«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»


Баға және баға жасау саясатының механизмы



бет28/60
Дата15.06.2023
өлшемі288,26 Kb.
#101622
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Байланысты:
«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»

3. Баға және баға жасау саясатының механизмы
Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.
Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді.
Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары:

  • ұзақ мерзімге пайда алу;

  • нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;

  • тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;

Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту; сатуды ынталандыру; баға дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету.
Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.
Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:
А) Сконто – бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай төлем жасағанда берілетін баға шегерімі.
Б) Жеңілдетілген баға – белгілі бір өнімдерге жеке тауар нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады.
В) Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім – сатып алынатын бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы белгілі бір пайызға төмендетіледі.
Г) Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40 пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым шегерімге жатқызуға болады.
Д) Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай).
Е) Функциональды шегерім – сауда өрісіндегі шегерім. Тауар өңдірушісі тауапды өткізуде (сақтауда, есеп жүргізуде) белгілі бір функцияларды орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды.
Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып алушы алдын ала белгіленген және көлемі өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы тапсырыстар өңдіруші үшін ерекше пайда әкеледі, өйткені біртипті тауар неғұрлым көп өңдірілсе, солғұрлым өндіріс шығындары кемиді.
З) Дилерлік шегерім. Өңдіруші тұрақты делдалға немесе сауда өкіліне, әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл шегерім түрі құрал-жабдық, машиналарды сатқанда жиі қолданылады.
И) Арнайы шегерім. Артықшылығы бар тұтынушыларға (сатушылар олардың тапсырыстарына мүдделі) жасалынады. Бұл шегерімдерге сынау партияларына және тапсырыстарға, тапсырыстардың тұрақтылығына және мерзім сайын жасалуына байланысты берілетін шегерімдер жатады.
Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып алушыларға жасалынады. Мақсаты – сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру.
К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді.
Л) Жасырын шегерімдер. Бұл фрахтқа жасалынған шегерімдер, жеңілдетілген несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету, тегін үлгі беру түрінде жасалынатын жеңілдіктер.
М) Сапасына байланысты шегерім. Кейде өңдіруші нарықтың тауар ыдысына, қабына, маркировкасына, сипаттамаларына байланысты сұрауларын орындауға қиналғанда, осы тауарларға қойылатын бағаға шегерімдер қолданады. Кейін барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді.
Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер.
О) Сервистік шегерімдер – сатылған тауарға қосымша техникалық қызмет көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі.
П) Клубтық шегерімдер. Өз мүшелеріне тауар, қызмет сатып алуда жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар.
Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір елдердің (шығыс елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын шегерімдер.
С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі тауарды жаңаға ауыстырғанда оның бағасы кемітіледі.
3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі:
А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) – сапасы жоғары болса да, әйгілі тауарды арзан бағамен сату арқылы сату көлемін өсіру. Оны кейде «арнайы ұсыныс» деп атайды.
Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы, маусым аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан сапасы төмендеген тауарларды сатқанда.
В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда өңдірушінің сатып алушыға ақша төлеуі (әсіресе АҚШ тараған). Егер сатып алушы өңдірушіге белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар құнының бір бөлігін өңдіруші оған қайтарады.
Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын қолдану. Алғашқы тауар үшін төлеу үлесі, қарыздың үстемесі, қайтару уақыты тұтынушы үшін тиімді жасайды.
Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі.
Е) Адам психологиясына әсер ететін баға өзгерісі. Салыстырылатын тауар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату.
Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация). Ол тұтынушылық сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар немесе фирма беделіне, орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін.
З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны сатылап түсіру. Кәсіпорын бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға қолданады (әртүрлі факторларға қарай).
Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне (машина қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды.
Функциональды жүйелерде қажет өнімдерге баға сатыларын жасау. Негізгі өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды сонымен қоса сатып алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет заттарды сатқанда оның жалпы бағасын оларды жеке –жеке сатқанға қарағанда төмендету.
И) Баға қосылымы – тсатып алушының ерекше талаптарына байланысты, мысалы, арнайы немесе жеке тапсырысты орындағанда, тауардың сапасын көтергенде, қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді бөліп-бөліп төлегенде және т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет