Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

29. ҚАРҚАБАТ 

...Бір күн патша түс көріп,

Жинады жұртын сол замат.

—Айтайын түстің мазмұнын,

Тыңлағын,—деді,—жамағат.

Әлқисса, патша түс көріп, түсінде түрлі іс көріп, жұртын 

жинап алып айтып жатқан жері еді.

—Құлақ сал, жұртым, уәзірім,

Бір түрлі бүгін түс көрдім.

Бәріңе баян қыламын.

Көп жылдан бері қураған,

Есігімнің алдында

Байлапты мәуе шынарым.

 Алла Тағаланың сөзі: Жүсіп, әй шыншыл, жеті семіз сиырды жеп жатқан 



жеті арық сиыр және жеті жасыл масақ пен қураған масақ туралы пәтуа бер 

(түсіндіріп бер).



264

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Біреуін алып жейін деп,

Мен ғаріп әуес қылғаным.

Көтерілді жоғары,

Болмады ила шығарым.

Жеткізбей кетті аспанға,

Құрыды шөлдеп дәрменім.

Біреуін алып жей алмай,

Тарқамай қалды құмарым.

Жақсылыққа жорыңдар,

Арт жағын қайғы қыламын.

Әлқисса, патшаның екі уәзірі болады, бірінің аты Дана, 

екіншісінің аты Зұлмат еді. Дана уәзірі оң жағында тұрушы еді. 

Бұл Дана патшаның сенімді уәзірі еді. Екінші уәзірі Зұлмат пат-

шаны жаман көруші еді. «Патша өлсе, мен тағына ие боламын» 

деп тілеу тілеп жүріп еді. Дана Зұлматтан бұрын мен жориын 

деп, Дананың патшаның түсін жорып тұрған жері еді.

—Рас па, тақсыр, белгіңіз,

Жорылық мұны енді біз.

Байласа мәуе шынарың,

Бір ұл табар қатының,

Сүйінші, шаһым, беріңіз.

Әуелгіңнен сүйініп,

Кейінгіңнен күйініп,

Қапалы боп тұр көңліміз.

Мәуені қалсаң жей алмай,

Бола ма қысқа өміріңіз.

Тәуелдер болып залымға,

Тартармыз жапа көбіміз.

Мәуеңіз піссе түсіңде,

Ер жетер өсіп ұлыңыз.

Ұзап кетсе алысқа,

Ажырар ұлдан шегіңіз.



264

265


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Перзентің қашан өскенше,

Сандалар мекен-еліңіз.

Зарығып жүріп ақыры,

Ұлыңа тиер орныңыз.

Өз балаң сұрар орныңды,

Осыған келді жөніңіз.

Осылай деп патшаға,

Дананың айтқан нақылы.

Жалғыз-ақ патша өзі еді,

Жанашыр жоқ жақыны.

Халыққа патша боп еді,

Болған соң басым ақылы.

Тілеуі сол әркімнің,

Бәнденің болсын ақыры.

Тілеуін беріп патшаның,

Болыпты жүкті қатыны.

* * *


...Бала туылған күні Зұлмат түс көріп, түсінде өзіне қауіп іс 

көріп, түсін айтып жатқан жері еді:

Түсін айтып падиша,

Халыққа қарап отырып.

—Жиылып келген халайық,

Ояндым бүгін шошынып.

Түсімде бала жолбарыс

Қалама кірді зорсынып,

Әскерді жинап ұрыспаққа,

Алдынан шықтым тосынып.

Ұрысуға әскер жарамай,

Айбатына шыдамай,

Шаһардан қашты жосылып.


266

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қолымда мада жолбарыс

Ұмтылды соған талпынып.

Ұрысар деп босаттым,

Тұрған соң күшпен жұлқынып.

Аузын сүйіп аймалап,

Қуанды оған қосылып.

Әлгі бала жолбарыс

Өзіме қайта ұмтылды,

Әскерімді қомсынып.

Қолымда мада жолбарыс,

Көлденең тұрды ол шығып.

Араға түскен ұқсады,

Көзінің жасы жосылып.

Сыйлады соны шамада,

Тұрып ем жаман қорқынып,

Дақ салмай кетті жайына,

Ойлап ем белді опырар.

Жақсылыққа жорыңдар,

Көрмесем еді қоршылық.

Әлқисса, Дана халыққа: «Патша ашуланбаса, мен жори-

мын»,—деді. Сонда халық шу ете қалды: «Дана, көңіліңе тура 

келген жерін жоры»,—деді. Жұрт Данаға сеніп, патшаның 

түсін тура жорып тұрған жері еді:

—Рас па, тақсыр, шыныңыз,

Жориық енді мұны біз.

Жолбарыс көрсең түсіңде—

Болмайды жақсы түбіңіз.

Бір бала сізбен соғысар,

Сізге айтқан, патша, сырымыз.

Сол бала сұрар орныңды,

Осыған келді түріңіз.


266

267


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Әскерің қашса жосылып—

Жау болар сізбен жұртыңыз.

Араға түссе түсіңде,

Жолбарыс мада гүліңіз,

Аузын сүйсе аймалап—

Қосылар соған қызыңыз.

Өлімнен қызың ап қалар,

Ойланып мұны жүріңіз.

Айыпқа, патша, бұйырма,

Кетпесін ұстап жыныңыз...

30. ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

...Әй, патша, бұ күн өзім бір түс көрдім,

Көргенде оны мен көңіл бердім.

Айтпақ парыз, есітпек сізге уәжіп,

Уәзірдің хайла-мәкір сөзін тердім.

Патша:—Естиін оны,—деді,

Қатын айтты:—Жалған деме мені,—деді,

Бір доп ұстап тұр екесіз, өзі алтын,

Артық-дүр бұ ғаламнан сыны,—деді.

Бұл допты ойнайсыз аспанға атып,

Бала сізден сұрайды таңырқатып.

Сұрағанда сен оған бермеп едің,

Ол допты пәре қылды таспен атып.

Қайран боп, алысырақ барып тұрдым,

Мен саған сынықтарын жиып бердім.

Сен оған қайран болып тұрғаныңда,

Оянып, орнымнан тұра келдім.

Патша айтты:—Не болар тағбирі?

Қатыны дәл өзіне жүреді енді.


268

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

—Қолыңда ұстағаның бір алтын доп,

Қараған қол астыңда халқың,—деді.

Қолыңнан тартып алған мәнісіні,

Әй, патша, мен айтайын енді аны:

Бір күні ғашық болған өз балаңыз

Алсам деп халалдыққа енді мені.

Атамды өлтіріп, алам мемлекетін,

Астындағы аламын алтын тахытын.

Мен оған бой бермедім айтқанына,

Баланың көрген шақта ғаламатын.

Айтқанынша мен сені өлтірсем, 

Бала сөзін жеріне келтірсем.

Бұ күнгеше өз ісін көрер еді,

Балаға тағат қып бой берсем.

Ол допты сындырғаны таспен ұрып,

Әгарда патша болса деген құрып.

Халқын тамам хараб етпек екен,

Ғылымдық болмаған соң, Құдай ұрып.

Ләңке менім жиып бергендерім,

Бой бермей, сені қабыл көргендерім.

Мен айтпасам, қолыңнан кетер едім,

Мен саған жақсылық қып жүргендерім...

* * *

...Бір түс көрдім мен бүгін жаман,—деді,



Қырық басы бар аждаһа, инан,—деді.

Басы оның зәһарлы болған екен,

Артында көп әскері толған,—деді.

«Тахтыңменен жұтам, деп, сені»,—деді,

Үш мәртебе қасыңа келді,—деді.

«Зәһарды саған таман шашамын»,—деп,

Қорқытты көріп тұрған мені,—деді.


268

269


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

«Уәзірдің сөзін алып өттің,—деді,

Қатыныңның ақылын неттің?—деді.

Тахытыңмен сені жұтам»,—деп тұрғанда,

Қорыққанымнан оянып кеттім,—деді.

Патша айтты:—Тағбирі не болғаны?

Қатын айтты:—Жүресің енді, әні.

Ол аждаһа—көргенім ұғылыңыз-дүр,

Өлтірмекке ойлаған енді сені.

Қырық басы—қырық уәзір оның,—деді,

Жылан әскер-ғауам халқыңнан,—деді.

Зәһарды саған шашпақ тілегені—

Тахытыңды алмақ еді сенің,—деді.

Қышқырғаным менім—саған сиясатым,

Сақтанып, менім тұт насихатым.

Бір патша менен Шолханың сөздеріне,

Сенің маған ұқсайды хикаятым...

31. ҚИССА ТАҺИР—ЗҮҺРА

...Бір-біріне шиғыр айтып жүрген екен,

Сөйлесіп бет пердесін түрген екен.

Зүһраға шиғырмен айтар болды,

Ол түні Таһир бір түс көрген екен.

Көрген түсі бұл екен ұйықтап білген,

Түсінде ғашық болып тағы жүрген.

Үйден шығып, Зүһраға барам десе,

Алдынан бір қара ит қарсы келген.

Жиырма қара төбет қамалаған,

Таһирды қабамын деп абалаған.

Иттен өтіп күшпенен кетемін деп,

Қолындағы ағашымен сабалаған.


270

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бір ұрғашы ит шыға келді тағы және,

О дағы талар болды келе сала.

Таһир енді қайран боп қарап тұрды,

Һәрбір күйге салады Хақ Тағала.

Екі ит таламаққа аузын ашты,

Таһир енді шарасыздан кейін қашты.

Артынан ол екі ит қуды және 

Оянып, қорыққанынан көзін ашты.

Ол түсін көңілімен білді жорып,

«Бір дұшпан аңдыды ғой мені қорып».

Зүһраға көргенін білдіргелі,

Шиғырмен бұлай деді жылап тұрып.

—Бүгін бір түс көріппін,

Қайран болып тұрыппын.

Алтын сарай ішінде,

Зар-сәргардан жүріппін.

Зүһражанға барам деп,

Жолға қадам салыппын.

Иттер келіп қамалап,

Ғажиз болып қалыппын.

Иттер келіп қасыма,

Жан-жағымды қамалап,

Қас қылады басыма.

Қанша ұмтылып қарасам,

Бара алмадым һәр жаққа.

Екі ит хамлә қылады,

Бір жағымнан бір жаққа.

Әлқисса, Зүһра сұлтан Таһирдің түсін жорып, бір назым 

айтқаны. 

—Таһир, түсің қара екен,

Мүшкіл ісің бар екен.


270

271


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Ғаріп басың қиындық

Көрер күні бар екен.

Көрген итің—дұшпан ол,

Арамызға түскен ол.

Екеумізді күзетіп,

Көп сырларды шешкен ол.

Сені менен айырар ол,

Қанатымнан қайырар ол.

Мұңды басты ғаріпке

Көп залымдық қылар ол...

32. ҚИССА ҚЫЗ ЖІБЕКТІҢ ХИКАЯСЫ

...Шақырып алды Қыз Жібек

Өзінің жақын жеңгесін,

Омырауда алтын теңгесін.

Сырласатұғын жерінде,

Келтірмейді екен өңгесін.

—Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,

Мінезің еді өңгеше-ау.

Төлегенге барып кел,

Тілімді алса, жүрмесін.

Ата-анасы бар ма екен,

Жал-құйрығы сай ма екен.

Иә, болмаса, Құдай-ай,

Бір қаңғырып өскен қу ма екен?

Атасының аты кім болар,

Анасының аты кім болар.

Сұрап келгін, жеңеше-ау,

Қандай заман, күн болар.

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.



272

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Төлеген мінген көк жорға ат

Ер-тоқымсыз бос көрдім.

Ел жайлаған Ақжайық,

Жағалай біткен бидайық.

Алдымда жанған шырағым,

Біреу үрлеп өшіріп

Көзімнен болды сол ғайып.

Қолымдағы тұйғынның

Заулап келіп аспаннан,

Желкесін қиды бидайық.

Пендем десең, Құдай-а,

Бұ түс емес еді ғой

Көруге маған лайық.

Айналайын, жеңеше-ау,

Төлегеннің мен білдім

Бір кеткен соң келмесін.

Жарық дүние опасын

Білдім көзге ілмесін.

Мұнан кетсе Төлеген,

Білгізді Құдай мен қуға

Бұ жерді қайтып көрмесін. 

Мұндай қорлық, жеңеше-ау,

Тірлігінде Құдайым,

Еш пендеге бермесін...



33. ҚЫЗ ЖІБЕК

...Бір Құдай әр пендеңді өзің оңда,

Айналды жұлдыздары енді оңға.

Түс көрді Жібек түнде ұйықтап жатып,

Айтады Сансызбайға тұрып сонда.

—Түсімде бір топ қарға көрдім,—дейді,

Соңынан бір тұйғынның ердім,—дейді.


272

273


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Тұйғын қырып сап қылды көп қарғаны

Қызығын тамаша қып тұрдым,—дейді.

Сонда Сансызбай түсін жорыды: 

—Қалмақтың көп әскері келеді екен,

Құдай біздің тілекті береді екен.

Қарға қырған тұйғының мен екенмін,

Келген қалмақ бәрі де өледі екен...

18-0185


1. 

«Айналмақ» деген өзін-өзі садақа етіп, құрбандыққа 

қиятын ырым екен. Өзін біреудің жолына құрбан еткісі 

келген кісі ауырып жатқан науқасты үш айналып 

шығуы керек. Қазақтың жақсы көрген адамын «айна-

лайын» деп атайтыны осыдан шыққан.

2. 

«Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе» 



дейді. Алапес, қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт. 

Ниеті бұзық, пиғылы тар адамдарды да алапес деп жек 

көреді.

3. 


«Көкпардың еті ауруға мың да бір ем болады» деп ырым-

дап, ауыл-аймақтың барлық адамы оны бөлісіп татады.

4. 

«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» дейді. 



Ырымы жасалмай ұзатылған қызды, оны алған күйеу 

жігітті ананың ақ сүті, атаның ары мен кәрі атады деп 

ырымдалады.

5. 


«Сәбиге көз тимесін» деп бетіне күйе жағып, өңіріне әр 

түрлі жылтыр түйме, тана, тиын т.б. тағып қояды.

6. 

Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ 



дастарханына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады. 

Кейде араздасқандар бірін-бірі шақырып, дәм береді. 

Онысы—түгі жығылып жүрсін, таспен ұрғанды аспен 

ұр деп ұйғарғаны.

7. 

Ағаштың жапырақтары жайлап түсетін болса, қыс 



суық, әрі ұзақ болады.

8. 


Ағын суға кір шайқамайды, кірдің суын төкпейді. 

Өйткенде, «судың басы су, аяғы у» болады, судың киесі 

атады дейді.

ІV. Қазақ ырымдары



275

ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

9. 

Ағын суды беталды бөгемейді. Бөгесе, жол болмайды 



деп жориды.

10. 


Адам кіндік қаны тамған ата жұртынан басқа жаққа 

қоныс аударып барғанда сол жерге бірден үйрене алмай-

ды. Жат жердің суы, ауасы жақпайды деп кіндік қаны 

тамған жерден топырақ ала кетеді де, барған жерінде 

суға шомылдырып ішіседі. Сонда жат жерге тез бауыр 

басып кетеді деп ұйғарады.

11. 

Адам қайтыс болған күннің түнінде туыстары, ауылда-



стары жиналып, мәйітті күзетеді. Онысы—егер адам 

талып қалған болса, тіріледі деген үмітпен күткені. 

Өлген адам аруланып, ақыретке оралғанға дейін сай-

тан аралап немесе мәйітті перілер ұрлап кетпесін деп 

сақтанғаны.

12. 


Адам қайтыс болған соң, мәйіт көмілмей тұрғанда, көп 

жылауға болмайды. Көп жыласа, көрі көз жасына то-

лып кетеді деп жориды.

13. 


Адам қатты ауырғанда, басына күн туып, бағы тайған-

да, қауіп-қатерге жолыққанда, Алладан медет сұрап, 

ақсарыбас қой сояды. Пәледен құтқар деп тілейді.

14. 


Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, 

оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны 

болып шығады.

15. 


Адам өлгенде жетісінде, қырқында жеті немесе қырық 

шырақ жағады. Шырақ арналып жағылған адамның 

қабірі жарық тұрады деп жориды.

16. 


Адам өлім алдында жанталасып жатқанда жанында 

әйел адам тұруға болмайды.

17. 

Адам түшкірсе, «жәрікімалла» дейді.



18. 

Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді 

деп түкіртеді.

19. 


Адамдар ит дайрағын көргенде үш рет «тфу-тфу-тфу» 

деп түкіріп өтеді. Өйтпесе нас басады деп жориды.

20. 

Адамның алақаны қышыса—ақша ұстайды, табаны 



қышыса—жол жүреді.

21. 


Адамның қабағының арасындағы қыртысы қанша бол-

са, ол сонша рет үйленеді.



276

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

22. 

Адамның құлағы шуылдаса, қазақ екі түрлі ырымға 



жатқызады. Сол құлағы шуылдаса—өлімнің хабары-

на жориды. Жақын-туыс, ағайын-алаш, құда-жек жат, 

ауылдастардан біреу өлген екен деп ойлайды да, «оң 

құлағым, оң құлағым» деп үш рет айтады. «Жақсы лық-

қа көріне гөр» деп тілеу тілейді. Оң құлағы шуылда са—

қуанышты хабарға жориды. «Оңына бастай гөр» деп, оң 

құлағының түбін оң қолының бас бармағымен үш рет 

қағады. Онысы—жақсылық орнықты болсын дегені.

23. 

Адамның қызыл меңі көп болса қызы, қара меңі көп 



болса ұлы көп болады деп жориды.

24. 


Адамның оң көзі қимылдаса, қуаныш болады, ал сол көзі 

қимылдаса, қорқыныш болады дер. Ал аузы қимылда-

са, біреумен сөйлесемін деп ойлайды, аяқ қимылдаса, 

жол жүремін деп ойлайды.

25. 

Адамның, малдың құлағына ауызды тақап тұрып ай-



қайламайды. Құлақтың пердесі жарылып, саңырау боп 

қалады, миға зақым келеді деп жорылады.

26. 

Айдың мүйізі үшкір болса, ауа райы жақсы болады, ал 



мүйіздері шалқақ болса күн бұзылады.

27. 


Айт күні ренжуге болмайды. Жайраң қағып, жылы шы-

раймен, ыстық жүрекпен, тасыған мереймен жүреді. 

Айт күні ренжісе, келесі айтқа дейін ашу тарқамайды 

деп жориды.

28. 

Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт- 



—қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.

29. 


Айттан бұрын үй тазаланады. Ескі-құсқыны, кетік 

ыдыс-аяқты тастайды. Айт күні жаңа нәрселер ғана 

істеледі. Онысы—жаңа дүние көбейсін, бақ орнасын 

дегені.


30. 

Ақ болып ауырған малды қасқырдың бас сүйегімен 

қа ғып ұшықтайды. Бұнымен қасқырдың киесі дертті 

қуады деп сенеді.

31. 

Ақ түйе Меккеге, қажылыққа жүрерде, тасаттық бер-



генде, ханды таққа отырғызғанда сойылады. Хал қы-

мызда «ақ түйенің қарны жарылғанда» деген мәтел со-

дан қалған болса керек.


276

277


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

32. 


Ақпанда жұлдыз жиі көрінсе, қыс ұзаққа созылады. 

Жұлдыздар жымыңдаса, боран соғады, жарқыраса, аяз 

болады деп жориды.

33. 


Ақтың жұғындысын адам жүретін жерге, ағын суға 

төкпейді.

34. 

Алғашқы некеге пайдаланылған бұйымдар бұзыл май-



ды, той киімдері сөгілмейді. Себебі, бұлай етсе, тату 

неке бұзылады не адам өледі, көңіл жыртылады, араға 

суық түседі, ыстық құшақ суиды. От жүректе тұтап, өрт 

кеудеде лапылдап тұрған махаббат сезімі өшеді, әуелі 

адамдар бір-бірімен жауласады, бітпес дау басталады 

деп ырымдалады.

35. 

Алдыға келген асқа мін тағып, жамандамайды. Ішкісі 



келмеген жағдайда «асыңа разымын» деп ықылас біл-

діреді. «Ас—адамның арқауы» саналады. Асты жаман-

даған аштан өледі деп жориды.

36. 


Алдыға қойған асты қастерлеу керек. Табақпен ас кел-

генде өзінің алдынан ғана алуға тиіс. Басқалардың ал-

дына қол созбайды. Бұлай істеу—ырыздыққа талас қан-

дық болады. Адамның өзіне бұйырған ас—Құдай дың 

берген ырыздығы саналады.

37. 


Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе 

үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

38. 

Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып 



шықпайды. Оның мәнісі—жолым сарғайып, зарық-

тырмасын, тұздай ашты азап тартпаймын деген ниетті 

бейнелегені.

39. 


Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші 

олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да со-

лай етеді.

40. 


Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын 

басқа біреуге сыйламайды. Онда қанжыға қурап құр 

қалады, қанды болмайды, жол болмайды. Бақ пен 

несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал келесі саят-

та олжасын дос-жаран, туған-туыстарына сыйлауға 

болады. Мұның мәнісі—әр қандай істің бастамасы 

өзімнен болсын. Жақсылығы да, жамандығы да басқа-


278

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

ға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның түп-

төркіні—дүниеқұмарлық емес, жақын кісілері сол ол-

жадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің 

нышаны.


41. 

Аңшылар далаға түнесе, өзі жатқан жерді айналдыра 

сызып қойып жатады. Шеңберге бәле-қаза, жыртқыш 

аң жоламайды деп ұйғарады.

42. 

Аптаның сейсенбі, жұма күндері қазақта жолға шық-



пайды, ағаш кеспейді. Ал жолға шығу қажет бол ған 

жағдайда бір затты не ақшаны (жеті, он, қырық теңге) 

жолға тастайды.

43. 


Арқан-жіп ескен кезде жасөспірім балалардың керіл  ген 

жіптің астынан өтуіне тыйым салынады. Бойы өс пей 

тапал болып қалады деп жориды.

44. 


Арқан-жіп ескенде кейбірінің жібі ширамай, селкеу 

қалса, жұбайы болбыр, бос белбеу—бота тірсек болады 

деп ырымдайды.

45. 


Ас үстінде қолын сілкімейді. Бұлай істегенде, ас 

сілкінеді, дәм-тұз атады.

46. 

Асқа келген ел қайтар алдында жиылған жұрттың бір 



ақсақалына қаралық байланған ағашты сындыртып 

тас тайды. Бұл—өлім осымен үзіліп тынсын дегені. Бұл 

кезде әйелдер мен қыздар ең соңғы жоқтауын айта-

ды. Жылы (асы) берілген адамға онан соң жоқтау айт-

пайды.

47. 


Асқа немесе тойға толтырылып қымыз әкелген саба 

біржола сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір 

ожау болса да қымыз қалуы керек.

48. 


Асқа пісірілген жауырынды мұжып болған соң, соған 

қарап жол ашатын салт бар. Бұл салтты әйел кісінің 

жасауына болмайды.

49. 


Асқа сойылған малдың етінен үй иесі дәм татпай тұрып 

қан-жынын итке жегізбейді. Адал малдың етін иман 

айтып жемей тұрып, қан-жынын ит жесе, адал несібе 

арамданады, ас дәмі бұзылады деп ырымдалады.

50. 

Асқа, тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған 



малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, 

278

279


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп 

тас тайды. Бұл—жақсы тілеу басқаға аумасын, оң тілек 

ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кез-

де ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа 

тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. 

Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.

51. 


Асқа, тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны 

түгел сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт 

қалуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба 

кепсе, малдың желіні семіп, сүті тартылады, құт-береке 

кетеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдалған.

52. 


Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар 

«менің жұлдызым жоғары» дейді.

53. 

Асты оң қолмен алып жейді. Шыны ұсынғанда не-



месе біреуге бір нәрсе бергенде, оң қолымен береді, оң 

қолымен алады. Бұл—ісім оңға бассын дегені.

54. 

Астың соңында ат бәйгесі, жорға жарыстыру, балуан 



күрестіру, көкпар тарту, теңге ілу, қара ату сияқты 

ұлттық ойындар өткізіледі. Бұл—қайғының соңы 

қуанышқа, астың соңы той-думанға ұласа берсін 

дегені.


55. 

Ас-тамақтан, жел-құздан, иіс-қоңыстан ұшынған адам-

дарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жы-

ғылған адамның бір жері ауырып қалса да, сол жерді: 

«Кет, пәлекет, кет», «Ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. 

Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып 

ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.

56. 


Ас-тұзды төгіп шашпайды. Кесірлі кесапат сөздерді 

айтпайды. Нан тептілік істемейді. Бұл—ашаршылық 

тартпасқа, тоқшылық қадіріне жетеді дегені.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет