42
барысында сабақтың жұмыс уақытын біршама тиімді пайдаланып үнемдеуге,
ӛз беттерімен білімдерін тереңдетіп, бағалауға, іскерлік-дағдыларын
қалыптастыруға және ой ӛрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді деген
қорытынды шығаруға болады.
«Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану-
дың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бӛлімде:
- ғылыми еңбектер мен мемлекеттік бағдарламаларға талдау негізінде
«Ақпарат», «Акпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымдарының
мән-мағынасы
түсіндіріліп,
білім
берудегі
қазіргі
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың функциялары анықталды. Сондай – ақ,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жалпы орта білім беру
саласында қолдану жағдайын анықтай отырып, мәселелері талданды.
- ғылыми-теориялық талдау негізінде, білім алушылардың географиялық
білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың әдістемелік жүйесі ұсынылды.
География пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану
тұлғалық-іс-әрекеттік
әдіс-тәсілдерге
негізделген құзыреттерді және олардың теориялық, практикалық және
аксиологиялық компоненттерін, оларды қалыптастыру деңгейлері мен
ӛлшемдерін анықтауды қамтиды. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану технологиясы «оқытушы-білім алушы» жүйесінің
ӛзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді және ол оқу іс-әрекеттерін
ұйымдастыру, оқыту құралдарын іске қосу, сәйкес біліктердің қалыптасуын
тексеру, қажетіне қарай түзету енгізу кезеңдерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: