1
Сайын Назарбекҧлы
Шығармалар жинағы
6 том
Егемен еліміз ӛсірген ең тәтті жеміс
Мақалалар
Руханият тақырыбы
Ел мен Жер
Азаматтар
тақырыбына
Тіліміз бен діліміз
Бҥгін. Ертең. Болашақ
Алматы, 2011. «Жазушы»
2
Дҥйсенбі Әріпҧлы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Сайын
адамдардың
сенім
мен
дінге
психологиялық
бағыныштылығын дҽлме
-
дҽл тҥйіндеп: ―Пенде
біткеннің бҽрі де
біреуге табынады. Бірі Қҧдайға... Бірі Ережеге... Ҥшінші біреулері
кҥштіге... Ешкімге табынбайтындар да баршылық. Бҧлардың бірі
барлығына қарсылар. Кҿзі кҿргенді, қҧлағы естігенді –
бҽрін қаралап,
бҽрін кҥйелеп тастайды. Соған айызы қанады. Ондайлар ҿз қылығына
табынады. Ал табынбайтындардың бір тобы –
ішкі сарайлары таза,
жап
-
жарық, ап
-
анық. Ешкімге бас та ҧрмай, жамандық та ойламай ҿмір
сҥреді. Олар адалдық пен тазалыққа табынады‖ –
дейді.
Бҧндай тҧжырымды тек ―тура биде туған жоқ, туғанды биде иман
жоқ‖ дегендей адалдық пен тазалыққа табынатын, ҽділ де тура кісі
ғана айта алады деп білемін.
3
Мақалалар
1.
Руханият тақырыбына
1.1. Адам кӛркі
―Адам кҿркі шҥбірек, ағаш кҿркі жапырақ‖ деген екен бҧрынғының
даналары. Қандай сыйпатты сҿз. Осы бір ауыз сҿз сҽукелелі
қалыңдықты, ақ желеңді келінді, сыпайы шапанды ақсақалды кҿз
алдыңа келтіре қоймай ма? Сҽукелелі қалыңдықтан кҿрікті кім бар, бҧ
ғаламда. Шіркін, ақ желеңі желбіреп бара жатқан жас келіннен аяулы
кімді атай аласыз, бҧ дҥнияда. Адам кҿркі шҥбірек екені рас.
Дегенмен, жазбақ болып отырған мақаламыздың тақырыбы театр
туралы болғандықтан біз ҿз мақсатымызға қарай ойысалық...
Адам кҿркі тек қана шҥбірек пе? Мҽдениет деген не? Мҽдениетті
адам деген кім?
Талай кісінің ойына келген сҧрақтар. Талай адам жауап берген
мҽселе. Біз де солардың біріміз.
Маңғыстау тҿлі болғандықтан туған ҿлкеміздің тағдыры ҿз
тағдырымыз екеніне сенімдіміз. Маңғыстаудың атағына айтылған ҽр
теріс сҿз біздің жҥрегімізді тесіп бойлай ҿтіп жатса, ҽр бір жақсылық
хабар ҧшпаққа шығарып кетеді.
Бҧдан бірнеше жыл бҧрын мемлекеттік радио ҿзінің таңғы
хабарында бҥкіл қазақстандықтардан сҥйінші сҧрап, ҿкіметіміздің
Ақтау қаласында ―Маңғыстау музыкалық
-
драма театырын‖ ашуға
шешім қабылдағанын хабарлады. Қуанып кеттік. Жалма
-
жан облыс
мҽдениет басқармасының бастығынан бастап бҥкіл ниеттестерімізге
хабарласып, қуанышымызға ортақтастырдық. Бірақ театр ашылмай
қалды
.
Осы жылға дейін Маңғыстау облысы Байтағымыздың бір де бір
театры жоқ жалғыз облысы болып келген еді. Қҧдай сҽтін салған
ҥстіміздегі жылы сол сағынышты театрымыз да ашылды.
Бардық, театрда кҿпшілікпен жҥздестік.
Қойылымды кҿрдік, сезімімдерімізді ояттық.
Сҿз тыңдадық, ой тҥйдік.
Сонымен театр деген не нҽрсе?
Театр адамға қандай ҽсер ете алады?
Адам ҿмірінде театрдың қандай орны бар?
...Біз бҧл сҧрақтарға ҿткен дҽуірлерден қалған бҧ заман
адамдарына ҥлгі боларлық бір мысал арқылы жауап беруге тырысып
кҿрелік...
...Ежелгі гректер ҿз қаласына басқа бір театр коллетиві (труппа)
келіп жаңа
қойылым қоятын болса, тҥрме басшылары сол кҥні барлық
тҧтқындарға театрға баруға (бақылаусыз) ҧрқсат етеді екен. Ал
4
қылмыскерлер театрдан кейін бір адамдай тҥрмелеріне қайтатын
болыпты.
Адам
-
Ата балалырының ҿнерді ҿркендету жолындағы еңбегімен,
артына қалдырған мҧраларымен дҥние жҥзіне ҽйгілі елдің тек қана осы
ҽрекеті театрдың адам ҿміріндегі орны мен адамның театрға деген кҿз
қарасына ешқандай қосымша тҥсініксіз жауап бере алады.
...Сонымен Маңғыстауда театр ашылып ҿз қойылымын кҿрсете
бастады. Біз де
бардық. Алғашқыларына да, соңғысына да
(―Махамбет‖) бардық. Театрға уақытынан сҽл ертерек бардық.
Шынында да ―адам кҿркі шҥбірек‖ деген рас екен. Жайнаң қаққан
жастар. Араларында барын киіп алған біздің қҧрдастар, шалдар мен
кемпірлер. Жастары гҥ жайнап, ҥлкендері шетінен жасарып кеткен.
Театрдың ҽр жерінде ҽңгіме
-
дҥкен соққан адамдар. Барлығының да
кісілермен араласу, ағалармен сҽлемдесу бақытына ие болғандары
байқалып
-
ақ жатты. Сҽнқой келіншектердің айна алдында талай сағат
жоғалтқаны, шаштараз маманының
олардың шашына қалдырған қол
таңбалары да кҿзден таса қалмады.
Кҿпшілікке сҽлемдесіп те жҥрміз, сҿздеріне қҧлақ та тҥріп бақтық.
Бҥгін бҧлар басқаша секілді. Қысыр сҿздер қысқарған. Мҽдениет
туралы, театр туралы білгендерін айтып жатыр. Баяғы жас кезіндегі,
студент кезіндегі барғандарын, кҿргендерін естеріне алысып, тап осы
сҽтте рухани тірліктің ағыс
-
арнасына тҥсіп кеткендерін байқатып
жатыр. Ҿңдерінен парасаттылық пен зиялылық бой кҿрсетіп жатса,
сҿздерінен адам пендесінің бойындағы ең асыл қасиеттер –
мҽдениеттілік пен рухани тірліктің иістері байқала бастаған.
Бҧларға не болған?
Бҧлардың санасына кенеттен қандай қҧдірет ҽсер ете қалды?
Ол қҧдірет –
театр атты қҧдірет еді. Театр есігін адамдардың кез
келген киіммен аша алмайтыны секілді, оның ішіне еніп кеткендер кез
келген ойға да беріле алмайды. Бҧл театр қҧдіреті. Театр аяғыңды
сҽндеп бастыртады, сҿзіңді аңдап сҿйлетеді. Театрдың сондай қасиеті
бар!..
Жарықтық Маңғыстаулық Мҽтжан би: ―Менің кҿже қарынымды
тойдырған бір жер бар, ол –
Харазымның ойы, Ҽмударияның бойы.
Менің кҿңіл қарынымды тойдырған бір нҽр бар, ол –
ескілердің сҿзі,
Ерменбет бидің ҿзі‖ –
деген екен.
Кҥнде кҿрісіп жҥрген адамдарды танымай қалғандаймыз. Сҿздері
мҽнді, ойлары мағыналы. Қылықтары сыпайы, мінездері сырбаз.
Кейбіреулері кемпірлерінің қолтығынан демеп баспалдаққа кҿтерілуіне
кҿмектесе қалыпты...
Міне ғажап!.. Аяқ астынан ―кҿже қарынның қамынан кҿңіл
қарынның‖ қамына ауыстырып жіберген не қҧдірет?..
Ол –
тағы да театр қҧдіреті!.. Сҿз жоқ театр қҧдіреті!..
Театрлы
болып, осылайша маңғыстаулықтардың бағы
ашылғаны секілді, Маңғыстау театрының бағы да жана бастады.
5
Алғашқы қойылымымен
-
ақ (Томирис) республикалық байқауда
лауреат атанды. Осы жақын арада Орал қаласында ҿткен
республикалық театр фестиваліне қатысып, тҿрелер алқасынан ең
жоғары мақтау сҿздер естіп қайтты. Театр бас режиссері Гҥлсина
Мерғалиева жас режиссерлер арасындағы ―ең озық режиссер‖ аталып,
фестиваль лауреаты атағын алып қайтты. Екі қойылымының да аворы
бір кісі –
ақын, драматург Б.Беделханҧлы. Кҿп жылдар бойы
Маңғыстаудың мҽдениет саласына тер тҿгіп келе жатқан Нҧрнияз
Мҧхановтың театрға басшылық етуі де театр бағын аша тҥскендей.
Ҽрине, театрды, оның директоры мен кҿркемдік жетекшісін қанша
мақтағанмен, театр мен режиссерді атақты ететін де, кҿрермендерін
сан тҥрлі сезімге бҿлейтіндер де артистер. Солардың еңбегі мен
таланты.
Біздің театр артистері –
биыл ғана Жҥргенов атындағы ҿнер
академиясын бітірген жастар. Осы мақала авторы Оралда ҿткен театр
фестиваліне
қатысып,
республикалық
барлық
театрлардың
қойылымдарын кҿріп, театр мамандарының пікірін естіп келген кісі.
Жюри:
Қадыр Мырзалиев –
жюри тҿрағасы; мҥшелері:
Сания Дҥйсенханқызы, ҿнертану ғылымының докторы;
Ҽшірбек Сығай, ҿнер академиясының профессоры, ғылым
докторы, театр сыншысы;
Есмҧхан
Обаев, ҿнер академиясының профессоры, ғылым
докторы, театр сыншысы;
Маман Байсеркеев, ҿнер академиясының профессоры;
Бағыбек Қҧдақбаев, ҿнер академиясының профессоры, ғылым
докторы;
Ақҧштап Бақтыгереева, ақын;
Мҧрат Ерғалиев, мҽдениет министірлігінің
театр бҿлімінің
басшысы.
Қойылымдарды талқылауға мҽдениет министірлігінің ҿкілі
Сҽулебек Асылханов қатысып отырды.
Біз енді сол, атақты театр мамандарының Маңғыстау театрының
қойылымын талдау кезінде ауыздарынан шыққан сҿздерді есімізге
тҥсіріп, ҥзінді келтіріп кҿрелік.
Е.Обаев: Біздің кейбір сыншыларымыз Қазақстанда режиссерлік
мектеп қалыптаспаған, театр режиссурасы кенже қалған деуден
жалықпай келеді. Сол пікірдің қате пікір екенін мына жап
-
жас Гҥлсина
дҽлелдеп берді.
М.Ергалиев: Массовкадағы адамдар қалай орындарын тапқан.
Ҿңдері де, фактуралары да жарасып тҧр.
А.Бақтыгереева: Адай елінің ҽдеті, жылауы, зары, ҽні қойылым
желісіне айналған.
6
Ҽ.Сығай: Қазақ халқы талантты халық. 150 млн. халқы бар
Россияда ауызға ілінерлік жалғыз
-
ақ режиссер ҽйел бар
еді. Біздің
азғантай елімізден Гҥлсинадай таланттың шығуы халық мҽртебесі.
М.Байсеркенов: Қойылым сҽтті шыққан. Арманшыл қыз (Бану
Манкеева) болашағының зор екенін кҿрсете білді. Біз бҧл пьесада
Махамбеттің алды ор, арты тҿр адам екенін толық тҥсіндік.
Сҽулебек Асылханов: Бір қуанарлық нҽрсе режиссер мен
драматургтің шығармашылық одағы, достығы.
Енді біз мҽртебелі жюрилердің пікіріне, Гҥлсина қойған бҧл
пьесаны Оралда да, Ақтауда да кҿрген кҿрермен ретінде, бір
-
екі ауыз
сҿз қосалық. Бізді қуантқан ең басты жетістік, ол –
Махамбеттің
Маңғыстаулық Махамбет болып шығуы. Қойылым ҧдайы Жылкелдінің
―Қҧнан нар‖ ҽнімен ҽдіптеліп, кҿркемделіп отырады. Майра
Бақбердиеваның (азалы кейуана) ―Қҧан нары‖ ҽн болмысын, ҽн ҽуенін
сақтай отырып зарлы сазда орындағанының ҿзінде Махамбеттің
трагедиялық сценасына желімдей жабыса кеткен.
Арманшыл қыз (Бану Манкеева), қуанышты қыз шыға келгенде
амалсыз шаттығына ортақтаса кетесің.
Негізгі ролдерді орындаған Кенен Ақҥрпеков (Махамбет), Медғат
Ҿміралиев (Жҽңгір хан), Кенжебек Башаров (Баймағамбет сҧлтан)
секілді жас артистер Маңғыстау театырының болашағының зор екенін
дҽлелдеп берді.
Театрда орынсыз айқай
-
шу жоқтың қасы. Ҽйелдер зары, жылау
таза ҧлттық ҥрдістен алынған.
Жас театрдың республика деңгейінде атақты бола бастауына
,
біз, облыс басшыларының театрға, ҿнерге деген кҿзқарасы, жас
артистерге деген қамқорлығы да ҽсер еткен болар деп ойлаймыз. Ҽр
адамның ҿз пікірі болатыны заңды қҧбылыс. Біз енді айтпақ сҿзімізді
сынау мақсатында емес, ҿз ойымызды ҽрі қарай дамыту мақсатында
келтірмекпіз.
Сыншыларымыз театрды қозғалыс, қайшылық, ҿмір тартысының
орны деп, соларға кҿңілді кҿп бҿлуді талап еткенімен режиссерлердің
қазақ халқының ―ҿнер алды қызыл тіл‖ деген даналығын естен
шығармағаны жҿн. Режиссердің басты міндеттерінің бірі
ҽр артис
аузынан шыққан сҿздің тҧтасымен кҿрермен қҧлағына жетуін, жҽне
оның тҥсінікті тҥрде жетуін қамтамасыз ету деп білеміз. Қазақ халқы
ҥсті
-
ҥстіне бастырмалатып сҿйлейтін ел емес. Кҿпшілігі асықпай
сҿйлейтін, сҿзінің тыңдалғанын жақсы кҿретін жҧрт. Сол жағы есте
болғаны дҧрыс. Ҿз сҿзіне ҿзі шашалып, асығыстық жасалмаса дер
едік.
Ҽйелдер образында ханшаның бҥлікшілер ортасына елші болып
келуі нанымсыздық туғызса, соғыс алдында сарбаздардың ыза
-
кегін
туғызар, бойларына кҥш
-
қуат бітірер, атақты жырауларға айтқызар
ҧран сҿздері жылау айтып жатырған ҽйелдердің аузынан естілгенде
―ҽттеген
-
ай‖ дегізерліктей.
7
Сонымен, ҽлгі гректер тҥрмедегі қылмыскерлерді театрға босына
босатпайтын болса керек. Театрдан шығып келе жатқан адамдар
тҥсіне, ҿңіне қарап біз осындай сезімге бҿлендік.
Адам кҿркі тек қана шҥбірек емес, іштен тысқа теуіп тҧрған,
жаныңа жаңалық ала келген бір ҿзгеріс, соған сезімденген шағың да
болса керек. Біздің театрымыз біздерді сол сезімдерге бҿлей бергей.
«Маңғыстау», 11.11.2003
1.2. Кӛркем сӛз –
жан азығы, кӛркем тіл –
тірлік сәні
Мағыналы ой мен кҿркем сҿз адамның жан азығы болса,
шабытанна шырайлы етiп сҿйлейтiн тiл –
ҿмiрiнiң ажары!
Ата
-
бабаларымыз ―ҿнер алды –
қызыл тiл‖ деп мақал шығарып,
ҿмiр салтанатын сҿз ҿнерiне бастатырып қойыпты. Бҧл жерде
олардың ―қызыл тiл‖ деп отырғаны аузымыздағы еттен жаралған
тiлiмiздiң тҥсi емес. Қызыл тiл дегенiмiз –
ауыздан шыққан сҿздiң терең
ойы мен бояуы, оның мағынасы мен кҿркемдiгi. Сҿз қызықтаған сол бiр
заманда олар мақал шығарып қана қоймай, қызыл тiлдi сайратып,
талай
-
талай қызығын кҿрген де секiлдi. Секiлдi деп сезiктенерлiк
жҿнiмiз жоқ, қҧдайға шҥкiр, жез таңдай жыршыларымыз бен қҧйма
қҧлақ шайырларымыздың арқаларында бҧ заманға аман
-
есен жеткен,
жанымызға азық бола аларлық асыл мҧралар жеткiлiктi. Кейбiреуiн
парақтап кҿрелiк…
… Баймағамбет сҧлтан қатаң ауырып жатып, кҿңiлiмдi кҿтерсiн
деп, Абыл ақынды алдырыпты. Сонда Абыл: ―Қызыл тiл Жиреншедей
тiлiм, тақсыр, қызыл тiл –
ҿнер алды, бiлiм, тақсыр…‖ –
деп бастаған
арнауын:
Ер ҿлдi деп етек бҧлап жылайтҧғын,
Бай
-
еке
-
ау, қай iсiң бар елге жаққан?! –
деген жолдармен
аяқтаған екен.
Осы сҿздер мағынасына ой жҥргiртсек, ақын Абылдың айтпақ
ойы ҿзiн алдыртып отырған мансапты сҧлтаннан гҿрi кҿкiрегiнде
кҿркем сҿз туындайтындар мен оны дер кезiнде ҧтымды
пайдаланатындардың, тiл ҿнерiн меңгергендер мен бояуын келiстiре
алатындардың ҿнерлi де бiлiмдi, ерекше жаратылған жандар екенiн
сездiру болса керек. Ақын сондайларды Жиренше дҽрежесiне кҿтерiп
тҧрған жоқ па?.. Сонда Жиренше кiм, Баймағамбет кiм?.. Абыл тiлдi
тек қана ҿнер деп қабылдамаған болса керек, тiл Абыл ақын ҥшiн, ең
алдымен, бiлiм бастауы, бiлiм бҧлағы!.. Абыл айтып отырған қызыл тiл
жаттампаздардың заржақ тiлi емес, ол –
кҿз алдыңа ҽсем суреттердi
алып келе алар бояулы тiл, жан
-
тҽнiңдi бусандырып жiбере алар
қҧдiреттi тiл, ол –
қарсыласын жер жастандырып жiберер уытты тiл!..
Аялағысы келгендердi алақанға сала алар, ардақтағысы келгендi
8
аспандата алар сезiмi мен сенiмi, кҥшi мен қуаты жеткiлiктi тiл!..
Абыл
ақынның:
Ақ маңдай, ителгi кҿз, алма мойын,
Қанды бет, жазық мандай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгенiнде,
Балқиды қорғасындай тҧла бойың… –
деген тҿрт жол ҿлеңiн
оқығанда, сҿз
тҥсiнетiн кез
-
келген кiсiнiң кҿз алдына ғажайып ҽдемi
ғалам елестей қалмай ма?…
Жауынгер ақын Қалнияздың батырды сыйпаттағаны:
…Сымбатыңа болайын мҧнарлы қара тҿбедей!
Қайратыңа болайын айдында жҥзген кемедей!
Айбатыңа болайын кiрiстен шыққан жебедей!…
Ойпырмай, батырдың тҧлғасының iрiлiгi сондай, кҿз алдыңа тҿбе
басына биiк ҥйiлген ҥлкен қара оба елестемей ме?.. Ала
-
сапыран
дҥлей дауылда толқынға қарсы жҥзген кеменiң кҥш
-
қуатын немен
ҿлшестiруге болар?!… Ысқыра айбат шегiп, алыстағы ажалыңды
қҧтыла алмас жылдамдықпен алып келе жатқан оқ алдында қалай
дiрiлдемессiң?…
Ҧрандап жауға шапқанда,
Атыңның басын тежемей,
Хан ҽскерi қаймығып,
Тығылмас па едi бҧтаға,
Қарақҧс кҿрген шҿжедей… Ал осындай батыр тҧлғаны қалай
қастерлемессiң, қалай жырға қоспассың, осындай ерге қалай
табынбассың?..
Қалнияздың Тҿлеп батыр тҧлпарын сипаттауы да таңдайынды
қақтырмай, басынды шайқатпай қоймайды..
…Астындағы қҧла аттың
Танаулары талыстай,
Қҧлақтары қамыстай.
Екi кҿздiң арасы
Салып қалсаң, қарыстай.
Омырауына қарасаң,
Оралып жатқан тҥбектей.
Ерiнiне қарасаң
Қақтап соққан кҥректей.
Азу тiсi балғадай,
Бауырлары аралдай,
Қабырғасы шеңбердей,
Омыртқасы отаудай,
Шоқтықтары шоңқалдай,
Толарсағы тоқпақтай,
Жiлiншiгi жiптiктей.
Ту сыртынан қарасаң,
Суға жҥзген сазандай.
9
Шекесiнен қарасаң,
Он алты тiлiк қазандай.
Басқан iзi аймақтай.
Қҧйқылжып
-
ақ келедi,
Жел аударған қаңбақтай…
Қабағыңа қар қатып, жҥрегiңе кек батып, қҧлаға мiнiп, қҧба
қалмаққа қарсы шықпасаң да, ҽлгiдей етiп Қалнияз ақын ардақтаған,
Аллатағала артық жаратқан жан иесi жануардың жалынан бiр сипар ма
едi, шiркiн! Орынды теңеулер сан ғасырлар бойы ата
-
бабаларымызды
бар халықтан ҥстем еткен жiбек жалды, қыл қҧрықты сол пырақтарды
сағынтып
-
ақ жiберген жоқ па?!…
Ендi бiр сҽт Нҧрым ақынға ерiп мекен даланы бiр шолып
қайталықшы…
…Жер реңi келсiн деп, жарқыратып кҿл берген.
Кҿлдiң кҿркi келсiн деп, қаптай кҿшкен ел берген.
Елдiң сҽнi келсiн деп, қатар
-
қҧрбы тең берген.
Теңнiң кҿркi болсын деп, сҿйлесетiн сҿз берген.
Сҿйлеп қызық кҿрсiн деп, оралған қызыл тiл берген.
Жақсы мен жаман кҿрсiн деп, жарқыратып кҿз берген…
...
Ҧлы жаратылыс деген осы емес пе?!…
―Қҧдайдың қҧдiретi
-
ай‖ деп таңданатын, қҧпиясына ой жеткiзе
алмай келе
жатқан жҧмбағымыз да осы емес пе!?..
Ақтаннан бiр
-
екi жол кҿркем сҿз келтiрелiк:
Қалағандарың сҿз болса,
Мен жырлауға қҧмармын,
Шҧбалаң қҧйрық шҧбармын.
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен дер кҥнiм,
Бҧлдыраған таудаймын.
Екi атысқан жау болса,
Арасында панамын.
Мен –
ақ бауыр кер жорға,
Ҽдемi басқан аяғын.
Қарасаң кҿзiң талатын,
Жылмиып жатқан даламын.
Жортар атқа жеткiсiз,
Ҧзын бауыр саламын.
Жоғарыдан қҧйған Жайықпын,
Теңiзге қҧйған аяғын.
Кҥн шығыстың кҥштi желiмiн
Ылайлатып ағамын… Ақынның бҧл теңеулерi шексiздiк туралы
ҧғымды еске салады… Ҽлем қандай шексiз болса, сҿзде соншалық
10
шексiз… Қалай таңданбассың!? Мен –
ақ бауыр кер жорға, ҽдемi
басқан аяғын…
Арамыздан кеше ғана кеткен Сҽттiғҧл ақын тiптi тоқсан
жасында
да асыл сҿзден ҿрмек тоқып, ҿмiрдi қызықтаудан, жыртолғауымен елге
еңбек етуден жалықпапты…
… Алқалы топқа кҿрiнбек,
Ҿрен жҥйрiк шабысы.
Қиырдан кҿзге iлiнбек,
Дҥлдҥлдiң аяқ алысы.
Шарықтап ҧшқан қыран қҧс
Шабытпен кҿкке ҿрлесе,
Тау да болса, ҿңгерер.
Сҧңқылдап бҧлбҧл сайраса,
Дҥниеге ҿң берер…
…Мен ежелгi жҥйрiкпiн,
Алдына қара салмаған.
Қҧрсанған қара бҧлтпын
Шықтаған жерiм жаураған.
Қайнарлы кҿздi бҧлақпын
Ортаймаған қауғадан…
Қазақ тiлiнде сҿйлегендерден ой тереңдiгi мен тiл кҿркемдiгi
жҿнiнде дҥние жҥзiнiң қай зергерiмен де жарысқа тҥсе алар даналар аз
тумапты.
Кҿкiректе асыл сҿз шер толқытса шығады.
Кҿл тҥбiнде асыл тас су толқытса шығады.
Ойланып қарасақ ҽлгiдей Ҧлы кiсiнiң, Асан қайғы бабамыздың,
ойы мен ҿзiн ҧлылық дҽрежеге жеткiзiп тҧрған бiздер –
қазақ халқы,
бiздiң тiл –
қазақ тiлi емес пе?
Бiр
-
екi жолға сыйғызылған аз сҿзбен, соншалықты ауқымды
ҧғымды бере алған не деген бай тiл, не деген кҿркем сҿздi тiл деп,
қазақ тiлiнiң байлығы, оның сҽнi мен мҽнi туралы талай шетел
ғалымдары таңдай қаға жазған, тҽнтi болған…
Ҿмiр –
ҥлкен кҿл,
Заман –
соққан жел.
Алдыңғы буын –
ағалар,
Соңғы буын –
iнiлер,
Кезегiмен ҿлiнер,
Баяғыдай кҿрiнер… деген Абай, адам пендесiнiң бар ҿмiрiн тҿрт
жол ҧйқасты сҿзге сыйғызып жiбере алған
.
Мiне сҿз қҧдiретi деген осы!… Ақылдының ауыздан шыққан
кҿркем сҿздiң кҿз алдыңа алып келер суретi дарынды суретшiнiң қыл
қаламынан туған атақты шығармадан бiрде
-
бiр кем емес.
Ҿнерлi тiл дегенiмiз:
«Кҿркем сҿзбен жеткiзiлген шынайы
сезiмдер!…
11
Екпiндi де қуатты, шырайлы да бояулы тiл!..
Мағынасы мен сҽнi ҧлы табиғыттан бастау алып жатқан, тереңiне
ой жетпес,
жиегiне кҿз жетпес –
Достарыңызбен бөлісу: |