Сайын мұратбеков



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата22.12.2016
өлшемі372,92 Kb.
#4
1   2

 

Қызық  еді  Аянның  мінезі.  Бірде,  түн  ортасында,  дәл  ұйқыға  жатардың 



алдында  далаға  шыққам.  Кӛшеде  сырғанақта  біреу  зулатып  шана  теуіп 

барады екен. Жым-жырт айлы түнде әлгі бір ғана шананың ӛзі гүрілдеп, жер 

кӛшіп  келе  жатқандай  дүбір  шығарады.  Шыдай  алмай,  жүгіріп  сырғанаққа 

бардым  -  міне  қызық,  шана  теуіп  жүрген  -  Аян  екен.  Ай  жарығында  анық 

кӛрінді: жүзі жайнаң қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі 

далпылдап  шананы  кӛшенің  басына  қарай  сүйрете  жүгірді.  Мені  кӛріп 

бұрылды да: 

− Жүр, ойнайсың ба! - деп дауыстай сӛйледі. 

− Қойшы, түн жарымында есі дұрыс адам ойнай ма? 

− Ойнағанда қандай. Түу, сен ӛзің мынадай айлы, жарық түнде шанамен 

сырғанаудың  қандай  керемет  екенін  білмейді  екенсің  ғой.  Айлы  түнде 

шанаға  сиқырлы  қанат  бітеді...-деді  де  Аян  жүгіре  жӛнелді.  Сәлден  кейін 

кӛшенің  басына  шығып  ап  тағы  да  жер  кӛшкендей  ғып  бүкіл  ауылды 

жаңғырықтыра  гүрілдетіп  шанамен  тӛмен  қарай  жұлдыздай  ақты.  Дәл  мен 

тұрған  тұста  кішкентай  тӛмпешік  бар  болатын,  зулап  келген  шана  әлгі 

тӛмпешікке жеткенде есік пен тӛрдей жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от 

жарқ етіп ӛте шықты. Аян қолын кӛтеріп: 

− Ур-ра! - деп айқайлады. 

Маған  шынында  да  ол  теуіп  жүрген  шанаға  сиқырлы  қанат  біткендей 

кӛрінді.  Жүгіріп  үйге  келдім  де  қараңғы  ауыз  бӛлмеден  бос  тұрған  шелек, 

легенді даңғыр-дұңғыр еткізіп шанамды іздей бастадым. 

− Үйбай, ұры ит кіріп кетті ме! - деп үйден апам шыққан. Менің шанама 

жармасқанымды кӛріп.- Сенбісің?! Нені қиратып жүрсің?! - деді таңырқап. 

− Апа, шана тебем. 

Апам шошып кетті. 

− Тәйт  әрі,  осы  жеті  түнде  шанасы  не-ей,  мынаның.  Бірдеңе  кӛрінер 

мынаған, елден ерекше,- деп ұрсып берді. 

− Иә-ә... әне, Аян сырғанап жүр ғой. 

− Аян...  О,  желкең  қиылсын  сенің.  Аян  дейді  ғой.  Аян  дейді...  Таста 

әрі!..- Апам шананы әрі түкпір бұрышқа қарай итеріп тастап, мені желкемнен 

бір түйді.- Жат тӛсегіңе! Ертең де күн бар. 

Мен сүмірейіп кеп, тер алдына атаммен қатарластыра салынған тӛсегіме 

жаттым.  Кӛпке  дейін  ұйықтай  алмадым.  Кӛшенің  басынан  аяғына  дейін 

зырқыраған  шананың  дүбірі  дәл  біздің  үйдің  іргесінде  жүргендей,  жерді 

солқылдатып  естіліп  тұрды.  Сол  күні  қанатты  шанамен  ылди,  ӛрге  бірдей 

зулата сырғанап жүрген Аян түсіме де кірді. 

Сӛйтіп, Аян бір қулық тауып алды. Енді ол күнде кешкісін бізге сол күні 

ойлап  шығарған  жаңа  ертегісін  тездетіп  айтып  бітіреді  де,  біреуміздің 



15 

Sauap.org 

 

шанамызды  сұрап  ап,  түннің  бір  уағына  дейін  сырғанақта  жападан-жалғыз 



ойнайды. 

Бір  күні  күн  бұлттанып,  оңынан  баяу  ғана  ызғырық  жел  соғып  тұрды. 

Қараңғылық  ерте  түскен.  Біз  де  дағды  бойынша,  ауыл  үйлері  шам  жаға 

бастаған  кезде  ат  қораның  тӛбесіне  жинала  қалдық.  Аян  бұл  күні  ӛте-мӛте 

кӛңілді еді. Бәріміз жапа-тармағай ешкі сирақ шылымды орауға кіріскенбіз. 

− Әй,  мен  сендерге  бір  қызық  айтайын  ба,-  деді  ол  сүйінші  тұрғандай 

қуанышты үнмен.-Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды кӛрдім. Рас айтам. 

Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, кӛпке дейін иісін иіскеп 

жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. 

Мен  бүйтіп  жағасына  мұрынымды  тығып  алдым  да  ұзақ-ұзақ  иіскедім... 

Әжем  ылғи:  «ағаңды  анау  Жусандытӛбенің  үстінде,  мал  қайырам  деп 

жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан 

қалған... Сӛйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді... 

− Мен де ылғи кӛкемнің пальтосын жамылып жатамын. Менің кӛкемнің 

пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады - деді бір бала. 

Сӛйткенше  болған  жоқ,  тұс-тұстан  жамырай  дуылдап  соғыста  жүрген 

әкелеріміздің,  ағаларымыздың  үйде  қалған  киімдерін  еске  алып,  олардан 

шығатын  иісті  сӛз  етіп  кеттік.  Және  бір  қызығы  -  кӛпшілігіміз  ол  иісті 

жусанның  -  дәл  ӛзіміздің  ауылдың  іргесіндегі  жусанның  иісіндей  дестік. 

Онан бір кезде Аян: 

− Менен  де  жусанның  иісі  шығып  тұрады,  ағама  тартқанмын.  Міне, 

иіскеп кӛріңдерші,-деп ӛз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп 

оның омырауын иіскеуге кірістік. Ӛзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, 

әйтеуір,  Аянның  омырауынан  бұрқырап  жусанның  иісі  шығып  тұрғандай 

кӛрінді бізге. 

− Рас-ей, жусанның иісі шығады. 

− Қандай  сүйкімді-ей,  жусанның  иісі...-  дестік  бір  ауыздан.  Онан  соң 

әрқайсымыз  ӛз  омырауымызға  тұмсығымызды  тығып,  ӛзіміздің  иісімізді 

ӛзіміз иіскеп, жаңалық ашқандай: 

− Әй, менен де жусанның иісі шығады-ей. 

− Менен  де...  Міне,  иіскеп  кӛрші...  тура  жаздыгүнгі  Жусандытӛбенің 

иісіндей...- десіп жан-жақтан шулап кеттік. 

Сәлден  кейін  басқа  сӛздің  бәрі  тыйылып,  Аян  ертегі  бастауға  кірісер 

сәтте Есікбай тұрып: 

− Бүгін түнде Аянға шанасын кезек бойынша Қосым беруі керек,- деді. 

− Иә, саған, менің шанам сынып тұр,- деді Қосым. 

− Әй, осы әлгінде ғана сынған ештеңесі жоқ еді ғой. 

− Сынып тұр... Түнде тебуге жарамайды. Керек болса ӛзің бер шанаңды. 

− Мен беріп жүрмін, ылғи беремін, ал сен неге бермейсің? 

− Бермеймін со...- деп күңкілдеді Қосым.- Сынып тұр. 



16 

Sauap.org 

 

− Жарайды,  қойыңдаршы,-  деп  сӛзге  Аян  араласқан.  Бірақ,  осы  кезде 



Есікбай Қосымның бас киімін жұлып ап, лақтырып жіберді. 

− Кет, тырнауық мысық, әйтпесе кӛресің,- деп кіжінді. 

− Жарайды, қойшы-ей, Есікбай,- деген Аян тағы да басу айтып. 

− Не  қоятыны  бар.  Кетсін.  Кәне  кет,-  деп  Есікбай  мелшиіп  отырған 

Қосымды теуіп қалды. 

Қосым  жер-кӛкті  басына  кӛтере  азан-қазан  қып  бақырып  үйіне  кетті. 

Есікбайды сыбап боқтап: 

− Қазір Тұржан ағама айтам, бәлем...- деп бара жатты. 

Бұл  күні  Аян  жалғыз  кӛзді  дәу  туралы  ертегісін  бастады.  Бұл  оның 

бұрынғы  ертегілерінен  де  әлдеқайда  қызықты  еді.  Түнерген  аспам,  ат 

қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәр-бәрі 

күннің  ерекше  бір  нұры  құйылып  жарқырағандай  боп,  басқа  бір  дүниеге  - 

ертедегі күлкіге толы қызық дүниеге айналды. 

«...- Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тіл бітіпті,- 

дейді  Аян.-Қотыр  тай  тұрып оған:  «Мынау  алда  тұрған  асқар  таудан  күндіз 

құс  ұшып  ӛте  алмайды,  қанаты  күнге  күйіп  қалады.  Тек  түнде  ғана  ұшып 

ӛтеді.  Сондықтан  біз  де  түнді  күтуіміз  керек.  Түнде  маған  да  қанат  бітеді. 

Сен  тек  жығылып  қалмай,  кӛзіңді  тарс  жұмып,  менің  жалымнан  мықтап 

ұстап отыр. Мен: «кӛзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың 

арғы  жағында,  мұнан  гӛрі  аласа,  шошайған  қоңыр  тау  тұрады.  Ол  жалғыз 

кӛзді  дәудің  мекені»,-  дейді.  Жетім  бала  қотыр  тайдың  айтқанын  түгел 

орындайды.  Түнде  қотыр  тайға  қанат  бітіп,  асқар  таудан  ұшып  ӛтеді...  Бір 

кезде  қотыр  тай:  «Енді  кӛзіңді  аш!»  -дегенде,  жетім  бала  кӛзін  ашса,  дәл 

алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен...» 

Осы  тұста  Аян  кӛзі  шарасынан  шығып,  бізді  жаңа  ғана  кӛргендей 

бәрімізге  бір-бір  қарап  ӛтті.  Жалғыз  кӛзді  дәу  естіп  қоймасын  дегендей 

даусын  бәсеңдетіп  сыбырлай  сӛйлейді.  Біз  болсақ  шӛп  қуысына  тығыла 

түсіп, тӛңірекке жалтақтай береміз. Түн қараңғылығында шошақ бӛрікке ұсап 

қарауытып  тұрған  Ешкіӛлмес  шоқысы  енді  бірде  жалғыз  кӛзді  әулие  мекен 

еткен  үңгір  тауға  ұқсап  кетті.  Дәл  қазіргі  сәтте  сол  үңгіртаудың  ішінде 

жалғыз  кӛзді  дәу  қорқырап  ұйқыда  жатқан  секілді.  Оның  қорқырай  алған 

демінен  шошақ  тау  түндігін  жел  шайқаған  киіз  үйдей  кӛтеріліп-басылып 

желпілдеп,  бірде  ары-бері  теңселіп,  қозғалып  тұрған  сияқты  кӛрінді. 

Демімізді  ішімізге  тартып,  қараңғыда  теңселгендей  боп  тұрған  Ешкіӛлмес 

шоқысына  кӛз  тігіп  қарай  беруге  дәтіміз  шыдамай  Аянға  қараймыз. 

Қараңғыда  бозарып  кӛрінген  жүдеу  ӛңі  сол  езі  айтып  отырған  қиялдағы 

дүниені кӛріп отырғандай дірілдей шытынып, кӛзі жалт-жұлт етеді... 

ЬІзғырық жел онан сайын суытып, қар ұшқындай бастады. Тұтасқан қап-

қара аспан тұншықтыра салардай боп ауыл үстін тұмшалап тұр. Ит үрді. Тура 

жалғыз кӛзді дәудің иті құсап ұлып үрді. «Апыр-ай, жалғыз кӛзді дәу оянып 

кетер ме екен»,- деп зәре-құтымыз қалмайды... 

Ӛстіп ертегі қызығына беріліп отырғанымызда, шеттегі бір бала: 



17 

Sauap.org 

 

− Ойбай, ӛрт! - деді. 



Шӛптің  арт  жағын  ала,  ызғырық  желдің  ӛтінде  лауылдап  от  жанып 

жатыр. Бұл ат қораның тӛбесі күзде ғана сабанмен жабылған. 

Жанып  жатқан  сол  сабан  екен.  Шетте  отырған  балалардың  бірі 

шылымын  сӛндірмей  лақтырып  тастап,  сабан  содан  тұтанса  керек.  Жел 

ӛтінде  лезде  лапылдап  кӛтеріліп  кетті.  Не  істерімізді  білмей  сасқалақтап, 

қорадан  секіріп-секіріп  түсіп,  тым-тырақай  қаша  жӛнелдік.  Балалардың  ең 

соңын ала секіріп түскен Аян: 

− Ойбай,  ая-ғым!..-  деп  жан  даусы  шыға  айқайлап  жіберді  де  шоңқаң 

етіп жата кетті. Бірақ біздің оған қарайлайтындай шамамыз жоқ. 

Ауыл жақтан: «Аттан! Аттан!» - деп жер-кӛкті басына кӛтере айқайлап, 

шолақ  қол  бригадир  Тұржан  да  жетті.  Армия  қатарынан  жақында  ғана 

қайтқан,  сол  қолын  білегінен  оқ  жұлып  кеткен,  бірақ  ӛзі  аса,  қатыгез, 

мейірімсіз  адам  еді.  Келген  күні-ақ:  «Қан  кӛріп,  қаным  бұзылып  келді...»  - 

деп,  үйіне  жиналған  қатын-қалаш,  кемпір-шалдың  зәресін  алған.  Бригадир 

боп  тағайындалғаннан  кейін,  жұмсағанда  тілін  қайырған  талай  әйелдер  мен 

жасӛспірім  балаларды,  әлімжеттік  етіп  сабаған.  Қазір  сол  Тұржан  жүгіріп 

жеткен бойда, қораның артында тӛрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу 

табан  керзі  етігімен  теуіп  кеп  жіберді.  Аян  қалпақша  қалқып  барып  анадай 

жерге  түскен.  Тұржан  енді  оны  қолындағы  қамшымен  тулақты  сабағандай 

кӛміп-кӛміп  алды  да,  тағы  да  тепті-ай  кеп.  Бас  демей,  кӛз  демей 

былшылдатып  тебе  берді.  Әуелде  құлындағы  даусы  шығып  шырқырап: 

«Ағатайлап»  шыңғырған  Аянның  біраздан  кейін  үні  ӛшті.  Керзі  етіктің 

астында жансыз заттай илектеніп жата берді. 

Ауылдағы  жұрт  дүркірей  жиналып  кеп,  ӛртті  сӛндірді.  Әлдекім  келіп, 

былқ-сылқ етіп жатқан Аянды кӛтеріп алды. Қарт адамның даусы: 

− Иттің  баласы,  пәшиске  берген  қолыңның  құнын  осы  қаршадай  жетім 

баладан алайын деп пе ең. Ой, есірікі..- деп ақырды Тұржанға. 

Біз,  басқа  балалар,  осының  бәрін  алыстан  бұта-бұтаның  арасынан 

сығалап қирап тұрдық. Дір-дір етіп шетімізден жылап жіберуге шақ едік. Ел 

кеткен соң жасырынып, бұғып-бұғып үйді-үйімізге тарадық. 

Үйге  келсем,  тӛсектер  салулы,  бірақ  ешкім  жатпапты.  Атам  екі  кӛзі 

қанталап,  терісіне  сыймай  тырсылдап  ашулы  отыр,  апам  кӛзін  сығымдап 

жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босарада тұрып қалдым. 

− Ӛй,  аузыңды  ұрайын,  жаман  неме!  -  деді  атам  жекіріп.-  Тұржанның 

тепкісін Аянмен бірге кӛрсең етті... Жаны тәтті шірік, кӛрінбе кӛзіме!.. 

Мен  үн-түнсіз  жер  шұқылап  босағада  тұрдым-тұрдым  да,  мұнан  ӛзге 

ештеңе  айтылмаған  соң,  аяғымды,  сырт  киімімді  шешіп,  тӛрге  ӛттім.  Тамақ 

сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, тӛсегіме жаттым. 

− Сорлы жетімнің кӛрген күні сол да...- деді бір кез анам ауыр күрсініп.- 

Қорғары жоқ болған соң басынғаны ғой. 

− Е-е,  бұл  Ӛржанның  баласы  кісі  ӛлтірер.  Иттің  сұры  жаман,  сұрынан 

шошимын...- деп қойды атам. 



18 

Sauap.org 

 

Таңертең ояна кетсем апам жаңа сауып әкелген сүтін құрсаулы банкіге 



құйып отыр екен. Менің оянғанымды кӛріп: 

− Тұра  ғой.  Мына  жарты  күрешкедей  сүтті  пешке  қояйын,  піскен  соң 

алып іш.  Ал  мына сүтті әлгі  Аянға  апарып берейін.  Байғұс  бала,  кӛкпеңбек 

тұлыптай боп қозғала алмай жатқан кӛрінеді,- деді. 

Киініп, жарты күрешке ыстық сүтті апыл-ғұпыл іше сап, Бапай шалдың 

үйіне мен де жеттім. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне тӛселген құрым 

киіздің  үстінде,  кір-кір  жұқа  құрақ  кӛрпе  жамылып  жатыр  екен.  Бір 

жамбастаған  күйде  қозғала  алар  емес.  Қамшы  мен  тепкі  тиген  денесі 

кӛкпеңбек  боп  күлкілдеп  ісіп  кетіпті.  Бет-аузы  да  ісіңкі.  Кӛзі  кішірейе 

жылтырап,  жаутаңдап  жатыр.  Домбыға  кезерген  ернін  жалап  қояды.  Мен 

оның  жаныма  кеп  отырдым.  Ол  да  үнсіз,  мен  де  үнсізбін,  бір-бірімізге 

жалтақтап қарай береміз. Енді бірде апам мен жүн түтіп отырған Бапайдың 

кемпірінің сӛзіне құлақ тостым. 

− Байғұс баланың аяғын салдырдыңдар ма? - деп сұрайды апам. 

− Жоға.  Әлгі  шал  ертеден  бері  зыр  жүгіріп  сынық  салатын  адам  таба 

алмады. 


− Асылбек сынықшы бар емес пе? 

− Жолаушы кетіпті ғой.- Сәл үнсіз отырған соң Бапайдың кемпірі Аянды 

кінәлай сӛйледі.-Жүгермек-ай десеңші, ӛзіне де обал жоқ. Түн жарымынсыз 

бір  қайтпайды  ғой,  елден  ерекше  осыны  алып  бара  жатқан  ненің  ойыны 

екенін  білмеймін,  ойының  осылғырдың...  Ибай-ау...-  деп  мұнан  арғы  сӛзін 

сыбырға  айналдырып  жібереді.-  Осы  үйдің  кӛрпесін  осы  шірітіп...  Есі  кіріп 

қалса да... 

Бапайдың  кемпірі  қанша  сыбырлай  айтса  да  соңғы  сӛздері  бізге  анық 

естілді.  Қып-қызыл  боп  кеткен  Аян  тістене  шытынып,  басын  бұрып  әкетті. 

Іргеге қарап жатты. 

− Үйбай,  белім-ай,  кӛп  отырып  қаппын  ғой,  үйге  кетейін,-  деп  менің 

апам  орнынан  тұрды.-  Аян  тәуір  болғанша,  күнделікті  бір  күрешке  сүтті 

бізден алып тұрыңдар. 

Бапайдың кемпірі апаммен ілесе сыртқа шықты. 

− Қосымды  соғу  керек,-  дедім  мен  оңаша  қалған  соң.  Аян  теріс  қарап 

жатқан күйде: 

− Ендігәрі ӛлсем де темекі тартпаспын,- деді. 

− Тұржан жаман адам, қаны бұзылған. 

Бұл  сӛзіме  Аян  жауап  берген  жоқ.  Әлден  уақытта  басын  кӛтеріңкіреп 

маған: 


− Анау пальтоны әперші,- деді тӛрде ілулі тұрған қара пальтоны нұсқап. 

Мен  осы  үйдегі  жалғыз  орындыққа  шығып  пальтоны  алып  оның  алдына 

әкелдім. Аян басын жастықтан әзер деп кӛтеріп, екі қолы дірілдеп пальтоның 

жағасына тұмсығын тығып жіберіп құшырлана иіскеп-иіскеп алды да: 

− Тез іліп қой, әйтпесе ұрсады,- деді. 


19 

Sauap.org 

 

Онан  соң  шалқасынан  түсіп  кӛзі  бажырайып,  кірпік  қақпастан  үйдің 



тӛбесіне  тесірейе  қарап  ұзақ  жатты.  Қалың  ойда  жатқан  сияқты.  Ӛңі 

сұрланып,  дірілдей  дем  алады.  Ап-арық,  шырпының  жіңішкелігіндей 

қолымен домбыққан ісіктерін сипады. Бір кезде ғана: 

− Ағам келеді ғой жақында әлі. Сонда кӛрсетеді Тұржанға,- деді. 

Он  шақты  күннен  кейін  Аян  тӛсектен  тұрып  жүре  бастады.  Тобығы 

тайған  аяғын  жер  сыпырғандай  кӛлденеңінен  сүйретіп  солтақтап  басатын 

болды. Мен оған: 

− Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба? - дегем. 

− Ауырады ғой енді,- деді ол жабырқаған кескінмен,- Ой, сен білмейсің 

ғой, тобығыңды қайта салғызғанда қалай ауыратынын. Сұмдық... ауырады... 

Енді  ол  күнде  кешке  қарай  сырғанақтың  басына  кеп  ойын  тарқағанша 

қалқиып тұрады да қояды. Ойынға араласпайды. Бір-екі рет мен де, Садық та 

шанамызды бергенбіз, басын шайқап теппей қойды: 

− Аяғым ауырады,- деді. 



20 

Sauap.org 

 

 

Кей  күні  ойыннан  кейін  мен  кешкі  тамақты  ішіп  ап,  Бапайдың  үйіне 



баратынмын.  Мен  келгенде  Аян  ылғи  темір  пештің  аузында  от  жағып 

отырады. Ол кезде - соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жағатын... 

Малатаспен  бастырған  астықтың  сабаны  орган  қамыс  сияқты  ірі  болады, 

арасында  шала  бастырылған,  кейде  тіпті  мұрты  сетінемеген  масақтар  жиі 

кездесуші  еді.  Отқа  жанғанда  сабан  дүр-дүр  етіп  лауылдап,  ал  масақтар 

бытырлап  кететін.  Аян  от  жағып  отырып,  білдіртпей  ғана  сол  масақтарды 

жинайды. Лауылдап жатқан сабанның арасы бытыр-бытыр ете қалғанда, Аян 

қолын  отқа  тығып  жіберіп,  шала  пісіп  қалған  күйелеш  масақты  лып  дегізіп 

суырып алатын. 

Мен есікті ашқанда-ақ Аян жүзі жайнап қуанып кетуші еді. Былай шық 

деп, дауыстап айтуға кемпір-шалдан бата алмай олар жаққа жаутаңдап қарап 

қойып,  темір  пештің  түбіндегі  ӛз  орны  -  қара  құрым  киіз  тӛселген  қуысты 

меңзейтін. Мен қуысқа кіріп ап, олар кешкі шайларын ішіп болғанша Аянды 

күтіп  отырам.  Бапайдың  кемпірі  шалы  екеуіне  ғана  майға  бӛктіріп  талқан 

шылайды  да,  «сенің  тісің  бар  ғой»  деп  Аянның  алдына  бір  уыс  қуырған 

бидай  тӛгеді."  Міне,  Аянның  кешкі  қорегі  осы.  Ол  үн-түнсіз  қытырлатып 

отырып алдындағы бір уыс бидай біткенше шай ішеді де, онан соң шынысын 

тӛңкеріп қуысқа келеді. Келе бірден сыбырлай сӛйлеп: 

− Ертегі тыңдайсың ба? - деп алады да, менің бас изеуімді күтпестен-ақ: 

- Баяғыда бір жетім бала бопты...- деп бастай жӛнеледі. 

Бір  тәуірі  Бапай  да,  оның  кемпірі  де  біздің  сӛзімізге  құлақ  салмайтын, 

Майға  шылаған  талқанды  кӛсіте  асап,  ыстық  шайға  бойы  бусанған  қарт, 

қолтығындағы жастығын мыжғылай түсіп, рақаттана кекіріп қоятын да: 

− Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз 

алып  қашқалы  ақылдасып  жүргеннен  саусыңдар  ма-ей?!  -  деп  әзілдейді. 

Кемпірі болса қабағын кіржитіп: 

− И-и,  жаман  ит  үрегеш  келеді  -  деп,  мына  біздің  ұл  мылжың  кӛрінеді 

ғой,- дейді. 

Екеуі  де  осымен  тынады.  Жатарында  кемпір:  «майы  таусылады»,-  деп 

ӛзі  сығырайып  тұрған  жетілік  шамның  білтесін  онан  әрмен  сығырайтып 

басып  тастайды.  Мұнан  кейін  біздің  бар-жоғымызды  естеріне  де  алмастан 

екеуі екі жақтан тәтті қорылға басатын. 

Олар  ұйықтасымен-ақ  Аян  әлгінде  ышқырына  тыққан  күйелеш 

масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын. 

− Жеп  кӛрші,  тәтті,-  деп  бір-екі  масақты  маған  да  ұстатын.  Үгіп-үгіп 

шала  піскен  дәнді  мен  де  аузыма  құямын,  бірақ  шикі  дәмі  білініп 

тұрғандықтан жұта алмай, шайнап-шайнап түкіріп тастайтынмын. 

Кейде  мен  үйден  нан  алып  келетінмін.  Аян  нанды  кӛргенде,  кӛзі  отша 

жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. «Тағы да 


21 

Sauap.org 

 

бар  ма?  Тағы  да?..»  -  деп  менің  қалтамның  түбіндегі  қоқымға  дейін  қағып, 



дегбірі қалмаушы еді. 

Бір  күні  балалар  екіге  бӛлініп  қар  атқыласып  ойнамақ  болдық. 

Ортамыздан екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі 

атаманның қарауына тең бӛліне бастадық. Бұл ойынға Аянның да қатысқысы 

келген. Бірақ екі атаманның екеуі де оны ӛз топтарына алудан бас тартты. 

− Ой, қой, сен жүгіре алмайсың шойтаңдап,- деді олар. Аян үшін мұнан 

ауыр  жаза  жоқ  еді.  Ол  кӛзі  жасаурап,  ақсақ  аяғын  сүйреткен  күйде  екі  иіні 

салбырап кете барды. Мен шыдай алмай оның соңынан жүгірдім. 

Аян  жылап  келеді  екен.  Екеуіміз  қатарласып  үнсіз  жүре  бердік.  Дәл 

Асылбек  шалдың  үйінің  тұсына  жеткенде,  кӛз  жасын  алақанымен  қатты 

уқалап  сүртті  де,  әлгі  үйге  бұрылды.  Мен  де  ердім.  Асылбек  шал  мал 

қорасының ішін тазалап жүр екен. 

− Иә, неге келдіңдер, балалар? - деді анадайдан дауыстап. 

− Ата, аяғымды салып берші,- деді Аян. 

Асылбек таяп кеп оның аяғына қарады. 

− Салып берің қалай-ей. Мына аяғың қисық боп бітіп, жазылып кеткенге 

ұқсайды ғой. Енді оны қайта орнына салу оңай емес. Ауырғанына шыдар ма 

екенсің. 

− Шыдаймын, ата, салып беріңізші... 

Аянның  даусы  дірілдеп  жалынышты  шықты.  Енді  сәл  болса  еңіреп 

жылап жіберуге шақ тұр. 

− Апыр-ай,  ә,  жарайды,  салып  берейін,  қарағым.  Үйге  кіре  бер.  Әй, 

кемпір, мына жиен балаға тамақ берші, әлденіп алсын! 

Біз үйге кірдік. Асылбектің кемпірі бізді тӛрге отырғызып бауырсақ пен 

айран  әкеп  берді.  Сәлден  кейін  жуынып-шайынып  Асылбектің  ӛзі  де  кірді. 

Сырт  киімін  шешініп,  кемпіріне  кӛрпе  салғызып,  әлгінің  үстіне  Аянды 

жатқызды. 

Онан  соң  қойдың  құйрық  майымен  Аянның  тобығы  тайған  аяғын 

сылауға кірісті. Ұзақ сылады. Ӛзі де тынымсыз сӛйлеп, Аяннан да әр нәрсені 

бір сұрап үнемі сӛйлетумен болды. Бір кез Аян. 

− Ойбай! - деп баж ете түскен, Асылбек: 

− Шыда,  балам,  шыда...-  деп,  оның  бұлқынғанына  қарамастан  тырп 

еткізбеді. Аян құлындағы даусы шығып, ойбайлап жатты да, Асылбек оның 

аяғын  уқалап,  сылай  берді.  Онан  соң  кемпірі  әкелген  шүберекпен  әдемілеп 

таңып тастады да: 

− Ал болды, тобығыңды енді шығарып алма...- деді. 

Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алды. 

Ол  -  кӛктем  кезінде  еді.  Кӛктем  шыға  колхоз  жұмысына  біз  де 

араласқанбыз.  Ортасына  сым  темір  салып  ӛртеген  бір-бір  дойыр  қамшыны 

қолымызға алып, ӛгіз жеккен соқаның басына міндік. Жесір әйелдер мен бой 

жеткен  қыздар  соқаның  артын  ұстайды.  Арайланып  таң  білінгеннен  бастап 


22 

Sauap.org 

 

ымырт  қараңғысына  дейін  жер  жыртамыз.  Жер  құйқасы  майға  бӛккендей 



туырылып жатады. Соқа тісі сәл тереңдесе бӛкпе топырақ қалыңдап, ӛгіздер 

мықшиып  тұрып  қалады.  Ала  қыстай  шӛп  тарту,  тұқым  тартумен  титықтап 

шыққан  арық  ӛгіздердің  аузынан  сілекей  шұбырып,  аяқтарын  шалыс  басып 

күн  ұзын  соқа  тартуға  дәрмендері  зорға  жетеді.  Онда  да  арқасын 

қайыстырған  қамшының  күшімен  жетеді.  Ӛгіз  біткеннің  сауыры  қызыл  ала 

қан,  арқасы  шоқпыт-шоқпыт  жауыр  болатын.  Ертеден  кешке  дейін  ӛгіз 

үстінде  жұлынып  «цоп,  цобелей»  бергеннен  тамағымыз  жыртыла  ауырып, 

дойыр  қамшы  қарымызды  талдырып,  біз  де  әбден  титықтайтынбыз. 

Таңдайымыз  кеуіп,  қаңырығымыз  түтеп,  қарнымыз  ашып,  қамшы  сілтеуге 

әліміз құрып, бас айналып, кӛз қарауытып, қалғып-мүлги бастаған кезімізде 

соқа ұстаған әйел баяу үнмен: 

− Әй,  ұл,  айдасаңшы  ӛгізіңді,-  дейді.  Бойыңдағы  бар  күшіңді  жиып, 

қамшыны  құлаштай  сілтейсің.  Арық  ӛгіздер  арқаларын  құр  қайқаңдатып 

қыржыңдағаны  болмаса,  жүрісіне  жүріс  қоса  қоймайды.  Ақырында  ӛзіңнің 

қолың  ауырып  сырқырап  кетеді.  Сондайда  ӛгізден  домалап  түсіп  жер 

тепкілеп  жылағың  келеді.  Сенің  сол  мүшкіл  халіңді  сезгендей  соқа 

артындағы әйел ӛзі кеп қолыңдағы қамшыны ала сап, ӛгіздерді шықпыртып-

шықпыртып жібереді де: 

− Жығылып қалма,- деп қояды. Шама-шарқыңның сол екенін ұғады ғой, 

жақсы ұғады. Әлден уақытта әйелдердің бірі қалжырай шыққан зарлы үнмен 

сызылтып қана: 

Кӛкше бір таудың биігі-ай. 

Алыстағы  бауырдан  хат  алудың  қиын-ай,-  деп  ән  салады.  Ән  емес-ау, 

жүректегі  ауыр  шердің  лықсып  шыққан  бір  күрсінісі  сияқты.  Әнге  екінші 

соқадағы  әйел,  онан  үшінші  соқадағы  бойжеткен  қыз  қосылады.  Үшеуі  де 

зарлатады-ау  кеп.  Үшеуінің  кезінен  де  жас  парлайды.  Біз  ӛгіз  үстіндегі 

балалар  кӛзімізге  мӛлт-мӛлт  етіп жас үйіріліп, тамағымызға  ӛксік  тығылып, 

бас  кӛтере  алмаймыз.  Әйелдерге  қосылып  жылауға  «еркектік»  намысымыз 

жібермейді. Ӛйткені алғаш соқаға шыққан күні Аян: 

− Жылауды  әркім  біледі.  Мықты  болсаң  нағыз  еркектерше 

қиыншылықта  жыламай  бақ,-деген.  Сондықтан  «жасық  екенімізді» 

білдірмеуге тырысамыз. 

Кешкісін  жерден  қазылған  баракқа  келеміз.  Іші  ұп-ұзын  қап-қараңғы, 

үңгір  сияқты.  Астына  сабан  тӛселген.  Жалғыз  май  шамның  ӛлеусіреген 

жарығында, не ішіп, не жегенімізді ажырамастан, талқаннан жасалған атала 

кӛже  сияқты  бірдеңені  қалғып-мүлгіп  отырып  ішеміз.  Онан  соң  киімізбен 

отырған орнымызда қатар-қатар сұлай кетеміз. Ӛне бойың салдырап қозғала 

алмайсың. Қанша ұйықтағаның белгісіз әлдебір уақытта Тұржанның: 

− Әй, жетпегірлер, тұрыңдар! - деп ақырғанын естисің. Қозғалуға шамаң 

жоқ,  ӛне  бойың  езіліп  кӛзіңді  аша  алмайсың.  Сол  кезде  Тұржан 

әрқайсымызды әке-шешеден түк қалдырмай сабап, сирағымыздан дырылдата 

сүйреп,  барактың  аузынан  сыртқа  қарай  атып  жібереді...  Тағы  да  арқасы 



23 

Sauap.org 

 

пышақтың  қырындай,  ӛзі  жауыр  ӛгіздің  үстіне  жарбия  жабысасың.  Тағы  да 



жақ жаппастан, «цоп, цобелеп», қарың үзілердей боп тынымсыз қамшылау... 

Түске жақын ӛзегің талып, әлің кетіп, қалғи бастайсың. Кейде ӛгіздің үстінен 

домалап  түскеніңді  де  білмейсің.  Бусанып  жатқан  қара  парға  бұрқ  ете 

қаласың. Кӛзіңді уқалап атып тұрып, соқа ұстаған әйелдің кӛмегімен ӛгіздің 

арқасына  қайта  жарбиясың.  Осылайша  күніне  әрқайсымыз  ӛгізден  екі-үш 

реттен домалаушы едік... 

Аянның тобығы осындай бір ӛгізден домалап түскен кезінде тағы тайды. 

Ол  қара  парға  бұрқ  еткен  күйде...  Аяғым-ай!»  -  деп  баж  етті  де  бүктеліп 

жатып  қалды.  Жүгіріп-жүгіріп  жанына  бардық.  Ол  жыламауға  тырысып 

тістеніп,  кӛзін  жұмып,  кӛкпеңбек  боп  сазарып  жатты.  Аяғындағы  кӛннен 

тігілген шоқайын шешпек боп едік, қинала ыңырсып, онан «ағатайлап» бебеу 

қақты. Кӛтеріп бараққа алып бардық. Ауылға апаруға кӛлік болмады. 

Сол  түні  денесі  қызып,  таң  атқанша  сандырақтап  сӛйлеп  шықты. 

Ертеңгісін біз жұмысқа кетерде ғана кӛзін ашты. Мен басқалардан жырылып 

бір сәтке оның жанында қалдым. Ӛзімше ақыл айтпақ едім оған. Сӛзді неден 

бастарымды білмей қипақтап отырғанымда, ол ӛзі бастады. 

− Ой, кеше аяғым қатты ауырды,- деді дірілдеген үнмен.- Тура ӛлгім-ақ 

кеп еді, тағы ағамды ойлап қана тоқтадым... 

Онан  соң  біраз  үнсіз  жатты,  түймесі  ағытылған  күртесінің  омырауына 

тұмсығын тықты. 

− Қарашы,  жусанның  иісі...-  деп  қойды.-  Енді  аяғымды  ағам  келгенде 

бір-ақ  салғызам.  Ағам  қалаға  апарып,  ендігәрі  шықпастай  етіп  салғызады, 

әлі... 

Ол  тәтті  ойға  шомған  күйде,  ағасы  келген  соң  не  істеп,  не  қоятынын 



тегіс  тізбелеп  айтып  шықты.  Оның  сӛзіне  қарап  мен  ағасының  жуықтағы 

күндердің бірінде қайтатынына титтей де шәк келтіргем жоқ. 

− Сағындым ағамды,- деді ақыры күрсініп. 

Мен  жұмысыма  кеттім.  Күпі  бойы  ӛгіз  үстіндегі  жалғыз  тілеуім: 

«Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен»- деу болды. 

Аян  баракта  тӛрт  күн  жатып  қалды.  Тек  бесінші  күні  кешкісін  ғана 

тұқым тартқан арбамен ауылға жібердік. Осыдан кейін Аян тобығын қайтып 

орнына  салдырған  жоқ.  Сол  аяғын  кӛлденеңінен  сүйрете  басып  жүретін 

болды... 

Қу  соғыстың  бесіктен  беліміз  шықпай  жатқанда-ақ  біздің  жүрегімізге 

салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы ӛмір бойы удай сыздап, 

жанға батып ӛтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда 

тағдыр  біздің  қабырғамызға  да  бар  зілін  салды  ғой.  Сонда  да  болса 

басқамыздан  гӛрі  Аянға  қатты  батып  еді.  Тағдыр  оған  дегенде  ештеңесін 

аямады. 

Үлкендер  «жау  шегінді»  десіп,  күн  сайын  бір  қуанышты  хабар  айтып 

жүрді.  Мұның  ӛзі  біз  үшін  «ертең  соғыс  бітеді»  дегенмен  бірдей  еді. 


24 

Sauap.org 

 

Әскерден біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар: 



бірі қолынан, бірі аяғынан, бірі қабырғасынан, бірі кӛзінен айырылғандар. 

Бірақ,  сӛйтіп,  жарымжан  боп  қайтса  да  олардың  әрқайсысының  келуі 

ауыл  үшін  мереке  еді.  Солардың  бірде-бірі  Тұржанға  ұқсап:  «Қан  кӛріп 

қайттым, қаным бұзылды»,- деп есірген жоқ. 

...Қаралы қағаздар да келіп жатты. 

Жаз  ортасы.  Аңызақ  жел  ұйтқи  соққан  ыстық  күннің  бірінде  біздің 

ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. Бұл жолғы қаралы қағаз ешкімнің үйінен 

зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолғы қаралы қағаз, кӛшеде 

ойнап жүрген балалардың ең соңында, белі бос штанының ауын бір қолымен 

кӛтере ұстап, сол аяғын кӛденеңінен сүйрете солтақтай жүгірген күйде: «Ей, 

тоқтаңдаршы,  мен  сендерге  кешегіден  де  қызық  ертегі  айтамын»,-  деп 

жалына  дауыстай  жүгірген  Аянға  келген  еді.  Ол  үнсіз  қабылдады.  Қаралы 

қағазды  ұзақ  отырып  екі-үш  рет  ежіктеп  оқыды  да,  тӛрт  бүктеп  ышқыр 

қалтасына тықты. Онан соң ойнап жүрген балалардың жанына кеп, әдетінше 

алыс-жұлысты  сырттай  қарап  қызықтап  тұрды.  Тек  балалар  үйді-үйіне 

тараған кезде, ол ауылдың шетіндегі ат қораға барып кірді. Соңынан мен де 

бардым. 

Сары  су  іркілген  ат  қораның  іші  тұншығардай  қапас,  тымырсық  еді. 

Тастай  қараңғы.  Тӛбесіне  ұя  салған  торғайлардың,  олардың  шырылдаған 

қызыл  шақа  балапандарының  үні  құлақты  тұндырады.  Құжынаған 

шыбындардың  ызыңы  бір  басқа.  Қараңғылыққа  кӛзім  үйренгенше  есік 

алдында  тұрдым  да,  онан  соң  қабырғаны  жағалап  түкпірге  қарай  жүре 

бастадым.  Аяқ  асты  сазданып  басқан  сайын  шұрқ-шұрқ  етеді.  Түкпірге  де 

жеттім.  Аян  қараңғы  бұрышта  бір  уыс  боп  бүрісіп,  екі  алақанымен  бетін 

басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң кезін сүртті де 

қорадан  шықты.  Сыртқа  шыққан  соң  кӛрдім,  кӛзі  қып-қызыл  боп  кетіпті. 

Маған қарады да ӛз-ӛзінен жымиып күлді. 

− Күн ыстық, ә,- деді. 

Осыдан кейін бір жеті ӛткен соң, ертеңгісін он шақты қозы-лақты тауға 

қарай ӛргізіп жіберіп, қайтар жолда Бапайдың есігінің алдында тұрған арбаға 

кезім түсті. Бірсыпыра балалар осы арада екен. Аян жолға жүретін адамдай 

бар-жоғын киініп апты. Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап 

қана: 

− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді. 



Осы  кезде  үйлерінен  арба  айдаушы  жігіт  және  Бапай  мен  кемпірі 

шықты.  Бапай  арба  айдаушыға  Аянды  станцияға  дейін  аманат  қып 

тапсырғанын қайта-қайта айта береді. Ал кемпірі кеп Аянның бетінен сүйді, 

кӛзіне жас алды. 

− Қарағым,  жолың  болсын,-  деді  жыламсырап.-  Жақсыдан  қалған  тұяқ 

ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі... 

Бапай да кеп Аянның бетінен сүйді. 

− Аман-есен барып орналасқан соң хат жаз,- деп қойды. 



25 

Sauap.org 

 

− Алатын  адам  болмай  тұр,  мына  қоңыр  сиырды  дереу  сатып  ақшасын 



қалтаңа  салып  берер  ем.  Кейін  қолым  тисе,  базарға  айдап  барып  сатып, 

ақшасын салып жіберем ғой... 

− Е, қойшы әрі, сен де осы, не болса соны айтпай. Сатқаны иесі. Ертең 

ер жетіп келе қалғанда мал керек емес пе Аянға...- деп киіп кетті осы тұста 

кемпірі.- Қарағым, бұ алжыған атаңның сӛзін тыңдама. Әлі ӛзің кейін үлкен 

жігіт боп келгеніңде қоңыр сиырыңды ӛсімімен қолыңа тапсырамын... 

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. 

− Мен  әлі  бәріңе  де  хат  жазып  тұрамын,-  деді  күлімсіреп.  Есікбай 

арбаның  артына  жабысып  ап,  оны  талай  жерге  дейін  шығарып  салды. 

Арбадан  түсіп  қап,  қара  жолдың  үстінде  сексиіп  ұзақ  тұрды.  Қайта 

келгенінде ӛте кӛңілсіз еді. Садық ойнайық деп еді, ол: 

− Менің басым ауырып тұр,- деп үйіне кетті. 

Сол  сәтте  бәріміздің  де  ойынға  еш  зауқымыз  жоқ,  кӛңілсіз  едік.  Кӛз 

ұшында  бұлдырап  арба  кетіп  барады.  Қара  жолдың  шаңын  бұрқылдатып 

барады. Аян бас киімін алып бізге бұлғап қояды... 

Біз,  балалар,  Аянды  кеп  уақытқа  дейін  еске  алып,  сӛз  қылушы  едік. 

Кейде  кешкілік  бір  жерге  жиналып  ап,  ала  қыстай  Аян  айтқан  ертегілердің 

есте  қалғандарын  қайталай  айтып  та  жүрдік.  Аянның  ертегілерінің 

кӛңілімізге  ұялағаны  сонша,  кейін  ер  жеткен  кездерімізде  ӛзімізден  кіші 

балаларды  тамсандыра  отырып  айтатынбыз.  Тіпті  күні  бүгінге  дейін,  сонан 

бері  талай  ондаған  жылдар  ӛтсе  де,  кей  күні  түнде  далаға  шыға  қалсам, 

қараңғыда бӛрікше шошайған Ешкіӛлмес шоқысы - астында жалғыз кӛзді дәу 

ұйықтап жатқандай, соның қорқыраған демінен теңселіп тұрғандай кӛрінеді. 

Сол  дәумен  алысатын  жетім  бала  қайда  екен  деймін,  сол  сәт.  Жазға  салым 

Жусандытӛбе  жақтан  қоңыр  салқын  самал  еседі.  Ашқылтым  иіс  аңқиды. 

Жусанның иісі. Сондайда есіме тағы да Аян түседі. 

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі 

болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса 

Жусандытӛбеге  бір  оралмауы  қалай?!  Жусанның  иісін  сағынбауы  мүмкін 

емес қой. 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет