ғылыми және әдістемелік еңбектері:
Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалiмi. 1980, 11-
қаңтар.
Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесi // Қазақ әдебиетi. 1973, 6- сәуiр.
Әмiров Р.С. Жалпы бiлiм беретiн мектептi” 5-9 кластарына
арналған қазақ тiлi пәнiнi” бағдарламасы (жоба) // Қазақ тiлi мен
әдебиетi. 1993, № 10-11-12.
Салқынбай А. Жаңа ғасыр ұстазы // Қазақ тiлi мен әдебиетi.
2003, № 2
Бозжанова К., Әмiров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тiлiн
оқыту. Алматы, 1964 жыл.
Асқарбаева А., Әмiров Р., 2-3 класс: “Қазақ тiлi” оқулығына
методикалық нұсқау. Алматы, 1971.
Әмiров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық
нұсқаулар жинағы) Алматы. 1973 жыл.
Әмiров Р. 3-класс “Қазақ тiлi” оқулығына методикалық
нұсқау (мұғалiмдерге арналған көмекшi құрал). Алматы. 1971
жыл.
95
Әмiров Р. Қазақ тiлi оқулығына методикалық нұсқау (орыс
мектептерiнi” 3-класына арналған). Алматы. 1991.
Әмiров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев У. “Қазақ тiлi” 4-сыныпқа
арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл.
Әмiров Р., Асылов Ұ. Қазақ тiлi оқулығына әдiстемелiк нұсқау:
бастауыш мектептi” 4-класына арналған. Алматы. 1997 жыл.
Әмiров Р., Әмiрова Ж. “Қазақ тiлi” оқулығы бойынша
жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл.
Әмiров Р. 1-класта қазақ тiлiн оқыту. Мұғалiмдерге көмекшi
құрал. Алматы. 1962 жыл.
Әмiров Р. 1- класта оқушыларды” тiлiн дамыту үшiн
iстелiнетiн жұмыстар. Алматы. 1957.
Әмiров Р., Асқарбаева А. 2-3 класс “Қазақ тiлi” оқулығына
методикалық нұсқау. Орыс мектептерi үшiн. Алматы. 1983 жыл.
Әмiров Р., Бәкiрова А. Қазақ тiлi грамматикасы, емле, тiл
дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл.
Балақаев М., Әмiров Р. Қазақ тiлi. Алматы. 1965.
Уәйiсов Г., Әмiров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тiлi 2-класқа
арналған. Алматы. 1998.
Әмiров Р., Әуелбаева Ш., Бәкiрова А. Қазақ тiлi. Грамматика,
емле, тiл дамыту. 2-класқа арналған. Алматы. 1997 жыл.
МАМАНОВ ЫБЫРАЙЫМ
Қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер
ғалымның бірі. Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда
Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.
Ыбырайым - “Айман-Шолпан” жырында айтылатын атақты
Маман байдың ұрпағы.
Ы. Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту
институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған
облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры
болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта
мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы,
96
Еңбекшілдер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет
атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. училищесінің
оқытушысы. 1940-1991 жылдар арасында қазіргі әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент
болып қызмет еткен.
“Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер” деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның “Етістік”,
“Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы” атты зерттеулерінің қазақ
тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп
білеміз.
Ы. Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған “Қазақ тілін
оқыту әдістемесі” деп аталатын оқулығы орта мектеп
мұғалімдері мен Жоғары оқу орындарының филология
факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек
“Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері”, “Қазақ
тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын
жүргізудің жолдары”, “Грамматиканы оқыту методикасы” деп
аталатын үш тараудан тұрады.
Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері мен
мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге
пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін
оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалады.
Мұнда оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән беріледі,
оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: “Әрбір
класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл
белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге
бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық,
тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ
жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу;
мұғалімдердің
методикалық
шеберлігін
арттырып,
әр
тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып
отыруға, өз білімдерін толықтырып отыруға міндет жүктейді;
мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті
материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады;
97
мұғалімдердің
оқушылармен
кластан
тыс
жүргізетін
жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді;
тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы
қайталап отырудың әдістерін үйретеді т.б.”
Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде
фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік
тәсілдерді атайды. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз
тұлғаларының
формалық
деңгейін
анықтауда
мұндай
тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі
бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара
алмасы анық. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-
дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді
жолдары көрсетіледі. “Мұғалім индукция-дедукциялық методты
жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық
тәсілдің
ара
жігін
ажыратып,
оларды
бір-бірімен
шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен
дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі;
үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы
мен
зат
танытудағы
ойлау
қабілеттілігімен
дұрыс
қорытындылар шығарып үйренуге шеберленеді” /80/.
Зерттеушілердің
пайымдауынша,
әңгімелесу
методы
оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып,
белсенділігін күшейтеді. Олар жауап беріп, өз пікірлерін
дәлелдеуге тырысады, бірінің айтқанын екінші толықтыра түсіп,
тілдерін дамытады, үйге берілген тапсырманы жақсы орындауға
үнемі талаптанады.
Еңбекте көрнекілік пен оны пайдаланудың жолдары нақты
көрсетіледі. Көрнекі құралдардың түрлері ретінде: таблицалық
көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, сурет
көрнекілігі, диаграммалық көрнекілік, модельдік көрнекілік,
альбомдық көрнекілік, диапозитивтік көрнекілік, символикалық
көрнекілік, тақта көрнекілігі, кескінді әріптер мен буынға
бөлінген сөздіктер көрнекілігі, карточкаларды пайдалану
көрнекілігі, зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл
98
көрнекіліктерді қазіргі кезде де ыңғайына орай қолдана білген
жөн.
Еңбекте
фонетиканы,
грамматиканы,
орфографияны
оқытудың әдістемесі де берілген. “Оқушылардың грамматиканы
жақсы білуінің бір шарты – анықтамалар мен ережелерді саналы
түрде толық меңгеруі” деп пайымдаған ғалымдар оларды
оқытуға, ережелердің құрылысы стильдік жағынан бір-біріне
ұқсас, бір жүйеде болуына басты назар аударады. Сондай-ақ,
“грамматика сабағында грамматикалық талдау жасаған кезде, үй
тапсырмасын тексерген кезде, грамматикадан жаңа материал
түсіндірген кезде болсын, әйтеуір қисынын тауып, оқушыларға
тиісті сөздердің емлесін үйретіп, керек жерінде есіне салып,
грамматика мен емлені ұдайы байланыстырып отыру керектігін”
мақсат тұтады.
Морфологияға байланысты бағдарламаға енген бесінші
сыныптан бастап, алтыншы, жетінші сыныптарда жалғасатын
теориялық материалдардың барлығына әдістемелік талдау
жасайды. “Мұғалімнің ең бірінші мақсаты – оқушыларға сөз
негіздерін (түбір сөз) саналы түрде өздері таба алатын етіп
дағдыландыру” – деп жазады зерттеуші әдіскер ғалымдар /139/.
Мұның да мәні ерекше. Әсіресе, жас мамандар өздері түбірін
таба алмайтын негіздерді мысалға алмауы керек екені анық.
Мысалы: көтер, тышқан т.б. сияқты тұлғаларды мысалға
келтіріп, ұятқа қалған жас оқытушылар бар. Ғалымдар осыдан
сақтандырып отыр. Ең дұрысы, “оқушыларға сөздердің
құрамындағы негізгі түбір, туынды сөз, жұрнақ және
жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы
сөйлемдар дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны” дұрыс
екенін ғалымдар ескертеді.
Ы. Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары:
Қазақ тiлi (оқулық). А., 1949;
Қазақ тiлiн оқыту методикасы (оқулық), А., 1965;
99
Қазiргi қазақ тiлi. Етiстiк. А., 1966;
Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт. бiрi);
Қазақ тiлiн оқыту методикасы. А., 1965;
Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшiн). А., 1955;
Пединституттың сырттан оқу бөлiмiнiң оқу жоспарына
түсiнiк.
А., 1964; Қазiргi қазақ тiлiнiң бақылау жұмысы. А., 1958.
ӘЛІМЖАНОВ ДӘУЛЕТ
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан
ғалымдардың бірі. Шын аты –Дәулетияр. 1912 жылы
маусымның 7 күні Алматы облысы Шелек ауданындағы
Малыбай ауылында дүниеге келген. 1954 жылы профессор
С.Аманжоловтың
жетекшілігімен
“Некоторые
вопросы
принципа наглядности в преподаваний казахского языка” деген
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
Профессор Ғ. Қалиев “Ұлағатты өмір” атты мақаласында Д.
Әлімжановтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы
мәнді деректер береді. Бұл деректер бойынша, Дәулет екі
жасында анасынан жетім қалып, кедейліктің тақсіретін тартқан.
Жеті-сегіз жасынан бастап ауылдың малын бағып күнін көрген.
1923-1925 жылдары елге келген Кеңес үкіметіне сүйеніп, еті тірі
бала “Қызыл отау” арқылы сауатын ашады да, кейін осы ауылда
ашылған
мектепте
сабақ
оқуын
жалғастырады.
Кейін
комсомолға өтіп, белсенді болып, оқуын терңдетеді, 1931 жылы
жұмысшылар факультетіне түседі. 1933 жылы Абай атындағы
педагогика институтының жанындағы дайындық курсына түсіп,
1934 жылы тіл және әдебиет факультетінің қазақ бөліміне
студент болып қабылданады. 1938 жылы институтты бітірген
соң, осы институттың қазақ тілі және қазақ тілін оқыту
әдістемесі кафедраларына оқытушылық қызметке қалдырылады,
кафедра меңгерушісі (1961-1971), деканы қызметтерінде
болады.
100
Ғ. Қалиев Д.Әлімжановтың ғылыми шығармашылығы туралы
мынадай пікір айтады: “1940 жылдан кейінгі кезде қазақ тілін
оқыту әдістемесінің дамына, пәе ретінде қалыптасуына Дәулет
Әлімжанов айтарлықтай үлес қосты: ол өзіне дейінгі еңбек еткен
ғалымдардың
зерттеулерін,
пікірлерін
жинақтап,
өзінің
тәжірибелерін және республика мектептеріндегі алдыңғы
қатарлы оқытушылардың тәжірибелерін сараптап, сол курстың
ғылыми тұрғыда лекциясын жасады; сол арқылы “Қазақ тілінің
оқыту әдістемесі” белгілі жүйеге келтіріліп, жас мұғалімдерге
де, тәжірибелі мұғалімдерге де әрі теориялық, әрі практикалық
басшылық беретін үлкен ғылыми пәнге айналдырды” /Ұлағатты
өмір. 224 б/.
Дәулет Әлімжанов 1954 жылы профессор С.Аманжоловтың
ғылыми жетекшілігімен “Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік
принциптерінің
кейбір
мәселелері”
деген
тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғайды. Оқытудағы көрнекілік
принциптерін талдау туралы жазылған бұл зерттеу қазақ
әдістемесіндегі жаңа бағыттың, ғылыми саралаудың басы
болды.
Ғалым филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен
бірге “Қазақ тілін оқыту методикасы” атты оқулықты 1965
жылы “Мектеп” баспасынан шығарады. Бұл оқулық қазіргі
күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі
оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек.
Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері:
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. Бастауыш мектептiң 3-класына
арналған. А., 1983 (авт. бiрi); Некоторые вопросы принципа
наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954;
Қазақ тiлiн оқыту методикасы. А., 1965 (авт. бiрi);
Қазақ тiлiн оқыту методикасының программасы. А., 1961;
Фонетикалық таблица. А., 1962;
101
Қазақ тiлiн оқыту методикасының бақылау-пысықтау
жұмысы. А., 1964, 1968, 1969;
Қазақ тiлi методикасының мәселелерi. А., 1969 (авт. бiрi);
Университеттер мен жоғарғы оқу орнында қазақ тiлiн оқыту
әдiстемесiнiң программасы. А., 1965;
Қазақ тiлi методикасының мәселелерi. А., 1969 (авт. бiрi);
Қазақ тiлiнде морфологияны оқыту методикасының кейбiр
мәселелерi. А., 1972.
АЙҒАБЫЛҰЛЫ АЙТБАЙ
Қазақ тілі әдістемесінің дамуына өз үлесiн қосқан ғалымның
бірі – Айтбай Айғабылұлы. Айтбай Айғабылұлы 1936 жылы
Ташкент болысы, Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге
келген.
1959 жылы Низами атындағы Ташкент педагогикалық
институтын бiтiрiп, 1959-1972 жылдары мектепте мұғалiм,
мектеп директорының орынбасары болып жұмыс iстеген.
1972 жылы Алматыға келген Айтбай Айғабылұлы Қазақ
энциклопедиясына
редактор
болып
орналасады.
Энциклопедияның шұрайлы да, шырайлы боп шығуына
тындырымды еңбегiмен үлес қосқан Айғабылұлының еңбегi
еленiп, көп ұзамай аға ғылыми қызметкерге жоғарылатады.
1976 жылы белгiлi ғалым К.Ахановтың жетекшiлiгiмен
“Қазақ тiлiндегi бау-бақшаға байланысты кәсiби сөздер”
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.
1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары
ғылыми-зерттеу институтында қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi
бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiне ауысады. Мұның өзi ұстаздық
тәжiрибенi ғылыммен, әдiстемемен байытуға жағдай жасайды.
Осы тұста одақ бойынша оқу жүйесiн, оқулықтарды жетiлдiру
мәселесi қолға алынған едi. Мектепке арналған қазақ тiлi
оқулықтарын да жаңадан жасау, барлығын қайта қарау қажет
едi.
102
А. Айғабылұлының педагогикалық тәжiрибесi, ғылыми
дайындығы осы қажетке жарады. Ұстазы К.Ахановтың мектепке
арналған морфология оқулығына өмiр талабына сай бiрсыпыра
қосып, алулар жасауға тура келдi, тың жаттығулармен,
картиналармен толықтырылды. Мұның өзi А. Айғабылұлының
толық құқықты автор болуына мүмкiндiк бередi. Автор ретiнде
осы оқулыққа түсiнiк, методикалық нұсқаулар, сонымен қатар
қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiне байланысты еңбектер жазады.
Атап айтқанда “Қазақ тiлi мен әдебиетiн оқыту” (1982), “Қазақ
тiлiн оқыту методикасы” (1988) атты еңбектердi” авторларының
бiрi ретінде А.Айғабылұлы әдiскер-ғалым ретiнде танылады.
А.Айғабылұлы
1984
жылы
әл-Фараби
атындағы
университетке қызметке келедi. Сөйтiп, оның ұстаздық,
ғалымдық келбетi университет қабырғасында кемелiне келiп,
кең құлашын жаяды. Өмiрiнiң соңына дейiн осы университетте
қызмет атқарады.
1997 жылы академик Ә.Қайдаридың басшылығымен “Қазақ
тiлi морфонологиясы” деген тақырыпта докторлық диссертация
қорғайды.
Тiл кез-келген танымдық iс-әрекеттiң құралы, ойлаудың
формасы және оны дамытудың негiзi болып саналады. “Тiл –
ұлттың жаны.” Сол жанның ендiгi тағдыры бүгiнгi ұрпақтың
осынау ұлы мұраға деген қатынасына, көзқарасына, тарих және
келешек
алдындағы
өз
мiндетiн
қалай
түсiнетiндiгiне
байланысты. Ал санаға сәуле себер сондай тұрлаулы түсiнiк пен
ұлағатты ұғымды қалыптастыру мұғалiмнiң маман ретiндегi
парызы ғана емес, адам, азамат ретiндегi қарызы болып
есептеледi. Себебi “мектептiң тiлi бола алмаған тiл ешқашан
мемлекеттiң
де
тiлi
бола
алмайтындығы”
ақиқат
(Х.Досмұхамедұлы). Сондықтан да болашақ қоғам иелерiн
тәрбиелейтiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқытылатын ана
тiлi пәнiнiң маңызы ерекше.
Мектепте оқытылатын ана тiлiнiң қай саласын оқыту болса
да оқушының тiлдiк фактiлердiң терең түсiнуiне, оны күнделiктi
iс-тәжiрибесiнде қолдануына мұғалiм мүмкiндiк беруi керек.
Анга тілінің лексикалық құрылымын оқыту мектеп
оқушылары үшiн қызықты сала болумен бiрге, үлкен
103
жауапкершiлiктi де қажет етедi. Себебi, бала лексиканы ғылыми
тұрғыда түсiндiре алмаса да, ол сөздiң ең басты белгiсi оның
мағына бiлдiруiнде екенiн, сөз мағыналарының әр түрлi
болатындығын, кейбiр сөздiң бiрнеше мағынасы бар екенiн, ал
ендi бiр сөздердiң дыбысталуы мен мағыналары жағынан бiр-
бiрiмен байланыста болатынын бiледi.
Ал лексиканы оқыту үстiнде сол бiлiмдерi жүйеленiп әрбiр
лексикалық бiрлiктiң өзiндiк ерекшелiктерi мен белгiлерi
тиянақталады. Бала осыған дейiнгi күнделiктi iс-тәжiрибесiнде
қолданылып жүрген сөздерiн белгiлi-бiр жағдайға орай, дәл
орынды жұмсай бiлуге үйренiп, қалыптасады. Ана тiлiнiң
құнарлы да бай сөз қорымен, оның iшкi салаларымен танысады.
Өз тiлiнiң сұлулығымен, әуездiлiгiн, байлығын, сөзжасамдық
құдiретiн сезiнедi. Ең бастысы, ана тiлi адамның бүкiл саналы
тiршiлiгiнiң бастау көзi екендiгiн оның рухани қажеттiлiгiнiң
негiзi екендiгiн түсiнедi. Бұл түсiнiк баланың тiл туралы сапалы
бiлiм алуына, ол бiлiмдерiн өзiнiң тәжiрибесiнде берiк
орнықтыруы мен логикалық ойының дамытылуына басты түрткi
болады.
Лексика бөлiмiнiң бiлiмдiк, танымдық маңызы оқушылардың
тiл бiлiмi туралы ұғымының кеңеюiне, тiлдiң ең кiшi бөлшегi –
сөздiң
фонетикамен,
морфологиямен,
синтаксиспен,
стилистикамен қатысып түсiнуiне, сөйтiп, бүкiл тiлдiк жүйенi тұтас
ұғып, оған өз көзқарасының қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
Лексиканы оқытуда алға қойылатын мақсаттардың бүгiнгi
жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшiн үлкен
маңызы бар.
Қазақ
тiлiн
оқыту
бағдарламасы
мен
оқулықтарын
жетiлдiруге байланысты бiрсыпыра талаптар жаңарғаны белгiлi.
Оқушыларға бiлiм беру мақсаты мен мiндетi тек оқыту
процесiмен iске асатындықтан, оқыту жүйесiн барынша тиiмдi
жолға қою – бiрден-бiр негiзгi мәселе.
“Оқытудың негiзi – сабақ, ондағы қолданылатын метод, әдiс,
түрлi жолдар десек, осы төңiректе тәжiрибеде жаңа әдiс, ескi
104
әдiс деп сабақ беру дәстүрiмiздегi тәжiрибенiң өзiн бөле-жара
әңгiме ету етек алды. Тiптi, бiр кезде бүкiл сабақты
бағдарламалап яғни программалап оқыту, кейiнiрек проблемалы
оқыту туралы идея көтергенде де, өзге метод, әдiстер iске
алғысыз болып қала бередi”.
Әдiстердiң бiрiн жарамды, бiрiн жарамсыз деп есептеуге
немесе бiрiне аз, бiрiне көп көңiл бөлуге болмайды. Сабақта
өтiлетiн материалдың мазмұн-мақсатына орай әдiс таңдалады.
Мысалы, қазақ тiлiнен оқушыларға жаттығу жұмысын
орындатуда да түрлi әдiс таңдалады. Айталық, жаттығу
мұғалiмнiң нұсқауымен орындалса, түсiндiру әдiсi, оқушылар өз
бiлiмiне сүйенiп орынды репродуктивтi әдiс, егер оқушылар
мәтiндi өзгерту немесе редакциялау сияқты шығармашылық
еңбекпен орындалса, зерттеу әдiсi қолданылады.
Көрнектi педагог В.А.Сухомлинский “Правда” газетiнде
жарияланған бiр мақаласында “Қазiр тәжiрибелi мұғалiмдер
оқушыдан оқулық тексiн жаттауды талап етпейдi. Олай оқыту
ақыл-ойды тежеу қаупiн туғызады. Тәжiрибелi мұғалiмдер өз
жұмысын оқушыны ойландыратындай, бұрыннан бiлетiн
бiлiмiне
сүйене
отырып,
фактiмен
құбылысты
салыстыратындай, өз бетiмен қорытынды жасай алатындай етiп
құрады” – деп жазған.
Мұғалiм қай тақырыпты өтсе де, оның мақсатын анықтауы
қажет. Ол мұғалiмнiң өзi үшiн қажет. Өйткенi осы сабақты не
үшiн өтем, ненi оқушы есте сақтауы керек, қай мәселе қосымша
материал ретiнде қалады, баланың дүниетанымына, ертеңгi күнi
сөйлеу, жазу дағдысына көмек болатын тұсы қайсы? – деген
сұрақтардың жауабы мұғалiмге анық болмай, ол сабақта
қолданылатын әдiс құралдар бiрiн-бiрi толықтыра алмай қалады.
А.Айғабылов “Қазақ тiлi сабағы құрғақ өтiлмей, мәдениеттi
сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшiн, әрбiр тiлдiк
категорияның өмiрде қолданылу аясын ашатындай мақсат
қойылуы керек дей келiп, “лексиканы оқыту барысында
оқушыларды” сөз байлығын арттыру, жеке сөздi сөйлем iшiнде
105
орын-орнымен пайдалануға баулу синоним сөздердi iрiктеп
жұмсауға үйрету т.б. мақсат қойылады.
Оқушылар жеке сөздiң лексикалық мағыналарын ұға отырып,
өз жазба жұмыстарына бақылау, редакция жүргiзу арқылы жеке
сөздердiң орынды қолданылуы ойдың дәл анық жеткiзiлуiне
мүмкiндiк беретiнiне көзi жетедi. Кәсiби диалект, көнерген,
жаңа сөздердiң орнын түсiнедi. Мысалы, келбеттi, әдемi
сөздерi синоним болғанмен, әдемi үй десек те, келбеттi үй
деуге болмайды.
Сондай-ақ, көнерген сөздердiң тек өткен өмiрдi баяндайтын
тарихи еңбектерде, көркем шығармаларда қолданылатынын, ал,
неологизмдердiң тек бүгiнгi тұрмысымызды баяндайтын
хабарларда кездесетiнiн түсiндiрсек, көнерген сөздер мен
неологизмдердiң қандай сөздер екенiн бiлумен қатар, не үшiн
қажет екенiн көрсетiп, оқушының ертеңгi күнi оны өз орнымен
пайдалануына мүмкiндiк жасаймыз. Сөздiң жасалу жалпы
түсiндiргенде, оқушы сөздiң мағынасы мен оның құрамындағы
морфеманың өзара мағынаның байланысын аңғаруға үйренiп,
оны өздерi қолдана бiлуге дағдылануы керек. Мысалы, егiстiктi
жер мен егiстiк жер дегендегi егiстi мен егiстiк сөздерiндегi –
ек, –iс,–тi, –тiк морфемаларының мағынасына көз жеткiзбей,
тiркестердiң мағынасын түсiнбейдi. Сондай-ақ қазақ тiлiнде
морфемалардың (түбiр мен қосымшаларды”) тiркесуi қалай
болса, солай бiр үлгiмен келе бермейдi. Мысалы, ұшқыш пен
сыпырғыш сөздерiндегi –қыш, –ғыш аффиксi (морфема) бiр
болғанмен, бiрiнде маман адамды, бiрiнде құралды бiлдiрiп тұр.
Егер сыпыр сөзiнен ұшқыш сияқты адам ұғымын жасағымыз
келсе, – ғыш жұрнағын емес, –ушы қосымшасы арқылы
сыпырушы деген сөз жасаймыз. Мұның барлығы оқушының сөз
байлығын саналы игерiп, еркiн қолдануына мүмкiндiк бередi ” –
дейдi әдiскер /14.30/.
Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екi бөлiп
қарастыруға болады. Бiрiншiсi – арнайы өтiлетiн курс та,
екiншiсi – өзге тiл бiлiмi салалары бойынша берiлетiн
106
мәлiметтер. Әуелi 5-6 сыныптарда өтiлетiн арнайы курстың
лингвистикалық негiзiн қалай түсiндiруге болатынын профессор
Айтбай Айғабылов былай түсiндiредi: “Тiлiмiздегi сөздердiң
жалпы қызметiн бiрдей санауға болмайды. Оның үстiне олар
қалай болса солай пайда бола салған шашыранды атаулар емес.
Олар – заңды түрде бiр-бiрiмен байланысты, жинала келе тiл
жасайтын аса күрделi дүние. Мысалы, сөз (тiлдiң кiшкене бiр
бөлшегi) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның
белгiлерiн (қатты, биiк), мөлшерiн (бiр, екi), қимылын (оқы, тұр)
бiлдiрумен бiрге сөзбен сөздiң мағыналық қатысын (үйге дейiн,
ауыл жаны), әртүрлi сезiм-сезiктi (аh, ойбай), кейде белгiлi бiр
дыбысты (iңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тiлiмiздегi
сөздердiң жеке түрiн дербес мағынаны аңғарту, аңғартуына
қарай атау сөздер, көмекшi сөздер және одағай деп үшке
бөлемiз.
Немесе
лексикалық
мағыналы
сөздер
және
грамматикалық мағыналы сөздер деп, екiге бөлуге болады.
Лексика бөлiмiне енетiнiн материалдық лингвистикалық
негiзi де осы айтылған принциппен шектеледi. Яғни тек қана
лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлiмет берiледi де,
грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер (көмекшi есiм,
шылау, одағай) грамматика аясында сөз болды. Әрине,
лексикалық мағынасы бар сөздердiң грамматикалық мағынасы
болатынын мұғалiмнiң естен шығаруына болмайды. Дегенмен,
бұл жерде лексикалық мағына негiзгi белгi ретiнде алынуы
керек /3.4/
Ал, егер былайша лингвистикалық негiзiн ажыратып алмай,
лексиканы тiлiмiздегi жалпы сөздердiң жиынтығы деп түсiндiре
салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезiнде, жаттығу үстiнде
жанасады да, сабақтың негiзгi мақсаты орындалмайды.
Мұғалiмдер көп жағдайда оқулықты өздерiне тiрек етедi.
Онысы дұрыс та. Алайда, оқулық оқушы үшiн жазылғанын,
онда мұғалiм үшiн көп нәрсенiң жасырын сыр болып қалып
қоятынын әр кез есте сақтау керек. Егер мұғалiм оқулықтағыны
ғана бiлсе, оқушыға берер бiлiмнiң түпкi мақсатын, одан шығар
107
нәтиженi нақтылай алмайды. Сондықтан мұғалiм лексикалық
мағынаны өзге (грамматикалық) мағынада жақсы ажырата алуы
керек.
Лексикалық мағынасы бар сөздердiң өзi әр түрлi қосымшалар
жалғануы арқылы дыбысталуы қауызын өзгертiп отырады: адам,
адамдар, адамдары, адамдарымыздың, адамдық, адамсу т.б. Ал
олар сол қосымша арқылы грамматикалық мағына қабылдады
ма, жоқ лексикалық мағына қабылдады ма деген мәселенi
ерекше ажырату керек. Өйткенi Достарыңызбен бөлісу: |