Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет31/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

ашшы 
сөзін 
ш 
аффрикатымен беру арқылы қазақ 
халқының таза сөйлеу процесі, қазақ халқының табиғаты мен түпсаналық 
деңгейдегі дүниетанымын қалыптастыру мақсатында берілген мысалдар 
негізінде ұлттық дүниетанымды қалыптастыру негізге алынған. 
2.3
 
А. Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізділігі 
 
А.Байтұрсынұлы – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, 
жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – 
қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа 
әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. 
«Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық 
ретінде бағаланады. 
Байтұрсынұлы әліпбиі 1912 жылдан бастап қазақ-орыс мектептерінде, 
мұсылман медреселерінде қолданыс тапты. Қазіргі таңда төте жазу үлгісі 
көптеген халықтың жазу үлгісі болып табылады. 
Қазақ әліпбиі –қазақ тілі әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының 
мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр 
түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. 
А. Байтұрсынұлы еңбегінде жазу екі негізді: таңба негізді және әріп 
негізді болып екіге бөлінеді. Ал, емлелер төрт жүйеге бөлінеді: таңбаша 
жүйе; дағдыша (тарихша) жүйе; туысша емле; дыбысша емле. Қазақ тілі 
емлелер жүйесінің ішіндегі дыбысша емлеге жатады. Ал, дыбысша емле әріп 
негізді жазулардың емле жүйелері болып табылады. 
Таңбаша емле –таңба негізді жазумен тәртіптес, негіздес емле, мысалы: 
қытайдыкі. Дағдыша емле – баяғыдан бері жазып келе жатқан қалыпты 
қолданып отырған емле, мысалы: ағылшынша. Туысша емле –сөздің тек 
басына қарамай, басқа түбірлес, туыстас сөздердің де айтылуына қарайтын 
емле, мысалы: орысша. Дыбысша емле –сөз дыбыстарының естілуінше жазу 
жолын қолданатын емле, мысалы: итальянша, немісше, қазақша. Бұл 
айтылған емле жүйелерінің барлығы әріп негізді жазуға жатады дейді [1,360]. 
Ал, таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі 
емле деп орфографиядағы тарихи принцип, этимологиялық принцип, 
морфологиялық, фонетикалық принциптерді атағаны болып табылады. 
Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық, 
фонографиялық болып бөлінеді десе [98,52], Л.В.Щерба этимологиялық 


81 
принцип деген морфеманы сақтап жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл 
бір жағынан тарихи принципке жақын деген болатын [99,104]. 
Сонымен, таңба жүйелі емле (Ахмет) – тарихи принцип (Зиндер), тарих 
жүйелі (Ахмет) –этимологиялық принцип (Зиндер), туыс жүйелі (Ахмет) – 
морфологиялық принцип (Зиндер) етіп сәйкестендіруге болады. 
«Әліппе» оқу құралы нағыз грамматологиялық бағытта жазылған еңбек, 
қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты 
дауысты бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты 
болады. Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты 
болып бөлінеді [1,147]. 
Әліпби ережесіне сәйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың 
харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады. 
Дауысты харіфтер: а –ا, о –ﻭ, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ہ. Мысалы, «ұ» әрпінің 
алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. Бұл «ұ» әрпі сөз басында 
келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек сүйеу үшін ғана 
қойылады деп ережеде арнайы айтылған. 
Мысалы: ұр – ١
رؤ , ұн – نؤا, ұқ –قؤا. Бұл мысалдан дауыссыз 
дыбыстың дауысты дыбысқа бағынғандығын және соңғы дауыссыз дыбысты 
өзгертіп, жаттығу ретінде беру арқылы ұ дыбысын үйрену жеңіл 
болатындығын байқауға болады. 
Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с – 
س, ғ –ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن. 
Жарты дауысты, яки орта дыбыстардың өз алдына оңаша харіфтері жоқ. 
Олардың орнына бүтін дауысты «у» һәм «й» харіфтері жүреді. Жарты 
дауысты дыбыстардың харіфтері екендігі, дауысты дыбыстардың соңынан я 
алдынан бір буында келгенінен ғана байқалады. Бір буынның ішінде дауысты 
дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й» тұрса, ол жарты дауысты 
харіфтер болады, мәселен: «ау» деген сөзде «у» дауысты харіфтің соңында 
тұр. Мұнда «у» бүтін емес, жарты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й» 
дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес жарты дауысты харіф, 
«у» һәм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты дауысты дыбыстарға 
да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел» харіфтер деп аталады [1,147]. 
Жазу ауызша тілдің дыбыстық құрылымына негізделген жүйе болатын 
болса, онда сол жүйенің өзіне тән ішкі құрылымы болады. Ал, құрылымның 
өзі тұрақты элементтерден және сол элементтердің өзара қарым – 
қатынасынан тұрады. 
Н.Уәлиев «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық 
негіздері» атты диссертациялық жұмысында қазақ жазуына байланысты 
элементтерді сипаттайды [100]. Мұнда қазақ жазу жүйесінің ішкі құрылымы: 
дыбыс, фонема, графема және әріптен тұратындығын ескерсек, кез-келген 
таңбаның екі жағы бар дейді. Ол мазмұндық және тұрпаттық. Оның 
мазмұндық жағы – фонема, ал тұрпаттық жағы – әріп. Фонема – 
таңбаланушы, ал әріп –таңбалаушы. Осы екеуінің бірлігі жазу теориясында 
графема деген ұғымды білдіреді. 


82 
Ал, сөз дыбыстары –фонеманың ауызша тілдегі өкілі болса, фонеманың 
жазба тілдегі өкілі –графема. Ол фонема сияқты дерексіз единица, жазуда 
нақты әріптер арқылы көрінеді. Ал, әріп дегеніміз – жазуда фонемаларды 
немесе оның варианттарын белгілейтін белгілі-бір әліпбидегі графикалық 
таңба [100,25]. 
Қазақ тіліне дауыссыз-дауысты, дауысты-дауыссыз, дауыссыз-дауысты- 
дауыссыз тіркесімдер тән болса, ал дауысты-дауыссыз-дауыссыз, дауыссыз- 
дауысты-дауыссыз-дауыссыз тіркесімдер сирек ұшырасатындығын атап 
өткім келеді. 
Сонымен, фонема деген не, оның дыбыстан айырмашылығы неде деген 
сауалға келер болсақ, сөз ағымында әртүрлі дыбыстар айтылады, олардың 
айтылу түрі көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып бір дыбыс типін құрайды, 
оны біз фонема дейміз. Фонемаға мынадай анықтама беруге болады: тілдің
ең шағын функционалды бірлігі, сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын 
және оның құрамында болатын дыбыс типі. Фонемалар мағына айқындау 
жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылады, сонда оның негізгі қасиеті, 
ерекшелігі анықталады. 
Бір сөзде фонемалардың саны аз да, көп те болуы мүмкін, бір сөз екінші 
бір сөзден өзгеше болуы үшін барлық фонемалардың өзге болуы шарт емес. 
Бір сөз басқа сөздерден фонемасының саны жағынан, сапасы жағынан және 
сөздегі орын тәртібі жағынан өзгешеленуі мүмкін [101,282]. 
Мысалы, аяз, таяз, саяз, баю, аю. Осы мысалда берілген аяз деген сөз а 
фонемасынан басталса, таяз деген сөз т фонемасынан, ал саяз деген сөз с 
фонемасынан басталады. Ал, баю деген сөз б фонемасынан басталса, аю 
деген сөз а фонемасынан басталады. Аталған мысалдарда сөз мағынасының 
ерекшелігіне негіз болып тұрған бастапқы фонемалар болып табылады, 
сөздердің бірінші дыбыстары мағына ажыратушы қызметін атқарып тұр. 
Әрбір екі сөздің өзге фонемалары ортақ (өзінің сапасы мен саны жағынан да, 
ол фонемалардың орын тәртібі жағынан да айырмашылығы жоқ). Жоғарыда 
берілген мысалдар қазақ сөздерінің фонетикалық бірлігі сингармонизм 
екендігін дәлелдеп дәйектейтін мысалдар болып табылады. Қазақ тіліндегі 
үндесім, үндестік әуезі ауызекі тіл мен жазба тілде сақталған жағдайда ғана 
сол тілдің заңдылығы сақталады. 
А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде 2 жарты дауысты бар деп ескерген
кезде, қай елдің әліпбиіне сүйенді деген сауалға келер болсақ, жарты 
дауысты ۋ (у) һәм ي (й) Англияда да бар екендігін ескере отырып, оларға өз 
алдына басқа хәріфтер алынбайды, себебі дауысты дыбыстардың соңынан 
келетін ۋ (у) һәм ي (й) жарты дауысты болады, қағидалары бар деген 
Бөкейхановтың пікірімен санаса келе, сол қағиданы біздің тілімізге кіргізуге 
болады дейді. Жарты дауысты ۋ (у) һәм ي (й) үшін харіф белгілеп, 
арнамайтындығын да ескертіп өтеді. 
Дыбыс пенен харіфтің бір зат еместігін А. Байтұрсынұлы еңбектерінен 
байқауға болады. Яғни, екеуі екі бөлек нәрсе.А. Байтұрсынұлының «Оқу 
құралындағы» тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі /әрпі/ бар 


83 
болуы керек деген тұжырым үнемі жазу тәртібінде негізге алынды. Емле – 
жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді 
бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек деген пікірін 
негізге алсақ, тіл харіф үшін шығарған нәрсе емес, харіф тіл үшін шығарған 
нәрсе болып табылады. Олай болса харіфі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту 
емес, ол дыбысқа жоқ харіфті іздеп табу керек. Харіфке бола тілді бұзбайды, 
тілге бола харіфті бұзып өзгертеді. Осы қағида А. Байтұрсынұлы жасаған 
төте жазуда көрініс табады. Ол қағида қалайша төте жазуда көрініс табады 
дегенге келер болсақ, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің сингарможіңішке 
дауыстыларының дербес фонемалар деңгейіне дамып жеткендігін, ал қазақ 
тілінің сингарможіңішке дауыссыздарының дербес фонемалар деңгейіне 
дамып жетпегендігін анықтаған. Бірақ екеуінің де таңбалануын алфавит 
жасау процесінде бір принципке бағындырған –сингармонизмнің қасиеттерін 
пайдаланып, әріптер санын үнемдеу (көбейтпеу) [62,44]. 
А. Байтұрсынұлы әріптер санын үнемдеу үшін дәйекші белгіні алған. 
Себебі, дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынады. Егер, дауысты 
дыбыстар жуан айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан 
айтылады; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, дауыссыз дыбыстар да 
жіңішке айтылады. Дауысты дыбыстар а-ا, о -ﻭ, ﯘ - ұ, ы - ﻯ жіңішке айтылуы 
үшін дәйекші белгі «ﺀ» қолданылады. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге 
тұрып, ол сөздің жіңішке оқылуы керек екендігін көрсетеді, бұл белгі тұрса, 
сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Жіңішкелік үшін бір 
ғана дәйекші белгісін алу арқылы, 43 түрлі дыбысты дұрыстап айту үшін 28 
белгі (харіф) жетеді. Себебі, әліпбидегі әріп саны көбейіп кетсе де, сол тілге 
қатысты жазу заңдылығында жаңсақтық кеткен болып саналады. 
«Результаты вычисления повыведенной нами формуле для казахского языка 
являются еще более замечательными. Они дают возможность установить 
едва ли не самый «малобуквенный» алфавит в мире» [102,146] деген пікір 
кезінде А.Байтұрсынұлы әліпбиіне қатысты айтылған пікір болатын. Демек, 
бұдан А.Байтұрсынұлы төте жазуының сол кездің өзінде зерттеушілер 
тарапынан қолдау тапқандығын көруімізге болады. 
Дәйекші жөнінде проф. Ә.Жүнісбек «Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл 
әліпби» атты баяндамасында: «Осы жерде А.Байтұрсынұлының тағылымына 
арнайы тоқтала кетейік. Біздің, жерден жеті қоян тапқандай болып, 
«апостроф» деп әріптің бір шекесін шертіп сәндеп, «диакритика» деп әріпті 
төбесіне сызықша қойып шендеп, о әрпінің белінен тартып ө жасап мәндеп, 
ае-ні қосақтап ә деп егіздеп жүргеніміздің бәрі Ахаңнан қалған үлгі. Ендеше, 
қазіргі жоба авторлары алып отырған жуан-жіңішкелік белгілер (әртүрлі 
нұсқасына қарамай) - сол А.Байтұрсынұлы салған сара жол. Араб таңбалар 
негізінде туындаған дәйекші дауыстылардың жуан-жіңішке таңбасына 
таңылып, кирилшеге көшті. Енді, міне, кирилшеден «апостроф, қос нүкте, 
сызықша, қосақ әріп болып», мың құбылып, латынша жобаларда жүр. Қалай 
құбылса да бәрінің мазмұны яғни емле қызметі - сол бір дәйекші»,-дейді 
[103]. 


84 
А.Байтұрсынұлы 
төте 
жазуының 
сөйлеу 
тілін 
таңбалаудағы 
маңыздылығы сингармофонемаға тікелей байланысты. Егер, фонема жуан 
болатын болса, оған жалғанатын дыбыс та жуан, егер фонема жіңішке болса, 
оған жалғанатын дыбыс та жіңішке. Дауыссыз дыбыстар дауысты 
дыбыстарға бағынатын болғандықтан, А. Байтұрсынұлы сингарможуан, 
сингарможіңішке 
дыбыстарды 
бір 
сингармофонеманың 
құрамында 
қарастырған және сөз әуезділігі мен сөйлеу әуезділігін сөздердің бойында 
сақтап қалуға да айрықша назар аударған. Әуезділік сөздің ішіндегі 
дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөздің үні 
құлаққа жағымды болуы дыбыстарының тізілуі түрінен, сөйлеудің үні 
құлаққа жағымды болуы сөйлемдердің тізілуі түрінен. Сөздің әуезділігі 
ішіндегі дауысты-дауыссыз дыбыстар оңтайлы орналасуынан болады. 
Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар аралас келмеген жерде, яғни 
кілең дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген жерде 
сөз айтуға оңтайлы болмайды. Дегенмен дауыссыз дыбыстардың қатарынан 
екеуі келуі сөйлеу әуезділігіне онша кемшілік келтірмейді. Дауыссыз 
дыбыстар қатар келетін сөздер «жаттықтыру», «аптықтыру» деген секілді 
болады. Бұларда қатар келген дауыссыз дыбыстар екеуден артық емес және 
сөздің үнін азайтып, айтуға онша оңтайсыздық келтіріп тұрған жоқ. Қазақ 
тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті 
болмайды. 
Байтұрсынұлы әліпбиді жасау кезіндегі қағидалар мен ережелер 
жиынтығын математикалық формулалар таңбаларымен белгілеп, атап 
көрсетпесе де, математикалық дәлдік пен логиканы қолданғандықтан барша 
халыққа түсінікті болып жасалған. А. Байтұрсынұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет