3.6.
Ҧлы елдің
–
Ҧлы да Ҧлы!
Қираған елдің жҧртында қалып, қалған
-
қҧтқаннан ҿз шаңырағын
жасақтап, ҿз мҽдениетін қалпына келтіріп, ҽлем таныған мемлекет
атануға Қазақстан Республикасына, қазақтарға бар болғаны он бес
-
ақ
жыл жеткілікті болды!..
Балалықтан даналыққа жету ҥшін Серікбол Қондыбайға да бар
болғаны он
-
ақ жыл керек болды!…
Бҧлар заңды қҧбылыс еді. Ҿйткені сан мыңдаған жылғы тарихы
бар, Адам Атаға дейін тамыр тартып жатырған тегі бар қазақ халқы
жер бетіндегі ҧлы халықтардың бірі.
Ҧлы халық ҧлыларды ҿмірге келтірмек…
Ҧлы елдің –
Ҧлы да Ҧлы!
Байтағымыздың бір қиыр шетінде ҿмір сҥріп, аты ҽлем тҥгіл ҽлі
ҿз аулына танылып болмаған, шығармашылық еңбектері толық
зерттеліп, қҧндылығы мойындалып ҥлгермеген Серікбол Қондыбай
шығармашылығына республика дҽрежесінде ғылыми
-
теориялық
конференция ҿткізілуі еліміздің ғылымға, ғылыми адамдарға деген
қазіргі кҿзқарасы деуге тҧрарлық қҧбылыс. Бҧл еліміздің озық елу ел
қатарына ҧмтылуының тегін еместігін байқатқандай. Мақсатына
жететінінің дҽлеліндей.
Серікбол Қондыбай кім еді деген сҧраққа жауапты біз оның ҿз
басының танылуынан емес, оның ҧлтының қазіргі кезеңдегі даму
қарқынынан тапқандай болдық. Ол дҧрыс та шығар. Ҿйткені Серікбол
126
аты –
ҧлттық ҧлы тҧлғаға айналар, аты –
болашақ ҽлемдік дейгейге
кҿтерілер тҧлға.
Қазақ халқы кеше ғана бҧғаудан босап, аз жылдар ішінде аты
ҽлемге танымал елдердің біріне айналғаны секілді, оның еңбегі елінің
егемендігімен қҧрдас бірнеше ҧлдарының аты ҿзіне тартып, еркіндік
пен ерліктің ҥлгісін кҿрсетті.
Осы, елдің егемендігі мен ердің еркін ойлылығын, екі тағдырды
салыстыра ойланған жан, Серікбол Қондыбай ерлігін, Серікбол
рухының кҥшін –
қазақ халқының ерлігі, қазақ халқының рух кҥшінің
символы секілді екен
-
ау деп қаларлық қҧбылыс.
Қазақ халқы ҿз аңыздарында батыр кейіпкерін аждаһалармен
соғыстырып, бір кезде халық батырының кҥші кеміп, қайраты азайған
шақта туған жер топырағына аунатып кҥш
-
қуат жинаттырып алатын.
Сол кезде, біздің бабалар мифтік қаһарман образына бір бой
теңестіріп алса, мифтік аңыздар топырағына бір аунап алса, ҿз
кемеліне тез келе қалар еді, кҿңілі кҿкжиекке дейін кеңейіп кетер еді,
ойы орманға, сҿзі шалқарға айналып жҥре берер еді.
Сол бабалары секілді, рухани кҥші мен тірлікке деген сенімі
мҥрдемге кетіп бара жатқан Серікболдың қолы қазақ мифологисына
іліккен сҽтте, бойын да, ойын да жинап алып еді.
Қазақ халқы ҧлдарын ҿздерінің ертектерімен, мифологиялық
аңыздарымен тҽрбиелеуден жалықпаған халық. Қазақ сарбаздары
келесі шайқас алдында ерлік дастандар тыңдап ширығатын болса,
жалпы қазақ халқы шаршап шалдыққан шағында ертегі мен аңызды,
жыр мен термені кҥш қуатын қалыптастыратын дҽрісіне айналдырған
халық.
Серікбол Қондыбай тҧлғасы да дҽл сол қазақ мифологиясының
бас кейіпкеріне ҧқсас тҧлға. Ол бар болғаны отыз жыл ҿмір сҥреді.
Оның қақ жартысын балалыққа жҧмсаса, ҥштен бірін білім толтыруға
жинақтайды.
Жемісті еңбек етуге тым аз уақыт қалып еді…
…Ӛз ұлдарын мифтік тұлғалаларға айналдыруға құмар халқымыз секілді
біз де Серікболдан мифтік образ жасап кӛрелікші…
…Серікбол деген жас жігітке түсінде періште аян
береді... Періште
Серікболға "сен ел санасы үшін жаратылған жансың" дейді… Тындырар ісің кӛп.
Уақытыңды үнемде, кенже қалып, үлесін толық ала алмай келе жатқан
халқыңның бір шаруасын тындыр дейді...
…Ол бүл түске мән бермейді. Жастық шақтың қауіпті соқпақтарымен
қатерге толы ӛмірін жалғастыра береді…
…Сол жолда тағдыр оны апатқа, айықпас дертке ұшыратады…
…Сауығып кету үшін біраз тырысқан жас жігіт ӛмірден торыға
бастайды. Тіршілікпен қоштасқысы келеді. Сол күні түнде түсінде періште
тағы да аян береді…
…Сен періште аянын орындамадың. Сондықтан Құдірет күші сені
осындай етті. Алла сенің жарты денеңді алып кетті. Бірақ саған керек ой менен
127
ақылды, қол менен жүректі қалдырды. Ӛйткені сен халқыңды шын жүрегіңмен
сүйесің. Жаныңмен беріле қызмет етуге даярсың. Сен енді ӛзім деп еңбек ете
алмайсың, елім деп еңбек етесің. Қалған ғұмырыңда сол мақсатты орындау
үшін қажетті дене мүшелерің сау қалдырылды…
…Саған жазу, ғылыми еңбекпен айналысу керек. Саған қол керек еді.
Қолыңды қалдырды…
…Саған жақсы шығарма
жазу үшін ақыл мен ой керек еді. Оқығанды тоқу
керек еді. Санаң мен ақылыңды қалдырды…
…Ендігі жерде саған қамқор адам керек. Сол үшін саған Тәрбиедей ана,
Балсұлудай апа берілді…
…Апа отырмасын. Іздесін. Сен болып ізденсін…
…Бір кісіге кездесер. Со кісінің батасы мен қамқорлығы Сенің бар шаруаңа
жол ашар депті…
…Балсұлу Серікбол жазған шағын "Маңғыстау географиясы" атты
кітапты баспаға бастырып шығармақ болады.
…Ол кӛмек кӛрсетер адам іздепті. Ұзақ іздепті…
…Ағайындарға барыпты. Кӛмек кӛрсете алмапты...
…Байларға барыпты. Барынан бӛліп бере алмапты…
…Бастықтарға барыпты. Кӛмегі түгілі кӛңлін де аяпты…
…Бір сәтті күні Балсұлу Сайын Назарбекұлына кездеседі. Кейін
Серікболдың ӛзі Дон Кихот аға атаған, Сайын Назарбекұлы Серікболдың жай
адам емес екенін бірден түсінеді. Батасын береді. Қолынан келген кӛмегін
кӛрсетеді. Содан бастап Серікболдың бар шаруасы оңға басып жүре береді…
Серікбол ӛмірінің жаңа кезеңі, қазақ халқының мифология дәуірі
басталады…
Бҧл кезең қазақ елінің де жаңа кезеңі болатын.
Ҧлы Жаратушы ҽлсіз елді жарылғағысы келсе сол елге дырынды,
алғыр ҧлдарды бере салады екен. Ҧл болғанда да ел бақытына бола
жаратылған ҧл береді. Ҿткен ғасыр ҿкілдері –
Абай Қҧнанбаев, Ахмет
Байтҧрсынов, Мҧхтар Ҽуезов, Бауыржан Момышҧлы секілділер, қазақ
кҿгін жарқыратқан шоқ жҧлдыздар, солар болатын. Солар болашақ
қазақ елі мен азаматының моделін жасап беріп кеткен болатын.
Бҧ
ғасырдағы
Нҧрсҧлтан
Ҽбішҧлы
бастаған:
Ҽзілхан
Нҧршайықов, Ҽбдіжҽміл Нҧрпейісов, Ҽбіш Кекілбаев, Олжас
Сҥлейменов, Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Кҿшербаев,
Қойшығара Салғарин, Ақселеу Сейдімбеков, Бекболат Тілеуханов тағы
сол секілді мыңдаған тҧлғалар, Ҧлы Қҧдіреттің қазақ халқының
бақытына бола жаратқан тҧлғалары деп ойлаймыз.
Осындай тҧлғаларды, ҽрқайсысы бір ел аспанына жарық
болар
тҧлғалардың қатарын біз Серікбол Қондыбаев атымен де
толықтырғымыз келіп отыр. Оған не себеп?..
Оған себеп –
Серікболдың, бар болғаны он жылдық, жемісті
еңбегі.
Қазір –
жаңа заман, жаңа кезең.
Ендігі кезең –
ежелгі тарих тақырыбында еңбек еткендер еңбегі
ҿз бағасын алатын кезең.
Ҧл туған елдің ҧлынан кҿрер қҧрметі сол болмақ!
128
Тҥркі жазуларын алғашқы оқыған В.Томпсон да, тҥркі
тҧқымдастардың, солардың бірі қазақ халқының тарихтағы сыбағасы
мойындалып жҥрген жобадан ҽлде қайда мол екенін дҽлелдеп,
ондаған том ғылыми еңбек жазған Л.Н.Гумилев те ҽлемдік деңгейде
атақты болды. Ҿзіміздің Олжас Сҥленйменов пен Қойшығара Салғарин
де, сондай деңгейге кҿтерілді.
Осы мақаланы жазу ҥшін, осы сҿздерді айту ҥшін дайындық
барысында біздің алдымызда атақты авторлардың ойынан туындаған,
қаламынан шыққан бірнеше кітаптар жатырған болатын.
Сол авторлардың бірі Серікбол Ҽділбекҧлы Қондыбаев. Біз
Серікбол мырзаның кітаптарының аттарын санап шығуға ерінбедік:
"Маңғыстау географиясы", 1996 ж.
"Қазақ даласы жҽне герман тҽңірлері", 1998 ж.
"Қазақ мифологиясына кіріспе", 1999 ж.
"Маңғыстау мен Ҥсттірттің киелі орындары", 2000 ж.
"Есен
-
қазақ", 2002 ж.
"Гиперборея: тҥс кҿрген заман шежіресі", 2003 ж.
"Арғықазақ мифологиясы". Тҿрт том. 2004 ж.
Қолымызға тҥспей қалғандары болса, сол қасиетті кітаптардан кешірім
ҿтінеміз. Бірақ біз Серікболдың алғашқы шыққан "Маңғыстау
географиясы" мен кҿзі тірісінде соңғы шыққан тҿрт томдық "Арғықазақ
мифологиясы" атты еңбектерінің жарық кҿруіне септігіміз тигендіктен,
осы шығармалар арасындағы уақыттың бар болғаны сегіз жыл екенін
білеміз.
Ойпырмай! Қыршын жасын қырыққа жеткізе алмау, ғылыми
ғҧмырын он жылға соза алмау деген қандай ҿкінішті. Ҿкінішті болғанда
Серікбол Қондыбаев секілді біртуарларға қандай ҿкінішті. ―ҿлмейтҧғын
артына сҿз қалдырған‖ деп данышпан Абай айтпақшы, Серікбол да
артына жаны мҽңгілік, ауқамы мол мҧра қалдырды.
Серікбол қандай жағдайда еңбек етті? Осынша мол дҥниені, бар
болғаны он жылға жетпейтін мезгілде, қалай жазып бітірді?
Бҧндай еңбекті жазу ҥшін оқу керек емес пе? Оқығанды зерделеу
қажет емес пе? Ойға тоқып ойланып, тоқығанды қағазға тҥсіру қажет
емес пе?..
Осыларды істеу ҥшін тҧрмыс жайғдайы мен денсаулық, рухани
кҥш пен уақыт қажет емес пе?..
Серікболда солардың бірі де болмады.
Ол рахаттанып отырып тамағын да іше алмайтын. Шалқайып
жатып демін де ала алмайтын.
Оның отыра алмайтыны қоңында, шалқайып жата алмайтыны –
арқасында жазылмайтын, бірі жазылса басқасы балалай беретін
алақандай, алақандай аузы ашық жаралары болатын.
Ол апатқа ҧшырағаннан кейін аяғымен жҥруді армандап та
кҿрген жоқ.
129
Сонда ол қалай еңбек етті?
Бҧл сҧраққа жауап беру мҥмкін емес... Ол енді жабулы кҿрпе
кҥйінде қалатын болар...
Дегенмен бҧлар туралы жауап алу дҽмесі сақталады. Ҿйткені
Серікболдың Балсҧлу апасы жазар
естелігінде бҧл сҧрақтарға жауап
берілер деп ойлаймыз...
Дегенмен біздің қолымыздағы Серікболдың жазған хаты мен
қолтаңбаларынан, ҽлгі жабық кҿрпенің бір шетінің астына ҥңілуге
мҥмкіндік бар секілді...
САЙЫН АҒАМ ТУРАЛЫ БIРЕР СӚЗ
Ӛзiмнiң аздап та болса таныстығым бар, солай болса да мен үшiн ең
қадiрлi кiсiлердiң бiрiне айналған Сайын Назарбекұлының Қазақстан
парламентiнiң мәжiлiсiне депутаттыққа үмiткер ретiнде тiркелгенiн естiп,
ӛзiмнiң ол кiсi туралы ойларымды оқырманға таныстаруды ұйғардым.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекшi, менiң тағдырымдағы соңғы
үш
-
тӛрт жылдағы ӛзгерiстерге тiкелей қатысы бар, ӛзiнiң жәрдемiмен менiң
болашағымды анықтап берген Сайын ағамның қандай адам екендiгiн айта
кетер сәттiң ретi келiп тұрған сияқты.
Мен бұл
кiсi туралы кӛп бiлем деп айта алмаймын. Айтпақшы болып
отырған сол бiр оқиғаға дейiн онымен жүзбе
-
жүз таныстықта болып кӛргенiм
жоқ. Рас, кейiн де оны бiр
-
ақ рет кӛрдiм, онда да тiкелей ӛзiме iстеген
жақсылығынан кейiн ғана. “Ӛзiмнiң жақын танитын аталас
туыстарым менiң
азын
-
аулақ қабiлетiмдi байқай алмай, байқағандарының кӛмек беруге мүмкiндiгi
болмай тұрған шақта маған туыстығы жоқ, атын тек анда
-
санда баспасӛз
бетiнен кӛрiп жүрген бейтаныс кiсi қалай байқап калды екен, қалайша сенiп
кӛмегiн бердi екен?” деген ойлар анда
-
санда басқа да түсiп тұрады. Мынадай
құбылмалы заманда, адамның бiр
-
бiрiне деген дәстүрлi кӛзқарасы ӛзгерген
тұста жәрдем ете бiлу –
мен үшiн үлкен ерлiкпен тең. Сайын Назарбекұлы
осындай ерлiк iстей алды деп айта алам. Ӛйткенi қайдағы бiр ешқашан
кӛрмеген алыстағы мүгедектiң жазған кiтабын не бай мекеменiң не бюджеттiң
қаржысына емес, қалтасынан шыққан ӛз қаржысына шығарып беру бүгiнгi
байшiкештердiң қолынан келедi дей алмаймын. Қалай болғанда да мұндай болған
жайт туралы бiлмеймiн. Сӛйтсем, Сайыннан кӛмек алған жалғыз мен емес екем,
оның алдына барғандарға ағамыз қолынан келгенiнше ӛз жәрдемiн жасайды екен.
Бұл жӛнiнде кейiнiрек, басқалардан естiдiм. Сонда не мемлекеттiк қазынаның
қапшығының аузын ұстап отырған, қажет болған жағдайда шетiнен кӛсiп алып
бере қоятын басшы не шенеунiк болмаған, не қалтасы соңғы он жылда қалыңдап
үлгерген iскер байшiкеш емес, не ақшалы мекеменiң басшы емес –
жай ғана
құдды Дон Кихот сияқты қазақ даласының әр түпкiрiн кезiп жүрген, қазақтың
ӛткенi мен болашығын ұштастырмақшы ниетпен рух
-
елестi қуып жүрген
Сайын Назарбектiң байлығы тасып бара жатыр дейсiң бе? Әрине, жоқ. Бiресе
маңғыстаулық ӛткен заман ақындарының мұраларын бiрнеше том етiп
бастырып шығаруға ұмтылса, бiресе ӛткен замана тұлғаларын әспеттеуге,
оларға белгi қоюға ұмтылып жүрген оған осы iстердi жүзеге асыру үшiн талай
мекеме мен әкiмшiлiк бастықтарының табалдырығын тоздыруына тура
келгенiн естiп жатырмыз. Рас, оның әуелi ойға, сосын қолға алған iстерiнiң
бiразы кешiгiңкiреп те болса жүзеге асып жатыр.
Әңгiме басына қайта оралсақ. Мiне, содан берi үш жыл ӛттi. Оның берген
кӛмегi дер кезiнде жасалды дер едiм, ӛйткенi кенеттен зұлматқа тап болып
отырған мен ӛмiрден гӛрi ӛлiм туралы кӛп ойлай бастаған едiм. Опат болып,
130
мүгедектiк дегеннiң жазмышын кӛрiп, қарға адым басудың ӛзiне зар болып
отырған шақта ӛмiрге деген түңiлу мұнарын сейiлте алған, жаңадан үмiт отын
жағып берген осы Сайын ағам едi. 1992 жылдан берi шаң басып жатқан кiтап
араға бес жыл салып барып, онда да Сайын Назарбекұлының тiкелей кӛмег
i
арқасында жарық кӛрдi. Сол кiтаптың артынан үлкен армандар мен ой
-
идеялар
ағыны басталды десем де болар. Мен сол кiтапты жұртшылыққа ӛткiзген соң
түскен ақшасына компьютер және онымен iстес принтер, сканер, ксерокс
сияқты қағаз кемiргiштерге таптыртпайтын құралдар сатып алдым да ендiгi
жазатын дүниелерiмнiң барлығын да осы компьютерде терiп жазатын болдым.
Содан берi екi
-
үш ғылыми
-
кӛпшiлiк тақырыптағы дүниелерiм жазылып қалды да.
Рас, осы ойларым әзiрге нақты затқа айнала қойған жоқ, бiрақ сол бiр
жәрдемнен туған үмiт оты әлi маздап жана түсуде. Солардың бiрi –
қазақ
мифилогиясы мәселелерi жӛнiндегi тұңғыш еңбек жуырда жарық кӛредi деп
күтудемiн. Соны күткен сайын, құдайға шүкiрлiк етумен қатар осындай
мүмкiндiктердiң бастауында болған ағамды да ризашылықпен еске алып қоямын.
Мен ол кiсiге бiр
-
екi ауыз алғысымнан басқа ештеңе айтқан жоқпын, мiнез
-
құлқымыздың болмысы солай ма
-
әйтеуiр, ағынан жарылып, кiсiнiң кӛзiнше iшкi
сезiмдi бiлдiру жағы, яғни бетiне қарап отырып мақтау жағына нашармын, бiрақ
бұл сол iшкi ризашылық, алғыс сезiмнiң жоқ дегенi емес қой. Айта
алмағанымызды, шүкiр, жаза аламыз. Сол уақыттардан берi хат алысып,
телефонмен сӛйлесiп кӛргенiм жоқ, тек басқа адамдар арқылы хабар алысып
тұрамын. Қанға сiңген адайлығымыз бар ғой, Сайын Назарбекұлы, менiң
түсiнуiмше, бiреуге жақсылық жасадым екен деп бәлсiнбейтiн, мiндетсiмейтiн
кiсi. Ал, мен қайта
-
қайта жария түрде алғыс айта берсем оның арты
жалбақайлыққа ұласып кететiндей кӛрем. Сондықтан алғыс сӛзiмдi де, ол кiсi
туралы да сирек те болса бiр жӛндi сәтке ұштастыра айтқаным ыңғайлы
болар.
Сайын Назарбекұлының еңбек жолдары жӛнiнде оның жақын
-
жоралары,
iстес болғандар бiлер. Ал оның ақындық туындылары мен әдебиет сүйетiнi
кӛпшiлiкке таныс. Оның сәулетшiлiгi жӛнiнде бүкiл Маңғыстау, тiптi бүкiл
Қазақстан бiледi. Ұлы Абай мен оның туыстары жатқан Семей ӛңiрiндегi
Жидебайдағы ғимараттардың қазақтың ұлы жүз –
үйсiнiнiң арғы анасы Нұрида –
Домалақ ененiң Оңтүстiк Қазақстандағы кесенесiнiң, қазiр салынып жатқан
Атырау
-
Жайық ӛңiрiндегi Сарайшық ескерткiш кешенiнiң авторы да, сол
идеяларды жүзеге асырушы да Сайын Назарбекұлы екенiн кӛзi ашық
азаматтарымыз тегiс бiледi. Бұл
-
Маңғыстау сәулетшiлiк ӛнерiнiң бүкiл қазақ
даласындағы идеялық үстемдiк құруының кӛрiнiсi. Сайын ағамыз –
сол идеяны
қазақ арасында нисахаттаушы iспеттi. Ал Алматының орталық алаңындағы
тәуелсiздiк монументi –
Алтын адамның мiнiп тұрған тұғыры –
маңғыстаулық
құлпытастың үлкейтiлген кӛшiрмесi екендiгiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Оның
авторы болған Шотаман Уәлиханов осы идеяны берген Сайын Назарбекұлы
екендiгiн айтады. Осы ағамызды мен “идеялар генераторы” дер едiм, ӛйткенi ол
Маңғыстаудың және бүкiл қазақ даласының жансыз тарихына, ландшафтына
жаңа әр берелiктей, жаңа келбет берерлiктей идеялар туғыза алады. Кезiнде
оның ұсынған Ақтау қаласында салынуы тиiс “Маңғыстаудың ойында 360 әулие”
сәулет кешенi жобасы қаржы болмағандықтан салынбай қалды, бiрақ жобаның
құндылығы сондай, болашақта ретi келiп салынып жатса, кӛрер кезге дымы жоқ
Ақтау үшiн үлкен мәдени орын болар едi. Ал әлгi Шымкент, Семей, Атырау
жақтағы салынған құрлыстар
-
сол идеяларды қорыта бiлудiң нәтижесi.
Сайын ағамыздың басты қасиетi –
оның ерiнбейтiндiгi және
жалықпайтындығы. Дала тӛсiндегi аптап пен шаңға бiрер күн шыдауға болар, ал
сол аптап бен шаңда апталап, айлап жүру кез келгеннiң қолынан келе
131
бермейтiн нәрсе. Сайында бiрде сол Атыраудағы Жайықтың масаға толы
жағасынан кӛрсек, ендi бiрде Қарашүңгiлден, тағы Оғландыдан кӛремiз. Оның
Бекет атаның бейiтi тұрған жердiң жойылып бара жатқаны туралы мәселе
кӛтеруi –
осындай туған
жерге, туған ӛлкеге, ата
-
баба мұрасына деген
жанашырлықтың белгiсi бұл да бiр осы күнi сирексiп кеткен елгезектiк пен
ынтаның (энтузиазмның) кӛрiнiсi.
Сайын Назарбекұлы –
қазiргi демократқа айналып кеткен бұрынғы
партиялық номенклатураның қорасынан шыққан адам емес. Соған қарамастан
ол жоғары жақтағы тоңмойын шенеунiктермен де, қалың бұқарамен де
байланыс жасай алатын, ең басты, айтқан сӛзi далада қалмай, ӛз ойы мен сӛзiн
оларға жеткiзе алатын адам. Оған кӛзiмiз жетiп отыр. Ең бастысы –
қара
басының қамынан қоғамдық табысты жоғары қоя бiлгенi үшiн ризамыз. Оның
қазiргi бай
-
шоралардың қатарына қосылып кетiп, асып кетсе ӛзiнiң
мерейтойлары мен презентацияларының тӛңiрегiнен шықпай қалуға мүмкiндiгi
болған, әлi де бар. Ол бұлай iстеген жоқ, оған сол үшiн рахмет айтамыз.
Жасампаздар, арманшылдар белгiлi бiр дәуiрлерде ӛмiр сүрiп, айналаны
ӛзгертедi, ӛздерiнiң ой
-
қиялдарымен болашақта болар үлкен рухани
тӛңкерiстерге iргетас қалайды, бiрақ ӛздерi сол жолда жүрiп лаулап жанған
алаудай бiр кездерi жанып бiтуi мүмкiн. Оның қызығын басқалар, ең алдымен
ондай адамдарға кедергi жасаған пенделер кӛрiп жатады. Тарих сабағы сондай.
Сайын ағамыздың жер мен адам үшiн жасамақшы армандары да осындай
болашақ үлкен iстердiң басында тұр. Оны болжай бiлуге кӛпшiлiк қазiр
қабiлетсiз, заман сондай. Бiреудiң ойын екiншi бiреу насихаттап халыққа
түсiндiресе күндердiң күнi ол кӛпшiлiкке түсiнiктi, қарапайы әрекетке айналады,
үшiншi бiреулер оны жүзе асырады.
Бүгiнгi парламентiмiзге идея туғыза алатын адамдар жетiспейдi. Қазақ
идеясын нақты заңдар мен нормативтiк құжаттарға айналдыра алатын
адамдар жетiспейдi. Рас, мұндай қабiлетке ие адамдар парламентте бар, бiрақ,
олардың қазақ жӛнiндегi түсiнiгi қарабайыр деңгейде олардан қабiлетiне
қарамастан ұлты үшiн, жерi үшiн бiрдеңе жасай қояды
деуге келмейдi. Ал
ӛзiмiздiң мүдделерiмiздi қорғайды деп үмiттенген адамдарымыз қаншама
экономиспiн, ӛндiрiсшiмiн (производственник), бәрiн түсiнем, бәрiн бiлем деп
уәдесiн үйiп тӛгiп кеткенiмен рухани жағынан тайыз, олардың бiразы –тек
тойлар мен атаулы күнгi кездесулерде сӛз сӛйлеп, үлкен адамды мақтап кӛрiнiп
қалуға бейiмделген, жаңадан салынған нысанды ӛзiнiң тiкелей қатысы болмаса
да лентасын қайшымен қиып, осы арқылы ӛзiн халық үшiн үлкен; iс тындырып
жатырмын деп түсiнетiн динозаврлық зерде деңгейiнде қалып қойғандар.
Олардан не үмiт, не қайыр! Сайын Назарбеков осылардан ада, ол –
бәрiн бiлiп
жүрмiн дейтiн экономист те, кәсiпкер де емес, сонымен қатар оны келесi
шеттегi тек аузынан ақыл айту, кiсiмсу, шешенсу, дiмәрсiнiп, ұлт үшiн ӛтiрiк
аһы
-
үһiлеп зарлануға дағдыланған “интеллигенцияға” да жатпайды. Ол ой мен
iстi ұштастырған, материалдық бiлiм мен руханиятты астастыра бiлетiн кiсi.
Ол ойға алған iсiн ӛз қолымен iске асырған кiсi. Оған Шымкенттiң Түлкiбас
ӛңiрiндегi ұлы жүз үйсiннiң пiр
-
анасы Домалақ ененiң риза рухы куә. Оған Жайық
жағасындағы Сарайшық топырағында жатқан ата
-
баба рухы куә. Оған
Семейдегi Жидебай жерiндегi Ұлы Абай мен оның тӛңiрегiндегi Дiлдә, Әйгерiм,
Ақылбай, Омархан, Мамай, Кӛкбайлардың ескерткiшке айналған рухтары куә.
Мен Сайын
ағамның Маңғыстаудағы iстерiн тiзбелеп жатқаным жоқ, оны
кӛпшiлiктiң ӛзi бiледi. Тек Абыл, Нұрым, Ақтан, Сәттiғұлдардың мұраларының
осы кiсiнiң қаржыландыруы мен жұртқа таратуының арқасында танымал
болғандығымен шектелгiм келедi.
132
Сайын Назарбекұлы Тоқтамыс болашақ парламентте Маңғыстау
мүддесiн қорғайтын, басқалармен бiрiгiп ұлт мүддесiн қорғайтын адам бола ала
ма? Ол сайлаушының қолындағы iс. Бiз тек тiлекшi ғана. Ағамыздан үлкен кӛсем
шыға қоймас, бiрақ болашақ парламентте Сайын сияқты ерiнбей
-
жалықпайтындар саны кӛп болып, олардың бәрi бiр идеялық топ құрайтын
болса, тек сонда ғана нақты нәтижелердi күтуге болады.
Кезiнде ол Маңғыстау мұраларын насихаттау мақсатында жұмыс
жасайтын “Парыз” атты шағын интеллектеуалдық мекеме құрған едi, ол
“Парыз” бiраз iстi тындырды. Ендiгi Парыз
-
Сайын ағамыздың халық алдындағы
парызы тағы бiр ӛмiр жолы арқылы ӛтелсiн деген тiлегiмiз бар. Тағы да
айтарым, бiз тек қана тiлекшiмiз.
Серiкбол Қондыбаев
Шетпе кентi. 1999 жыл 5 қыркүйек.
1. Серікбол Қондыбаев
"Маңғыстау географиясы"
Алматы Қағанат –
ҚС 1997
Қадірлі Сайын аға!
Үміт отын қайта жаққаныңызға, ӛзімді тірі адам екенімді сездіргеніңізге сізге
ғұмырлық риза
ініңіз Серікболдан.
15.02.97.
2. Серікбол Қондыбаев
"Қазақ мифологиясына кіріспе"
Алматы "Зерде", 1999.
Сайын ағайыма!
Мына кітаптың қолжазба түрін ӛзіңізге таныстырған едім. Енді жаңа нұсқасын
ұсынып отырмын. Алыстан желеп
-
жебейтін періштедей, ниеті түзу, тілекші
аға бола білгеніңіз үшін.
ініңіз Серікбол Қондыбаев
19 қараша. 1999 ж.
3.
Серікбол Қондыбаев
"Маңғыстау мен Үстүрттің киелі орындары"
"Полиграфсервис" баспаханасы, 2000 ж.
Сайын Назарбекұлына
Сәке (Сайын аға)
Мынау ініңіздің үшінші дүниесі. Айқайлап жар салмасам да осының бәрі 1996
жылы ӛз
қолыңыздан бастау алғанын мен жалған дүниеден ӛткенше
ұмытпаймын.
Сізбен таныс еткен тағдырыма ризамын.
Ініңіз Серікбол Қондыбаев
16.05.2000 жыл.
133
4.
Серікбол Қондыбаев
Қазақ даласы және Герман Тәңірлері
Алматы "Зерде" 2000
Сайын аға!
Мынау ініңіздің тӛртінші дүниесі. Бұның бағасын кейінгілер берер, әзірге осы
істердің куәгері ретінде ӛзіңізге естелік ретінде ұсынып отырмын. Қабыл
алғайсыз.
Игі тілекпен ініңіз.
Серікбол Қондыбаев 2000. 19.08.
Серікболдың ҿзі туралы да, еңбектері туралы талай ойланып
кҿргенбіз. Оның ҿзі туралы не десек те, қандай мақтау айтсақ та олқы
соғатынын сеземіз. Серікболдың ғҧмырбаяны туралы қаламы мен
тілінің ыңғайы бар біреу табылып, биографиялық туынды жасаса біздің
жастарымызға ҥлгі боларлық дҥние болар еді.
Мен осындай кітапты жазу қажет екенін Балсҧлуға бҧрын да
айтқанмын. Жазылып жатқандары да бар болар. Балсҧлудың жазуға
қолы тимейтін болса, не басқа себептері болса біз, диктофонға
жазылған естелікпен, жҧмыс жасауға, аяқтап шығуға, Балсҧлуға
соавтор болуға дайын екенімдігімізді білдіреміз.
Енді Серікболдың шығармашылығы туралы сҿз етер болсақ,
онда біздің ойымызға оралатыны, ол алғашқы ―Маңғыстау
географиясы‖ мен ―Маңғыстау мен Ҥстірттің киелі орындары‖ атты
еңбектерін ҿз мамандығы алдындағы азамат тҧлғаның ҿз парызын
ҿтеу жолында жасалған кісілігі болса керек дейміз. ―Атым адам
болғасын қалай адам болмайын‖ деген секілді, географ деген
мамандық алып шығып, оқушыларға географиядан дҽріс берген кісі,
жарытылысында табиғат сыйлаған зерттеушілік қасиеті бар
жас ғалым
ҿз ісінің алғашқы зерттеу жҧмыстарын географиядан бастамай неден
бастаушы еді. Аты аталған екі кітап жарық кҿрген. Серікбол алған
мамандық пен туған жерге деген парызын осылайша ҿтеп тастайды да
енді мида сақылдап қайнап жатқан, ҽлі қағаз бетіне
тҥсіп ҥлгермесе де
бас қазанында пісіп ҥлгерген негізгі шаруасына кіріседі.
Тың жерге тҥрен салғандай қайсарлықпен кіріскен Серікболдың
бҧл тҽуекелін біз оның тек қана отандастары алдындағы емес бҥкіл
адамзат баласы алдындағы негізгі міндетін тҥсінуі деп атар едік.
Табиғат берген ерекше дарын ол тек қана дарын иесінің меншігі емес,
ал ҽуелі елдің, қала берді бҥкіл адазаттың еншісі. Серікбол сол
жобада тҥсініп, сол мақсатта еңбек еткен, аты ҥлкен ҽріппен терілер
азамат деп ойлаймыз.
Кҿп зерттеушілер, сол
секілді шығармашылық соңында жҥрген
адамдар, ҿз шығармасына кірісіп жаза бастаған кезде, оның қалай
аяқталатынын біле бермейді. Еңбек ету барысында піседі, мҥшеленеді
дейді. Серікбол мырзаның шеберханасы басқаша.
134
Ол ҽлі жазыла қоймаған, басында дайындығы
жҥріп жатырған
―Арғықазақ мифологиясы‖ аталмақ тҿрт томдық кітаптарға алғы сҿз
ретінде бірнеше томдық кітап жазады. Болашақ кітаптар мағынасын
тҥсіне алуы ҥшін, зерделей алуы ҥшін ерте бастан келешек
оқушыларының санасы мен тҥсінігіне ҽсер ете бастайды. Автор ҿзінің
алғы сҿз секілді сол еңбетерін ғылыми еңбек деп те ойламайтын
болуы керек. Негізгі жҧмысына алғы сҿз деп қараған секілді.
Ол 1999 жылы жарық кҿрген ―Қазақ мифологиясына кіріспе‖ атты
еңбегінде: ―... Бҧл кітаптың тағы бір мақсаты –
―қазақ мифологиясы‖
деген тҥсінікке оқырманның да, зерттеушінің де ―қҧлағын, бойын
ҥйрету‖, –
деп, ашып айтады. Бҧл кітапты зерттеуші мифтік аңыздар
мен оларды зерделеу барысында кездесер сҿздерге оқушының қҧлағы
мен бойын қалыптастырмаққа арнаса, ―Есен
-
қазақ‖ атты еңбегінде
Маңғыстаулық мысалдар арқылы ҽлгі ―қҧлақтар мен денелерді‖ миф
деген қҧбылысты қалай зерделеу керек екенін ҥйретеді. Осы кітаптың
14 бетінде: ―... Екі
-
ҥш сҥйегі арқылы динозаврдың бейнесін кҿз алдына
келтіретін палентолог, екі
-
ҥш метостанцияның мҽліметтерімен қателік
ауқамын жылдан
-
жылға кеміте отырып, ауа райын болжайтын
климатолог, бірнеше жерді аршу немесе ойып қазу арқылы шҿгінді
жыныстар қабатының сҧламасын айқындай алатын геолог сияқты
тарихшы да этнологиялық ҽдістемені қолдана отырып, ҧлы немесе
кіші империялардың, кінҽздіктер немесе еркін қалалардың қҧрылуы
мен талқандалуы процесін суреттей алады‖ –
деп, ғалым
В.И.Вернадскийдің ойынан ҥзінді келтірілген екен. Атақты ғалымның
осы ойы арқылы біз де Серікбол Қондыбаевтың мифтік аңыздар мен
жырларды ой елегінен ҿткізуі, пайдаланылып жҥрген жеке сҿздер мен
басқа тілдерге ауысып кеткен сҿз тҥбірлерін зерделеу барысында осы
―Қазақ мифологиясы‖ атты зор ғылыми еңбектің пайда болғандығын,
оқушыларға осы еңбекте келтірілген тҧжырымдардың ғылыми
шындығының, тарихи тамырының бар екеніне кҿз жеткізгенімізді
айтпақ болып отырмыз.
―Қазақ мифологиясы‖ кітабынан бастау алып, ―Арғықазақ
мифологиясы‖ атты тҿрт томдықта ғылыми арнаға айналған ―Абақ
таңба‖ ҿзіне амалсыз сендіреді. ―Абақ таңба‖ ортасында нҥктесі бар
шеңбер болатын болса, ол Серікбол зердеханасынан ҿткенде
жаратылыстың негізгі заңы екені жай кҿзге де байқала қалады. Содан
барып қазақтың ―тҿр‖ жҽне ―тҿре‖ сҿздеріне біз осы уақытқа дейін
қалайша баға бермей келдік екен деген таң қалу сезімі де ҿзінен ҿзі
туындай қалады. Енді бізге: атақты ―Туран‖, ―Тҥрік‖, ―Тҿр‖ жҽне
солардан туындап тараған ―ар, ―арилер‖, ―арыс (ҥш арыс)‖ сҿздері
біздің осы уақытқа дейінгі соқырлығымыз ҥшін мысқылдай қарап,
―ақыры зердеңе жетті ме‖ деп тҧрғандай.
Ғалым біз ҽңгіме етіп отырған тҿрт томдық ―Арғықазақ
мифологиясы‖ атты кітабының біріншісінің 58
-
61 беттерінде Ҧлы
Жаратушының шексіздік атты кеңістігіндегі адам баласының ҿсіп
135
жетілуіне, бҥгінгі кҥнге дейінгі эволюциялық сапарының іздерін оймен
шолып қайтады.
Біз С.Қондыбаев еңбектерін ежіктеп оқи отырып осы уақытқа
дейін ҿз тегімізге заңды тҥрде мақтанып жҥргенімізді сезінеміз,
олардың тіршіліктің қай тереңіненен болса да ҿз тамырларымен нҽр
алып, ҿз тарихынан қуат алып жатқанына сенімді боламыз. Бҧл еңбек
сонысымен қҧнды. Сол қасиеттері оны ешуақытта ескіртпейді, бағасын
тҿмендетпейді.
Қазақи
мифология
емес
тіпті
дҥниежҥзілік
мифология
астарларына ғалымдар ҽлі кҿз салып, ой жҥгіртіп ҥлгеріп болған жоқ.
Қазақ ғылымдарының мифология жҿніндегі бҧл еңбегі кҿшпелілер
туралы центроеуропалық менсінбеушіліктің қалың тоңына қаққан
қазықтай болатынына сенгіміз келеді.
Қазақ халқының бір туар азаматтары Қойшығара Салғараҧлы
мен
Ақселеу
Сейдімбек
Серікбол
Қондыбайдың
―Арғықазақ
мифологиясы‖ кітабына жазған алғы сҿздерінде: ―...ғылым мен
ҿнердегі пассионер тҧлғалар ең алдымен дҥйім жҧрттың санасы мен
сезімін баурап, мыңдардың жҥрегіне шапағат нҧрын ҧялатады.
Нҽтижесінде сол мыңдардың таным
-
тҥйсігі мҥлде жаңа сапаға
кҿтеріліп, қоғамдық ой
-
сананың ҿресі биіктеп, ҿрісі ҧзарады.
Мҧндай ойдың жосығы білікті де білімдар азамат Серікбол
Қондыбайға қатысты тілге оралып отыр‖ –
дейді.
Адамға ҿз еңбегі ҥшін осындай тҧлғалардың аузынан шыққан осы
бағадан артық ештеңе қажет те емес болар...
С.Қондыбаев дарынды жаратылған тҧлға. Оның ойлау қабілеті,
уақиғалар мен сҿздерді зерделеу ҽдісі (методикасы) оған кез
-
келген
тақырыпта еңбек етуіне мҥмкіндік беретін еді
-
ау деп ойлаймыз. Бірақ
ол ҿз ҧлтына еңбек етудің, оны ҿз ҽлінше ҽлемге танытудың жолы деп
мифология тақырыбын таңдапты. Оның
неге миф туралы ғылымды
таңдағанын ҿзінің мына жолдарынан аңғаруға болар...
Миф –
адам баласы ҥшін барлық уақытта да бейне бір
ҿзгермейтін, тҧрақты нҽрсе. Мифте бар жалпы модельдер, сюжеттер,
тіпті ҧсақ детальдар барлық жерде, затта кездеседі. Бҧл былайша
тҥсіндіріледі: миф –
ҧрпақтан ҧрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата
-
бабаларымыздың естелік мҧраларының жиынтығы. Миф тіпті біздің
тҥйсігіміздің (подсознание) қҧрылымына кіреді. Ол тіпті, сірҽ, біздің
қанымызда, генімізде таңбаланған (закодирован) болуы керек...
Серікбол Қондыбаев санасына соншалықты таным, жігеріне
соншалықты талап берген Тағдыр (Жаратушы) оның пенделік
болмысына келгенде сҽл қаттылау да кеткен секілді. Жаратылыста
бҽрі есептеулі дейді ғой. Барлық жерде тепе
-
теңдік заңы сақталады
екен. Мҥмкін Серікболды тҿсекке таңып, жҥріп
-
тҧру мҥмкіндігінен
айырған табиғат сол қуаттарынан алынғандарды ойына, сезім тҥйсігіне
қосып берген болар. Олай болған жағдайда біз, Серікболдың
жанашырлары, ол істі қатеге санамаймыз. Қалай дегенмен біз осы
136
ҿмірімізде ғалымдар ішінде қол
-
аяғы балғадай боп, астында тағы,
басында бағы бар бола тҧра жетпіске келіп докторлығын қорғаған,
ҿліп
-
талып қартайғанда бір монографиясын жарыққа шығарып, бар
ҽлемді жаратып шыққан ҿзіндей боп той жасап жататындарды да
кҿрдік.
Серікболдың ғылымдағы, ҿмірдегі орны адам таңқалғандай. Ол
ҽлемдік сыбаға бҿлісінде ҿз сыбағасына тиген 15 шаршы метр
бҿлмесінде ―мен‖ деп айқай салмастан, ешкімге міндетсіместен,
ешкімнен ештеңе сҧрамастан Алла тағала ҽлі ҽлемді жаратпай
тҧрғанда бір нҥкте болып тҧрған (кіндік), жаратқаннан кейін ―абақ
таңба‖ деп Серікбол ат қойған тіршіліктің негізгі заңына дейін ой
жҥгіртіп, ҿз ойымен Кҿкке жетсе де, ҿз аяғымен есікке жете алмай жай
ғана пенделік тіршілігін жалғастырған болатын. Оның бақытына бар
тірлігін баласына бағыштаған қарылғаш ана Тҽрбие мен қамқоршы апа
Балсҧлудай қамқоршылары болды.
Адал еңбек қашан да бағаланбай қалмайды. Оған тҿзім мен
қанағат сезімі жеткізбек. Елі бар, елдің азаматтары бар дедік қой жаңа.
Серікбол еңбегі қазақ ҿнері мен тарихының
ҥлкен жанашыры
Иманғали Тасмағанбетов мырзаның назарына ілігіп, соның арқасында
тҿрт томдық ―Арғықазақ мифологисы‖ жарық кҿрді.
Елім деп еңбек еткен еріне елі риза болып жатса, сол елдің елдік
дҽрежесінің кҿрсеткіші сол емес пе!..
Серікболдың ҧзақ ғҧмыры енді басталды деп ойлаймыз.
Серікбол Тҧлға. Оны жаратты.
Серікбол Қондыбай –
ғасырларда, мыңжылдықта бір кездесер
қҧбылыс.
Серікбол –
қазақ халқының ҧлылығының, даналығының тағы да
бір дҽлелі.
Серікбол –
Ҧлы Жаратылыстың, Қҧдіретті Жаратушының осы
кезеңдегі қазақ халқына деген пейілінің тҥзулігі деп тҥсіндіруге
боларлық қҧбылыс.
Серікболдың мҽңгілікке басқан алғаш қадамын біз арқылы
жасатқан Қҧдіретке разымыз.
Серікболдың ҿзіме жазған ризашылық сҿздері маған да ҿзіме
деген сезімдеріме қамқоршыдай
боп, бағытымның дҧрыстығына сенім
орнатады.
Баламмен жасты Серікбол ендігі жерде жалына қол жетпейтін
тҧлпарға айналды.
Кеше ғана ҿзім қамқорлаған Серікбол енді шыңына кҿз жетпейтін
асқарға айналды.
Кҿзім кҿрген мҥгедек жан Жаратқан нҧрына бҿленген Ҽулиеге
айналды.
137
Достарыңызбен бөлісу: |