады. Передозировка болса, ұзаққа жоғалады. Сол үшін, наоборот, кішкене ғана сағындырып, жеткізбей, ертерек бітіру керек бәрін.
10. Осының барлығын қырсығып, әдейі істеп жатқаныңызды көрсетпеңіз!
Себебі, еркек бәрін сезіп қойса, бұл техника ешқандай әсер бермейді.
ЖҰМБАҚ БОЛЫҢЫЗ. БАРЛЫҚ СҰРАҚТАРЫНА ЖАЛПЫЛАМА ЖАУАП БЕРІҢІЗ.
69
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
2- ереже. ЖІГІТІҢІЗ СІЗДЕН ҚАШЫП ЖҮРМЕСЕ, СУЫП КЕТПЕСЕ ТӨМЕНДЕГІ ЕРЕЖЕНІ ҰСТАНУҒА БОЛАДЫ.
Барлығы екі жақтан тең көңіл болу керек.
1- қоңырау жігіттен.
2- қоңырау сізден.
3- қоңырау жігіттен
4- қоңырау сізден.
Егер сізден кейін хабарласпаса, өзі іздемегенше күтіңіз.
WhatsApp-тағы ереже дәл сондай. Үнемі жігіт жазу немесе үнемі қыз жазу деген нәрсе жоқ. Егер жігіт сізден қашпаса, суып жүрмесе, екі жақтан тең көңіл болу керек.
1 рет ол жазады.
Келесі де сіз жазасыз.
Егер сіздің жазғаныңыздан кейін іздемесе, өзі бастағанша күтіңіз.
Егер ол хабарласқанда сіз бос емес болсаңыз немесе ол бос болмаса, алдын-ала уақытты келісіп таңдаңыздар.
Мысалы,
-Мен 12:00 босаймын, сол кезде маған хабарлассаң болады. 12-де жігіт хабарласса, сол кезде сұраңыз, қаншада мен хабарласайын немесе 16:00-де босап саған өзім жазамын деңіз.
Уақыты келгенде ол алдын-ала хабарласу керектігін білетін болады.
Егер 12де оның қолы бос болып хабарласамын деп, бірақ ұмытып кетсе, ренжудің орнына келесі уақытты айтасыз. Бірақ сол уақыттан басқа кезде телефонды алмайсыз. Солай сөзінде тұруға септігіңізді тигізесіз.
Тек қана жігіт жақтан бәрі болу керек деген нәрсе жоқ. Қыз жақтан көңіл жігітіттікінен кішкене аздау болу керек.
70
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
МАСЛЕНИЦА ТЕХНИКАСЫ
Бұл техникадағы ең басты ереже - әдейі істеп жатқаныңызды білдіртпеу. Сіз білдіртпеу керексіз. Еркектер өте ақылды, олар өте қырсық. Егер сіздің әдейі суып жатқаныңызды, әдейі алыстап жатқаныңызды, әдейі көңіл бөлмей жатқаныңызды сезсе, соның барлығын екі есе етіп сізге қайтарғысы келеді. Жігіт сізге қырсығып 2-3 күнге жоғалып кетеді, сізбен араласпай қояды, сөйлеспей қояды. Сосын сіз де "Мен техниканы жасап жүрмін, ал оған бұл әсер етпейді" деп түсінбей қаласыз. Не істеу керек? Махаббатыңызды барынша көрсету керек. Аз ғана берген көңіліңізде, аз ғана бөлген уақытыңызда күні бойы бере алмаған махаббатыңызды, қамқорлығыңызды беріп үлгеруіңіз керек. Күні бойы хабарласпайсыз, ал сізге хабарласқан кезде суық болып сөйлесіп, өзінше болып отырсаңыз, бұл дұрыс емес. Ондай кезде техника жүзеге аспайды. Еркек одан сайын қырсығып қалады.
Сонымен жігіт хабарласты, телефонды бірінші қоңырауын алмай, екінші қоңырауын алатын болсаңыз:
-Жаным, алтыным, сізді сағынып кеттім ғой, телефонды алғаным жақсы болды, әйтпесе жаңа естімей қалдым, келесі жолы алуға тырысамын,- деп барынша ақталуға тырысыңыз. -Сағынып кеттім сені, көргім келеді, сенің парақшаңа кіріп суреттерді қарап отырғанмын, менің жігітім әдемі екен ғой деп ойлап отырмын,- деп жылы сөздер айту керек. Міндетті түрде комплименттер айтып үлгеру керексіз. Міндетті түрде ер адамға кездейсоқ болып жатқанын дәлелдеу керексіз. Ол: -Үнемі үлгеріп жүрдің ғой, енді қалай үлгермей қалдың,- деп айтуы мүмкін.
-Иә, неге сенбейсің маған, шын айтамын,- деп ақталу керексіз. Міне осылай бірнеше уақыт жалғасуы керек. Ең бастысы еркекке бұл техниканы білдіртіп қоймаңыз.
71
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ЖІГІТ ЖАҚТАН “ЗАПРЕТТЕР” БОЛСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Сөйлесіп жүрген жігіт сізге сурет салуға, киінуге, боянуға, қонаққа баруға, т.б нәрселерге рұқсат бермейтіндей күйеуіңіз емес. Шектеулерді қойғысы келсе онда күйеуінің міндеттерін мойнына алуы керек. Мысалы, ол сізбен неке қиған жоқ. Бірақ күйеуі рұқсат бермейтін нәрселерге рұқсат етпей бастайды. Не істеу керек? Егер сіз оны тыңдағыңыз келсе, запреттерін қабылдап, оған күйеуіңіз ретінде қарағыңыз келсе, біріншіден, ең маңызды нәрсе еркек тек қана запрет беретін күйеу бола алмайды ғой. Онда ол күйеуінің басқа да міндеттерін мойнына алу керек. Күйеуі ғана оған запрет бере алады, күйеуі ғана киім алып бере алады, кез-келген нәрсемен қамтамасыз ете алады. Егер жігіт бірдеңені бұйырып, бас тартып, менің рұқсатымды аласың деген сияқты күйеуі ғана айта алатын міндеттемелерді сізге айтса, онда ол басқа да күйеудің материалдық міндеттерін мойнына алу керек. Сонда ол күйеудің жағдай жасау, барлығына көмектесу, мәселелерін шешу, киім алып беру, тамақпен қамтамасыз ету деген сияқты міндеттерін мойнына алмайды да, ал бірнәрсеге рұқсат бермей қою деген нәрсені мойнына алады екен. Бұл әділетсіздік.
Барлығын бірге мойнына алсын. Күйеу болғысы келіп тұр ма, онда соңына дейін күйеу болсын. Неке қимасаңыз да ол өзін нағыз еркек, нағыз күйеу болып сезіну керек. Сондықтан, егер сіз жігітіңізден үнемі рұқсат сұрап, әр қадамыңызды айтып, киіміңізге дейін, сторисіңізге дейін соның бақылауында болатын болсаңыз, сізде материалдық көмек сұрауға толықтай құқығыңыз бар. "Сонда маған бірнәрсеге рұқсат етпейтін кезде ғана күйеуім сияқты боласыз, ал сізден көмек сұрасам, ақша сұрасам сонда менің күйеуім бола алмай қаласыз ба? Бұл әділетсіздік" деп айтуға сіздің хақыңыз бар.
72
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ФЛИРТТІ ҚОЛДАНА БІЛГЕН
ӘЙЕЛ- ЕРКЕКТІҢ АРМАНЫНА
АЙНАЛАДЫ
Бүгінгі тақырыпты "флирт" деген термин сөзден бастағым келеді. Себебі, көп қыздар жігітке қандай қыздар ұнайды деп сұрайды. Мен негізгі үш қасиетін алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім. Енді тым салмақты қыздар жайлы ой қозғағым келіп тұр. Қыздардың көбісі өзінің бағалы, құнды, анау-мынау қыз емес екенін көрсеткісі келіп кішкене салқынқанды болады. Бірақ сіздерге айтқым келеді, ер адамды қатты, суық, салмақты қыздар өте аз қызықтырады.
Ер адамға қандай қыздар ұнайды дедік? Флиртовать ете алатын қыздар ұнайды. Флирт деген ол не? Флирт - еркелік, ойын арқылы қылықтарыңызды жеткізу, ауыр мінезді емес, жеңіл болу. Біз ер адаммен жаңадан танысқан кезде алғашқы әңгімелерде көбінесе жігіт көп сөйлейді, ал қыз болса суық болады. Ер адамның басында хабарласып, одан соң аз хабарласып кетуі немесе мүлдем хабарсыз кетуінің себебі, ол ер адамның шошып қалуында, қорқуында. Неден? Ер адамдардың барлығы салмақты әйелдерден, қыздардан қорқады, шошып қалады. Себебі, ер адамдардың ақкөңілділігі және жеңіл ойлауы. Байқасаңыздар, көбінесе бір-біріне қайшы келетін жұптар бірге жүреді. Ақкөңіл, көп сөйлейтін жігітпен салмақты қыздар. Кішкене салмақты жігіттердің жанында ақкөңіл, көп әңгіме айтатын, көп күлетін қыздар жүреді. Сіздің жаныңыздағы жігіт басында салмақты болғанымен, уақыт өте келе ашыла бастайды. Бірақ ер адамды өзіңізге байлап алу, бауыр бастыру ол эмоцияны сыйлау дедік, иә? Ал эмоцияны флирт арқылы әдемі әрі ерекше етіп сыйлауға болады.
Менде флирт табиғатымда болатын. Университетте бірінші курстан бастап кіммен сөйлессем де ойнап, еркелеп, майысып, күліп тұратынмын. Ол менде автоматты түрде жүзеге асатын.
73
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Жанымда күйеуім тұрса да, менің энергиям тым көп болғаны сонша, танымайтын адамдармен де флиртовать етіп тұрамын. Мен басында мұның флирт екенін білген жоқпын. Тек табиғатым сондай деп ойладым. Бірақ көп қыздар "сен еркекке еркелеп, ойнап тұратын сияқтысың" деп көп айтатын. Сосын мен флирттің не екенін іздене бастадым. Ол - ер адаммен сөйлескен кездегі қабағыңыздың, көзқарасыңыздың ашық болуы, күлкіңіздің кішкене жұмсақ болуы, сөйлегеніңіздегі еркелегеніңіз және міндетті түрде қалжыңдап сөйлеуіңіз. Кез- келген әңгімеге қалжың сөздерді айтсаңыз, соның өзі флирт болып саналады.
Психологтар, ғалымдар, эксперименттер ер адамдардың қандай қызды таңдайтынына эксперимент жасап статистикасын шығарған екен. Бірінші жігіттерге салмақты, байсалды, ұстанымды, бірқалыпты, көп күле бермейтін қыздарды ұсынды. Екінші нұсқаға флиртовать ете алатын, үнемі күлімсіреп, жылы-жылы сөздер айтатын қызды ұсынған. Бұл нұсқаларды ер адамға көрсеткен. Соңында ер адамдардың барлығынан өмірлік жар ретінде қайсы қызды таңдайтындарын сұраған. Көп жігіттер "өмірлік жар ретінде, мүмкін, бірінші нұсқаны таңдар едік, бірақ бірінші нұсқадағы қыз бізге іш пыстырарлық болатынына 100% сенімдіміз. Ал екінші қыздан біз үнемі қорқатын боламыз" деп айтқан екен. Не үшін қорқасыңдар?- деп сұрайды. Көбісінің жауабы: «екінші нұсқадағы қыз кішкене ұшқалақтау, көп жігіттер сондай қыздарды ұнатады, сондықтан біз екінші нұсқадағы қызды әйел қылып алатын болсақ, көп жігіттер оған жабысып, ұнатып қалады ма деп содан қорқамыз»,- депті. Бірақ жігіттердің негізгі ойлары түсінікті, иә? Бәрібір жігіттерге жеңіл мінезді, ақкөңіл, қалжыңдай алатын қыздар ұнайды. Мен сіздерге қазір сұрақ қойғым келеді.
74
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Қазір жігіттеріңіз бар болса немесе біркездері жігіттермен сөйлесіп, кездесуге барсаңыздар, телефонмен сөйлесіп жүрсеңіздер, өздеріңізді қалай ұстайсыздар? Дауыс мәнері қандай? Еркелеп сөйлейсіз бе? Қалжыңдай аласыз ба?
Мен мектепте оқып жүргенде ондай болған жоқпын. Мен ешкіммен сөйлеспейтін қыз болғанмын. Бірақ біздің сыныбымызда 2-3 қыз болған, барлық жігіттер солардың айналасында жүретін. Үнемі сол 2-3 қызды кездесуге, туған күнге шақыратын, үнемі солардың жанында әңгіме айтып тұратын. Мен қазір соның не үшін екенін түсініп жатырмын. Себебі, ол қыздардың кішкентай жасынан бастап әйелдік энергиясы дамыған және жігіттер сол энергияны сезген.
Жігітпен алғаш танысып, араласып келе жатасыздар. Сіз салмақты тақырыптар қозғай бастайсыз. Саясат, экономика, біреудің отбасылық өмірін немесе отбасы болғанда әйел қандай болу керек, еркек қандай болу керек, бала тәрбиесі т.б терең философиялық, ойландыратын тақырыптарда әңгіме қозғайтын болсаңыз, ер адам одан шошып қалуы мүмкін. Болашаққа деген жоспарыңыз, ер адамнан нені күтесіз, оның барлығы адамды ойландырып жібереді.
Қарым-қатынасты бірінші жеңілдікпен бастаған дұрыс. Флиртовать ету әдетте тек басында болады. Ал егер сіз энергияңызды керемет қолдана алатын қыз болсаңыз, тіпті 1-2 жыл өтсе де, өз жігітіңізбен бірінші рет көрісіп тұрғандай күнделікті флирт жасай алсаңыз, ол жігіт сізден ешқашан да суып кетпейді, қызығушылығын жоғалтпайды. Себебі, флиртовать ете алатын әйел, қыз, жігітке ең маңызды нәрсені бере алады. Ол не нәрсе? Ол жігіттің сіз үшін ерекше екенін сезіндіру, үнемі осы қызды жоғалтып аламын-ау деген қорқыныш. Әйел адам белгісіз жұмбақ болуы керек. Ертеңгі сөзі, ертеңгі мінезі еркекке белгісіз болу керек. Сіз еркекке флирт жасап бастағанда, ол басында ләззат алады, ортасында үйренісуге тырысады, бірақ арасында ашуы келіп, жындануы мүмкін.
75
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Мысалы, менің күйеуім әлі күнге дейін маған үнемі "сен басқа ер адамдармен сөйлесуге ынтықсың" дейді. Білесіз бе неге олай айтады? Себебі, мен сатушылармен, көшедегі үлкен аталармен сөйлескен кезде жеңіл сөйлесемін, қалжыңдай салуға тырысамын. Бұл менде автоматты түрде орындалады| (қасымда күйеуім болса да). Сосын маған ашуланады. Білесіз бе не үшін? Еркек қорыққан кезде ғана ашуланып, ұрыс шығарады. Ол не сізбен айырылысу үшін не сізді жоғалтып алуға қорыққаннан үнемі ұрысатын болады. Осы екі ғана себеп бар.
Мүлдем флиртовать ете алмайтын қыздарға беретін кеңесім: махаббат жайлы романтикалық, комедиялық кино көру. Сіздерге ұсынатын фильмдерім: "Красотка", "Блондинка в законе", "Отпетые мошенницы". Бұл фильмдерде қалай ер адамдарды бағындыру керек, қалай өзіне қарату керегі жайлы көрсетіледі. "Очень плохая училка", "Как отделаться от парня за 10 дней" - комедиялық кино. Осындай киноларды көріп, кішкене болса да флиртовать ете алатын қасиеттеріңіз дамуы мүмкін.
Қалай ойлайсыз, жігітке үнемі күліп жүретін, үнемі қалжыңдайтын, өзін жеңіл сезінетін қыз ұнайды ма немесе хабарласқан сайын көңіл-күйі жоқ, үнемі ештеңеге көңілі толмайтын, үнемі еркектен бірнәрсені қалайтын қыз ұнайды ма? Бірінші нұсқа дұрыс. Себебі, ешкімге ауыр мінезді, ауыр көңілді, ауыр сөздері бар адам ұнамайды. Үнемі өзін адамның жанында жеңіл, көңілді, ашық сезінгің келеді. Жігіт сізге түнде хабарласса да, таңертең хабарласса да, сіз онымен бірқалыпты, көңілді, қалжыңдап сөйлесетініңізді түсінсе, ол сізге хабарласудан қашпайтын болады. Себебі, оған сізбен араласу жағымды болады.
Ал егер сіз үнемі ол хабарласқан сайын оны ойландырып тастайтын болсаңыз, келесі хабарласқанда ол ойланады:
-Не істеймін, мүмкін керек емес, хабарласпасам тағы ренжиді, хабарлассам тағы бастайды қазір,- дейді.
76
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Қарым-қатынасты ауырлатудың керегі жоқ. Алғашқы сөйлескенде де өзінше болудың керегі жоқ. Ал біраз уақыт өткеннен кейін флиртовать етуді тоқтатпау керек. Себебі, флирт екеуіңізді байлап тұрады, еркекті сізге тәуелді қылады.
77
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ТОЙҒА ДЕЙІН ТИЫМ САЛЫНАТЫН АМАЛДАР
Қазір жігітіңізбен нақты үйленетіндей болып жүріп жүрсіз. Ол қай уақыттан басталады? Мен үшін ол 6 айдан басталады. Сізге мүмкін 1 айдан кейін, 2-3 айдан кейін болуы мүмкін. Жігіт сізге қашан той туралы, үйге келін қылып алып барамын деген сияқты әңгімені бастағанда, сіз осы уақытта ер адамның ертең күйеу болғанда қалай болатынын елестетіп, ойлануыңыз керек. Бұл әзіл емес. Сізде өзіңізді кінәлі сезініп, менікі дұрыс емес, мен жігіт үшін өзгеру керекпін деген сияқты ой әзірге болмауы керек. Не үшін? Себебі, үйленгенше сізді жігіт алуға тырысады. Сіз оған тұрмысқа шығуға тырысып жатқан жоқсыз, жігіт сізді алуға тырысып жатыр. Яғни бар күшін, өнерін, жеті қырын көрсетіп, жігіт сізді өзіне қаратып, осы қыз маған тұрмысқа шықса екен деп, барлық жақсылығын жігіт көрсетуі керек. Қыз өз тарапынан күшті келін болатынын көрсетіп:
-Мен үйде отырамын, мен жұмыс істемеймін, мен сенің айтқаныңды тыңдаймын, сенімен бірге тұрамын, сиыр сауамын,- деп ер адамға барлық жағынан идеалды әйел бола алатынын, оның жары бола алатынын көрсетпеуі керек.
Қазір 21-ғасыр, жастар қазір тіпті бір үйде тұрады. Азаматтық некеде тұрады. Мен ондайға қарсымын. Азаматтық неке деген ол не? Егер жігіт неке қиғанға дейін отбасылық тұрғыдан қажеттіліктерді ала алса, ол онда біріншіден, көз алдында әйелінің құндылығын жоғалтады, екіншіден, үйленуге асықпайды, үшіншіден, сізге қызығушылығын жоғалтады, "бұл менен ешқайда кетпейді" деп ойлайды. Еркек қызды әйел қылып алуға барынша асығу керек.
78
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Ол айтады:
-Жұмыстамын, қарным ашып кетті.
Сіз:
-Менде кілтің бар ғой, қазір мен барып сізге тамақ жасап беремін,- деп, оған тамақ жасап берсеңіз, киімдерін жуып, үйін жинап, еденін жуып, ол анасымен таныстырып қояды және сізге анама барып көмектес дейді, ал сіз бірден жетіп барасыз сол үйдің келіні сияқты, бетіңіз ашылмаса да, бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе. Сіз бірден құндылығыңызды жоғалтып аласыз. Еркек бірден дөрекі бола бастайды. Айырмашылығын байқаңыз. Оның өмірлік жарының міндеттерін тойға дейін орындап бастасаңыз, оның айтқанынан 100% шықпай, дүкенге барсаңыз да айтып, толықтай оған тәуелді болып, киген киіміңізге дейін барлығын оған айтып есеп беру, мұның барлығы әйелдің міндеттері. Сіз осының барлығын орындап бастасаңыз, ол сізге үйленуге асықпайды. Сіз білмейсіз ғой, ол расымен де сізді әйелі етіп алады ма?
Осыдан кейін әртүрлі мәселелер басталады, ол сізге өтірік айта бастайды, сізбен дөрекі сөйлесе бастайды. Ал сіз оны тастай алмайсыз. Не үшін? Себебі, енді бәрі кеш. Сізде қорқыныш пайда болады. Тіпті сіз оны жақсы көрмесеңіз де немесе қатты ренжітіп қойса да сіз одан бас тарта алмай қаласыз. Міне, сол үшін айтқым келеді, ертеңгі күнді сіз нақты білмейсіз. Сөйлесіп жүрген жігіт тойдың күнін белгілеп, ата-аналарыңызды келістіріп, әкеңізбен келіп таныспағанша, әйелдің міндеттерін жасауға міндетті емессіз. Ол міндетке келіссеңіз, өмірім құрыды дей беріңіз. Себебі, сыйластық кетеді, құрмет кетеді, ол сізге кішкентай қызға қарағандай қарамайды. Ал бұл сізге керек пе? Сосын сен өзгеріп кеттің, басында басқаша едің, ал қазір басқасың деген сұрақтар туындай бастайды. Не үшін өзгеріп кетеді? Себебі, әйелі беретін нәрсені, қызы болып сіз беріп жатырсыз. Барлық мәселе осында.
79
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
(ЛЕГКОДОСТУПНОСТЬ)
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛАЙ
БҰЗАДЫ?
Қолжетімді қыз деген жігіттермен сөйлесетін қыз емес. Ер адамға көп мүмкіндік беретін қыз. Ерте құшақтауға, кездесуге бара салуға, өзінің жігіті бар бола тұра басқа жігіттермен қарым-қатынас құрып кетуіне рұқсат бере беретін қыз. Қолжетімді деп төсекте болатын және құшақтасуға, сүйісуге тез рұқсат беретін қыздарды айтады. Ал жай ғана ер адаммен тек қана контакт орнату, меніңше, қолжетімді қыз болу емес.
Мен өзімнің сөйлесіп жүрген жігіттерімнің арасынан олардың айырмашылығы неде, кім кімнен жақсырақ, қайсысы маған күштірек келеді, кім мені қаттырақ сыйлайды, құрметтейді, кім мен үшін бәріне дайын деген сияқты сұрақтардың барлығына саралап жауап бере алдым.
Жігітпен жүру ол үлкен жауапкершілік. Бір жігітпен жүрсеңіз басқаларға көз сала алмайсыз, басқамен қарым-қатынас құрып кете алмайсыз. Ал егер жай бір адаммен таныссаңыз, ол әлі жігітіңіз болған жоқ және сіз келісім берген жоқсыз. Сондықтан сізде тағы бірнеше адаммен танысып, олардың мінездерін тану және қайсысымен ыңғайлы болатынын ойлануға мүмкіндік бар. Сіз миллион жігіттердің арасынан өзіңізге ыңғайлысын мінез бойынша, өмірлік көзқарас бойынша таңдау керексіз. Сол кезде ғана, тіпті жігіт сізді тастап кетсе де, сіз онымен айырылысқыңыз келсе де, жүрекке ауыртпашылық түспейді. Себебі, ол жалғыз адам емес, бұдан кейін де адам болады, бұған дейін де адам болды, таңдаулар миллион, сізде оларға қарап ешқандай қорқынышыңыз болмайды. Сізге жазып жүрген жігіттер (ухожёр) сіздің жігітіңіз емес. Мен ешқашан жазып, сөйлесіп жүрген жігіттерді өзімнің жігітім деп санаған жоқпын. Ал ол жігіттер маған не істейтін? Олар мені міндетті түрде жұмысқа апарып тастайтын, үйге дейін апарып тастайтын.
80
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Мен анама "менің досым, жақында таныстық, сол мені үйге дейін апарып тастайды" деймін. Арамызда міндетті түрде шекара болатын. Ол тағы не істей алады? Ол сізге ешқандай есеп бермейді, бірақ күніне 2-3 рет хабарласып, жағдайыңызды сұрай алады. Сізді әртүрлі тәттілермен қуантуы мүмкін, кездесуге шақырады. Сіз сол уақытта жігіт жайлы ойланасыз, оны тани бастайсыз. Қыз бен жігіт болып жүріп жүрген кезде ережені айту қиын. "Маған мынау ұнамайды, менің жігітім мұндай нәрсе істемеуі керек, сен мені бақылама, мен өзім білемін" деп айта алмайсыз. Себебі, сіз оған келісіп қойдыңыз. Ал жігіт қамқорлық танытып, сізге жазып жүрген кезінде, жігіт білуі керек, әзір ол сіздің жігітіңіз емес екенін. Сіз оған өз талаптарыңызды айта аласыз.
-Маған мені тым қатты ұстайтын жігіттер ұнамайды, себебі өзімнің жұмыстарым көп, хоббиім бар, көп жерлерге барамын, ал сен оған қалай қарайсың, қызыңа нені рұқсат етесің, нені рұқсат етпейсің,- деген сияқты нәрселерді алдын-ала келісіп алыңыз. Егер жігіт өзі қарым-қатынас басталмай тұрып, сізге рұқсат бермей жатса, ойлану керек. Бір жігітке жабысып қалмау керек.
Қазір жүріп жүрген жігітіңіз бар болса, сіздерге алдын-ала таңдау жасау керек. Мен оны толығымен қабылдаймын (жаман қылықтарынан басқа). Айырмашылығын түсініңіз. Жаман қылықтары немесе жағымсыз қалыптасып кеткен қарым- қатынасы болса, ал осы қасиеттері тек өзіне байланысты ғана болса, онда сіз міндеттісіз оны толығымен қабылдауға. Өзінің өміріне өзі жауап береді. Өзінің денсаулығына, достарына, ақшасына өзі жауап береді. Не оны қабылдайсыз, не қабылдамайсыз. Оның кітап оқығысы келмейтінін қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Ал сізге тікелей қатысты дүниелерді сіз өзгерт деп талап етуге хақыңыз бар. Себебі, ол тікелей сізге байланысты. Мысалы, сіздің жаныңызда темекі шегіп тұрса, сізге зиян ғой. Сондықтан сіз одан талап ете аласыз:
81
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
-Маған менің жанымда сіздің темекі тартқаныңыз ұнамайды, не темекі тартпаңыз немесе мен қазір үйіме кетіп қаламын. Шекараны қорғау керек. Тағы нені өзгерт деп талап ете аласыз? Оның сіздің көзіңізше боқтауы. Екеуіңіз ұрсысып жатқан кезде сізді кемсітпеуін, ауыр сөздер тигізбеуін талап ете аласыз. Егер ол мен осындаймын, мені осылай қабылда деп айтса, демек ол өзгергісі келмейді. Өзгерту керек нәрсе бар, өзгертпеу керек нәрсе бар.
Қазір оның әдеттерін қағазға жазып, шешіп алыңыз. Айырмашылығын анықтап қараңыз. Бірінші бағанға оның жаман әдеттерін, екінші бағанға оның сізге деген қарым- қатынасын жазып, салыстырып, саралап көріңіз. Мүмкін ол өтірік айтатын шығар, басқа қыздармен сөйлесетін шығар, сізге дөрекі сөйлейтін шығар немесе келемін деп сізге сөз беріп, келмей қалады, тағы сол сияқты. Барлық жаман әдеттері сізге қатысты нәрсе болса, онда бұл жаман және жауапкершілігінің жоқтығы болып табылады.
82
Некеге дейін...
НЕГЕ СІЗ
ПРИНЦИПТЕРІҢІЗГЕ ҚАРСЫ
ШЫҚПАУ КЕРЕКСІЗ?
Маған көп қыздар жазады:
-Сабира ханым, жігітіммен айырылысып 2 айға жоқ болып кетіп еді, енді қайта пайда болып үйленеміз деп жатыр, бұл дұрыс па?
-Сабира ханым, жігітім 8 наурызға ештеңе бере алмаймын, ақшам жоқ, 15 наурыз тойлайық деп жатыр, бұл дұрыс па? -Сабира ханым, маған қатын деп сөйлейді, ей деп дөрекі сөйлейді, бұл дұрыс па?
Міне, осындай сұрақтар көп қойылады.
Мен сіздерге нақтылап түсіндіріп кетейін. Біріншіден, ол принципіңізге байланысты, әр әйел адамның, қыз баланың өзінің дәрежесіне тең принциптері болады. Ол принциптер ешқашан өзгермеуі керек. Яғни басқа адамның пікіріне байланысты болмауы керек. Жігіт 2 айға жоқ болып кетсе, сосын қайтып келсе, ол не істеуі керек? Ол бірінші жақсылап кешірім сұрауы керек, не үшін жоқ болып кеткенін түсіндіруі керек. Ол сіздің сеніміңізді қайтарып алуы керек. Жай ғана келіп, екеуміз үйленеміз деп айтпауы керек. «Бұл мен үшін өмірлік принцип, қарым-қатынас принципі. Мен соны өмір бойы ұстанамын» деп өзіңіз шешуіңіз керек. Осындай мәселе туындағанда сіз басқа адамдардан "бұл дұрыс па?" деп сұрамауыңыз керек. Себебі, бұл мен үшін дұрыс болмауы мүмкін. Бірақ самооценкасы төмен, оның кез-келген дөрекі сөздерін қабылдай беретін қыз үшін бұл дұрыс болуы мүмкін. Құрбыңыз дұрыс десе сіз үшін де дұрыс, психолог дұрыс емес десе сіз үшін де дұрыс емес болып қалады. Бұл мүлдем дұрыс нәрсе емес.
Сіз қазір өзіңізге не керектігін білмесеңіз, тұрмысқа шыққаннан кейін, үлкен мәселелер туындайтын болады. Себебі, сіз бір кездері күйеуіңіздің сөздерін қабылдап "жарайды, менікі дұрыс емес" деп тұрасыз да, басқа кезде бір постты оқып аласыз, сол постта жазылған нәрсені принцип қылып аласыз.
82
Некеге дейін...
Ал бұл сіз үшін принцип болмайды. Бұл біреу істе дегеннен кейін ғана істейін деп жатқан нәрсеңіз. Күйеуіңіз сізге дөрекі сөйлеген кезде, сіз де қарсы шығып, шекараңыз жайлы айтып басқа нәрсе қозғап кетесіз. Бұл сіз үшін принцип бола алмайды. Тек бір парақшадан оқып алған нәрсе. Менің істеп жүргенім дұрыс емес нәрсе екен ғой деп ойлайсыз, бұл тек посттың мағынасы ұмытылып кеткенше ғана сақталатын болады, 1-2 аптадан соң қайтадан барлығы қайталанатын болады.
Сондықтан қазірден бастап менің принциптерім қандай деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мысалы, сізде қазір "менде арақ ішпейтін күйеу болуы керек" деген принцип. Сіз жігітіңізбен жүріп жүрген кезде ол бәлкім ішпейді, темекі шекпейді. Ол сіздің принципіңіз сондай екенін біледі. Жігітпен жүріп жүрген кезде принциптеріңізді айтуды ұмытпаңыз. Қарым- қатынас басталмай тұрып, оған барлығын айтуыңыз керек. -Жаным, сен ішесің ба, ішіп көрдің ба, ішкің келеді ма? Сондай сұрақтар қоясыз. Ол сізге: -жоқ, мен мүлдем ішпеймін,- деп айтады. Бір жылдан кейін ол арақ ішіп бастайды немесе сіз оның арақ ішетінін біліп қоясыз. Ол сізді алдап жүрді немесе қазір алдағысы келіп жатыр. Сіз принципіңіз бойынша оған айтасыз:
-Жаным, білесің бе, мен саған айтқанмын, мен мұндай адамды қабылдай алмаймын, мен намаз оқимын, менің отбасым оқиды, ал менің күйеуім сондай болатын болса менде береке болмайды, түсініп тұрсыз ғой?- деп айтасыз.
Бірақ ол сіз үшін алкогольды тастамаса немесе осыған байланысты мәселелер туындаса, сіз еркек үшін өз принципіңізді сындырмау керексіз. Егер қазір сіз принциптеріңізді сындырсаңыз, өмір бойы принциптеріңізді сындырып жүретін боласыз. Сіз өзіңізді сындырып жүретін боласыз. Қазір "жарайды, енді тек мерекелерде ғана ішеді ғой" деп оны кешіріп, көзіңізді жұма қарасаңыз онда сіз принципіңізді сындырдыңыз.
83
Некеге дейін...
Сосын жігітіңіз "мына қыз ішетін адаммен ешқашан жүрмеймін деп айтып еді, өзі менімен жүріп жүр, демек басқа да принциптерін мен үшін сындыра салады",- деп ойлайды.
Үйленгеннен кейін сіз жұмыс істеп жүрсеңіз, ол сізге айтады: -Жаным, жұмысыңды таста, мен сені қамтамасыз етемін, жұмыстан шық.
Сіз жұмыста қалуды қаласаңыз да, өз-өзіңізді сындырасыз. Отбасы болу өте қиын. Тойға дейін бұл жайлы сөйлеспесеңіз, принциптеріңізді сындыру керек боласыз. Сондықтан бұл өте маңызды.
Ешқашан да күйеу маникюр, педикюр, марафон, курстарға апта сайын ақша беріп тұрмайды. Не үшін? Себебі, ол орташа деңгейде айлық алатын, орташа жағдайда өмір сүреді. 200 мың теңге айлық алса, оның жартысы коммуналдық төлемге, пәтерақыға, енеңізге, балаларға кетеді. Ол ойлана бастайды: "мен қазір оған шашын қию мен тырнағын бояуға 10 мың теңге беретін болсам, ол келесі айда тағы да сұрайды, қазір мен оған жоқ деп айтамын" дейді. Сосын сіз өзіңізді сындырасыз, сындырдыңыз және әр ай сайын сындырып отыратын боласыз. Сіз сұрайсыз, ол бермейді. Әр ай сайын сіз "бекер жұмыстан шығып кеттім, бекер өз принципімді сындырдым" деп ойлайтын боласыз.
Ал сіздің күйеуіңіз сізді басқа жерден де сындыра бастайды. Ол енді ұзын ки, қысқа киме, орамал тақ, өзіңнің туысқандарыңа барма, анаңмен күнде телефонмен сөйлеспе, құрбыларыңмен кездеспе т.б жағдайлар бойынша сізге рұқсат бермей, сізді сындырады. Сондықтан өзіңіз үшін не нәрсе дұрыс, не нәрсе дұрыс емес екенін шешіп алыңыз. Ешқашан сол принциптеріңізді өзгертпеңіз.
84
Некеге дейін...
ЖІГІТПЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК?
Ер адамды баурап алу үшін, оны өзіңе байлап қоятындай қандай тілде сөйлесу керек?
Оның өз техникалары бар. Жігіт - аңшы. Ол қыз балаға өзі жеткісі келеді. Қызды өз өмірінде жүлделі жеңіс ретінде көреді. Жеңісті алу үшін көп қиындықтардан өтеді.
Ол қиындықтар: •Сіздің бос уақытыңызды күту
•Сіздің қашан кездесе алатыныңызды күту
•Сіздің иә деген жауабыңызды алу
•Сіздің сеніміңізге кіріп, бауыр басу
Міне, осының барлығы сізге жету үшін жасалынатын амалдар. Ол тойға дейін де, тойдан кейін де сіз үшін тырысатын болады. Жігітіңіз өмір бойы сізден көңілі суып кетпей, үнемі
қызығып жүруі үшін не істеу керек?
Біріншіден, ер адам өзін ерекше сезінгісі келеді. Ол басқа жігіттермен салыстырғанын қаламайды. Сондықтан жігітпен сөйлескенде: «анау досым, мынау бұрынғы жігітім, құрбымның жігіті, құрбымның күйеуі» деген сияқты сөздерді ешқашан айтпаңыз. Салыстырғыңыз келсе тек жақсы жағымен салыстырыңыз. Мысалы:
-Қарлығаштың күйеуі 8 наурызға сыйлық бермепті, біртүрлі көрінеді ғой, ұялып кеттім, қандай жақсы сен романтиксің, маған көңіл бөлесің, жұмыс істемесең де амалын тауып маған сыйлық бердің, сыйлық алмаған ол біртүрлі ғой, қандай жақсы сен ондай емессің,- деп, салыстырмалы түрде айтқыңыз келсе тек мақтап айту керек. Ол бірінші ереже.
85
Некеге дейін...
Екіншіден, басқа адамдардан ол өте ақылды, өте білімді, сондай әзілқой екенін сезгісі келеді. Ер адамның эгосы қыз балаға қарағанда өте жоғары болады. Егер ер адам қыздың, әйелдің жанында өзін күшті, ақылды, өзін кез-келген мәселені шешіп тастайтын адам сияқты сезінбесе, ол басқа қызды іздейтін болады.
Ең бірінші ер адам әйелден іздейтін нәрсе ол- эмоциялық жағдай. Яғни қыздың жанында өзін эмоциялық тұрғыда толыққанды сезінгісі келеді. Ер адам қыз баладан энергия алады. Энергияны қыз бала беруі үшін, сіз өзіңіз толыққанды болуыңыз керек.
Қыз балада энергетикалық сосуд болады. Ол сосудты әртүрлі нәрселермен толтыруға болады. Біліммен, хоббиларыңызбен, өзіңізге ұнайтын киноны көріп уақыт өткізу, яғни бұл өз- өзіңізді дамыту, уақыт өткізу. Жігітіңізбен емес. Тек қана құрбыларызбен, анаңызбен, туысқандармен немесе жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт. Сосудты сол арқылы ғана толтыруға болады. Үнемі даму үстінде болу, самооценканы көтеру осының барлығымен сосудты толтыра аласыз. Жалғыз жүрсеңіз де, жігітіңіз жоқ болса да сол сосуд сізде толып тұруы керек. Сосудтың толып тұрғанын қалай сезесіз? Мысалы, сіздің жігітіңіз жоқ болғаны үшін өзіңізді кем сезінбеуіңіз керек. Менің жігітім жоқ
Біреумен жүргім келіп жүр
Біреумен қарым-қатынас құрғым келіп жүр Барлығының қол ұстасып жүрген жігіттері бар Мен де солай қол ұстасып жүргім келіп жүр Барлығына жігіттері сыйлық береді
Мен де солай сыйлық алғым келеді.
Міне осындай ойлар нені білдіреді?
Сіз өзіңіздің сосудыңызды жігітпен толтырғыңыз келіп тұр деген сөз. Ал бұл дұрыс емес! Сіз осы күйде жігітпен жүріп
86
Некеге дейін...
бастайтын болсаңыз, сізде "қанша жігітпен жүрсем де, барлығы аяғында жоқ болып кетеді, неге олай?" деген сұрақтар пайда болады. Сіз сосудыңыз бос күйде жігітпен қосылғаннан кейін жігітке энергетиканы берудің орнына, сіз өзіңіз сол энергетиканы ала бастайсыз.
Маған көңіл бөл
Сыйлық бер
Менімен кездес
Инстаграмыңның паролін бер
Неге ана қызға лайк басасың
Неге мына қыздарға тіркелесің
Ана қызбен араласпа
Осындай сұрақтармен, осындай ойлармен сіз жігітіңіздің энергетикасын сора бастайсыз. Егер жігіт сізге көңіл бөлмесе, сіздің сосудыңыз бос болып тұра береді. Сіз одан сайын оған жабыса бастайсыз. Ол кейін жай ғана жоқ болып кетеді. Бұл дұрыс нәрсе емес. Сондықтан, ең бірінші сіздің энергетикалық сосудыңыз, бос уақытыңыз, араласып жүрген адамдарыңыз, көңіл-күйіңіз жігітіңіздің бар-жоғына байланысты болмауы керек. Ешкіммен жүрмесеңіз де бақытты болуыңыз керек. Қазіргі қыздар немен айналысатынын білмейтіні соншалықты, жалғыз қалмауы үшін ғана жігітпен жүреді. Себебі, жалғыз қалудан қорқады, іші пысады. Үнемі біреумен сөйлесіп отыруы керек, үнемі біреуге көңіл аударғысы келеді.
Жігіт өзі толықтай жеке тұлға болғаннан кейін, жанында толықтай жеке тұлға қыз болғанын қалайды. Екеуі бір-бірін толықтырады. Ал өзі толықтай жеке тұлға жігіт, сосуды бос қызбен қарым-қатынас құрғанда, жігіт толыққанды энергетикасын қызға беріп жібереді, ал өзі бос және түсініксіз күйде қалып қалады. "Не істеп жүрмін мына қызбен?" деген ойы пайда болады. Сондықтан ол "Мен бұл қыздың жанында өзімді керемет сезінбеймін, өзімді пайдасыз сезінемін,
87
Некеге дейін...
себебі, кездессек тек құшақтасып, сүйісеміз болды, басқа істейтін ештеңе жоқ. Біз ештеңені талқыламаймыз. Біздің айтатын әңгімеміз жоқ. Біз кездескенде сағынышымызды физикалық тұрғыдан ғана емес, интеллектуалдық тұрғыдан да баса алмаймыз" деп ойлайды. Өзі анықтай алмайды не үшін айырылысқысы келетінін және сізге түсіндіріп бере алмайды. Сізге "Мен өзімнің не қалайтынымды білмеймін" деп айта салады.
Егер жігіт солай айтса, сіздің жаныңызда өзін керемет, ақылды, романтик, нағыз еркек сияқты сезінбейді. Сіздің жаныңызда өзін тек қана сізді ренжіте беретін біткен адам ретінде сезінетін болады. Ал жігітке бұл ұнамайды. Ол өзін керісінше күшті сезінуі керек. Ер адам қызбен не үшін жүреді? Эмоционалдық жағдайы күшті болуы үшін ғана қызбен бірге болады. Ал қыздар сол махаббатымен бөлісу үшін, энергетикасын беруі үшін жігітпен бірге болады.
Бір-бірімен энергия алмасу ол өте дұрыс нәрсе. Мысалы, ток өзінің күшін беру үшін, +, - болуы керек. Егер екеуі де + немесе - болса ток бармайды. Дәл сол сияқты жігіт пен қыз да + пен - болады. Энергия алмасады. Бірақ көбінесе жігіт өзінің энергетикасын толтырады. Енді не істеу керек?
Қалай жігіттің энергетикалық жағдайын күшті етуге болатынын айтайын.
Біріншіден, ол жасанды болмауы керек. Яғни сіз өтіріктен қолдан жасап алып, оны ақылды деп ойламасаңыз да "сен сондай ақылдысың" деп комплимент айтып тұрсаңыз, бұл жүзеге аспайды. Немесе ол әдемі емес болса, бірақ сіз оның түріне қарап "жаным, сен сондай әдемісің" деп айтсаңыз, жігіт сіздің өтірік айтып жатқаныңызды біліп тұрады. Бұлай жасауға болмайды.
Энергетикаңызды толықтырыңыз. Қалай? Самооценкаңызды
88
Некеге дейін...
көтеру қарым-қатынаста ең басты орынды алады. Самооценкаңызды көтерсеңіз, сол самооценкаға байланысты басқа да тармақтар кетеді. Хоббиіңіз болады (тоқу, сурет салу, кітаптар оқу, кітап жазу, анкета толтыру, тамақ жасау, торт пісіру т.б). Сериал қараудың өзі хоббиіңіз болуы керек. Сералды тек бос уақытыңыз болған үшін ғана емес, энергетикаңызды толтыру үшін көрсеңіз, онда сіз өзіңізді сондай бақытты сезінетін боласыз. Сондықтан хоббиіңізді табыңыз, міндетті түрде хоббиіңіз болуы керек.
Үшіншіден, көңіліңізді көтересіз. Сіздің киноға баруыңыз, киімдер сатып алуыңыз, балмұздақ жеп келуіңіз, кафеге баруыңыз, соның барлығы жігітпен өткізген уақыттан тыс көбірек болуы керек. Яғни кафеге барсаңыз тек қана жігітпен барасыз, киноға барсаңыз, тек қана жігітпен барасыз, киім алсаңыз, тек қана жігітпен барып аласыз. Жоқ, олай болмауы тиіс. Себебі, сіздің энергетикалық сосудыңыз тек жігітпен ғана толады. Ол дұрыс нәрсе емес.
Сосудты толтырып тастадыңыз, енді не істейсіз? Сол сосудты толықтыру арқылы жігітке тәуелділіктен арыласыз. Тәуелділіктен арылғаннан кейін жігітіңізбен сөйлескенде көзқарасыңыз өзгереді. Үнемі критиканы қоя бастайсыз.
Жігіт сізбен сөйлескен сайын өзін нашар адам сезінбеуі керек. -Сен маған қарағанда достарыңа көбірек уақыт бөлесің, қалаға келсең бірінші достарыңа барасың, сосын маған келесің, сен құпияларыңды бірінші анаңа айтып бересің, сосын маған айтасың, - міне осының барлығы оған "сен жамансың, қалай жүріп жүрмін сен сияқты адаммен" деген сияқты болып жетеді. Ол өзінің бос сосудын толтырғысы келеді, сосын басқа қыздармен сөйлесіп бастайды. Міне, осыдан кейін қыздарда "не үшін ол басқа қыздармен сөйлеседі, ол қызқұмар, не жетпейді оған" деген ойлар пайда бола бастаса, менің сөздерімді еске алыңыздар. Жігіт өзінің қызынан комплименттер естімесе, өзін күшті сезінбесе ол өз-өзін көтере алмайды.
89
Некеге дейін...
Егер қызы оны шаршата берсе, энергетикасын сорып тастаса, тек қана ұрсып, ренжісе берсе осының барлық салдарынан жігіт өзінің самооценкасын түсіріп алады. Ол самооценканы көтеру үшін Instagram-дағы әдемі қыздарға жаза бастайды немесе әріптестерінің құрбыларымен кездесе бастайды.
Ер адаммен қыз бала жүріп бастаған кезде, қыздардың көздері жайнап, сол жігітінен басқа ешкімді көрмей, махаббаттары күшті болып, сондай ерекше сезімде жүреді. Ешқандай ұрыс- керіс жоқ, бір-бірін әлі танымайды. Күнде таныған сайын бауыр басып керемет болады. Жігіт сол қарым-қатынастың бас жағында өзін бір еркек сезінеді, сол қызды жалғыз өзі бақытты ете алатын адам ретінде сезінеді. Бұл қарым-қатынастың басында болатын нәрсе.
Ал қазір күнде ұрыс, күнде критика, реніш. Сосын ол өзін нашар адам сезінеді. Сол кезде өзінің самооценкасын көтеру үшін басқа қыздарға жаза бастайды. Себебі, олармен енді сөйлесіп бастағанда, ол қыздар сіз сияқты бақыттан басы айналып, бір-бірін танымай, оның самооценкасын көтеріп, жалғыз идеалды еркек сол сияқты екенін жігітке сездіреді. Жігіт солай 2-3 қыздан энергетикасын толтырады, самооценкасын көтереді, кішкене жақсы болады. Сосын бір айдан кейін сізге қайтып келеді. Себебі, ол сіздің жаныңызда қандай нашар адам болғанын ұмытып кеткен. Қайтып келген соң, сіз сол бұрынғы нәрсені айта беретін болсаңыз, нашар адам екенін қайтадан көрсете бастасаңыз, ол тағы да қашып кетеді. "Бұл әлі өзгермепті ғой, баяғы жартас сол жартас" деген сияқты ойда болады.
Өміріңізде қандай жігіт болса да, алғашқы немесе соңғы жігітіңіз болса да, өзіңізді ұмытпаңыз. Үнемі өзіңіз дамыңыз. Үнемі өзіңіздің принциптеріңізді еске салып отырыңыз. Үнемі шекараны қорғай біліңіз. Үнемі самооценкаңызбен жұмыс жасап жүріңіз.
90
Некеге дейін...
"Тәуелді болып бара жатқан сияқтымын, қолым тым бос болып кетті" деген сияқты ойлар пайда бола бастағанда, өзіңізге стоп деп айтыңыз. Жігітіңіздің парақшасына қайта-қайта кіре беруді қойыңыз, онлайн отыр ма, қашан шығып кетті осының барлығын іздестіріп тексеруді қойыңыз. Өзіңізбен жұмыс жасап бастаңыз. Себебі бұл бір белгі болып саналады. Өміріңізде жігіттен басқа да айналысатын істер көп. Дамыңыз, дамыңыз, тағы дамыңыз. Бір орында тұрмаңыз. Өміріңіздегі жалғыз қызығушылық
жігіт болмасын.
Сіздің өміріңізде жігіттен басқа түк қызық жоқ екенін қалай білуге болады? Телефонға не үшін кіресіз? WhatsApp-қа не үшін кіресіз? Егер жігіт үшін ғана кіретін болсаңыз, онда сіз төмендеп, құлдырап кеттіңіз, жігіт сізден жақында қашып кетеді немесе қашқысы келіп жүр, жай кетуге себеп таба алмай жүр. Осыны жақсылап ойлаңыздар!
91
Некеге дейін...
Некеге дейін...
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?
Ер адаммен алғашқы кездесуде өзіңізді қарапайым ұстауға тырысу керек. Көп қыздар керісінше ойлайды. Сіз кез-келген әңгімеде сөйлесе алатын ашық, ақкөңіл, бірақ ұялшақ болсаңыз оны өзіңізге керемет қарата аласыз. Ең алғашқы кездесуде екеуіңіз көріскенде ол сіздің қолыңыздан ұстап амандасуы мүмкін, жарайды, бұлай жасауға болады. Сіздің көзқарасыңыз зайырлы болса қолынан ұстап амандасасыз.
Ары қарай не істеу керек?
Кездесудегі алғашқы қадамдарды әрқашан ер адам жасайды. Мысалы, кафеге барсаңыз оның есік ашуын, киноға баратын болсаңыз оның билет алуын, орын таңдауын, қандай кино көретінін өзі таңдағанын күтіңіз. Алдыда ер адам жүруі керек. Сіз артта жүресіз немесе екеуіңіз бірге қатар жүресіздер.
Менюді ашып, тамақ таңдаған кезде өзіңізге ұнайтын нәрсені аласыз және жігіт шотты төлеуі керек. Кез-келген кездесуде, 4- 5 жыл жүріп жүрсеңіз де ер адам ақысын төлеуі керек (кино болсын, киім болсын). Ешқашан ер адамның көзінше әмияныңызды көрсетпеңіз. "Мен төлей салайын, менде бар" деп айтпаңыз. Ең бірінші кездесуден кейін ер адам сізді таксиге отырғызып және таксиге төлеуі керек. Бұл нәрсе өте маңызды. Егер ол жағынан ешқандай іс-әрекет көрмесеңіз, астарлап ой тастаңыз. Такси шақырып бересің бе? Немесе такси ұстап бересің бе? Егер такси ұстап беріп, бірақ таксистке ақшасын төлемесе, онда ойлану керек. Мүмкін ол ондай қатты джентльмен емес. Алғашқы кездесуде барлық сұрақты жігіт немесе барлық сұрақты қыз қоюы керек деген заңдылық жоқ.
93
Некеге дейін...
Ол сізге бір сұрақ қойса:
-Қай жерде оқыдың?
Сіз жауап беріп:
-Ал, сенше?- деп, ары қарай өзіңіздің сұрағыңызды қоясыз. Ол сұраққа жауап берді және келесі сұрақты ол қою керек. Қызығушылықты тең қатарлы көрсету керек. Әзірге сіздер қыз бен жігіт емессіздер, тек кездесіп, сөйлесіп жүрсіздер. Алғашқы айларда кездесуге ер адам өзі шақыруы керек. Сіз ешқандай ой тастамайсыз. Кездескім келеді, көргім келеді,- деп айтпайсыз. Кездесуге тек қана жігіт шақырады.
Алғашқы кездесуге қайта оралайық.
Не туралы сұрауға болады? Ең алғашқы кездесуде мүлдем тойдан кейінгі әңгімені, тойдан кейінгі болашақ жоспарларыңызды айтуға болмайды. Алғашқы бір айдың көлемінде отбасылық тақырыптарды жігіт өзі бастамаса қозғамаған дұрыс. Егер жігіт бастамаса, сіз де қозғамаңыз. Біріншіден, бұл ер адамдарды шошытып алуы мүмкін. Екіншіден, сіз барынша тұрмысқа шығуға асығып жатқан қыз сияқты көрініп қаласыз.
Оның ішіне мынадай сұрақтар кіреді:
•Қанша бала болғанын қалайсың?
•Үйіңде нешінші баласың?
•Бөлек шығасыңба әйеліңмен?
•Кенжесісің ғой, қара шаңырақта қаласыңдар ма?
•Анаңның мінезі қандай?
•Қай жерде жұмыс істейсің?
•Жұмысыңды ауыстырғың келмейді ме?
•Қашан үйленетін ойың бар?
Жалпы айтқанда тойға байланысты сұрақтар қойылмауы керек. Оның орнына сіздің қоятын сұрақтарыңыз жалпылама болуы керек.
94
Некеге дейін...
Ең алғашқы кездесуде өзіңіз туралы аз мәлімет берілуі керек. Білесіз бе не үшін? Себебі, ер адам сізді қатты танып кетпеуі керек. Әр көрген сайын сіз туралы бір ғана мәліметті білсе, оған жеткілікті болады. Ол оның қызығушылығын одан сайын арттырады. Сізді кездесуге шақыра бергісі келетін болады. Білмейтін дүниені қайта білгің келеді ғой?! Міне, дәл солай сізге қойылған сұрақтарға сіз жайлы аз білуі үшін қашқақтап, жалпылама, нақты емес мәліметтер беруге тырысыңыз. Мысалы мынандай сұрақтарға: Нені ұнатасың? Нені көресің? Қандай тамақ жақсы көресің? Қандай кино көресің? Бұл бір фишка деуге болады. Оқылмаған кітап болыңыз. Ол кітапты көбісі оқи ала бермейді. Сіздердің әңгімелеріңіз көбінесе қазіргі болып жатқан мәселелер, жаңалықтар, бір-біріңіздің хоббиларыңыз, қызығушылықтарыңыз, жұмыс туралы сөйлесуге болады, яғни, қандай жұмыс істейтіндеріңіз жайлы. Егер саясат жайлы сөйлесе алсаңыз, онда саясатты қозғауға болады. Физика, психология, ер мен әйел адамның психологиядағы айырмашылығы туралы сөйлесіңіз. Бірде батл ұйымдастырыңыз, көзқарастарыңыз бір-бірімен келіспеуі мүмкін. Бірінші кездесулеріңіз барынша қызық әңгімеге толы болуы керек. Егер танысу ғана болса, онда ол танысуды WhatsApp-пен де жасай аласыздар. Ал кездескен кезде ол танысудан керемет эмоция алмайды. Ал эмоцияны алмаған адам, екінші рет сол нәрсені қайталағысы келмейтін болады. Үнемі керемет эмоцияны алатын адамға ол наркотик сияқты. Наркотикті қолдана бергің келеді, ала бергің келеді. Сіз оған керемет әңгіме алаңын құрыңыз.
95
Некеге дейін...
Сөйлесуге болмайтын тақырыптар: •Бұрынғы қарым қатынас
•Тойдан кейінгі арман, жоспарлар •Өзіңіз жайлы тым жеке ақпараттар
Сөйлесуге болатын (көбінесе күлкілі,жеңіл өтетін әңгіме айту дұрыс) тақырыптар:
•Фобиялар, қорқыныштар. Бала кездегі, мүмкін ересек кездегі. Бұл тақырыптар қалжың мен күлкіге толы болады. •Жасырын талант. Мүмкін сіз әдемі өлең айтасыз, керемет торт пісіресіз, ал жігіт судың астында 2 минут ауасыз тұра алатын шығар?
•Жұмбақтар. Бұл интеллект пен логиканы тексеріп, қалжыңдап алуға мүмкіндік.
•Кітап жайлы. Жігіттің кітап оқи ма, білімі бар ма, соны тексеріп алуға болады.
•Хобби жайлы, болашақтағы карьера жайлы
•Идеал қыз, идеал жігіт сен үшін қандай болу керек?
•Өте көп ақшаң болса, оны қайда жұмсар едің?
•Мінез жайлы сөйлесуге болады.
•Қызғаншақсың ба? Сені қандай мәселе қызғандыру мүмкін? Майда нәрсе ме немесе міндетті түрде дәлелі бар нәрсе ме? •Адамдарға тез сеніп кетесің бе немесе оған ұзақ уақытың кете ме?
•Сен ашушаң адамсың ба, сені тез ашуландыруға бола ма? •Проблеманы қалай шешуге тырысасың? Аяқ асты ма әлде ұзақ ойланып па?
•Қандай жаман әдеттерің бар? Одан құтылғың келе ме?
96
Некеге дейін...
ЖІГІТ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ
СҰҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? (ПАРОЛЬ СҰРАСА)
Адамның жеке уақыты, өзіне ғана тиесілі дүниесі болады. Жеке өзінің әлемі болады. Оған не кіреді? Сіздің жеке меншік заттарыңыз, телефон, киім, жеке қалған уақытыңыз, жұмысыңыз, әлеуметтік желіңіз және т.б. жеке өзіңізге қатысты дүниелер. Жігітке пароль беруге болады ма? Жігіттен пароль сұрауға болады ма? Мен қарсымын. Себебі, біріншіден, ол жеке өзіңіздің әлеміңіз, екіншіден, ол өзіндік мәселелерге алып келеді. Ол сіздің кішкентай шекараңыз білінбейтін. Ал адам сол кішкентай шекарадан өтетін болса, басқа да сізге тиесілі нәрсенің барлығын менікі деп қабылдайтын болады. Ары қарай сіздің уақытыңыз, киіміңіз, сөзіңіз, іс-әрекетіңіз, жүріс-тұрысыңыз барлығы оның сөзімен, рұқсатымен, қадағалауымен ғана өтуі керек. Яғни сіз затсыз, сол зат оған ғана тиесілі деп қабылдайтын болады. Оның барлығы кішкентай ғана шекарадан өтуден басталады.
Елестетіңіз, ол сіздің атыңыздан кірді, ол сіздің тіркелген адамдарыңызды тексереді, сізге тіркелген адамдарды тексереді, салған суретті, жазған пікірді, сақталған фотоларды, лайк басқан посттарды жалпы айтқанда барлығына көңіл бөліп, тексеріп сізге айта бастайды, сұрай бастайды. Бұл ұрысқа алып келеді және сіз оған ақтала бастайсыз. Ақтала бастасаңыз, демек, сіз өзіңіздікін дұрыс емес деп есептеп, қателігіңізді мойындап тұрсыз деген сөз. Сондықтан бұл өте дұрыс емес нәрсе. Қыздардың арасында болатын өз құпиялары бар, көретін қалжыңдары, оқитын посттары бар. Сіз қазір оның сіздің атыңыздан кіріп отқанын, барлық архивті оқып, тексеріп отырғанын біліп отырасыз, ашыла алмайсыз. Сіз өзіңіздің жеке меншік нәрсеңізді қолдана отырып, өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Бұл дұрыс емес.
Әйел адамдардағы қателік - жігіттің жеке өз әлеміне өтіп кету. Жігіт таңертеңнен кешке дейін достарымен жүруі мүмкін, ойын залында болуы мүмкін, компьютер ойнауы мүмкін, т.б. нәрселермен уақытын өткізіп жатқан кезде, жеке әлеміне кіріп ренжиді қыздар.
97
Некеге дейін...
Неге сен достарыңның жанында менімен сөйлеспейсің?
Неге компьютер ойнап жатқан кезде маған жауап бермейсің? Мені ұмытып кетесің.
Міне, осындай сөздерді айтып, ренжитін болады.
.
Әр адамның жеке уақыты тек өзіне тиесілі. Ол сізбен 24 сағат
бойы байланыста болуға міндетті емес. Егер ол досымен болса, демек уақытын тек досымен ғана бөлісіп отыр. Егер компьютер ойнап жатса, демек тек өзіне ғана уақыт арнап жатыр. Бұл жерде қыз баланың ренжуі орынсыз. Дәл солай жігіттер ренжуі мүмкін. Мысалы, мен үнемі сіңілімнің үйіне барамын. Мен келгенде үнемі жігіті ашуланады. Себебі мен тоқтамай 3-4 сағат бойы әңгімелесемін. Арасында жігітіне жазып, хабарласып тұрады, бірақ соның өзінде "Неге маған кеш жауап бересің? Сабира келсе өзгеріп кетесің. Сабира келсе маған жауап бере алмай қаласың. Сенің хатыңды қанша уақыт күтемін", міне осындай сөздері арқылы ренішін жеткізеді. Тек қана оған көңіл бөлгенін қалап, ашуланып, ақыры соңы ұрыспен аяқталады. Ол дұрыс емес нәрсе. Жігіттің өзі де достарымен отырғанда, анасымен отырғанда немесе үйіне келсе, бірден көңіл бөлуін азайтып, жанымда адамдар бар деп сөйлеспей қояды екен. Өзі істей алмайтын нәрсені басқалардан талап етеді.
Ешқашан біреудің шекарасын аттамаңыздар және басқа адамның сіздің шекараңыздан аттауына жол бермеңіздер. Оның ішіне телефон да, телефонның паролі де кіреді. Ол сіздің телефоныңызды алып, ақтарып, тексеріп, кіммен сөйлестің, кімге жаздың, галереяда қандай суреттер бар?- деп, оның барлығын тексеруге құқығы жоқ. Ол сіздің жеке меншік затыңыз.
98
Некеге дейін...
ЖІГІТІҢІЗ СІЗДІ ІЗДЕМЕЙ КЕТСЕ, НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
Жігіт өзі сөйлескісі келіп, іздегісі келіп, бар ынтасымен қалап өзі хабарласқанын қалайсыз ба? Сіз ренжісеңіз де, ренжімесеңіз де, сіздің қолыңыз бос па , бос емес па бәрібір жай ғана өзі іздеп хабарласқанын қалайсыз ба? Оған ренжіп ұрысып, айғайлап, "неге мені іздемейсің онда айырылысайық, не қарым-қатынас бұл, бірде барсың, бірде жоқсың" деген сөзден кейін ғана ол сізге хабарласып, жазып тұрады. Біраз уақыттан кейін қайтадан басталады, ол жоғалып кетеді. Сіздерге бұл жағымды ма?
Әйел адам еркектің хабарласуын, іздеуін, көңіл бөлуін күштеп, мәжбүрлеп сұрап алып жатқан сияқты. Қарым- қатынас деген ондай нәрсе емес. Білесіз бе, махаббат, қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынас деген не? Ол - бостандық, өз еркімен сізді қалауы, сізді іздеуі. Біреудің ұрысқаны арқылы емес, сіздің оған жалынғаныңыз үшін емес, сіздің оған айтқан сөздеріңізден кейін іздегені емес. Жай ғана өз еркімен іздегісі келеді. Қарым-қатынас деген сондай болуы керек. Тіпті ұрсысып қалсаңыздар да солай іздеуі керек. Ешқашан оны мәжбүрлеп іздеуіне ондай қарым-қатынасқа келіспеңіздер. Ол махаббат емес. Іздегісі келмесе демек, ол сағынған жоқ, демек, сіз жігітке қызық емессіз. Демек сіз жігітті соншалықты қатты қызықтыра алмадыңыз. Өз еркімен іздемесе, демек ұмытып кетеді. Демек сізден де қызығырақ оның жұмыстары бар, достары бар,хабарласатын адамдары бар. Сізден де маңыздырақ өмірінде бірнәрсе бар.
Қазір оны мәжбүрлеп жатқан шығарсыз. Бірақ үйленгеннен кейін өмір бойы осылай болады деп ойламайсыз ба? Өмір бойы осы адамның артынан жалынып жүргіңіз келеді ма?
99
Некеге дейін...
Әйел адамның самооценкасы ең бірінші орында тұруы керек. Әйел өзі үшін ең бірінші орында. Өзіне деген махаббаты, өзіне деген құрметі, өзіне деген сыйластығы бірінші орында тұруы керек. Өзіңізді қатты жақсы көруіңіз керек. Сізге біреудің жазуы, сіздің мәжбүрлеуіңізбен жүзеге аспауы керек. Мен мысалы өзімді қатты жақсы көремін. Мен ешқашан еркектің артынан жүгірген емеспін. Бір рет қана болды, мен екі күн жылап, ең бірінші махаббатыммен 16 жасымда сөйлесіп бастадым. Арамызда ешқандай артық нәрсе болған жоқ, ең бірінші сөйлесіп жүрген жігітім, барлығына көзімді жұмып тек сонымен ғана бірге боламын, соған ғана тұрмысқа шығамын деп бүкіл арманымды құрып тастағанмын. Мен бірнәрсеге кінәлі болып қалдым, сосын ол қатты боқтады, мен естімеген сөздерді айтты. Мен екі күн оған жалындым. Қазір ойлап жатырмын, қандай ақымақ болғанмын. Қазір күлкім келеді.
Одан кейін "мен неге оған жалыну керекпін, ол маған керек емес" деп ойладым. Себебі сол кезде мен психологияны оқып бастағанмын. Мен сол жігітті тастадым, ол 1 аптадан кейін артымнан жалынып, жалбарынып, үйімнің алдынан күтіп алып, ал менің ол кезде самооценкам көтеріліп кеткен. Ол "күтіп аламын, алып қашамын" деп артымнан талай жүгірді. Мен басқа жігітпен сөйлесіп кетіп, соның суретін көрсеттім, сосын барып бір-ақ қойды. Менен 5 жасқа үлкен болатын. Одан кейін мен ешқашан еркектің артынан жүгірмеуге, артынан кешірім сұрап жалынбауға уәде бердім. Егер менен қателік кетіп тұрса, 1-2 хабарлама жазып жіберемін: "кешірші менікі дұрыс емес болды, мен түсініп тұрмын өз қателігім" деймін болды. Егер содан кейін жігіт қыз сияқты майысып өзінше болып қырсығып тұрса, болды керек емес, сау бол, мен одан кейін оған жалынбаймын.
Мен тіпті күйеуіме солай айттым. 5 жыл таныспын күйеуіммен.
100
Некеге дейін...
5 жылдың ішінде 1-2 рет қана кешірім сұрадым. Соңғы рет кешірім сұраған кезде ол өзінше болып, бір күн бойы менімен сөйлескен жоқ. Кешке жақын менімен татуласуға гүлін алып келді. Сол кезде мен айттым:
-Келісейік, бүгін маған жауап бермедің, байқасаң сен менен кешірім сұрағанда мен ешқашан өзінше болмаймын, ендігі әрі көр де тұр, мен кінәлі болып тұрсам да кешірім сұрамаймын, сен бірінші татуласасың.
Екеуміз солай келісіп алдық.
Сонымен жігітке ешқашан неге іздемейсің, неге хабарласпайсың, неге менің жағдайымды сұрамайсың, саған бәрібір ма, неге, неге, неге деген сұрақты қоймаймыз. Жігітке ешқашан жалынбаймыз. Өз еркімен хабарласқысы келуі керек. Егер ол хабарласқысы келмесе, демек сіз оған қатты қызық емессіз. Мүмкін кішкене ұнататын шығар, бауыр басқан шығар, тәуелділік бар шығар. Мұның барлығы химия. Менің күйеуім таңнан кешке дейін жұмыста болады. 1 сағат сайын маған хабарласып отырады. Егер ол хабарласпаса, мен оған хабарлама жазамын, бірақ қоңырау шалмаймын. Бізде сондай ереже қалыптасып кеткен. Ол күйеуім мені оған үйреткендігі емес, мен солай күйеуімді үйреттім. Себебі бұл заңдылық.
Маған хабарласпай, іздемей жоқ болып кетсе мен оған одан сайын қолым бос емес екенін көрсетемін. Бір күнге жоқ болып кетті ма, хабарласпады ма, қайтадан хабарласқан кезде не дейсіз оған? Бірінші қоңырауын алмайсыз, екіншісін алмайсыз,
101
Некеге дейін...
үшінші қоңырауын аласыз да:
-Жаным, қалың қалай, бәрі дұрыс па, жоқ болып кеттің ғой.
Біраз жаңалықтар жиналып қалды, - деп ештеңе болмағандай айтасыз. Ештеңе болмағандай керемет көңіл-күймен сөйлесесіз. Ол сізге: “неге менен сұранған жоқсың ол жерге баратын кезде, неге маған айтқан жоқсың?” деп айта алмайды. Айтқан күннің өзінде сіздің жауабыңыз дайын тұр.
-Кешірші мені жаным, сен өзің қызыққан жоқсың ғой, ал қызықпайтын адамға мен қалай өзім айтамын,-деп жауап бересіз. Сосын әрі қарай сөйлесесіз.
-Жаным, кеше күшті болды сен жоқта, күшті жерге барып келдім, құрбым өзінің достарымен таныстырды, аттары осындай екен,- деп айтасыз. Сосын ол жынданады, іші күйеді, ашуланады. Сізге айтады:
-Бопты онда, менсіз де өмірің қызық шығар,- деп қоя салады. Сіз ол жерде қайтадан хабарласып:
-Не болып қалды, жаным, ренжіп қалдың ба?- деп айтуыңыз мүмкін. Немесе мүлдем оған хабарласпайсыз, жазбайсыз. Еркекке оның сіздің өміріңізде бірінші орында екенін көрсетпеңіз. Сіздің бүкіл уайымыңыз, ойыңыз жігіттің бір қоңырауы екенін көрсетпеңіз. Өзіңіздің самооценкаңызды жедел түрде көтеріңіз!
102
Некеге дейін...
ТОЙҒА ДЕЙІН ОСЫ СҰРАҚТАРДЫ ҚОЙЫҢЫЗ
Тойға дейін жігітпен не туралы сөйлесу керек?
Біріншіден, сіз екеуіңіздің көзқарастарыңыз бен принциптеріңіз бір жерден шығып тұр ма соны анықтап алу керексіз. Себебі ертеңгі тұрмыстық өмірде, көптің айтатыны "Алғашқы 2-3 жылда керемет махаббат боласыңдар. Бір жыл нақты махаббат болады араларыңызда. Одан кейін тұрмыс, нағыз отбасылық өмір, отбасылық мәселелер, көзқарастарың келіспейтін жағдайлар болады. Үйлену оңай, үй болу қиын" дейді. Неден деп ойлайсыздар? Біріншіден, қыздар тұрмысқа шықпай тұрып "мен барлығына да көнемін, осы жігітті жақсы көремін" деп шығады. Бірақ махаббат- химия. Химия сөніп қалуы мүмкін, өшуі мүмкін. Ол үшін сіз ажырасып кетпейсіз ғой? Ертеңгі сіздің сезіміңізді суытатын және қарым- қатынасыңызды жамандататын, алыстататын нәрсе - сіздердің келіспеушіліктеріңіз.
Келіспеушілік неден басталады? Тойға дейін оның басын ашып алмауында. Яғни сіздер бұл мәселені талқыламадыңыздар. Кім бір-бірінен не қалайтыны жайлы әңгіме құрмадыңыздар.
Мысалы, мен тұрмысқа шықпай тұрып, қандай күйеу болуы керек, басты сипаттамаларды өзім үшін шештім. Сипаттамаларды өзіме белгілеп қойдым. Ең басты керек деген 4-5 сипаттама. Қалғандарына көзді жұма қарауға болады, себебі менің идеал деген сипаттамаларыма барлық еркектер келе бермейді ғой. Идеалдар жоқ.
Менің сипатым қандай болды? Біріншіден, ол заманауи жігіт. Көбінесе Шымкент, Қызылорда, Ақтау қалаларының қыздары маған жазған кезде, енелері кішкене дәстүрге жақын, күйеулері дәстүрге жақын, жылы сөзді аяуы мүмкін немесе әйелінің жұмыс істеуіне қарсы болуы мүмкін. Міне мен осыдан қорықтым және өзіме басты сипаттама белгіледім. Күйеуім
103
Некеге дейін...
заманауи болуы керек деп ойладым. Ол жұмыс істегеніме, дамуыма, машина айдауыма қарсы болмасын. Өзімнің бизнесім болса, бала күтушісін жалдауым мүмкін, үйіме үй қызметшісін жалдағым келсе өз еркім болатындай, сондай ер адамды қаладым. Ол сипаттама орындалды.
Екінші сипаттама - менің балаларымның әкесі сауатты болғанын қаладым. Қазақ, орыс тілінде қатесіз жазып, базалық білімі бар болған адамды қаладым. Ол да бар болды.
Үшіншіден, туыскандарына, анасына тәуелді емес жігіт болғанын қаладым. Себебі осы күнге дейін психология жағынан көп қыздарды да, ер адамдарды да тани бастадым. Ерлі-зайыптылар бір-бірін қатты жақсы көріп тұрса да араға ене түсуі мүмкін. Ене деген ол ер адам үшін алтын ереже. Ешқашан ол алтын ережені бұзбайды. Ешқашан әйелі үшін анасынан бас тарта алмайды. Ешқашан әйелін анасынан қорғап қала алмайды. Егер еркек: мама, мама, мама,- деп анасы десе өліп тұратын, айтқан сөзінен шыға алмайтын болса, мен ондайға шыдай алмаймын деп ойладым. Менің анам өзі сондай отбасыға келін болып түсті. Анамның енесі сондай қатал кісі болған, басында анамды мүлдем ұнатқан жоқ. Тек қайтар жылдары ғана кешірім сұрап татуласты. Бірақ енесімен татуласу үшін 20 жыл керек болды. Мен оны қалаған жоқпын. Мен үшін басты принцип менің күйеуімнің анасына тәуелсіз болуы. 18 жастан бастап бөлек тұруы, ақшаны өзі табуы, өз өмірін өзі шешеді. Мен үшін осы үш-ақ басты критерий керек болды. Сіздерге де айтқым келеді.
Талқылау керек тақырыптар:
•Сіз тұрмысқа шыққаннан кейін жұмыс істегіңіз келеді ме? Сол сұраққа жауап бересіз де, жігітіңізден сұрайсыз:
-Мен тұрмысқа шыққан соң жұмыс істегім келеді, сен оған қалай қарайсың?
104
Некеге дейін...
ақталатын едім. Сіз де жігітіңізден қазір сұрап көріңіз: -Төркінге жиі, екі аптада бір барып тұратын келіндерге қалай қарайсың? Дұрыс деп ойлайсың ба? Немесе келіндер жарты жылда бір төркінге бару керек па? Сол жағын қалай ойлайсың? - деп көзқарасын сұраңыз.
Себебі мен үшін бұл нәрсе маңызды болды. Егер сізге де ата- анаңызға барып тұру маңызды болса, соны да сұрай салсаңыз дұрыс болады.
•Ақша жағынан мысалы, қазіргі кейбір отбасыларда келіндер өз айлығын енесіне береді немесе күйеуіне береді. Әрбір жаратылған тиынына есеп беріп отырады. Мен оны дұрыс емес деп есептеймін. Кеше өзімнің туған ата-анаммен шай ішіп отырып сөйлестік. Мен айттым "Осындай отбасылар бар екен, келіндер өз енесіне ақшасының барлығын беріп қояды екен, өздері соны қажеттіліктеріне сұрап отырады".
Сосын әкем айтады:
-Негізі беру дұрыс қой, ол сыйластық, одан ешкім жаман болған жоқ,- деді.
Мен:
-Білмеймін, мен өз ақшамды өзім ұстаймын. Мен өз табысымды тіпті күйеуіме бермеймін. Анама да бермеймін, үйленгенге дейін де бермейтінмін, үйленгеннен кейін де бермеймін. Менің оларға берген ақшам сыйлық ретінде, дәл солай мен енеме де сыйлық ретінде беретін боламын. Бірақ менің қанша табатынымды, қайда жарататынымды, кімге ақша беріп, кімнен алып жүргенім жайлы ешкім ештеңе білмеуі тиіс. Мен үшін ол өте маңызды,- деп айтып едім, ата-анам үндемей қалды.
Осы жайлы мен күйеуіммен де алдын ала сөйлескенмін. -Ақшамды өзім жаратамын ғой, иә?
-Әрине өзің жаратасың.
-Сен ештеңе сұрамайсың, иә?
-Әрине.
Міне біз осылай келістік және осы күнге дейін бірде-бір рет: -Қанша ақшаң бар, қанша ақша таптың, қай жерге жаратып жатырсың?-деп менен сұраған жоқ. Мен алдын ала сөйлесіп, келісіп алғаныма ризамын. Сондықтан сіздерде де сондай
105
Некеге дейін...
әңгіме болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Жай ғана жігітіңізден сұрайсыз:
-Қазір кейбір отбасыларда келіндерінің ақшаларын алып қояды екен, сен қалай қарайсың ондай нәрсеге, бұл дұрыс па? Әлде әйел адам өз ақшасын өзі жұмсап, ешкімге ол жайлы есеп бермеуі керек па?
Себебі кейбір еркектер "Мен де ақша тауып жатырмын, әйел де ақша тауып жатыр, екеуміздің ақшамыз ортақ, ақша ортақ болуы керек және бір-бірінен жасыру деген нәрсе болмауы керек, мен әйелімнің ақшасын жарата аламын, ол менікін жарата алады" деп ойлайды. Бәрібір бұлай болмайды. Күйеуіңіздің ақшасын сіз одан рұқсат сұрамай жарата алмайсыз. Сондықтан өзіңіздің артық, ешкім білмейтін ақша қалтаңызда жүруі керек. Ол сіздерде заңдылық болсын.
Мен үшін тағы маңызды нәрсе - ер адамның әйелді міндеттемеуі. Себебі мен өзімнің отбасымда тұрмысқа шыққанға дейін бір сипаттаманы көрдім. Менің әкем ешқашан анама "Тамақ неге дайын емес, үй неге жинаулы емес, неге үлгермейсің?" деген сияқты сөздерді ешқашан айтпайтын. Мен осы күнге дейін ешқашан әкемнің міндеттегенін естіген емеспін. Тіпті тамағының тұзды екеніне ұрыс болмайтын. Анам қаласа үйді жинайтын, қаламаса жинамайтын. Киімді жуғысы келсе жуатын, жуғысы келмесе жумайды. Дәл осы мен үшін маңызды болды. Тойға дейін өмірлік маңызды нәрселерді екеуара шешіп алу керек. Қазір менің күйеуім тура менің әкем сияқты. Мені ештеңеге міндеттемейді.
Мен оған айттым:
-Егер маған қиын болып жатса, мен ештеңені жасамай қоямын, көмекші шақырта саламын, сол жинай салады,-дедім.
Ол келісті. Егер тамақ дайын болмаса мен "кафеге бара салайықшы" деп айтамын. Үй жиналмаса ол келген кезде жинай беремін немесе келердің алдын 5-10 минут қалғанда жинай саламын. Аллаға шүкір, көз тимесін, осы күнге дейін үйдің шаруасы үшін маған бірде-бір рет сөйлеген жоқ. Тойға дейін екеуміз келісіп алғаннан кейін сондай болып тұр немесе мен өзім сондай адамды таңдадым.
106
Некеге дейін...
Қаншама нұсқалар болды. Аяқ астынан тұрмысқа шығып кететін жағдайлар болды. Әкеме келіп менің қолымды сұрайтын. Бірақ қазір елестетсем, егер мен соларға тұрмысқа шықсам, менің арманымдағыдай өмір болмас еді. Мен қалағандай отбасыда тұрмас едім.
Өзіңнің принциптерің мен көзқарастарыңа сай ер адамды кездестіріп соған тұрмысқа шығу қаншалықты маңызды екенін біліп тұрмын. Әйел адам үшін ол өте маңызды. Себебі біздің бақытымыз бүкіл отбасының бақытына әсер етеді. Әйел адам бақытты болса оның баласы да, күйеуі де, енесі де, туысқандары да бақытты болады. Ал егер әйел адам өміріне көңілі толмаса, өз-өзіне көңілі толмаса ол бірден тәрбиеден көрінеді, күйеуімен және енесімен қарым-қатынасынан көрінеді.
107
Некеге дейін...
АРАЛАРЫҢЫЗДА ӘҢГІМЕ ЖОҚ БОЛСА
Маған көбінесе мынандай сұрақтар келеді:
•Жігітіммен не туралы сөйлессем болады?
•Қалай әңгіме айтамын?
•Көбінесе екеуміз 5 минут қана әңгімелесеміз, одан кейін үнсіз қаламыз.
Негізі әңгіме айту мәселесі көпшілігінде бар. Себебі әңгіменің айтатын бастамасы жоқ. Айтатын ештеңе жоқ. Біреуден әңгіме естіп қаласыздар, біреуден жаңалық естіп қаласыздар, сол кезде ең бірінші кезекте не істейсіздер? Кез-келген қыз бала бір күшті жаңалық естісе, оны біреуге айтуға асығады. Әсіресе сол жаңалыққа қуанатын немесе таңқалатын адамға соны жеткізуге тырысамыз. Дәл сол сияқты жігітіңізбен әңгіме одан сайын жалындап, қызықты болу үшін сіздің миыңызда айту керек бір жаңалық болуы керек. Егер сіз ешқандай кітап оқымасаңыз, ешқандай жаңалық көрмесеңіз, ештеңемен айналыспасаңыз, қызықпасаңыз әрине сізде айтатын әңгіме болмайды. Адамның миы үнемі жаңалықтарға толы болса, сол жаңалықпен бөліскісі келетін құштарлығы артып тұрады. Не үшін? Себебі адам оқыған, көрген нәрсесін біреумен бөліспесе ұмытып кетеді.
Сонымен егер сіз мүлдем әңгіме айта алмасаңыз, әңгімеге жоқ болсаңыз, онда сізде кішігірім информациялық деградация болып жатыр. Деградация дегеніміз білім жағынан, ізденіс жағынан құлдырау. Бірақ психологиялық жағынан әйел адамның айтатын әңгімесі, сөзі көп болса да онымен бөлісе алмауы мүмкін. Ұялу, қысылу немесе оның әңгімелесетін адамы, яғни жігітіңіз тақырыпты мүлдем алып кете алмаса, онда адамның әңгіме айтуға деген құштарлығы бұзылады екен.
Менің практикамда әңгімелесушілер өте көп болды. Олар әйел адамдар, үлкен кісілер, ер адамдар, группаластарым. Автобуста, таксиде отырсам да әңгіме құрғанды жақсы көремін. Көбінесе орамалыма сұрақ қояды да, әңгіме басталып кетеді. Мен орамал жайлы әңгіме басталса жақсы көремін. Не үшін? Себебі,
108
Некеге дейін...
ғылыми тұрғыда түсіндіргенді жақсы көремін. Орамалды әйелдер 40 жасында қалай жас көрінеді, орамалсыз жүрген әйел адамдар 40 жасында кішкене әжім, шашының жылтыры қалай кеткені соның барлығын дәлел ретінде адамға бөлісемін. Бұл маған өте жағымды. Менің әңгіме құрып отырған адамым одан сайын менімен әңгіме өрбіте бастайды. "Жоқ, орамал тақпай-ақ құр жабық киінуге болмайды ма?" деген сияқты әңгімелер айтып бастайды. Егер менің әңгіме құрып отырған адамым соншалықты ақымақ болса, ешқандай білімі болмаса, егер оған менің әңгімем қызық емес болса онда мен онымен мүлдем сөйлескім келмейді.
Бір сөзді 1045 рет қайталайтын, интонацияны дұрыс жеткізбейтін немесе білмесе де білетін түр жасайтын адамдармен әңгімелескім келмейді. Олар талпынса да мен жақтан ештеңе шықпайды.
Дәл сондай жағдай сіздің жігітіңізбен болып жатқан жоқ па? Соны анықтаңыз. Егер сіз іш пыстырарлық адам болсаңыз, жігітіңіз сізді ренжітіп алмау үшін немесе сізбен ұрсысып қалмау үшін сізге азырақ хабарласуы мүмкін немесе ешқандай әңгіме айта алмауларыңыз мүмкін.
Араларыңызда аздап қызықты әңгімелер болуы үшін не істеу керек?
Біріншіден, күнделікті ақпараттық порталдарды оқыңыз. Жігітіңіз неге қызығады, мүмкін көлікке, спортқа, киноға, музыкаға қызығатын шығар, сондай ақпараттық тақырыптарда жаңалық іздейсіз. Ютубқа кіресіз, гуглға жазасыз. Мен мысалы, күніне 2-3 жаңалықты оқып, кешке сол жайлы күйеуіммен талқылағанды жақсы көремін.
Екіншіден, бір өзіңізге ұнайтын кітапты оқып бастайсыз. Мүмкін ғылыми, әдеби, экономика, психология, егер үнемі қазақша сөйлесетін болсаңыздар қазақ тілінде кітаптар оқыңыз. Осы кітаптардың күніне 15-20 бетін оқисыз және жаныңыздағы сізді тыңдағысы келетін, сізді тыңдағанды ұнататын адамға қысқаша айтып бересіз.
109
Некеге дейін...
Тіл байлығының аздығынан да әңгімеге қызығушылық болмауы мүмкін. Көп нәрсені білесің, керемет әңгіме айтқың келеді, бірақ тіліңмен айтатын кезде екі сөздің басын құрай алмайсыз, сол үшін сізді ешкім тыңдағысы келмеуі мүмкін. Не істеу керек? Тіл байлығымызды дамыту керек. Ең басты керегі ол кітап оқу, кітапты бір рет қана оқымай екі реттен оқу. Бір бетін бір рет тез-тез оқып шықтыңыз. Ал екінші рет оқыған кезде сізге ұнайтын, күнделікті өмірде қолдануға болатын сөздердің астын сызып оқисыз.
Мен университетке түспей тұрып, менде күшті жасайтын іс болатын. Көшеде кетіп бара жатқан кезде, орыс тіліндегі плакатқа қарайтынмын. Орысша ұзын қиын сөздерді әріптеп оқитынмын. Себебі, жазған кезімде қате жібермеу үшін. Айтқан кезде есімде сақтау үшін солай қайта-қайта қайталайтынмын. Жолда кездескен кез-келген сөздерге солай жасайтынмын. Кітаптан оқыған сөздерді де солай есте сақтайтынмын. Мүмкін сіздерге де керек болатын шығар.
Мен тағы бір ерекшелікті айтқым келеді. Ауызекі сөйлеу стилі бізде әр қала аймағында әртүрлі. Шымкентте "шли" деген сөздер бар. Тағы бір жерде "тұғын, барың, отырың, берген тұғын" деген сөздер қолданылады. Сосын Ақтөбеде "бара қойшиш, істей қойшиш" деген сияқты диалект сөздер бар. Бірақ ол диалект сөздер тек өз қаласына ғана жағымды және қарапайым күнделікті сөздер болып естіледі. Бірақ жігітіңіз басқа қаладан болса немесе сіздің әңгіме құрушы адамыңыз, өзіңіз басқа қалаға жұмысқа тұрсаңыз сізді түсінбеуі мүмкін және біреудің құлағына ол жағымсыз естілуі мүмкін.
Мен мысалы мынандай сөздерді ұнатпайтынмын:
Қай жаққа бара жатырсың? деген сөзді көбінесе "қаяқа баратсың?" деп айтады.
Не істеп жатырсың? деген сөзді "нестеватсың" -деп айтады. Қайдансың?-деген сөзді "қаяқтансың" деп айтады.
Міне осындай сөздер естуші адамның құлағына кішкене жағымсыз естіледі. Мен үшін солай болатын.
110
Некеге дейін...
Егер сіздің әңгіме айтатын адамыңыз ақымақ болмаса, білімге кішкене құштарлығы бар, айтатын сөзі біліми тұрғыдан, мемлекеттік жаңалықтар, өзінің айналысатын хоббиіне байланысты болса, ол екі жаққа да өте жақсы болады.
Өмірлеріңізде мынандай жағдай болды ма? Адаммен 5-10 минут қана сөйлесесің, бірақ күні бойы сол әңгіме туралы ойланып, оның саған айтқан сөзін, сен оған айтқан ақылды сөзіңді ойлайсың да, сол адамға ұқсағың келіп, сол сияқты болғың келеді. Сондай нәрсе болады ма? Менде үнемі болады. Ақылды, білімді адамдармен әңгімелессем менде одан сайын әңгімелесуге шабытым ашылады. Күйеуіммен көбінесе жаңалықтармен бөлісіп отырамыз. Меніңше, сол үшін арамызда іш пысу жоқ. Күніне 10-15 рет маған хабарласады, үйге келген соң тағы 2-3 сағат әңгімелесеміз. Бірақ әңгімеміз бітпейді. Не үшін? Себебі, адамның миы ақпаратқа толы. Екеуіміздікі де толы. Бірақ ол көбінесе машина, бокс туралы қарайды. Соның өзінде менің әңгімемді жалғастырып алып кетеді. Маған ол ұнайды.
Менде іш пыстырарлық, әңгімесі маған мүлдем ұнамайтын, қалжыңдай алмайтын, менің талғамымдағыдай әңгімелесушілер өте көп болды. Алдыңғы тақырыптардағы айтқан идеалды жігіттің бір минусы ол-сауатсыздық болды. Біраз нәрсені оқитын сияқты, бірақ ойын тиянақты жеткізе алмайтын. Мен білгеніммен бөлісейін десем, әрі қарай алып кетіп, күштілеп әңгімеге кіргізе алмайтын. Сол үшін маған өте іш пыстырарлық болды. Ол маған хабарласпайтын. Мен де оған хабарласпайтынмын. Көбінесе хабарлама немесе кездесу ғана болатын. Не үшін деп ойлайсыздар? Себебі, айтатын сөз жоқ, әңгіме жоқ. Ол әңгімелесе алмайтын. Сондықтан барлығын өздеріңізден көре бермеңіз, мүмкін бар мәселе жігітіңізден шығар. Әңгіме кез-келген адаммен күшті болады.
111
Некеге дейін...
Құрбыңызбен кездескенде біраз әңгіме айтып отырасыздар ма? Бітпейтін тақырыптар болады ма? Соны ойлаңыз. Егер сіз іш пыстырарлық адам болсаңыз, сіздің таныстарыңыз аз, достарыңыз аз, бір жиынға баратын болсаңыз ешкім сізбен әңгімелеспейді немесе сіз бір әңгімені бастағыңыз келсе, үнемі сөзіңізді бөліп тастайды, басқа тақырып айтып кетеді, бір сөзбен айтқанда сізді тыңдамайды. Сіз әңгіме құмарсыз ба, ойыңызды дұрыс жеткізе аласыз ба, тіліңіз бай ма? Соның барлығын осындай белгілерден көруге болады.
Ал жігітіңізбен әңгіме болуы үшін алдын-ала жоспар құруға болады. Егер күніне 2-3 рет сөйлессеңіз немесе сағат сайын сөйлессеңіз, ал кездескен кезде бір-біріңізге жай ғана қарап отырмас үшін алдын-ала ойластырыңыз. Қағазға немесе телефонға жазып алсаңыз болады. Сіз қазір оған не айтасыз? Қандай тақырыпты қозғайсыз? Мүмкін ауқымды мәселе шығар, мүмкін өзіңіздің көзқарасыңыз шығар, мүмкін бір тақырыпты талдайтын шығарсыздар. Міне соның бәрін алдын-ала ойластырып алыңыз!
Тапсырма:
Күнделікті:
1. Nur.kz, zakon.kz, информбюро, tengri news сияқты сайттардан жаңалықтар қарап, сонымен бөлісесіз (жақын, әңгіме айта алатын адамдармен).
2. Жігітіңіз қызығатын дүние жайлы оқисыз, жігітіңізбен бөлісесіз.
3. Кітап бастап, күніне 15 бет оқисыз (досыңызга айтып бересіз). 4. Әр сөзіңізді ойланып, грамотно жазасыз және айтасыз. Әр әріпіне мұқият боласыз.
5. Алдын-ала айтатын әңгімеңізді жоспарлап қоясыз
112
Некеге дейін...
ЖІГІТ СІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕДІ?
Бұл тақырып ер адамның қызын, болашақ әйелін тексеруі жайлы болады. Көбіміз білеміз, ер адамдар әйел адамның құштарлығына қатты қызығады, қараған кезде дене бітіміне қызығады (сексуальность). Меніңше, егер жігіт "мен дене бітіміне, түріне қарамаймын, ақылына, біліміне қараймын" деп айтса, ол өтірік нәрсе. Себебі, біз де жігіттің түріне қараймыз және ер адамдар да міндетті түрде әйелдің түріне қарайды. Оның білімі, ақылдылығы 2-3 кездесуде сыртқа шығады.
Егер әйел адамның сұлулығы жігітке тым ұнайтын болса, ол бірінші сізді арзандығыңызға тексереді. Ол не дегеніміз? Ол не төсек қатынасы, не бірден бірінші кездесуде қол ұстасу, бірінші кездесуде құшақтау, бірінші кездесуде сүйісу, бірінші кездесуде төсек қатынасына шақыру. Оның барлығы ер адамның тексерісінен басталады. Егер бірінші кездесуде сіз бірден құшақтауына, қол ұстауына рұқсат берсеңіз, түнде 23:00-00:00- де шақырғанда шыға салсаңыз немесе машинада екеуіңіздің отыра тұруыңызға келіссеңіз, тексерістен өтпей қалуыңыз мүмкін. Ер адам сіз туралы ойын бірден өзгертеді. Ол ойын өзгерткенімен, сізбен әрі қарай кездесуі мүмкін. Бірақ нақты қарым-қатынас құрамын деген мақсатта емес. Не үшін? Себебі, ер адамдар психологиялық тұрғыда анализ жасайды. Егер сіз бірінші кездесуде оған осындай нәрсеге рұқсат берсеңіз, бірінші кездесуде араларыңызда жақындық болса немесе түнде жеке қалуға шыға берсеңіз, демек, ол сіздің алдыңызда солай өтіп жатқан бірінші және соңғы жігіт емес. Яғни оның орнында басқа біреу болса да, сіз солай келісер едіңіз деген сияқты автоматты түрде ой пайда болады. Ол сізбен әрі қарай араласуы мүмкін. Бірақ оның ойында сіздің бағаңыз 2-3 есе түсіп кетеді. Одан кейін сіздің көзіңізше ұятсыз қалжыңдарды айтуы мүмкін. Себебі, сіздің көзіңізше ұялатындай, қысылатындай немесе сіздің көзіңізше өз құнын жоғалтып алуға қорқатындай күйде болмайды. Оның алдында сіздің бағаңыз керемет жоғары емес.
113
Некеге дейін...
Бұл тексерістен өту үшін не істеу керек?
Алғашқы кездесуде кафе немесе көп адамдар бар жерде кездесу керек. Мүмкін кинода, саябақта қыдыруға болатын шығар. Бірақ қараңғы батқаннан кейін емес. Яғни ең бірінші кездесуіңіз кешкі 20:00-21:00-ден кеш болмауы керек. Егер жігіт сізді бірінші кездесуге түнгі уақытта шақырып жатса, демек оның ойы жақсы нәрсе емес. Оның ойында бір шикілігі бар. Қолданғысы келеді немесе сізді жеңіл жүрісті қыз деп ойлайды. Осыны есіңізден шығармаңыз.
Сонымен, ең бірінші кездесуде сіз паркта немесе кинода кездестіңіз деп шештік. Енді келесі қадам - ол кез-келген қимылмен қолын сіздің денеңізге тигізгісі келетін болады. Құлап қала жаздау немесе сізді жолдан өтіп бара жатқан кезде қолыңыздан ұстау, кинода өзінің қолын сіздің арқаңызға қою, әдемі сөздер айтуы, "сен әдемі екенсің суретке қарағанда, сен ұялшақ екенсің, бұл маған қатты ұнайды",- деген сияқты сөздер айтуы мүмкін.
Мен күйеуіме бірнеше сұрақтар қойдым. Ер адамның тексерісі бар ма? Алғашқы кездесуде физикалық тұрғыда жақындық болса қалай қарайды? Ол маған не деп жауап берді деп ойлайсыз? Құшақтасу, сүйісу уақыты ұзаққа созылса, ер адам 2-3 есе қызығушылығын арттырады екен. Қаншалықты көп уақыт жақындатпай жүрсең, соншалықты ол қызыға түседі. Ал қашан болуы керек дедім? Ол "2-3 айдан кейін" дейді. Ең азы бір ай өтуі керек. Бір айдың көлемінде қыз кездесуге шығып тұрсын, бірақ барынша жақындатпауы керек. Егер сіз ер адамды жақындатпасаңыз, қолыңыздан ұстатпасаңыз, онда оның қызығушылығы қатты болады.
114
Некеге дейін...
Ұнататын адамыңды құшақтағың келеді ғой? Қолынан ұстағың келеді. Дәл сол сияқты әр кездесудің алдында ол өзіне мақсат қояды. Ұнататын қызының қолынан ұстағысы келеді, құшақтағысы келеді. Егер ол мақсаты жүзеге асса, яғни сол мақсатына тез жетсе, сізге қолын тез жеткізсе онда оның қызығушылығы бірден жоғала бастайды. Сіздің оның көз алдындағы бағаңыз, құндылығыңыз төмендеп кетеді. Сонымен екінші ереже: бір ай өтпей жатып, сіз өзіңізге оны жақындатпау керексіз.
Енді не істеу керек? Ер адамның қызығушылығы одан сайын артады дедік. Бірақ ер адамды ең бірінші физикалық жақындықтан бөлек, интеллектуалды жағынан оны қызықтырып, өзіңізге ғашық қылсаңыз, ол бір айдан кейін қолыңызды ұстаған кезде ол сізден ешқайда кете алмайтындай болады. Бір ай бойы ол сізді армандайды және сізді қолыңыздан ұстамай жатып сізді жақсы көреді. Бір ай деген өте аз уақыт, 2-3 айға дейін шыдасаңыз керемет болатын еді. Бірақ қазір көбісі ер адаммен сөйлесу тұрмақ, бірінші кездесуде төсекке жатып жатыр қыздар, ол әрине өзінің бағасыздығы, өзінің құндылығын жоғалтқандығы. Егер сіз тойға дейін ер адамға беріліп қойсаңыз, тойға асықпайтын болады. Егер сіз тойға дейін әйелдік міндеттеріңізді орындасаңыз, ер адам өзінің құндылығын жоғары ұстайтын басқа қыздарға көзін сала бастайды.
Ер адамның көңілін ылғи ыстық қылып ұстайтын әйел адамның үш мәселесі: біріншісі- сексуальность, флирт, құштарлық, екіншісі- ол сіздің интеллектуалды жағыңыз, қанша жерден сұлу болсаңыз да, ақылды емес немесе қызықты емес болсаңыз, ер адам сізді тез-тез қолданып, қолына түсіріп, тастап кетуге ынтық болады. Үшінші нәрсе ол- рухани жағынан сіз оны кешіре алуыңыз, алғыс білдіре алуыңыз, діни мәселе жағынан толық сенімді болсаңыз, онда бұл ер адам үшін өте маңызды болады. Әрине, егер ол бір Аллаға сенетін түзу жолдағы адам болса.
115
Некеге дейін...
Жігітпен жүріп жүрген кезде сіз тұрмысқа шығып, оның намаз оқитынын қалайтын болсаңыз, орамал таққыңыз келетін болса, бірақ қазір ол оны істеп жүрген жоқ болса, онда алдын-ала оны тексеру керексіз. Дайын ба, әлде жоқ па? Немесе жігіт қазір намаз оқып жүр, ал сіз намаз оқымайсыз, орамал тақпайсыз. Ертең тұрмысқа шыққан соң, орамал тағасыз, намаз бастайсыз, дінге бет бұрасыз дегендей, сол үшін сіз дайын болуыңыз керексіз. Маған қаншама қыздар:
"Күйеуім намаз оқиды және менің никаб кигенімді қалайды", "Менің орамал таққанымды, намаз оқығанымды қалайды, ал мен қаламаймын, ажырасқым да келмейді, бірақ оқығым да келмейді,- дейді. Сол үшін қазір сіз, мысалы, Ханафи мазхабын ұстансаңыз, ал жігітіңіз қай мазхабта екенін білмесеңіз немесе мүлдем намаз оқымаса онда ойланыңыз. Ертең оны өзгерткіңіз келіп, талап етіп, араңызда үлкен мәселе болмасын.
Дін жайлы әңгімені қалай бастау керек? Бірінші қойылатын сұрақ - діннің біліми дәрежесін түсіну. Дінде оның қаншалықты білімі бар?
•Мүмкін ол "Намаз оқымасам да болады, менің жүрегім таза ғой",- деп ойлайтын шығар.
•"Намаз оқығым келіп жүр, бірақ нәпсім жібермейді,- деуі мүмкін.
•Немесе"Намаз- парыз,меноқыпжүрмінжәнеХанафи мазхабында емеспін,- деп айтуы мүмкін.
Ал сіз оған келіспеуіңіз мүмкін. Мен не үшін бұл тақырыпты қозғап жатырмын? Себебі, бұл әйел адамның діни көзқарастағы тексерісі. Егер екеуіңіздің көзқарастарыңыз келіспесе, онда кішігірім нәрселерден араларыңызда ұрыс болады.
Біріншіден, ол "Орамалды таққан кезде иегіңді жабу керек, кеудеңді жабу керек немесе ниқаб кию керек, қара түс кию керек,- дейді. Ал сіз ашық түсті орамал киесіз. Содан басталады. Ал күйеуіңізді тыңдау керек боласыз. Келесіде күйеуіңіз "Балалар мектепте оқымайды, мектепте орамал тағып жүреді" деп айтуы мүмкін. Ал сіздің көзқарасыңыз кішкене зайырлы. Сол үшін әңгімені осыдан бастау керек. Білу керек нәрсеңіз: оның ұстанатын діни мазхабы.
116
Некеге дейін...
ТАПСЫРМА
түсіндіңіз, соны жазу.
нені
117
Некеге дейін...
118
Некеге дейін...
ҚАТЕЛІК ЖІБЕРІП
ҚОЙСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ОНЫ
ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ?
Егер сіздің жігітіңіз жеке шекараны аттап кетсе, өзгертуге кеш болса, не істеуге болады?
Бұл жерде мен тек қана телефондағы пароль, архивтерді ақтару емес, одан бөлек сіздің жіберіп қойған қателіктеріңізді айтқым келеді. Яғни осыған дейін қаншама тақырыптарды оқып ойланған шығарсыз:
“Мен оған әйел болып кеттім ғой, мен артық іс-әрекеттерді жасатып қойдым, мен самооценкамның төмен екенін көрсетіп қойдым, мен қателіктерді жасап қойдым, енді оны қалай түзеймін?"- деген сияқты сұрағыңыз болса, осы тақырыпта мен сізге жауап беретін боламын.
Біріншіден, ешқашан қателікті түзетіп, қайтадан қарым- қатынасты бастауға кеш емес. Яғни сіз осы күнге дейін оның киімін жуып, үйіне барып тамағын жасап, үйін жинап кетіп жүрсеңіз, анасына сыйлық алып, үйіне барып анасымен танысып жүрген немесе анасы "қонақ келейін деп жатыр, келіп көмектесші" десе жетіп баратын, ренжітіп алуға қорқамын дейтін қыздар бар.
Енді не істеу керек? Жай ғана ол істерді жасауды тоқтатасыз. Ең оңай жауабы осы. "Ренжіп қалады ғой" деген сияқты ойларыңыз болуы мүмкін. Негізі манипуляторлар солай ренжиді. Яғни егер сіздің жігітіңіз манипулятор болса, онда ол не істейді?
Сізге:
-Мына нәрсені істей салшы,- дейді.
Сіз:
-Жоқ, істей алмаймын, ренжіме, менің өзімнің принциптарым бар, мен көп ойландым осы күнге дейін,- деп жауап бересіз.
Ол ренжіп қалады. Ал ренжіп қалса, демек сіздің таңдауыңызды сыйлап жатқан жоқ. Ол сіздің таңдауыңызды қабылдай алмайды. Ондай кезде "Жоқ дедім ғой, жоқ" деп ешкім жауап бере алмайды. Бұл жерде "Жігітім ренжісе де, ренжімесе де, менің таңдауым осы" деп қатып тұратындай тым сенімді болу керек. Жылы айтуға болады. Жаныңызға отырғызып қоясыз да немесе
119
Некеге дейін...
WhatsApp-тан жазып жібересіз: "Жаным, мен соңғы кездері көп ойланып жүрмін, менің қазір осылай істеп жүргенім (мысалы, телефонды тексерту, Instagram пароль беру, анасына барып көмектесу, тамағын жасап беру немесе төсек қарым-қатынасы болып жүрсе) мен үшін дұрыс емес. Мен жігітпен жүрмей жатып өзіме көп ережелер, көп принциптер қойған болатынмын, мен өзімді бағалы, құнды сезінуім үшін мен осы нәрселерді жасамау керек едім. Сені ренжітіп алмау үшін, сенің көңіліне қарап қана мен өтінішіңді орындап жүргенмін. Бірақ қазір мен олай жасай алмаймын. Сен ренжіме,- деп түсіндіресіз.
Егер ол ренжитін болса, ештеңе етпейді. Ең бастысы, сіз сөзіңізде тұрыңыз. Ол ренжіп қалды деп көнпез болмаңыз. Себебі, манипуляторлар солай ренжіп қалады.
Сізге күту керек. Бір күн ренжиді, екі күн ренжиді. Сіз жай ғана тақырыпты ауыстырып жіберуге тырысыңыз.
-Міне, менің принципім осындай, жаным, маған ренжімеші, мен мұны қаламаймын, мен саған бере алмаймын парольді. Мені түсінгің келсе, онда өзіңнің парольіңді маған бер. Мен сенің атыңнан Instagram-да отырайын. Маған келген сайын мен сенің телефоныңды ақтарайын, картинка, архив бәрін оқып отырайын. Сол кезде сен, мүмкін, түсінетін шығарсың, маған қалай болатынын.
Ол келіспейді. Келісетін болса да, келген сайын барлығын өшіріп отыратын болады.
"Мен өзімнің самооценкамның төмен екенін көрсетіп қойдым" "Мен оған тәуелді екенімді көрсетіп қойдым. Яғни неге маған хабарласпайсың, неге мені іздемейсің, екі күн өтті сен суып кеттің, бір апта болды кездеспедік, сен маған келгің келмейді ма? Міне, осындай сияқты сұрақтарды қойып, мен оған тәуелді екенімді көрсетіп қойдым. Енді не істеймін?"
120
Некеге дейін...
Не істейсіз сіз? Жай ғана солай айтуды доғарасыз. Енді оған төмендегідей сұрақ қоймайсыз.
Қайда жүрсің?
Кіммен жүрсің?
Не істеп жүрсің?
Қашан келесің?
Ол басында біртүрлі болады. “Неге, ренжіп қалдың ба маған?- деген сияқты.
Жоқ, ренжігеніңізді білдірмеңіз. Тіпті ішіңіз күйіп, ренжіп тұрсаңыз да ренжігеніңізді білдіртпеңіз. Себебі, еркек сіздің интонацияңызға, дауыс мәнеріңізге, қас-қабағыңыз, тіпті отырған кезде қалай отырғаныңызға мән береді, ер адамдар қатты психологтар, олар барлығын байқайды. Сіз ренжіп отырсыз ба, әдейі істеп отырсыз ба, соның барлығын байқайды. Сол үшін сіз одан да ақылды, одан да асқан актриса болу керексіз.
Сізге бұл не үшін керек? Дәл осы кеңес арқылы ер адамда іштей қорқыныш пайда болады. "Байқаймын, мына қыз мені жақсы көремін десе де, кездесуге шықса да, жаным, күнім деп айтса да, маған тәуелді емес,- деп ойлайды.
Тәуелді емес адам не істейді? Кез-келген сәтте жоқ болып кетеді. Кез-келген сәтте айырылысып кете алады. Кез-келген сәтте адамның қателігін көрсе "Мен сені кешіре алмайды екенмін, сау бол,- деп айта салады. Ер адам оны түсінеді.
Ал сіз менің кеңестерімді орындамасаңыз, шыдамсыз болсаңыз, сабырлы емес болсаңыз, тәуелді екеніңізді көрсетсеңіз, онда ол не істейді? Ондай кезде ер адам сіздің ешқайда кетпейтіндігіңізге сенімді болады. Ондай кезде ер адам миына не келсе, басына не келсе соны жасайтын болады. Бар болады, жоқ болады, кешірім сұрайды, қателігін қайталайды, боқтамаймын деп, кешке жақын боқтап қояды, темекіні сенің көзіңше тартпаймын дейді, бірақ тартады. Не үшін олай істейді? Себебі, сіз "болды, сөйлеспей-ақ қояйық,- деген әңгімені айтасыз да , 2-3 күннен кейін қайтып келсе кешіре саласыз. Бұл сіздің әлсіз, өзіне сенімсіз, тәуелді екеніңізді көрсетеді.
121
Некеге дейін...
КИНОДАҒЫДАЙ ӘЙЕЛ БОЛЫҢЫЗ
Алдыңғы тақырыптардың бірінде "Думай как мужчина (2012)" киносын көріңіздер деген болатынмын. Ол кинода Стив Харвидің ережелерін әрекетке қолдана білген. Дұрыс қолданды ма? Қолдана алмады ма?
Бір қыз ер адаммен бір түн өткізгеннен кейін, ол ер адам үнемі жоқ болып кетеді. Бұны қалай түсінуге болады? Түн өткізу деп түсінбей-ақ қойсақ болады. Біз оны қолға жеңіл түсетін қыз деп қабылдайық. Себебі, біздің де өмірімізде сол кездеседі, біз де қолға түсетін қыз бола аламыз. Біздің өмірімізде де жігіттер пайда болып, кішкене сөйлескеннен кейін, бір кездескеннен кейін бірден жоқ болып кетеді. Неге? Себебі, алғашқы кездесуден бастап ер адамдар психолог сияқты қыздың өзін қалай ұстайтынын, өзін қалай сезінетінін біліп тұрады. Бірінші кездесуден бастап анализ жасайды. Нені? Танысқан қыз баланы қолға түсіру оңай болады ма? Әлде қиын болады ма? Өздері үшін соны шешеді.
Егер бірінші кездесуден, бірінші сөйлескеннен сіз оның кез- келген өтінішіне келісіп, кез-келген ұсынысына келісіп, қолға оңай түсетініңізді көрсетсеңіз, оған сіз тез қызық емес боласыз. Әйел адам еркек үшін тек екі жағдайда ғана керек болады. Біріншісі, тамақ ретінде, балыққа бару сияқты. Тамақ жеу үшін, өзіңе керек болғаннан кейін ғана балыққа барасың. Екінші нұсқасы - тек ойын үшін, жігіттерге мақтану үшін, көрсету үшін. Бізге бұл керегі жоқ. Бірінші нұсқа болу үшін не істеу керек? Яғни ол сізді керек болғаннан кейін қолына түсіру керек. Ол біріншіден, жігіттің өзіне байланысты. Ол сізбен танысып жатқан кезде қандай ниетпен танысып жатыр? Себебі оның мүмкін әйелі бар, мүмкін қызы бар. Қызы бар жігіттер өздерінің самооценкаларын көтеру үшін көп танысады ғой.
Кинодағы келесі күні жігіттердің барлығы жоқ болып кететін қызға қандай ереже көмектесті? "Правило 90 дней" деп тұрды, иә? 90 күн - 3 ай. Егер сіз шыдасаңыз, бізге бір ай да жетеді. Қол
122
Некеге дейін...
ұстасудан, құшақтасудан, сүюден, төсек қатынасынан және т.б. интимді тақырыптардан қашуға тырысу керек. Сізге интим жағынан сұрақ қойса, барынша тақырыптан қашуға тырысу керек. Егер интим жайлы жеңіл сөйлесе алатын болсаңыз, бұл кішкене жеңіл жүрісті қызды көрсетеді.
Тағы бір әйелдің түрі болды. Ол еркекшора әйел. Өзіне тым сенімді және ер адамға деген планканы жоғары көтеріп қояды. Бұл көрініспен нені жеткізгісі келіп тұр? Ол әйел адамның нәзік бола білуінде. "Менің қолымнан бәрі келеді, мен өзім-ақ барлығына қол жеткіздім, менің жанымда ондай жігіттер керек емес",- деп потенциалды жігіттердің өзінен бас тартады. Ал әйел адамның нәзіктігі оның көзқарасынан, жүрісінен, сөйлеген сөзінен көрінеді. Аспаз жігіт алыстан ол қызға қараған кезде, оған жақындауға, танысуға қорықты. Қарым-қатынасы өтіріктен басталды. Не үшін? Себебі, ол өзінің дәрежесі қызға тең емес екенін түсінді. Әйел адам планканы жоғары көтеріп, түрінен нәзік әйел емес екені көрініп тұрды.
Менің өзімнің таныс құрбыларым бар, әпкелерім бар. 30 жастан асқан. Бірақ әлі күнге дейін тұрмысқа шыға алмайды. Не үшін? Себебі ұзақ іздеп, ұзақ күтіп қалған, планкалары жоғары. Қазірден бастап сіз ер адамның идеал емес екенін түсінуіңіз керек. Оның әйтеуір бір кемшіліктері болады. Мүмкін карьера жағында, мүмкін анасымен бірге тұратындығында, мүмкін айлығының аздығында немесе мінездің жұмсақтығында, тіпті қаттылығында, жалпы өзіңіз үшін бір минус қателігінде көзді жұмып, қабылдай алатыныңызды түсіну керексіз. Барлық ережеге сай келетін ер адамдар қазір аз. Міндетті түрде ер адаммен алғашқы кездескенде, сақтау керек ереже бар. Ережені көрдіңіздер, иә? Жетістікке жеткен, тәуелсіз әйел несімен ұнады? Өзінің нәзіктігімен, себебі, Стив Харвидің кітабы бойынша ол алғашқы кездесуде жұмыс жайлы сұраған жоқ. Өзінің планкасының жоғары екенін көрсеткен жоқ. Нәзік екенін көрсетіп, жігітті шошытып алмады.
123
Некеге дейін...
Осы жерде мен "Счастливая жена" деген кітаптың алғашқы бір тақырыптарында жазылған ережесі жайлы айтайын. Не деп айтады? Ер адамда сыйлап, оған көнетін жерлер бар және көнбейтін жерлер бар.
Қай жерлерде көнбеу керек?
Біріншіден, егер физикалық тұрғыда қысым көрсетсе, сізге немесе балаңызға (ажырасқан болсаңыз). Түртіп қалу, итеріп қалу деген сияқты. Мұндай кезде көнуге болмайды.
Екіншіден, тәуелді болып қалу. Ол ішімдік, нашақорлық, азарт ойындары, карта деген сияқты. Оның барлығы ауруға жатады. Одан емделу өте қиын. Ол міндетті түрде аурухана арқылы, клиника арқылы, психотерапевттермен ғана емделуге болады. Сол үшін бұл нәрселерге көнуге болмайды. "Мен емдеп аламын, мен дұрыстап аламын" деген нәрсе болмайды.
Үшіншіден, “хронический изменник” деген қасиеті бар ер адамдарға көнуге болмайды. Егер сіздің күшті қабілетіңіз болса, ондай изменниктарды байқап қоятын боласыз. Тұрмысқа шықпай тұрып сіз бірден танисыз. Оның шынайы бейнесін көресіз. Тұрмысқа дейін де, кейін де, 20 жыл өтсе де, басқа қыздармен танысуын тоқтатпайды. Бұл шынымен де ауру. Олар үнемі соны қалап тұрады. Үнемі біреумен танысып, өзінің самооценкасын көтеріп тұруы керек болады. Егер 2-3 рет біреумен сөйлескенін, танысқанын ұстап алсаңыз, ол сізге ақталып жатса, "ой, ештеңе емес қой, жай дос ретінде ғой, сен түсінбедің",- десе, ойлану керек. Демек, ол хронический изменник. Ондайға көнуге болмайды.
Келесі көнуге болмайтын нәрсе - вербальное насилие және манипулятор. Вербальное насилие дегеніміз - ұрмай-ақ, соқпай- ақ, сіздің энергияңызды соратын адам. Сізді бақытсыз қылатын адам. Сарказм, кінәлау соның барлығы вербальное насилие болып табылады. Ондай нәрсеге көнуге болмайды. Ондай адамдар емделмейді. Өзінің күшті, жақсы екенін басқа адамды кемсіту арқылы түсіреді.
Бұлардың ешқайсысы жігітте жоқ болса, онда ойлану керек. Мүмкін көзіңізді жұмып қабылдай алатын жерлері бар шығар.
124
Некеге дейін...
Әрі қарай кино бойынша талқылайық. Мамасының баласы өзгермейді, дәл солай қабылдау керек, өзгеруі екіталай, өзгеруі өте қиын. Егер сіз мамасының баласымен бірге бас қосып, тұрмысқа шығайын деп жатсаңыз, сіздің ең бірінші мақсатыңыз - оның мамасымен татуласу, достасу. Мамасымен қосылып баласы туралы мақтап та, жамандап та, екеуіңіз бірге сырласа алатындай дәрежеге жету. Сол кезде ғана оның мамасын жеңе аласыз. Егер қазір сондай жігітпен жүріп жүрсеңіз және мынандай ой болса «мен мамасынан тартып аламын, мен оны түзеп аламын, ол мені қаттырақ жақсы көрсе, мамасынан бас тартады, оны үлкен жігіт қылып аламын» деп ойласаңыз, бұл үлкен қателік. Себебі, ер адам ешқашан әйелі мен анасының ортасында тұрмайды. Әлі күнге дейін көзім жетіп жатыр. Енелері ажырастырады, енелері келіндерін жаман күйде көрсетіп, ер адам жақсы көріп тұрған күннің өзінде суып кетіп жатады. Сондықтан сіздің ең бірінші мақсатыңыз - оны анасымен бірге қабылдау.
Мамасының баласы деген кім?
•Ақшасын, айлығын анасына береді.
•Сізге телефон алып беру үшін анасынан ақша, рұқсат сұрайды. •Сізге киім алып беруі үшін анасынан рұқсат сұрайды.
•Екеуіңіз киноға кетіп бара жатсаңыздар айтып кетеді.
•Бір жерге жұмысқа тұратын болсаңыз күйеуіңізден емес, оның анасынан рұқсат сұрайсыз.
•Барлығыңыз бірге тұрғанда үйге қонақты шақыра алмайсыз. Шақыратын болсаңыз анаңыздың алдынан өтіп, қандай адамдар, кімдер келетінін айтып, жеткізіп, сосын барып рұқсатын аласыз.
Жалпы айтқанда мамасының баласы ол өте қиын жағдай. Сол үшін сіздерге ойлану керек. Біздің менталитетімізді білесіздер. Қазақтың менталитетінде бірінші орында анасы тұрады, сосын барып бала тұрады, одан кейін ғана әйел тұрады. Сондықтан ойланыңыздар!
125
Некеге дейін...
КОМПЛИМЕНТ
Ер адамды қалай өзіңізге байлап алуға болатыны жайлы лайфхак. Бүгіннен бастап жігітіңізге немесе жаныңызда бар ер адамдарға комплимент айтасыз. Комплиментті тек әйел адамдар емес, ер адамдар да ұнатады. Қандай комплимент?
•Оның ерекше екендігі
•Ол сияқты адамды әлі кездестірмедіңіз
•Oл сияқты ешкім сізге сөз айтқан жоқ
•Ешкім бұл жігіт сияқты сізге қараған жоқ
•Ол сияқты қолыңызды ұстаған жоқ
•Бұл жігіт сияқты сізді кездесуге шақырған жоқ
Жалпы өміріңізде осындай керемет, тамсанатын жігітті көріп тұрсыз. Сондай жігіттің бар екеніне таңқалып жатырсыз. Бұндай сөздер ер адамның эгосына жағымды болады. Самооценкасын көтереді, құрметке ие болады. Оларға ең керегі өздерін ерекше сезінуі.
Кез-келген ер адамда толымсыз комплекс болады. Ол не? Ол үнемі өзін басқа адамдармен салыстыруы. Тіпті күйеулеріңіз болғанда да, комплиментті жалғастыра беру керек. Сіз оның барлығынан ерекше екенін көрсету арқылы өзіне деген сенімділігін арттырасыз. Бірақ бұл комплиментке сол күннің басқа уақытында тағы бір нәрсені қосу керек. Оған сізбен жолы болғанын білдірту үшін. Сіз сияқты қызды таба алмайтыны жайлы қосу керексіз. Бұл не үшін керек? Ол сіз оның артынан жүгіріп жүріп, сіз одан басқа еркекті көрмейтіндей ойлап қалмасын. Осы сөзіңіз арқылы ер адамға сіз алтын болып, бриллиант болып оның қолына түскеніңізді көрсетесіз.
126
Некеге дейін...
ЖІГІТІҢІЗ ҚОРҚЫТА БЕРСЕ, НЕНІ БАЙҚАУ КЕРЕК?
Егер сіздің жігітіңіз манипулятор болса, былай деп қорқытуы мүмкін:
•Егер мені тыңдамасаң, онда айырылысайық.
•Егер ол жерге баратын болсаң, онда қоя салайық.
•Егер мына нәрсені істемейтін болсаң, онда мен саған хабарласпаймын.
Міне, осы сияқты манипуляциялары бар.
Енді сіз не істеу керексіз?
Егер ең алғашқы манипуляциядан кейін өзіңізді тыңдайтын адам ретінде көрсетсеңіз, яғни “жарайды, жарайды, мен сені тыңдаймын, бастысы ешқайда кетпе, жарайды, мен сенің айтқаныңды орындаймын, бастысы манипуляцияңды жасама” дейтін болсаңыз, онда жігіт әрқашан, кез-келген жағдайда осы манипуляцияны қолданатын болады. Кез-келген іс-әрекетті осылай істеткісі келетін болады.
Еркелегіңіз келсе "Сен басыма шығып кеттің, есіріп кеттің",- деп тиісе бастайды. Хабарласпай кетсеңіз "Өзінше болып кетіпсің, өзінше болсаң, менде сондай боламын",- деп манипуляция жасайды. Ал сіз көнетініңізді көрсетпеңіз. Егер: -Достарыңмен баратын болсаң, онда осы жерден доғарайық,- деп айтатын болса, сіз не деп жауап бересіз?
-Жаным, егер біздің осыншама уақыттағы жылы жақсы қарым- қатынасымызды менің бір қыдырғаным үшін ғана бәрін тоқтатқың келетін болса, жарайды, сенің айтқаныңдай болсын,- деп айтыңыз. -Қазір менің қыдырғаным үшін мені осылай қорқытып жатырсың. Егер ертең саған тұрмысқа шығатын болсам, мен қалауымды істей алмай қалатын боламын. Демек, сен маған одан да артығын көрсетесің, одан да артығымен қорқытатын боласың.
127
Некеге дейін...
Осылай айту керек және қалауыңызды жасайсыз. Сіздің қыдырғыңыз келеді, бірақ ол "қыдырмай-ақ қойшы, жаным, мен сені қызғанамын,- деп емес, "егер қыдыратын болсаң мен сені тастап кетемін", "егер қыдыратын болсаң мен сені анаңа айтып беремін" тағы да осы сияқты сөздерді айтып манипуляция жасайтын болса, "жарайды" деп жауап беру керек. Жігіт қалай сіздің манипуляцияға көнбейтініңізді көреді, екінші рет олай істемейтін болады. Екінші рет сізді қорқытпайды.
Дәл осы манипуляцияны менің күйеуім жасайтын. Бір күні базарға барғанбыз. Базарда маған “Болшы тез-тез кеттік, не тезірек сатып ал, не үйге қайтамыз",- дейді. Үнемі сол сөзді қайталай береді. Ал мен болсам қазір кетіп қаламыз-ау деп уайымдағаннан, соның манипуляциясынан қорқып, заттарды тез алуға тырысатынмын. Мен бір күні шаршап: -жарайды кеттік,- дедім. Ол таңқалып қалды. Ылғи тез-тез заттарды сатып алатын мен, қолыма бір наннан басқа ештеңе алған жоқпын, "жарайды кеттік" дей салдым. Неге бәрін сатып алдың ба?- деп шошып кетті. Мен:
-Сатып алған жоқпын, бірақ сен мені қайта-қайта қорқыта бересің ғой, жарайды, сенің айтқанындай болсын,- дедім. Екінші рет тағы солай істедік.
Менің туысқандарыма қонаққа баратын кезде, ол тағы да қорқыта бастады. Бір сөзге келіспей қалдық, сосын ол:
-Менің ашуыма тие бермеші, әйтпесе мүлдем ешқайда бармай қоямын,- деп мені қорқытты. Бұл да манипуляция. Мен: -Жарайды, барғың келмесе бармай-ақ қояйық, Эльдар барғысы келмеді деп айтамын,- дедім.
Осыдан кейін ол ешқашан манипуляцияны қолданған жоқ. Сіздің де жігітіңіз солай істейтін болса, жарайды деп келісуге тырысыңыз. Бір рет келісіңіз, екі рет келісіңіз, үш рет келісіңіз. Ол сосын сізге манипуляцияның өтпейтінін түсінеді.
128
Некеге дейін...
ҚАЙ КЕЗДЕ ЖІГІТТЕН БАС ТАРТУ КЕРЕК БОЛАДЫ?
Бұл тақырып жігітімен айырылысқысы келіп, бірақ айырылыса алмай жүрген қыздарға арналады. Яғни жігітіңіз сізді бағаламай, құрметтемей, қалай болса солай қарым-қатынас құрып жүрсе, сіз онымен әлі де айырылысып кетпесеңіз, онда бұл тақырып дәл сізге арналады.
Біздің планетамызда 3,5 миллиард ер адам бар екен. Қазақстанда 18 миллион адам бар. Оның 9 миллионы ер адам. 9 миллион адам еркек, ал біз болсақ өзімізге ұнамайтын қасиеттері бар немесе түзегіміз келіп, одан жалынып, жалбарынып жүретін ер адаммен әлі де біргеміз. Не үшін біз солай жасаймыз? Біз түкке тұрғысыз жігітпен қосыламыз да, ол бізді адам құрлы көрмейді. Ол бізді бағаламайды. Ал біз оны жақсы көріп, оның мәселелерін шешуге тырысамыз. Ол бірде жоқ болып кетіп, мәселесі пайда болса қайтып келеді. Ал біз әйел адам соған мәзбіз. Ол қиыншылық кезде басқа қыздарға емес, тек сізге ғана келеді. Сосын біз өзімізді ерекше сезінеміз. "Ол маған келіп қиыншылығын айтып, ашылып жатыр, жүрегін ашып жатыр, демек мен оның өмірінде ерекше орын алып жатырмын,- деп ойлаймыз. Жоқ олай емес. Білесіз бе, не үшін ер адамдар көңіл-күйі де, өмірі де, қыздармен қарым-қатынастары да керемет болып жатқан кезде сізге келмейді, ал басына іс түскенде сізді іздеп, құшағыңызға жайыла кетеді. Не үшін? Себебі, сіздің ыңғайлы болғандығыңызда және ер адам өзінің самооценкасын көтеріп, өзінің біреуге керектігін сезінуде.
Қарым-қатынасыңыз керемет, егер жігіт жақтан сізге күшті сезім бар болып жатса, әрине, қолдау көрсету өте жақсы нәрсе.
Ал егер жігітіңіз бірде бар, бірде жоқ, бірде көл, бірде шөл, қиындық туғанда ғана келіп, күшті болып 1 апта жүріп, қайтадан сол әдетіне басса, онда ер адам сол қиыншылық кезінде өзінің біреуге керектігін сезінгісі келеді. Есіне кім бірінші түсетінін білесіз бе? Ол үнемі қабылдай білетін, үнемі күліп қарсы алып:
129
Некеге дейін...
"Жаным, барлығы жақсы болады, сен маған керексің",- деп айта алатын қызды есіне алады екен. Сосын жағдайы жақсарады. Көңіл-күйі көтеріледі. Басқа қыздар бар екенін түсінеді. Солармен таныстық басталады. Сізбен іші пысады, тағы әдетіне басып, жоқ болып кетеді.
Егер жігітіңіз қазір сізге бақытсыздық әкеліп жатса, ол манипулятор болуы мүмкін. Енді не үшін сіз оны үнемі қабылдап, кешіріп, сөзіне сенесіз? Көп әйел адамдар "Мен оны жақсы көремін",- деп махаббаттарына ысыра салады. Бұл махаббат емес. Бұл әйел адамның табиғатында бар, біреу үшін уайымдау, бауыр басқаннан кейін ол адамды уайымдайсың, сіз де сол адамды түзу жолға қойып, түзеп алғыңыз келеді. Ресейдің фильмдерінде болады ғой, басында жігіт бабник болады, қыздармен көп жүреді, өтірік айтады, сосын аяқ асты қызының сондай керемет, күшті екенін түсініп, қайтып келіп, 180°-қа өзгеріп, отбасыны бірінші орынға қоятын адамға айналады. Міне, біздің сондай арманымыз бар сияқты.
Біздің ойымызда тұратыны ол жаман адамнан жақсы адамды шығару керек. Егер біз өмірімізде бір керемет, барлық қасиеттері біздің арманымыздағы жігітке сәйкес келіп тұратын болса, неге екені белгісіз ол адамға қарағымыз келмейді. Бізге керісінше жаман адамды түзеген ұнайды. Ал жақсы адамның түзететін жері жоқ қой, жақсы адам тым іш пыстырарлық, сізді ренжітпейді, жылатпайды, айтқаныңызды істейді, артыңыздан жүгіреді. Қарап тұрсаңыз керемет еркек. Сол сіздің күйеуіңіз болса, арманыңыздағы күйеуіңіз болады. Бірақ біздің бір қырсықтығымыз бар және төмен самооценка. Егер біз ер адамды қабылдай алатын болсақ, кешіре берсек немесе өзіміз бірінші қадам жасай берсек, демек біздің самооценкамыз өте төмен.
Егер бірде бар, бірде жоқ жігітпен айырылыспасаңыз, сіздің алдағы бірнеше жылыңыз қалай өтетінін айтайын.
Біріншіден, сіздің барлық уақытыңыз, минутыңыз ол жігітті түзеумен өтеді.
130
Некеге дейін...
Екіншіден, түзеп жатқан уақыттың барлығында айналаңыздағы бүкіл керемет, красавчик, сіз десе жанын беретін жігіттердің ешқайсысын көре алмай қаласыз. Себебі, сіздің назарыңыз тек қана сізді бағаламайтын жігітте. Сосын жігіт сізді жақсы көремін, екеуміз үйленеміз деп, сізді әйел қылып алады.
Әрі қарай не болатынын айтайын. Егер ол жігіт намаз оқымаса, Алладан кешірім сұрамаса, түзелемін деген ниеті болмаса, үйленгеннен кейін жігіт екі есе жаман жақтарын көрсете бастайды. Тойға дейін жақсы болған адам, тойдан кейін сол жақсы болған қасиеттерінің, жақсы амалдарының жартысын жоқ қылады. Тек қана жартысы ғана қалып қалады. Тойға дейін сізге көрсетпеген жаман қылықтарын, тойдан кейін барынша көрсетуге тырысатын болады. Барынша сізден құтылуға тырысатын жігіт сияқты көрінетін болады.
Енді ойланыңыз. Қазір сіз қиналып, жылап жатырсыз. Араларыңыз суып кетіп, ол артыңыздан жүгірмек түгілі сізді жүгіртіп қойған. Тойға дейін сіз осындайсыз. Сіз "ертең бір үйде тұрамыз, ол мені күнделікті көреді, таңертең шайын беремін, түнде басқа нәрсесін беремін, сол кезде менен айналшықтап шыға алмай қалады, күнде боянамын,- деп ойлайсыз. Иә, негізі, бұл ойыңыз дұрыс. Бірақ сіз үнемі жаман қасиетке жақсылықпен жауап бере алмайтын боласыз. Неге екенін білесіз бе? Тіпті қазір мен айта аламын, менің күйеуіммен тұрып жатқаныма аз уақыт өтті, соның өзінде ол мені ренжітіп қойса, аяқ асты ашуланып кетсе, сабыр сақтап оған "таспен ұрғанды, аспен ұр" деген мақалды қолдана алмай қаламын.
Сіздің қазіргі нашар жігітіңіз ертең тура осы нашар қылықтарын көрсетуді жалғастырады. Сол кезде бетіне күліп, жақсы болып, идеально әйел бола аласыз ба? Тойдан кейін одан сайын истерика басталады. "Неге достарыңа кете бересің? Неге үйде отырмайсың?" - деген сияқты жылайтын сөздеріңіз пайда болады.
131
Некеге дейін...
Не істеу керек?
Біріншіден, егер жігітіңізді қазір тастай алмасаңыз самооценкаңызды көтеру керек. Қалай сіздің планкаңыз сол жігіттің дәрежесінен сәл жоғары көтеріліп, өзіңіздің самооценкаңыз түзелген кезде, басыңызда идея пайда болады. Өз- өзіңізге күле бастайсыз. "Қалай мен осы жігітпен сөйлестім,мен өзімді соншалықты ұмытқаным ба?"- деп күле бастайсыз.
Егер де сіздің самооценкаңыз төмен болып, ол жігітпен "болды, мен айырылысамын"деп нүктесін қойсаңыз, мұндай қарым- қатынастан құтылғаныңызға әзірге қуанбайсыз. Себебі, сіз салдарынан құтылдыңыз, ал себептен құтылған жоқсыз. Себебі қандай? Ол төмен самооценка. Қазір жігітіңіз өтірікші, бабник, сізді мүмкін ұратын шығар, мүмкін боқтайтын шығар, мүмкін жоқ болып кететін шығар. Осының барлығын түзетіп, артыңыздан жүгіртетін керемет жігіт қылғыңыз келсе, оданда барлығын қазір- ақ тастаңыз. Себебі, бұл бос уақыт өткізу. Өтірікшілер әрқашан өтірікші болады. Манипуляторлар әрқашан манипулятор болып қала береді. Бабниктер бабник болып қала береді. Ғасырлар бойы әйел адамдар ер адамды өзгерткісі келетін. Бірақ менің байқауымша әйел адам өзі өзгермесе, өзінің көзқарасы өзгермесе бұдан ешқашан нәтиже шықпаған. Яғни өзі бір қалыпта қалып қалады. Төмен самооценка, сенімсіздік, тәуелділік осының барлығы бар, бірақ жігітті өзгерткісі келеді. Бұл нәрседен ешқашан нәтиже шықпаған.
Бұл адамнан бас тарту керектігін қалай түсінуге болады? Біріншіден, жүріп жүрген жігітіңізді ата-анаңызға таныстыруға қорқасыз. Жігітіңізді достарыңызға таныстыруға қорқасыз. Таныстарыңызға айтатынын айтып, бетпе-бет кезіктіріп, бір жерде отыруға ұяласыз, қысыласыз, қорқасыз. Сізде қорқыныш бар немесе сіздің жігітіңіз шынымен де ұнамауы мүмкін. Әйтеуір бір жерін, қасиетін ата-анаңыз да, достарыңыз да құптамайды.
Барлығының айтатын сөзі бір. Сол кезде сізге ойлану керек. Не үшін оларға бұл жігіт ұнамауы мүмкін? Бірақ сіз жігітті ақтап алуыңыз мүмкін. «Менің ата-анам оны жақын танымайды, олар түсінбейді оны»,-деп ойлауыңыз мүмкін. Сыртынан барлығы жақсы болып көрінеді. Сіз қарым-қатынастың ішінде жүріп,
132
Некеге дейін...
махаббатқа көзіңіз байланып жүрген кезде, олар да сіздің жігітіңізге ғашық емес қой? Сондықтан жігітіңізбен танысқан адамдар "ақты ақ, қараны қара" деп айта алады. Факттарға көзіңізді жұмбаңыз. Көзіңізді жаппаңыз. Сүйікті ер адам, сізді жақсы көретін ер адам ешқашан қызды артынан жүгіртіп қоймайды. Жылатпайды, тіпті қыздың жылап жатқанын көрсе жүрегі жарылып, ашуланған түрін жұмсартып, сізді бірден тынышталдыруға тырысады. Егер ұрыс кезінде ол еркекпен ұрсысып жатқандай ауыр сөздер айтып "мен сенімен ұрсысып жатқанда ештеңе көрмей қаламын, өз-өзімді ұстай алмай қаламын" деген сияқты сөздерді айтса, онда бұл ер адам ертеңгі күні қатты ашуына тисе қол көтере алатын адам деп айта аламын. Себебі, сіз өзіңізді ұстап жатырсыз ғой онымен ұрсысқанда, боқтағыңыз келсе де боқтамайсыз, ұрғыңыз келсе де ұрмайсыз. Тіпті жыласаңыз да оны кемсітіп, намысына тиетін сөздер айтпайсыз ғой? Егер сізді жақсы көрсе, ашуына тиіп тұрсаңыз да өз-өзін неге ұстай алмайды? Демек ол сіздің көңіліңізге қарағысы келмейді деген сөз. Оған сіздің көңіліңіз, сыйластығыңыз, құрметіңіз әзірге маңызды емес деген сөз.
Немесе тағы бір нұсқа бар. Ұрыстан кейін сіз ешқайда кетпейсіз, көңіліңіз қалса да бәрібір жақсы көріп, әрі қарай татуласып кешіре салатыныңызды біледі. Мүмкін дәл солай сіз бағаңызды түсіріп алдыңыз. Мен түсініп тұрмын, жақсы көремін деген сезіміңіз бар, бауыр басып қалдыңыз, қаншама уақыт өтті, қаншама энергияңызды жұмсадыңыз, байланып қалдыңыз.
Сізге қазір сұрақ қойғым келеді. Сізге депрессияда болған ұнайды ма? Стрессте үнемі жүрген, үнемі жылаған, ашуланған сізге ұнайды ма? Кешке жақын ол қоңырауды алмаса, сізге жауап бермесе жынданып, уайымдап, не істеп жатыр, кіммен жүр, қайда жүр, неге хабарласпайды деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп, соның аузына қарап отырған ұнайды ма?
Сонымен бұл жігітпен айырылысқыңыз келмейтін екі себеп бар. Біреуі төмен самооценка, екіншісі оның махаббатын, сізді құрметтеуін күту. Аяқ астынан ол өзгеріп, сіз жеңетін сияқтысыз. Көп әйел адамдар жалғыздықтан қатты қорқады. Біз жек көреміз жалғыздықты. Бұл жігіттен айырылып қалсақ, басқа ешкімді
133
Некеге дейін...
таба алмайтын сияқтымыз. 40-50 жастағы үлкен кісілер емеспіз ғой. Балаларымыз жоқ. Мүмкін беріліп қойған шығарсыз, "мен қазір бұл жігіттен айырылып қалсам, мені ешкім әйел қылып алмайды"- деп ойлайтын шығарсыз. Сол үшін барлық отына да, суына да төзіп жүрген шығарсыз. Немесе ол сізге өтірік айтты: міне 1-2 айдан кейін той,-деп қыздығыңызды алып қойды. Сіз ата- анаңызға айтып қойдыңыз. Айырылысқыңыз келеді, бірақ жанындағы себептер өте көп.
Мен сізге барлығы уақытша деп айтқым келеді. Біз дәл қазіргі сәттен қорқамыз. Дәл бүгін бізге анамыз ұрысады, дәл қазір бізге туысымыз сөйлейді. Дәл қазір мен қиналамын жігіттен айырылып қалсам. Бірақ біз бір жылдан кейінгі, екі жылдан кейінгі уақытты ойлағымыз келмейді. Ойлаңызшы екі жылдан кейін не болады өміріңіз? Дәл осы жігітпен қиналып жүргендей, әлі солай қиналып жүресіз ба? Не өзгереді? Егер қазір сізге жаман қарым- қатынасы бар, сізді қинайтын адамнан бас тартсаңыз, екі жылдан кейін сіз өміріңізді қалай өзгертесіз? Мүмкін осы жігіттен бас тартқаннан кейін, алдыңызға керемет жігіт кездесетін шығар. Сізді бағалайтын, көңіліңізге қарайтын, алақанында ұстайтын, сұратпай-ақ көңіл бөлетін, сізді уайымдап жүретін, сіздің кез- келген арманыңызды орындауға дайын жігіт кездесетін шығар. Дәл қазіргі уақытпен өмір сүрудің қажеті жоқ сізге. Себебі, қазіргі нәрседен қорқатын болсаңыз, ертеңгі керемет бақыттан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Қазіргі сөйлесіп жүрген жігітіңіз сізбен бірге болуға тұрарлық емес екенін қалай түсінуге болады?
Біріншіден, өтірігін көп айтады. Сіз, мысалы, оны тексеруіңіз мүмкін. Қайда болды, кіммен болды? Ал ол сіздің сол шындықты білетініңізді білмей жатып, өтірік айтады. Мүмкін досымен клубта болған шығар. Ал сізге: «Анама көмектестім, телефонды алған жоқпын»,- деп айтады. Мүмкін сізге "жұмыста болдым" деп айтқан шығар. Ал сіз бүгін оған демалыс екенін білесіз. Мүмкін сізге: телефон батарейкасы өшіп қалды,- деуі мүмкін. Ал сіз досыңыздан білдіңіз, қолы бос, сізге хабарласа алады. Яғни сіз біліп қойған кез-келген өтірік.
134
Некеге дейін...
Екіншіден, изменадан ұстасаңыз, тіпті төсек қатынасы оларда болмаса да, жай ғана телефонмен танысса, лайк басып, оған "танысайық қарындас" деп жазса, жай кездесіп қалса, кафеде екеуі қол ұстасып отырса, жалпы измена деген - кез-келген басқа қызбен сөйлесіп, қарым-қатынас құруға тырысуы. Бұның барлығын біліп қойып, ол сізге: «мен сені тексердім, сен түсінбей қалдың»,- деген әңгімелерінің барлығы бос сөз. Барлық жігіт 100% бірнәрсені ғана айтады. Ол менікі емес, ол досымдікі. Мен сөйлескен жоқпын, досым сөйлесті. Маған хабарласқан жоқ, досыма хабарласты. Немесе сізге керісінше жау шаптыруы мүмкін. "Не үшін телефонымды ақтарасың? Не үшін менің атымнан кіресің? Қандай құқығың бар мені тексеруге? Мен білгенмін солай жасайтыныңды, әдейі сөйлестім ол қызбен",- деген сияқты әңгімелер айтады.
Тұрмысқа дейін бір рет сізді алдап, басқа қызбен ұсталып қалса, мен сізге 200% айта аламын, ол тұрмыс құрғаннан кейін сізді алдап, басқа қыздармен сөйлесетін болады. Әрине, егер дінге жақын болып, Алладан кешірім сұрап, ойын толықтай өзгертсе, сондай кезде ғана түзеледі деген ойым бар. Ал басқа нұсқаларда жоқ. Жігіт міндетті түрде әдемі қыздарға бір қараса, үнемі қарайтын болады. Басқа қызбен бір сөйлессе, үнемі сөйлесетін болады. Сіз мұны өзгерте алмайсыз.
Өзіңізге сұрақ қойыңыз. Егер сіз бір жігітпен сөйлесіп, жігітіңіз жасаған қылықты сіз жасасаңыз, жігітіңіз біліп қойғанда ашуланар ма еді? Қызғанар ма еді? Сізбен айырылысып кетер ме еді? Егер иә деген жауап болса, онда бұл 100% измена. Егер ер адам сізге ештеңе бере алмаса, тіпті уақытын бере алмаса, оның көлігі жоқ 27-ге келді, 30-ға келіп қалды, сізге ойлану керек. Студент болса онда көп нәрсе кешірімді. Себебі, студент жігіттердің өмірлері әлі алда. Ол сізге кішкентай сағыз берсе де оған қуануға болады. Артық нәрсені сұрау әзірге керек емес. Ал егер ол оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүрген адам болса немесе оқуын бітіріп жұмыс істемейді, ақшасы жоқ, анасымен бірге тұрады, өзіне жауапкершілігін алғысы келмейтін адамнан бас тарту керек. Ақшаны достарынан, картадан, ойыннан, қарыздан, әйтеуір, бір жерден тауып, өз еңбегімен емес біреудің жеңіл табылған
135
Некеге дейін...
ақшасымен жүретін жігіт болса, ондай адамнан бас тарту керек болады. Өз таңдауыңыз, өз қалауыңыз.
Бірақ мен үнемі айтатын нәрсем - жігітпен жүргенде потенциальды түрде күйеуім деп қарайсыз, иә? Жайдан-жай жүріп жатқан жоқсыз ғой. Егер сіз өзіңізге күйеу таңдап жатсаңыз, міндетті түрде миды қосу керек, жүректі өшіру керек. Ойланатын кезде жүректі, сезімді, махаббатты, бауыр басып қалдым деген нәрсенің бәрін өшіру керек. Тек миды қосу керек. Ол ертең сізге не бере алады? Сіздің жігітіңіз бұрын ажырасқан болса, балалары болса, ал сіз әлі қызсыз. Негізі Құранда да "тең- теңімен" делінген. Егер сіз қазір ажыраспаған қыз, таза болсаңыз, ал жүріп жүрген жігітіңіз ажырасып кеткен, баласы бар, алимент төлеп жүрген біреу болса, онда ондай адамнан бас тарту керек. Өмір бойы қиналғыңыз келмесе, бас тартыңыз.
Егер сіздің жігітіңіз ешқашан сізге ақшасын жұмсамаса одан бас тартыңыз. Сіз бір жыл жүріп жүрсіз, жарты жыл жүріп жүрсіз, тіпті сізге бір тиын да жұмсаған жоқ. Кешірім сұрағанда да, кездескенде де далада жүресіздер. Әрине, егер студент болмаса. Бірақ менің күйеуім студент кезінде де қайдан ақша табатынын білмеймін, әйтеуір тиын-тебен тауып, маған келіп, кішкентай дүниелерді жасаса да, арзан болса да менің көңіліме қатты жағатын. Сыйлық болмаса да асханада отырып тамақ жеуіміздің өзі мен үшін өте керемет болатын. Себебі, бұл жігіт жұмысы жоқ студент болса да, ақша тапты.
Ал егер жігітіңіз сізден аяйтын болса, қазірдің өзінде аяйтын болса, елестетіңізші, тойдан кейін не істейді? Жалындырып қояды. Қазіргі кейбір еркектерге тіпті керек заттарыңды алдырту қиын. Сондықтан ойланыңыз.
136
Некеге дейін...
СІЗДІ ҚОЛДАНЫП ЖҮРГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
Сізді қолданып жүрген жігітті қалай тануға болады? Қалай түсінуге болады?
Бұны түсіну қиын емес. Біріншіден, ол екеуіңіздің қарым- қатынастарыңызға ешнәрсе бермейді. Яғни барлық амалдың инициаторы сіз боласыз. Ол сізге не уақыт бермейді, не сыйлық бермейді, не көңіл бермейді, жалпы айтқанда сіз үшін талпыну болсын, тырысу болсын ештеңе жоқ.
Сіз іздесеңіз ғана әңгіме болады. Сіз сұрасаңыз ғана келеді. Сіз жоқ болып кетсеңіз, сізді іздемейді, сұрамайды. Мысалы, оған ренжіп, күні бойы оған хабарласпай қоясыз немесе екі-үш күнге жоқ болып кетесіз. Сол сәтте ол сіздің қырсығып жатқаныңызға екі-үш есе қырсығып, жауап қатпай қояды.
Егер ол сізді көндірсе, "өлердей жақсы көремін, сен үшін барлығын жасаймын, қолымнан келгенін жасаймын, үлде мен бүлдеге ораймын"- деген әңгімелерді айтады. Бірақ ісіне келген кезінде ешнәрсе жоқ. Ол тек қана сөзбен сізді жақсы көреді. Ол айтады "мен сені жақсы көремін, ал сосын көлігіңді бере тұршы" немесе "мен сені жақсы көремін, 5000 теңге жібере тұршы, кешке жақын қайтарып беремін" дейді де, мүлдем қайтармауы мүмкін. "Мен сені жақсы көремін",- деп бір көмек сұрайды. Егер сіз көмектеспесеңіз, ренжіп, қабағын түйіп, қырсығып жоқ болып кетеді.
Мұндай сәттерде сізде интуицияңыз оянады. Интуиция міндетті түрде сізді қолданып жатқанын айтады. Мүмкін сіздер қазір төсек қатынасына түсіп қойған шығарсыздар. Мен сені жақсы көремін, біз екеуміз үйленеміз, мен ата-анама айтып қойдым,- деп көндіруі мүмкін. Мүмкін ата-анасына айтқан шығар. Мынандай жігіттер болады, әрбір сөйлескен қыздың барлығын, анасына айта береді. Бұл ол үшін қалыпты. Ал сіз: "анасына айтты ғой, мені таныстырды ғой, демек шынымен де жақсы көреді, шынымен де екеуміз үйленеміз",- деп ойлайсыз. Ол "Мен сені жақсы көремін, мен еркекпін, маған керек ол нәрсе. Сенімен болмасам онда басқа біреумен боламын",- деп манипуляция басталады.
137
Некеге дейін...
Сіз беріліп қоясыз. "Егер сен қыз болсаң, онда маған дәлелде",- деген манипуляциясы болады. Қалай сіз оған жыныстық қатынаста беріліп қоясыз, ол бірден сізді қолданатын болады. Не үшін кездеседі? Тек қана өзіне керек нәрсесін алу үшін. Ешқандай кездесу, киноға бару, кафе, ресторан, сыйлықтар, 8 наурыздағы құттықтау, түнгі 00:00-де келіп сізді туған күніңізбен құттықтау, ешнәрсе жоқ. Тіпті уақыт бөлмейді. Ол сізді есіне тек қана төсек қатынасы керек болып қалған кезде түсіреді. Ал сіз одан бас тарта алмайсыз. Сіздің құлағыңызға өтірік әңгімелерді құятын болады. "Менікі ешбір қызға қозбайды, тек саған ғана. Қанша қыздармен болып көрдім, мен сондай жаман жігіт болдым. Бірақ саған келген кезде мен өзгердім. Басқаларға қарай алмаймын. Сені көрсем миым өшіп қалады. Басқа қыздардың барлығы маған жеккөрінішті, төсек қатынасынан кейін мүлдем жек көріп кетемін ондай қызды. Ал сенімен олай емес. Сені құшақтағым келеді. Сені сүйгім келеді"- деген сияқты неше түрлі сөздерді құлағыңызға құюы мүмкін.
Мен не үшін қазір төсек қатынасы туралы тақырып қозғап жатырмын? Себебі, маған бірнеше қыз жазды. "Болып қойдым, қазір өкінемін. Болып қойғанның өзінде қазір жігітім келіп тұрады, көрісіп тұрамыз. Мен түсінбеймін мені жақсы көреді ме, әлде қолданып жүрме?". Дәл осы тақырыпты қозғаған себебім осы.
Егер сізбен тек төсек қатынасы үшін ғана кездесіп жатса, мысалы, зайырлы көзқарасты жігіттер бар. Сіздің қыз емес екендігіңізге мүлдем көңіл аудармайтын, оларға маңызды емес. Бірақ ондай емес жігіт болса, егер ол өзінің әйелі таза, қыз болғанын қаласа, онда сізді қолданып-қолданып тастап кетеді.
Қазіргі жігіттердің екі көзқарасы бар. Біріншісі - зайырлы көзқарас. Яғни оған тойға дейін бола ма, тойдан кейін бола ма маңызды емес. Ал екінші көзқарас- тек қана таза қызды әйел қылып үйге алып келеді. Үйде оның ақ төсегін тексереді. Қыз болып келгендігіне жеңгелері көрімдік сұрайды. Сондықтан егер
138
Некеге дейін...
сізге "Мен сені жақсы көремін, екеуміз үйленеміз",- деген әңгімелерді айтып, тіпті бір жыл уақыт өтпей ол жігітпен болып қойсаңыз, бірден сізде "мені қолданып жүр" деген ой пайда болады.
Қалай тексеруге болады? Алпыс күн бойы оған кешке шықпай, тек қана күндіз шығу. Соны қолданып көруге болады. Бірақ егер қазіргі жігітіңіз жай ғана жарты сағат отырып әңгімеңізді тыңдау үшін келмесе, тек қана жыныстық қатынас үшін ғана келіп, тіпті бір кездесуіңіз ондай қатынассыз бітпесе, онда бұл адам сізді қолданып жүр деген сөз. Яғни оның өмірінде басқа беретін әйел жоқ. Оңай, тегін берілетін тесік ол сіз (сізге жету үшін осылай грубо айтайын).
Ертең ол сізді әйел қылып алса да, тұрмысқа шыққанда бетіңізге басады. "Сен маған беріліп қойдың, мен болмасам басқа жігітке де беріліп қояр едің". Немесе "қан болған жоқ" деген сияқты әңгімелері басталып, сізден күмәндана бастайды.
Тойға дейін сіз шыдаған жоқсыз. Бағаңызды, құндылығыңызды түсіретін, кінәлайтын сөздерді айта бастайды. Тойға дейін өзінің қыздығын сақтаған қыз бала, еркек үшін өмір бойы бағалы болып өтеді. Біздің қазақи менталитетімізде сол.
Сізді қолданып жүргенін тағы қалай түсінуге болады?
Егер сіз жұмыс істеп жүрген қыз болсаңыз, ол жұмыс істемей жүрген жігіт болса немесе ақшасы бар, жұмыс істейді, бірақ сізге ешқандай ақша жаратпайды. Кафеге барған кезде не бөліп төлейсіздер немесе сіз ғана төлейсіз. Ол: "Менің ақшам бітіп қалды, мен ұялып жүрмін сенімен кездесуге",- деп айтуы мүмкін. Менде бар ғой, менікі сенікі деген болмай-ақ қойсын, біз отбасыдай болып кеттік,- деген сияқты сөзіңізді күтеді. Ол үнемі сіздің көлігіңізді сұрауы мүмкін. Немесе сіздің пәтеріңіз бар және азаматтық неке болып жатса, сіздің үйіңіз үшін сізді қолданып жүруі мүмкін. Ол сізден ақша сұрауы мүмкін. Ақшаны бермесеңіз ренжиді. Немесе жүріп жүргеніңізге 5 жылдан асып кетті, бірақ әлі күнге дейін ол сізге "маған тұрмысқа шықшы,
139
Некеге дейін...
үйленейік" деген сияқты ұсыныс жасап жатқан жоқ. Қазіргі кез ол үшін ыңғайлы. Немесе сіз оның запасной вариантысыз.
Сізге 100% көмектесетін үш вариант бар, яғни түсінуге көмектеседі.
Біріншіден, бұл интуицияңыз. Егер интуицияңыз "бұл ер адам сізді қолданып жатыр, бұл адам сізді жақсы көрмейді, тек бос уақыты үшін ғана сенімен жүріп жүр",- деп айтып жатса, тыңдаңыз интуицияңызды. Интуиция бостан бос айтпайды. Екіншісі, егер қарым-қатынастың бүкіл жұмысын сіз жасап жатсаңыз, 80%-ын сіз жасайсыз, ал 20%-ы оның келісуімен ғана өтетін болса, онда ойлану керек.
Үшіншісі, егер сізге ешқандай нәзік, жұмсақ махаббатын көрсетпесе, ойланыңыз. "Мен сондай қатты адаммын",- дейді. Ешқандай көңіл бөлу жоқ. Ешқандай достарымен кездесуге бірге шығару, үнемі сізді достарынан тығады, ешкімге көрсеткісі келмейді, өтірік қызғанамын дейді, ал негізінде ол сіз туралы ешкімге айтқан жоқ. Сырттай ғана біледі немесе ол сіз туралы айтқандай болады да, бірақ негізінде бірінші қызы туралы айтатын шығар.
Сондықтан ойлану керек. Мүмкін мынандай сұрақ туындайтын шығар:
Егер оған бәрібір болса, онда неге ол менімен айырылысып кетпейді?
Неге ол мені тастап жай ғана нүкте қоя салмайды.
Менің жалғыз жауабым: жай ғана оған аяқ асты керек болып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан сізді запасной вариант ретінде ұстап отырады. Не үшін керек болып қалатыныңыз маңызды емес. Төсек үшін ба? Эмоцияналды дәрежеде ма?Қиыншылық туғанда сізге келеді, көмек сұрайды. Мүмкін осы үшін керек болып қалатын шығарсыз. Ал сізбен айырылысатын болса, "басқа қызым бар"-деп тастап кетіп қалса, ол оған керек кезде қайтып оралмауы мүмкін. Орала алмауы мүмкін, яғни сіз оны қабылдамайсыз. Сол үшін сізді алдап, бүгін-ертеңімен тойдырып жүре береді. Ол оған бәрібір емес сияқты өтірік түр жасауы мүмкін. «Мен сені бүгін түсімде көрдім»,- деп айтуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы өтірік.
140
Некеге дейін...
САМООЦЕНКАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА
ӘСЕРІ
Бұл тақырыбымыз самооценка жайлы болады. Яғни біз өзімізге деген сенімділік, ер адаммен қарым-қатынастың ең маңызды факторы жайлы сөйлесеміз. Ер адаммен қарым-қатынас құрғанда 90% нәтижелі қарым-қатынас қайдан шығады? Ол әйел адамның самооценкасының күшті болуына байланысты. Егер сіздің қарым- қатынасыңызда нәтиже шықпай, не болып жатқаны түсініксіз болса немесе өміріңізге үнемі измена жасайтын жігіттер, сіздің ойыңыздан шықпайтын немесе ренжіте беретін жігіттер кездесе берсе, ең бірінші ойланатын нәрсе не? Ол сіздің самооценкаңыз. Қаншалықты ол жоғары? Қаншалықты өзіңізді жақсы көресіз? Қаншалықты өзіңізге сенімдісіз? Адамның өзін бақытты, бақытсыз сезінуі самооценкаға байланысты деп айтар едім. Неге екенін білесіз бе? Себебі, бақытсыз адамның сөзін тыңдасақ, олар не деп айтады? Менің қолымнан ештеңе келмейді, үнемі нәтижесіз амалдар шығады, бірнәрсені бастасам аяғына дейін жеткізе алмаймын, мені тастап кете береді, мына жігіттен айырылып қалсам басқа ешкім менде болмайды. Жалпы самооценкасы төмен адамның сөздерін айтады. Сол сөздер арқылы ол адам өзін бақытсызбын деп есептейді.
Ал бақытты адам не істейді? Айналамдағы самооценкасы ұшып тұрған қыздарға қарап, мен олардың бақытты екенін көремін. Олар ешнәрседен күмәнданбайды. Әрнәрсеге жеңіл қарайды. Ештеңені қиындатпайды. Мысалы, самооценкасы төмен адамның өмірі үнемі қиыншылыққа толы болады, әр кішкентай нәрсеге ашуланып, ренжіп, "неге менімен үнемі осындай болады"- деп, сондай сөздер арқылы самооценкасында, бақытсыздығында арттырады. Ал бақытты адам не істейді? Мысалы мен өте сирекашуланамын. Мені ашуландыратын тек қана менің шекарамнан біреу өтсе, сол мені ашуландыруы мүмкін. Ал ол дұрыс нәрсе. Самооценкасы жоғары адам тек сол нәрсе үшін ғана ашулана алады. Ал өзіне байланысты емес, сырттағы мәселелерге адам жеңілірек қарауы керек. Мысалы мен талай жағдайларды естідім.Пойызға үлгермей қалды, автобусқа үлгермей қалды, сол үлгермей қалғанның есебінен ол өмірін
141
Некеге дейін...
сақтап қалды немесе жолдан махаббатын кездестіріп қалды, жолдан ақша тауып алды.
142
Некеге дейін...
Кеше бір фраза оқып қалдым: "Екі алған қыз басын төмен түсіріп, көшеде келе жатты. Ал бес алған қыз секіріп қуанып, мектептен қайтып келе жатқан. Күннің аяғында қуанып секіріп жүрген қыз аяғын сындырып алды. Ал екі алған қыз басын төмен түсіріп келе жатып жолдан ақша тауып алды". Әр мәселеге осылай қарайтын болсаңыз, бұл да сіздің самооценкаңызға әсер етеді. Яғни бірінші самооценканы көтеру керек. Соның салдарынан қаласаңыз да, қаламасаңыз да жеңіл қарайтын боласыз.
Сіздерге өзімнің отбасымның мысалында түсіндірейін. Күйеуім екеуміз бір-бірімізге қарама-қайшы сияқтымыз. Мен машина айдасам ешқандай жаман нәрсені көрмеймін, яғни менің жолымды біреу кесіп жатыр ма, артымнан біреу сигнал беріп жатыр ма немесе үнемі бағдаршамға түсіп қалдым ба, жоқ, мен ондайды көрмеймін. Менің ашуыма ол тимейді. Себебі, мен бақытты адаммын. Менің самооценкам жоғары. Ал күйеуімді байқасам, ол нәрсе оны шаршатады екен. Әкемде де сондай. Ал анамда самооценкасы сондай жоғары. Ол өзіне қарамайды. Косметологқа барып, әдемі киімдер алып, яғни өзіне ақшаны жұмсамайды. Мен үнемі "самооценкасы төмен адам, ақшасын өзіне аяйды"- деп айтатынмын. Бірақ менің анамда ондай емес екен. Мен сіздерге мұны мысал ретінде келтіріп жатырмын. Самооценканың әрнәрседен пайда болып және жанында ер адам өмір бойы септігін тигізетінін айтқым келіп жатыр. Анам үйде бірнәрсені қаласа істейді, қаламаса істемейді. Әкеммен қырылып, ұрсысып қалса да "мен істегім келмейді"- деп отыра береді. Яғни "қас-қабағына қарап, өз-өзін жұлып жеп, шаршап тұрса да істеу керек, күйеуінің көңіл-күйі түсіп кетеді" деген нәрсе жоқ. Менің әкем соны біледі. Сол мінезін қабылдаған. Сол үшін осы күнге дейін әкемнің біреумен сөйлескенін, басқаға көз салғанын немесе көңіл жарастырғысы келгенін мен естіген жоқпын. Ондай ешқашан болған жоқ. Анамды өте жақсы көреді, бір жерге кетіп қалса іздеп отырады. Мен солай салыстырғым келеді.
143
Некеге дейін...
Самооценканың жоғарылығы сіздің жаныңыздағы адамды тартады, себебі сіздің жаныңыздағы адам өзін ерекше сезінеді. Сіздің күйеуіңіз немесе сөйлесіп жүрген жігітіңіз сіздің жаныңызда өзін бағалы, құнды, ерекше екенін сезінеді.
Самооценка деген өзіне деген сенімділік. Әр сөзіңізде, жүрісіңізде, көзқарасыңызда, сөйлеп жатқан кездегі дауысыңызда ешқандай діріл, күмән, ойыңыз жеткізе алмау жоқ, оның барлығы сызылып тасталу керек. Тіпті ер адамға қараған кезде, егер ол сізбен танысқысы келсе, екі аяғыңызда нық тұрсыз, ер адамның алдында соншалықты өзіңізге сенімдісіз. Самооценканың жоғарылығы осы.
Өзіне деген сенімділік әйел адамға көп нәрсе береді. Өзіне сенімді әйел деген ол құштарлы әйел. Самооценкасы жоғары адам міндетті түрде өзінің кемшілігін басқа адамдарға ерекшелік ретінде көрсете алады. Мысалы, менің бір таныс адамым бар. Ол кішкене "р" әріпіне тілі келмейді, кекештеніп сөйлейді. Ол сол кемшілігінен ұялады. Көп адамдар соның олай сөйлейтініне күледі, мазақ қылады. Ол одан сайын комплекс етіп қабылдай береді. Сол үшін өте аз сөйлейді. Тек таныс, жақын адамдарының арасында ғана сөйлейді. Ал менің дәл сондай туысқан әпкем бар. Ол ешқашан өзінің солай сөйлейтініне сөз қылған жоқ, ұялған жоқ, өзін сондай сенімді ұстайды. Мен ол сөйлеп жатқанда қызығамын. Әдемі сөйлейді. Соған қарап менің түсінгенім, екі адамның қасиеті бірдей, бірақ өзінің сондай қасиетінен ұялатын адамға қарасаң аяп кетесің. Ал екінші адамға қарасаң, өзіне сондай жарасымды етіп көрсетеді. Сондай әдемі етіп көрсетеді. Кемшілік деп те айта алмаймын. Өзіне жарасады. Дәл солай самооценкаңыз жоғары болса, сіз кез-келген кемшілікті ерекшелік ретінде көрсете аласыз. Сіздің сол кемшілігіңізді айтқан кезде, қуанып, риза болып, соны өзіңізге тұрарлықтай етіп қабылдайсыз. Ол кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Томпақ болсаңыз, демек формаларыңыз күшті. "Арық қыздарға қарағанда менің етім бар, төсім бар, бұлшық еттерім бар"- деп ерекшелік табыңыз. Томпақ қыздар өзінің ернін, дәу көзін, әйтеуір, бір ерекшелігін тауып жақсы көреді.
144
Некеге дейін...
Егер сіздің самооценкаңыз төмен болса, сіз ер адамға дұрыс емес сигнал жібересіз. Ол қандай сигнал? "Мені қолданып, тастап кетуге болады" деген сигнал. Ер адам сізге қарағанда, сіз өзіңізге сенімсізсіз, күмәндісіз, өзіңізге деген махаббатыңыз әлсіз екенін, әр айтқан сөзіңізде дірілдесеңіз, жанында тұрғанына қарап ол бәрін сезіп қояды. Оның ойынша "бұрын жігіттері де болмаған шығар, бірінші болып сөйлесіп жатқан мен шығармын, оның тәжірибесі де жоқ",- деп өзімен-өзі анализ жасай бастайды, сіздің бағаңызды төмен түсіретін ойлары пайда бола бастайды. Сізді қолдануға болады деген сигнал оянады. Сол сигналдардың жанында қатар жүретін қандай сөздер? Мен оңай қолға түсетін табыспын, мені оңай қолға түсіруге болады, менімен ойнауға болады, мен барлығына келісе беремін, мен сені кез-келген қателігің үшін кешіре саламын, себебі мен өз-өзімді сыйламаймын. Міне, осындай сигнал ер адамға барады.
Ең үлкен қателік - біз сол кемшілігімізді жасырғымыз келеді, сол кемшілігімізді ешкімге көрсеткіміз келмейді және соны жасыру үшін, керісінше, адамдарға сол жайлы айта бастаймыз. Толықтығымыздан ұялатын болсақ, соны жасырғымыз келсе бетіне айта саламыз: "Арықтау керек еді, бірнеше кг. тастау керек еді",- деп, өзіңіздің кемшілігіңізді оның көз алдына айта берсеңіз, ол тек қана сол кемшіліктерді көре бастайды. Сіздің толықтығыңызды, сіздің бетіңіздегі безеуді, сіздің орысша сөйлеген кезде қателіктер жіберетініңізді барлығын байқай бастайды. Себебі, сіз өзіңіз соған акцент қойдыңыз, яғни үлкен көңіл бөліп, оған соны жеткіздіңіз.
Бізде қандай қателік және қалай жөндеуге болады?
Біріншіден, ешқашан өзіміздің ұялатын қасиетімізді адамдарға айтпау. Мысалы, өзіңіз маңдайыңызда безеу тұрғанын көріп тұрсаңыз, ешкімге оны айтпаңыз. Ұялып тұрған нәрсені өзіңіз жеткізесіз ғой айтып, бұл төмен самооценканың белгісі. Ол адам сіз айтпасаңыз оны байқамауы мүмкін. Мысалы, менің құрбым өзінің тісінен және жағынан ұялады. Сондықтан күлген сайын ол аузын жауып күледі. "Не үшін сен қолыңды жауып күлесің?"- деп сұрадық. Ол: "Мен тісімнен ұяламын, менің тісім кішкентай,
145
Некеге дейін...
менің жағым кішкене алдыға шыққан",- деп айтты. Солай айтқаннан кейін, ол күлген сайын, сөйлеген сайын менің көзім оның жағы мен тістеріне түсіп кетеді ғой. Автоматты түрде рефлекс сияқты. Содан кейін мен байқай бастаймын соның бәрін. Сіз қалай кемшілігіңізді айтасыз және оның не үшін олай екенін айтасыз, адамдар өмір бойы соған көңіл бөліп өтеді.
Ер адам әйелге қарағанда не ойлайды? "Фигурасы күшті екен мына қыздың",- дейді. Ал фигураға дейін ең бірінші ер адамның көзіне түсетін нәрсе не? Киім. Киім адамды өзіне тартымды етеді. Басқалардан ерекшелендіреді. Өзіне жарасатын киім болса көркін аша түседі. Егер бір ер адаммен танысқыңыз келіп тұрса, ер адамның көңілін өзіңізге аударғыңыз келіп, ерекшеленгіңіз келсе, ең бірінші өзгертетін нәрсе ол сіздің киімініз және киімнің түсі. Ашық, қызыл, көк, күлгін, ақ пен қара түсті, әйтеуір бірнеше киім белгілерінің түстері ортақ болуы, тіпті өзіңізді әдемі емеспін деп есептесеңіз де, ер адам сіздің киінген стиліңізге қарап-ақ ұнатып қалуы мүмкін. Себебі сіз ерекшесіз.
Ер адам әйелге қарағанда "немене тісі кішкентай, жағы қисық, мынау 70 кг ғой, 10 кг артық шығар" деп ойламайды. Тіпті томпақ қыздарға қараған кезде, ең бірінші өзінің ұнататын қасиеттеріне қарайды екен. Кемшілікті емес, тек қана артықшылығын.
Әйел адамдар басында тек кемшілігін байқайды. Ал ер адамдардың психологиясы ондай емес. Олар көзбен әдемілікті көріп үйреніп қалған. Кез-келген әйел затына қарағанда, өзіне ұнайтын қасиетін іздейді екен. Мүмкін көздері әдемі, мүмкін шашы ұзын, мүмкін бойы немесе фигурасы, кеудесі, қылша белі, әйтеуір, бір ұнайтын қасиетін ғана байқайды екен.
146
Некеге дейін...
ТЫМ ЖОҒАРЫ
САМООЦЕНКАНЫҢ ЗИЯНЫ
Самооценканың тым жоғары болуы да жаман. Сіз өзіңізден басқа ешкімді байқамайсыз. Тым жоғары самооценкасы бар адамдар менің өмірімде сирек кездеседі. Неге екенін білмеймін. Мүмкін ол жақсы шығар. Жұлдыздар, танымал адамдар, блогерлер, мүмкін соларда "жұлдыз ауруы" бар шығар. Тым жоғары самооценка деген. Бірақ өзімнің айналамда әлі кездестірген жоқпын.
Ал тым жоғары самооценка неге жаман? Себебі ер адам ондай әйелден қашады. Ол өзін оның жанында ешкім еместей сезінеді, жақындауға ұялады, сөйлеуге ұялады. Ол ең алдымен "Маған қарамайтын шығар",- деп ойлайды. Сондықтан сіздің самооценкаңыз жоғары болып, өзіңізге сенімді болып тұрсаңыз да, шіреніп ешкімді байқамай, бәрін өзінен төмен санау ол дұрыс емес нәрсе. Тым жоғары самооценка өзімшілдік, менмендікке жатады.
Самооценкасы тым жоғары, өзімшіл болып кеткен әйел адам өзін еркектің жанында қалай ұстайды?
Тек қана идеалды ер адамдарды ғана таңдайды. Сөйлескен кезде, өтініш айтатын кезде, дос ретінде, тіпті көшеде уақытты білгісі келіп тұрса, әдемі емес, өзіне ұнамайтын жігіттен сұраудан қашады. Себебі, өзін соншалықты жоғары сезінеді. Ол адаммен сөйлесу маған тұрарлық емес деп ойлайды. Оның дәрежесі емес деп ойлайды.
Айнаға қарағанда барлық әйел адамдарды өзінен төмен санайды. Айнаға қарап "Мен ең әдемімін, менен әдемі ешкім жоқ",- дейді. Өзінің құрбыларының жігіттерін өзін ұнататын сияқты сезінетін болады. Сіз құрбыңызбен және оның жігітімен кездестіңіз делік. Егер сіздің самооценкаңыз тым жоғары болатын болса, оның жігіті, оның күйеуі, сізге бір-екі рет кездейсоқ қараса, сіз өзіңіз туралы тым керемет ойлап, жігіті
147
Некеге дейін...
мені ұнатып қалыпты ғой деген сияқты артық дұрыс емес ойларыңыз пайда болады. Тым жоғары самооценкасы бар әйел, өзінен төмен деп есептейтін әйелдердің кемшіліктерін айтып отырады. Мүмкін өсек ретінде немесе әңгіме ретінде құрбыларына айтып отырады. Фигурасын, көзін, түрін, жұмысын барлығын мақтанып айтып отырады. Басқа адамды жамандаумен энергетикасы толады.
Самооценкасы қалыпты жоғары әйел:
1.Барлық ер адамға сыйластықпен қарайды. Тіпті ер адамның бетін қайтарса да сыпайы жауап береді. Ешқашан дөрекі, суық болмайды. Яғни, онымен танысқысы келген ер адам өз амалы үшін өкініп қалмайды.
2.Айнаға қарағанда өте әдемі әйелді көреді.
3.Барлык әйел затына комплимент айтуға асық болады. Өзінен әдемірек әйелдерге тамсанып қарайды және өзін олардан кем сезінбейді.
4.Ондай әйел тәкаппар емес, оған қадам жасаған ер адам сұлу болмаса да, оған мүмкіндік бере алады. Ол өзінің мүмкіншіліктерін шектемейді.
5.Өзінің бойында өзгертуге болатын, өзіне дәл қазір ұнамайтын жерін өзгертуге тырысады. Жай ғана өзін кемсітіп қарап отырмайды, оның әр қадамы өзін жақсартумен болады.
6.Әдетте оның ер адаммен қарым-қатынасы "дұрыс бағытта". Яғни әйел өзінің кемшіліктерін қабылдай біліп, ер адамның да өзгерте алмайтын қасиеттерін толық қабылдай алады.
7.Самооценкасы төмен ер адамдардан алшақ жүреді.
8.Айналасында ер адамдардан "внимание" көңіл, көзқарас өте көп болады. Себебі ол ешкімді кемсітпейді, ондай әйелмен кез- келген жігіт бір рет болсын сөйлесіп көргісі келеді.
148
Некеге дейін...
САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Самооценка жайлы жалпылама түрде айтып өткім келеді. Самооценканың керегі не? Яғни оған не әсер етеді? Самооценка қарым-қатынасқа қандай септігін тигізеді? Осы жайлы талқылап көрейік.
Қарым-қатынастың үш факторын алдыңғы тақырыптарда айтып өткен болатынмын. Оның ең біріншісі - өз-өзіңе деген қарым-қатынас, яғни самооценка. Осы терминнің өзін дұрыстап қарау керек. Самооценка-өзіңді бағалау, құрметтеу деген мағынадағы сөз. Яғни менің айтып өткім келгені, әр адамның өзінің самооценкасы бар, бірақ дәрежесі әртүрлі. Мысалы, сізге біреу "Вечер" деген конфет берсе, сіз оған "рахмет" деп жегіңіз келсе алып, жей саласыз. Бірақ сізге "Merci" берсе, 80 мың теңге тұратын италияндық, әлемде екі ғана түрі бар шоколадты беретін болса, сіз қуана-қуана аласыз ба? Сіз ұялып кетесіз, оны ұят қой деген сипаттамамен жауып қоя саласыз. Ол сізге ұсынып тұр ғой. "Ала ғой, жей ғой",- деп ұсынып тұр. Бірақ сіз ол кезде: "Қойшы ұят қой, қымбат емес па",- дейсіз. Сіздің өзіңізде ой болады: "Мен бұл шоколадты алатын болсам, орнына бірдеңе қайтару керек, не мен оған ақша беру керекпін, мен оған әлі көмектескен жоқпын немесе қазір алып қойсам, ертең оған көмектесу керекпін. Миымызда сонша сөздер, ойлар, пікірлер қалыптасып кетеді, біз өзімізге бұл шоколадты алмауымыз керек деген сияқты ой қалыптастырамыз. Немесе қарым-қатынаста қыз бен жігіт жүріп жүреді ғой, әлі үйленген жоқ. Жас қыздарға көбінесе айтамын. Егер жігіт бір ерлік қадамға барамын десе, ешқашан жолын кеспеу керек. Жоқ деп айтпау керек.
Менің бір жақын құрбым бар. Жігіті сондай романтик, аузын аштыртпайды, кез-келген нәрсені алып береді. Бірақ ол қыз соның барлығын қабылдауға ұялады.
149
Некеге дейін...
Мысалы, қыз айтады:
-Маған құжаттарды реттестіруге қаланың шет жағына бару керек, мен соған барамын.
-Мен сені апарып тастаймын.
-Ой, жоқ, керек емес, жұмысың бар ғой.
-Сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін.
-Мен үшін жұмысыңнан сұранбай-ақ қой.
Қыз неге бұлай деп жатқанын білесіз бе?Қыз өз-өзіне бағаны төмен қылып қойды. Жігіт кешке жақын жолай апарып тастаймын десе, онда қыз келіседі. Себебі, оның бағасы сол. Ал егер жігіт "Мен сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін, сені сол жаққа апарып тастаймын",- деп айтса, қыз бұл баға мен үшін тым жоғары, тым қымбат деп ойлайды. Мен мұндайға тұрмаймын дейді. Ешқашан жолды кеспеңіздер. Сол арқылы сіздің самооценкаңыз жоғарылайды.
Бірінші ой - мен бұл нәрсені қабылдаймын. Мен бұған тұрарлықпын. Маған бұл нәрсе керек. Мені бұл қуантады. Не үшін мен жоқ деп айтуым керек?
Мысалы, енеңіз: -Мен саған келесі айлығымнан көйлек алып беремін,- дейді. Ал сіз: -Жоқ, керек емес, мама, қойыңыз,-деп айтасыз.
Әрине бұл бір жағынан тәрбие. Бірақ екінші жағынан сіз бұл бағаны жоғары етіп қабылдауыңызда. Яғни сіздің ойыңыз сізге айтады: «Бұл сен үшін тым жоғары, сенің дәрежең ондай жоғары емес». Себебі, үнемі біз өзімізді бағаламай, өзімізден аяп жүреміз. Аяу неден? Өзімізге деген қуаныштан, еркелетуден.
Мысалы, күйеуіңіз торттың соңғы тілімін қалап тұр. Сіз де оны қалап тұрсыз. Сіз өзіңізден аяйсыз да, күйеуіңізге бересіз. Бұл керісінше болуы керек. Әрине, күйеуіңізге қамқор қолу, оны жақсы көру өте дұрыс нәрсе. Бірақ күйеуіңізге оны көрсетпеу керек. Сіз өзіңіз қалап тұрсаңыз да күйеуіңізге бере салдыңыз. Егер бұны көрсететін болсаңыз, ол өзіңізге қарағанда, мені қаттырақ жақсы көреді деп ойлайды. Әйелдің басына шығып кету деген сияқты нәрселер осы кезден басталады. Сіз
150
Некеге дейін...
күйеуіңізге беру үшін, өзіңізден бас тартасыз. Анда-санда өзіңізді жақсы көретініңізді күйеуіңізге көрсету керек. Сіз өзіңізге тортты да аласыз, көйлекті де аласыз. Егер күйеуіңіз сізге балаға ойыншық алуға ақша берсе, сіз ойыншық сатып аласыз, қалған ақшасына өзіңізге косметика алыңыз. Қалған ақшаны қайтарып беру міндетті емес.
Маған қыздар айтады "Күйеуім өзіңе көйлек ал",- деп ақша береді. Бірақ мен өзіме қимаймын. Одан да үйге керек зат алайын. Ал көйлекті келесі жолы алайын, бәрібір ешқайда шығып жатқан жоқпын ғой. Міне осындай нәрсені кейбір қыздар айтады. Неге олай? Себебі самооценка, өзіңізді бағалау, өзіңіздің бағаңыз төмен деген сөз. Осыны түзеу керек. Өзімізге шешім қабылдаймыз.
Менің бағам бұл конфетка емес, менің бағам Merci. Менің бағам арзан балмұздақ емес, менің бағам Mагнат. Мысалы, кейбір қыздар айтады: -Күйеуім ұрмайды, ішпейді, осыған да шүкір.
Бірақ ол жұмыс істемейді немесе боқтайды, қыздармен сөйлеседі. Әйел өзінің бағасын белгілеп қойған. -Ең бастысы, ұрмайды ғой, ішпейді ғой. Менің бағам осыншалықты, маған осы ер адам тең,- деп бағасын шешіп қойған.
Ал кейбір әйелдер айтады: "Маған ұрмау, шекпеу, ішпеу бұл қалыпты, еркек осындай болуы керек. Оның бағасы жоғары. Ер адам жұмыс істеп, маған үй сатып алып беруі керек. Айына бір рет маған сыйлық жасап тұруы керек. Менің бағам осыдан төмен болмайды. Өз-өзін сыйлайтын әйел адам, қаншалықты ер адамның қарым қатынасы бұл жететінін ойлайды.
Біз кейде самооценканы шүкіршілікпен шатастырамыз. "Осыған да шүкір" деген сөзді қолданбайтын жерге қолданамыз. Шүкір, Алла тағала бізге беріп жатқан нәрсеге шүкір. Алла Тағаланың бізге берген денсаулығына шүкір, тірі екенімізге, құлшылық жасап жатқанымызға шүкір. Бірақ ер адамның іс-әрекеттері ер адамның таңдауында. Ер адамнан талап ету керек. Оны аямау керек.
151
Некеге дейін...
Менің "Еркекті аямау керек" және "Әйел адамның қателіктері" деген постым бар еді. Қарап шықсаңыздар болады. Осы постты шығарғанда оқырмандар қырылды. Қыздар екі топқа бөлінді. Бір тобында қыздар: -Сонда еркек кешке дейін жұмыс істеп, бізді бағады, ал біз оны аямау керекпіз, ол қалай болғаны? Әйел адам керісінше аяу керек, баптау керек,- деген сияқты сөздер айтты. Ал екінші топ: -Дұрыс, еркекті аямау керек, одан талап ету керек,- деген сияқты нәрселерді айтты.
Әр нәрсенің өз шегі және нормасы бар. Еркекті аяу керек деп, толықтай өзіңіз ақша тауып, шеге қағып кететін болсаңыз, онда бұл нормадан төмен. Немесе еркек күні-түні жұмыс істеп жүр. Ал сіз оған тамақ жасағыңыз келмейді. Не үшін? Себебі, мен еркекті аямаймын. Бұл нормадан тым жоғары кетіп қалған.
Еркек өз парызын істеу үшін, әйел өзіндік парызынан артық басқа дүниені жасап қоймау керек және талапшыл болу керек. Өзіңіздің бағаңызды нақты ұстап тұру керек. Мысалы, сіз күйеуіңізге немесе жүріп жүрген жігітіңізге айттыңыз:
-Мен қазір саңырауқұлақпен пицца жегім келіп тұр,-деп оны жібересіз.
Сосын күйеуіңіз немесе жігітіңіз барады да, саңырауқұлақпен пицца емес (ол мүмкін қымбаттау болған шығар немесе мүлдем болмаған шығар), басқасын әкеледі. Ол айтады: -Маргарита бар екен, жаным, маргарита да дәмді ғой,- дейді. Бағасы жоғары, өзіне нық сенімді, самооценкасы жоғары қыз бала не деп айтады?
-Жаным, мен маргаританы онша ұнатпаймын. Мен саңырауқұлақпен дедім ба, онда саңырауқұлақпен жегім келеді. Маған ренжіме, өзің маргарита жей бер,-дейді да жемей-ақ қояды.
Сонда еркек не ойлайды? Келесі жолы сіз саңырауқұлақпен сұрасаңыз, ол соны әкеліп береді. Себебі, сіздің келісе салмайтыныңызды біледі.
Ал бағасы төмен қыздар:
-Ештеңе етпейді, бола береді, тіпті, алмай-ақ қойсаң да болады, магазиннен бургер ала саламыз,- деген сияқты сөздер айтып,
152
Некеге дейін...
өзінің бағасын төмендетіп тастайды. Сонда ер адам немесе жігітіңіз не деп ойлайды? Келесі жолы сіз сұраған нәрсені алмай-ақ қойса да болады. Сізден сұрамай-ақ қойса да болады. Сіз кез-келген нәрсені жей бересіз. Себебі, самооценка төмен, өзіңіздің бағаңызды төмендетіп тастадыңыз.
Самооценканы көтеру үшін не істеу керек?
Самооценка өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ішкі дүние, сыртқы дүние, келбетке байланысты, адамдармен қарым-қатынасқа байланысты осылай бөлінеді.
Ішкі жан дүниедегі самооценка рухани жағынан. Егер сіздің біліміңіз төмен болса, таяз болса самооценкаға әсер етеді. Кейбір қыздар болады, мектепті бітіре салып, күйеуге шығып кетеді, сосын өз-өзін әрі қарай дамытқысы келмейді. Мен күйеуге ерте шығып кету дұрыс емес деген жоқпын. Үйде отырып дамуға болады. Курстардан өтіп, тренингтен өтіп, кітаптар оқып, ер адамға ұнайтын, онымен ортақ тіл табыса алатын тақырыптарда ақпараттар оқып деген сияқты. Қонаққа келген адамдардың кез-келгенімен сөйлесуге болатындай білімге ие болу керек. Ішкі жан дүниенің самооценкасы жақсылап көтеріледі.
Есіңізге түсіріңізші, сізде мынандай жағдай болды ма?
Бір топ достарыңызбен жиналасыздар. Мысалы, группаластар дейік. Сіз тұрсыз, жаныңызда екі-үш қыз тұр және екі-үш жігіт тұр. Екі-үш қыздың арасында сіз үндемей тұрсыз, ал жаныңыздағы қыз сөйлесіп жатқан тақырыпқа кіріп кетіп, күштілеп әңгіме айтып жатыр, барлығы аузына қарап тыңдап отыр. Ішіңізде қандай сезім болады? Мен де бірдеңе айтқым келеді. Мені де біреу тыңдаса екен деген сияқты бір ойлар болады, иә? -Мыналар не туралы сөйлесіп жатыр екен, осы тақырып туралы оқып алуым керек еді,- деп ойлайсыз.
Мысалы, "Алхимик" кітабы дейікші.
-Паула Коэльоның "Алхимик" кітабын оқыдыңдар ма?- деп бір жігіт сұрайды.
153
Некеге дейін...
Жаныңыздағы қыз:
-Иә, оқыдым, керемет философиялық кітап. Мен сол кітапты оқығаннан кейін философия, психология дегенге махаббатым ашылды. Әсіресе мына бетіндегі жерлері,- деп, сол кітапты түсіндіріп кетеді.
Сосын ол жігіт пен қыздар бір-бірімен керемет әңгіме құрады. Ал сіз ақымақ болып түсінбей тұрасыз. Сонда ішкі жан дүниеңіз деградацияға ұшырағанын сезінесіз. Бірақ сіз өзіңізге: -Болды, мен енді кітап оқимын, мен енді дамимын, білім жинаймын,- деп өзіңізге айтпайсыз, айтқан күннің өзінде практика жоқ. Әрі қарай жылжымайсыз. Міне осындай сәттерде бір топ адамдар жиналғанда, үйге қонақ келгенде немесе күйеуіңіз екеуіңіз отырғанда сөйлесетін ештеңе жоқ. Не үшін? Себебі, ішкі жан дүниеңіз дегредацияға ұшыраған. Жаңалықтар көрмейсіз, кітаптар оқымайсыз, газеттер оқымайсыз, айналаңыздағы сөйлесетін араласатын адамдар жоқ деген сөз.
Деградацияға ұшырамау үшін, жаңа адамдармен танысу керек, әр саладан жаңа адамдармен сөйлесіп, тіл табысу керек. Біреуі дүкенде жұмыс істесін, біреуі бухгалтер болсын, біреуі психолог болсын, біреуі мұғалім болсын, әрқайсысымен сөйлескенде сіз өмірлік тәжірибе жинайсыз. Осы кезде ішкі жан дүниеңіздің самооценкасы жоғарылайды. Сонда сіз мынау не нәрсе екен деп отырмайсыз. Сізбен мұғалім сөйлессе, сізбен дүкенші сөйлессе, сіз оның не айтып тұрғанын біліп тұрасыз. Сіз онымен қандай байланыс орнату керек екенін білесіз. Өзіңізді ыңғайсыз сезінбейсіз
Тағы қалай көтеру керек?
Рухани жағын дінге жақын болу арқылы көтеруге болады. Өте көп қыздар маған айтады: -Менің ішкі дүнием мазасыз болып жүр. Түнім тыныш емес, күнім тыныш емес, үнемі бірнәрсені уайымдап жүремін, ертеңгі күнім не болмақ, балаларым қалай өседі,-деген сияқты әрнәрсені уайымдап жүремін. Бұл неден? Себебі бұл рухани азықтың жоқтығынан. Рухани азық Құран оқудан, Алла Тағалаға жақын болудан, тахаджуд намаздан, намазда дұға тілеуден жиналады.
154
Некеге дейін...
Сіздер өздеріңізге ереже қоя аласыздар ма? Таңертең тұрғанда, ең бірінші, дұға оқу, түнде жатқанда Instagram-ды қоя тұрып, бірінші дұға оқу. Ол дұғада қандай сөздер болу керек? Өзіңізге тілеген және отбасыңызға тілеген сөздер. Яғни "Я Раббым, Алла Тағалам, сен кешірімшілсің, мейірімдісің, рахымшылсың, менің күнәларымды және отбасымның күнәларын кешіре көр және менің рухани азығымды ұлғайта көр. Білімімді арттыра көр. Менің отбасыма бақыт бере көр".
Негізі бақыт сөзі өте жалпылама сөз. Алла Тағаладан бірнәрсе сұрағанда, нақты-нақты нәрсе сұрауға тырысыңыздар. Себебі, Алла Тағала бәрін білуші, барлық жағдайымызды жасауға күші бар. Сіз кез-келген нәрсені сұрай аласыз және Алла тағала көмек сұрағанды жақсы көреді. Сол үшін "Я Алла Тағалам, мен жұмыс таба алмай жатырмын, менің бухгалтерлік дипломым бар, менің бухгалтерлік жұмыс табуыма көмектесші"- деген сияқты нақты сұраңыздар. "Таңғы жетіде оянуға күш бере көрші, Алла Тағалам". Міне, осындай дұғаларды айтуға тырысып отырыңыздар. Ішкі жан дүние самооценкасын жаптық.
Екінші - сыртқы келбеттің самооценкасы. Егер біздің келбетіміз өзімізге ұнамаса, ол самооценканы бірден төмендетіп жібереді. Көбісі айтады, "менің бетім безеу-безеу, менің бетім түсі мынандай, шашымның қайраттылығы жаман, үнемі орамал тағып жүремін, менің тырнақтарым үнемі өспейді, сынып қала береді, толықпын",- дейді. Самооценканың жоғарылығы өз-өзімен жұмыс істеуден басталады. Құр сөзбен ол көтеріліп кетпейді. Егер сіз өз- өзіңізге ұнасаңыз ғана, өзіңізді жақсы көресіз.
Сізге тырнақтарыңыз ұнамаса, күнде тұзды суға салып тұрыңыз, йодпен бояп қойыңыз, Е витаминін ішіңіз, А витаминін ішіңіз, кальций ішіңіз, өзіңіздің денсаулығыңызға қараңыз. "Үнемі ауырамын да жүремін",- деп үнемі шағым айтып, жыламсырап жүргенше, өз денсаулығыңызды өз қолыңызға алыңыз. Қара тмин алып ішіңіз, сіздің денсаулығыңызды жақсартуға септігін тигізетін нәрселерді ғаламторды ашып, оқып пайдаланыңыз.
155
Некеге дейін...
Бет терісі сізге ұнамайды ма? Е витаминін міндетті түрде ішіңіз, сутегі тотығымен сүртіп тұрыңыз, крем, маскалар жағыңыз. Неше түрлі бьюти-видеолар қараңыз. Өзіңізге ұнау үшін кішігірім боянып тұрыңыз. Егер өзіңіздің кейпіңізде кемшілік болса, ол кемшілікті түзетуге мүмкіндік бар болатын болса, құр сөзбен емес, іспен соны өзгертуге тырысыңыз. Толықпын, салмағым ұнамайды десеңіз диетаға отырыңыз. Әрбір килограмм тастаған сайын, сіздің самооценкаңыз өседі. Не үшін? Себебі, сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз және сол мақсатқа бірте-бірте жетіп жатырсыз.
"Мен ақымақпын, мен ағылшын тілін оқығым келеді, бірақ күшім жоқ",- деген сияқты сөздер болады. Ағылшын тілін оқимын деп мақсат қойдыңыз ба, күніне 2-3 сөзден жаттап тұрыңыз. Әр күн сайын, алдыға қойған мақсаттарға жеткен сайын сіздің самооценкаңыз өсетін болады.
Үй жинадым, күйеуіме тамақ істеп қойдым,- деген сияқты сөздер күнделікті әр адамның істейтін нәрсесі. Бұл ешқандай сылтау емес. Уақытым жоқ деген - сылтау.
Сонымен сыртқы келбет тазалықтан басталады. Егер аяғыңызды үнемі кешке жуып, бетіңізге күнде таңертең және кешке 5-10 минут уақытыңызды бөліп, күтім жасап тұрсаңыз самооценкаңыз көтеріледі. Тырнағыңызды дұрыстап, лакпен бояп, өзіңізге қарап жүрсеңіз самооценка көтеріледі.
Үйде жүргенде созылып кеткен халат киіп, өзіңізге жараспайтын, бірақ үйде жүрмін ғой деген сияқты жүрсеңіз, ол дұрыс емес. Айнаға қарағанда "шіркін-ай, қандай сүйкімді келіншек"-деп айта алатындай, өзіңізге ұнауға тырысыңыз. Сол кезде самооценка көтеріледі.
"Тісім ауырып жүр, қарайып кеткен",-
деп те айтатын қыздар бар. Содан самооценка, әрине, төмендейді. Жай сөздермен де төмендейді. Тамаққа ақша табасыз ғой, сол сияқты тісіңізді емдетуге де ақша табыңыз. Өз-
156
Некеге дейін...
өзіңізден аямаңыз. Бір түскен ақшадан бірден барып жасатып келіңіз. Самооценка бірден көтеріледі. Не үшін? Себебі, сіз өзіңізге жұмсадыңыз. Самооценканы көтеретін нәрсе ол өз- өзіңізге жұмсау, өзіңізге құю (ақшалай, энергиямен, эмоциямен).
Самооценканың үшіншісі - адамдармен қарым-қатынасқа байланысы. Кейбір қыздар "Мен өзімді жақсы көремін, өзіме деген бағам жоғары, бірақ күйеуім боқтайды, шегеді, менің көзімше дөрекі сөздер айтады, ұрады, мен не істеймін?"-деп айтады. Ал қашан соны бастады? Меніңше, ондай еркектер тойға дейін ондай нәрселерін көрсетіп қойды. Арасында бір-екі боқтап қалды, ал сіз үндемедіңіз немесе ондай-ондай нәрселер болып тұрады ғой деп жаба салдыңыз. Ол үйленгеннен кейін ұратын болса, демек тойға дейін сізді итеріп қалды немесе ол жайлы сіздер мүлдем сөйлескен жоқсыздар, оны танымадыңыз. Жай ғана ол сондай адам. Ол сізге байланысты емес, оның тәрбиесі сондай болып тұр. Сіз сондай нашар адамды өзіңіз таңдадыңыз. Таңдау жасадыңыз. Мен барлығына топырақ шашпаймын.
Адамдардың әр түрлері болады. Кейбірадамдардың қарым- қатынасы құрметке, сыйластыққа байланысты. Ал кейбір адамның қарым-қатынасы тәрбиеге байланысты. Сіз өзіңізді қанша жерден құрметтеп, сыйлап тұрсаңыз да, сізге боқтаған, қол көтергісі келген адам ол өзініңтәрбиесіздігінен соны жасап тұр. Егер сіз шектеу қойсаңыз, мысалы, күйеуіңізге айтасыз: "Маған бір саусағыңның ұшы тиетін болса, айтпады деме, мен сені соттап жіберемін". Ол сенетіндей нақты түрде айтыңыз. Солай десеңіз, ол сізге қолынтигізбейді. Немесе ұрып-жығып тастағаннан кейін, барып арызжазып тастасаңыз, екінші рет ол сізге жақындамайды. Себебі,ол сіздікі құр сөз емес, жай ғана қорқытпайсыз, сіздің дегеніңізді істейтініңізді біледі. Айттыңыз ба, шарт қойдыңызба істеме деп, бірақ ол істеп қойса, демек ол жазаланады. Боқтық сөздер немесе қыздармен сөйлесу де дәл сол сияқты. Қарым-қатынастағы самооценка қоршаған ортадағыадамдардың бар жоғына байланысты. Жаныңыздағы достарыңыз үнемі сізге: "Толып
157
Некеге дейін...
кетіпсің ғой, толып кетіпсің ғой",- деп айта берсе, сіздің
158
Некеге дейін...
самооценкаңыз төмен түседі. Немесе жаныңыздағы күйеуіңіз: "Саған мына қара көйлегің жараспайды, ол сені қап-қара қылып көрсетеді, жасыл көйлек киші",- деп сізге айтатын болса, онда самооценкаңыз төмендейді. Немесе жаныңыздағы құрбыңыз: "Қалай-қалай сөйлейтін болып кеткенсің, жағымсыз иіс шығып тұр ғой, мына иіссу жаман екен",- деп айтса, содан сіздің самооценкаңыз төмен түсіп кетеді. Не үшін? Себебі, адамды шыныменде критика өзгертеді. Не істеу керек? Ол адамдармен қарым-қатынасты алшақтату керек. Қайта-қайта критика жасайтын достарыңыз болса, ең бірінші онымен сөйлесесіз: "Иә, маған қара түс жараспайтынын білемін, бірақ маған қара түс ұнайды, мен сол көйлекті киемін, маған олай жараспайды деп айтпай-ақ қой, жарайды ма?". Болды. Ол адамның есі дұрыс болса, түсінігі бар болса, ол сізге екінші рет айтпайды. Солай келісімшартқа отырасыздар. Түсінікті ғой? Егер ол өзінің тәрбиесіздігі болса, қайта-қайта кемшіліктеріңізді айта беретін болса онда айту керек: "Сен ренжіме, иә, мен энергиямды құртатын адамдармен араласқым келмейді",- деп тіке айтасыз. Немесе жай ғана қоңырауды көтермейсіз, кездесуге шақырмайсыз, ол шақырса бармайсыз. Алшақ жүресіз.
Мен не айтқым келіп тұр? Қанша жерден самооценка тек өзіңе байланысты десек те, ол өтірік. Себебі, жанымыздағы адамдардың сөздері бізге әсер етеді. Бөтен адамдардың сөздері сізге әсер етпеуі керек. Танымайтын көшедегі біреу: "Мына қызды қарашы, не киіп алған",- деп, айтып өтіп бара жатса, сіз оны естіп қойып көңіл-күйіңіз түсіп, жылағыңыз келіп, басқа киім киіп алсаңыз, демек сіздің сенімділігіңіз жоқ. Бұл нәрсемен жұмыс жасау керек.
Ал сіздің күйеуіңіз немесе анаңыз сізге критика айтатын болса, сіздің көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, бұл қалыпты. Бұл тым жаман, дұрыс емес нәрсе деп айта алмаймын. Әрине, кез-келген адамның көңіл-күйі осы үшін түсіп кетеді. Көңілсіз жүреміз, бірақ ұзақ уақыт болмауы керек. Жай ғана кейде шектеу қою керек, келісу керек.
156
Некеге дейін...
ТАҢДАУ ЖАСАУДА ҚАЛАЙ ҚАТЕЛЕСПЕУ КЕРЕК?
Қағазға жазып шығасыз, мысалы: менің күйеуім маған балаға қарап көмектескенін қалаймын, асханада мен картоп тазалап жатсам, ол пияз ашып жатқанын қалаймын, екеуміз бірге тамақ жасағанымызды қалаймын. Мен өзім сондай нәрсені қаладым. Ал кейбір қыздар керісінше, "күйеуім нағыз ер азамат, әйелдің үй шаруасына араласпағанын қалаймын, тек түздің адамы, ақшаны тауып беретін және мәселені сырттай шешетін адам болса екен",- деп ойлайды. Барлығының талғамы әртүрлі. Біреуі үйдің шаруасына араласқанын қалайды, біреуі қаламайды. Соны жазып шығасыз.
Бала тәрбиесінде нені қалайтыныңызды міндетті түрде жазып шығыңыз. Ата-енемен тұрғыңыз келеді ма? Біраз жыл өткен соң бөлек шыққыңыз келеді ма? Үйде ақшаны еркек ұстағанын қалайсыз ба немесе әйел ма, енеңіз ба? Тойдан кейін "мына нәрсені өзгерткім келеді",- деп психологтарға жазбас үшін, әрбір кішігірім нәрсені жазып шығыңыз.
Материалдық жағдайды міндетті түрде. Бизнес ашқанын қалаймын немесе ең бастысы, тамағымды тауып берсе, киімімді алып берсе болды, маған жеткілікті. Немесе сіздің жұмыс істегіңіз келсе, менің күйеуім таңертеңнен кешке дейін төрт қабырғаға қамамай, сыртқа шыққаныма рұқсат беріп, жұмыс істегім келсе істейтіндей, баламен сыртқа шығып, өз білгенімді істеп жүргенімді қалаймын. Міне осылай жазсаңыз болады. Немесе керісінше "мен жұмыс істегім келмейді, тек күйеуім ақша тапқанын қалаймын, ал мен үйде отырамын, үй шаруасымен айналысқым келеді". Оны жазасыз. Күйеуіңіз сізді қатты еркелеткенін қаласаңыз, оны жазыңыз.
Мысалы, мен өзім күйеуім мені қатты еркелеткенін, нәзік, жұмсақ, ерке қарым-қатынасты қаладым. Ал қазір менде Аллаға шүкір, сондай қарым-қатынас.
156
Некеге дейін...
Ал кейбіреулердікі керісінше. Менің әпкем бар, ол мүлдем олай еркелеткенді жақсы көрмейді. Өзі қатты адам болған соң, жігітінің де сондай адам болғанын қалайды. Сіз ол нәрсені де анықтау керексіз. Себебі, ертеңгі күні сіздің жігітіңіз 25 жыл бойы қатты мінезді, ешкімді еркелетпейтін, Шымкенттік (Шымкенттің жігіттері қатал болады деп естідім, практикада көргенмін), жұдырықты, мен еркекпін деген сияқты атауы бар жігіт, ал сіз оған: "Маған жаным, күнім деп айт, мені еркелет, күнде сүйіп, күнде құшақта, алақаныңда ұста",- деген сияқты сөздерді айтып тағы психологқа жазасыз. Бұл мәселеде де алдын-ала нені қалайтыныңызды білу керексіз.
Мінезіне келген кезде бірінші кешірім сұрағанын қалайсыз ба? Әлде қырсығып қалатын ер адамның мінезіне көне аласыз ба? "Менен кешірім сұрағанын қаламаймын",-деп ешкім айтпайды ғой. Кейбір қыздар бар, қырсықтығына көнеді. Себебі, әйел адамның өздері жұмсақ болады. Ал егер әйел адамның өзі қырсық болса, еркек те қырсық болса, онда 2-3 апта өтіп кетеді, екеуі де бір-біріне қырсығып жүреді. Себебі, жұмсаратын адам жоқ. Сондықтан егер ол қырсық болса, сізде көну керексіз. Қазір оның мінезін білесіз ғой, сондықтан өзіңізге түсінуге мүмкіндік беріңіз, ер адамның мінезі сіздің мінезіңізге сәйкес келеді ма? Соны да қағазға жазасыз.
Оның бірінші кешірім сұрағанын қалаймын. Бірінші мені жақсы көрді. Бірінші қадам жасады тағы сол сияқты. Тойға дейін жігіт қыздың артынан жүгіреді, бірінші кешірім сұрайды, бірінші қадам жасайды, ал тойдан кейін, бала туғаннан кейін өзгеріп кетеді. Мәселе туындайды. Әйел адамның өзі қарым- қатынасты өзгертеді.
Тойға дейін әйел адамның ештеңе ойламайтын, әдемі балалық кезі, жастық шағы, гүлдей құлпырған кезі, сондықтан еркек сол әйеліне ғашық еді. Ал бала туылғаннан кейін мәселелер пайда бола бастайды. Тұрмыстық мәселелер, материалдық жағдай,
157
Некеге дейін...
қабағы түйілу, ұнамайтын заттардың көбеюі және тағы сол сияқты. Сондықтан осындай себептерден қарым-қатынастың бұзылуы басталады. Сол үшін еркек өзгерді дейді.
Бірақ мен сіздерге айтайын, еркек өзгерді себебі, бірінші әйел адам өзгерді. Неге екенін білесіз бе? Себебі, әйел адам бала туады, үйде отырады, әйел адам бүкіл үйдің мәселелерін ойлайды, сол себепті бірінші әйел өзгереді. Еркекке бәрібір болады. Еркек түздің адамы. Келеді, тамағын ішеді, ұйықтайды, жұмысқа кетеді, онда мәселе жоқ. Сондықтан еркекке қандай қарым-қатынас берсеңіз, көзіне нені көрсетсеңіз, соған сеніп, еріп жүре береді.
Өмір критикасыз болу керек. Қағазға осының барлығын жазып аласыз да, бастысы жазып жатқан кезде қазіргі кездесіп жатқан жігітіңізді ойламау керек. Себебі, көбінесе жақсы көрген адамның қасиеттері сізге ұнамаса да қағазға жазып қоясыз. Ол жігітке қатты бауыр басып қалдыңыз, жақсы көресіз. Әр күн сайын, сөйлескен сайын, кездескен сайын ұрсыса бересіз, себебі ол да артқа бармайды, сіз де артқа бармайсыз, ешкім кішіреймейді, ешкім жұмсармайды, бәрі қырсық, бәрі дөрекі, көнетін адам жоқ. Сондықтан әйтеуір бірнәрсе сізге ұнамайды, бірақ айырылысқыңыз келмейді. Міне, осындай кезде сізге қағазға барлығын жазып шығу керек.
Мұның барлығы не үшін керек? Сіз тұрмысқа шығардың алдында қателік жасамауыңыз үшін.
"Мен оны жақсы көремін, барлығына көнемін",- дейсіз.
Маған қатты ұнайтын бір фраза бар: ер адам тойдан кейін әйел адам өзгермейді деп ойлайды. Әйел адам тойдан кейін еркекті өзім өзгертіп аламын деп ойлайды. Бұл шындық. Өмірлік тәжірибемнен білемін. Практикада кездескен қыздардың әңгімесінен білемін. "Тойға дейін де ол сондай бабник болған, қыздармен хат жазысқанын ұстап алғанмын, бірақ ол әрқашан кешірім сұрайтын, мені қайтарып алатын. Мен үйленгеннен кейін қоятын шығар деп ойладым. Себебі біз төсекте боламыз ғой. Оның баласы туылады ғой. Бір үйде тұрамыз"- деп, өзі
158
Некеге дейін...
үшін еркекті ақтап алады. Біз қыздар сондаймыз. Қанша жерден көзімізге кемшіліктері тұздай себіліп тұрса да көрмейміз.
Не үшін әйел адам өз-өзін солай құрбан етіп жатыр? Басынан- ақ соған көнген. Жігіті телефонын алады, галереяға кіреді, WhatsApp- қа кіреді, қыздармен сөйлескендерін оқиды, суреттерін ақтарады, инстаграмға кіреді, не нәрсеге лайк басты, не нәрсеге лайк басқан жоқ бәрін тексереді. Қысқасы өмір емес, азап. Соған көніп отыр.
Маған айтады: -Мен курсыңызға қатысайын деп едім, не істесем болады?-дейді. Мен айттым: -Біріншіден, сөйлесу керек. Ол тексерте ма?
Ер адам мен әйел адамда айырмашылық бар. Әйел адам өзінің самооценкасын бір адам үшін түсіре алады, өзгерте алады, жұмсарта алады, шекарасын сызып тастай алады немесе мүлдем шекарасын алып тастай алады. Жақсы көретін адамы үшін өзін ұмытады. Ер адамдар ондай емес. Ер адамның шекарасы "қытай қорғаны" ғой. Оны жарып шыға алмайсың, қанша ұрыс-керіс, төбелес болып жатса да жылап, көз жасың ағып кетсе де еркек өзінің қалауынан ешқашан бас тартпайды. Мысалы, сол телефонға келетін болсақ. Сіздің телефоныңызды тексереді, ал сіз соның көзінше: -әкелші маған, телефоныңды тексерейін, сенде не бар, не жоқ",- деп, соның көзінше телефонын алып, достарымен сөйлескен хаттарын оқып, галереяға кіріп, суреттерін қарайсыз, кімге лайк басты, кімді қабылдады, "мына қызды неге қабылдағансың, өшіріп таста",- деп отырсаңыз, қай еркек ондайға рұқсат береді? Еркек өзінің шекарасын нақты тұрғыза алады. Қызды өліп жақсы көрсе де, ешкімді өткізбейді. Немесе рөлдері ауысып кеткен жұптар болады. Қыз жігіт сияқты, ал жігіт қыз сияқты. Сондай кезде тексертуі мүмкін. Ер адамды телефонын тексеру жағынан болсын, басқа жақтан болсын оны ештеңеге күштей алмайсың. Шарт қоя алмайсыз. Ол өте қиын нәрсе. Ол одан сайын қырсыға бастайды.
159
Некеге дейін...
Жай ғана сөйлесіп жатқан кезде: -Сен не үйге кешкі 19:00-де келесің, не мынадай нәрсе болады (өз шартыңызды)",- деп айтып көріңізші, әрине олар көнбейді. Сондықтан бірінші еркектен көру дұрыс емес. Бірінші өзіңізден көріңіз, кемшіліктеріңізді, шекараңызды, самооценкаңызды, онымен бірге өзіңізді қалай ұстайсыз?
Көп мәселелерде сіз қандай нәрсеге жол берсеңіз, жігіт сізбен сондай қарым-қатынасты ұстанады. Сіз жол берсеңіз, ол сол жолмен жүре береді. Рұқсат берген нәрсені еркек жасай береді. Сіз: -Мен рұқсат берген жоқпын, мен одан олай істемеуін өтіндім, ол бәрібір де қоймайды,- деп айтуыңыз мүмкін. Неге қоймайтынын білесіз бе? Себебі, ол сізге ұнамайтын нәрсені істесе де, сіз бәрібір оны жақсы көріп, жалғастырып жатырсыз, бәрібір де оны кешіресіз, бәрібір оның жанында қаласыз, сіз бәрібір онымен бірге екеніңізді көріп тұр. Яғни ешқандай айырмашылық жоқ. Сізге ұнамайтын нәрсені жасаса да, жасамаса да айырмашылығы жоқ. Алдын-ала жақсылап ойланыңыздар!
160
Некеге дейін...
ЖІГІТІҢІЗДЕН АЛУДЫ ЕМЕС, БЕРУДІ ОЙЛАДЫҢЫЗ БА?
Бұл тақырыпта ер адамға нені бере алатыныңыз жайлы сөз қозғаймыз. Не үшін бұл жайлы айтамын? Себебі, екі жақтан теңдік болу керек және әйел адамның артында өзіне деген сенімділігін арттыратын қасиеттер болу керек. Мысалы, сіз әдемі емес, кейбір жерлерінде кемшіліктері бар жігітпен сөйлесіп жүріп, бірақ оның көлігі, жақсы жұмысы болса, көзіңізге оның кішкентай кемшіліктері ілінбейді. Тіпті өзгерткіңіз келетін жақтары болса да, сізге бере алатыны көбірек болған соң, әрі қарай сөйлесе бересіз. Дұрыс па? Ер адамдарда да сондай ой болады екен.
Мүмкін сіздің бет келбетіңіз, дене бітіміңіз немесе дауысыңызда бір кемшілік бар болуы мүмкін. Бірақ сіздің бере алатын тұстарыңыз көбірек болса, ер адам кемшіліктеріңізге көзін жұма қарайды.
Оның ішіне не кіруі мүмкін? Сұлулықтан басқасының бәрі кіреді. Дене бітіміңіз, бетіңіздегі ямочкаңыз, әдемі тіс - оның ешқайсысы кірмейді. Оған тек қана сіздің қасиетіңіз, мінезіңіз және материалдық тұрғыдағы жағдайыңыз. Оның ішінде карьераңыз керемет болуы мүмкін. Мамандығыңыз қызықты болуы мүмкін. Немесе сіз балаларды қатты жақсы көруіңіз мүмкін, көлігіңіз бар, мүмкін жеке үйіңіз бар шығар. Мүмкін сіз махаббатты ерекше бере алатын шығарсыз. Кейбіреулері жақсы көрсе де білдіре алмайды. Бұл адамның кемшілігі деп білемін. Ал сізде мүмкін махаббат сезімі ерекше амалмен көрсетілетін шығар. Мүмкін тамақты керемет дайындайсыз. Мүмкін көңілдісіз, тез тіл табысасыз, адамдармен тез танысып кетесіз, отбасыңыз керемет шығар. Тағы да мұның ішіне келтіре беретін нұсқалар өте көп. Бүгінгі тақырыптың тапсырмасы дәл осы орайда болады.
161
Некеге дейін...
Қағаз алып, қағазға жазасыз. Ең кем дегенде 10 қасиет. Оның ішінде бет әлпетіңіз, түріңіз жатпауы керек. Мен айтып өткендей кемінде 5 қасиет мінезі жағынан болсын. Ал 5 қасиет ол өмірлік нәтижелеріңіз, қол жеткізген керемет нәтижелеріңіз болуы керек. Ер адамдарға да бұл өте маңызды. Сіз ер адамның жетістіктеріне қарайсыз, нәтижелеріне көз саласыз, оның мінезіне, салыстырмалы түрде анализ жасайсыз. Кемшіліктері қанша, артықшылықтары қанша? Болашақта менің күйеуім болса қандай болады? Балаларға қалай қарайды? Осындай анализді ер адамдар да жасайды екен. Адамды жақсы көрсең, бүкіл кемшіліктерімен қоса жақсы көресің деп айтады ғой. Бірақ алғашқы кездесулерде сіз адамға ғашық болып, оны барлық кемшіліктерімен жақсы көріп қалмайсыз ғой? Бірінші сізде адамның жақсы жақтарын көру басталады. Ер адамдар да да дәл солай. Сол үшін сіз нақты өзіңіз жайлы, самооценканы көтеру үшін, сенімділікті арттыру үшін нені бере алатыныңызды нық білу керексіз.
Алдыңғы самооценка тақырыбымызға бұл өте керемет мүмкіндік болады (самооценканы көтеруге). Себебі өзіңізге күмән арта бастаған кезде бірден қағазға қарап, өзіңіздің артықшылықтарыңызды оқып айта аласыз: менімен кез-келген ер адам бақытты бола алады, менімен кез-келген ер адам бірге болғысы келеді. Сіздердің ең бірінші жасап бітіретін тапсырмаңыз қағазға немесе телефонға жазсаңыз да болады. Тіпті сіздің өте иманды, белсенді, білімді болуыңыз, мүмкін отбасыңыз ұйымшыл шығар, ата-анаңыз күшті жерде жұмыс істейтін шығар. Мұның барлығы мен нені бере аламын деген қасиеттердің ішіне жатады.
162
Некеге дейін...
СЕНІМСІЗ, ТҰРАҚСЫЗ ЖІГІТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ
Самооценка тақырыбын жалғастырып, ер адамның төмен самооценкасы және өзіне сенімсіздігі жайлы тақырыпты қозғаймын. Ең біріншіден, ондай ер адам не істейді? Оның мақсаты - сөйлесіп жүрген қыздың самооценкасын төмен түсіру, қазір екеуі тең тұр ғой, әйел адамның самооценкасы оныкінен төмен болуы керек.
Бұл не үшін жасалынады? Ер адам өзінің сенімділігін қыз баланың алдында көтермелеу үшін. Ол сонымен не істейді? Ол барынша сөйлесіп жүрген әйел басқа ешкімге керек емес екенін көрсеткісі келеді. Ешкім оған қарамайтынын, оған ешкім қызықпайтынын миына құя бастайды. Дәл осы арқылы ол әйел адамның өзіне сенімсіздігін, самооценкасын төмен түсіріп, өзінің сенімділігін арттырады. Оның сөздері өтірік. Егер сіздің жігітіңіз дәл осылай төмен самооценкасы бар жігіт болса, оның сөздеріне сенбеуіңіз керек. Не үшін? Егер оның сөздері рас болса, ол сізбен жүрмес еді. Ол сізбен сөйлеспес еді. Көбінесе төмен самооценкасы бар ер адамдар сол тұстарын отбасы құрғаннан кейін көрсете бастайды. Әйел адамды ешқайда шығармайды, ештеңемен айналысқызбайды, құрбыларымен сөйлескізбейді, жұмыс істеткізбейді, үйде отырғызып қояды. Барлық жерден шектеу қояды. Қызғанамын деп өтірік айтуы мүмкін. Бірақ барлық жерден шектеу қойып, әйел адамның дамуына, самооценкасына әсер ететін сөздер айтатын болса, демек ер адам өзіне сенімсіз. Оның ең басты мақсаты - әйел адамды деградацияға ұшырату. Себебі ол қорқады. Егер әйел адамның таныстары көп болса, самооценкасы жоғары болып кетсе, "маған қарамай қояды, ол мені тыңдамай қояды, ол жаңа таныстарды көру арқылы менің шынайы бейнемді көріп, мені ұнатпай қалуы мүмкін, менің авторитетім түсіп кетеді", - деп ойлап, содан қорқады екен. Дәл осы нәрсе тұрмысқа шықпай жатып, сізді әйел қылып алмай жатып көрініп қалуы мүмкін. Себебі қазір маған көп
164
Некеге дейін...
келіншектер:"ешқайда шығармайды, ештеңені көргізбейді, барлығынан шектеу қояды, ал өзі болса керек жеріне барады, керек адамдармен сөйлеседі, екеуміздің теңдігіміз жоқ",- дейді. Бір жағынан қызғанышы бар шығар. Бірақ қызғаныштың ар жағында жасырын тұрған сенімсіздігі бар. Адамның өзіне деген сенімсіздігі. Әйел адам одан да жақсы ер адамды көріп қала ма, оданда күштірек жігітті кездестіріп мені салыстыра ма",- деген қорқынышы. Өзіне сенімді, самооценкасы жоғары ер адам ешқашан шектеу қоймайды. Дәл қазір жігітіңізбен сөйлесіп жүрсеңіз, достарыңызбен қайда шығу керек болса да жібереді, 5 минут сайын хабарласып "не істеп жатсың, кімменсің, суретіңді жібер",- деп, өзіне деген сенімсіздігін көрсететін қылықтарын жасамайды.
Самооценканың төмендігі неден көрінеді? Ер адамға 100 рет хабарласып, басқа қыздармен сөйлессе немесе группаластары болса оған қатты қызғанышын көрсетіп, өзінің төмен, бағалы емес екенін көрсетіп қояды. Дәл осы іс-әрекеттер ер адамның бойында да көрінеді.
Қазір ойланып есіңізге түсірсеңіз болады. Не үшін ол сізге барлық нәрседен шектеу қояды? Бір жаққа шығатын болсаңыз, ол үнемі хабарласып, іздеп, есеп бер деп сізден талап ете ма? Бұл да кішкене қызғаныштың артында тұрған сенімсіздіктің белгісі болады. Өзіне сенімділігі мықты, самооценкасы жоғары ер адам кез-келген компанияда өзін бос, жеңіл, еркін сезінеді. Яғни онда ешқандай сенімсіздік болмайды. Жанындағы таныс емес адамдардың қасына барса, жеңіл тіл табысып кете алады және сіз ұсынған мекемелерге, күшті бір жерлерге ешқандай күмәнсіз бара береді. Егер ол жаңа таныстықтардан қорықса, мысалы қонаққа баруға, жаңа орындардан қысылатын болса, өзін сіздің жаныныңызда керемет әңгімешіл, ашық, өзіне сенімді болып көрінеді де, ал басқа адамдардың жанында
бірден өшіп қалса, демек ол ер адамның өзіне деген сенімділігі жоқ деген сөз.
165
Некеге дейін...
Байқаған шығарсыздар, әр топта, компанияда әдемі емес, бойы кішкентай немесе толық ер адам болса да, өзіне сенімділігі арқылы сексуально көрінеді және кез-келген адам соның жанында болғысы келеді. Менің группамда ондай ер адамдар көп болатын. Сабақты оқымайды, үнемі кешігіп келеді, бет әлпеті де ондай бір әдемі деп айтпайсың. Бірақ оның өзіне деген сенімділігі мол. Кез-келген адаммен кез-келген жағдайда ойын ашық жеткізеді. Бір мәселе туындап қалса, ең бірінші сол адамға барып, мәселеңді айтып, одан кеңес сұрағың келіп тұрады. Ондай адамның жанында өзіңізді ерекше сезініп қаласыз. Адам өзіне сенімді болса, өзінің статусын компанияда, топта өзгерте алады екен.
Өзіне сенімсіз ер адам тіпті сізді ұнатып тұрса да, алғашқы қадам жасауға тырыспайды. Оны бірнәрсе ұстап тұрады, оның ойы бойынша сіз бас тартасыз немесе алғашқы қадам жасайды, бірақ сенімсіз болып тұрады. Сіз бір рет бас тартқаннан кейін сізге екінші рет қайтып келмейді. Мен айтамын ғой, қоян мен қасқыр болу керек деп. Сіз қоян болып өз позицияңызды күшті ұстанып бастайсыз, бірақ ер адам ол позицияны "мені ұнатпай қалды, мені жақтырмай қалды",- деп қабылдайды. Сіздің бағаңыз жоғары деп ойлаудың орнына "мына әйел өзінше, тәкаппар екен, мені жақтырмайды, қырсығып қалған",- деп қабылдап, артыңыздан жүгіргісі келмей қалады. Яғни мүмкіндікті қолданбайды. Әрі қарай жалғастырудың орнына, дәл сол қиындықтан қашып кетеді.
Тапсырма
1.Жазыңыз: Ер адамға нені бере аласыз? Ең азы 10 шақты болу керек.
2.Өзіңіздің таныс ер адамның төмен самооценкасын неден байқадыңыз? (әке, аға, группалас және т.б)
166
Некеге дейін...
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙҒА НЕГЕ ҚАРАУ КЕРЕК?
Бұл тақырып ер адамның материалдық жағдайы туралы болады. Мені де бұрын бұл тақырып қызықтырды және тұрмысқа шықпаған кез-келген қыздың, әйелдің ойында осындай сұрақтар болады. Тіпті жігіт жақсы, қарым-қатынасы да ұнайды, жұмыс істеп жүр. Бірақ кедей немесе қазір студент деген сияқты ойландыратын сұрақтар сіздерді мазалауы мүмкін.
Мен ер адамдардың әйел адамдарды кінәлайтын сөздеріне жауап қатқым келеді. Сіз, мысалы, бір жігітпен сөйлесіп жатқан кезде, егер ол сізге "қыздардың барлығы қазір ақшаға қарап кетті, машина қарап кетті, барлық қыздар сондайға қарайды",-деп айтып бастағанда қалай жауап беруге болады? Маған сондай ұнамсыз, кінәлайтын сөздерді айтып бастағанда бірден орындарына қойып тастайтынмын. Әйел адамның ер адамның жағдайына қарауы ол өте дұрыс нәрсе. Неге екенін білесіз бе? Себебі, әйел адам өзін ойлап тұрған жоқ. Болашақты, ертеңгі күнін, отбасыда пайда болатын баланың жағдайын арнайы ойлайды. Сол үшін ер адамның жағдайына қаласа да, қаламаса да қарау керек.
Ер адамдар "әйелдер ақшаға қарайды, ақшасы бар жігітке тұрмысқа шығады, ақшасы жоқтарға тіпті басын бұрмайды",- деп айтады. Бұл сөздер әлі де ешқандай нәтижеге жетпеген және нәтижеге жеткісі келмейтін еркектің сөзі деп білемін. Мен дәл осылай кез-келген ер адамға айтар едім. Егер жігіт әйел адамды дәл солай кінәлайтын болса, демек ол өзінің жағдайына көңілі толмады деген сөз. Мүмкін қолын ұнататын әйелге әлі жеткізе алған жоқ. Біреуді өзіне қаратқысы келеді. Біреумен қарым-қатынас құрғысы келеді. Бірақ дәл оған ұнайтын қыздар қарамайды.
Неге екенін білесіз бе? Себебі, ол тек қана "жақсы көремін, бақытты боламыз",- деген сияқты сөзбен ғана қаратқысы
167
Некеге дейін...
Ал қазіргі қыздар, әйелдер өте ақылды және мен бұны дұрыс нәрсе деп есептеймін. Ақылды болу керек. Құр сөзге, құр әңгімеге сенуге болмайды.
Ер адамның жағдайына қанша жаста қарау керек? Потенциалына қарау керек пе?
19-20 жастағы жігітке: -Неге машинаң жоқ, неге үйің жоқ?- деп айта алмаймыз ғой. Себебі ол өмірге енді ғана қадам басып келе жатыр. Алда әлі оқуы бар, бітіруі бар, жұмысқа орналасуы бар. Бірақ осы жерде бірнәрсені қарап кету керек. Ер адам мектеп бітіргеннен шамамен 25 жасқа дейін студент қатарында жүреді. Бірақ сол қатарда жүргеннің өзінде ол ата-анасынан 18 жасқа толса болды, ақша алмауы керек деп есептеймін. Бұл менің өмірлік принципіме айналды. Қандай да бір потенциалды күйеу бола алатын нұсқаны қарастырып жатсаңыз да, міндетті түрде сізде бір ереже тұру керек. Ол қандай ереже? 18 жастан бастап, өз күнін өзі көре алуы. Бұл не деген мағынаны білдіреді? Бұл ер адамның өзі үшін жауапкершілікті алуы. Егер ол сол жастан бастап өзіне жауапкершілікті алатын болса, өзіне жауап бере алса, демек біраз жыл өткеннен кейін өзінің қасына келетін әйеліне де, болашақта туылатын балаларға да жауап бере алады деген сөз. Менімен келісесіз бе? Қазіргі жігітіңіз жұмыс істеп жүрсе де ата-анасынан ақша алса немесе жап-жас 20 жастағы студент "менде оқу бар ғой",- деп сылтауратып, ақшаны анасынан алса немесе құр шәкіртақыға қарап отырса, онда ойланатын жайт.
Ойланып қарап отырсам, менің группаластарымның ешқайсысы ата-анасынан ақша алмапты. Барлығының жұмысы болды. Оқуға үлгеріп жатты, бірақ бірінші кезекте олардың ойларында "ата-анама тәуелді болып қалмау" деген ой тұрды. Олар оқып жүріп, ақшасын қарындасына, бауырына, үйдегі кішкентайларына жіберуге тырысатын. Ер адам былай тұрсын, менің құрбыларым үшінші курста даяшы болып жұмыс істеп жүріп, ақша тауып, ата-анасына тәуелді болмауға тырысатын.
168
Некеге дейін...
Бұл дегеніміз өзі үшін жауап бере алатын және жауапкершілікті алатын адам деген сөз. Менің принципіп дәл осындай болды. Мектеп кезінен бастап мен осы нәрсені ойлаймын. Сіздерге де осы жайлы ойлану керек.
Егер қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса немесе танысып жатсаңыз, дәл осы мәселені байқаңыз. Жігіт 26 жастан асты дейік. 25-26 және әрі қарай жастар қосыла берген кезде, ер адамның қандай нәтижеге жеткеніне қарау керек. Себебі, ер адам тіпті 40 жасқа келіп айтуы мүмкін: -Мен бизнес бастайын деп жатырмын, осындай жоспарым бар, ертең бәрін шашып тастаймын, ақша деген көп болады,- деп, құр сөзбен алдап жүруі мүмкін. Ал негізінде оның ешқандай жылжуы жоқ. Бүгінгі күніндегі тауып жатқан тамағына шүкір деп, сонымен шектеліп отыр. Маған ол ұнамайды.
27 жасқа толған жігіттің міндетті түрде, ең болмағанда, ескі болса да көлігі болуы керек. Қаланың ішінде жүретін, ауылдан ауылға баратын деген сияқты. Себебі оның 27 жаста әлі отбасы жоқ, баласы жоқ, бар-жоғы өзіне ғана жауап беріп жатыр. Өз басын ғана алып жүр. Ертең сол жаста сізді әйел қылып алуы мүмкін. Екеуіңіз үйленесіздер, сол кезде жалғыз болған кезде ештеңеге жетпеген адамның мойнына әйелі, баласы, анасы, әкесі, арасында туыстары бар, міне, солар мойнына артылған кезде қолынан бірдеңе келіп, керемет нәтижеге жетеді деп ойлайсыз ба?
30-ға келіп қалған жігіттен мен кемінде тұрақты жұмысты күтемін. Қайта-қайта ауыса бермейтін, бірде анда, бірде мұнда жүріп ақша тауып жүргенді мен құптамаймын. Ол тұрақсыздық. Тұрақтылық міндетті түрде болуы керек.
169
Некеге дейін...
"Материнский инстинкт" жайлы айтып кетейін. Ол әр қыз балада кішкентай кезінен бастап бойында сіңірілген және өмір бойы өзімен бірге болып кететін инстинкт. Ол ер адаммен сөйлесіп жүрген кезде көз алдында екі жігіт тұрса, тіпті егер кедей жігітті жақсы көріп тұрса да оған кішкене материалдық жағдайы дұрыс, жұмысы тұрақты, кішкене бизнесі бар жігіт сөз салып тұрса әйел адам ойланады. Көбісі айтады: -Егер сен жігітті жақсы көріп тұрсаң, сен ойланбас едің. Сен бірден кедейді таңдайтын едің. Ақшасы бар адамға мүлдем қарамас едің,- деп, қыз баланы кінәлай бастайды. Бұл жағдай сенің басына түспегенше сен түсінбейсің. Сенің алдыңда: -Жақсы көремін кедей жігітті, бірақ ертеңгі күніміз қандай болады?- деген қорқыныш тұр.
Ал екінші жағында ақша мәселесі тұр. "Ертең мен баламды мектепке бере аламын, балабақшаға бере аламын, курстарға жазылады, ертең балам не ішем, не жеймін демейді, қосымша жұмыс істеп, баламды қиналып өсірмеймін. Құдай сақтасын, бір жағдай болып қалатын болса, артымда тым болмаса бір нәрсе қалады",- деген сияқты мүмкіншіліктерді алдын ала ойлап отырады. Тіпті сөзбен, тілмен жігітке айтпаса да бұл оның ойының дәрежесі. Инстинкт деген сол нәрсе.
Өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ. Егер сізге ақшасы бар жігіт қаттырақ ұнап тұрса, жағдайы жоқ ер адам ұнамай тұрса, бұл нәрсенің жамандығы жоқ.
Ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Не үшін? Себебі, ер адам жағдайын өзі дұрыстай алса, ол автоматты түрде біздің көз алдымызда авторитеті өседі. Автоматты түрде біздің көз алдымызда құрметті, сыйлы, жауапкершілігі мол ер адам болып көрінеді.
Ер адамдар да әйел адамдарды солай кінәлайды. Олар да әйел адамды дәл солай таңдай алады. Мысалы, ауылда ешнәрсеге қол жеткізбеген, оқымаған қыз бала тұрса немесе карьера
170
Некеге дейін...
қуған, өз көлігін сатып алған, өзінің үйі бар әйел адам тұратын болса, ер адам кімді таңдайды деп ойлайсыз? Кімге бірінші көзі түседі? Әрине, карьера қуған, өз-өзіне жауап бере алатын, сенімді әйел адамға қарайды. Біз де: -Ер адамдардың барлығы түрге ғана қарайды, дене бітімге ғана қарайды,- деп айта аламыз. Ол расында да солай. Ер адам, ең біріншіден, әйелдің дене бітіміне және бет әлпетіне қарайды екен. Бұл рас нәрсе. Себебі әйел адамның бойында да бұл нәрсе бар.
Осы тақырыпты қозғағаннан кейін сұлулыққа, еркектің түріне қарау керек пе, бұл маңызды нәрсе ме?
Кез-келген адам өзінің жанындағы сүйіктісі сұлу болғанын қалайды. Бір жағынан бұл да инстинкт. Ертеңгі сіздің ұрпағыңыз сұлу болады. Іштей сіздің күйеуіңіз әдемі болса балаларымыз екеуміздің сұлулығымызды алып әдемі болады деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ менің ойымша, егер жігіт жағдайы жақсы, сіздің асты-үстіңізге түсетін болса, потенциальды күйеу ретінде барлық шарттарыңызға келіп тұрса, түріне қараудың керегі жоқ. Себебі, сіздің түріңіз орнында тұрған жоқ. Жылдар бойы ол өзгереді. Ер адамның түрі де өзгере бастайды. Бірақ қарым-қатынас ер адамның бет әлпетіне қарағанда 4-5 есе маңыздырақ келеді. Арман Қуанышбаевтың уағызында ер адам маймылдан сәл әдемірек болса жетеді деп айтып еді. Мен соған келісемін. Ер адамның қатты әдемі болуы керегі жоқ. Өзіңізге сұлу болғаны жағымды, әрине. Бірақ тіпті әдемі емес күйеуіңіз болса да оған көзіңіз үйреніп кетеді, сізге бәрібір болады. Ең бастысы қарым-қатынасы дұрыс болса болды.
Сіздерге т апсырма. Қағазға жазуыңызға болады.
Қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса, оның қанша жаста екенін жазасыз және оның материалдық жағдайын, қандай нәтижеге қол жеткізді соны жазасыздар. Себебі, жазған кезде ойланатын түйсік пайда болады. Тақырыпты қозғамағанша көз
171
Некеге дейін...
қуған, алдыңызда ақпарат ретінде, ойландыратын дүние ретінде көрінбейді. Жазу керек. Өзіңіз жақсы көргеннен кейін "ештеңе етпейді, екеуміз қол жеткіземіз",- деп ойлайсыз. Бірақ маған көп қыздар, әйелдер, келіншектер жазады. Махаббатты ойлап, "екеуміз бәріне қол жеткіземіз, мен оған көмектесемін, мотивация беремін" - деген ой әйел адамның ойы. Ал еркек қаламаса ше? Егер оған бәрібір жеткілікті болса ше? Егер ол ата-анасына үйреніп, сеніп қалған болса ше? Ондайлар көп қой. Бәрін қатырамын, бәрін істеймін, бәріне жетемін,-деп қызды алып алады да, үйіне отырғызып қояды.
Қыз бала миына ой тастайды:
Қашан бөлек шығамыз?
Қашан ақша жинаймыз?
Қашан үйге бастапқы ақша саламыз? Қашан көлік аламыз?
Қашан жұмысыңды ауыстырасың?
Қашан карьералық өсу болады?
Осының барлығы басталған кезде арада ұрыс пайда болады. Не үшін? Себебі, әйел адам алға ілгері жылжығысы келеді де, ал ер адам алға жылжығысы келмейді. Ер адамға барлығы жеткілікті болып саналады. Осы тұрғыда екеуара мәселелер пайда болады.
Сол үшін тұрмысқа дейін:
Бұл ер адамда потенциал барма?
Өзіне жауап бере алады ма?
Сөзінде тұрады ма?
Қандай нәтижеге жетті?
Материалдық жағдайы қандай?
Ертең бізді асырай алады ма?
Жұмысы тұрақты ма?
Осындай тағы да басқа дүниелік сұрақтарға жауабыңызды алу керексіз. "Махаббат болса болды, екеуміз қол ұстасып барлығына бірге жетеміз",- деген ол керемет сөздер. Ол өте күшті сөздер. Маған бұл сөздер әрқашан ұнайтын. Бірақ уақыт өте келе бұл сөздің мән-мағынасы жойылып келе жатқандай.
172
Некеге дейін...
Иә, біздің ата-анамызға бұл сөздер кәдімгідей мотивация болатын. 20-30 жыл бұрын біз туылмай жатып, ата-анамыздың қолында түкте болған жоқ қой? Қазір ондай жағдай емес. Адамдар өзгерді, жастар өзгерді.
Біз қазір сол 50 жастағы адамдардың әңгімесін тыңдасақ айтуы мүмкін: -бірге жетесіңдер, барлығына да бірге жетесіңдер,- деп айтуы мүмкін. Ал қазіргі жас жігіттердің түрлеріне қарасаң сенімділік жоқ. Мен осы адамға 100% сенемін, ол ертең мені аштан қалдырмайды,- деп айтуға қорқамыз. Қазір тіпті ата- анамыз да бізге не деп айтады? "Оқып ал, дипломыңды ал, ертең Құдай біледі не болып қалатынын, өз күніңді өзің көретіндей бол, ешкімге сенбе,бір өзіңе ғана сен",- деп бізге қазірдің өзінде миымызға құйып жатыр. Сондықтан сіздерге берер кеңесім, ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Жасына қарай оның жеткен жетістігіне қарау керек. Ол сіздердің ең бірінші принципіңіз болуы керек.
керек.
Себебі, жүрек Құдай біледі ертең не істеп қоятынын. Жүрекке сенім жоқ. Егер ер адам сізді тым болмаса бір рет сатып кетсе, сіздің жүрегіңіз де сөніп қалады. Адамға 100% сенуге болмайды. Бір Аллаға ғана сену керек. Тәуекел ететін кезде де, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарау керек, салыстыру керек. Көзді жұма кете салу ол менің ойымша үлкен қателік. Ойлану керек. Тапсырманы орындап жазыңыздар.
Жігіті жоқ қыздар бар болса, бөлек тапсырма. Ер адамның жағдайына қатысты шарттарды жазу керек. Мысалы: сіздің қазір жасыңыз 22-де немесе 23-те болса, жағдайына қарай шартты жазасыз. Ер адам менен үш жасқа үлкен болу керек. 26-да. Оның тұрақты жұмысы болу керек. Көлігі, үйі болмаса бұл қалыпты. Немесе міндетті түрде болуы керек, мен үшін бұл шарт. Соның бәрін жазып шығыңыз.
Мен айтатын ереже - тұрмысқа шығар алдын жүрекпен, сезіммен, эмоциямен ойламау керек. Тұрмысқа шығатын кезде ең біріншіден мимен, оймен, санамен шешім қабылдау
173
Некеге дейін...
МАНИПУЛЯТОР ЖІГІТТІ ҚАЛАЙ ТАНИМЫЗ?
Манипуляторлардың 7 приемы бар.
Үнемі кешігу. Манипуляторлар ең алғашқы приемын неге кешігу арқылы жасайды? Себебі сіз оны күтесіз. Ал күтсеңіз, демек ойлайсыз. Егер ойласаңыз ол тәуелділікке апарады. Бұл адамға байлану. Адамды күту арқылы ол сізді мойынсұнушылыққа үйретеді. Мойынсұнушылық бұл қарым қатынаста оның сөздеріне, кемшіліктеріне, қателіктеріне үйрете бастайды. Басында 10 минутқа кешігеді. Сосын 15 минутқа, кейін қоғамдық орындарда 1 сағатқа дейін күттіріп қояды. Қанша жерден сіз оған: -Ұнамайды, олай істеме, мен екінші күтпеймін,- деген сияқты сөздерді айтсаңыз да ол бәрібір сізді күттіріп осыны жалғастыратын болады. Кешігіп келген манипулятор ең бірінші сізге комплимент айтады. Аяқ астынан пайда болады да, комплимент арқылы немесе сыйлық арқылы өзінің кешіккенін осылай жуып-шаяды. Бірақ бәрібір соны істеуді жалғастырады.
Екіншісі - қол жеткізбеушілік. Ол сіздің миыңызда, ойыңызда, мүмкін телефонда үнемі байланыста бар. Бірақ өміріңізде ол жоқ. Өміріңізде ол үнемі қолы бос емес, жұмыста жүретін, уақыты жоқ адам. Бірақ ешқашан ол өзінің жұмыста екенін дәлелдеп бермейді. Жұмыс болмаса онда спорттық жаттығулар, үйірмелер, әйтеуір үнемі бітпейтін іс- шаруаларды ғана айтады. Манипулятордың бұл жердегі мақсаты-сіздің үмітіңізді өшірмеу және онымен кездесу, бос уақытын сізге арнау үшін сізді қалатқызу (яғни, сіздің қалауыңыз арқылы). Мұндай сәттерде қыз әдетте өзінің көмегін ұсына бастайды. "Мен саған көмектесейін, егер қолың бос болмаса орнына істеп берейін",- деген сияқты сөздерді айтады. Манипулятор үнемі өзінің қолы тимейтіндігін, үлгермей жатқанын, жұмыстың көп екендігін айта беретін болады. Негізінде сіз манипуляторға
174
Некеге дейін...
көмектесіп жатырмын деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес. Сіз оған көмектесіп жатқан жоқсыз, сіз оның көңіліне таласып жатырсыз. Егер бұл қайталана беретін болса, сіз оның орнындағы міндеттерін үнемі орындап жүресіз, ал манипулятор әрқашан қолжетімсіз болады, өміріңізге келмейді немесе өте сирек пайда болатын болады. Ақыр соңында истерика, айқай-шу, ұрыстар болады. "Неге келмейсің? Неге көңіл бөлмейсің?"- деген сияқты әңгімелер пайда болады. Ал манипулятор өзінің жоқтығымен сізді жазалайтын болады. Тым жақсы сөйлесіп жатқан кезде оған ұнамсыз нәрсені жасасаңыз, мүмкін ол сізге бір өтініш айтады: -Маған мына нәрсе керек болып тұр жасап берші.
Сіздің бас тартқаныңызға ол бірден 2-3 күнге жоқ болып кетеді. Телефонды бір көтермесеңіз, керісінше ол 1 күнге хабарласпай немесе телефонды көтермей жоқ болып кетеді. Ал егер оған ұнайтын, оның сұраған өтініштеріне дұрыс жауап бере алсаңыз, өтініштерін орындасаңыз, онда манипулятор сізді өзіне жақын тарта бастайды. Яғни сөйлесіп, жылы сөздер айтып, арасында кездеседі. Бірақ бір қателік жасасаңыз немесе ол манипулятордың өтінішіне көнбесеңіз немесе бір қоңырауын көтермей қойсаңыз, ол сізді жоғалып кетіп жазалайды.
Манипулятордың келесі приемы - симуляция болезни.
Яғни манипулятор не істейді? Ол ауырған адамның кейпін танытады. Не үшін олай істейді? Оның мақсаты кішкене үзіліс алып, сізбен араласпай, жаңа адамды тауып сонымен уақыт өткізу үшін. Бірақ сізге не деп айтады? Ол сізді алдайды. -Мен ауырып жатырмын, менің қызуым көтеріліп үйдемін, кешкі сағат 20:00-ге таман мен дәрі іштім, мен ұйықтаймын,- дейді. Егер 20:00-ден кейін сіз оған хабарлассаңыз ол телефонын көтермейді. Егер ол хабарлама жазып "жатамын" демесе де, ол оянған соң "мен ұйықтадым"- деп айта салады. Негізінде ол жай ғана сізге ауырып жатқанын жібереді де, ал өзі жаңа қызбен сөйлесіп, приемдарын қолданып бастайды.
175
Некеге дейін...
Симуляцияның екінші техникасы. Сіз онымен кездескеңіз келсе: "Мен дәріңді аламын, жеміс-жидек алып сені емдеймін, сорпа қайнатып беремін, қызуыңды түсіремін",- деген сияқты көмегіңізді ұсынасыз. Ал манипулятор не дейді? -Жоқ, керек емес, жаным, менің мұндай түрімді көргеніңді қаламаймын. Мен өзім жалғыз болғым келеді. Әйтпесе сағанда жұғып кетеді,- деп, қашқақтай бастайды.
Ер адам ешқашан жалғыз ауырмайды. Ер адам ауырса жанында міндетті түрде әйел адамдар жүреді. Анасы, әпкесі, әйелі, қызы бәрі жүреді. Бұл манипулятордың өтірік маскасы. Сіз үйіне барып, есіктің алдында тұрып, тамақпен келіп есігін қақсаңыз, ол үйде болса да есікті ашпайды. Кейін сіз кетіп қалған соң: -Сен келдің ба, мен білмедім, қаттырақ ұйықтау үшін дәрі ішіп едім, мүлдем ештеңе естіген жоқпын,- дей салады. Немесе үйінен кетпей қойсаңыз жарты сағат күттіріп қойып, жарты сағаттан кейін есікті ашады. -Ұйықтап жатырмын,- деп айта салады.
Келесі манипулятордың приемы - үнемі сөз беру арқылы сізді үміттендіру. Сөйлесіп жүрсіз, кездесіп жүрсіз, бірақ әлі де үйленбейсіздер, әлі де ата-анасымен таныстырған жоқ немесе сіздің ата-анаңызбен танысқысы келмейді. Не үшін? Себебі үнемі бірнәрсе жетіспей жатыр немесе бір шарт орындалу керек. Оның айтатын сөздері мынандай: "Кішкене карьералық өсу болсын, кішкене айлығымды көтерейін үйленеміз, машинамды алайын үйленеміз, оқуымды бітірейін ата-анаммен таныстырамын, сен оқуыңды бітір сосын танысамын",- деген сияқты үнемі алдағы бір кедергілерді айтып сіздің қалауыңызды орындамайды. Яғни қашқақтай бастайды. Басында ол тек қана қол жеткізбейтін шарттар болуы мүмкін. "Көлігімді алайын, ақшамды жинап алайын, үйге ремонт жасап алайын",- деген сияқты әңгімелерді айтады. Немесе "Менің інім үйленсін, ағам үйленсін, жеңгеміз баласын тусын",- тағы сол сияқты сөздерді айтады. Әрі қарай ол шарт қоюы мүмкін. Мысалы, ол ұзын көйлек кидіруі мүмкін, ал сіз ондайға қарсысыз, дінге жақын емессіз. Ол мынандай шарттарды айтуы
176
Некеге дейін...
мүмкін: "Ұзын көйлек кимесең мен сені әйел қылып алмаймын. Себебі маған ондай әйел керек емес. Менің айтқанымды тыңдау керек",- дейді. Әйел адам манипулятордан шаршап, айырылысқысы келіп, құрбыларына шағым айтып: -Мен шаршап кеттім, нүкте қоямын, күш жоқ, бізден ештеңе шықпайды, мен онымен бірге бола алмаймын, бәрібір ол өзгермейді,- деген сияқты сөздерді айтып айырылысып кетуі мүмкін. Құрбылары мынандай сөздер айтады: -Сен соншама жақсылық жасадың, талай көмектестің, сен үнемі қолдау көрсеттің, онда мәселе болған кезде оның жанында табылған тек қана сен болдың, сен онымен айырылысып кетесің, ол 1-2 аптадан кейін түсінеді сенен жақсы қыз жоқ екенін, сенен жақсы қызды ол таба алмайды, ол саған қайтып келеді,- дейді. Сол арқылы біз өз-өзімізді тыныштандырамыз. "Менің қандай жақсылық жасағанымды ол түсінер. Мені жоғалтып алғаннан кейін ол түсінеді",- деп ойлаймыз. Бірақ білесіз бе? Манипулятор үшін орнын баса алмайды дейтіндей қыздар жоқ. Манипуляторлар сізді тастап екіншісіне баруы мүмкін. Себебі оларда үнемі қосалқы нұсқалар (запасной вариант) бар.
Манипуляторлар тіпті телефондарын ұстатпайды, қаратпайды. Үнемі блокқа қойып қояды немесе сіздің жаныңызда болғанда белгісіз номерлерді, сақталмаған номерлерді көтермейді. Үнемі кім хабарласып жатыр деп қорқады. Мүмкін оның басқа қыздары шығар хабарласып жатқан. Сіздің жаныңызда болғанда телефоны үнемі дыбыссыз режимде тұрады. Себебі оның сізден жасыратын дүниесі өте көп.
Ондай адамды сіз тастап кетсеңіз, ол сізге: "оралшы, қайтып келші",- деп артыңыздан жүгірмейді. Ол манипуляциясын әрі қарай жалғастырады. Қандай манипуляция? Ең бірінші іс- әрекеті- сізді елемеу. Ол осы арқылы сіздің эмоцияңызды бақылайды.
177
Некеге дейін...
АТА-АНАМЕН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАШАН ТАНЫСТЫРУ КЕРЕК? ЖІГІТТІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?
Көбісімізді қызықтыратын нәрсе - жігітімізді туысқандарымызбен қашан таныстыруға болады? Өзіміз жігіт жақпен қашан танысуымызға болады? Бұл негізі өте күрделі сұрақ деп айтпаймын. Жай ғана белгілі бір ережелерді ұстану керек болады.
Ол қандай ереже? Біріншіден, сіз өзіңіздің сезіміңізге емес, ер адамның сезіміне 100% сенімді болуыңыз керек. Ал біз әдетте қалай істейміз? Ер адам бізге қатты ұнайды, біз оны 100% жақсы көретінімізді білеміз, ол адаммен айырылыспайтынымызды білеміз және бұл адамнан басқа ешкімді өзіміздің күйеуіміз ретінде көре алмаймыз. Тек қана осы себеп үшін жігітті өзіміздің туысқандарымызбен таныстыруға тырысамыз. Яғни осындай қадам жасаймыз. Бірақ бұл дұрыс емес. Тіпті сіз 100% өзіңіздің ол жігіттен бас тартпайтыныңызға, махаббат мәңгі болатынына және осы адам сіздің идеальды күйеуіңіз болатынына сондай бір ой- пікірлеріңіз, сезімдеріңіз айтып тұрса, бірінші кезекте сіз не істеу керексіз? Ең басында сіз жігіттің сізге деген нақты сезімін білу керексіз. Яғни ол сізді 100% таңдап тұр ма, сізді сатып кетпейді ме, алдамайды ма, сіз үшін жаман қасиеттерін өзгерте ма немесе өзгертпесе де сіз оны өзгерткіңіз келіп, ертең сіз ойлағандай болмай шыға ма? Соның барлығын бірінші ойлау керек.
Араларыңызда ең аз дегенде 6-8 ай өту керек. Егер сіз қыз бен жігіт болып жүріп жүріп, күнделікті сөйлесіп, кездесулер болып жатса, кемінде 6 немесе 8 ай өту керек. 6-8 айдың өзі аз. Көбісі 1-2 айдың өзінде танысуға жақсы көзқараспен қарайды. Бұл жерде жігіт тезірек үйленгісі келеді немесе үй іші қайта- қайта үйлен деп қоймаған соң, ата-анасымен таныстырғысы келеді.
178
Некеге дейін...
Енді не істеу керек? 6 ай өтті делік. Оны тексеретін тестіңіз болу керек.
Мен әдетте жатақханада тұрғанда құрбыларымның сөйлесіп жүрген ер азаматтарымен танысып, оларды тексеретінмін. 90% жігіттер менімен танысып, кездесуге шақырып, номерімді сұрайтын. Бұл өте жаман болды. Бір жағынан алдын-ала біліп қойғаны да жақсы болды. Қазір менің ол құрбыларым күйеуге шығып кеткен, күйеулері бар, біреуінің баласы бар. Сондықтан ең дұрыс нәрсе ол жақсы, сенімді құрбыңыз болса сол құрбыңыз арқылы жігітті тексеріп алу керек.
Келесі ережелер ол өзіңіз сол адаммен танысып сөйлеспеу керексіз. Не үшін? Себебі, ер адамдар ақымақ емес, олар сіздің мотивіңізді түсініп қояды. Не арқылы? Сіздің сөйлеу мәнеріңіз арқылы, қалжың арқылы немесе номерді сұраса дәл сол сәтте сіз телефонмен сөйлесе алмай қаласыз. Не үшін? Себебі дауысыңыздан танып қояды. Не істеу керек? Құрбыңызға айтасыз.
Келесі екінші ереже- бір апта немесе екі апта шыдау. Жарты сағаттық тексеріс деген ол өтірік нәрсе. Не үшін? Себебі, ер адам өтірік кейіп танытады. Ондай біздің практикамызда болды.
Жігітті тексеріп жатқан кезде ол бірден номерімді сұрап, кездескісі келіп, комплименттер айтып, қызым жоқ деген әңгімені айта бастады. Сосын менің құрбым шыдамай кетті. Ол өзінің көңілсіз сөйлесуі бойынша білдіріп қойды. Себебі біліп тұрасың ғой сенің жігітің қазір басқа біреумен, басқа қызбен танысып жатыр. Ал сіз телефонмен: -жаным, күнім, сағынып кеттім,- деп қалай айтасыз, иә? Ол үшін сіз актриса болу керексіз. Сөйтіп ол шыдамай жігітіне айтып қойды. Мен білемін, сен басқа қызбен танысайын деп жатсың, сен оны кездесуге шақырдың,- дейді. Бірақ жігіт бәрібір өтірік кейіп танытады. Ол айта салады: мен білгенмін, сен мені тексеріп жатқаныңды. Болды. Сіз ештеңе істей алмайсыз. Дәлелдей
179
Некеге дейін...
алмайсыз. Сіз одан не жай ғана бас тартасыз, не күмәнға түсіп кетесіз "ол расымен білді ма екен, әйтпесе олай тез танысып, тез номер сұрамас еді ғой",- деп күдіктене бастайсыз.
Сол үшін менің ең басты екінші ережем ол-кемінде бір апта шыдау. Бір аптаның уақытында сіз білдірмейсіз.
Келесі үшінші ереже- сіздің құрбыңыздың онымен қалай сөйлесу керегі және қандай сұрақтар қою керегі. Бірінші танысқан кезде ол WhatsApp-тан таныспау керек. Яғни номеріңізді біреуден алдым деген әңгіме болмайды.
Менің күйеуім мені солай тексергісі келген. Номеріме хабарласты, бір жас жігіт болып, өзінше күшті комплименттер айтып, ал мен негізінде телефонмен ешқашан таныспайтынмын. WhatsApp-пен де таныспайтынмын.
Мен оған сұрақтар қоя бастадым: Қайдан көрдің?
Қайдан номер алдың?
Нақты қандай киімде болдым? Сағат қаншада?
Қай көшеде?
Ал ол танысып жатқан жігіт жауап бере алмай қалды. Түк те айта алмай қалды. Мені тексеріп жатқанын түсіндім. Мен оған әдейі "Кел, кешке кездесейік",- дедім. Күйеуіммен бірге келетін шығар деп ойлағанмын ғой. Ал күйеуім менің екінші ережемді ұстанған жоқ. Ол шыдамады. Кездесуге дейін келген жоқ. Маған хабарласып бірден айтып қойды. Мен сені тексеріп жаттым,- деп айтып қойды.
Енді әрі қарай жалғастырайық.
Сіздің құрбыңыз оған не деп айту керек? Біріншіден WhatsApp-та таныспайсыз. Ең жақсы нәрсе- Вконтакте немесе Instagram. Ең бастысы, сіздің және құрбыңыздың ортақ достарыңыз, ортақ
180
Некеге дейін...
лайктарыңыз, бір универде оқуыңыз, мүлдем екеуіңіздің байланысыңыз болмау керек. Себебі, ол қызға сұрақтар қояды. “Қайда оқисың? Қайда істейсің? Қайда тұрасың? Мені қайдан таптың?”- деген сияқты. Ол міндетті түрде қыздың достарына кіреді, сізбен ортақ не бар екенін іздейді. Сондықтан соның барлығын бірінші тазалау керек. Ұқсастықтар бар жерді айтпау керек. Кішкене өтірік айтуға тура келеді. Бір университетте оқысаңыз, басқа университетті айту керек. Кездесейік десе сол университеттің айналасындағы бір орында кездесу деген сияқты нәрселерді айту керек. Бұл менің үшінші ережем.
Төртінші ереже- қандай сұрақтар қою керек?
Құрбыңыз алғашқы 2-3 күнде: "Қызың бар ма? Біреумен сөйлесіп жүрсің ба? Қызың болды ма?"- деген сияқты сұрақтарды қоймау керек. Яғни тез қойылған сондай сұрақ күдікке әкеледі. Жігітіңіз бірден күдіктене бастайды. "Не үшін менімен танысып жатырсың? Таныстың демек қызың жоқ қой? - деген сұрақтар қойылмауы керек.
Алғашқы 2-3 күн сіздің құрбыңыз онымен не туралы сөйлесу керек? Хобби туралы, қызығушылық туралы, қалжыңдар, анекдоттар сондай нәрселер болуы керек. Аудиозаписьтерді міндетті түрде жіберіп тұру керек. Яғни өзінің шынайы адам екенін көрсету үшін. Бұл менің төртінші ережем.
Бесінші ереже- егер жігітіңіз құрбыңызбен танысса, сөйлесіп кетсе онда екі апта уақыт өткеннен кейін кездесуге шақыру керек. Егер жігіт бірінші кездесуге шақырса, онда құрбыңыз "жарайды" деп екінші шақырғанда шығуға болады. Құрбыңыз шығады. Бұл уақытта сіз өзіңізді ұстайсыз. Сізде таңдау болады. Не құрбыңыз екеуі кездескенде сол сәтте сол жерге келіп екеуін ұстау немесе оны жай ғана тастау. Өзіңіз үшін шешесіз.
181
Некеге дейін...
Өтінемін қыздар, егер жігітіңіз тексерістен өтпесе: "Махаббат қой, жақсы көріп қалдым ғой, бауыр басып қалдым ғой, сүйемін",- деген сияқты сөздер арқылы өзіңізді алдамаңызшы. Жігітті тастаңыз да кете беріңіз. Өміріңіз әлі алда. Бес бала туып тастап, сосын барып түсінбегеніңізге қуаныңыз. Бұл тексеріс міндетті түрде керек деп ойлаймын. Егер сіз оны күштілеп тексере алмасаңыз, жігітіңіз сізге ренжиді. Бірақ жақсы көрсе, ол сізді кешіреді. Бір күн, екі күн ренжиді да, кешіре салады.
Сондықтан не істеу керек? Менің ең алғашқы ережем ол - артыңыз ашылып қалмау керек. Өтінемін тексерістен өтпеді ме, оны тастаңыз. Ештеңені оған дәлелдеудің де керегі жоқ. Себебі, кез-келген еркек өзінің кінәсін ақтап алады. Оның барлығы өтірік әңгіме.
Мен күйеуімді талай рет тексергім келді. Ол жай ғана қара тізімге салып тастайтын, таныспайтын болды. Ешқандай жолын таппайсың. Ол танысқысы келмейді немесе мен оны тексерейін десем, ол бірден маған көрсетеді: -Маған осындай қыз жазып жатыр,- дейді. Маған бірден көрсететін және жасыру болмайтын. Еркек жақтан сондай нәрсе болу керек.
.
Болды тексерістен өтті. Ол қызбен танысқан жоқ. "Менің қызым бар ренжіме",- деп ол қыздың бетін қайтарып тастады. Сіз қуандыңыз. Бәрі керемет.
Енді не істеу керек? Мынадай сұрақтарыңыз туындайды. Бірінші жігіт жақпен танысу керек па? Әлде жігітті бірінші өз жағыңмен таныстыру керек па?
Ең бірінші өзіңізге сұрақ қойыңыз. Қашан тұрмысқа шығуға дайынсыз? Егер оқуыңыз бар болатын болса, 2-3 жылдан кейін болатын болса онда дәл қазір танысудың керегі жоқ. Себебі, танысу бұл тойға қадам. Тойға қадам деген соң, сіз: "Менің сабағым бар, анам жұмыс істе деп айтқан",- деп айта алмайсыз. Онда не үшін ата-анасымен таныстыңыз? Туысқандарымен,
182
Некеге дейін...
ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме. Өзіңізге шешім қабылдаңыз.
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарым- қатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін, соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай білдім?
Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ анасымен, әкесімен, әжесімен, қарындасы, інісімен танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен, жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі, анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп
тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра бастадым.
183
Некеге дейін...
ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз. Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме. Өзіңізге шешім қабылдаңыз.
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарым- қатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін, соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай білдім?
Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ анасымен, әкесімен, әжесімен, қарындасы, інісімен танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен, жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі, анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп
тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра бастадым.
184
Некеге дейін...
Анасы мені жиі қонаққа шақыра бастады және анасы мен туралы көп ақпараттар жинады. Менің ата-анам кім? Менің туыстарым қандай? Қай жақта тұрамын? Қай жақта оқыдым? Руым қандай? Мен жақта тұратын болғаннан кейін ол бүкіл ақпаратты жинап, бәрін біліп, тіпті менің нағашыларыма дейін "сол қызды аламыз, сендердің қыздарыңмен сөйлесіп жүр", - деп айтып қойған. Одан айырылысып кеткеннен кейін, менің нағашыларыммен (Мирас пен Құралай) олар кездесіп қалған ғой, сол жерде: "Сіздердің қыздарыңыз менің баламды тастап кетті, менің баламнан да әдемірек, ақшасы көп біреуді тауып алған шығар",- деп, неше түрлі сөздерді айтып тастаған.
Мен мұның барлығы уақытша мәселе екенін білдім. Ұят деген нәрсе әрқашан ұмытылады. Ұятқа байланысты тақырып ары кетсе максимум 2-3 ай ғана, одан кейін бүкіл ел тынышталады. Мен соны түсініп, көзді жұма салдым. Ол былай тұрсын нағашыларым оны анама айтып берді. "Сенің қызың жігітпен жүріп, оны тастап кетіпті, анасымен танысыпты",- деп айтыпты. Анам оны маған айтады. Қазір ол тақырыпты ешкім қозғамайды, көтермейді. Ол жігітті мен әкеммен таныстырып қойғанмын. Міне, бұл менің үлкен қателігім. Сіздерге сол қателіктерді қайталамас үшін айтып жатырмын.
Бірінші жігіт жақпен танысасыз. 1-2 ай сөйлесіп жүресіз. Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырасыз. Егер туысқандары ұнайтынына сенімді болсаңыз, кейін өз жағыңызбен таныстыруға болады.
Мен ақымақ болып әкеммен таныстырып қойғанмын. "Менің досым",- дедім. Әкемді жұмыстан алып кетіп, үйге дейін апарып тастадық. Бірақ екеуі отырып танысқан жоқ. Тек менің досым дедім. Соның өзі әлі күнге дейін мен үшін ұят. Қатты ұяламын. Барлық ережелер осындай.
185
Некеге дейін...
Өз ата-анаңызбен таныстырған кезде алдын-ала не істеу керек? Ата-анаңызды дайындау керек. Кемшіліктерін айтпаңыздар. Ата-анасы ажырасқан немесе қайтыс болып кеткен, тағы да басқа кемшіліктерін айтпайсыз. Тек қана жақсы жақтарын айтасыз. "Ал қалғанын жігіттің өзінен сұраңыздар",- деп айтасыз. Бұл не үшін керек? Себебі алдын-ала кемшіліктерін айтатын болсақ, ол жігітті танысуға шақырғанда тек қана жаман жақтарын байқайтын болады. Менің күйеуімнің ұлты басқа екенін білді. Соның өзінде қарсылықтар болды. Менің ата-анам қатты қарсы болды. Күйеуім келіп, ата-анаммен танысқаннан кейін екеуінің де беті бері қарады. Жігіттің жақсы екенін білгеннен кейін ғана оның ата-анасы ажырасқан екеніне көнді, анасымен тұрмайтынына көнді, ұлты басқа екеніне көнді, мамандықсыз жұмыс істеп жатқанына көнді. Көп нәрсеге көнді. Себебі, ең алғашқы танысқанда жігіт оларға қатты ұнап қалды.
Ең басты ереже: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛСАҢЫЗ, ЖҮРЕГІҢІЗ ЕМЕС, МИЫҢЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАСЫН! ЖІГІТТІҢ ҚАЛАУЫ, ЖІГІТТІҢ ӨМІРІ ЕМЕС, СІЗДІҢ ҚАЛАУЫҢЫЗ, СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ СІЗ ҮШІН БІРІНШІ ОРЫНДА БОЛСЫН!!!
186
Некеге дейін...
ЕР АДАМДЫ 90 КҮНДЕ
ЖАУЛАП АЛУДЫҢ
ТЕХНИКАСЫ
Мен кітабымда да, блогымда да жігіт- аңшы, қыз баланы жаулау керек деп үнемі айтамын. Тек мен емес, кез-келген психолог осылай айтады, бұл шындық. Инициативаны әрдайым ер адам білдіруі керек. Сіздің жаулап алудағы рөліңіз - аңшыңызға жүзіңізді көрсетіп, оны осы орманда сізден артық, бағалы, қымбат жануар жоқ екеніне сендіру. Содан кейін ер адамды өзімен бірге бақытты өмірге бірге апару ғана қалады.
Сонымен, ер адамды қалай жаулап алып, өзіңізге ғашық етуді білмес бұрын нені есте сақтау керек?
1. Менің осы тарауда ұсынатын кеңестерімнің барлығын тек басы бос, бойдақ ер адаммен тексеріңіз! Бұл менің маман ретінде және біреудің жары ретіндегі өтінішім.
2. Егер сіз тым алысқа кетіп, еркектің орнына тым белсенділікті көрсете бастасаңыз (сіз ер адамға ЕРКЕКТЕРДІҢ әдіс-тәсілімен жете бастасаңыз, қоңырау шалып, кездесулерге шақырып, сыйлықтар беріп немесе оған кафеде ақша төлеп), сіз бәрін бүлдіресіз. Содан кейін мен сізге ескертпедім деп шағымданбаңыз.
3. Нақты 12 кеңес болады. Бұл амалдарды жиі емес, бірақ үнемі жасап тұру керек. Ең дұрысы аптасына 1 амал.
СОНЫМЕН НАҚТЫ АМАЛДАР:
1.Жігіт сізге қазіргі кезде мазалайтын нәрсе туралы айтып
жатқан кезде оны бөлмей, мұқият, белсенді түрде тыңдаңыз. Тыңдау дегеніміз - бұл кедергі жасамау, назарыңызды басқа жаққа бұрмау, кейде кейбір жайттарды сұраңыз немесе қысқаша түсініктеме беріңіз, бірақ ешқандай жағдайда
187
Некеге дейін...
ақылсынып, кеңес беруге тырыспаңыз. Мүмкін сіз онымен күнделікті әңгімелесіп жүрген шығарсыз, бірақ мен ер адам үшін өте маңызды тақырыпты айтамын. Бұл жұмыстағы қиындықтар, жаман естеліктер немесе оның бизнесі туралы әңгіме болуы мүмкін. Ол бірнеше сағат тоқтамай, ішіндегімен бөлісіп ашылуы мүмкін. Сіздің міндетіңіз - осы уақытта алаңдамай көңіл бөлу. Иә, ер адамдар да кейде ашық сөйлесіп, ішіндегін шығара алады, ал оны тыңдай алатын әйел жігітке ерекше әсер қалдырады. Егер сіз оның әңгімесі 3 сағат созылса да, қызығушылықпен тыңдай алсаңыз, маған сеніңіз, бәлкім, сіз оның өміріндегі алғашқы жалықпай тыңдап отырған әйел боларсыз. Ол мұны өмірінің соңына дейін есінде сақтайды және сізбен тағы да сондай керемет қарым-қатынас жасай алатын сәтті асыға күтеді. Бұл 1: 0 есебімен сіздің пайдаңызға айналады!
2. Ер адам сіздің ашуланатыныңызға морально дайын болған кездеашуланбаңыз. Яғни,бұлқандайдақателікжасапқойса (кездесуге немесе үйге кешігіп, сіз үшін маңызды күнді ұмытып, сіздің қасыңызда басқа әйелмен сөйлесіп) сізден стандартты әйелдік мінез-құлықты күте алады: көз жасын төгу, айқайлау, ыдыс-аяқтарды ұру, заттар жинап, кетіп қалу, ұрсысу. Бірақ, сіз оны таңқалдырып, жоғарылағы әрекеттердің бірін де жасамаңыз! Ол шокта болады(он в шоке будет). Себебі, сіз ондай ештеңе жасамайсыз. Сіз оған жай ғана сабырменоныңсізгежағымсызекенінтүсіндіріпбересіз. Бірақ сіз жылауға және ренжуге ниет білдірмейсіз, өйткені сіз оны барлық кемшіліктермен толығымен қабылдайсыз. Ол сізден мұндай реакцияны күтпейді! Сондықтан сіздің мінез- құлқыңыз ер адамға жағымды тосын сыйға айналады, оны ол міндетті түрде бағалайды. Ал келесі жолы ол мұндай жаман істер жасамауға тырысады. Сізде тағы бір балл бар.
3. Дәмді тамақтандырыңыз. Сіз әрине, оған үнемі тамақ жасап бересіз, бірақ осы 3 айда кем дегенде бір рет оған ерекше, таңқалдырарлық тағам дайындаңыз. Өз қолыңызбен.
188
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Махаббатпен. Ең дұрысы, тәтті тағам дайындап беріңіз, өйткені десерт - адамның көңіл-күйін көтереді, оны мейірімді етеді, бұл оған да, сізге де пайдалы болады. Бұл торт немесе эклер, ерекше тоқаштар болуы мүмкін. Ол дүкеннен сатып ала алмайтын нәрсе. Бұл кенеттен жасалатын тосынсый болсын. Одан не ұнайтынын сұрамаңыз, таңқалдырыңыз. Сіздің ер адамыңыз өз қолымен жасаған, күтпеген дәмді сыйлықты ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сіздің қоржыныңызда тағы бір балл бар.
4. Оған адам ретінде және маман ретінде тәнті болғаныңызды көрсетіңіз. Ер адам сізге өзінің жетістіктері туралы немесе жұмысының нәтижесін көрсететін сәтте шын жүректен таңданыңыз! Таң қалуыңыз 5-10 минутқа созылса тіпті керемет. Толқыныстан, қуаныштан, таңданудан көзіңізден жас шығарып жіберсеңізде артық етпейді. Сол күн бойы 20-30 минут сайын бірнеше рет оның таланты мен жетістігіне таңданғаныңызды білдіріп отырыңыз. Бұл уақытта жігіт қысылып "Жай жасай салғанмын, бұны барлығы да жасай алады" деп ұяла түседі.
5. Төсекте не ұнайтынын және не ұнатпайтыныңызды өз еркегіңізге айтыңыз. Егер сізде жақын интимді қарым-қатынас болса немесе олар енді басталса, ер адамға жыныстық қатынаста не ұнайтынын айтуды ұмытпаңыз. Олар әйелден не ұнататынын сұраудан қорқады. Епсіз, тәжірибесіз болып көрінуден қорқады. Бірақ егер сіз өзіңіз жыныстық қатынасқа түсер алдында айтсаңыз, ол сізге өмірінің соңына дейін ризашылық білдіреді! Дұрыс емес нәрсе істеп жатырмын деп ойламайтын болады. Оның еркек ретінде өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.
6. Қызығушылықтарыңызды көрсетіңіз және айтыңыз. Бұл амалды айына 2-3 рет, басқаларымен қатар жасаған жөн. Өйткені, ер адам үшін бірдеңе туралы құштарлықпен айтатын әйелден артық тартымды ештеңе жоқ. Сіз жаңа көйлек тіктіңіз бе? Мұны өз еркегіңізге көрсетіңіз және эмоциямен қалай
тырысқаныңызды, барлығын қаншалықты мұқият жасағаныңызды айтуды ұмытпаңыз.
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
Сіз жаңа сурет салдыңыз ба? Сіз қызықты кітап оқыдыңыз ба? Аспаздық шедевр дайындадыңыз ба немесе жылдың мәмілесін жаптыңыз ба? Бұл туралы ер адамға жеке-жеке айтуды ұмытпаңыз (хатта немесе телефон арқылы емес) және қуаныш, бақыт эмоцияларымен.
Ал ер адам сіздің айтқаныңыздан бір сөз түсінбесін, бірақ ол келетін энергияны сезінеді. Ол сізден сергектік зарядын алады жәнеолсіздіөзжетістіктеріментаңқалдырғысыкеледі! Сіздің дәл осы эмоцияңызды көру үшін таң қалдыруға тырысатын болады. Нәтижесінде сіз оның музасына айналасыз, бұл оны ерліктерге итермелейді.
7. Сіз оның өмірлік мақсаттарына пайдалы бола алатындығыңызды және бұл мақсаттар сізді де қызықтыратынын көрсетіңіз. Оның тауға шыққанды ұнататынын естідіңіз бе? Сіз де қызығатыныңызды білдіріңіз. Сіздің ер азаматыңыз құрылыспен айналысатынын білдіңіз бе? Оған үй салуға дайын достарыңыз бар екенін айтыңыз. Ол сізбен бизнес құру жоспарларымен бөлісті ме? Сіз де дәл осы бизнеске идеяларыңызды қосыңыз. Ерлер практиктер. Олар тек әдемі, талантты, көңілді ғана емес, сонымен бірге өзінің өмірлік мақсаттарын онымен бөлісе алатын әйелді кездестірген болса, онда оны мұндай қадір-қасиетке ие емес басқа әйелге айырбастауы екіталай.
8. Сіз оны толықтай қабылдайтындығыңызды көрсетіңіз, кемшіліктерді қабылдаңыз және оны түзетуге тырыспаңыз. Егер сіздің ер адам түнде қорылдаса, құлақшын сатып алып, қасында ұйықтаңыз. Егер ол достарымен сыра ішуді ұнатса, осы күндері достарымен бірге кафеге барыңыз. Ер адам әрқашан жақсы әзілдей бермейді, әсіресе бейтаныс адамдардың алдында? Қалай болғанда да, әзілдері өтпей қалса да, оның әзілдеріне күліңіз. Өзін еш өзгертпестен қабылдайтын әйелдерді ер адамдар алтыннан да жоғары бағалайды.
190
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
9. Оның пікірі мен шешімі әрқашан басты орында болатынын көрсетіңіз, әрине, егер оның өміріне қатысты шешім болса. Сонымен бірге, ер адамға өз өміріңізге қатысты шешімдерді өзіңіз қабылдайтындығыңызды түсіндіріңіз. Сіздің ер азаматыңыз жұмысын немесе кәсібін өзгерткісі келе ме? Оны қолдаңыз, ол ақымақтық немесе қаржылық жағынан тиімсіз деп айтпаңыз. Ол жеке өсу тренингіне барғысы келе ме? Барлық мәліметтерді мұқият және сүйсініп тыңдаңыз (ақыры, кез-келген адам дамығысы келмейді және бұл теледидар алдында шорты киіп, сыра ішкеннен гөрі 1000 есе жақсы, келісесіз бе?). Ол сізге құрбылармен отырыстан үйге қайт дей ме, еш дауласпай келісіңіз. Сіздің ер азаматыңыз тілін алғаныңызға қаншалықты қуанышты әрі көңілді болатынын өзіңіз көресіз. Сіздің мақсатыңыз - жағымды эмоцияны тудыру.
10. Одан көмек сұраңыз. Мүмкін сіз бұл мәселені күн сайын қайталайтын шығарсыз, бірақ мен қазір сіз үшін өте маңызды көмек туралы айтып отырмын. Көмегін алғаннан кейін, іштей қуанышпен, ризашылықпен «Рахмет, қымбаттым! Сіз болмасаңыз, мен оны ешқашан жасамас едім!», - деңіз. Бұдан кейін ер азамат сізге өте керек адам екенін сезінеді.
11. Оның достары мен отбасына әрдайым жақсы көзқараста болыңыз. Егер сіздің ер адам сізді өзінің достарымен немесе ата-анасымен таныстыруға шешім қабылдаса, оларға ұнауға тырысыңыз! Жақсы, мейірімді, көңілді және ілтипатты болыңыз. Себебі достармен және ата-аналармен кездесу - бұл сынақтың бір түрі. Олар бұл жағдайда сізді тексереді. Егер сіздің жақын досыңыздың бірі де, анаңыз да сізге ұнамаса, ол сізді әйел ретінде таңдайтын мүмкіндігі мүлдем азаяды. Сіз оның отбасын да, достарын да сол күйінде қабылдауыңыз керек. Оларды қандай-да бір түрде сынамаңыз. Сіздің ер азаматыңыз бен оның отбасы мен достарының арасында ешқашан араласпайтындығыңызды білдіріңіз.
191
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
12. Сіз оның бостандығын шектемейтіндігіңізді көрсетіңіз. Ер адамға оны 24 сағат бойы байлап, бақылап отырмайтыныңызды түсіндіріңіз. Сіз оның жеке кеңістігін бағалайтындығыңызды және құрметтейтіндігіңізді көрсетіңіз. Егер ер адам сізді ұнатса, сонымен бірге сіз оны өзіңізге байлауға тырыспасаңыз, ер адам сізге қайта-қайта оралады.
Міне, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынастың психологиясы осындай.
Қорытынды:
1. Сіз әйелсіз! Сізге ер адамға белсенді түрде қол жеткізудің
қажеті жоқ. Ешқашан! Тек қызықтыру үшін, оны қызықтырып, жақсы жағынан қоздыру керек, сонда ол өзі сізге қол жеткізе бастайды.
2. Барлық ұсыныстарды қарапайым түрде орындаңыз. Ер адамның көңіл-күйін сезінуге тырысыңыз және осы көңіл- күйге бейімделіңіз, әйтпесе ешқандай әсер болмайды.
3. Барлық іс-әрекеттер тұрақты болуы керек, бірақ күнделікті емес, әйтпесе ер адам зерігеді немесе ол оған үйренеді, бұл одандажаман. Идеаларалық-7-14күндебіррет.
4. Ер адамның қолыңызға түскенін сезсеңіз, бұл сізге демалуға болатындығын білдірмейді. Еркектің бойына жағымды эмоциялардың өсуін тудыратын, өзіңізге деген қызығушылығын үнемі сақтай отырып, босаңсымайтын жаңа әдістер ойлап табыңыз.
Сондай-ақ есіңізде болсын: егер бұл амалдардан ештеңе шықпаса, бұл СІЗДІҢ ер адам емес! Бұл жай ғана тағдыр емес. Мен сізге осы 90 күнде болатын қазынаны бағалай алатын басқа, қолайлы адамды іздеуді ұсынамын.
Мен сіздің жетістікке жететініңізге сенімдімін!
192
Некеге дейін... автор: @sabiradan_
ҚОРЫТЫНДЫ
Кітаптың соңына да келіп қалдыңыз, енді «қандай жігітті таңдаймын? Қандай адаммен бақытты боламын?» деген сұрақтар сізді мазаламайтын шығар.
Тұрмысқа шығу оңай, той жасау оңай, бірақ үй болу қиын. Тұрмысқа шықпай тұрып өзіңіздің принциптеріңізді ұмытқан болсаңыз, тұрмысқа шыққаннан кейін сізді барлығы таптап тастайды. Бұл сіздің мәңгілік есте сақтайтын ұраныңыз болу керек. Бізді кішкентайымыздан «отбасының бақыты-әйелдің қолында» деп үйретеді, бірақ мен сіздерге бұл сөзді тұрмысқа дейін айтпаймын. Дәл қазір «мен оны бақытты қылуым керек» деп емес, «Бұл адам мені ертең жылатпай, құлатпай бақытты ете алады ма?» деп ойдлауыңыз керек. Әйелдің статусына қарай ер адам өзін соған тең ұстайды. Сондықтан соңына дейін оқып шыққан кітаптың әр бөлімін, әр сөйлемін есте сақтап, әрқашан қолданып жүріңіз. Мен сізге сенемін, сіздің таңдауыңыз- сіздің болашағыңыз. Және соңғы сөйлемімді сізге ерекше махаббатпен, ілтипатпен аяқтағым келеді. Егер өзіңізге жақсы жігіт кездескенін қаласаңыз, егер тұрмысқа сәтті шыққыңыз келсе, онда өзіңіз сол криетрияға сай болуға тырысыңыз. Себебі Аллаһ Тағала Әділетті. Сіздің қалағаныңыз, іздегеніңіз болмайды, сізге лайықтысы ғана болады, осыны ұмытпаңыз.
Сізге тек жақсылық тілеуші құрбыңыз- Сабира.
193
Сабира Нурпеисқызы НЕКЕГЕ ДЕЙІН...
Корректоры, көркемдеуші дизайнер: Шыхыева Мәдина Алламұратқызы
Достарыңызбен бөлісу: |