айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс
(ресми
топтардың
шеңберінде
қалыптасатын)
және
әлеуметтік-
психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.
Шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу тұрпаттаманың
маңызды түрі болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін
әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ - мүшелерінің өзара
байланысулары жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және
тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа
шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы
топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде
студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше
топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.
Г.С.Антипинаның көрсеткеніндей, бастауыш шағын топтың өзіне тән
белгілері мынадай: құрам санының аздығы, кеңістіктегі жақындық, өмір сүру
ұзақтығы, мақсат бірлігі, топқа кіруге еріктілік және мүшелерінің мінез-
құлқына бейресми бақылау. Ч.Кули ғылыми айналымға бастауыш топ
ұғымын енгізе отырып, оның
Достарыңызбен бөлісу: