Байланысты: «Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»
а) қалдық баланстық құнынан өнімге түсірілетін тұрақты үлес әдісі Бұл әдіс бойынша (тұрақты үлестер әдісі) уақытқа қарай жасалынатын әр қадамда жабдықтың баланстық құнынан тұрақты үлес өнім бағасына түсіріледі, яғни
мұндағы r — әр амортизациялық мерзімдегі баланстық құнының қысқару үлесі.
Амортизациялық сомалар келесі түрде анықталады:
Егер жабдықты жою құны берілген болса, r көрсеткішін анықтауға болады. Жабдықты пайдалану мерзімі ішінде оның құны Р шамасынан L-ге дейін азаяды. Осыдан келесі теңдеуді шығаруға болады:
Осыдан r көрсеткішін табуға болады:
Әрине, егер L = 0 (толық тозу), онда бұл формуланы қолдануға болмайды.
Егер r алдын-ала берілсе, ал L белгісіз болса, онда оны келесі айырма түрінде табуға болады:
Кейде бұл әдіс сызықты әдіспен қоса қолданылады. Бастапқы жылдары түсірудің тұрақты үлестері әдісі қолданылса, кейінгі жылдарда сызықты әдіс қолданылады. Нәтижесінде жабдықты қолданудың бастапқы кезеңдерінде амортизация қоры тездетіліп саналады. Мысалы, егер бірінші m жылдары ішінде жабдықтың бастапқы баланстық құнынан М % түсіру керек болса, онда бұл жылдары 100r % түсіріледі. Сонда
Қалған жылдар ішінде (п - m) амортизация сомасы келесі мөлшерде болады: