Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
4. Білім алушының ой-ӛрісін дамыту, география пәніне қызығушылығын 
жоғарылату. Бұл жерде компьютерді қолданып үй жұмысын жасау: әлемдегі 
соңғы мәселелерді саралау, әртүрлі мәліметтерді, білім алушылардың 
ӛздігінше презентация жасау, ғылыми жобалар жасау және т.б. 
Географиялық білім беруді және ақпараттық тенологияларды жалпы 
және тұтастай синтездеу білім алушылардың аналитикалық қызметін 
белсендендіруіне мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияларды сабақ 
барысында қолдану-мәліметті суреттеу, білім алушылардың іздеу 


47 
жұмыстарын ұйымдастыру мен білім алушылардың оқуға деген 
ынталарының артуына себеп болады. Қазіргі таңда географияны оқытуда 
ақпараттық технологияларды қолдану әдістерді тікелей білім алушылардың
танымдық мүмкіндіктері мен белсенділіктеріне байланысты.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Қазіргі таңда білім 
саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны 
қалыптастырып, дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде білім беру 
мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Ұлт 
жоспары - 100 нақты қадам» Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың 
негізгі бағыттарын анықтады [123]. Осыған байланысты оқу процесінде 
енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны заман 
талабына сай және тез ӛзгеріп отыратын қазіргі заманғы қоғамның барлық 
талаптарына сәйкес келеді. Мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін 
жетілдіру жаңартылған білім беру бағдарламасы міндеттерінің біріне 
айналуда. 
Аталған бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының 
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап 
етеді. Ал маңыздылығы – білім алушының білім беру ортасын құра отырып 
сын тұрғысынан ойлау, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті 
қарым-қатынас, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге, сауаттылыққа, 
жан-жақты ізденуін ынталандырады. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі - спиральды 
принцип. Яғни, бағалау жүйесі түбегейлі ӛзгерістерге ұшырап, критериалды 
бағалау жүйесіне кӛшеді. Критериалды бағалау жүйесі терминін 1963 жылы 
Роберт Юджин Глейзер қолданған. Ол білім алушылардың оқу 
жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы 
сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін білім беру 
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде ӛңделген, білім алушыға, 
ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге 
негізделген үдеріс. Мақсаты - бағалау критерийлерінің негізінде білім 
алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу 
үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. 
Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, 
Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. 
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту. 
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың ӛзін-ӛзі 
үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау.
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін 
қалыптастыруға кӛмектесу. 
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: –– білім алушыларға олардың оқу сапасы 
туралы; –– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; –– ата-


48 
аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; –– басқару органдарына 
ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. 
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1. Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы. 
2. Анық, айқындылығы. 
3.Бағаның әділдігі. 
4. Ӛзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
- оқу үрдісінің әрбір кезеңінде білім алушының дайындық деңгейін 
анықтау;
- оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің 
жетістіктерін білім алушылардың ӛздерінің талдауы;
- әрбір білім алушының жеке даму траекториясын бақылау;
- оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін білім 
алушыларды ынталандыру;
- оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
- оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің 
ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, білім алушы және ата-ана арасында 
кері байланысты қамтамасыз ету [124]. 
Критериалды бағалаудың қағидаттары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет