Сақ,ғұн,үйсін, түркі тілдес тайпалардың пайда болуы


Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды



бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі1,38 Mb.
#110428
1   2   3   4
Байланысты:
САР -ТҮРІКПрезентация

Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды.

Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

Түрік қағанаты

Тақырыптың мақсаты мен міндеті

  • Тақырыптың мақсаты: қазақ халқының арғы тегі түріктер екенін дәлелдеу.
  • Тақырыптың міндеті:Түріктердің орасан зор терреторияны бағындырдырғанын тарихи деректер бойынша баяндау

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552-603 ЖЖ.)

Түрік этнонимі. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.

Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. Қазіргі қазақ жерінде ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлеттердің бірі – Түрік қағанаты. 551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді.

546-552 жылдарға дейін Түріктер Анағұй қағаны басқарған уақытында жужандарға (авар) тәуелді болды. Бумын өзін жәбірлеуші Жужан қағандығының қол астынан бір жола босап, азаттық алу мақсатында соғысады.

552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағүй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардын барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады.

552 жылы жеңістен кейін Бумын қаған «елхан» деген атақ алды. Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағаны Бумын болды. Түрік қағанаты 552 жылы мемлекеттік дәрежеге жетті.

582-603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс болып бөлінді. Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бодун» - «он оқ елі» деп аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет