Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

Баязит ҧрпағы.
 
Ақын деген осылай болар! 
 
 
 
Қазақбай ҧрпағы.
 
Ӛсер елде ақын кӛп дейді екен, жақсылыққа 
болар! Қазақ халқы –
 
ақын халық деп бекер айтпайды!
 
 
 
Қазтуған.
 
Бәрі де Алла тағаланың құдіреті ғой!
 
 
     
Ақын.
 
Жоқ, олай деп сіздер сӛз ӛзіңізге тигенде,
 
бастарыңды ала 
қашпаңдар.  Мен  Алла  тағаланың  сіздерге  не  деп  тұрғанын  айтып 
берейін бе?..
 
 
     
Дауыстар.
 

 
Айтыңыз! 
 

 
Ӛлеңмен айтыңыз!
 

 
Сұраймыз!
 
     
    
 
Ақын сәл ойланып қалады. Жан
-
жағына қарап алады да, ӛлеңдетіп кетеді…
 
 
     
Ақын.
 
Бұ не деген халық еді ұмытшақ,
 
Бара жатқан мәңгүрттерге шын ұқсап.
 

 
168 
Мал бағатын, от жағатын кім қалар
 
Бәр
-
бәріміз билік қуып құнықсақ.
 
 
Билеткен ем бәрін –
 
жерін, аспанын,
 
Ер еткен ем ер түркінің жастарын.
 
Бар әлемге ие еткем, бір кезде,
 
Игізіп ем дұшпанының бастарын.
 
 
Бүктіріп ем жау біткеннің тізесін,
 
Ойлап едік бүтіндер деп біз есін.
 
Бірін
-
бірі талап жеген аң мінез,
 
Пейіл азса елді қалай түзерсің?..
 
 
Түсінбеді жақсылықты жұрт толық,
 
Кете алмады қарындас боп, ұлт болып.
 
Ақыл кӛрді ел бұзардың сӛздерін,
 
Кете барды бақа
-
шаян, құрт болып.
 
 
Сұлтан емес айқайшысын қолдады, 
 
Елес қуды –
 
бақ таластық жолдағы.
 
…Арманым
-
ай, жете алмадым дейді енді,
 
Бар айтары … әттең, бірлік болмады…
 
 
...Әттең, әттең, әттең бірлік болмады...
 
 
 
Ақын соңғы жолдарды назырқай айтады.
 
    
 
Томирис ҧрпағы.
 
Ағажан
-
ай! Нағыз кӛріпкел Сіз екенсіз!
 
 
 
Қазтуған ҧрпағы.Таң атқалы ортамызда отырғандай…
 
 
 
Едіге  ҧрпағы.  Ол  кӛріпкелдіктен  емес  болар.  Біздің  таң 
атқалы  айтып  тұрғанымыз  бағзы  замандардан  бері  халықтың 
жүрегінде  қатып  жатқан  жазылмас шері  болар.  Ақын  кісі  сол шерді 
ӛлең сӛзбен ақтара салады. 
 
 
 
 
Қазақбай.  Құдай  біледі,  жаңағы  біздің  сұрағымызға  да 
жауапты осы кісі тауып бере алады...
 
 
 
Тмирис  ҧрпағы.  Ағатай,  сіз  ақын  екенсіз.    Арттағыларға  үлгі 
боларлықтай  етіп,  ата
-
бабаларымыздың  қолы  жетпей  келе  жатқан 

 
169 
ӛкініш  пен  ӛсиетін,  мақсаты  мен  арманын  ӛлең  сӛзге  сыйдырып 
бере аласыз ба?..
 
  
     
Ақын. Елдің мұңы мен ӛкініші, арманы мен қуанышы туралы ой 
ойлау  ауыр  болғанмен  сӛз  айту  –
 
ақын  үшін  ең  оңай  нәрсе. 
Сіздердің кӛңілдерің қалап тұрған сол сӛз кез
-
келген жәй адамның, 
кез
-
келген ақынның жүрегіндегі жарасы.
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.  Ақын  інім!  Алла  тағала  сәтін  салып,  біздерге 
Қазығұрттың  басында,  әуелі,  мына  ақсақалға  (Қазақбайды 
кӛрсетеді) сосын саған кездестірді. Ӛсиет орындап жүргендердің де, 
ӛз  жолымен  келгендердің  де  ойында  бір  сӛз,  жүрегінде  бір  арман! 
Оның аты –
 
бірлік, татулық! Осы сӛзді біздердің бабаларымыз мың 
жыл  бұрын  ӛсиет  еткен  екен.  Бүгінгі  байқағанымыз  ол  сӛз  жалпы 
халық арманы екен. Мың жыл бұрын ӛмірден ӛткеннің де дәл бүгінгі 
тірінің  де          арманы  екен!  Ол  туралы  ақыннан  артық  кім  толғана 
алмақ!  Бәріміздің  атымыздан,  ел  жүрегіне  жетерлік,  заманның  да, 
адамның  да  ниетіне    сәйкес  сӛз  құрастырсаңыз!  Ол  жай  ғана  сӛз 
болмасын, болашаққа ӛсиет бола аларлықтай сӛз болсын!.. Біз осы 
арадан жан
-
жаққа тарап кеткенде түбі түркі тамырлас елдерге алып 
кетерлік,  байтақ  қазақ  даласына  таратарлық,  ел  арманы  бола 
аларлық сӛз құрастырып беріңіз. Ел арманы деп айта жүрерміз... 
 
 
     
Ақын ойланып қалады. Сәл ұзақтау домбыра күйін келтіреді.
 
 
     
Ақын. Айтып кӛрелік. Алла тағала аузымызға не салар екен…
 
Бисмилла¿и р
-
рахмани р
-
рахим!
 
 
...О, Жаратқан! Жалбарындым, Құдірет!
 
Сӛз айт дейді, сәтті күні, кезі кеп!
 
Қазығұртқа жетектеген дәл бүгін,
 
Жүрек нені, жүрек нені сезіп ед!..
 
 
 
 
Ал тыңдаңыздар.
 
 
...Тегің –
 
Адам, барша халық туысқан,
 
Жау іздеме жұмыр жерден, жуықтан!
 
Соғыс деген –
 
бай мен патша ермегі, 
 
Байлық қуған, билік қуған, құныққан.
 
 
Атқарыңдар Адам атты міндетті...
 

 
170 
Жаулық іздеп дегеніне кім жетті?!
 
Ӛмір сәні –
 
табиғатты қызықтау,
 
Қоздырмаңдар қызғанышты, індетті!
 
 
Ей пенделер, елді мәңгүрт қорлайды,
 
Тексіз
-
арсыз, құмарпаз бар –
 
сол қайғы.
 
Бірлік болса, тірлік болар басыңда,
 
Жақын
-
жуық ырылдасса –
 
сорлайды.
 
 
Енді ешкім ноқта салмас басыңа,
 
Тек тәуелді етер ішер асыңа.
 
Енді жарыс –
 
ӛнер, білім жарысы,
 
Біліктіңді жасыттым деп тасыма...
 
 
 
деп жатыр ғой жоғарыдағылар, ал біз оларға бір ауыз сӛз қосалық...
 
 
 
…Мына заман –
 
неткен залым, жебір ед?,
 
Тірлік керек бұрынғыдан кӛбірек!..
 
Қауым керек қарсы тұрар жебірге,
 
Кеш қалмаңдар!, бірігіңдер тезірек!
 
 
Кеш қалмаңдар!, бірігіңдер тезірек!
 
 
 
     
Дауыстар. 
 

 
Бірлік!
 

 
Бірлік!
 

 
Бірлік!
 

 
 
Едіге.
 
Ақын елдің тілі деген осы!
 
 
Томирис  ҧрпағы.
 
Ағажан
-
ай!  Сіздей  ұлы  бар  елдің  басына 
бірлік  те  қонар,  бақыт  та  қонар
-
ау!..  Бар  болмысыңыз  аталар 
антынан жаралғандай неткен жан едіңіз!.. Солай да болар! Әйтпесе, 
жайдан
-
жай  дәл  бүгін  осы  мыңжылдық  ӛсиет
-
ант  үстіне  тегін  адам 
кезігеді деймісің?..
 
 
     
Ақын.
 
Халқыңа 
бақыт 
тілеген 
ниетіңнен 
айналайын, 
қарындасым!.. “Ағажан!”  –
 
деген үніңнен айналайын, қарындасым!.. 
Қазығұртқа бір арман жетектеп алып ұшып келіп едім, бақ құсым сен 
емес пе екенсің, қарындасым!..
 
 

 
171 
     
Тмирис  ҧрпағы.
 
Жай  құс  болып  далада  жүргенше,  қондырар 
қуатты  білегі  бар,    елін  сүйген  ақын  жүрегі  бар  ағаның    бақ  құсы 
болғанға не жетсін!..
 
 
 
Қазақбай.
 
Міне жауап!
 
 
 
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Әзіліңнен  айналайын,  ата
-
баба! 
Тіліңнен айналайын, ана тілі!
 
 
Қазақбай.
 
Шіркін, жастық! Шіркін, табиғат! Жарасымыңнан
 
айрылмасаң ғой! 
 
 
  
Бҧқар  жырау  ҧрпағы.  Біздер  осы  жерге  бабалар 
тапсырмасымен  жиналған  едік.  Шаруамыз  бітті!  Мақсатымыз 
орындалды! Жолымыз да болған секілді.  Енді қайтамыз.
 
 
     
Ақын.
 
Біздің де мақсатымыз орындалды. 
 
     
Қазығұрттың ауасын кӛкірек толтыра бір жұттық! 
 
     
Ниет тазарғандай! 
 
     
Пейіл ағарғандай! 
 
     
Қараңдаршы! Қарындасым, сен де қарашы!
 
     
Менің қуаныш толы кӛзіме!
 
     
Бақыт толы жанар қандай!.
 
     
Сезімді шақта осылай ӛлең
-
сӛзді айтамыз! 
 
     
Біз де сіздерменен бірге қайтамыз!..
 
 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Бұл  жиналғандар  әр  елдің  азаматтары! 
Келген  шаруамызды,  тындырған  ісімізді  жолшыбай  толығырақ 
айтармыз. Қайтсақ қайталық. Алла тағала жолымызды оңғарсын!
 
 
     
Ақын.
 
Аумин!..  Тілегіңіз  қабыл  болғай!..  Сіздер  алыстың 
қонақтары  болсаңыздар,  біздің  дарқан  даламызға    келіп  “қазақтың 
бӛлінбейтін    еншісі  –
 
Ұлытауын”  қалай  кӛрмей  қайтасыздар!.. 
Сарыарқаның сар қымызының дәмін қалай татпай кетесіздер?.. Бір 
татсаңдар      ӛмір  бойы  сағынып,  тамсанумен  ӛтесіздер!.. 
Бауырларым!  Мен  ондай  ӛкінішке  жол  бере  алмаймын!..  Мен 
сіздерді  қонаққа  шақырамын!..  Кеттік  біздің  Ұлытауға!..  Той 
жасаймын!..
 
     
Бастарымыз бірігіп қалған екен!
  
     
Біріңді де тойлатпай жібермеймін!..  
 
     
Біріңді де билетпей жібермеймін!
 
     
Бір Ұлы тойымның бар екенін білетінмін! 
 
     
Сезуші едім жүрек тербеп жүретінін! 
 

 
172 
Жеткен екен ғой сол тойым! 
 
      
Той жасаймын!
 
Кӛптен күткен ұлы той!
 
     
Билетпей жібермеймін!
 
     
Тойлатпай жібермеймін!
 
     
Кеттік біздің Ұлытаудағы кӛптен күткен Ұлы тойға!..
 
 
     
Шымылдық жабылады. Арғы жағындағы дауыстар естіліп жатады.
 
 
     
Дауыстар.
 

 
Барамыз!
 

 
Неге бармайық!
 

 
Ұлытауды кӛреміз! Қымызға қанамыз!
 

 
Тойлаймыз! Билейміз! Кӛптен күткен Ұлы той!
 

 
Бірлік тойы!
 

 
Бірлік тойына барамыз!
 

 
Бірлік тойын тойлаймыз!
 
 
Жарық қараңғылана бастайды. Жоғарыдан бір құдірет 
 
жақындағандай әсерлі дауыс естіледі. 
 
 

 
Тойларың қҧтты болсын!..
 
 
     
Кенеттен  жан
-
жақ  жап
-
жарық  болып  кетеді.  Сахна  ашылады.  Бірін
-
бірі 
құттықтап,  қол алысып, құшақтасып жатқан кісілер кӛрінеді. 
 
       
     
Қазақбай. 
Залда отырған кісілере қарап:
 
 
Менің  сіздерден  бір  сұрағым  бар.  Мына  бір
-
бірін  құттықтап 
жатырған  адамдардың  қуанышына  Сіздер  де  ортақ  болыңыздар! 
Мен  кәзір  “Тойларымыз  құтты  болсын”  деймін  содан  соң 
барлығымыз қосылып айтамыз. Ал:
 
 

 
Тойларымыз құтты болсын!
 
 
 
Бүгінгі  күн  жүректеріне  бақыт  сыйлаған  бұл  бауырларды  біз 
енді “Бақыттарың баянды болсын, жас ұрпақ” деп құттықталық. Ал:  
 

 
Бақыттарың баянды болсын, жас ұрпақ!
 
 
 
Ал енді біз оларға да, ӛздерімізге де бір ерекше тілек тілелік... 
Барлығымыз қосылып, бірауыздан: “Бірлігіміз берік болғай!” делік...
 
 

 
Бірлігіміз берік болғай!!!
 
 
                         
Шымылдық жабылады. 
 

 
173 
 
 
Бір құдіретті дауыс:
 
 
Бұдан 3000 жыл бұрын бабаларымыз дүние жүзіндегі ең ірі ел 
орнатып еді.
 
Бұдан  2000  жыл  бұрын  аталарымыз  ӛздерін  қытай  елінен 
жоғары қоюшы еді.
 
Бұдан  1000  жыл  бұрын  әкелерімізге  бүкіл  Еуропа  елдері 
тәуелді болған болатын.                              
 
Кәзіргі кезеңнің
 
даму процесінің ерекше екенін ойлап, кездесу 
уақытын  ендігі  жерде  әр  жүз  жыл  сайын  ӛткізіп  тұруды  ұсынамын. 
Келесі кездесу 2101 жыл, осы Қазығұрттың басында!..
 
Кездескенше күніміз жақсы болғай!..
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
174 
 
 
Абай ішіп ҥлгермеген «У» 
 
 
БIРIНШI   КӚРIНIС
 
 
 
Дiлдә зары
 
 
Бiр  кездердегi  барлықтың,  байлықтың  iздерi  айқын  кӛзге  түскенiмен 
уақыт  әсерiмен  азып
-
тоза  бастаған  киiз  үй.    Жылау  сарынындағы  мұңды  саз. 
Иесiз отау.
 
 
Сахнаға  мұңды  сазға  зарлы  үн  қосқан,  жүрiсi  селқос,  бет
-
ажарынан 
ӛмiрден күдер үзген жанның кескiн байқалып тұрған Дiлдә кiредi, қозғалысынан, 
келбетiнен паңдығы, кiсiлiгi анық аңғарылады.
 
 
 
ДIЛДӘ.  Не  боп  кеттi  бұ  дүния  ?  Ӛзiн
-
ӛзi  жеп  жатқан,  мүжiп 
жатқан не аждаһа мынау ? Заман дейдi… Осындай да заман бола 
ма екен ?
 
 
Қай  кезде  де  заман  ӛз  қатесiн  түзетуге  ӛз  тесiгiн  бiтеуге,  ӛз 
жыртығын жамауға тырыспаушы ма едi ?  Бұл заман емес заманның 
жауы болар. Заман ақыр болады деушi едi, әлде бұл соның басы ма 
екен ?
 
 
 
Дiлдә зарлы қара сӛзден жылау сазына ауысып кетедi.
 
 
 
ДIЛДӘ.
 
 
Мынау заман қай заман, қалай заман,
 
 
Кiсi атанды
-
ау ӛмiрдi лайлаған.
 
 
Не жазығым бар едi, о, Жаратқан,
 
 
Жайсаңдарды қор еттi
-
ау малай, надан.
 
 
 
Үйге  азып
-
тозған,  қайыршы  түрге  енген  кiсiлер  жинала 
бастайды.  Сӛйлемейдi.  Ӛздерiне  Дiлдәның  назары  түскен  шақта 
ғана қолдарын жайып, бiрдеңе дәмететiндiктерiн байқатады.
 
 
ДIЛДӘ.  Ей,  пақырлар
-
ай  !  Тағы  да  келдiңдер  ме  ?  Айтпап  па 
едiм  мен  сiздерден  де  ӛткен  пақырмын  деп.  Менi  мына  заман 
сендерден  де  сорлы  еткенiн,  менiң  бұ  дүниедегi  ең  байғұс  жан 
екенiмдi  қайдан  бiлейiн  деп  едiңдер.  Ӛздерiңнiң  маған  қарағанда 
әлдеқайда  бақытты  екендерiңдi  де  бiлмейсiңдер ғой.  Сiздер  әлi  де 
болса  ӛзгеден  сұрайсыңдар,  бұл  ӛмiрден  дәметесiңдер.  Әлi  де 
кiсiнiң 
кiсiлiгiнен, 
адамның 
адамшылығынан 
торықпаған 
жандарсындар.  Бұл  ӛмiрден  үмiттерiң  бар.  Сондықтан  да  бiрдеңе 
тапсаңдар 
талшық 
етiп 
мынау 
тiрлiксымақтарыңды 
жалғастырғыларың  келедi.  Ал  мен  болсам  дәмеден  де,  тiршiлiктен 

 
175 
де, сенiмнен де қол үзген жанмын. Менде жалғыз
-
ақ тiлек, жалғыз
-
ақ сұрақ қалған. Бермей тұр ғой, сол жалғыз тiлек пен сұрақты, бұл 
құдiретi  күштi  жаратқан.  «Үмiт  соңынан  ӛледi»  деушi  едi,  оның  да 
ӛлгенiне қаншама уақыт ӛттi…
 
 
Дiлдә тӛсегiне барып қисаяды. Сол шақта тағы да есiк 
алдында ұйлығысып тұрған пақырларға кӛзi түседi. Пақырлар қолын 
жаяды.
 
 
ДIЛДӘ. Сорлылар
-
ау, әлi де бiрдеңе дәметiп тұрсыңдар ма ?.. 
Барыңдар.  Барыңдар.  Шаршап  қалдым.  Менде  ештеңе  де  қалған 
жоқ.
 
 
Пақырлар  кетедi.  Дiлдә  тағы  да  зарлы  сазбен  ӛзiмен
-
ӛзi 
сӛйлескендей, бiр ӛлеңдетiп, бiр сӛйлеп кетедi.
 
 
ДIЛДӘ.  Мынау заман қай заман, қалай заман,
 
Кiсi атанды
-
ау ӛмiрдi лайлаған.
 
Не жазығым бар едi, о, Тәңiрiм,
 
Жайсаңдарды қор еттi
-
ау малай, надан.
 
О, Жаратқан! Шыңдап сұраған тiлегiндi беремiн дейдi екенсiң! 
Шын  тiлегiм,  жалғыз  тiлегiм!  Салсаңшы  менiң  мына  тiрiлей  ӛлi 
денемдi қара жерiңнiң қойнына!
 
Бұ тiрлiкте маған кӛрсетпеген нең қалды ?
 
Мен қимайтындай нем қалды ? Тiлегiн тiлер кiмiм бар ?
 
Басымды сүйер кiмiң бар ?
 
 
Ер азды, ел тозды …
 
 
Ел дегенiңнiң сиқы жаңағылар. Ер дегенiң кiлең есiрiк.
 
 
Елге не болды ? Ерге не болды ?
 
 
Қайдасыңдар ел тiзгiнiн ұстаған жақсылар мен жайсаңдар? Ен 
даланы елге толтырып едiндер, әр тӛбенi малға толтырып едiңдер. 
Қайдасыңдар  қалың  елiм  ?  Қайдасыңдар  Сарыарқаға  симаған,  сар 
далаға сән берген қайран жұртым, қазағым ? ..
 
 
Қайдасың Абай ? .. Сенiң де қате сӛйлейтiн жерiң бар екен ғой 
…  Мен  iшпеген  у  қалмады  деушi  едiң,  қалыпты  ғой  …  маған 
қалыпты ғой.
 
 
Абай
-
ау!  Сен  –
 
қалың    елiң  қазағың  қалай  ел  болады,  қара 
орманың, қазағыңның қара баласы қалай ӛзге елден кем болмайды 
деп  зарлап,  соның  жолында  у  iшiп  едiң.  Бiрақ  сенiң  қамын  ойлар 
қазағың  бар  едi.  Ертеңi  күнi  не  болады  деп  уайым  шегер  елiң  бар 
едi. Ендi не болды ? Ендi не қалды ?
 
 
Қара орманың тәркi болды.
 

 
176 
 
Қалың елiң қазағыңның басы бұтаның түбiнде, сирағы сайдың 
тұйығында  қалды.  Ер  жеткiзем,  елден  оздырам  деген  қара  балаң 
қайыршыға  айналды.  Құнанбай,  Абай  тұқымын  түгелдей  жалмап 
тауысып,  тiптi  исi  Ырғызбайдан  ұрпақ  қалмауға  айналды.  Осының 
бәрiн  кӛргенде  шыққыр  кӛздiң  шығып  кетпей,  жаралы  жүректiң 
жарылып  кетпей  әлi  күнге  қалай  шыдап  жүргенiн?..  әлде  саған 
хабар жеткiзуге қалдырған, сен iшiп үлгермеген у мен зәрдi тауысып 
iшуге қалдырған құрбандығы, мен бе екен? ..
 
 
О, Жартақан! Мен тойдым бәрiне де …
 
 
Қасиет қонған ер едiң ғой, Абай!
 
 
Алсаңшы менi қасына…
 
 
Алсаңшы менi қасыңа…
 
 
Дiлдә  шаршап,  талықсып  ұйықтап  кетедi.  Түс  кӛрiп  жатқаны 
байқалады.
 
 
 
ЕКIНШI  КӚРIНIС
 
 
 
Абайдың Алшынбайға сәлемдесуi.
 
 
 
Кең жайлау. Шағаладай аппақ отаулар. Алыста үйiр
-
үйiр мал. 
Ауыл  кӛркiнен  үлкен  тойға  дайындық  байқалады  Оңашалау, 
кӛкжиекке  кӛз  тастап,  ӛзiмен
-
ӛзi  жалғыз  тұрған  жас  қыз  –
 
Дiлдә. 
«Ажарлым»,  «Ажарлым»  деген  дауыстан  шошып  қалған  Дiлдә 
дауыс  шыққан  жаққа  бұрылады.  Сахнаға  алқына  жүгiрiп  бiр  жас 
келiн шығады.
 
 
 
ЖАС  КЕЛIН.    Ажарлым!  Ажарлым!  Мен  құдаларға  шәй  құйып 
бердiм. Iшiнде күйеу бала да болды. Аты кiм едi ӛзiнiң?
 
 
ДIЛДӘ. Абай ғой. Оның аты Абай ғой!
 
 
 
Дiлдә ӛңiнен Абай атын қуана айтқаны, мақтанышпен айтқаны 
сезiлiп тұрады.
 
 
 
ЖАС  КЕЛIН.    Сенiң  сол  болашақ  күйеуiң,  Абайың  бiздiң 
ауылдың  бар  еркегiн  қырып  салды.  Қатырды.  Запыран  қайнағаны 
ӛлтiрдi.  Ойбай
-
ау  тек  оны  емес  бәрiн
 
бiрден,  бiр  ауыз  сӛзбен 
бауыздамай,  қан  шығармай  мүрдем  жiбердi.  Елдi  аузына  қаратып 
жалғыз  ӛзi  сӛйлеп  отыратын  «Запыран  қайнаға»  бүкiл  шәй  үстiнде 
үнсiз  қалды.  Тiлiн  кӛмекейiмен  қоса  суырып  алғандай,  тым
-
тырыс 
отырды да қойды.
 

 
177 
 
ДIЛДӘ.  Жеңеше!    Тоқтай  тұршы.  Демiңдi  басшы…  Мiне 
осылай…  Ендi  жайлап  қана  маған  шәй  үстiнде  не  болғанын 
түсiндiрiп бершi. Немене, Абай бiреудi ӛкпелетiп алды ма?..
 
 
ЖАС  КЕЛIН.  Үлкен  Отауға  құдалар  келедi,  қонақтарға  шәй 
құйып бересiң дегесiн мен күнi бойы сонда болдым. Әуелi би атам 
және бiраз ауыл адамдары келдi. Iшiнде Запыран қайнаға да болды. 
Сосын Тобықтылар, тӛрт
-
бес кiсi кiрдi. Сәлемдескенi де қызық екен 
ӛздерiнiң.  Әсiресе  ең  соңынан  кiрген  күйеу  жiгiт  қолын  кеудесiне 
қойып  «Ас
-
са
-
ла
-
ма
-
ғалай
-
ком
-
м»  деп,  ӛлең  айтқан  кiсiдей
-
ақ 
созғаны…
 
 
ЖАҢА   КӚРIНIС
 
 
 
Сӛндi  отау.  Тӛрiне  жайғасқан  Алшынбай. Оның  екi жағын  ала 
сәл тӛменiрек орналасқан үш
-
тӛрт ауыл ақсақалдары. Қонақ күткен 
райлары байқалып тұрады. Соңынан кiрген жастау жiгiт шеткi кiсiнiң 
қасына отыра бергенде –
 
«бұл жерге күйеу отырады, сен ана жаққа 
отыр, кесе алып берiп отырарсың» 

дейдi. Үйге тӛрт
-
бес кiсi кiредi. 
Сәлемдеседi.  Ең  соңынан  кiрген  Абай  қолын  жүрегiне  қойып,  iзет 
белгiсiн жасай сәлем бередi.
 
 
 
ТОБЫҚТЫЛАР. Ассалаумағалайком!
 
 
АБАЙ. Ассалаума
-
ғалай
-
ком
-
м!
 
 
АЛШЫНБАЙ. Уағалайком
-
ас
-
салам. Бар бол балам!
 
 
БIРIНШI КIСI.  Пай, пай, пай …ай!
 
 
Мына кӛмейi суырылған
 
 
Шешен ұрпағының жастауын
-
ай!
 
 
Ата салты әдептен аспауын
-
ай!
 
 
Сәлемiнiң ӛзiн әндей ғып бастауын
-
ай!..
 
 
Нағашы жұрттан да саспауын
-
ай!..
 
 
 
Отырғандар  жымындасып,  қозғалысып  қалады.  Бiр
-
бiрiне 
қарасады.
 
 
 
ЕКIНШI  КIСI.  Шүкiр,  шүкiр  Аллаға!  Тағы  да  бiр  тобықтының 
күйеу боп бiздiң табалдырықты аттауын
-
ай.
 
 
Әкесi Құнанбайға ұқсап кетпей
 
 
Ӛзiн құдайдың сақтауын
-
ай!
 
 
Осылай сәлем бер деген Құнанбай нұсқауы ма
-
ай!
 
 
Әлде топта ӛнер оздырған нағашыларға ұқсауы ма
-
ай!
 
 
 
 
Отырғандар  күбiрлесе  күлiсiп,  бiр
-
бiрiне  жеңiл
-
желпi  тiл 
қатысып қалады.
 

 
178 
 
 
 
ЗАПЫРАН ҚАЙНАҒА. Япырым
-
ай, шынында да сәлемiнiң ӛзiн 
ерекше саптауын
-
ай! Әкесi Құнанбайдың шешем атын ақтауын
-
ай!
 
 
Тек, әттеген
-
ай!
 
 
Бүкiл  денесiн  әлдем
-
ақ  тоқты  қошқардай  қалың  түктiң 
қаптауын
-
ай!
 
 
 
 
Отырғандардың  кейбiреулерi    күлiсiп    қалады.  Алшынбай 
Абайға  жаны  ашығандай,  үшiншi  кiсiге  шытынай  қарайды.  Абай 
қысылғаннан  гӛрi  қуанғандай  кенет  жадырап,  үшiншi  кiсiнiң  «қап, 
әттеген
-
ай» деген сӛзiн соза қайталап жұрт назарын ӛзiне аударып 
алады.
 
 
АБАЙ. Қап, әттеген
-
ай! Шаншарларға сәлемiм ұнамай шуласып кеткенiн
-
ай! Күйеу баласын қошқарға теңеп, ӛз абыройларын ӛзi тӛккенiн
-
ай. О баста 
Құнанбайға қызын ұзатарда сәл нәрсеге ақылының жетпеуiн
-
ай!
 
Қызын ұзатарда жабыла жамырап «Қызым түктi бала таппа» 

деп айтпауын
-
ай!…»
 
 
Күлкi пышақ кескендей тыйыла қалады. Алшынбайдың жүзi 
жадырағандығы байқалады.
 
 
АЛШЫНБАЙ.  Ал  ендеше,  шешенсымақтар!  Үшеуiңе  бiр
-
ақ 
сыбаға!
 
 
Отырғандардың абыр
-
сабыр дыбыстарын айналып бара 
жатқан сахна алыстата бередi. Сахна сӛйлесiп тұрған Дiлдә мен жас 
келiндi алып келедi.
 
ЖАС КЕЛIН. Сенiң Абайың басы қазандай, ұп
-
ұзын қара бала 
екен.  Созып  сәлем  берiп,  қайнағаларға  жаңағыдай  жауабын 
қайырып  ӛз  орнына  жайғасып  болғасын  Би  атам  дұға  оқып  бетiн 
сипап  арнайы  бата  жасады.  Үлкен  қайнаға:  «Мына  бала  болайын 
деп тұр ғой» 

дедi. Запыран қайнаға шәйiн үн
-
түнсiз iштi.
 
 
Дiлдә ұмтылып барып жеңгесiн құшақтайды. Жаңарынан 
қуаныш
 
сезiмi байқалып тұрады. Сахнаға тағы бiр келiншек асығыс 
кiредi.
 
 
КЕЛIНШЕК.    Еркежан!  Еркежан!  Сүйiншi!  Бүкiл  ауыл  болып 
күйеу  баланы  сӛз  ғып  жатыр.  Мақтап  жатыр.  Би  ата  сенiң  апаңды 
шақыртып алып: «Дiлдәңның жамылғаны алтын тон болар, қорғаны 
алмастай  кескiр  сӛз  болар.  Бағы  ашылыпты  қызыңның,  баянды 
болсын» 

деп, әдейi құтты болсын айтыпты.
 

 
179 
ДIЛДӘ.  Жеңеше
-
ай!  Хабарың  қандай  қуанышты  едi!  Ӛмiрде 
кӛрмеген  адамыма  сондай  ынтазар  еттi  ғой!  Қуанышымның  куәсi 
болсын, осы күндi еске ала тағып жүрерсiң, мә, сүйiншiң…
 
 
Дiлдә  саусағынан  сақина  алып  жеңгесiнiң  саусағына  салады. 
Ӛзi жеңгелерiнен бӛлiне шетке шыға бередi. «Абай, қандайсың ӛзiң» 
деген  дыбысы  естiлiп  тұрады.  Сахна  айналып  әзiлдесiп  тұрған 
бiрнеше кiсiнi алып келедi.
 
 
БIРIНШI АДАМ. Жас күйеу сенi омақастырып кеттi
-
ау!
 
ЗАПЫРАН ҚАЙНАҒА. Ӛмiрiмде әзiл сӛзге сасып кӛрмеген жан 
едiм.  Құдай  ұрып,  қара  басып  әлгi  жас  баланың  пысы  басып 
масқара  болғаным.  Тез  жауап  қайтару  қажет  екенiн  бiлiп
-
ақ 
отырмын.  Кӛкiрекке  ештеңе  оралмай,  оның  үстiне  Алшекең  де 
«ушеуiңе бiр
-
ақ сыбаға» деп басып тастағаны.
 
БIРIНШI  АДАМ.  Жаңағыдай  жауаптан  кейiн  кiм  не  тауып  айта 
алушы едi. Менiң кӛзiме қазiр үш тармақты айырға, шаншардың үш 
шалын  iлiп  алып  аспанға  кӛтерiп  тұрған  жас  күйеу  бала  елестейдi. 
Әсiресе сен аяқ
-
қолың тырбаңдап бiрдеңе айтпақ боласың…
 
 
Тыңдаушылар күлiсiп, шуласып қалады.
 
 
ЕКIНШI  АДАМ.
 
Аға,  Сiз  бұларды  аспандатып  жiбердiңiз  ғой. 
Маған  басқаша  елестеп  тұр.  Абай  бала  сiз  айтқан  үш  тармақты 
айырмен бұларды жерге шанша салған сияқты.
 
ҮШIНШI  АДАМ.  Жә,  тоқтаңыздар!  Босына  ыржақтамаңдар. 
Ендiгi  жерде  бұл  әңгiмеге  үйiр  болмандар.  Алшекең  келiнiн 
шақырып  алып  бата  берiптi.  Дiлдәңның  бағы  ашылар  дептi. 
Жамылары алтын тон болар дептi. Арқасын сүйерi асқар тау болар 
дептi. Қамқоршысы алмастай ӛткiр сӛз болар дептi. Ендiгi жерде ана 
жас  күйеу  балаға  күйеу  деп  қарамай,  бiр  елдiң  бас  азаматы  деп 
қарасын дептi. Балаларың бақытты болсын деп батасын берiптi.
 
 
Естiп тұрғандар –
 
айтқаны келсiн –
 
деседi.
 
 
Сахнаға айналып ұйықтап жатырған Дiлдәнi әкеледi. Дiлдә 
ояна бастайды. Есiн әлi толық жинай қоймаған Дiлдә бiреумен 
сӛйлескендей болады.
 
 
ДIЛДӘ. Қасиеттi Алшынбай атам
-
ау! Қайда берген сол батаң? 
… Қайда тiлеген тiлегiң?… Қайда сол бақыт?…
 
 

 
180 
Жоғарыдан күңiренген дауыс естiлгендей болады. Дiлдә 
шошып  қалып дыбысқа құлақ түредi. Жоғарыдан жеткен дыбыс 
күмбiрлей естiледi.
 
 
ДАУЫС. О не дегенiң балам? Жаман ӛмiр сүрiп пе ең? Тiрлiкте 
бақытсыз  болдым  деп  айта  аласың  ба?  Жетi  атасынан  «Қаракӛк» 
атанған: Бұлбұл би, Шаншар би, Келдiбек би, қаз дауысты Қазыбек 
билердей тектiлерден тараған Алшынбайдай аруақты жан немересi 
болып ӛмiрге келгеннiң ӛзi бақыт
 
емес пе? Туған тегiңе, ӛмiр сүрген 
ортаңа айтар ӛкпең бар ма едi?…
 
ДIЛДӘ.  (шошып  кетедi).    Жоқ!  Жоқ  Ата!  Бұл  не?  Түс  емес 
сияқты  ғой.  Мынау  ӛңiм  емес  пе!  Аталарым  аян  берiп  жатыр  ғой. 
Бақытсыз болмадың дейдi ғой… Бiрақ сол бақыттан қазiр не қалды? 
Мен  неге  сорлап қалған жандаймын?  Менiң  жаным  неге  ӛзiне  ӛлiм 
тiлейдi?  Тәңрiм  неге  ӛмiрге  құмартпайды?  Жауап    бершi  осы 
сұрағыма,  қасиеттi  аталарым!…  Қазыбек  бабам  ба  бұл?  Бекболат 
би,  Тiленшi  би  аталарым  ба?  Кӛз  кӛрген  Алшынбай  атам

Сiз  бе 
едiңiз?…  Бақытсыз  емессiң  дейсiңдер,  онда  неге  менiң  ӛмiр  сүргiм 
келмейдi?…  Айтыңдаршы…  Қайдасың  Абай!  Алсаңшы  менi 
қасыңа!…  Қиналдым  ғой.  Қинады  ғой  мына  заман.  Алжаса 
бастадым  ба?…  Ақыл
-
есiм  ауыса  бастады  ма?…  Сол  айтқандай, 
Қажекеңнiң  барлық  баланы  сүндетке  бiр  отырғыздырып,  үлкен  той 
жасатқаны оңды шаруа болды
-
ау.
 
ЕКIНШI  КIСI.    Ие,  онысы  дұрыс  болды.  Әйтпесе  бұрын  бiреу 
кӛшiп келе жатқанда, бiреу қонып жатқанда деген сияқты… Құнекең 
кӛп шаруаны ойланып, ақылмен шешедi ғой.
 
БIРIНШI КIСI. Жарықтық, осы қыстың жайлы болғанын
-
ай. Мал 
да қонды екен. Саяқ аттарды ерте кӛктемде жаратып бәйгiге қосып 
жатыр. Биыл мал да тӛлдi болады.
 
Абайдың 
торықасқасы 
мен 
Есiркептiң 
торысы 
тәуiр 
жаратылған  ба  деп  қалдым.  Талас  келер  ме  екен,  әлде  Есiркептiң 
торысы озық келер ме екен?
 
ЕКIНШI КIСI. Талас келсе Есiркепке бәйгi қайда? Жол Абайдiкi 
деп торықасқаны оздыра салады ғой. Бiр тойда ма, аста ма Құнекең 

 
Алшынбай  тұрғанда  басқа  кiсi  бәйге  алушы  ма  едi!  –
 
деп,  екiншi 
келген Алшекең атына бас бәйгенi бере салыпты дейдi ғой.
 
ҮШIНШI  КIСI.  Аттар  кӛрiне  бастады.  Қарандаршы  кiмнiң  кӛзi 
ӛткiр.  Алдыңғы  ат  торы  болар.  Торы  терлегенде  қара  болып 
кӛрiнедi. Маңдайында қасқасы бар ма, жоқ па?
 
 
Адамдар сӛйлесiп кетiп бара жатады. Екiншi жақтан сахнаға 
басқа бiр топ адамдар кiредi. Бұл топта қасында тоғыз жасар
 
баласы Мағауия бар Абай болады.
 

 
181 
 
БIРIНШI    АДАМ.  Абай!  Бұл  тойға  жүйрiк  жиренiңдi  қоспай  бiз 
кӛрмеген торықасқаны қосыпсың ғой. Қандай жылқы?..
 
АБАЙ. Қандай екенiн қазiр ӛзi айтады.
 
ЕКIНШI  АДАМ.  Аттар  айқындала  бастады.  Алдына  бiр  торы 
келедi.
 
АБАЙ.  Торы  кӛрiнерiн  бiлiп  тұрмыз.  Тек  қана  дұрыстап  қара, 
маңдайы жарқырап келе ме, әлде жәй тора ма?..
 
ЕКIНШI  АДАМ.  Әзiр аңғартпай тұр.
 
БАЛА.    Ең  алдында  бiр  торы  келедi,  артында  таяу  тағы  бiр 
торы. Арттағысының қасқасы бар екен. Тағы бiр топ ат… Ала шаң.
 
ДЫБЫСТАР. Торы келедi… Есiркептiң торысы келедi. Оқ бойы 
озып келедi.
 
 
Абай қасына Есiркеп келедi.
 
 
ЕСIРКЕП.  Абай  құрдас!  Атың  жүйрiк  жылқы.  Жаратуын 
келiстiрсе айтулы ат болғалы тұр.
 
АБАЙ.  Әй,  Есiркеп!  Сыйладым  саған  сол  атты!  Бабын  келтiр 
де  оздыр.  Абай  сыйлап  едi  деп  айта  жүрерсiң.  Кәзiргi  байрағы  да 
сенiкi. Есiркеп.  (Қуана  айқайлап) Екi  бәйге  де  менiкi!  Ау,  жараңдар! 
Маған Абай жүйрiгiн сыйға тартты. Бiрiншi бәйге де, екiншi бәйге де 
менiкi!..
 
 
Есiркептiң қуана, аптыға сӛйлеген даусы алыстай бередi.
 
 
АБАЙ. Қап,
 
мын жаман Есiркептiң торысын
-
ай! А, Мағаш! Бұл 
қалай болды, ӛзi?..
 
 
ҮШIНШI  КӚРIНIС
 
 
Құнанбай  үйi.  Жасы  жеткен  бiрнеше  адамдар,  iштерiнде  Нұрғаным  мен 
Дiлдә  бар,  шәй  iшiп  отыр.  Жас  келiншек  құйған  шәйдi  Дiлдә  алып  берiп 
отырады.
 
 
ҚҰНАНБАЙ.  Биыл  Алла  тағаланың  мейiрi  ерте  түсiп  тұр  ғой. 
Мал  күйлi,  адам  кӛңiлдi.  Елдiң  аузы  аққа  ерте  тиiп  мәз
-
мәйрам. 
Аллатағала  берейiн  десе  молынан  бередi  ғой.  Тек  қана  халыққа 
қанағат берсiн де.
 
БIРIНШI  ШАЛ.  Ел  мәз
-
мәйрам!  Оның  үстiне  Сiздiң  ауыл 
мынадай той жасап халық кӛңiлiн тағы да кӛтерiп тастады. Әйтпесе 
ерте кӛктемде ат шаптырып жасайтын той қайда?..
 

 
182 
ЕКIНШI  ШАЛ.  Қажы
-
еке!  Осы  басқа  мұсылман  елдерi  де 
баласын сүндетке отырғызғанда той жасайды ма екен?
 
ҚҰНАНБАЙ. Асылы, Қуанған кезде жүрегi жарылып кетуге шақ 
қалатын,  балаша  қуанып,  еркеше  ӛкпелейтiн,  табиғат  мiнездi, 
нәресте  пейiл  ел  бiз
-
ақ  болармыз.  Бiр  шаңырақ  басындағы  сәл 
оқиғаға бола бүкiл жұрт боп жиналып, тойшылары ен далаға симай 
кететiн,  бiр  ошақ  қуанышына  ел  боп  қуанып,  бар  ӛнерiн  ортаға 
салатын,  бiлгiрi  мен  ойшылын,  сұлуы  мен  сүйiктiсiн,  батыры  мен 
балуанын, тiптi тентегi мен содырын да сол жиында анықтап алатын 
халық та бiз ғана болармыз. Ал шындығына тереңiрек ой жүгiртсек 
той  деген  бiр  кiсiнiң  қуанышына  бола  жасалмайды.  Той  деген  ел 
арасындағы  бәсеке.  Бәсекелесу  –
 
ол  жақсы  қасиет.  Ақын  айтысқа 
шығарда  сӛзi  ұтымды  шықсын  деп  қаншама  нәрсенi  танып,  бiледi. 
Палуан  күшiн  жеткiзем  деп  қаншама  терiн  тӛгедi.  Жұрттың  кәзiр 
«Палуантас»  атап  кеткен  тасын  Оспанның  қаншама  рет  аударып
-
тӛңкергенiн бiр Алланың ӛзi бiлсiн. Тойға барамыз деп қыз
-
келiншек 
бойын  түзеп,  сәнiн  келтiрiп  айлар  бойы  дайындалмай  ма?  Тойға 
дайындық  кезiнде  ел  тек  қана  жақсылықты  ойлайды.  Ӛз  елiнiң 
қамын  ойлайды,  кем  түспеуiн  ойлайды.  Қазақтың  тойы 
-   
қазақтың 
елдiкке ұмтылған бәсекесi.
 
ҮШIНШI ШАЛ. Құнеке! Кӛзiмiз кӛрдi, iшiнде болдық. Осы айтып 
отырғаныңыздың  бәрi  Сiздiң  атаңызға  берген  аста  да  болды  емес 
пе? Ӛскiнбай асында билiк айтқан би, Ӛскiнбай асында бәйгi алған 
ат, Ӛскiнбай асында айтысқан ақын… осындай дәрежеге кӛп кiсiлер 
ие болды ғой. Бiз оған
 
мән бермей жүрiппiз
-
ау! Құнанбай әкесiне ас 
берiп  ӛз  атын  шығарады,  тобықты  атын  шығарды  деп  естушi  ек.. 
Тiптi  әлi  күнге  Ӛскiнбай  асында  болып  едiм  деп  мақтанатындар 
толып  жатыр.  Тек  асқа  қатынасқаны  үшiн  соншалық  мақтануға 
болғанда  жүлде  алғандар,  шапан  кигендер,  ауызға  iлiнiп 
мақталғандардың  қандай  ұшпаққа  шығатыны  ӛз
-
ӛзiнен  белгiлi.  Ас 
пен  той  тек  бiр  кiсi  емес  кейiн  тұтас  халықтың,  рулы  елдiң 
оқиғасына,  тындырған  iсiне  айналып  кетедi  екен  ғой.  Ӛскiнбай 
асында  «Түйепалуан»  атанған  жанға  ендi  қандай  абырой
-
атақ 
қажет?  Ол  ендi  қаншама  жеңiске  жетседағы  Ӛскiнбай  асының 
түйепалуаны  дегеннен  артық  дәреже  ала  алады  дейсiң  бе?  Ие, 
қазақтың тойының сондай да астары бар екен ғой…
 
ЕКIНШI  ШАЛ.  Бiздiң  қазақта  да  талай  бiлгiр  бар  шығар.  Бiрақ 
осы  ӛзiмiздiң  Қажыекең  ағып  тұрған  бiлiм  кӛзiндей  ғой.  Жарықтық, 
бұ кiсi сӛйлеп кеткенде күнде кӛрiп жүрген үйреншiктi нәрсеге басқа 
кӛзбен  қарап,  жаңа  кӛргендей  боласың  да  қаласың.  Бұны  бұрын 
қалай  байқамағанмын,  бұрын  қалай  кӛрмегенмiн  деп  таң  қаласың. 
Құнекеңнiң кӛзi ерекше кӛз ғой…
 

 
183 
ҚҰНАНБАЙ. Жә, бiреу бас жаққа барыспайық деген екен. Сенiң 
не  мақтап  отырғаныңды,  не  даттап  отырғаныңды  айыру  оңайға 
түспес. Бәсеке жалпы жаман нәрсе емес деп мен жаңа айттым ғой. 
Барлық  нәрсе  тек  қана  бәсекемен  жетiседi.  Бүгiн  ұтылған  ертең 
ұпайын  түгендегiсi  келедi.  Атын  қалдырып  алған  Сейiс  ӛз  қатесiн 
iздеп, ендi қайталамауға тырысады. Бәсеке жаман болса анау ақын 
Абай,  хакiм  Абай,  ақылды  Абай  деп  жүргендерiң  де  бүгiнгi  тойда 
менiң  атым  Есiркептiң  атынан  қалып  қойды  деп  арланар  ма  едi?.. 
Кәне, қайта айтып бершi –
 
Мағаш не деп айтты дейсiң?…
 
БIРIНШI КIСI.  Бiздер Абайдың қасында тұрғанбыз. Бiр уақытта 
бiр баланың: «Аттар келiп қалды, алдында бiр торы, артында торы
-
қасқа» 

деп, айқайламасы бар ма.
 
ЕКIНШI  КIСI.  Абайдың ӛзi де алдында екi торының бiрi келедi 
деп тұрған. Абай жылқы таниды ғой.
 
ҚҰНАНБАЙ. Сiздер не айтып кеттiндер! Мал танымайтын қазақ 
болушы ма едi. Кiсi болам деген кiсi, ел болам деген ел әуелi адам 
таныр  болар.  Мен  осы  шәйға  Дiлдә  келiндi  әдейi  шақыртып 
отырмын.  Дiлдә  шырағым,  Мағашыңның  әкесiне  не  дегенiн  тыңда. 
Кәне, айтшы, Мағашжанның не дегенiн.
 
БIРIНШI  КIСI.  Есiркептiң торысы анық кӛрiнгенде Абай: «Қап, 
мына  жаман  Есiркептiң  торысын
-
ай!» 

деп,  ӛкiнгендей  басын 
шайқап. –
 
Мағаш, бұл қалай болды, ӛзi –
 
деп едi. Мағаш күнi бойы 
жауабын  дайындап  қойғандай,  ендi  Абайдың  сол  сұрағын  күтiп 
тұрғандай
-
ақ:
 
-
 
О не дегенiңiз Абай аға! Ол сiзден қорқып шаппай қоятын
 
Есiркеп емес қой, ол хайуан торы айғыр емес пе? –
 
дегенi.
 
ЕКIНШI КIСI.  Апырым
-
ай! Жасы онға толмаған бала! Қалай
 
айтты екен?  Дәл солай дедi. Мен де естiп тұрдым.
 
 
НҰРҒАНЫМ.  Мағаш  әлгiдей  дегенде  Абай  Мағашты  екi 
иығынан ұстап сәл шегiндiре берiп, бетiне ажырая қарады да, басын 
шайқап, бiрдеңе деп жүрiп кеттi.
 
 
ҚҰНАНБАЙ. Қалай дедi дейсi, тағы бiр айтшы.
 
 
НҰРҒАНЫМ.  Мағаштың  даусы  да  әдемi  ғой.Кәдiмгi  кәнiгi 
билерше  даусын  сызылта  созып:  «О  не  дегенiңiз,  Абай  аға!  Ол 
Сiзден  қорқып шаппай  қоятын  Есiркеп  қой  деп  пе  едiңiз…  Ол торы 
айғыр емес пе? Хайуан емемс пе?»

дегенi. Абай тiксiне, баласының 
екi  иығынан  ұстап  ӛзiнен  алыстата,  шегiндiре  бердi.  Ӛңi  қатты 
ӛзгерiп  кеткендей екен. Балаға  ұрысқалы  жатыр  ма  деп  ара  түсуге 
ұмтыла берiп едiм. Мағаштың бетiне аз уақыт басын шайқап қарап 
тұрып,  ештеңе  деместен  жүрiп  кеттi.  Бiрдеңелердi  айтып  бара 
жатқан сияқты болып кӛрiндi.
 
 

 
184 
 
Осы  кезде  үйге  Мағауия  кiредi.  Құнанбай  ымдап  қасына 
отырғызады.  Мағауия  туралы  әңгiмелердi  рахаттана  тыңдап 
отырғанын байқатады.
 
 
 
ҚҰНАНБАЙ.  Шырағым  Дiлдә!  Мағаш  екеуiндi  әдейi  шақыртып 
отырмын.  Болар  бала  жас  болмас  дейдi  екен.  Оған  кӛзiмiз  жетiп 
келе  жатыр.  Аталарымыз  бала  атадан  ширек  кем  туды  деп  те 
мақалдайды  кей  кезде.  Ол  да  мүмкiн  шығар.  Бiрақ  Абайым  кем 
тумап едi. Мыңа Мағашым да ешкiмнен кем болмас, тек Аллатағала 
талабын оңға бастағай. Балама бата бергелi отырмын.
 
 
Бисмиллаһи р
-
рахмани р
-
рахим. (Құран сүресiн оқиды).
 
Ей, құдiретi Күштi Жаратқан, Аллатағала,
 
 
Немерем Абайұлы Мағауияны
 
 
Қара ниеттiнiң кӛкiрегiнен,
 
 
Жалақордың ӛтiрiгiнен сақтай гӛр.
 
 
Қызғаншақтың кӛзiнен,
 
 
Нақұрыстың ӛзiнен сақтай гӛр.
 
 
Бесiгi бӛбекке толғай,
 
 
Қорасы тезекке толғай.
 
 
Шаңырағы мерекелi болғай.
 
 
Дастарханы берекелi болғай.
 
 
Бұ жақта жиғаны бұйырғай,
 
 
О жақта иманы бұйырғай.
 
 
Жамандыққа сабыр ет,
 
 
Батамызды қабыл ет.
 
 
Аллаһу акбар! Әмин!
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет