Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Едіге  ҧрпағы.
 
Бірақ  сол  кісілер  ӛздерін  бақытты  санады  ма 
екен?.. Санай алмаған болар… Сондай билеушілер  ӛмірден ӛтерде 
ӛкініш  отына  басқалардан  кӛбірек  ӛртенетін  болар.  Әйтпесе  Ер 
Едіге деп кӛзі тірісінде
-
ақ дастандар арналған кісі    ӛмірден ӛтерде  

 
баста бірлік болмады
-
ай деп, кӛкірегін жара күрсінер ме?.. Бәрінің 
арманы тірісінде де біреу, ӛмірден ӛтерде де  біреу
-
ақ!.. Тірісінде ел 
басқарсам  дейді,  “о  жаққа”  аттанарда  болашақ  ұрпаққа  бірлік 
тілейді...  Кезінде  аз  ғана  ағайын  арасындағы  араздық  үшін  ӛз 
тамырына  ӛзі  балта  шауып,  ӛз  шаңырағын  ӛзі    шағып  қате  басқан 
кісінің ӛкініші ӛзегін ӛртейтін болар. Әсіресе болашақ ұрпақ қарғауы 
мүмкін
-
ау деген ойға берілу қандай сұмдық…
 
 
             
Қазтуған ҧрпағы.
 
Сонда
 
сіз қазіргі адамдар, ел Едігені қарғайды 
деп ойлайсыз ба?..  
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Едігенің  жағымсыз  жақтарының  ұмытылғаны 
қашан…  Ел  жадын  қалыптастырушылар  аруаққа  жүк  артуға  құмар 
болмайды.  Жұрт  назарына  ӛмірден  ӛткен  барлық  қайраткерлердің 
тек  жақсы  жағын  ұсынады  да,  бара
-
бара  бәрі  де  ел  сүйіктісіне 
айналып кетеді…
 
 

 
158 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Қанша  дегенменен,  ел  жадында  тарихи 
шындықты  қалыптастырар  да,  шындыққа  жақын  бірдеңелер  қалу 
қажет емес пе?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.  Ел  деген  сағыз  шайнап  жүрген  бала  тәрізді 
тіршілік  етушілер  емес  пе?..  Түсін  жылтыратып,  сәл  секер  қосып 
дәмін  келтіріп  сағызды  аузына  салсаң  болды,  олар  шайнаңдауға 
жалықпас.  Ел  басына  қасірет  орнатқан  жер  шарын  жаулаған 
жаулаушылар  атына,  мысалы  ӛз  бабаларымыз  Темірлан  мен 
Едігеге  ондап,  жүздеп  дастан  арнаған.  Ал  Дарий  патша  біздің 
елімізді жаулауға келгенде парсының бар әскерін айламен құртқан, 
ӛз ӛмірін ӛз еркімен құрбандыққа шалып сақ даласын сақтап қалған 
Шырақ  атты  қойшыға  бір  ауыз  сӛз  де  арнамаған.  Грек 
тарихшыларына  рахмет  Шырақ  атын  мәңгілеп  кетіпті.  Солардың 
жазбасынан бізге нағыз ердің аты жетіп отыр.
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Осы  ағаның  сӛзінің  жаны  бар.  Мен  әлі 
тұрмысқа  шықпаған  кісімін.  Затым  әйел  болғасын,  әйел  тағдыры 
туралы  кӛбірек  ойлаймын.  Біздің  тарихта  ел  қорғаған,  жанын  сол 
жолда  құрбан  еткен  бір  де  бір  әйел  болмағандай,  баяғы  заманның 
ержүрек  әйелдері  туралы,  бұ  заманның  жақсы  әйелдері  туралы  
ешкім ештеңе жазбайды. Жақсы әйел деп мен ӛз елінің әдет
-
ғұрпын 
сақтайтын,  халқының ер  жүрек  батырларына  ана  да,  пана  да  бола 
білгендерін, елі мен ерін қадірлейтін әйелдерді айтып отырмын. Ал 
кездейсоқ  бір  әйел  ӛзінің  некелі  жарын  тастаса,  ұлтының  әдет
-
ғұрпынан  аттаса  болды  барлық  ақын  сол  әйелді  аспандата 
жӛнеледі. Еңлік деп еңірейді, Ақбӛбек деп аңырайды, Қалқаман деп 
қайғырады. Тағы бір мысал. Ӛздерің жаңа ғана әңгіме еткен   Шырақ 
деген  батыр  бала  туралы  бір  ауыз  сӛз  қалдырмаса  да,  ӛз  әкесін 
ӛлтірген Болатбек деген бала туралы дастан жазады, ән шығарады. 
Мына ағаның сағыз шайнайды деп тұрғаны да сол болар.
 
 
  
Қазақбай.
 
Қарындас  десем  де  болар,  қызым  десем  де 
орынсыз емес. Мана менің аузымнан “адам да түзеліп келеді, заман 
да  түзеліп  келеді”  деген сӛз  шығып  еді.  Қалай  аузыма  түсті  деп те 
таңырқаған  едім.  Асылы,  сол  сӛзді  менің  аузыма  періште  салған 
болар. Сіздердің мына ойларың, осы сӛздерің соның айғағы. Елдің 
елдігі  туралы,  адамның  адамшылығы  туралы  осылай  толғана 
алатын ұл
-
қызы бар елдің басына бірлік те, бақыт та жақындап келе 
жатқан болар…
 
 
     
Дауыстар. 
 

 
Аумин!.. 
 

 
159 

 
Айтқаныңыз келсін!..
 

 
Жақсы сӛз, жарым ырыс!
 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Ағатай
-
ай!.. Мына сӛзіңіз менің кӛмейіме ӛксік, 
кӛзіме жас толтырып жіберді ғой!.. Қандай жақсы ниет еді!.. Қандай 
асыл арман еді!.. Алла тағала оңына келтіргей!..
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Босама,  шырағым!  Ағаңның  сӛзі  баяғы  бір 
арман  дағы.  Елдің  ойын,  халықтың
 
жайын  білу  оншалықты  қиын 
нәрсе  болмаған.  Олар  туралы  білгілерің  келсе,  соңғы  жазылған 
бірнеше  ақын  ӛлеңдерін  оқып  қараңыз.  Оқи  отырып,  ӛзіңіз  де  ӛз 
ойыңызды  қалыптастырасыз.  Ақын  –
 
халықтың  тілі.  Менің  қасиетті 
бабам Қазтуғанның сӛздерін қазір бір тарихи
 
кезеңнің баяндауы деп 
бағалап жүр емес пе… Бұрын
-
соңды еш елде, еш жерде болмаған 
ұлы  мемлекет  –
 
Ұлық  Ұлыс,  Алтын  Орда  деп  те  атала  береді,  сол 
байтақ  ел  басындағы  бірлігі  кеткен  күні    ұсақ
-
ұсақ  хандықтарға 
бӛлініп тыныпты. Бӛлініп алып та бір
-
бірімен жауласулы. Ең қауіпті 
жау –
 
іштен шыққан жау.
 
  
     
Бҧхар  ҧрпағы.
 
Біздің  Бұқар  жырау  бабамыз  да  іштен  шыққан 
жау жаман деген екен.
 
 
  
Қазақбай.
 
Мен сіздердің осы сӛздеріңнен, кенеттен ойға орала 
кеткен, бір қорқынышымды айтайын ба?..
 
 
     
Дауыстар. 
 
     

  
Қорқынышы несі?..
 

 
О не қорқыныш?.. 
 

 
Ал айтыңыз…
 

 
 
  
Қазақбай.
 
Құдай сақтасын дейінші. Айтпақ ойым бар болғаны 
мысал ғана… Тағы да Құдайдан кешірім ӛтініп алып, егер қазір  елді 
жинап  жіберіп:  “Біз  мына  байтақ  қазақ  елін  онға  бӛлеміз.  Осы 
елдерді  билейтін  он  кісі  шығыңдар  десе”…  Не  болар  еді?..  Мен!.. 
Мен!…  Мен!..  –
 
деп  келісе  кетушілер  табыла  кетер  ме  екен?..  Жоқ 
әлде… Іргесі бүтін елді бӛледі деген не сұмдық?.. Ата
-
бабаларымыз 
талай
-
талай бӛлініп кӛрген, бірақ бақытсыздықтан басқа ештеңе де 
таппаған.  Алтын
 
Орданы  онға  бӛліп  алғандар  да,  бір  қазақты үшке 
бӛліп  алғанда  да  шыққан  мүйіз  шамалы  болатын.  Бӛлінгеннен  кім 
мұратына жетіп пе еді?, –
 
дер ме екен?..
 
 
     
Томирис    ҧрпағы.
 
Ағажан
-
ай!  Бұл  не  дегеніңіз!..  Мынадай 
сұмдық ой басыңызға қалай келіп тұр?.. Бұ заман –
 
байтақ еліміздің 
сауатты  болған  заманы  емес  пе?  Халық  ӛзінің  ұлттық  санасының 

 
160 
аяққа  тапталғанын  кӛрген  ел  еді  ғой!  Шыныменен  содан  да 
қорытынды  шығара  алмайды  ма?    Жүздеген  жылдар  бойы 
бодандықтың  бұғауын    сүйреткен,  азабын  кӛргендер  емес  пе?  Әй, 
ешкім шыға қоймас…   Тарих тағылымы, азамат санасы, ел мүддесі 
деген қасиет тұтар ұғымдар бар емес пе?..
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Айналайын
-
ай, жылап жібере жаздадың ғой! Елдің 
бәрі бастағы бірлік туралы тап ӛзіңдей шырылдаса, тек қана біздің 
елде емес, бүкіл жер шарында “қой үстіне боз торғай жұмыртқалар” 
заман  орнатар  еді
-
ау!  Бірақ  біздің  қазақ  халқының  кейбір  санасы 
уланғандары бірнеше ғасырлық кӛрген қорлық пен мазақты, зұлмат 
пен азапты он шақты жылдық нанға қарны тойған кезеңі үшін құрбан 
етіп  жіберді  емес  пе?  Кешегі    Президент  сайлауы  кезінде  біраз 
жерлестеріміз  қазақ  халқының  тамырын  қырқып  жібере  жаздаған 
коммунистерге де дауыс берді ғой!
 
 
     
Қазтуған ҧрпағы. Жоқ, олай демеңіз. Желтоқсан уақиғасын еске 
алсаңызшы!  Халық  –
 
ел  намысы  дегенде  отқа  түсердей  боп,  біріге 
қалмап па еді?..  Жалын боп лау ете қалмап па еді? 
 
 
     
Едіге ҧрпағы. Жоқ! Мен оған келісе алмаймын. Ол халықтың бас 
біріктіруі  емес  болатын.  Ол  –
 
жастар  шыдамының  бір  сәтке 
шарасынан  асып кетуі, тасып тӛгілуі еді. Жастардың ол қозғалысын 
елдің  саналы  түрде  бас  біріктіруі  десек  біз  ӛзімізді  ӛзіміз  алдаған 
болар  едік.  Ол  қозғалыс  –
 
әлі  де  болса  елдің  басын  біріктіруге 
болатынының дәлелі ғана!
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Сіздердің  осы  ойларың  біздің  Қазтуған 
бабамыздың  кӛзінен  жас  емес  қан  ағыза  жырлаған  зары  екен. 
Қазтуған бабамыздың заманы біздің елдің ең қасіретті жылдарының 
басы болған секілді.
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
”Ақтабан шұбырындыдан” да ма?
 
 
     
Қазтуған.
 
Әрине. Қазтуған  ӛз басына түскен ауыртпалыққа емес, 
болашақ  ұрпақтар  басына  түсер  ауыртпалықтың  салмағына  сана 
жеткізе  алған  кісі  ғой.  Олар  әлі  ӛз  бастарынан  бақыты  тайып  кете 
қоймаған  заманда,  жалы  биік,  жағасы  бүтін  заманда  ӛкініш 
айтқандар  ғой.  Солардың  ӛсиеті  орындалмады  да  ақыры  сол 
замандағы  ел  басшылары  елді    “ақтабан  шұбырындыға  жеткізген 
болатын”.
 
 
  
Қазақбай.
 
Ол сонда қандай ӛкініш
-
ӛсиет қалдырыпты?
 

 
161 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
(Саз  аспабын  күйге  келтіреді).
 
Басынан  ел  бірлігі 
кете  бастағасын  Қазтуған  заманындағы  даналарымыз  кейінгі 
болашақты  болжап  біліп,  қазіргі    Дон,  Еділ,  Жайық  аралығындағы 
атамекенінен Ұлытау, Алатау, Қаратау бойына қарай жылжыған ғой. 
Сол жылдардан қалған бабалар ӛкініші… 
 
  
Бақасы қойдай шулаған,
 
Шырмауығы шӛккен түйе таптырмас,
 
Балығы кӛлге жылқы жаптырмас –
 
Қайран Жайық, қайран Дӛң,
 
Қайран менің Еділім!..
 
Бастан бірлік кеткен күн –
  
Бақ
-
дәулет бастан кӛшкен күн,
 
Қасірет
-
қайғы жеткен күн,
 
Үміті елдің ӛшкен күн… 
 
Енді кімге құтты қоныс боларсың 
 
Адыра қалған бізден жұрт?
 
Қайран да менің Еділім!..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Жарықтық,  Қазтуған  бабамыз  ел  басына  әлі  туа 
қоймаған  заман  үшін  қасірет  шегіп,  әлі  басына  бодандық  бұғауы 
түспеген елі үшін запыран ішіпті.  Ел басынан кете бастаған бірліктің 
зардабының қандай боларын анық сезе біліпті ғой.
 
   
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Бұқар  жыраудың  зары  мен  ӛкініші  дәл 
Қазтуғанның  аузынан  жырып  алып  жырлағандай
-
ау!  Тыңдап 
қараңдаршы… Ол бабамыз да бірде: 
 
“Тоғызыншы тілек тілеңіз
 
Тӛреңіз тақтан таймасқа.
 
Тоқсандағы қарт бабаң
 
Топқа жаяу бармасқа”, –
 
десе,
 
 
енді бірде: 
 
“Жаулаған ханын қара оңбас, 
 
Хан қисайса бәрі оңбас”, –
  
деп сақтандырған екен.
 
Менің жасым тоқсан үш
 
Мұнан былай сӛйлеуім
 
Маған да болар ауыр күш.
 
Ӛлетұғын тай үшін,
 
Қалатұғын сай үшін
 
Қылмаңдар жанжал
-
ерегес!.. 
 
 

 
162 
Ал  сонда  біздің  аталарымызға  осыдан  артық  қандай  ақыл, 
қандай ӛсиет қажет?.. Жаңағы Қазтуған зарын жырлай жүріп, Бұқар 
ақылын  айта  жүріп  біріге  түсудің  орнына  бӛлініп  тынды,  ақыры. 
Соның  арты  “ақтабан  шұбырындыға”  жалғасты.  Оның  арты 
бостандығынан айрылып, бодандыққа бас иді. 
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Пай,  Бұқар  баба  да  айтады
-
ау!  Тоқсандағы  қарт 
бабаң, топқа жаяу бармасқа… дейді. Сонда ол кісі тойға, топқа жаяу 
келе  жатқан  елінің  қарты  үшін  арланып  тұр  ғой…  Сонда  қазір  біз 
кімбіз?..  Жаяу  келе  жатқаны  түгіл  жығылып  жатқанына  да 
қарайламайтын халге жетіппіз. 
 
  
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Ағалар
-
ай!  Бүгін  соншалықты  жақсы  шыққан 
күнді жақсы батыра алсақ жарар еді!.. Кӛлеңкеленіп барады ғой…
 
 
     
Қазтуған ҧрпағы.
 
Кӛлеңке бізден түсіп жатырған жоқ, шырағым.  
Ел  басының  бірлігі  жоқтығынан  пайда  болып  келе  жатқан 
алауыздықтың  кӛлеңкесі  емес  пе?  Қазтуған  мен  Бұқар  жыраудың 
кӛз жасын
 
ағызған бұл сӛздерді қалайша жасырып ұстарсың? 
 
  
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Біздің  Бұқар  жырау  бабамыз  Тәукеге 
дейінгі бірнеше ханға, содан соң Тәукеден бастап Абылайдың соңғы 
деміне  дейін  елдің  басын  біріктірсек  деген  арманыменен  ӛмірден 
ӛткен секілді. 
 
 
 
Шымылдық жабыла бастайды. Адамдар қозғалақтап кетед
і.
 
 
  
Қазақбай.
 
Сонда неге бірікпейді, бұ халық?..
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.  Ойбай
-
ау,  халыққа  салсаң  бірігер
-
ау!  Оған  билік 
басына  таласушылар  ерік бере  ме?.. Бӛліп  алып, бӛрідей  таламай 
ма?..
 
 
 
Шымылдық толық
 
жабылады. Тек қана Бұхар жырау ұрпағы қалады.
 
  
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Хан  тағынан  бӛрік  кигеннің  бәрі  дәмелі. 
Бірақ бас дейтін пәлекеттің бәрі бірдей бӛрікті кӛтергенмен ақылды 
кӛтере  алмайды  екен.  Бәрі  ел  билегісі  келеді.  Бірақ  ел  болып 
ойлағысы  келмейді.  Олар  да  ӛз  елін  жақсы  кӛретін  болар,  бірақ 
олар билік басында болуды  бәрінен де артық кӛреді. 
 
 
     
Дауыстар:
 
 

 
163 

 
Сонда  ел  басын  қалай  біріктіруге  болады  деп 
ойлайсыздар?..
 

 
Біріктіру кімнің қолынан келеді?
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
5 бӛлім. Бірлік
 
 
 
Бұл бӛлімде ел жүрегінің бірлікке құмарлығы баяндалады.
 
 
 
Шымылдық  ашылады.  Ойланып  тас  үстінде  отырып  қалған  адамдар. 
Қазтуған ұрпағы орнынан тұрады.
 
 
 
Қазтуған ҧрпағы. Бірлік бақытқа жол ашады дедік. Ал келістік 
делік.  Сонда  соған  апарар  жол  қандай?..  Сол  жолда  елді
 
кім 
бастамақ?..  Оның  арты  тағы  да  билікке  таласуға  ұласып  кете 
бармай ма?..
 
 
 
Қазақбай.
 
Ал,  бауырлар!    Пікірлестіңдер!..  Аталарыңның 
ӛкініші  мен  ӛсиетін,  арманы  мен  мақтанышын  ортаға  салдыңдар!..  
Бұл  дау  қазақтың  “бітпес”  атты  оþ
-
ӛрнегіндей  шеті  жоқ  нәрсе  ғой. 
Бұл  таудың    басы  ол  дауды  шешетін  жер  емес.  Ал  айтыңдаршы,  
енді елдеріңе не деп барасыңдар?.. Ести кетелік. Айта жүрелік...
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Дұрыс  сӛз.  Мың  жылдық  дауды  дәл  осы  арада 
шешіп  ала  алмаспыз.  Ал,  айтыңдар!  Не  деп  барамыз?..  Аға  Сіз  не
 
дейсіз?..
 
 
 
Бұхар жырау ұрпағына қарайды.
 
 
 
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.  Біз не  айтамыз,  кӛпшіліктің  айтқанына 
қол кӛтереміз дағы.
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Ана  жаққа  қараңдаршы!  Тағы  біреулер  келе 
жатыр!
 
 
Баязит  ҧрпағы.
 
Жарықтық  бұл  таудың  басы  бос  жатпайды 
екен. Қасиетті Қазығұрт  деп бекер атамаған ғой.
 
 
      
Қазтуған ҧрпағы. Бұлар кім?.
  
 

 
164 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Жай жүргендер ме?.. Әлде кешігіп келе жатқан біз 
секілділер ме екен?..
 
 
  
Қазақбай.
 
Мен  секілді  Қазығұрт  басынан  дәрі  шӛп  іздеп 
жүргендер болар. Біраз еңлік гүлін жинап алыпты ғой.
 
 
     
Екі жас жігіт бұларға сәлем береді. Біреуі арап азаматынша киінген.
 
  
     
Бейбарыс  ҧрпағы.
 
Ассалаумағалайком! 
(Барлығымен  қол  еріп 
амандасады).
 
 
     
Ақын. 
 
 
Тұрғандарды сынай бір шолып ӛтеді
.
 
Сәлем бердік, Сіздерге
 
Қазығұрттың
 
басында
 
Қараң
-
ғұраң адамдар!
 
 
Қазақбайға қол беріп амандасады.
 
Түрлеріңе қарасам,
 
Ақыл айтар бабам бар!
 
 
Қазақбай қолын жіберіп, 
Едігеге
 
 
қол беріп амандасады.
 
Жастарыңа қарасам,
 
Іштеріңде ағам бар!
 
 
Қазтуғанға  қол беріп амандасады.
 
Тҧрыстарың келіскен
 
Ойлы кӛзді жарандар!
 
 
Баязитке  қол  беріп  амандасады.  Қызға  қарап 
ерекше шабыттана
 
Бір
-
екі ауыз ӛлеңге
 
Бір қазақтай шамам бар.
 
Қазығұрттың етегі
 
Қазақ деген қауым бар.
 
Араласаң, даласын
 
Айналайын –
  
ауыл бар.
 
Сай
-
саладан жалықсам,
 
Басына шығар тауым бар.
 
Тау
 
басына шыққанда,
 
Сӛз ӛлең боп сауылдар.
 
Жолым болып, мінеки
 
Қазығұрттың басында,
 
Шабыт буған шағымда
 
Тыңдайтын сіздей қауым бар!..
 
Ортаңызда айдай боп
 
Толған шағы, нұр жүзді,
 

 
165 
Сұлу қыз деген жауым бар!
 
Сұлуға гүл ұсынған
 
Ақынға қандай дауың бар! 
 
 
     
Дауыстар.
  
        

  
Бәрекелде! 
 

 
Ақын екен!
 

 
Суырып салманың ӛзі екен! 
 
 
     
Ақын ізетпен қызға гүл ұсынады

 
     
Тмирис  ҧрпағы.
 
(Қыз  гүлді  иіскеп  тұрып  сӛйлейді).
 
Аға,  рахмет! 
Бүгінгідей қуаныш кернеп, сезім буып тұрған шақта аспаннан маған 
гүл жеткізуге түскен періштедей боп, жарқ ете қалдыңыз ғой! Бұл гүл 
қурап күл болып кеткенде де ендігі жерде менің ең қымбат дүниеме 
айналар! 
 
 
Қазақбай.
 
Уағалайкум
-
ас
-
салам, Ақын жігіт,
 
Қара сӛзден ӛлеңге жақын жігіт.
 
Қандай екен сарайың, кім біледі,
 
Бір кӛруге, жылтырақ, тақыл жігіт.
 
 
     
Дауыстар.
  

 
Ал ақын керек болса!
 

 
Мәс
-
саған! Ақын ӛзіміздің қасымызда тұр екен ғой!
 

 
Осылар қазір айтысып қалып жүрмесін.
 

 
Несі бар, қазақтар айтыса салады...
 
 
  
Қазақбай.
 
Жо
-
жоқ, мен ақын емеспін. Мына ақын жігіттің кӛңілі 
шалқып  тұрғасын  аздап  демеп  жіберейін  дегенім  ғой.  Біздің  қазақ 
халқының бір
-
екі жол ӛлең құрастырмайтыны болмайды.
 
  
     
Баязит ҧрпағы.
 
Біздің түркі елінде қазақ жерін Атамекеніміз деп 
ұлық  тұтады.  Қазақ  халқын  түркі  тегінің  қарашаңырағын  ұстап 
қалған  текті  тұқымымыз  деп  ӛзгеше  құрметтейді.  Қазақтар  ақын 
халық деп мақтаныш етеді. Бұл жігіт ақын болса қазір ойланбастан, 
түркі тектес халықтар туралы бірден ӛлең құрастыра ала ма?..
 
 
  
Қазақбай.
 
Неге  құрастырмасын.  Түріне  қарасам,  осы  жігіт 
құрастырып әлек болып жатпайды, саулатып тӛгіп
-
тӛгіп жібереді.
 
 

 
166 
     
Ақын.
 
Тегі  бір,  түркі  тұқымдас  халық  туралы  дейсіз  бе…  Апыр
-
ай, а… Болсын, болсын…  Ал тыңдаңдар…
 
 
 
Қыз жартас үстінде жатқан домбыраны ұсынады.
 
 
Қапияда қыссаң да,
 
Ақын сӛзден жаңылмас.
 
Қазығұртқа жиналған
 
Қайдан келген қарындас?
 
Іздесем де бұл жерден 
 
Бӛтен бір жан табылмас.
 
Тегін білген тектілер
 
Артық
-
кемге тарылмас.
 
Кҥй қҧлағын келтірсең,
 
Сазың неткен сарындас.
 
Тілегің бір, тілің бір
 
Бір құрсақтан, қарындас.
 
Бірге туған ел едің 
 
Тегің, жұртың –
 
тамырлас.
         
Бас қоссаңдар бірлігің!
 
Бас қоссаңдар тірліің!
 
Кездестіңдер қалайша
 
Жүзі жылы кіл бүгін?
 
Сапарларың оң болғай!
 
Армандарың оңдалғай!
 
Жүрсіңдер ме бабаңның
 
Ӛтемекке борышын –
 
Орындамай тірлікте
 
Кеткен ісін қолға алмай?!
 
Осындай кезде қалайша
 
Сӛз сӛйлерсің толғанбай.
 
Айналайын, қарындас!
 
Жас қосылсын жасыңа,
 
Бас қосылсын басыңа,
 
Қолдағы гүлің солмасын!
 
Алыстан сапар шегіпті
 
Қасымдағы жолдасым.
 
Аман
-
есен жетулі
 
Тілеуі ақ болғасын.
 
Атасы бұның Бейбарыс,
 
Түркі түгіл жат елде
 
Қосыпты басын бӛтеннің.
 
Бейбарысты жырласам
 

 
167 
Игертпей сӛзді кетермін!
 
Атырау теңіз сағасы,
 
Ақжайықтың жағасы
 
Ескерткіш ашып бабаға
 
Барыпты сонда, шамасы.
 
Қуанышты дейді екен
 
Бейбарыс қайтып келгесін
 
Бүкіл қазақ баласы.
 
Осыдан кейін біздерді
 
Қалайша нашар ел десін!
 
Тыңдамасын қалайша
 
Ақынның айтқан термесін…
 
 
     
Тұрғандар шулап кетеді.
 
 
 
Томирис ҧрпағы.
 
Ғажап! Бейбарыс тұқымы дейді!..
 
 
 
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Египетті  билеген  қыпшақ  па,  кәдімгі?  Мына 
ақын таңатқалы арамызда болғандай ғой, тіпті!
 
 
 
Едіге ҧрпағы.
 
Құлағына періште сыбырлап тұрған болар!
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет