– қалталы және базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар. Бұлар жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі, арасында жеміс-жидекті шірітетін, мақта мен картопта вертиллез ауруын тудыратын, адам денесінің кілегейлі қабықтары мен тері ауруын (кандидамикоз) қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері (пеницилл, аспергил, т.б.) антибиотиктер, ферменттер және органикалық қышқылдардың түзушілері (продуценттер) болып есептелінеді.