Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

тілейді. Себебі жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. 

Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды 

ториды, сайтан соңымнан ереді деп жаман ырымға ба-

лайды.

295.  Жолаушы сапар шегіп келе жатқанда жол бойында 



тұм сығы жолға қарап аттың не түйенің қу басы жатса, 

жол ақ, оң болады деп ырымдалады. Ал керісінше жат-

са, жолаушы аттан түсіп, қу бастың тұмсығын жол ға 

қаратып қойып кетеді.

296.  Жолаушыға айдалада кезіккен аң да киелі саналады. 

«Абыройы асар жігіттің алдында ажалсыз аң кезігеді» 

деп үмітін өсіреді.

297.  Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы бола-

ды.

298.  Жолаушылап жүрерде, бір жұмыспен жолға шыққан-



да үйдегі қаптың сандықтың ауызын ашып кетеді. 

Онысы—жол ашық болсын дегені.

299.  Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге 

түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан 

түспейді. Оң жағынан түседі, әрі үйді айналмайды. 

Себебі жау үйінің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық 

хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге 

кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырым ға 

ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен оң 

жақтан келіп оң аяқпен үйге кіреді.

300.  Жолаушылар алыс сапарға беттегенде атына мінген 

сәтінде аты күрсінсе немесе есінесе, жол болмайды деп 

ырымдап, сол күні жолға шықпай, атты босатып қоя 

береді. Одан кейін басқа ат мінеді.

301.  Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы 

болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.



302

303


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

302.  Жолаушының жолын жылан кесіп өтсе, жолы болмай-

ды деп ырымдалып, оны өлтіріп, екіге бөліп, жолдың 

екі жағына көміп кету керек, болмаса кері қайтқаны 

жөн.

303.  Жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынады. Күн бат-



қаннан кейін сыртқа күл шығарып төкпейді. Жолға күл 

төккеннің жолы кесіледі, осы жолмен жүргендерге дерт 

жабысады. Күн батқан соң күл төксе—адамға ұшық жа-

бысады.


304.  Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізген сәбиді бесік-

ке кез келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы та-

за, инабатты, жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, үбірлі-

шүбірлі бәйбіше орындайды. Баланы бесікке саларда 

таза темірді немесе сол үйдегі қысқашты, темір көсеуді 

отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жер-

ді қариды. Бұл—жын-шайтан өлсін, балаға пәле-жа-

ла жабыспасын дегені. Сонан соң әйелдердің біреуі: 

«Бала қырандай алғыр болсын» деп бүркіттің тұяғын 

бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан 

қылыш жарқылдатып: «Жау жүрек батыр болсын» 

десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: 

«Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабан-

доз болсын» деген тілек айтады. Сонан соң бесіктің 

түбек орнататын тесігінен тәтті тағамдар төгіп: «бала 

тышты» деп, төгілген дәмді алып шығады. Оны той 

дәмі 

нің сарқыты ретінде балаларына апарып береді. 



Бұл—сәбидің ырзығы тасып, қонағы көп, мерейі үстем, 

достарына сыйлы, ашық қол болсын дегені. Осыдан 

кейін үйдегі әйелдердің бәрі үнсіз отырып, баланы 

әзірлен ген бесікке салады. Ешкім үн шығармайды. Се-

бебі сөй леп қойса, бала жылауық, өскенде өсекші бола-

ды деп ырымдалады.

305.  Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуыл са, 

әруақтар риза болмайды.

306.  Жүк артылып болып, көш жылжыған кезде көшті ата-

лар мен әжелер бастайды. Жастар мен орта жастағы-

лар соларға ілеседі. Үлкен кісілер тай-құнанға мініп 


304

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

шапқылап жүрген балаларға ұзағынан сүйіндірсін деп 

тілейді.


307.  Жүкті әйел босана алмай қиналғанда «жын-шайтан, ал-

басты басып қиналып жатыр» деп үйге бүркітті әкеліп 

қондырып қоятын болған. Жын-шайтан бүркіттің 

тегеурінінен қорқып қашады да, әйел тез босанады деп 

ырымдаған.

308.  Жүкті әйел босанғанда баланың кіндігі мойнына ора-

лып тұншығады деп ырымдап, жүкті әйелді керілген 

немесе шұбатылып жатқан арқаннан аттатпайды.

309.  Жүкті әйел жеңіл босану үшін толғатқан кезде оған 

тиісті барлық сандықтар ашылып қойылады.

310.  Жүкті әйел толғатқан кезде сол үйдегі киіп жүрген қыз 

бала көйлегінің етегін жыртып қояды. Ұл бала киген 

шалбардың балағын сөгеді. Онысы—толғақ жеңілде-

сін, баланың беті тез ашылсын дегені. Толғатып жатқан 

әйелді күзетіп отырған әйелдерден біреу сыртқа шықса, 

қолжаулығын немесе бір тал түймесін үзіп алып қалады. 

Онысы—толғақ ілесіп кетпесін дегені.

311.  Жүкті әйел уағында толғатып, мезгілінде босана ал-

маса, сол үйдің төріне бураның бас сүйегін іліп қояды. 

Онысы—әйел қиналмай, тез босанады дегені.

312.  Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылық-

тан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар 

туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.

313.  Жүкті әйел шелектегі суды биікке шығарып қоймайды. 

Өйтсе, «су егіз» болады деп ырымдайды.

314.  Жүкті әйелге ара, қайшы ұстатпайды, ұстаса мерзімі-

нен бұрын босанады дейді.

315.  Жүкті әйелге қасқыр тартып кеткен малдың етін 

жегізбейді. Қасқырдың сілекейі көп болатындықтан, 

туылған баланың да сілекейі көп болады деп ырымдай-

ды.

316.  Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе—баланы он 



екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. 

Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана 

алмаса—сол үйдің төріне өлген бураның бас сүйегін іліп 

қояды. Онысы—әйел қиналмай, тез босансын дегені.



304

305


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

317.  Жүкті әйелдің күні жақындағанда: «Жер-ана, қуат бер» 

деп оны жалаңаяқ жүргізеді.

318.  Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол 

Құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін 

адам «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің 

дәмі тартса», «Жол бойындағы әруақтар қолдап, Алла 

оңдаса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедер гі-

лердің бәрі аластатылады.

319.  Жүруге талпына бастаған баланы тез аяқтансын деп 

ырымдап, арнаулы дайындалған бір табақ асты бала-

ның оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына 

арлы-берлі екі айналдырып, табақтағы астан алды-

мен баланың өзіне дәм татқызып, онан соң жиылған 

жұрт бөлісіп жейді. Бұл—баланың «бауырынан табақ 

жүргізу» ырымы деп аталады.

320.  Жыл өткенше қаралы үйде жілік шақпайды.

321.  Жылқы ішін тартса, күн бұзылады, пысқырса, жаң быр 

жауады.

322.  Жылқыны «талағың түскір», сиырды «қарасан бол-



ғыр», қойды «топалаң келгір», ешкіні «кебенек келгір» 

деп зілмен қарғауға болмайды. Бұлай істесе, мал иесі 

шамданады. Мал ішіне жылауық қаптайды.

323.  Жылқыны басқа бір алыс жерге апарғанда бұрынғы 

тұрған қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым-шым-

дап жемге қосып береді. Сонда жылқы жат жерге тез 

үйренеді. Және бұрынғы жерін аңсап, қашпайды деп 

есептейді.

324.  Жылқышы ұстайтын құрықтан, балта мен бақанның 

үстінен аттауға болмайды. «Бақан аттаған байымай ды, 

балта аттаған жарымайды» деген сенім бар.

325.  Жыңғылмен атты қамшыламайды, малды не адамды 

ұрмайды. Жыңғыл—тікенді бұта. Онымен ұрса, мал да, 

адам да ұшынады деп ұйғарылады.

326.  Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан 

қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін ти-

гізеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді. Осыған орай 

аңыз да бар. Мысық: «Күлден басқа бермеді, тозақ 

отына күйдір» деп иесіне опасыздық етеді екен. Ал 

20-0185


306

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

ит құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан 

құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.

327.  Ит аспанға қарап ұлыса—сол шаңырақ иесінің өлімі-

не көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз 

басыңмен кетсін» деп итті қарғайды. Қуып жүріп ұрып 

өлтіреді. Қара жерді терең қазып көміп тастайды. Үсті-

не жеті адам қара тасты бастырады да, түкіріп безіне ді. 

Онысы—иттің пәлесі өзімен бірге кетсін дегені.

328.  Ит жатқан орынға таңертеңгі мезгілде «ит тиген» (ра-

хит) сәбиді үш рет аунатып алса немесе сары иттің 

құлағын шертіп, қан алып балаға жақса, ол тәуір болып 

кетеді.


329.  Ит жатып үрсе, өлім-жітім көп болады, апат туыла-

ды, ханды қара басады, жол ауыр болады деп жорып, 

ақсарыбас сойып, Алладан мейір-шапағат тілейді.

330.  Ит жонынан түлесе, қыс жақсы болады деп жориды. 

Бауырынан түлесе, қыс аяғы ұзаққа созылады деп на-

нады.


331.  Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.

332.  Ит шөп жесе—жақсылыққа жорылады. «Ілгері басқан-

ның иті оттайды, кері кеткеннің келіні ұрлық жасай-

ды» деп ұйғарады қазақ баласы.

333.  Итті үйге кіргізіп, төрге шығармайды. Ас ішіп отырған-

да есіктен сығалатпайды. Иттің демі лас, асты былғай-

ды деп есептейді.

334.  Кәрі жілікті таза мүжиді, шақпайды, тастамайды. Оны 

босағаға не шаңыраққа (биікке) іліп қойса, малға (жан-

ға) жау шаппайды.

335.  Келін барған жерінде алғаш үйге кіргенде босағаға 

соғылмай кіруі керек. Енесі қарсы алып, маңдайынан 

сүйеді, ілесіп келгендерге көрімдік береді. Келін бо-

сағаға соғылып қалса—үйдің берекесі қашады, келін 

баянды болмайды деп жориды.

336.  Келін қайын атасының, енесінің, қайын ағасының, 

қайын жұртындағы үлкен-кіші туыстардың атын ата-

майды. Ата-енесінен басқаларға қосалқы ат қояды. 

Бұл—қайын жұртына құрметі әрі сыйлағаны, жақсы 

келін атанудың жөні.



306

307


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

337.  Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан 

оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа 

қуанышты күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қант-

кәмпит, күміс тиын араластырып, топтасып тұрған 

адамдардың ортасына «шашу, шашу!» деп айқайлап 

тұрып шашады. Шашуды барлығы теріп алып, ырым 

ретінде үйіндегі балаларына апарып береді. Шашуды 

әйелдер ғана шашады. Еркек шашпайды. Шашуды 

балаларға берудің себебі—«ырысты болсын» дегені.

338.  Кептерге қарай тас лақтырмайды. Олай істесе—ты-

ныштық бұзылады, береке кетеді деп ырымдалады.

339.  Кешке жақын жайылған кірлер жиналады. Далаға тү-

не тіп қалдырмайды. Себебі, киім иесіне бұйырмай қа ла-

ды. Түнде жаңбыр жауса, не боран соқса, былғанады.

340.  Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі 

тезегін уыққа іліп қояды.

341.  Киіз үйдің есігін үйдің үстіне қарай лақтыруға бол-

майды. Есіктен Бақ пен Бақыт та, Сор мен Қайғы да 

кіреді. Есікте кие болады. Лақтырғанда сол кие ша мыр-

қанады. Жау шапқанда ғана есікті үйдің үстіне түре 

лақтырып, жауға құқай көрсетіледі. 

342.  Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шеше-

ді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

343.  Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бер-

мейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сый-

лыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қас тер-

легендік.

344.  Көз жара шыққан балаға сойған малдың немесе құс тың 

көзінің суын жақса, жазылып кетеді.

345.  Көз қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын 

жақса, жазылып кетеді.

346.  Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.

347.  Көкке, шаңыраққа қарап түкірмейді. Көк Тәңірі, ша-

ңырақ киесі атады деп ырымдайды.

348.  Көкпарға тарту үшін қазақта тек қана ешкі түлігі бе-

ріледі. Қара ешкі—қыс бейнесі есептелінеді. Бата жа-

сап сойылып, додаға салуға тапсырылады. Осы қимыл 



308

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

арқылы тіршілік қимылы басталатын көктемге құрмет 

көрсетіледі, жаңа күн құттықталады.

349.  Көктем суық болса—жаз жылы болады. Көктем жа-

уынды болса, күзде жауынсыз болады.

350.  Көктемде алғаш күн күркірегенде үйдің іргесіне ақ 

төгіледі. Бұл—ақ мол болсын деген ниеттен туған 

ырым.

351.  Көктемде көк мойын ұзақ қарға алдымен келсе, қыс 



аяғы қысқа болады. Сары ала қаз келсе, қыс аяғы ұзақ 

болады деп есептейді.

352.  Көктемде маса болмаса, жаз өте құрғақ болады.

353.  Көктемде торғай шалшықтан су ішсе, одан кейін аяз 

болмайды.

354.  Көне бұйымдар мен заттарды жаңғыртып жонбайды. 

Бұлай істегенде беті жабулы тұрған пәле мен дау қайта 

қозады деп ырымдайды.

355.  Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның 

киімдері мен тұтынған заттарын ырымдап бөліп ала ды.

356.  Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

357.  Көрші-қолаңнан біреу алыс жолға аттанғанда ауыл-

дағылар жолаушының тоқымын қағады. Бұл—тоқым 

қағар деп аталады. Жолаушы аттандырған үйдің иесі 

дастархан жайып, жиналған жұртты сыйлайды. Жұрт 

жолаушыға ақ тілеу айтады.

358.  Көш бастауға тиісті кісілердің он екі мүшесі бүтін болуы 

керек. Кемтар адамдарға бұл міндет жүктелмейді. Дені 

сау адам бастаған елдің жолы болады деп ырымдалады.

359.  Көшкен кезде жұртқа бір құшақ отын тастап кетеді. 

Жұрт қоныс құры қалмағанына қуанады деп жориды. 

Жұрт қуармай жатады деп сенеді.

360.  Көші-қонға жүк артылып жатқанда, жұмыс үстінде 

жүк артушылар көп сөйлеуге болмайды. Бұлай істесе, 

қимылдың арты керіске айналып кетеді деп ырымдай-

ды.


361.  Күзде ағаш жапырағы көк қалпында түссе, сол жылы 

жастар қызыл қырғынға ұшырайды деп жориды.

362.  Күзде бие ағытылған күні үй иесі ауыл ақсақалда рын 

жиып, мал сойып, ең соңғы қымызын құйып беріп: «Ке-



308

309


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

лер жылғы қымызды ішкенше бәріміз аман бо лайық» 

деп ырым жасайды. Мұны «сірге жияр», кей жерде 

«сірге мөлдіретер» деп атайды.

363.  Күзде қайыңның жапырағы осал болып, жерге суыл дай 

төгілсе, қыс қатты болады.

364.  Күзде қозылар енелерінен қалғыштап, отардың артын-

да қалып жайыла беретін болса, сол жылы қыс қатты 

болып, қыс аяғы жұтқа ұласады. Егер қозылар қоралы 

қойдың алдына шығып жайылса, сол жылы қыс жайлы 

болады.

365.  Күйеу жігіт қалыңдығын ұзатып алып кететін жолы 



етегінен басып, шапанын алып қалады. Мұнысы күйеу 

ескі тонын шешіп тастап, жаңа киім кисін, өмірі ажар-

лы болсын дегені.

366.  Күйеу жігіттің «есік ашар» дәстүрі орындалған соң, қыз 

ағасының үйінде өлі-тіріге арнап күйеу жігіт алып кел-

ген серке не еркек қой сойылады да, әруақтарға арна-

лады. Ауыл ақсақалдары шақырылып, табақ тартыла-

ды. Бата сұралады. Өлі-тіріге сойылған малдың етінен 

қалыңдық дәм татпауға тиіс. Халық сенімі бойынша: 

дәм татса, қыз ауруға шалдығады.

367.  Күйеуге шықпаған қыздар жігіттің қолынан шай, ас 

құйды 


рып ішпейді. Күйеуге шықпай қаламыз деп 

ырымдайды.

368.  Күн батып, ымырт үйірілгенде, жалғыз қалып төбе ба-

сын сақтамайды. Бұлай істесе—төбе басында жалғыз 

қалады деп жорылады.

369.  Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай жарқылдаса—

үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бис-

милла» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымын-

да найзағай—Алланың жын-сайтанға атқан оғы. Үй 

іргесін отпен аластаудың мәні—Құдай тағала даладағы 

жын-сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің 

іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен 

қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса, үйге жа-

сын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, 

зәре-құттары қалмайды.


310

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

370.  Күн шығардың алдында көкте ақша бұлттар жүрсе, күн 

ашық болады, ал бұлттар қоңыр болса, күн бұлың ғыр 

болмаса, жаңбыр болады.

371.  Күшік алған адам иттің иесінің балаларына «қарғы-

бау» деп аталатын кәде ұсынады, күшіктің енесінің 

итаяғына жем салып, күшікке сүт жалатып барып оны 

алады.

372.  Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге 



болмай ды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа 

ұшырайды.

373.  Кісі мертіккенде де қырық үйден мертік ас жинаған. 

Содан адам тез жазылады деген.

374.  Қабақтың үстіндегі қастың арасынан оқшау шыққан 

ұзын жуан әрі жалғыз тал қылды жұлып алады да үш 

рет түкіріп, табанымен басады. Онысы, тіл-көзден, 

пәле-жаладан қақсын, өз басымен кетсін дегені.

375.  Қабір басынан қайтқан мәйіт жерлеушілер үйге кел-

геннен кейін беті-қолын жуады. Онысы—бақи дүниеге 

аттанған адамды шығарып салған адамдар ол дүниенің 

есігін көргендіктен, бетін жуып, пәни дүниеге оралуы.

376.  Қабір талқысына, төрт бұрышына төрт ұсақ мал атай ды. 

Оны жетім-жесір, қаріп-қасер, кем-кетік, жоқ-жітік 

адамдарға береді. Онысы—төрт құбыласы тең болсын 

дегені.


377.  Қаз тұрып апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы 

салтанатты түрде кесіледі. Бұл «Тұсау кесер тойы» 

деп аталады. Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, бай-

ланады да, оны сол ауылдың желаяқ, жылпың қадірлі 

кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрі-бері же-

телеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына 

тәтті тағамдар, күміс тиындар сықап салынады. Тұ-

сауы кесілген соң тойға келгендер мұны таратып алады. 

Тұсау кесілмесе—бала сүріншек болады, үлкейгенде 

топ ауруына шалдығады деп ырымдалады.

378.  Қазақ «Ай құлақтанса—аяғыңды сайла, күн құлақ-

танса—күрегіңді сайла» дейді. Онысы—Ай қораланса, 

күн жылы болады. Ай шалқасынан туса, қатты аяз бо-


310

311


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

лады. Ай қырынан туса, күн жылы болады деп жори-

ды.

379.  Қазақ «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, өз ішінен 



бұзылған елге теріс қарайды. Бұлай істесе бүлігі жұға-

ды, пәлесі қалады, жала жабылады деп ырымдайды. 

380.  Қазақ «Құлағанға жолама, құлағанға жоласаң, қу жа-

ның одан қала ма» деп, осы бір қатерлі дерттен сақ тан-

дырады. Дерттің жұқпауын ырым етеді.

381.   Қазақ «Сүйелдің қозылы қойлық жаны бар» дейді. 

Қара сүйел елеусіз сырқат, өздігінен ұшып кетеді. Ал 

ақ сүйелді елеусіз қалдыруға болмайды. Садақасы—

қозылы қойлық. Адам жанына, мал басының шығы-

нына көрінеді деп секемденеді.

382.  Қазақ ай толып, дөп-дөңгелек болып туғанда да сәлем 

береді. Айға қарап тілек айтып, бет сипайды. Онысы 

көңіл айдай жарық болсын, сөзім айдай толсын дегені.

383.  Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз 

жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені бұларды 

киелі құс деп есептейді.

384.  Қазақ алыстан келген жолаушыны, қонақты, ағайын-

дарын, қандас бауырларын «Қырықтың бірі Қыдыр, 

Мыңның бірі Уәлі» деп ырымдап, төрге отырғызады. 

Дастарханға бата жасатады.

385.  Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы 

қанды көбік, екіншісі—ашты көбік деп аталады. Кө-

бігін алмай жеген ет мәкүрік болады, ауру жабысады 

деп жориды.

386.  Қазақ асты оң қолмен алып жейді. Сол қолымен алған-

ды ерсі көреді. Оң қолмен тамақ жеу, оң қолмен аман-

дасу, есікпен оң аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу—осы ның 

бәрі ісім оң болсын, оңға бассын, оңға бастасын де ген ақ 

ниеттің ырымы.

387.  Қазақ аяқ киімінің табанына қарамайды. Аяқтың бас-

пайтын жері жоқ, аяқ киім де таза емес. Былғаныш ты 

көрсе—көз ұшынады деп есептейді. Ал аяқ киімнің та-

банына қарай қалған күннің өзінде үш мәрте түкіреді. 

Онысы—көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын дегені.



312

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

388.  Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырла-

май ды. Бұлай істесе—қастасы көбейеді, жауы басына 

шығып, басынады деп жориды.

389.  Қазақ әйелдері өзінің әдейілеп басына салып жүрген 

арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе, 

басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдалады.

390.  Қазақ баласы айға телміріп, ұзақ қарамайды. Түнде 

жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телмі ріп 

қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігіңді санайды, кірпі гі 

саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды.

391.  Қазақ баласы албаты ант ішпейді. «Адал болсаң, ант 

ішпе» деп біледі. Ант ішіп, ант бұзғаннан асқан жа ман-

дық жоқ деп иланады.

392.  Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай 

іс те се, қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шыға-

рады.


393.  Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке 

отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің 

анасы да сол бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан 

бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Таза-

ны арамдасаң—арың кірленеді, абыройың төгіледі деп 

ырымдалады.

394.  Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. 

Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. 

Өйткені жас өндірдің бәрі—бақыттың бастамасы, бар-

лық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң—көктей орыла-

сың, қарғыс атады деп ырымдалады.

395.  Қазақ баласы түнде қасқырдың атын атамайды. «Ит-

құс» деп бүркемелеп сөйлейді. Қасқыр десе—қастасып 

қораға шабады деп жориды.

396.  Қазақ баласы үйдің ішінде төрге қарап тұрып керілмей-

ді. Төсек кермейді. Шаңыраққа, керегеге асылмайды. 

Бұлай істесе, үйдің киесі атып, дертке шалдығады деп 

ырымдайды.

397.  Қазақ баласына сұлу, ажарлы болсын деген тілекпен 

ырым етіп: Айнұр, Айгүл, Күннұр, Жұлдыз, Шолпан 

деп ат қояды.


312

313


ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

398.  Қазақ басқа үйді айналмайды. Айналса, сол үйдің пә-

лесі жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады 

деп ырымдайды.

399.  Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.

400.  Қазақ бейіт баспайды, қолмен нұсқап көрсетпейді. 

Бұлай істесе, әруақ атады. Бейіт басқан адам тобы, сал 

ауруына ұшырайды, қол-аяғы тартылып қалады деп 

ырымдайды.

401.  Қазақ бет алды жер шұқымайды, жер қазбайды. Бұл 

қылық өлім шақырады, ажалды хабарлайды деп жа ман 

ырымға балайды.

402.  Қазақ бір үйге алып барған өзінің сыбағасынан өзі 

жемейді. Онда әйелі қыз табады деп ырымдайды. Ұдайы 

жаугершілікке ұшырай берген қазақ елді қорғайтын ер 

азаматты көксегендіктен, ұл баланы ерекше тілейді.

403.  Қазақ біреуге қатты ашуланған адамға «тісіңді қайра», 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет