Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#7715
1   2   3   4   5   6   7   8

 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 
 
Қазақ 
халқының 
ұлы 
ақыны 
Мағжан 
Жұмабаев 
шығармашылығы – халықтың  рухани  қазынасы,  әлемдiк 
мәдениеттiң  байлығы.   Мағжан  Жұмабайұлының  педагогика, 
әдiстеме саласында да атқарған ғылыми қызметi мол. Ақынның 
“Педагогика” (1922), “Ана тiлi” (1923), “Бастауыш мектепте ана 
тiлiн  оқыту  методикасы” (1925), “Сауатты  бол” (1926), “Ересек 

 
31 
шала-сауаттылар  программасы” (1926)  сияқты  еңбектерi  мен 
оқу-ағарту мәселелерiне арналған мақалалары бар. 
Мағжан  Жұмабаев  1922  жылы  “Педагогика”  атты  ғылыми 
еңбегiн жазады. Өз кезiндегi көрнектi қазақ зиялыларының бiрi, 
белгiлi  ғалым  педагог-публицист  М.Жолдыбаев  зерттеудiң 
беташарына  былай  деп  жазады: “Заманға  дәл  кiтап  шыққанша 
малданып, 
одан 
кейiн 
салыстырып 
қарап, 
бұрынғы 
жазылғандардың  адасқан  жерлерiн  тауып  отыруға  Мағжан 
Жұмабаев  “Педагогикасы” iздесе  таптырмайтын  пайдалы 
тарихи материал”.  
Мағжан  Жұмабаев  өз  еңбегiнiң  бағыт-бағдарын  былайша 
аңғартады: “Алдыма бiр кiтапты қойып алып желе бергенiм жоқ. 
Тәрбие  ғалымдарының  пiкiрлерiн  таңдап  алуға  ұмтылдым. 
Шамам  келгенше,  қазақ  қанына  қабыстыруға  ұмтылдым” 
(“Педагогика”,  Алматы,  1992).  Ақын  осылайша  ағынан 
жарылады,  өз  еңбегiн  толық  аяқталған,  жетiлген  дүние  деуден 
де  аулақ.  Солай  болса  да,  бұл  зерттеу-еңбек  қазақ  ғылымында 
алғашқылардың бiрi  болып  педагогика саласында  түрен  салған, 
елең еткiзер туынды екенi анық. 
Оқу  құралының  бiрiншi  бөлiмi  педагогиканың  жалпы 
мәселелерiне  арналған.  Автор  тәрбие  саласын  былайша 
жiктейген: “дене тәрбиесi, жан тәрбиесi, ақыл тәрбиесi, сұлулық 
пен  әдеп-құлық  тәрбиесi”.  Расында  да,  адам  баласының 
кемелденiп, 
дұрыс 
тәрбиеленуi 
үшiн, 
ең 
алдымен 
денсаулығының  жақсы  болуы  шарт.  Ол  үшiн  дене  тәрбиесiнiң 
дұрыс  жолға  қойылуының  маңызы  зор. “Жан  тәрбиесi”  деген 
атаудың  өзiнiң  мән-мағынасы  терең.  Адам  жанының  терең  де 
таза  болуы – болашағының  жарқын  болуының  кепiлi.  Жан 
адалдығына  аса  мән  берген  ақын  оның  от  басындағы,  мектеп 
қабырғасындағы  тәрбиелену  жолдарына  да  ерекше  ден  қояды. 
Психологиядағы  жан  көрiнiстерi – ақыл, iшкi  сезiм  дүниесi, 
қайрат туралы М.Жұмабаев толғана баяндайды.  
Баланың  әсерленуi,  ойлануы,  эмоциялық  толғаныстарының 
өзiндiк  ерекшелiгiн,  ересек  адамның  ойлануымен  салыстыра 

 
32 
отырып  зерделейдi. “Баланың  жан  iстерi  бiр-бiрiмен  берiк 
байланған болады, бiр-бiрiмен берiк жүредi. Баланың денесi мен 
жаны, ақылы мен сезiмi. Сезiмi мен қайраты бәрi бiр iс қылады, 
бұлар 
бiр-бiрiмен 
күресе 
бiлмейдi, 
бiрiн-бiрi 
тiзгiндей 
бiлмейдi”,-  деген  байлам  жасайды  автор.  Жас  сәбидiң  бiр 
нәрсеге  ұмтылуы  оның  ақылының,  сезiмiнiң,  жанының, 
денесiнiң, қайратының бiрдей күш жұмсауы арқылы болатынын 
айта  келiп,  бала  шақта  алынған  әсердiң  өмiр  бойы  естен 
шықпауының мәнiсiн ғылыми тұрғыда ашып бередi. 
Осылайша  сәби  жанының  ерекше  белгiлерi  мен  қасиеттерiн 
анықтай  отырып,  тәрбиенiң  негiзгi  сипаттары  мен  мазмұнының 
қалай  жүзеге  асуы  керек  екенiнiң  нақты  жолдарын  белгiлейдi. 
“Жас  бала – жас  бiр  шыбық, жас күнде  қай  түрде  иiп  тастасаң, 
есейгенде  сол  иiлген  күйiнде  қайтып  алмақ” – деп  түйiн 
жасайды ақын-ғалым.   
Мағжан  Жұмабаев  тәрбие  түрлерiнiң  осындай  басты-басты 
маңызды  сипаттарына  тоқталып,  олардың  бiр-бiрiмен  табиғи 
тамырластығын,  жақындығын  түсiндiредi.  Егер  адам  баласына 
аталған  тәрбие  түрлерiнiң  барлығы  түгел  берiлсе,  оның  жалпы 
бiлiмi  мен  тәрбиесi  жақсы  болатынын  тәптiштей  айтады. “Егер 
де  ол  ыстық,  суық,  аштық,  жалаңаштық  сияқты  тұрмыста  жиi 
ұшырайтын күштердi елемейтiн мықты, берiк денелi болса, түзу 
ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, 
сиқырлы  әуен,  әдемi  түрден  ләззат  алып,  жан  толқындырарлық 
болса,  жамандықтан  жаны  жиренiп,  жақсылықты  жаны  тiлеп 
тұратын  құлықты  болса  ғана  адам  баласының  дұрыс  тәрбие 
алып,  шын  адам  болғандығы.  Балам  адам  болсын  деген  ата-ана 
осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын” – деп тiлек етедi. 
Қазақ баласының тәрбиесiне жоғары мән бере отырып, ақын 
Абай  жолының  үрдiсiмен  баланы  дәл  өзiндей  қылып  шығару 
емес,  заманына  лайық  азамат  етiп  тәрбиелеудi  мақсат  етудi 
ұсынады.  Оның  туған  халқының  тәлiм-тәрбиелiк  бай  мұрасын 
игеру  жолындағы  еңбегi  ұшан-теңiз. “Ұлт  тәрбиесi –  баяғыдан 
берi  сыналып  келе  жатқан  соқпақ  жол  болғандықтан,  әрбiр 

 
33 
тәрбиешi  сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесiмен  таныс  болуға  тиiс.  Сол  ұлт 
тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”–, деп жазады ақын. 
Мағжан  Жұмабаев  қазақ  халқының  бала  тәрбиесi  жөнiндегi 
ұлттық менталитетке сай қалыптасқан тәрбие желiсiн қастерлей 
отырып,  оны  да  заманның  талабына  сәйкес  електен  өткiзуге, 
сөйтiп  барып  қабылдауға  болатынын  ескертедi.  Қазақ  аулында 
талай  зиянды  әдеттер  барын  да  жасырмайды.  Оқыған  зиялы 
азамат ретiнде бүгiнгi бала тәрбиесiне ерекше мән бере отырып, 
оның  ғылыми  тұрғыда  зерделенiп,  педагогикалық  шеберлiктiң 
ұшталу мәселелерiне ден қояды. 
Тәрбиешi, тәрбие, тәлiм – кең ұғым ретiнде қарастырылады. 
Адам  баласы  жер  бетiнде  өмiр  сүретiндiктен  тәрбиенiң  негiзгi 
мақсаты  жеке  адамды  ғана  тәрбиелеп  қою  емес,  сол  арқылы 
ұлттың 
бақыты 
одан 
әрi 
адамзат 
бақытымен 
байланыстырылады.  Адам  баласының  тәрбиеге  мұқтаждығы 
көрсетiледi.  Ғылыми-педагогика  негiздерiне  сүйене  отырып, 
бала  тәрбиелеудiң  өзiнiң  бiр  өнер  екенiн,  оның  қыры  мен 
сырының мол екенiн тұжырымдайды. 
М.Жұмабаев  педагогика  ғылымы  негiздерiне  талдау  жасап, 
оны  адамның  өз  тәжiрибесi,  халық  педагогикасы  және  бүкiл 
адамзат  қауымы  топтаған  ғылыми  тексерiлген  заңдылықтар 
құрайды  дей  отырып,  педагогика  ғылымының  салаларын,  оның 
өзге салалармен байланысын анықтайды. 
Кiтаптың  “Жалпы  педагогика”  деп  аталатын  бөлiмiнде: 
тәрбие, дене тәрбиесi және жан тәрбиесiнен құралады дей келiп, 
баланың  туған  күнiнен  бастап  тәрбиеленуiндегi  маңызды 
мәселелерге  тоқталады.  Оның  физиологиясы  мен  гигиенасына 
байланысты мәселелерге мән бередi. Ұстаз бұлардың барлығын 
қазақ  халқының  өмiрi,  тұрмыс-жағдайы  кейбiр  ата-аналардың 
бала  тәрбиесiндегi iс-шараларын  жөнiнде  олардың  дұрыс 
орындалуына маңызды кеңестер бередi. Бала тәрбиесiнiң ұлттық 
сипатта болуына ерекше назар аударады. Көрсетiлген еңбегiнде 
автор  мектеп  жасына  дейiнгi  баланың  өсу  жолдарында 
жасалатын тәрбиелiк шараларға мән бередi. 

 
34 
М.Жұмабаев  аталған  бөлiмде “психология”  деген сөздi “жан 
тiлi” деп аударып, психологияны “жан туралы пән” деп атайды. 
“Баланың  жанын  жақсы  тәрбиелеу  үшiн  жанды  көзбен  көрiп, 
қолмен  ұстамай-ақ,  оның  iстегi  көрiнiстерiн  жақсы  тексеру 
жетедi” деп есептейдi. 
Жан  көрiнiстерiн  ақыл  және  iшкi  сезiм  деп  бөледi,  жан 
тұрмысының 
бiрлiгiн 
дәрiптейдi. 
Адамның 
бойындағы 
психологиялық  көрiнiстердi  сипаттауда  iскерлiк,  суреттеу, 
тұқымдық ассоциация, ес, зейiн, қиял, ойлау, ойдан шығару, тiл 
т.б.  туралы  мәселелерге кеңiнен  тоқталып, өзiндiк  тұжырымдар 
бередi. 
Ұлы ақынның әдiстемелiк еңбектерi психологиялық жағынан 
ерекше көңiл аудартады. Мәселен, оның қазақ мектептерiне оқу 
құралдарын қалай жазу керектiгi туралы жазған “Жазылмақ оқу 
құралдары  hәм  мектебiмiз”  атты  мақаласы  1921  жылы 
“Бостандық туы” атты газетiнде басылып шығады. Жарияланған 
мақалада  оқу  құралының  зәрулiгi,  мектептердiң  қажеттiлiгi 
жөнiнде сөз қозғалады. 
1923  жылы  М.Жұмабаевтың  “Бастауыш  мектепте  ана  тiлi” 
еңбегi жарияланды. Оның бұл еңбегi жан-жақты ойластырылған, 
сындарлы  жүйемен  жазылған.  Мұнда  сол  кездегi  тарихи 
жағдайдан туатын мiндеттердi қарастырады. 
1. Бастауыш мектептiң мiндетi; 
2. Еңбек мектебiнiң мiндетi; 
3. Төрт жылдық бастауыш мектеп мiндеттерi  анықталады.  
Ақын-зерттеушi  ана  тiлiнiң  мектепте  оқытылуына  көңiл 
бөлiп,  ана  тiлi  сабағының  мақсаты  мен  мiндеттерiн  көрсетiп 
бередi.  Сондай-ақ,  оқытудың  сабақтан  басқа  түрлерiне  де 
тоқталады. 
Мағжан  Жұмабаев  ескi  мектеп  сипаты  мен  жаңа  мектептi 
салыстырып,  оның  ерекшелiктерiн  сөз  етедi.  Ескi  мектептiң 
жағдайын  сынай  отырып,  жаңа  мектептiң  берерiн  де  терең 
талдайды.  Халық  ағарту  iсiнiң  өсiп  келе  жатқанын,  ана  тiлiнде 
оқыту iсiнiң озық ойдың жемiсi екенiн әңгiмеге өзек етедi. 

 
35 
Өзiнiң  педагогикалық  еңбегiнде  ақын  оқушы  жүрегiне,  ең 
алдымен, нақты бейне, сурет сала бiлу керек деп кеңес бередi.  
Қазақ тiлiндегi педагогикалық терминдердiң жасалуы   ақын 
Мағжан  Жұмабаев  еңбектерiнен  бастау  алатыны  тарихи 
шындық. Оның “Педагогика” еңбегiне енген “Тiл”, “Тiлдiң адам 
өмiрiндегi hәм ұлт өкiлдерiндегi ұсталған орны”, “Баланың тiлi” 
атты  тақырыпшаларда  көтерiлген  мәселелердiң  маңызы  бүгiнгi  
күнi де өзiнiң зәрулiгiнен айрылған жоқ. Мағжан Жұмабаевтың 
қазақ  баласының  тәрбиесiне  терең  мән  бергенi,  оның 
психологиялық  аспектiлерiне  ғылыми  талдау  жасауы  халықтық 
ағартушылық жүйедегi қажеттiлiктерден туындағаны сөзсiз. ХХ 
ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшiн 
әртүрлi салада зерттеулер жазуы осының айғағы.  
Мағжан  Жұмабаевтың  ана  тiлде  оқытудың  маңыздылығына 
мән  беруiнiң  де  астары  терең.  Сондықтан  оны  оқып-бiлудiң 
жастар үшiн, ұстаздар үшiн мәнi ерекше.      
 
 
ЖҮСIПБЕК  АЙМАУЫТОВ 
 
Қазақ  ойының  биiгiн  танытатын  замана  суреткерi  Жүсiпбек 
Аймауытов  тек  көркем  сөз  шеберi  ғана  емес,  қазақ 
мектептерiнде  ана  тiлiн  оқытудың  жай-жапсарын  айтқан, 
психологияны  оқытудың  мәнiсiн  көрсеткен  ғалым  да.  Халық  
ағарту  жүйесiнде  ұзақ  уақыт  еңбек  еткен  Жүсiпбек  Аймауытов 
жас  ұрпақты  халықтық  рухта  тәрбиелеуге  үлкен  мән  берiп, 
баланың  жан  дүниесiне  үңiлу,  оның  дұрыс  өсiп,  қанат  жаюына 
көмек көрсету мәселерiне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы 
мектеп 
мұғалiмдерi 
мен 
педагогикалық 
оқу 
орындары 
студенттерiне  арнап  жазған  “Тәрбиеге    жетекшi”,  1926  жылы 
Орынборда  жарық  көрген  “Психология”,  Мәскеуде  шыққан 
“Жан  жүйесi  және  өнер  таңдау”,  1929  жылы  Қызылордада 
басылып  шыққан  “Сабақтың  комплекстiк  жүйесiнiң  әдiстерi” 
атты кiтаптары кезiнде педагогикалық оқу орындарында оқулық 
қызметiнде  қолданылған.  Ал  педагогика  мен  психология 

 
36 
ғылымдары  терминологиясының  ұлттық  сипатта  қалып-
тасуының бiрден-бiр негiзi, тұғыры болды десек қателеспеймiз. 
Жүсiпбек  Аймауытов  өзiнiң  алғашқы  қызметтiк  қадамын 
оқу-ағарту  iсiнен  бастаған.  Кейiнгi  шығармашылық,  қоғамдық 
көзқарасында  да  халыққа  бiлiм-өнер  дарыту  iсi  оның  негiзгi 
кредосына  айналғаны  байқалады.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
зиялыларының негiзгi бағдарламалық тұғыры – қазақ қауымына 
қажеттi ең негiзгi нәрсе – бiлiм екенiн халыққа дарыту едi. Осы 
бағытта  қызмет  еткен  Ж.Аймауытов  та  өзiнiң  саналы  ғұмырын 
ұлы iс жолында қызмет етуге арнады. Оның бала кезiнен-ақ бiр 
жағы  оқи  жүрiп,  жазғы  демалыс  айларында  ауылға  барып  бала 
оқытуы – тек тұрмыс алға тартқан тауқымет не қажеттiлiк қана 
емес,  халықтық  мақсаттан,  ұлт  болашағының  жарқын  болуын 
көздеген асыл мұраттардан туған ой болуы керек.  
1911 жылы Керекудегi екi класты орыс-қазақ мектебiне түсiп, 
одан  1914-1949  жылдар  арасында  Семейдегi  мұғалiмдер 
семинариясын 
бiтiргеннен 
кейiн, 
қоғамдық 
қызметтерге 
араласады,  кейiн  1921  жылы  Семей  губерниялық  оқу  бөлiмiнiң 
меңгерушiсi  болып  қызметке  ауысады.  1926-1929  жылдары 
Шымкент  педагогикалық  техникумының  директоры  болады. 
Оқытушылық  қызметке  араласып,  оның  iшкi  қиындықтары  мен 
кезек  күттiрмейтiн  қажеттiлiктерiн  толық  бiледi.  Сондықтан  да 
мектептегi  тәрбие  iсi,  оқу,  оқыту  мәселелерiне  арнап  көптеген 
мақалалар  жазады.  Әдiстемелiк  еңбектерiндегi  негiзгi  бағыт – 
оқыту  мен  тәрбие  iсiнiң  тұтастығын,  рухани  тәрбие  мен  дене 
тәрбиесiнiң бiрлiгiн, адамның өзiн-өзi тәрбиелеу қажеттiлiгi мен 
оның  жолдарын  анықтап  беру  болған  сыңайлы.  Қазақстандағы 
оқу-тәрбие  жұмысымен  байсалды  шұғылдану  барысында,  тек 
мұғалiмдiк  iс-тәжiрибенi  жинақтаушы  ғана  емес,  әдiстемелiк 
ғылымның  теориялық  деңгейiн  көтеретiн  ғалым-педагог 
дәрежесiне жеттi.  
Автордың  1918  жылы  “Абай”  журналына  жарияланған 
“Тәрбие”  атты  мақаласынан  бастап,  баланың  тәрбиесiне  үлкен 
мән  бередi.  Адам  баласының  өзге  жан  иелерiнен  басты 

 
37 
айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды желi 
етiп 
ұстай 
отырып, 
мақалада 
баланың 
кей 
ұнамсыз 
қылықтарының  болуы  тәрбиенiң  кемшiлiгiнен  деген  түйiн 
жасайды.  Жүсiпбек  Аймауытов  адам  табиғатқа  ғана  тәуелдi 
емес,  тәрбиеге  де  тәуелдi  деген  ой  айтады.  Әр  заманда  өмiр 
сүрген  ұлы  тұлғалардың  жасаған  iс-әрекеттерiн  еске  ала 
отырып,  олардың  жақсы-жаман  қылықтары  өздерi  алған 
тәрбиенiң  жемiсiнен  болған  деген  пiкiрi  қай  кезде  де  ескiрмесi 
анық.  
Бiлiктi  ағылшын  философы,  әрi  педагогы  Дж.  Локктың 
“Баланың  ақылы  да,  жаны  да  туғанда  таза  тақтайдай  болып 
туады. Таза тақтайға қандай жазу жазса да жазушының еркiнде” 
деген  сөзiн  талдай  отырып,  ондағы  негiзгi  көқарасқа 
байланысты 
өз 
ойын 
өзгеше 
сабақтайды. 
Адамда 
жаратылысынан әртүрлi мiнез қалыптасып туатынын тiлге тиек 
етедi.  Мұның  өзi  ғалым-педагогтың  генетика  заңын,  адам 
бойындағы  негiзгi  қасиеттiң  ата-бабадан  даритындығын  еске 
салғаны  болуы  керек.  Сондықтан  да  тәрбие  жеке  адамның 
ерекшелiгiн 
ескере 
отырып 
орындалуы 
керек 
деген 
тұжырымымен  келiспеуге  болмайды.  Қазiргi  кездегi  дамыған 
тәрбие  ғылымының  да  басты  қағидаларының  бiрi  осындай. 
Яғни,  мектептегi  тәрбие  iсi  де,  оқыту  iсi  де  жеке  адамның 
ерекшелiктерiн ескере отырып орындалады. 
Жүсiпбек  Аймауытовтың  тағы  бiр  өзгеше  ерекшелiгi  қазақ 
халқының  ғасырлар  бойы  жасап  келе  жатқан  ақыл-ойына, 
даналығына сүйенетiндiгi. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң, 
сүтпен  бiткен  мiнез  сүйекпен  кетедi  деген  мақалдарды  еске 
алып,  баланың  жеке  адам  болып  қалыптасуындағы  ата-ананың 
маңызды рөлiн көрсетедi.    
“Тәрбиешiге  Отанның  келешегiн  тапсыруға  болады,  өйткенi 
ақылды адам көбiнесе, Отанның күзетшiсi, қорғаны” деген ойды 
оқу  арқылы  да  Жүсiптек  Аймауытұлының  озық  ойларын 
танимыз.  Тәрбие  iсi – мемлекеттiк  iс.  Өйткенi  бүгiнгi  дұрыс 

 
38 
тәрбие – болашақтағы  жақсы  елдiктi  танытар  азаматтардың 
өсетiнiнiң белгiсi деген салмақты тұжырымды танимыз.  
Ж.Аймауытов  жас  ұрпақты  тәрбиелеудiң  бiр  негiзi  ретiнде 
әдет  заңдарын  атайды. “Әдет  заңы”  атты  мақаласында  әдеттiң, 
дәстүрдiң  қазақ  халқының  күнделiктi  тiршiлiгiнде  алатын 
орнын, маңызын айқындайды. “Әдет – бiр сақтаулы қазына” дей 
отырып, халық жасаған әдеттердiң тәрбиелiк мәнiне тоқталады.  
Ғалымның  негiзгi  ғылыми  еңбектерiнiң  бiрi – “Жан  жүйесi  
және  өнер  таңдау”  деп  аталатын  зерттеуi.  Бұл  қазақ 
психологиясының 
қырын 
саралап, 
жақсы 
әдеттi 
қалыптастырудағы психологияның маңызын анықтауға арналған 
терең мәндi ғылыми еңбек. Өз кезiндегi жан дүниесiне арналған 
тұңғыш  еңбек  болуымен  де  аса  құнды. “Жан  дүниесi”  пәнiнiң 
негiзiн  қалап,  оның  алғашқы  терiм  сөздерiн  (термин  сөздер) 
қалыптастырған.  
Жүсiпбек Аймауытов қазақ тiлiнiң оқыту әдiстемесiне арнап 
ана тiлiн оқытуға, жазу мәселесi мен емле жүйесiне байланысты 
бiршама  ғылыми  мақалалар  жариялаған.  Ұлттың  жазу  тiлiн 
жетiлдiру,  жалпы  халықтың  сауатын  көтеру  мәселелерiн 
қозғайды.  Қазақ  баласына  хат  танытудың  өрелi  жолы  ретiнде 
ғалым-жазушы буын әдiсiн қолдайды. Балаға әуелi 2-3 дауысты 
дыбысты  үйретiп,  содан  кейiн  оған  дауыссыз  дыбысты  қосып, 
буын  не  бiр-екi  буыннан  тұратын  сөздердi  құрап,  жаздыру, 
оқыту әдiсiн ұстану қажеттiгiн дәлелдейдi.  
1925  жылы  жазылған  “Ана  тiлiн  қалай  оқыту  керек”  атты 
көлемдi мақаласы әдiстемелiк жағынан құнды. Мұнда зерттеушi 
ұлт мектептерiндегi ана тiлiн оқытудың жүйеленген әдiсi жоғын 
тiлге  тиек  ете  отырып,  әркiм  өз  бiлгенiмен  тiл  үйретiп,  сабақ 
берiп  жүргенiн  әдiл  сынға  алады.  Орыс  мектептерiнде 
қолданылып  жүрген  оқыту  әдiстерi  жайында  мәлiмет  бере 
отырып,  солардың  қазақ  мектептерiне  қазақ  психологиясына 
қолайлы келетiн әдiстерiн жүйелi қолдану қажеттiгiн айтады. 
Балаларды  қысқа  әңгiмелер  оқытуға  төселдiрудiң  жолдарын 
талдап баяндайды. “Ертегi, әуездiң пернелi, кестелi сөзiн тастап, 

 
39 
баланың  өз  сөзiмен  қайта  айтқызуға  болмайды.  Олардың 
маңызы – қиялға әсер берiп, шарықтауында. Сезiмге әсер берiп, 
көңiлдi  ұйытқытуында”, – деп  жазады  автор.  Жас  балаға  газет 
оқыту  мен  көркем  сөз  оқытудың  бiр  емес  екенiне  назар  аудара 
отырып,  сөздiң  мәнiн  өзгертпей,  маңызын,  көркемдiгiн 
жоғалтпай айтуға тәрбиелеу қажеттiгiн шегелей айтады.  
Жүсiпбек  Аймауытов  қазақ  тiлiн  оқыту  әдiстемесiнiң 
көптеген  теориялық  мәселелерiн,  адам  жанының  тәрбиесiнiң 
басты құралы ретiндегi ана тiлiн оқытудың маңызын көрсеткен. 
Ғалым-педагогтың  жазған  әдiстемелiк  ғылыми  еңбектерiнiң 
қазiргi таңда да маңызы мол.   
 
СЕЙIЛ ЖИЕНБАЕВ 
 
Ахмет  Байтұрсынұлы  салған  iзбен  қазақ  тiлiн  оқытудың 
әдiстемелiк 
негiздерiн 
зерделеу 
саласында 
Т.Шонанов, 
Ш.Х.Сарыбаев,  С.Жиенбаев,  Ғ.Бегалиев  сынды ғалымдар еңбек 
еттi.  Бұлар    А.Байтұрсынұлынан  кейiнгi  әдiскер  ғалымдардың 
алғашқы  шоғыры  едi. “Әдiстеме”  деп  аталатын  ғылымның 
бастауында  тұрған  бұл  ғалымдардың  еңбектерi  кеңiнен 
зерделеудi, уақыт пен заман ұстанған саясат астарындағы қиын 
кездiң өзiнде тiл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап 
салмақтауды  қажет  етедi.  Бұл  кезең  сондай-ақ,  жазу 
таңбаларының үздiксiз ауысып жатуымен де ерекшеленедi.  
Тiл  бiлiмiнiң  көптеген  теориялық  мәселелерiнiң  басы  ашық 
болмай  тұрған,  ғылымның  жас  кезiнiң  өзiнде  қазақ  тiлiнiң 
мектепте  дұрыс  бағытта  оқытылуына  барынша  күш-қайрат 
жұмсап,  оның  әуелгi  оқу  құралдары  мен  оқулықтарын, 
бағдарламаларын 
жасап, 
кейбiр 
теориялық 
мәселелерде 
толғамды  да  салиқалы  ой  айта  алған  ғалымдардың  еңбегiн  өз 
дәрежесiнде бағалау орынды болмақ деп есептеймiз.     
Қазақ тiлiн оқытудың әдiстемесi пәнiнiң арнайы сала ретiнде 
қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бiрi – Сейiл Жиенбаев. 
Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1-мамыр 

 
40 
күнi  дүниеге  келiп,  1945  жылы  қайтыс  болған.  1910-1912 
жылдары  екi  жылдық  Бөрте  училищесiн,  1928  жылы  Абай 
атындағы  Қазақ  мемлекеттiк  педагогикалық  институтын 
бiтiрген.  1916-1922  жылдары  Орынборда,  Шымкентте  мұғалiм 
болып  қызмет  iстейдi.  1931-1935,  сондай-ақ,  1937-1939 
жылдары 
Алматы 
қаласындағы 
Ауыл 
шаруашылық 
институтында оқытушы болады.  
С.Жиенбаев  қазақ  тiлiн  оқыту  әдiстемесiне  байланысты 
“Бастауыш  мектептегi  қазақ  тiлiнiң  әдiсi”, “Үлкендерге  хат 
таныту методикасы”, “Үлкендерге ана тiлiн оқыту методикасы”, 
“Бастауыш  мектепте  кiтап  оқыту  методикасы”, “Қазақ  тiлiнiң 
методикасы”, “Грамматикалық 
таблицалар” 
т.б. 
сияқты 
еңбектер жазған.   
Пәндi  оқыту  әдiстемесiне  байланысты  еңбектерiнiң  негiзгi 
ой-толғамдары  автордың  1946  жылы  жарық  көрген  “Қазақ  тiлi 
методикасы”  атты  еңбегiнде  баяндалады.  Грамматиканы 
оқытудың  жалпы  әдiстерiн  талдауды  мақсат  еткен  бұл  еңбек 
қазақ  тiлiнiң  грамматикалық  жүйесiн  оқытуды  ғылыми  негiзде 
талдаған  алғашқы  еңбектердiң  бiрi  едi.  Оқытудың  жалпы 
әдiстерiн,  негiзгi  ұстанымдарын  көрсете  отырып,  оны  нақты 
материалдар негiзiнде түсiндiредi.  
Сабақты  мазмұндап  шығу  бар  да,  сол  мазмұндаған  нәрсенi 
оқушы  миына  тоқытып,  меңгерту  бар  екенiн  айта  келiп, 
мынадай 
мысалдар 
арқылы 
ойын 
сабақтайды. 
Кезектi 
тақырыптардың  бiрi  ретiнде  септiк  жалғауын  алып,  оның  жетi 
түрлi септiктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын 
айтып өтумен iс бiтпейдi дейдi ғалым-әдiскер. Сабақты бұлайша 
мазмұндау  автордың  пiкiрiнше,  тек  догматикалық  әдiс 
қолданғандық.  Оқушы  септiк  жалғаудың  мәнiн  терең  түсiну 
үшiн,  ең  алдымен,  оның  қызметiн  дұрыс  бағамдағаны  дұрыс. 
Септiк  жалғауының  негiзгi  атқаратын  қызметi – синтаксистiк 
қызмет.  Екi  сөздi  бiр-бiрiмен  жалғастырып  айту  кезiнде  ғана 
жалғау  керек  болады,  ал  сөздердiң  басын  қосып,  құрастыру – 
сөйлем  жасау  болып  табылады  дей  келiп,  септiк  жалғауының 

 
41 
осындай  синтаксистiк  мәнiн  түсiндiру  арқылы,  мағынасын 
айқындауға болар едi деген келелi ой айтады.  
Тек  септiк  жалғауды  оқытудың  жайын  баяндауының  өзiнде 
автор  көптеген  теориялық  мәселелердiң  байыбына  баланың 
ойын қалай жетелеу қажеттiгiн алға тартады. “Бұл мәселенiң өзi 
(септеу  жалғаулардың  синтаксистiк  қызметi  жөнiндегi  мәселе) 
соншалық 
жалаң 
мәселе 
емес. 
Алдымен 
морфология 
құбылысының  синтаксистiк  мәнi  бар  дегеннiң  өзiн  толық  ұғу 
үшiн  адамның  грамматикалық  ой-өрiсi  белгiлi  бiр  дәрежеге 
жеткен  болу  керек.  Сондықтан  жалғаулардың  мұндай  қызметiн 
мысалмен  көрсетiп,  тек  қысқаша  ұғым  берiп  алу  керек”,-  ойын 
түйiндейдi (1946, 9-бет). Жалғаулардың да өзiндiк мағынасы бар 
екенiн балаға түсiндiру үшiн, оларды алып тастап немесе орнын 
өзге  жалғаумен  алмастырып  қарауға  болар  едi.  Онда  мүлде 
сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгередi. 
С.Жиенбаев  еңбегiнде  кез  келген  тiлдiк  деректi  талдау 
барысында,  оған  қандай  әдiстi,  қандай  ұстанымды  қолдану 
қажеттiгiн талдап көрсетедi. Жаңа сабақты өту барысында, оны 
бекiту  үстiнде  байқау,  тексеру  тәсiлiн  пайдалануды  ұсынады. 
Тексеру жұмысын оқытушы бiр өзi ғана жүргiзбейдi, оқушылар 
да  белсене  қатынасып,  олар  да  бiрге  ойланып  отырады  деп 
бағамдайды. Өздерi бiрге тексерiсiп, бiрге талдаған соң, сабақты 
ұғыну  деңгейi  де  жоғары  болатыны  сөзсiз.  Байқау  әдiсiн 
қолданғанда  негiзгi  басқарушы  мұғалiмнiң  өзi  болуы  шарт. 
Жаңа  сабақтың  басты  ғылыми-теориялық  мәселелерiн  баланың 
мойнына  салуға  болмайды.  Тиiстi  тiлдiк  деректердi  талдау  тек 
мұғалiмнiң  басшылығымен  орындалғаны  дұрыс.  Егер  осы 
талдау  барысында  шығатын  қорытынды  мұғалiмнiң  өзi  айтпай-
ақ  байқалып  тұратын  болса,  онда  сабақ  өзiнiң  мақсатына 
жеткенi саналады. 
Автор  пәндi  оқытудың  әдiстемелiк  ұстанымдары  тек  сабақ 
жүргiзгенде  ғана  емес,  грамматикалық  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарының  да  құрылысына  әсерiн,  ықпалын  тигiзiп,  оның 
жалпы  барысында  сақталып  отырылуы  қажет  деген  ой  айтады. 

 
42 
“Грамматика  кiтабының  құрылу  принциптерi”  атты  бөлiмiнде 
мектеп  оқулықтарын  жазуда  бiрыңғай  ғылыми  ұстанымдарды 
ғана  сақтамай,  әдiстемелiк  ұстанымдарды  да  жүйелi  түрде 
басшылыққа  алып  отыру  қажеттiгiн  анықтап  айтады.  Қазақ 
мектебiнiң  тарихында  ана  тiлiнiң  әдiстемесiнен  жаңадан  жол 
алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей 
келiп,  ғалым  алғашқы  грамматиканың  өзi  ХХ  ғасырда  шықты 
деп, “Тiл  құралды”  көрсетедi.  Авторын  атап  айтпаса  да,  бұл 
Ахмет  Байтұрсынұлының  еңбегi  екенiн  көзi  қарақты  азамат 
танитыны  түсiнiктi.  Әңгiме – С.Жиенбаевтың  1946  жылдары, 
яғни  соғыстан  соңғы  қиын  кезеңдерде,  екiншi  зоболаңның 
(репрессия)  алдында,  қорықпай  Ахмет  Байтұрсынұлының 
еңбегiне  сiлтеме  жасай  алу  ерлiгi.  Зерттеу  еңбегiне  сiлтеме 
жасамақ  түгiлi,  атын  атау  мүмкiн  болмай  қалған  тұста, 
С.Жиенбаев  былай  деп  жазады: «Тiл  құрал»  кiтабының  сол 
кездегi ойлау принципiнiң де, онымен қатар тұлғалық бағыттың 
да  элементтерi  барлығын  көремiз”.  Осылайша  зерттеушi  Ахмет 
Байтұрсынұлы  жасаған  кей  анықтамалар  мен  ұстанымдарға 
талдау  жасайды.  Оның  негiзгi  сүйенгенi  логикалық  принцип 
деген  тоқтамға  келедi.  Еңбектегi  талдаулардан  С.Жиенбаевтың 
Ахмет  Байтұрсынұлы  еңбегiмен  жақсы  таныстығы,  одан 
мүмкiндiгiнше  мол  мағлұмат  бере  кетудi  мақсат  еткенi  анық 
байқалады.  
Грамматикалық  категорияның  жай-мәнiсiн  түгел  меңгерiп 
алу  үшiн  дағды  керек  деп  есептейдi  әдiскер-ғалым.  Ал  дағды 
алу үшiн оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлi-түрлi 
тұлғаларын  ажыратып  көру  керек.  Бiрақ  терең  бiлiм  құр 
жаттығумен де келмейдi деген пайымдаулар жасап отырады.  
С.Жиенбаев 
еңбегiнде 
оқушыларға 
грамматикалық 
категорияны  танытудың  маңыздылығын  атап  көрсетедi.  Әрине 
адам  баласы  өзiнiң  ана  тiлiн  грамматиканы  оқымаса  да  бiледi, 
бiрақ  тiлдiң  құбылыстарын,  оның  iшкi  даму  заңдылықтарын 
терең  түсiну  үшiн  тiлдегi  негiзгi  категориялармен  таныс  болу 
қажеттiгiн 
жақсы 
атап 
өтедi. 
Еуропа 
оқымыстысы 

 
43 
О.Есперсеннiң 
зерттеулерiне 
сүйене 
отырып, 
жасаған 
талдаулары  терең  де  мазмұнды.  Тiптi  кейiнгi  зерттеулерде 
кездесе  бермейтiн  терең  теориялық  толғамдар  бар.  Айталық, 
сөздiң  мәнiсiн  барлағанда,  автор  оны  тек  дыбыстан  тұратын 
бiрлiк  ретiнде  ғана  қарастырмай,  ұғымды  таңбалаушы  ретiнде 
бағалайды.  Балаларға  анықтама  үйретiп,  жаттатып  шаршаудың 
қажетсiздiгiн мұғалiмдерге жете түсiндiру шарт деген тұжырым 
айтады. 
“Тұлғашыл  бағыттағы  оқымыстылар  категорияның  сыртқы 
тұлға  жағына  айрықша  көңiл  бөлiп,  мағына  мен  мазмұн  жағын 
көп  елемеген.  Шынында,  грамматиканы  оқытқанда  сөздiң 
семантикалық  белгiсiне  зор  мән  беруiмiз  керек.  Әрi  тұлғасын, 
әрi  мазмұнын  айырғанда  ғана  мәселе  ұғымды  болмақ” – деген 
көреген ойды С.Жиенбаев еңбегiнен табамыз.  
Тiлдегi құбылыстың тұлғасын көрсетiп, мағынасын ұқтыру – 
үйретудiң  негiзгi  әдiсi.  Оқытушының  айтып  тұрғанының 
барлығын  бiрдей  бала  түсiнбеуi  мүмкiн.  Бұдан  шығар  жол – 
әртүрлi  жеңiл  мысалдар  мен  көрнекiлiктi  дұрыс  қолдана  бiлу,– 
деп  жазады  ғалым-әдiскер.  Грамматикалық  категорияны 
түсiндiрудiң қалыпты жолы – сұрақ қою арқылы ұғындыру екенi 
де талданып жазылған.         
Оқыту  тәжiрибесiнде  құбылыстарды  өзара  салыстырып,  сол 
арқылы  олардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  айқынырақ 
көрсетуге болатыны белгiлi. С.Жиенбаев салыстыру әдiсiн қазақ 
тiлiн  зерттеуге,  оқытуға  қолдануға  болатынын  айтып,  нақты 
мысалдармен  түсiндiре  дәлелдейдi.  Бұл  әдiстiң  пайдасы  белгiлi 
бiр  деректердi  салыстырып,  оның  айырмасын  не  ұқсастығын 
айыру баланы ынталандырады. Екiншiден, бала себеп пен тұлға, 
мағына дегендердi көп тексередi. Соның арқасында талданылып 
отырған  екi  категорияның  өзiн  меңгерiп  алады  деп  ойын 
түйiндейдi ғалым.  
С.Жиенбаев  еңбегiнiң  маңызды  қыры  сөздiң  ұғымдық, 
мағыналық  жағынан  тексерiлуi  болса  керек.  Өзiнiң  көп 
замандастарынан  ерекше,  зерттеушi  тiлдiң  құрылысын  ғана 

 
44 
емес,  оның  мағыналық  құрылымын,  ұғымдық  сипатын 
айқындауға  талаптанған.  Батыстық  семантикалық  үлгiде 
жазылған 
ғылыми 
зерттеулердi 
көп 
оқып, 
зерделегенi 
байқалады.  Автордың  О.Есперсенге,  Н.Я.Маррға  сiлтеме 
жасауы – оның  зерттеулерiнiң  негiзгi  бағыты  мағыналық  жүйе, 
функциональдық құрылым екенiн аңғартады.   
Қазақ тiлiнде сөз таптарын ажырату орыс тiлiнен анағұрлым 
қиын дейдi ғалым. Олай болуының себебi қазақ тiлiнде тұлғасы 
бiрдей,  тек  мағынасына  қарап  айырылатын  сөздер  бар.  Шығу 
тегi  жағынан  тектес  түбiрлер  болып  саналатын  есiм-етiстiк 
жұптарының  көп  мағыналылықтан  жiктелiп  шығатыны  белгiлi 
жағдай.  Қазiргi  тiлдiң  синхрондық  сипатында  бұл  сөздер  әр 
түрлi мағыналарға ие. Сөздердiң арнайы мағынасы мен олардың 
қай  сөз  табына  жататындығын,  қызметiн  айқындайтын – 
контекст,  мәтiн.  Зерттеушi  осындай  мағынасы  сөйлем  iшiнде 
айқындалатын  лексикалық  бiрлiктердiң  мағынасын  салыстыру 
әдiсi  арқылы  көрсету  дұрыс  деп  пайымдайды.  Тек  қана  түбiр 
сөздердiң  мағыналары  емес,  кейде  негiздердiң  мағыналарын 
айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтiледi. 
Олардың iшкi семантикалық  мәнiнiң тек контексте ашылатыны 
нақты мысалдар келтiре отырып, балаларға жеткiзудiң кей әдiс-
тәсiлдерiне  тоқталады.  Ғалымның  негiзгi  ұсынар  тәсiлi – 
мысалдарды  салыстырып  беру  арқылы  олардың  мағыналық 
ерекшелiгiне оқушының көзiн жеткiзу. 
Қазақ 
тiлi 
оқыту 
әдiстемесiнiң 
негiзгi 
көкейтестi 
мәселелерiне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым 
С.Жиенбаевтың  еңбектерi  өзiнiң  өзектiлiгiн  күнi  бүгiн  де 
жоғалтқан  жоқ.  Оның  семантикалық  бағыттағы  ойлары  мен 
тұжырымдары,  оқушыны  ойлантуға  жетелейтiн  сабақ  үлгiлерi, 
ұғымдық,  мәндiк  талдаулары  болашақ  оқытушылар  мен 
зерттеушiлерге бағыт көрсете берерi сөзсiз. 
1936  жылы  орта  мектептiң V-VI сыныптарына  арналған 
Сейiл  Жиенбаевтiң  “Грамматика  талдауыш”, “Қазақ  тiлi 

 
45 
әдiстемесi”, “Грамматикалық  таблицалар”  тағы  басқа  еңбектерi 
жарық көрдi. 
Бұл аты аталған еңбектердiң қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде 
алатын 
орны 
ерекше. 
Онда 
қазақ 
тiлi 
әдiстемесiнiң 
педагогикалық  негiздерi,  жазу  жұмыстары,  талдау  үлгiлерi, 
грамматиканы  оқыту,  кiтап  оқу  әдiстемесi  сияқты  мәселелерге 
тоқтаумен  бiрге, “мұғалiм  сабақты  берудi”  көрсетiп  бергенiнен 
айнытпай  орындауға  мiндеттi  емес,  өз  бiлгенiнше  түрлi  әдiс 
қолдануға ерiктi әдiстеме рецепт емес, әкiмшiлiк нұсқау да емес, 
тек педагогикалық кеңес, жол-жоба”, – деп әдiстеменiң көптеген 
мәселелерiне тоқталды, ол қазiрде де мәнiн жойған жоқ.  
С.  Жиенбаев  туралы,  оның  әдістеме  ғылымын  дамытудағы 
орны  мен  өзіндік  қолтаңбасы  туралы  кезінде  И.Қ.  Ұйықбаев 
“Қазақ  тілі  методикасының  библиографиялық  көрсеткіші”  атты 
шағын  жұмысында  көптеген  құнды  мәліметтер  келтірген.  Осы 
жұмыста  С.  Жиенбаевтың  қаламынан  шыққан 95 еңбектің  аты 
аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған 
еңбегінің саны -29. Бұлардың ішінде “Лекции по педагогике для 
заочников вуза и педучилища” (1930), “Методика родного языка 
в  НШ” (1934), “Методические  материалы  для  учителей  НШ” 
(1935), Грамматика талдауы “Ауыл мұғалімі”(1936), “Бастауыш 
мектепте  кітап  оқыту  методикасы” (1939),  Грамматикалық 
категорияларды 
таныту 
“Халық 
мұғалімі” (1950, 
№5), 
“Үлкендерге  хат  таныту  методикасы” (1936), “Қазақ  тілі 
методикасы” (1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен.        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет