Тақырыбы: Саңырауқұлақтың номенклатуарасы, систематикасы және классификациясы
Саңырауқұлақтар - Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.
- Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Өсімдіктерге тән белгілері: өсімдік сияқты бір орыннан қозғалмайды; қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді; тарамдалады; жасушасында қалың қабықшасы болады; қоректік заттарды жануарлар сияқты жұтпай, өсімдіктер сияқты бүкіл денесімен сорады.
Жануарларға тән белгілері: хлоропластары болмайды, сондықтан фотосинтез процесі жүрмейді. Ағзалық затты (қоректік заттар) өз жасушасында түзе алмайтындықтан, жануарлар сияқты дайын ағзалық заттармен қоректенеді; жасуша қабықшасы бунақденелерге ұқсас нәруызды-хитинді; жасушадағы қоректік қор заты өсімдіктерден ерекше: өсімдіктерде – крахмал, ал саңырауқұлақтарда жануарлардікі сияқты – гликоген (грекше «гликис – тәтті + генос – шығу тегі», «тәтті зат»).
Достарыңызбен бөлісу: |