Сайын Назарбекҧлы


  “Рухани бірлестік Ордасы”



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#11035
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

5.12. 
Рухани бірлестік Ордасы”
 
 
 
Кҿшпелі  елдер  символы,  сан  ғасырлар  бойы  ҽр  қазақтың  кие 
тҧтар  қасиетіне  айналған  қазақ  киіз  ҥйін  осы  еңбек  авторы  ҽлі  де 
халқымыздың рухани бірлесуіне еңбек ете алады деп ойлайды.
 
 
 
Егемендік алдық...
 
 
Мақтан тҧтар еліміз бар!
 
 
Қасиет тҧтар Елтаңбамыз бар!
 
 
Қосылып айтар Ҽнҧранымыз бар!
 
 
 
Ҽрине, Елтаңбамыз бен Елҧранымыздың, мемлекетіміздің  басқа 
да  рҽміздері  мен  белгілерінің    Қазақстан  халықтарының  рухани 
тҧтастығына еңбек етері сҿзсіз.
 
 
Солармен қоса барлық уақытта естен шықпауға тиісті бір ақиқат 
бар,
 
ол  мемлекетімізді  Қазақстан  Республикасы  атандырып  тҧрған  –
 
қазақ халқы екендігі! 
 
 
Олар,  қазақ  халқы,  сан  мыңдаған  жылдар  бойы  ―ағаш  керегелі, 
киіз туырлықты‖ жарты жҧмыртқадай, жарты жер шарындай ҥйлерімен 
байтақ даласын кҿріктендірумен келеді.
 
 
Дархан даласын бір сҽтке де егесіз қалдырған емес.
 
 
Ағайындарын ҿкпеге қиса да, ҿлімге қиған кезі болған жоқ.
 
 
Тентектерін тезге салғанмен тҥрмеде шірітпеді.
 
 
Бас иіп алдына келгенге атасының қҧнын кешті.
 
 
Қонақжай еді!
 
 
Бауырмал еді!
 
 
Кешірімшіл еді!
 
 
Оған  себеп
 

 
баяғы  кезде  байтақ  далада  тарыдай  шашылып 
жатқан қазақтарды біріктіріп тҧрар бір
-
біріне сҽйкес қазақтық туыстығы, 
рухани ҥндестігі бар болатын. Солар бір
-
бірін іздетіп тҧратын, бір
-
бірін 
сағындырып  тҧратын.  Кездесе  кеткенде  бір
-
бірін  жатсындырмайтын 
ортақ тілі мен мҽдениеті, діні мен ділі болатын.
 
 
Қазақ  халқы  бауырмал  ел  еді.  Кешірімшіл  ел  еді.  Қонақжай  ел 
еді. Тек қана бір
-
біріне емес жалпы адамзатқа тілектес ел еді. 
 
 
Тҧрмыстан тарыққанға ―жарты қҧртын жарып‖ беретін!
 
 
Шаңырағы  шайқалғанның  уығын  шаншып,  ҥй  кҿтеріп  беретін! 
 
Перзентке зарыққанға ҿз бауырынан суырып бала салатын!
 
 
Содан барып қазақ халқы рухани ҥндес болды!
 
 
Содан барып бір
-
бірінің тілегін тілегіш болды!
 

 
272 
 
Аузын ашса ―шаңырағың шайқалмасын‖
 
деп бата беретін!
 
Шаңырағының  шайқалмауы  ҥшін  шаңырағын  кҿтерісіп,  уығын 
шаншысып кҿмек кҿрсететін...
 
 
Цивилизация  мен  техника  ғасыры  қазақтардың  киіз  ҥйінің 
тҧрмыстық  қажеттілігін  шектей  бастағанда  киіз  ҥй  де  қазақ 
тҧрмысынан, қазақ болмысынан алыстай бастады.
 
 
Сондай  ҿзгерістердің  біразы  жиналып  жалпы  қазақ  ҧлтының 
болмысына  ҿзгерістер  енгізуі  заңды  қҧбылыс  та  шығар.  Ҿйткені 
қазақтар  ондай  ҿзгеріске  дайын  болмайтын.  Содан  барып  қазақ 
халқының қазақтығы кҿмескілене бастады...
 
 
Біздердің  міндетіміз  –
   
осы  қҧбылыс  туралы  ойлану,  болмысқа 
тҥскен жарықшақты  одан ҽрі ҧлғайтпауға тырысу...
 
 
Жаратушының  қҧдіретімен  тіршіліктің  сан  ғасырлар  бойы  ауыр 
да,  тауқыметті  жҥгін  арқалап  ҿткен  бҧ  халықтың  ҿз  бет
-
бейнесін,  ҿз 
ҧлттық болмысын сақтап қалуы тек қана қазақтарға емес дҥние жҥзілік 
тарих пен ҽлемдік мҽдениетке де керек.
 
 
Осындай пікір мен толғаныстардан ҽртҥрлі ойлар туындайды. 
 
 
Сондай  ойлардың  бірі  –
 
барлық  қазақ  қабылдай  алатын,  қазақ 
халқының  болмысына  тҽн  ҥрдіс,  ырым  бола  алатын  бір  ауыз  сҿз 
қажет, қасиет тҧтар зат керек... 
 
 
Сол  сҿзді  айтуды,  сол  ырымды  орындауды  ҽр  қазақ  ҿздеріне 
міндет, парыз санайтындай болса... 
 
 
Ҽр қазақ соны орындағаннан лҽззат сезіміне бҿлене алса...
 
 
Соны  істеуге  тҽуелді  болғандай  болып  жҥретін,  бірақ  дҥниелік 
емес, рухани тҥрде тҽуелді болып жҥретін іс болса... 
 
 
Осы  ой  бізді  ҧлтымыздың  болмысына  жақын,  бар  қазақтың 
ҧлттық  ҽдеті  бола  аларлықтай,  бҽріне  ортақ,  бір  істі  қалай  тауып 
беруге болады деген сҧраққа жауап іздетті.
 
 
Қазақтар бір
-
бірін іздеп тҧруы ҥшін, кҥткен кісісі келмесе ол ҥйдің 
бір кемдігі болып, бір нҽрсесі жетпей тҧратындай болса?.. Сол кҥткен 
кісісінің  бір  ауыз  тілегі  мен  ҽкелген  заты  сол  ҥйге  бақ  пен  береке 
ҽкелетіндей болып кҥтетін болса? 
 
 
Соны  жалпы  халық  ҿз  ҥрдісіне  сіңіріп,  санасымен  қабылдап, 
ҧлттық ҽдет
-
ғҧрып ретінде орындап отырса?..
 
 
Осындай  ойлардан  барып  біз  ҽр  отбасы  (семья,  жанҧя) 
пҽтерінде, ҥйінде ―қазақтың қасиетті қара шаңырақты киіз ҥйінің шағын 
макеті тҧрса қалай болар еді‖ деп ойладық...
 
 
Солай болғаны дҧрыс деген ҧсыныс жасаймыз...
 
 
Сол ортақ тілек: ―Шаңырағың шайқалмасын!‖ болса...
 
 
Сол қасиетті нҽрсе қазақ киіз ҥйінің макеті болса...
 
 
...Жеті қанатты киіз ҥй: жеті керегеден, шаңырақты кҿтеріп тҧрған 
жеті  уықтан  (уақытша),  есік  пен  босағадан,  маңдайша  мен 
табалдырықтан  тҧрса  дейміз.  Қазақтың  жеті  қанатты  киіз  ҥйінің  бір 
керегесінің  жайылғандағы  ҧзындығы  300  см  болатынын  ескеріп,  біз 
оны он есе кішірейтіп, жайылған бір керегесінің ҧзындығы 30 см болса 

 
273 
дейміз. Сонда ондай киіз ҥйдің диаметрі жобамен 80 см, биіктігі 50 см 
болмақ. 
 
 
Шаңырақ 
фаврикадан 
жеті 
уықпен 
бекітілетін 
болып 
шығарылады.  Ҥй  иесі  жеті  уықты  ҿзінің  жеті  атасының  атымен 
байланыстырады.  Сонда  бҧл  киіз  ҥйдің  шаңырағын  жеті  атасы 
шанышқан  жеті  уық  ҧстап  тҧрғандай  ҽсер  етеді  деп  ойлаймыз. 
Балалар  жеті  уық  арқылы  ҿздерінің  жеті  атасының  аттарын  біліп,  ҿз 
ҥйлерінің,  ҿз  шаңырақтарының  сол  адамдар  арқасында  ҥй  болғанын 
есіне  алып  ҿседі.  Олардың  ҥлкендерге  деген,  ҿткен  ата
-
бабаларға 
деген қҧрметі жҥрекке орнығып ержететін болады.
 
 
Жеті  қанатты  ҥйге  126  кереге  уығы,  жеті  маңдайша  уығы  қажет. 
Ҥйдің  шаңырағының  шайқалмауын,  жел
-
мен  дауылға  мықты    болуын 
қамтамасыз ететін нҽрсе –
 
оған шаншылған уықтар саны.
 
 
Осындай  ҥй  макеті  мен  уықтары  арнайы  жасақталған  дҥкенде 
сатылатын  болады.  Ҥй  сҥйегі  алтыннан,  кҥмістен,  алтын
-
кҥміс 
жалатылған  басқа  бҧйымдардан,  ағаштан,  пластмассадан  жасалатын 
болады. 
 
 
Ҥй алғаш сатылғанда тек қана жеті уығымен сатылады. Болашақ 
сол  ҥйде  болар  қуанышта  (мысалы  нҽрестелі  болды  делік)  сол  ҥйдің 
жақын  адамдары,  достары,  қҧдалары  мен  жекжаттары  сол  ҥй 
қуанышына қҧтты болсын айта келіп, ҿздерінің сый қҧрметтерімен қоса 
ҽлгі  ҥйдің  шаңырағына  бір  уық  шаншып  кетуі  міндет  болады. 
Шаңыраққа  уық  шаншып  жатқан  ҽлгі  ҥйдің  жанашыр  адамы 
―шаңырақтарың  шайқалмасын!‖  деген  сҿзбен    ҿз  тілегін  білдіретін 
болады. 
 
 
Ҥйдің 
сҥйектерінің 
ҿлшемдері 
стандартталған 
болады. 
Пластмассадан  жасалған  ҥйді  сатып  алғанмен  қҧтты  болсын 
айтушылар  ол  ҥйге  алтын  жалатқан  уық  қадап  кетуі  мҥмкін.  Киіз 
сҥйегін, уығын сататын дҥкеннің уыққа жазып беретін маманы болады. 
Уықтағы  жазулар  арқылы  кейін  қай  уықты  кімнің  шаншығаны  ҽңгіме 
болып, сол ҥй тарихын жасақтайтын болады...
 
 
Ҽр  отбасы  қонағы  ―шаңырағың  шайқалмасын‖  деп,  сыйлық 
ретінде  бір  уықты  шаңырағына  шаншып  кеткенде  ҽлгі  сҿз  батадай 
қабылдап,  ҽлгі  шаңырағына  шаншылған  уық  тірлігіне  тіреу  болардай 
сезінер, мҥмкін...
 
 
―Мына  уықты  біздің  ҥйге  Елбасымыз  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы 
шаншыпты!‖; ―Мына уықты біздің ҥйге кемеңгер Ҽбіш Кекілбаев қадап 
кетіпті!‖,    ―Мына  уықты  біздің  ҥйге  Ақселеу  Сейдімбеков  сыйға 
тартыпты!‖,    –
 
деген  секілді  болашақ  ҧрпақ  мақтанышы  туралы 
ойланып кҿрелікші...
 
 
Бҧл  ҥрдіс  қазақ  халқын  ҧлттық  мҧрасы,  ҽлемдік  мҽдениеттің 
тамаша туындыларының бірі киіз ҥй мен ҿздерінің арасындағы мҽңгілік 
махаббатын сақтап қалуға ықпал ететін болады деп дҽметтіреді.
 
 
Бҧл ҥрдіс қазақтың қазақ болып қалуына да, қазақтық болмысын 
сақтап қалуға ҿз ҥлесін қосатын болады деп ойлаймыз... 
 

 
274 
 
 
 
5.13. 
Қайраткер тҧлға, азамат аға
 
 
 
Министр Шаһмардан Есенов
 
 
 
Маңғыстау  ҿлкесі  жер  жаратылғалы  талай  тарихи  уақиғаларды 
басынан  кешірген,  ылғи  қайнаған  ҿмір  қақтығыстарының  қазанына 
айналған  ҿлке  болатын.  Қазақ  елінің  басқаға  тҽуелді  болып  қалған 
соңғы  ғасырларында  ғана  ол  тарих  сахнасынан  сыртқары  қалғандай, 
сҽл  қалғып  кеткендей  еді.  1950
-
ші  жылдардың  соңы,  60
-
шы 
жылдардың  басына  дейін  созылған  сол    самарқаулықтан  Маңғыстау 
ҿзінің  дарынды  ҧлы  Ҽбіш  Кекілбаев  дҽл  тауып    «Ҧйқыдағы  арудың 
оянуы»  деп
 
сыйпаттағанындай,  кенет  бой  тҥзеп    серпіле  бастады. 
Серпілгенде  де  анау
-
мынау  емес,  ол  –
 
Маңғыстау  аталатын  Ойымен 
де, Ҥстҥрт аталатын Қырымен де, Каспиий атты теңізімен де, Қаратау 
атты  тауымен  де  кҿріктене  тҥсті.  Атағы  ҽйгілене  бастаған  аруға  бҥкіл 
ҽлем
  
ынтық бола  бастады. Содан бастап Маңғыстау қҧшағына енуге 
тырысу бір сҽтке де толастар емес...
 
 
...Біздің  бақытымызға  1959  жылы  Таушық  автобазасы  қҧрылып, 
жҥргізушілер  курсында  шоферлер  оқытыла  бастады.  Біз  соның 
арқасында  жҥргізуші  атанып,  тҿс  қалтамызға  нан  тауып  жеуге 
мҥмкіндік  беретін  алғашқы  қҧжатымызды  салдық.    Туып
-
ҿскен 
ҿлкесінде ешқандай оқу орны жоқ, барлық ҽлемдік жаңалықтардан шет 
қалған,  адамдары  қала  ҿмірі  тҥгілі  асфальт  жол  мен  темір  жолды 
кҿрмеген,  қазақ  елінің  де,  Кеңес  ҿкіметінің  де  қиян  шетінде  жатқан 
маңғыстаулық  жас  балаға  жҥргізуші  мамандығы,    аз  дҽреже 
болмайтын.  Сол  шама  жоғарыда  баяндағанымыздай,  Маңғыстаудың 
қалың ҧйқыдан ояна бастаған кезі еді...
 
 
...Маңғыстау ояна бастады...
 
 
...Форт
-
Шевченко  қаласында  трест,  Ералиевте  (Қҧрық)  ҽр  тҥрлі 
басқармалар, 
Жетібай 
мен 
Ҿзенде 
геологиялық 
барлау 
экспедициялары,  Ақтауда  (ол  кезде  Гурьев
-
20  деп  аталатын)    неше 
тҥрлі  мекемелер,  Маңғыстаудың  Ойы  мен  Қырында  неше  тҥрлі 
экспедициялар... 
 
...Сол 
мекемелерге 
жҧмысқа 
орналасып 
айлық 
табуға 
болатындығы туралы ел аузындағы аңыз ҽңгімелер... 
 
 
...Колхоздардан  есебін  тауып  шығып  кетудің  жолын  тапқан, 
басына  бостандық  алған,  алғаш  рет  паспорт  деген  қҧжатты  қолына 
ҧстап, ҽлгі мекемелерге жҧмысқа жҥрген бақытты сезінген жандар...
 
 
...Ол кез ҿлкеміз ҥшін ерекше тарихи кезең болды. Шындығында 
да    елді  елең  еткізген,  санасын  оятарлық  уақиғаларға  толы  қызық  та 
кез болып еді...
 

 
275 
 
...Қолына  қалам  емес  қалақ  ҧстағандар  да,  қолы  билікке  емес 
кҥрекке жеткендер де ҿздерін кісі санап жатты. Ҿйткені дастарханына 
ҿмірі кҿрмеген тамақтар қойыла бастады, қалталарына ҿмірі тҥспеген 
ақшалар  тҥсе  бастады.  Жҧрт  жҧмыс  таңдамайтын.  Тек  қолына  кҥрек 
тисе,  ай  сайын  қалтасына  азды
-
кҿпті  бала
-
шағаға  ас  болар  бірдеңе 
тҥссе болды... 
 
 
...Кейбіреулер тіпті Гурьев
-
20 қаласына жҧмысқа орналасып қала 
халқы атана бастады...
 
 
...Маңғыстауға ел орала бастады...
 
 
...Алғашқылар болып кҿршілер, Атыраулықтар, тҧтас от басымен 
Маңғыстауға келген мекемелеріне еріп келіп орныға бастады.
 
Маңғыстау сені тастап кеткеннен соң,
 
Кҿзімнің  жҥре  алмадым  жасын  тыйып  –
 
деп  ақын  жырлағандай, 
Маңғыстауды  ҿмір  бойы  ата
-
бабам  туған  жері  деп  сағынатындар, 
қарым
-
қатынасын ҥзбегендер орала бастады.
 
Ол  кезде  кҿшу  оңай  болмайтын.  «Екі  рет  кҿшкен,  бір  рет 
ҿртенгенмен  бірдей»  деп  мақал  шығарған  бабалар  соны  меңзеп 
айтқан  болар.  Дегенмен,  жаяу
-
жалпы  болса  да,  кҿштері  онша  кҿлікті 
болмаса да кҿрші республикалардан қазақтар кҿшіп келіп жатты...
 
...Ҿзен мен Жетібай маңына
 
кҿшіп барып, ҽйтеуір  жертҿле болса 
да  бір  баспана  жасап  алуға  тырысқан,  тышқанша  жер  ҥңгіп  жатырған 
Маңғыстау елі... 
 
...Шаңырағынан  кем  кҿрмей,  Маңғыстауда  болашақ  қазатын 
жерҥйлерінің  тҿбесін  жабатын  белағашын
 
(бес
-
алты  метірлік  екі 
бҿренесін)    тиеп  келген,  туған  ата
-
баба  қонысына  оралған  қуанышты 
қарттар...
 
...Кеше  ғана  қала  базарынан  жеміс  алып,  кҿшесінен
 
газвода 
ішкен  кҥндерін  сағына  еске  алатын,  соны  мақтан  тҧта  ҽңгіме  ететін 
оралман жастар...
 
 
...Самолет
-
самолет,  кеме
-
кеме  болып  Қап  тауынан  ҧшып  келіп, 
жҥзіп  келіп  жҧмыс  жасайтын,  мың
-
мыңдап  айлық  алатын  мҧнайшы 
барлаушылар мен механизаторлар...
 
 
...Не  керек,  Маңғыстау  атты  маң  дала  елге  тола  бастады. 
Маңғыстау ҽлемдік дҽрежеде ауызға ілінетін жер кіндігіне айналды...
 
 
...Енді міне 70 жасқа толған біз, сол бала шағымызға  ой жҥгіртіп 
қарасақ  ғасырлар  бойы  «запрет»  қҧрсауында  тҧншығып  жатырған 
Маңғыстау  ҿлкесі сол  жылдары  ҿзін  сілкіп
-
сілкіп  жіберген  бір  айлапат 
кҥш арқасында ҧйқысынан ояныпты. 
 
Жер  мен  қоса  ел  де  ояныпты.  Маңғыстаулықтар  малдың  қиы 
емес газ жағып тамақ пісіруге болатынын кҿріпті. Бір электр шамының 
он  керосин  шамнан  артық  жарық  беретініне  кҿзі  жетіпті.  Бҧл 
жаңалықтар тҧрақты ел пайдасына аса бастапты.  Кейбір қарттардың 
бҧл  ҿзгеріске  тез  бейімделгені  соншалық,  жҧмыстағы  балаларына 

 
276 
жоғалған тҥйесін іздейтін машина тауып бер деп шатақ шығаратын  да 
кезі болған...
 
Тарас Шевченко айтқандай «Қҧдай ҧмыт қалдырған жерді» Кеңес 
ҿкіметі  де  ҧмытып  еді.  Бірақ  сол  жерді  жҧмақ  мекеннен  кем  кҿрмей, 
басқа жақтан ештеңе іздеп алаңдамай ҿскен  елі болатын...
 
...Бір қҧдірет бҧның бҽрін тез ҿзгертті...
 
...Маңғыстау  дҽрежесін  соншама  биікке  кҿтерген,  адам  санасын 
соншама  тез  ҿзгерткен  «Мҧнай»  атты    қҧдірет  екен.  Ҽлемде  мҧнай 
сату аса пайдалы кҽсіпке айналыпты... 
 
...Мҧнай  мен  уранға  қажеттілік  ҧйқыдағы  ару  Маңғыстауды,  қарт 
Қаратауды оята бастапты...
 
...Сол қҧдірет тылсым сҧраныс кҥші аспанда самолет боп, жерде 
азынаған  алып  кҥшті  автомашина  мен  трактор  боп,  теміржол  мен 
машина жолы, сҥйретілген бҧраулар (Тҥркіменстан мҧнайшылары жер 
қазатын буровой станоктарды «бҧрау» атайтын) мен геологтар ізі  жер 
бетіне  де,  кҿк  бетін  де  ҿз  ҿрнектерін  салып  жатты.  Жер  асты  да 
тыныштығын  жоғалтты.  Сарылдаған  бҧрғылар  ҥні  боп,  белі  ҥзіле  жер 
астына  жіберілетін  тҧрбаларды  тасыған  трубовоз  боп,  жер  астынан 
шыққан  мҧнайларды  ағызатын  амбарларды  қазатын  бульдозер  боп 
кҿзге  тҥсе  бастады.  Ол  қҧдірет  аш  халықтың  қарнын  тойғызар  нан, 
шҿлін басар сусын боп, кенже қалған халықты оқытар білім болып, ҥй 
болып, кҿтерілген кҥй болып, тойланатын мейрам болып Маңғыстауға 
лап берді...
 
...Бҧл кҥш таудан аққан сел сипатты ғаламат болатын...
 
...Сол  қҧдіретті  тылсым  кҥш  бірте
-
бірте  адамға  еңбек  етті,  адам 
еркіне бағына бастады...
 
...Баяғы  жертҿле  қазып  қуанышқа  бҿленгендер  енді  этаждағы 
ҥйлерін  менсінбейтін  кҥйге  жетті.  Жҥз  шақырым  жерге  жаяу  кете 
беретіндер  енді  бір  шақырым  жерге  автобуспен  баруға  арланатын 
болды.  Пушкин  ертегісіндегі  шатақ  кемпірдей  сҽнқойлар  «москвич» 
машинаны  менсінбей  «мерседес»  тҧлпарға  отырғзбадың  деп  ҿкпе 
айтатынды шығарды...
 
...Осы  жерден  біз  бҧ  заман  адамдарының  бҥгінгі  сҧраныстары 
туралы тоқтата тҧрып, баяғы заманымызға қайта оралалық... 
 
...Сол  заман  сазын  сезіну  ҥшін  біз  естелігіміздің  бір
-
екі  жолын 
қайталап оқып кҿрелік...
 
...Сол қҧдірет тылсым сҧраныс кҥші аспанда самолет боп, жерде 
азынаған  алып  кҥшті  автомашина  мен  трактор  боп,  теміржол  мен 
машина жолы, сҥйретілген бҧраулар (Тҥркіменстан мҧнайшылары жер 
қазатын буровой станоктарды «бҧрау» атайтын) мен геологтар ізі  жер 
бетіне  де,  кҿк  бетін  де  ҿз  ҿрнектерін  салып  жатты.  Жер  асты  да 
тыныштығын  жоғалтты.  Сарылдаған  бҧрғылар  ҥні  боп,  ауыр  жҥктен 
белі  ҥзіле  жер  астына  жіберілетін  тҧрбаларды  тасыған  трубовоз  боп, 
жер  астынан  шыққан  мҧнайларды  ағызатын  амбарлар  қазатын 
бульдозер  боп  кҿзге  тҥсе  бастады.  Ол  қҧдірет  аш  халықтың  қарнын 

 
277 
тойғызар  нан,  шҿлін  басар  сусын  боп,  кенже  қалған  халықты  оқытар 
білім  болып,  ҥй  болып,  кҿтерілген  кҥй  болып,  тойланатын  мейрам 
болып Маңғыстауға лап берді...
 
...Бҧндай  мың  пернелі  оркестірді,  мыңдаған  адам  тағдырын, 
болып  жатқан  ҿндірістік  процестерді    басқару  қажет  еді,  басқарғанда 
да білікпен басқару қажет болатын... 
 
Елімізде ондайлар бар болып шықты.
 
Қажет  кезде  «мыңды  жығар»  біліктілер,  қиын  кезде
 
ел  ҥшін 
жанын  қияр  жҥректілер  сол  қҧдірет  кҥшті  ел  пайдасына  ыңғайлап, 
Маңғыстау мҧнайын ел ырзығына айналдыра бастапты.  
 
Асыл  ердің  арманды  шаруасына  кірісердегі  пайда  болатын 
жалынды  жігеріне  оянып  кеткен  Маңғыстаудың тылсым  кҥші  ерлердің 
еркіне бағына
 
бастапты...
 
Сол  заманда  ҽдемі  етігін  жиі
-
жиі  шоқайға  ауыстырып  елінің 
ертеңі  ҥшін  бастағы  бағы  мен  астындағы  тағын  талай  талқыға  тҥсіре 
жҥріп, табиғаттың да, Москваның да айлапат кҥшін осы ҿлке мен қазақ 
халқының  пайдасына  асыруға  тырысқан  ерлердің  бірі  Министр 
Шаһмардан Есенов
 
деген асыл азаматымыз болыпты.
 
Мен  1962  жылы  21  жаста,  Ҿзен  геологиялық  барлау 
экспедициясының  бастығы  Дҥйсен  Ҥсенов  мырзаның  ГАЗ
-69 
машинасының  жҥргіушісі  едім.  Мен  Шҽкеңмен  сол  жасымда 
танысыппын...
 
...
«Министр келеді екен!» деген
 
хабар Қызылсайдағы жертҿледе 
тҧратын ауылды тез аралап ҿтті. 
 
...Дҥйсекең  ауылдың  батыс  жағындағы  тегістеу  жерді  белорус 
трактормен  тегістетіп,  бір  темір  трубаға  ала  қалта  байлатып,  Ҿзеннің 
аэропортын дайын етті. Ҿзен маңында  не кҿп, жел кҿп, ала мата іші 
желге толып алыстан кҿрініп тҧратын болды. Бір рет те семіп қалғанын 
кҿрмеген секілдіміз.
 
Қызылсай  маңында  арнайы  салынған  машина  жолы  жоқ.  Ҽр 
шофыр  ҿзінің  қалаған  жерімен,  қалаған  бағытымен  жҥре  береді.  Сол 
кезде  Маңғыстау  даласы  бетіне  мондалақ  шҧбыртпасы  тҥскен 
адамдай, айғыз
-
айғыз жол болатын. Лҥп еткен жел тҧрса болды, аппақ 
тҥнек  жер  мен  кҿкті  ақ  тҧманға  орай  салар  еді.  Тозаң  танауың  мен 
қолқаңды шаң қаптырып, тҧншықтыра бастар еді.
 
Бастығымыз Дҥйсекең қатты уайымды болатын. Министрді қарсы 
алу  оңай
 
шаруа  ма?  Ҿндіріс  шаруасын  пысықтап,  ҿз  ҥйіне  де,  кім 
екенін  ҧмыттым,  министірдің  бір  таныс  кісісінің  ҥйіне  де  дайындық 
жасады. 
 
Маған  машинаны  жай  айдау  керек  екенін,  кесе
-
кесе  жолдардан 
ҿткенде  машинаны  тулатпау  қажеттігін,  қия  жолдарда  қатты  жҥрсе 
машинаның аударылып кетуі мҥмкін екенін, бҽрін, бҽрін қҧлаққа қҧйып 
тастаған болатын.
 

 
278 
Кҥткен  кҥні  АН
-
2  деген  самолетпен  министр  де  ҧшып  келді. 
Бастығымыз  қарсы  алды.  Министр  ҧзын  бойлы,  батыр  денелі,  аққҧба 
ҿңді, кҿркем де нҧрлы жҥзді кісі екен.
 
Асқа  шақырған  ҧсынысқа  келіспей  бірден  бҧрауларды  аралауды 
жҿн кҿрді. Бірінші бҧрауға бет алып жҥріп кеттік. Кҥн желкемдеу жҽне 
тура артымыздан соғып тҧр еді. Машинаның қойнынан да, қонышынан 
да  қуалай  соққан  майда  тозаң  машина  ішін  толтырып,  демді  тарылта 
бастады. 
 
Министр қасында отырған маған алғаш тіл қатты.
 

 
Атың
  
кім?
 

 
Сайын.
 

 
Машина айдау білесің бе?
 

 
Білемін.
 

 
Онда неге айдамайсың
?  

 
Айдап келемін.
 
Сақтанып айдап келемін.
 
Министр  маған  қарап  кҥлді  де:  «Сайынжан!  Аударылып  ҿлеміз 
деп қорқып отырғанда  тҧншығып ҿлерміз! Айда машинаңды!» –
   
деп, 
маған машинаны еркін басқаруыма ерік бергендей болды. Мен шамам 
келгенше  шаң  мен  желді  алдап,  кейде  бҧрыла  жҥріп  шаңды  ҿткізіп 
барып, шаңның арасын тауып айдай бастадым.
 
Алғашқы  мҧнай  фонтанын  берген  №  1  бҧрау  жиырма  шақты 
шақырым жер.
 
Мен  батылдық  етіп  «Ҽуелі  ең  ық  жақтағы,  ҿзеннің  ойындағы  
(номерін ҧмытыппын) бҧраубайға соғып, сосын ылғи желге қарсы жҥріп 
шығыс  жақтағы  ең  шеткі  22  бҧрауға  соқсақ  қайтеді  деген  ҧсыныс 
жасадым.  Бастық  пен  министр  менің  ҧсынысымды  дҧрыс  деп  тапты. 
Желге сҽл қиыс Ҿзеннің ойына тарттық...
 
...Мен  алғаш  рет  Министр  деген  сҿзді  естіп,  министр  тағына 
отырған кісіні сол жолы кҿрген едім. Содан бастап министр деген сҿзді 
естігенде  есіме  Шаһмардан  Есенов  оралып,  басқа  министірлерді 
қомсына,  орнына  сҽкес  емес  сияқты  кҿріп  тҧратын  бір  жаман  мінез 
тауып алғандай едім... Бҽрі де Шҽкеңе жете алмайтын секілді... Нағыз 
министр сондай болуға тиіс секілді еді...
 
...Мҧнай  іздеп  жатқан  бҧрауларды  аралап  болып,  Қызылсайға 
жеттік... 
 
...Салынып  жатырған  жертҿле  ҥйлерді  кҿріп,  оларға  жан
-
жақты 
кҿмек  кҿрсету  қажет  екенін,  белағаш  жоқ  болса  ҿндірістегі 
трубалардан кесіп беру қажеттігін тапсырды...
 
...Министр  басқа машинамен  кеткен  болуы  керек,  шығарып салу 
бақыты маған бҧйырған жоқ... 
 
...Бірақ  тағдыр  мені  Шҽкеңмен  екі
-
ҥш  жылдан  кейін  тағы  бір 
кездесуге жазыпты... 
 
...Студент  кезім.  Қазақ  политехникалық  институттың  екінші 
курсында  оқимын.  Абай  атындағы  опера  жҽне  балет  театрының 
алдында  біреуді  ҧзақ  кҥтіп  қалдым.  Ҽрлі
-
берлі  қыдырып  жҥрмін. 

 
279 
Қасынан  ҿтіп  бара  жатып  сҿйлесіп  тҧрған  екі  кісінің  сҿзін  қҧлағым 
шалып қалды...
 

 
Ана тҧрған Шаһмардан Есенов емес пе? 
 

 
Сол ғой!  Кімді кҥтіп тҧр екен?
 

 
Шҽкеңді осынша кҥттірген кісі де осал болмас!
 
Осы  сҿздер  менің  баяғы  шофер  кезімде  машинама  отырған 
министр  Шаһмардан  Есеновты  есіме  тҥсірді.  Жақын  қасынан  ҿтіп 
ҧрлана қарап алдым. Сҽлемдесуге батылым жетпеді.
 
Қандай нар тҧлғалы, ер пішінді кҿрікті қазақ еді! 
 
Барлық  қазақ,  барлық  азамат,  шіркін,  Шҽкеңдей  болсын  дағы! 
Кҿркіне кҿз тоятындай тҧлғалы еді ғой!..
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет