40
күрделі жаңа мақсат қойып, оны шешуді жүзеге асыуға тырысады. Бұл
үрдісте бір-біріне бағынатын негізгі және қосалқы мақсатының болуымен
сипатталатын іс-әрекеттің біршама күрделі құрылымдары қалыптасады.
Білім алушылардың психологиялық ӛзгерістің пайда болуы дамудың бұл
кезеңінде білім алушы даму мүмкіндігі жоғары болатынын кӛрсетеді. Осы
кезең шегінде білім алушы бізді қоршаған әлем мен ӛзін-ӛзі танып білуге
әрекеттену арқылы белсенді субъект ретінде жаңа сапалық деңгейдегі
әлеуетін кӛрсетіп, дүниені тану әрекеті барысында ӛз тәжірибесін
жинақтайды. Бұл жағдайда жеке компьютер жоғарыда аталған іскерлік-
дағдыларды қалыптастыратын құрал қызметін атқарады.
Компьютердің кӛмегімен шешілетін есептер мен тапсырмаларды
тӛменде кӛрсетілген топтарға бӛлуге болады:
- соңғы нәтижеге әсер ететін есептеу жағдайы мен жауаптары бастапқы
деректермен тығыз байланысы
шығаратын есептер мен тапсырмалар;
- «табу», «анықтау, бар немесе жоқ» сияқты тағыда басқа
іздену
сипатындағы есептер мен тапсырмалар;
- айқындалған нақты қағидаға сәйкес бастапқы ақпараттарға талдау
жасауға негізделген
танымдық сипаттағы есептер мен тапсырмалар;
- бастапқы ақпататтарды талдаудың алдын-ала құрылған жоспары жоқ
дәлелдеуді, жобалауды, үлгілеуді талап ететін «
шығармашылық сипаттағы
танымдық есептер мен тапсырмалар»;
- дәл және дәл емес алгоритмге негізделіп
нақты емес ақпараттарды
ӛңдеуді талап ететін есептер мен тапсырмалар.
Мектеп тәжірибесі кӛрсеткендей мұғалімдер кӛп уақытын ӛзі оқытатын
пәннің мазмұнындағы ақпараттарды беруге жұмсап, білім алушылардың
ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін меңгерту бағытында ӛте аз жұмыс істейтінін
кӛрсетті. Бұл тұрғыдан қарағанда есінде кӛп ақпарат сақтағанымен оларды
талдап ой қорытындыларын шығаруға негіз болатын іскерлік-дағдыларды
қалыптастыру мәселелеріне аз назар аудару білім алушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыруды тежейді деген қорытынды шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: