Садырова М. С


ІІІ Социологиядағы теңдік және теңсіздік мәселелері



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

ІІІ Социологиядағы теңдік және теңсіздік мәселелері 
 
Әлеуметтік айырмашылық және әлеуметтік теңсіздік мәселелері 
социологияның дамуының барлық кезеңінде негізгі мәселе ретінде 
қарастырылды. Стратификация адамдар арасындағы нақты әлеуметтік 
айырмашылықтар иерархиялық рангілеу сипатына ие болады. Әлеуметтік 
стратификация адамдар топтарын иерархия бойынша бөлетін жүйе. 
Стратификациялық жүйелердің типтері және теңсіздік 
Жүйелердің типтері
Жіктеу негіздері
Айырмашылықтарды 
айыру тәсілдері
1.
физикалық-
генетикалық. 
Жыныс, жаст, физикалық 
мағлұматтар
Физикалық мәжбүрлеу, 
дәстүрлер
2.
құлдық
Азаматтық пен меншік 
құқығы
Әскери мәжбүрлеу, 
құлдық құқық
3.
касталық. 
Діни және этникалық 
еңбек бөлінісі
Діни ритуал, 
этникалық томаға 
тұйықтық
4.
сословиелік 
Мемлекет алдындағы 
борыштар 
Құқықтық безендіру
5.
этакратиялық. 
Биліктік иерархиядағы 
рангалар 
Әскери-саяси үстемдік 
6.
әлеуметтік-
кәсіби 
Еңбек түрі мен мамандану Білімдік сертификаттар 
7.
таптық. 
Табыс және меншік көлемі Нарықтық айырбас 
8.
мәдени-рәміздік. 
Сакральлдық білім
Діни, ғылыми, 
идеологиялық 
пайдалану
9.
мәдени-
нормативтік.
10.
Мінез-құлық нормалары, 
өмір сүру стилі
Моралдық реттеу, 
еліктеу
Әлеуметтік теңдіктің келесі түрлерін көрсетуге болады:
 


1. жеке теңдік. 
2. алға қойған мақсатқа жету мүмкіндіктердің теңдігі.
3. өмір сүру жағдайларының теңдігі.
4. нәтижелер теңдігі.
Теңсіздіктің құрылымын билік, менешік, мәртебе құрайды. Теңсіздік 
ретінде әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстраға, әлеуметтік 
байлыққа, саяси билікке бірдей қол жеткаізе алмауын айтады. Теңсіздік 
барлық қоғамға тән құбылыс. Теңсіздікті өлшеу үшін екі өлшем 
қолданылады. Олар байлық пен табыс. Социологтар тұрғындардың әртүрлі 
топтарының өмірлік қадамдары мен мүмкіндіктерінің бірдей емес екенін 
дәлелдеді. Олар азық түлікті, киімді, тұрғын үйді және т.б. әртүрлі 
мөлшерде және сапада сатып алады. Ақшасы көп адамдар жайлы үйде 
тұрады, қымбат көлік сатып алады, өздеріне қымбат демалыс ұйымдастыра 
алады. Сонымен қатар бұл топтың көзге көрінбейтін де артықшылықтары 
бар. Кедейлердің өмірі қысқа, балаларының білім деңгейі төмен. Әлеуметтік 
теңсіздік гендерлік және нәсілдік стратификациядан да айқын көрінеді. 
Табыс мөлшері тең болғанның өзінде қара және қоңыр нәсіл өкілдерінің 
балаларының өмірлік мүмкіндіктері ақ нәсіл өкілдерінің балаларына 
қарағанда төмен болады.
Теңдіктің үш мағынасы бар. 1) заң алдындағы теңдік, Жария (ресми) 
теңдік – азаматтардың заң алдындағы теңдігімнен көрінеді; 2) мүмкіндіктер 
теңдігі – әрбір адам өзінің орны мен қабілеттеріне қарай өмірде барлығына 
бірдей қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде адамдардың әртүрлі 
нәтижеге ие болатын себебі олардың әлеуметтік мобильділігіндегі 
қиындықтарға, жағдайдың қолайлы болмауына, еңбегін өз дәрежесінде 
мойындамауын, өмірлік бастаманың теңсіздігіне байланысты. 3) нәтижелер 
теңдігі – Дарындылығына, жігеріне, қабілеттеріне қарамастан әрбір адам 
бірдей старттық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Ф. Хайектің айтуынша,
мүмкіндіктер теңдігі мен нәтижелер теңдігінің бірігуі заң алдындағы 
теңдікті жояды. Себебі, нәтижелер теңдігіне жету үшін адамдардың заң 
алдындағы теңдігін бұзуға, меншігі барлар мен меншігі жоқтарға әртүрлі 
ережелер қабылдауға тура келеді. Ф. Хайектің пайымдауынша, заң 
алдындағы теңдіктің бұзылуы әдейі болмауы да мүмкін. Мысалы, 
зейнеткерлер, мүгедектер мен әйелдер еңбекке қатысты тең емес 
мүмкіндіктер менг қабілеттерге ие. Сондықтан оларға артықшылықтар мен 
жеңілдіктер берілмесе олардың өмір сүру мүмкіндіктері күрт төмендейді. М. 
Вебердің пікірінше алғашқы қауымдық құрылыстан басқа қоғамдардың бәрі 
теңсіздіктің үш типімен сипатталады. Олар марапаттау теңсіздігі, статустар 
теңсіздігі, саяси билікке қол жеткізу теңсіздігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет