«Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»



Дата10.01.2023
өлшемі15,07 Kb.
#60858

«Сағакүрес негізгі орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мекемесінің директоры
М.Ы.Ғазизовадан


Ұсыным хат
Торғауытова Әсел Саматқызы 2019 жылдан бастап осы мектепте технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Осы мектептің директоры ретінде Әсел Саматқызы біздің ұжымда жұмыс істегеніне қуаныштымын. Мектепке келген сәттен әріптестерімен тіл табыса білді. Мектепте жұмыс істеген кезде өзін жан жақты дамыған, жаңашыл ұстаз ретінде көрсете білді.
Жаңашыл ұстаз сабақ сапасына, оқыту нәтижесіне бірінші кезекте мән бере отырып, әр түрлі озық технологияларды пайдаланады. Ол шәкірттерін шабыттандыратын, өз-өзін дамытатын, ұйымшыл ұстаз. Оның шәкірттерімен байланыстыру қабілеті және қарапайым түсініктерді, сондай-ақ анағұрлым жетілдірілген тақырыптарды оқытудағы таланты шынымен де жоғары. Ол сондай-ақ ата-аналармен де жазбаша және ауызша коммуникативті дағдыларға ие. Ата - аналар тарапынан пән мұғалімінің жұмысына ризашылық білдіріп отырды. Сынып жетекші ретінде де өзін жоғары деңгейде көрсете білді.
Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзін инновациялық технологияларды жетік меңгергенін көрсете білді. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, өзінен басқа да мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған кәсіби маман.
Торғауытова Әсел заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз. Әсел өзіне жүктелген міндеттерді, тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен және оң көзқараспен орындайды.
Біз Торғауытова Әсел Саматқызын кәсіби ұстаз ретінде ұсынамыз!
Мектеп директоры: М.Ы.Ғазизова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет