Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

Қазақбай.
 
Сенейін  бе,  сенбейін  бе?  Мыңдаған  жылдар  бойы 
ауыздан
-
ауызға ӛткенде, санадан санаға ауысқанда, қалай тілі мен 
түрін, ұлттығы мен үлгісін сақтап келген. Бұл сонда ненің күші?.. 
 
 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Ақсақал! Менің әкем марқұм бұл жырды бұдан 
да  ұзағырақ  айтушы  еді.  Осыдан  бұрынғы  анттасқан  шақтарда   
жиналған жұрт осы тау басына сыймайды екен. Тау етегіндегілерге 
естірту  үшін,  айқайшылар  бір
-
біріне  дауыстағанда,  Қаратау  түгел 
жаңғырығып  Қазығұрт  басындағы  сӛз  бүкіл  байтақ  далаға  тарап 
кетеді екен деседі. Содан барып, бүкіл ел жаттап алады екен.
 
  
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Әттеген
-
ай,  десеңші!  Сол  “бірлік,  бірлік”  деп 
қанды  жасын  тӛккен  халықтың  арманынан  “билік,  билік”  деп  
билікке  таласушылардың  құлқы  басым  түсе  беретін  болса  керек.  
Бұл  тарих  атты  ымырасыз  безбүйрек  бірлік  үшін  емес  билік  үшін 
еңбек етуге құмар дейді ғой...
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Менің  атам  біреулер  ұрысып  қалса:  “Ер 
шекіспей  бекіспейді”  –
 
деп  отыратын.  Шекіскенмен,  шеттесіп 
кетпесін. Шеттегенді қасқыр азық етер болар. Бірлік деп емес, билік 
деп  күреске  түсетін  адамдар  ӛз  мақсатына  тек  ағайын  арасына 
сына  қаға  алса  ғана,  біріккендерді  бӛле  алса  ғана  билікке  қолы 
жетер. Бірақ оны жай халыққа қалай түсіндірерсің?.. 
 
       
     
Қҧлтегін ҧрпағы.
 
Мың жыл бұрын осындай
 
жиынға жиналғандар 
Қазығұрт  басына  сыймайтын  болса,  бүгінгісіне,  бұл  мыңжылдыққа 
бар  болғаны  жеті
-
ақ  кісі  жиналыпты.  Жеті  кісі  не  бітірмек?..  Бұл 
түркілердің азайғаны ма, азғаны ма?..
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Осыған  да  шүкір  деселік.  Бір  кезде  Нұх  та 
жалғыз
 
болатын.  Бастан  ӛткен  дауылды  замандарда  діңгегі 
омырылып кетпей, сабағы үзіліп түспей, тамыры қырқылып қалмай, 
аман  сақталып,  аз  да  болса  осы  заманға,  мынау  заманның 
дұрыстыққа  бет  бұрған  шағына,  жеткеніне  шүкіршілік  етелік.  Қара 
жусанның  тамырынан  кӛктеп  шығар  ӛскініндей  енді  талай  пенде 
тегін де таныр, үйіріне де қосылар. Барлығы да бастарына азаттық 
алып жатырған жоқ па...
 
    
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Орны  бар  оңалар  деген.  Бұрын  біздің  елімізде 
аузыңнан  түркі  деген  сӛз  шығып  кетсе  болды  халық  жауы  атанып 
кете  баратынсың.  Енді  ел  билігі  ӛздеріне  тиіп  жатыр  емес  пе?..  
Ақылға келер. 
 

 
150 
 
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Жаулары  орталарына  жем  тастап,  кімнің  дос, 
кімнің дұшпан екенін таныттырмай кетпесе тағы да... 
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Негізгі  себеп  сырттағы  жаудан  емес,  іштегі 
даудан!.. 
 
  
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Енді  ел  де  түсінгендей  болған  болар. 
Іштегі  даудың  түйінін  шешердей түйсік  пайда  болар  кез  жетті  емес 
пе?
   
    
  
Қазақбай.
 
Бұл  хабар  елге  анау  таулармен  тарар,  мынау 
желмен  жетер!  Ендігі  жерде  Қазығұрт  басы  қызыққа  кенелер.  Ел 
мың жылды күтіп отырады дейсің бе? Жыл сайын жиналар, тіпті күн 
сайын келер бұл жерге. 
 
 
 
Томирис ҧрпағы.
 
Қазығұрттың қасиеті қайта қонар басына!
 
 
 
Қазтуған ҧрпағы.
 
Мен келесі наурыз күнін бүкіл от басыммен 
осы жерде қарсы алармын деп тұрмын…
 
 
 
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Тағдыр  сұсынан  сескенген  бұл  тарих 
жарыққа қайта ұмтылған екен, мәңгілік болғай!
 
 
 
Қазтуған  ҧрпағы.  Бостандық  дәмін  тата  бастады  ғой,  ел 
еңсесі бір кӛтеріліп қалар енді!
 
 
 
Баязит  ҧрпағы.
   
Қарындастың  қайғысына  қарындас  себепші 
болуы  кешірімсіз  күнә  емес  пе!..  Ӛткен  мың  жылдық  тарихқа  кӛз 
салсақ  біздің  түркілерді  ешкім  жеңбеген  екен.  Олар  ӛздерін  ӛздері 
күйретіпті. Бірін
-
бірі жау кӛріпті. Ақырында, бауырын жауына жығып 
беріпті.
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Ӛткен  мың  жылдық  қатесін  електен  ӛткізер 
ақыл  табылса,  онда  қаны  мен  тегі  бір,  тілі  мен  діні  бір  тумалас 
халықты  біріктірер себеп жеткілікті ғой. 
 
    
     
Қазтуған ҧрпағы.
 
Қарындасым, орынды сӛз айттың
-
ау!  Бірақ бұ 
заманда    ӛзінің  басындағыны  бақ  кӛрмей  азсынынатын, 
астындағыны тақ кӛрмей қомсынынатын қанағатсыздар тым кӛбейіп 
бара  жатырғандай.  Барлығында  бір  арман  –
 
бәрі  бірдей  ел 
басқармақ, бәрі бірдей атақты болмақ. Масқара боп, ұлт арына дақ 
түсіре,  шетте  жүріп  жауларына  қосылып  Жері  мен  Елін 

 
151 
қаралайтындар  мен  қарғайтындар  шығып  жатыр.    Сол  пәлелердің 
қырсығы тимесе бар халықтың арманы да сол бірлік емес пе?..
 
 
  
Қазақбай.
 
Бүгін мені тағы бір таңдандырып тұрған нәрсе мына 
жастардың  ӛресі  мен  білімі.  Біз  осы  күнгі  жастарда  осыншалық 
білім,  осыншалық  парасат  бар  деп  ойламаушы  едік.  Қателеседі 
екенбіз. Ақыл жастан деген осы болар.
 
 
     
Дауыстар.
 
      

 
Бәрі де жетісті ғой!
 
      

 
Бәрі білікті қазір.
 
      

 
Бірақ билікке құмарлар да кӛбейіп барады.
 
      

 
Ӛзімшілдік пен қызғаншақтықтың зардабы ғой.
 
      

 
Ӛз сӛзімізді сӛйлелік. Ал, кім тағы не айтады?..
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.
 
Мен айтайын. Біз –
 
Мақтаныш, Ӛкініш, Арман
 
деп  аталған    аталардың  үш  ӛсиетін  ел  құлағына  жеткізуге  тиіс 
екенбіз.  Байқадыңыздар  ма?  Біздің  бабаларымыздың  ӛкінішсіз  де 
ӛмір  сүрген  заманы  бар  екен.  Жаңа  ғана  жырланған  Томирис 
ӛсиетінен біз ӛкініш сӛз ести алмадық! 
 
 
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Басында  бірлігі  болып,  қаптаған  қалың  жауына 
қан құстырған елдің ӛкініші болды дейсің бе?
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Ол  кездегілер:  “Бір  шырпыны  тапсақ  болды, 
ұран  отын  жақсақ  болды!  Бір  түнде  бүкіл  даланы  бір  ту  астына 
біріктіріп ала аламыз,” –
 
деп, мақтанады екен дейді.
 
 
     
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Басынан  бірлігі  кеткен  ел  артына    ӛкініш
-
жылау  қалдырады  екен.  Әйтпесе,  Құлтегін  бабамыздың  бағы  да, 
билігі де ӛкінішсіз ӛмір сүрдіргендей емес пе... Ол ӛз заманындағы 
ең  ұлы  мемлекетті  басқарыпты.  Асып
-
тасып  мақтана  да  білген. 
Артына  гранит  тасқа  қашап  жаздырған  сӛздері  қалыпты.  Тыңдап 
қараңдаршы… 
 
 
 
Ерекше шабыттана сӛйлеп кетеді.
 
 
     
…Ұлы  Тәңірім  жоғарыда  Кӛкті  жаратқанда,  тӛменде  Жерді 
жаратқанда,  сол
 
жоғары  мен  тӛменді  билесін  деп  ортасында  асыл 
текті түркі нәсілін жаратқанда –
 
біз дүниенің тӛрт бұрышында билік 
құрғанбыз!  Басы  бардың  басын  идіргенбіз!  Тізесі  бардың  тізесін 
бүктіргенбіз!  Бұл  сӛзді  ұрпағымыз  мақтаныш  етсін  деп  тасқа 
қашаттық!..
 

 
152 
 
    
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Ғажап!  Мына  бабаларымыз  ерлігі  түгіл 
шешендігіне  де  табынуға  тұрарлық  ғаламаттар  ғой!  Мен  қазақ  тілі 
мен әдебиетінің мұғалімі едім. Анадай сӛздер тек қана батыр білекті 
адам емес, ақын жүректі де кісінің аузына түсетін сӛздер.
 
 
     
Қазтуған ҧрпағы.
 
Тындырған ісі, мақтанышы осындай болғанда 
оларда да ӛкініштің болғаны ма?
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.
 
Болыпты ғой.
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Жалпы  сүрілген  ӛмірің  –
 
ол  дұрысың  мен 
бұрысыңның  жиынтығы  емес  пе?  Сондықтан  да  мақтаныш  пен 
ӛкінішіңнің егіз болуы –
 
заңды нәрсе.
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.  Құлтегін қағанның кӛзі тірісінде ӛзі құрған ұлы 
мемлекеті  ыдырамаған.  Бірақ  ол  кісінің  артына  қалдырған  ӛкініші 
бір
-
ақ ауыз сӛз екен… 
 
 
         
…Әттең, дҥние
-
ай, қайтейін, 
 
 
  
Баста бірлік болмады
-
ай!..
  
 
  
Қазақбай
. 
О,  Тәңірім!  Мына    ғасырлар  үндестігіне  назар 
аударыңдаршы!..  Бүгінгі      тірліктегі    ұрпақтың,    мына  тұрлаусыз 
заманның,  мына  біздің  басымыздағы  қасіретіміз  деп  жүргеніміздің 
бәрі  –
 
сол  ескі  заман  қасіреті,  сол  ӛткен  баба  ӛкініші  екен  ғой.  Біз 
ӛзіміз  тауып
 
айтқандай  болып  жүрген  бұ  сӛз  бабадан  атаға  мирас 
қалып,  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатырған  нәрсе  болып 
шықты!..  Біз  бабалардан  қалған  мұра  деп    ӛнері  мен  ӛнегесін  ғана 
жіпке тізіп, есебін алып, ағаш үйінің үзігі мен қолға салар жүзігін ғана 
мирасқа  санап  жүрсек?..  Атадан  балаға  олардың  қайғысы  мен 
қасіреті, ӛкініші мен ӛксігі де мұра боп қалады екен
-
ау!.. Ғажап… 
 
   
Тыныштық орнай қалады. Барлығының назары соған ауған.
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Сіздің  мына  ойыңыз  бұрын  ешкім  айтпаған  ой 
болды.  Ал,  шындығында,  ойлана  білген  кісіге  ел  тіршілігі  үшін 
жалпы  халықтың  тек  қана  қуаныш  шақтарын  қастерлей  бергеннен 
гӛрі  қайғы  соққан  кездері  туралы  да  кӛбірек  айтып,  жиірек  еске 
салған дұрыс болар еді.
 
         
     
Томирис ҧрпағы.
 
Ол қалай?
 
 

 
153 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Жеке  кісіге  шаттық  әкелген  қуаныш 
жалпы  елге  не  береді? Жеке кісі  қуанышы  бүкіл  елге  қуаныш  бола 
алмайды. 
Ол 
тек 
қана 
ӛзінің 
“мен
-
мен” 
атты 
сезімін 
қанағаттандырады. Ондай қуаныш іздеу сезімі түбі ýгоизмге жеткізіп 
тынбақ.  Ал  қайғы  сезімінің  жӛні  бӛлектеу.  Шындығында  да,  жұрт 
барша  халықтың  да,  жеке    кісінің  де    қасіретіне  ортақтаса  алады. 
Қайғыға  ортақ  болу  біреуге  деген  аяушылық  сезім  туғызады. 
Қуаныш  сезіміне  ортақтасудың    арты  кӛбіне  қызғаныш  сезімнің 
оянуына  себепкер  болмақ.    Сондықтан  да  қуаныш  сезімінен  қайғы 
сезімі  қасиеттілеу…  Біздің  Бұқар  бабамыз:  “Әттең,  дүние
-
ай, 
қайтейін, баста бірлік болмады
-
ай,” –
 
деп күңіренген дейтінбіз. Міне 
бүгін мынау қасиетті Қазығұрт басында Алла тағала аян бергендей, 
бұның да сыры ашылып жатыр. Ол сӛз Бұқар жырау сӛзі емес екен. 
Ол сӛз ғасырлар қайғысы екен. Ол сӛзбен біздің бабаларымыз есте 
қалмаған ескі заманнан бері   күңіренген екен. 
 
 
 
  
Едіге.
 
Дұрыс
-
ақ!  Бірақ  “бабалар  ӛкініші”  атты  бой  тұмар  етіп 
тағарлық  сол  мұраға  бізге  дейінгі  ӛткен    қай  заман  ұрпақтары  да 
онша  мән  бере  қоймаған  секілді.  Олар  ата
-
бабадан  қалған  дүние
-
мүлік мұраларының  мән
-
мағынасын емес жасын ғана қастерлейтін 
болса керек. 
 
  
Қазақбай.
 
Ендігі  жерде  қасиет  қонған  сӛздер  жасын  да 
анықтау  қажет  пе  деймін.  Оларды  да  ең  асыл  мұралар  қатарына 
қоспаса болмас. Біздің қазақ халқы: “Ӛнер алды –
 
қызыл тіл”, –
 
деп, 
сӛзде  қасиет  бар  екенін  мойындаған.  Мен  қазір  сіздердің 
алдарыңызда бүкіл түркі нәсілді елдер үшін:
 
     
…Әттең дҥние
-
ай, қайтейін,
 
     
Баста  бірлік  болмады
-
ай!  
 
деген  жалғыз  ауыз  сӛзді  Ата
-
бабадан  қалған
 
ең  асыл мҧра  деп  қабылдап,          ол  сӛзді    барлық 
мұражайларда  ең  кӛрнекті  жерлерге  жазып  қойған  дұрыс  деп 
ойлаймын.
 
Ол  сонау  замандағы  Құлтегін  аузынан  шықса,  мүмкін 
одан бұрынғылар да айтқан болар. Сонда бұл ӛкініш–сӛздің, арман–
мұраттың жасы жобамен 2000 жылдан асады. Демек бізге биыл сол 
сӛздің,  ең  асыл  мұраның,  2001  жасын  тойлаған  дұрыс  болар. 
Сонымен  бірге  сонша  жыл  бойы  сол  сӛз  мағынасына  мән  бере 
алмаған еліміздің де, соның қырсығынан азап шеккен жеріміздің де 
қасіретін атап ӛткен жӛн.
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.. Бабаларымыздың ӛкініші:      
 
     
“Әттең, дҥние
-
ай, қайтейін, Баста бірлік болмады
-
ай”, 
 
деген 
бір ауыз сӛзге сыйса, ӛсиеті де –
 
бір
-
ақ ауыз сӛз!
 
Ӛмір дегеніміз –
 
адамдардың тірлігі,
 

 
154 
Бақыт дегеніміз –
 
сол адамдар  бірлігі!..
 
 
Дауыстар
. 

 
Бірлік те бақытта қолодағы нәрсе секілді екен!
 

 
Тек қана қаласаң болды...
 
 
 
Шымылдық жабылады. Сахнада жалғыз Қазақбай қалады.
 
 
 
 
Қазақбай.
 
Мен  осы  екі  ауыз  сӛзді  Қазығұрт  тауының  аса  бір 
кӛрнекті жеріне қашап жазып қоямын. Кӛрсін келгендер... Оқысын да 
ойлансын...
 
Сахна тӛрінде
 
         
Бабалар ӛкініші:     Әттең, дҥние
-
ай, қайтейін,
 
                                    
Баста бірлік болмады
-
ай!..  
 
   
   
Бабалар ӛсиеті:     Ӛмір –
 
адамдардың тірлігі,
 
 
 
 
      
Бақыт –
 
сол адамдар  бірлігі!..
 
деген сӛздер пайда болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 бӛлім. Талқы.
 
 
 
Бұл  бӛлімде  бабалар  ісіне  ұрпақтарының  қалай  күдіктенгені 
баяндалады. 
 
   
     
Баязит  ҧрпағы.
 
Уақыт  бәрін  жеңеді  дейтін.  Уақыттың  да  жеңе 
алмайтыны  бар  екен
-
ау!  Арман
-
тілегі  әбден  орындалғанша  жұрт 
жадынан  мыңдаған  жылдардың  да сүрте  алмайтыны соның  айғағы 
емес пе?.. Ғасырлар  бойы аңсата  берер абзал арманы мен  ӛшпес 
ӛксігі    болатын  болғаны  да.  Бәрінің  аңызында,  бәрінің  ойында, 
бәрінің аузында бір
-
ақ ауыз сӛз: “бірлік –
 
бақыт!”
 
     
Ал  бәрінің  қалауы
 
бірлік  болатын  болса    –
 
қайда  сол  бірлік?.. 
Бәрі  де  ӛз  қолдарында  емес  пе  еді?..  Неге  бірікпеді?..  Бәрі  ақыл 
айтады да ақылсыздың ісін істейді… Бәрі ӛзгеге ӛсиет қалдырады, 
бірақ ӛзіне жеткен ӛсиетті орындамайды… Бәрі бірлікті арман етеді, 
бірақ арманына жетуге қол созбайды.    
 
Тіпті,  Ақсақ  Темір  жауыз 
да “”Әттең, дүние
-
ай, қайтейін,
 
Баста бірлік болмады
-
ай!” –
 
деп ӛкініпті. 
 

 
155 
Менің  Баязит  бабамнан  қалған  арман  да,  ӛкініш  те  осы 
болыпты.  Діні  басқа,  қаны  бӛтен  бүкіл  Европа  елдерінің  біріккен 
рицарларының  шабуылынан  елі  мен  дінін  қорғап  қала  алса  да  ӛз 
қандастарынан  бастағы  бақыт  пен  қолдағы  бірлікті  қорғап  қала 
алмапты.  Сол  екі  түркінің  келісе  алмауы  бүкіл  Азиядағы  түркі 
тұқымдас  елдерді,  бүкіл  діндес  мұсылман  бауырларды  басқаларға 
бағынышты етті.
 
 
 
Қазақбай.  Сонда қалай?  Тамырлас  едіңдер  деп,   тектерің  бір 
еді  деп  мыңдаған  жыл  ӛсиет  айтып  ұйымдастық  дейік.  Сол 
армандаған    бірлігіңнің  тағдыры  бір  тентектің  тіліне,  бір  патшаның 
парасатына  тәуелді  болатын  болса,  онда  ол  миллиондаған 
арманды  жандардың  мыңдаған  жылдық  еңбектеріне  татымай 
қалмай ма?..
 
 
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Қаупіңіз  дұрыс  қой.  Бірақ  ендігі  жерде 
заман ережелері басқарақ жазылатын секілді!.. 
 
 
 
Қазтуған ҧрпағы. Қазіргі ел –
 
ӛз ойы бар, ӛз пікірі бар қауым. 
Ендігі 
патшалар 
дүниежүзілік 
үстемдіктен 
дәметпейтіндей 
сауаттанған болар. Бұл заман билеушілерінің басты мақсаты басқа 
елді  жаулап  алып  атақты  болу  емес,  еңбек  жарысында,  ақыл 
жарысында озық болу. Соны түсінген мемлекет те, соған кӛнген ел 
де қауымдасу, ұйымдасу арқылы елін оздырмақ, ел басына бақытты 
заман орнатпақ.
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Мен  осы  дүниенің  жартысына  билік  жүргізген 
Алтын  Орда  мемлекетінің  бірде  қолбасшысы  болып,  бірде  ел 
басшысы  болып,  жұрт  сүйіктісіне  айналған  Ер  Едіге  тұқымынан 
едім.  Ӛзім  –
 
тарихшымын.  Тарихи  тұрғыдан  қарағанда,  қазіргі  ұлт 
жанды  адамдар  сезімімен  ойлағанда  менің  бабамның  соншама 
дастан  жазып  мадақтарлықтай  болашақ  ұрпағына  тигізген 
жақсылығы  жоқ  секілді.  Ұлық  Ұлыс  атанған  ұлы  мемлекеттің 
ыдырауына  себепші  болды.  Әрине,  оған  тек  қана  билеушіні  күнәлі 
ету  дұрыс  емес.  Халық  қате  баспайды  дейді,  бірақ  халықтың  да 
қаншама қате басқан қадамдары ӛздеріне қасірет әкеледі.
 
 
     
Қазтуған ҧрпағы.
 
Не айтпақ ойыңыз бар?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.    Кей  кезде  халық    парықсыздығы  осындайда 
байқалады. Сол кездегі кӛпшілік ӛз ханымен ұстасып, ӛз елін қанға 
бӛктіріп,  ақыр  соңында,  Ұлы  мемлекетті  әлсіреткен  кісі  жағына 
шықты.  Халық  ӛз  қолдарымен  қуатты  елінің  қабырғасын  сӛгіп 

 
156 
тастады.  Ӛз  еріктерімен  жат  жұрттың  боданы  болуға  жол  ашып 
берді.  Ал  соны  ұйымдастырған    Едіге  не  ұтты?..  Менің  аруағына 
табынған, әлі де табына беретін сол бабам ӛз арманына  –
 
билікке 
қолы  жетті,  он  шақты  жыл  ел  биледі.  Ал  соншама  іс  тындырған 
халық,  ӛз  замандастарының  бәрінен  озық  халық  солардың 
қырсығынан жүздеген жылдар бойы басында еркі жоқ, жүзінде кӛркі 
жоқ құлға айналды. Байтақ елі, Ұлық Ұлысы тәуелсіздігін жоғалтты. 
Елі  шет  ел  тентектерінің  сайран  салатын,  желіккендерінің  желін 
басатын отарына айналды.
 
  
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Алауыздық  арты  солай  боларын  тарих  талай 
рет  дәлелдеді  ғой.  Ұлы  мемлекеттерге  астана  болған  Сарайшық 
кәзір жермен жексен, күл болып жатыр емес пе?.. 
 
 
     
Едіге ҧрпағы. Ал біздерді сол дәрежеге жеткізген бабаларымыз 
да артына дәл басқалар айтқандай ӛсиет қалдырыпты. Бұ күндерде 
таққа  таласушылар,  баққа  қызығушылар  осы  тарих  тәжрибесінен 
ғибрат іздемей ме екен?.. Ай, қайдам?.. Іздемейтін болар… Әйтпесе 
тақ пен бақ таласы барысында ел басына күн туғызуды тоқтатар еді 
ғой…
 
 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Інім!  Ел  санасында:  “Ел  қамын  жеген 
Едіге” –
 
деген қанатты сӛз қалмап па еді? Сіздің ӛз бабаңызға айтар 
ӛкпеңіз мол секілді ғой?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.  Едіге  менің  бабам  болғанда  ол  маған  қазақ 
халқынан жақын ба екен?.. Ӛзін “мен –
 
қазақпын” деп кӛкірегін соға 
алатын  адамға  бабасы  мен  атасынан  да,  әкесі  мен  баласынан  да 
жақын  тұтуға  тиіс  тұлғасы  бар!..  Ол  тұлғаның  аты  –
 
Қазақ  халқы!.. 
Атаң  менен  әжеңді  де,  әкең  менен  анаңды  да  туған  сол  халық. 
Істеген  ісі  халық  мүддесінен  шыққан  кісілерді    ғана  бабам  деп 
бағалап, атам деп ардақтаған  ел мен ер  –
 
ел бірлігі деген қасиетті 
ордаға қарай бір қадам жақындай алар… 
 
...Қазақ халқы деген Кісі маған ӛзімнен де жақынырақ!..
 
 
  
Қазақбай.
 
(Ӛзіне ӛзі) 
Осы біз ӛмірден шет қалып бара жатырған 
жоқ  па  екенбіз?..  Мына  кісілер  кісілік  туралы  қалай
-
қалай 
толғайды?..
 
 
     
Бҧхар жырау ҧрпағы.
 
Нағыз Азамат сӛзі дәл осындай болатын 
болар!..  Бұл  ел
-
жұртымыздың  мыңдаған  жылдық  мезгілден  оза 
бастағаны  шығар?..  Әлде  Қазығұрт  басына  тек  жаны  тазалар  ғана 
жетті ме екен?.. Кӛпшілік ойы осылай болса ғой, шіркін!..
 

 
157 
  
  
Қазақбай.
 
Мүмкін солай да шығар…
 
 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Қайдам?  Бұ
 
халық  дегенің  тұрлауы  жоқ 
тобыр ма деп қаласың, кей
-
кейде. Ақыл мен Шындық жағында емес, 
кӛбіне Жалған мен Айқайшының соңында жүреді. 
 
Айтыңызшы  замандас,  Сіздің  тұқымыңызға  қазіргі  заманда 
Едіге  аты  “Менің  атам  –
 
Едіге”  деп  мақтануға  неге  олқы  соғып  тұр 
деп ойлайсыз?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Батыр  бабамыздың  ерлігі  туралы  дастандар  кӛп 
жазылыпты.  Бірақ  оның  жеңіп  жүргендері  алыстағы  ата  дұшпан 
жауы  емес,  қоныстас  кӛршілері  мен  тегі  бір  қандастары  екен.  Ең 
үлкен  жеңісі  –
 
басқаның  емес  ӛзінің  патшасын  тақтан  тайдырғаны 
екен. Ыдырап бара жатқан біраз түркі елінің басын біріктіруге еңбек 
еткен Алтын Орда ханы Тоқтамыстың басын алыпты…
 
 
     
Бҧхар жырау ҧрпағы. Ия, солай. Алтын орда ханы Тоқтамысты 
тақтан  тайдыруға,  түркі  елдерін  бақтан  айыруға  Ақсақ  Темір  мен 
Едіге мырзаның қосқан үлестері аз емес. 
 
 
     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет