– саңырауқұлақтың ең үлкен тобының бірі. Бұлар 2 класқа бөлінеді: қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер (Ascomycetes) – көп клеткалы мицелийлері жақсы дамыған, жыныстық көбеюі кезінде қалта (аск) түзетін саңырауқұлақтар. 30 мың түрі белгілі. Көп таралған түрі – сапрофиттер (өлексемен қоректенетіндер). Бұлар өсімдіктер мен жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етіп, целлюлозаны ыдыратады және әр түрлі өндіріс бұйымдарын бүлдіреді; сондай-ақ бүріспе саңырауқұлақ, трюфель, т.б. түрлері жеуге жарайды;
базидиомицеттер (Basіdіomycetes) - мицелийлері жақсы дамыған күрделі саңырауқұлақтар. Жынысты көбею кезінде – базидийдің (саңырауқұлақтың споралы мүшесі) үстінде 2 – 4-ке дейін экзогенді базиоспоралар түзіледі. Табиғатта кең тараған. 30 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлардың арасында: өсімдіктердің паразиттері, вирус таратушылары, микоризатүзушілері (өсімдік тамырына жіпшумағымен селбесіп тіршілік ететіндер) және жеуге жарамды түрлері (қозықұйрық, қайыңқұлақ, терекқұлақ, майқұлақ, т.б.) бар;