Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

54

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

144.  Әйелдердің бас қосқан ортасы—артына өсек-аяң еру. 

145.  Әйелдің түсінде сымбатты ер адам кірсе—құрметке ие 

болады. 

146.  Әйнек көрсең—қорқасың. 

147.  Әлгі адам түсінде біреуді ұрса—дұшпанына бәнде бо-

лар, егерде өлтірсе—мұратына жетер.

148.  Әлгі адам үстіне жақсы киімдер кисе, бұл—һәм мәртебе. 

Көңілі хош уақыт болғандай бір іс болса керек дер.

149.  Әмиян. Егер түсіңізде ақша толы әмиян көрсеңіз—

жаныңыз тыныш, бақытты өмір сүресіз. 

150.  Әмір беру: Ибн Сириннің көзқарасы бойынша, түсін-

де әмір беру—қайыр мен табысты, нан кес деп әмір 

бергенін көру—қызғаншақтықты, бір адамнан нан 

дайында деген әмір алу—ол адамның жолы болаты-

нын білдіреді. Біреуден бидай сат деген әмір алу адам 

рызық алатынын, тұр деген әмір алу—үйленуді, тұ-

рып жуын деген әмір алғанын көру—тәубе ету керек-

тігін білдіреді. 

151.  Әртіс. Түсіңізде әртіс көрсеңіз—ләззат пен шаттыққа 

бастамақ. Ал егер өзіңізді әртіс рөлінде көрсеңіз—

жақын күндері күн көру үшін үлкен күш жұмсауға 

тура келеді. Бірақ қобалжымаңыз, еткен еңбегіңіздің 

жемісі де орасан болмақ. 

152.  Әтеш, таңертеңгі әтеш дауысын есту—жақсы белгі. 

Егер сіз жалғыз басты болсаңыз, бұл түс ерте тұрмыс 

құруды және бақуатты үйді білдіреді. 

153.  Әтештер төбелесіп жатса—сіз отбасыңызды жанжал-

дасып, тастап кетесіз. 

154.  Әтештің түнде айқайлауы—қайғы әкеледі. 

155.  Әуелі қайсы адам түсінде атқа мініп жүрсе, сол аттан 

жығылмай, өзі түсіп тұрса—жақсы болады, ат мұрат 

дер. Сол адам мұратына жетеді деп айтады. Бағанағы 

аттан жығылып кетсе—жақсы емес дер, азырақ қатер 

болса—керек дер.

156.  Әшекей бұйым. Егер әйел әшекей бұйымды сыйлық 

алып жатса—оны сүйікті күйеу, керемет үй-жай күтіп 

тұр. 

157.  Бағалы заттар тауып алсаң—ісіңде сәттілік молаяр. 



54

55

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



158.  Базар: түсте базар көрсеңіз—мешітке жорыла-

ды. Кей бір түс жорушылар түсте базарды көруді—

дүние-мүлік деп жорыған. Сондықтан үлкен базар 

көрсе—оның жалпы жағдайы жақсарып, дүниесі көп 

болады. Ал тағы бір басқа түс жорушылар түсте ба-

зарды көруді—қайғыны, қиыншылықты білдіреді 

деп жорыған. Кітап базарын көрсе—тура жол-

мен жүріп, тәубе етеді және жамандықпен күресу 

керектігін білдіреді. Дәрі-дәрмек базарын көрсе—

қуаныш. Мата базары—ар-намыс, билік. Қару-жарақ 

базары—қуанышқа, перзентке жорылады. Жүн са-

тылатын базар—ризық пен пайда. Балық сатылатын 

базар—адал табыс, туған-туыстарымен бас қосады. 

Базарда ештеңе сатылмай бос тұрғанын көрсе—

құлшылығындағы кемшілікті, діни әмірлерді орын-

дамай жүргенін білдіреді. Егер базарда барлық нәрсе 

толып тұрғанын көрсе—түс көрген адамның сенімінің 

күштілігін, әрбір ісін исламның шарттарына лайық 

түрде шешетінін, Алланың шы найы құлы екендігін 

білдіреді. Базарда кедей адамды көріп, оны қасына 

шақырып, оған қажетті затын сатып алып сыйға 

тартса—жаны жұмақта болатынына жо 

ры 

лады. 


Атқа мініп базардан өтсе—мұратына жетеді. Базар-

дың ортасында намаз оқығанын көрсе—үйленген 

болса, перзентті болады, бойдақ болса—үйленетінін 

білдіреді. Базарға барып бос қайтқанын көрсе—үміт 

еткен нәрсесі орындалмайды. 

159.  Байқұс: ұрғашы байқұс—қайырсыз, сатқын адам. 

Байқұстың бақырауы—қиыншылық пен өлімнің 

белгісі. Байқұсты өлтіру—дұшпанын жеңу, байқұсты 

торға қамау—қауіптің белгісі, байқұсты үйінде көру—

сол үйден біреу ауыр науқастанады. 

160.  Байлану: түсінде екі қолының бір-біріне байланып 

қалғанын көру—әлсіздіктің белгісі. Қолының жіппен 

бір жерге байлаулы екенін көру—жақсы емес. Түсінде 

қолы немесе аяғының бір жерге байланғанын көрген 

адам өздігінен жұмысын тастайды немесе өз еркімен 

еркіндігін шектейді. 



56

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

161.  Байлау: түсінде бір нәрсені байлау—жақсы емес. 

Адамды байлау, сізді көре алмайтын адамдардың 

көбейетініне, бірақ сізге жамандық істей алмайтыны-

на жорылады. Жануарды байласаңыз—ақша табу үшін 

жұмсаған күштің барлығы босқа кетеді. Ит байлау—

қандай да бір іс үшін қуанып, артынан ренжитініңізді 

білдіреді. Дұшпаныңызды байласаңыз—арам жолмен 

көп ақша табасыз. Кейбір түс жорушылар адам еркін 

болғаны үшін оны еркіндігінен айыру жақсылықтың 

нышаны емес, бірақ жан-жануарларды байлау қайыр-

лы іс деп біледі. 

162.  Байлық: түсте байлыққа кенелу—қуану, рызыққа 

бөлену, молшылық. 

163.  Бақа—оқыс, оңай олжа. 

164.  Бақша: түсінде бақшаны реттеп жүру—ұзақ өмір. 

Жеміс ағаштары мен гүлдермен безендірілген бақ-

ша 

ны көру—бойдақтар үшін қайырлы болады, 



ол—үй ле нудің белгісі. Өз үйінің бақшасын көру—

сенімділік, әрі тазалық және мал. Бақшадан гүл 

жинау—істеп жүр 

ген ісіңізге жәрдем берілмейді. 

Бақшаға ағаш отырғызу—бақытты өмір сүру. 

Бақшаны суғару—қиыншылықтан құтылу. Бақшада 

жер аудару, қураған бақша көру—істеген күнәсі үшін 

тұтқындалуды білдіреді. 

165.  Бақшаның дуалы: түсінде бақшаның айналасының 

дуалмен қоршалғанын көру—істеген істеріңіздің орын-

ды екенін, еңбегіңіз ретті болатынын білдіреді. 

166.  Бақыр ақша—дұшпанның даттау сөзі. 

167.  Бал—көбінесе жақсылықты білдіреді. Нанға бал жағып 

жеу—қиындықсыз мол табысқа жету. Бал жалау—

үйлену. Бал жинау—жаңа табысты іс. Бал сату—

қайғылы хабар. Бал сатып алу—жақсы ниетіңіздің са-

уабын аласыз. Балды біреуге беру—зиянды іс. Діндар 

адам бал көрсе—игі іспен дәрежесі жоғарылайды. 

168.  Бал арасы: бал арасын көрудің әртүрлі жорулары бар. 

Бал арасы табыс пен берекетті немесе пайдалы әрі 

адамдарды жақсы істерімен қуантатын кісіні білді-

реді. Араның шағып алғанын көру—қиыншылықпен 



56

57

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



мал табу. Бал арасын өлтіргенін көру—малына зиян 

тиеді. 


169.  Бал арасын қуып жүрсе—пайдаға жолығады. 

170.  Бал құрты—кәсіп етуші, білімінен пайдасы бар кісі бо-

лар. 

171.  Бала: бала жоғалтқан әйелді көру—көтеріңкі көңіл-



күй. Қыз туылу—жоқшылықтан құтылу. Ұл туылу—

ауру мен қайғыдан арылады. Баламен ойнағанын 

көр се—жақсы хабар естиді. Өзінің бала болғанын көр-

се—ұзақ өмір сүреді. Мектепте балалармен бірге ойнау 

немесе олармен саяхатқа шығу—отбасы мүшелерінің 

жақсылығын көреді. Тастанды баланы үйге ертіп ке-

лу—ол үйге береке келеді. Жетімдер үйінен бала алу—

дәрежесі көтеріледі. 

172.  Балағаттау: түсінде біреудің балағаттағанын көрсе—

сол адамның кесірі тиеді. 

173.  Балалар арбасы. Балалар арбасын көрсеңіз—сіздің жа-

қын туысыңыз сізге үлкен сыйлықтар сыйламақ. 

174.  Балаларды көрсең—ісің табысты болар. 

175.  Баланы сүйсең—қуанасың. 

176.  Баланы түсіріп алу—қиыншылықтан құтылу. 

177.  Баланың машинасы: түсінде баланың машинасын 

көру—сапарға шығудың белгісі. Баланың машинасын 

алып үйіне әкелгенін көру—сапарға шығу үшін дайын-

далып жүргенін, баланың машинасының бос болғанын 

көру—үйленген болса, балалы болатынын, бойдақ бол-

са, үйленетінін білдіреді. 

178.  Балға: түсінде балға алғанын көрген адам берекет-

ке кенеледі. Балға сатса—бір заты жоғалады, ал 

балға сатып алса—бақытты болады. Балғамен шеге 

қағу—қуанышты хабар есту. Балғамен бір нәрсені 

сындыру—ойын-сауықтың, көтеріңкі көңіл-күй-

дің белгісі. Бал ғаның даусын есту—бір жерге ша-

қырылатынының нышаны. Бір адамды балғамен 

ұрса—мәртебелі адам ның көмегі тиеді. Шеге қағып 

жатып, қолын ұрып алса—айналадағы адамдардан 

сөгіс естиді. Балғамен жұмыс істеп жатып, балғаның 

басы шығып кетсе—жұмысынан шығады, саудагер 



58

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

болса, шығынға батады, үйленген болса, ажыраса-

ды. 


179.  Балдыз: түсіңізде балдызыңызды көрсеңіз—сізге жа-

қын жүрген адамға жәрдем бере алмайтындығы ңыз-

ды немесе отбасына сіздің әсеріңізден түсініспеуші лік 

шығатынына жорылады. 

180.  Балкон—қауіпті жоғарылау. Егер қос ғашық бір-

бірімен балконда қоштасып тұрса—олар ұзақ уақытқа, 

кейде тіпті мәңгілікке қош айтысуы мүмкін. Жалпы 

балкон—шалғайдағы достарыңыздан жағымсыз хабар 

алуыңыз мүмкін. 

181.  Балмұздақ көрсең—сәтсіздікке тап болуың мүмкін; 

182.  Балмұздақ: түсінде балмұздақ жеу—жұмысыңыздың 

біраз уақыт тоқтайтынын білдіреді. Балмұздақ істеп 

жатқаныңызды көру—бірге жұмыс істейтін жора-

жолдастарыңызбен ымыраға келу керектігін ойлап 

жүргеніңіздің белгісі. 

183.  Балта: балтамен ағаш кесу—ғашықтықтың тұзағына 

түсу және істелген қателігі үшін кешірім сұрау. Сабы 

жоқ балта болса, отбасындағы көңілсіздік. Балта не-

месе шабатын құралдармен отын шабу, тақтайды 

жону—үйленгендер үшін бақытты болудың белгісі

ал бойдақтар үшін үйленуді білдіреді. Балтамен адам 

өлтіру—әйел баласы үшін жүктілік, ал ер адам үшін 

табыс пен жетістік. Жабайы аңды балтамен ұрып өлті-

ру—дұшпанын жеңу. Балта көру—жұмыстан шығары-

лады, балтаны қайрау—ұрыс-керіс. 

184.  Балуан көру—күш-қуатыңыз артады. Күресші, бокс-

шы көру—өмірдегі күрестің қиыншылығы. 

185.  Балшық: ақ және жасыл балшық—науқастану, қызыл 

балшық—ойын, қара балшық—қайғы-мұң. Бал-

шық 


тың ішінде немесе батпақта жүру—қайғы мен 

қасі 


рет. Балшыққа көміліп, бірақ тұншықпағанын 

көр 


се—басына келген бәлекеттен құтыла алмай-

ды. Балшықтан шыққанын көрсе—бәледен оңай құ-

тылады. Піскен балшық көру—адамдарды бір-бірімен 

ұрыстыру. Піспеген балшық жегенін көрсе—баласы 

мен отбасы үшін мал жинайды. Үйін балшықпен 


58

59

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



сыласа—қиыншылық болады. Балшықтың ішінде 

жүр генін көрсе—науқас болса, науқасы ұзаққа созы-

лады. Балшық істеп, одан кірпіш илегенін көрсе, жақ-

сылыққа жорылмайды. Кейбір түс жорушылар 

дың 

пікіріне қарағанда, түсте балшық илеу—ұрыс-керіс тің 



және дұшпандықтың белгісі. 

186.  Балығы бар көл—жайсыз хабар. 

187.  Балық—қатындар болып жорылады, саны мәлім мөл-

шерде болса, егер де көп болса, ғанимат болады. 

188.  Балық жесең—қанағатсыздыққа кезігесің. 

189.  Балық ірі, көп болса, ол—мол байлық, мал болады. 

190.  Балық: лай судан балық аулау жақсылық емес. Таза 

судан балық аулап жүрген адам қуанышты хабар 

естиді. Үлкен балық аулау—пайда мен жақсылықтың 

белгі 


сі, кішкентай балық аулау—пайдакүнемдік. 

Сазан ба 

лық ұстаса—үйленеді немесе жақсылық 

болады. Тірі балықты аулап, оны жеп жатқанын 

көрсе—көп табысқа кенеледі. Тірі балықты жесе—ол 

адам мал-мүлікке ие болады. Тұзды балық—қайыр 

және мал-мүлік. Үлкен балық қазына мен байлық, 

ал кішкентайлары қайғы мен мұң. Қасындағы тәтті 

тамақты жемей қасындағы сасық балықты жесе, адал 

әйелін тастап, зина істейтіні не жорылады. Теңізде 

өлген балықты көрсе—арманы орындалмайды. 

Балықтардың тәтті судан теңізге және теңізден тәтті 

суға өткенін көру—халық пен үкімет арасындағы 

келіспеушілікті білдіреді. Кептірілген ба лық көрсе—

қиыншылық болғанда жәрдем алатынын білдіреді. 

Аспаннан жерге балық түскенін көру—уақыты-

ның қуанышты өтетініне, балықты тұздау—жүрек 

ауруына, балықты қуыру—қайғыны білдіреді. 

Балықтың қылшығын теру—кейбір адамдардың сізді 

алдамақшы болғанына, бірақ жүзеге асыра алмайты-

нына жорылады. 

191.  Балықшы—үлкен табыстың белгісі. Балықшының 

теңізде жүргенін көру отбасында болатын қиын 

шы-


лықты білдіреді. Балықшылардың айғайлап жүруі—

үміт еткен нәрселердің орындалмайтынына жоры ла ды. 



60

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Балықшының суға тұншығуы—жақын арада қауіп тің 

болатынын білдіреді. 

192.  Банк көрсе—шығын болады. 

193.  Бал арасын қуып жүрген кісі өңінде бір пайдаға 

жолығады. 

194.  Басынан құс айналып ұшқан кісі бақытты болады. 

195.  Батып бара жатқан күнді көрсеңіз—көңілсіз күндерге 

тап боласыз. 

196.  Барабан—қайғы-мұңның белгісі. Барабан кейде үй-

ленуді, кейде жоғалған адамның оралуын білдіреді. 

Барабан тарту—ер адамдар үшін қиыншылықтың, 

әйелдер үшін жақсылықтың белгісі. Өзінің барабан 

тартқанын көру—танымал болады, істеген ісі жақсы 

болса, жақсылық жағынан, жаман болса, жамандық 

жағынан аты шығады. Бір әйелдің барабан тартып 

отырғанын көру—оның атының жан-жаққа тара-

тылатынын білдіреді. Жас жігіттің барабан тар-

тып отырғанын көру—дұшпанынан хабар алаты-

нын, қария адамның барабан тартқаны оның өмір 

жасы ұзақ болатынын білдіреді. Әйелдің тартқан 

барабанының даусын есту—қуанышты, жігіттің 

тартқан барабанының даусын есту—дұшпанының 

жақын екенін білдіреді. 

197.  Барқыт: түсіңізде барқыт немесе жібек алғаныңызды 

көру—жақсы бір жұмысқа тұру. Барқыт киім кию—

қызметінің жоғарылайтынын білдіреді. Әйеліңізге 

барқыттан тігілген бір көйлек беру—отбасыңыздағы 

бақыттың белгісі. 

198.  Барыс көрсең—досыңа жолығасың. 

199.  Бас киім—басшылық пен үйленудің белгісі. Біреудің 

сізге бас киім беруі—жолаушылық пен ұзақ сапарды 

білдіреді. Бас киім кию—абыройының өсетіндігін біл-

діреді. Қыз басына тақия киіп жүрсе, жуық арада тұр-

мысқа шығады. Жүкті әйел көрсе, ұл бала босанады. 

200.  Бас майламақ, зеннаттық, жүзіне ақ жақпақ, қайғы, 

жұпар көрмек, жүзіне сүртсе, ізгі мақтаныш болмақ. 

201.  Бас. Егер сіздің түсіңізге енген адам басының форма-

сы әдемі болса—сіз жақсы адамдармен таныс бола-



60

61

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



тыныңызды, әрі олардың маңызды істеріңізге қол 

ұшын беретінін хабарлайды. Егер түсіңізде екі немесе 

одан да көп бас көрсеңіз—өміріңізде тез арада үлкен 

жетістік болады, сондай-ақ бір қатер бар. Бірақ оның 

соншалықты маңызы жоқ. Тым үлкен бас—өміріңізде 

жамандықтан гөрі жақсылықтар басым болатынын ха-

барлайды. Басыңызды жусаңыз—атақты адамдар мен 

кездесіп, олардың ақылын тыңдайсыз. 

202.  Бас—мал-мүліктің, қазынаның белгісі. Бас үлкен бол-

са, беделі артады, ал кішкентай болса, кемшілігінің ба-

рын білдіреді. Кімде-кім басының арыстанның басына 

айналғанын көрсе—мал-мүлікке ие болады. Егер ит, 

есек, аттың басына айналғанын көрсе—қиыншылық 

болады. Түсінде басының иіліп тұрғанын көрсе—ол 

адам істе ге н ісі үшін өкінеді. Басының шабылғанын 

және қайтып ор 

нына қойылғанын көрсе—өмірдегі 

күресте жеңіске жетеді. Басында жара көрсе—аурудың, 

біреу дің басын жару, ренжудің, шашын алу—табысты 

біл 


ді 

реді. Қолында кесілген бас бар болса—беделді 

адамнан жәрдем алады. Мойнынан басының үзілгенін 

көру—егер бай адам болса, байи түседі, қызметкер бол-

са, айлығы мен табысы көбейеді, қарыздары болса, құ-

тылады, қиыншылық көріп жүрсе, қуанады. Егер өз 

басын көлеңкеде немесе айнада көрсе—мал-мүлік пен 

дәулетке жорылады. Өліктің басын немесе сүйектерінің 

бір бөлігін көру—үлкен беделді адамнан жәрдем алады. 

Өзінің басынан басқа тағы бір бастың болғанын көру—

бес түрлі жорылады: ұзақ өмір, жұмысының жеңілдеуі, 

жақсы нәтиже, бір кәсіпорынға мүше болу, үлкендерге 

жақын болады. Түсінде басының үлкейгенін көрсе—атақ 

пен даңқты, ал кішірейгенін көрсе—керісінше болаты-

нын білдіреді. Малдың басы—молшылықты білдіреді. 

Еті желінбейтін малдың басын көру—жақсылықтың 

белгісі емес. Басыңыздың қатты ісігенін көру—абы-

ройыңыздың өсетіндігін, дүние-мүлікті білдіреді. 

203.  Баққа кіріп, оны аралау—жақсылықтың белгісі. 

204.  Баспалдақ—сапардағы қиыншылықты білдіреді. 

Ағаш бас 

палдақтың сынғанын көру—ауруға душар 



62

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

бо 

ла 


тындығын білдіреді. Баспалдақпен шығу—атақ-

абыройды білдіреді. Баспалдақтан түсу—қызметінен 

босатылатындығын білдіреді. Бұл түсті науқас адам 

көрсе, ауруынан жазылады. Егер баспалдақ кірпіш-

тен өрілсе—жақсылықтың белгісі. Шығып бара жа-

тып баспалдақты санау—өмір-жасының ұзындығын 

білдіреді. 

205.  Балаларды көрсең—жұмысыңда табысқа жетесің, қуа-

нышты боласың. 

206.  Бастағы тұмақ—құрмет белгісі.

207.  Бастау-бұлақ көрсең—қуанасың.

208.  Бастаудың суын көрсең—молшылыққа кенелесің, не 

жырып жүрсең—сауығасың. 

209.  Бастығыңды көрсең—жайсыздыққа ұрынарсың. 

210.  Басына қына, сақалына қына бояу жақса—бір ісінде 

хата қылғандығы. 

211.  Басыңа құс қонса—бір қызметті атқарып шығады. 

212.  Батпақ—қиындық пен кедергінің белгісі. Батпаққа 

бату—еңбегіңіздің зая кеткендігін білдіреді. Батпақ-

тан шығу—ісіңіздің сәттілігі. 

213.  Батылдық: түсінде батылдық таныту—бір нәрсені 

қатты қалаудың, кейде дұшпандарға қарсы бас көтеру 

арқылы Аллаға жақындаудың белгісі. 

214.  Бау: түсіңізде бау көрсеңіз—еңбегіңіздің рахатын кө  ре-

сіз, көңіліңіздің көтерілетінін білдіреді. Бауға жүзім  нің 

көшетін отырғызсаңыз—ойлап жүрген ісіңіз дің жү зеге 

асатынын білдіреді. Жүзімдері пісіп, жетіл ген бау дың 

ішінде жүру—есендік пен үміттің белгісі. Піс пей тұр-

ған жүзімді жеу—тек қана бүгінгі күнді ойлап, ертеңін 

ойламайтын адамға жорылады. 

215.  Бауда серуендесе—қуаныш. 

216.  Бауыздау: түсінде біреуді бауыздағанын көрсе—ата-

анасына қарсы келетініне және зұлымдыққа жоры-

лады. Туыстарының біреуінің бауыздағанын, бірақ 

еш 

қан 


дай қан шықпағанын көрсе—олардың ара-

сында араз дасу болмайтынын білдіреді. Өзінің бау-

ыздалып жат қанын көрген адамның ісі теріс кетеді. 

Егер көгер шін, қой сияқты нәрселерді бауыздағанын 



62

63

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



көрсе—ол адам үйленеді. Түсінде бір баланы бауызда-

са—ол баланың ер жеткені деп жорылады. Өзін-өзі 

бауыздағанын көрсе—істерінің орынсыз болғанын 

білдіреді. 

217.  Бауыр еті: түсінде бауыр жесе—дайын мал-мүлікті 

білдіреді. Қара бауырды пісірсе—ұл бала болатыны-

на жорылады. Қара бауырдың жарылуы—баланың 

нау қастанатынына, піскен бауыр жеу—оңай жолмен 

мал табатынына, біреуге бауыр беру—ол адамға жәр-

дем бересіз. Бауырдың үлкеюі—қуаныш пен шаттық. 

Бауыр дың кішіреюі—қуаныштың азаятыны. Бауыр—

ерлік пен батырлықтың белгісі. Өзінің бауырының 

мөлшерден тыс үлкен екендігін көру—мейірімді, ба-

тыр жігітті білдіреді. Адамның бауырын жеу—бай-

лық. Бауырдың майлы екендігін көру—әйел жағынан 

келетін дүние. Бауырдағы жара—екіжүзділік. 

218.  Бауыр. Ауру бауыр таңдаған әйеліңіздің надандығы 

сіздің азаннан-кешке дейінгі көңіл-күйіңізді түсіреді. 

Жануар бауырын көру—сіздің сүйгеніңіздің көңілін 

өзге бір адам өзіне аударғысы келіп жүргенінен хабар-

дар етеді. 

219.  Бауырлары: түсінде туған-туыстарын көру—жұмыс 

пен денсаулығыңызда уақытша кемшілік болатынын 

білдіреді. Бауырларын көру—сенімділікті, жәрдем алу 

мен күш-қуаттың болатынын білдіреді. 

220.  Бауырларыңды толық күшінде көрсең—жетістік, үл-

кен қуаныш. 

221.  Баю: түсінде бай болу—кедейлік. Сондықтан түсінде 

байығанын көрген адам—қанағатшыл. 

222.  Бәлекет: түсінде бәлекетке кезіккенін көру—жұмысы 

оңға басып, қуанышқа кенелуді білдіреді. 

223.  Беделді адам: түсінде беделді адаммен танысып неме се 

кездессе—дұшпандарын жеңіп, ісі оңға басады. 

224.  Бейіт жағаласа—әруақ жолы. 

225.  Белбеу—әкені және бауырды білдіреді. Сондай-ақ 

белбеу—байлық пен дүние-мүлік. Бір кісі түсінде бе-

ліне белбеу тақса—өмір жасы ұзақ болады. Күміс бел-

беу—атақ-абыройдың өсетіндігі. Белбеуін бос тартқан-



64

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

дығын көру—әйелдерінің немесе бала-шағасының көп 

болатындығын білдіреді. 

226.  Бір жаққа барып жолдан қайтсаң—ертесінде жолың 

болмайды.

227.  Бетіңе секпіл түссе—бақыттың белгісі. 

228.  Би мұғалімі—маңызды істегі жеңілтектік.

229.  Бидай биті, қыр қандаласы—мехнат, азап болады. 

230.  Бидай көрсе—амандықтар болып, шаттықтарға кезде-

сер. 

231.  Бидай орып жүрсең—молшылық белгісі. 



232.  Бидай, арпа, тары—мұндай нәрселер көрсе, ғайыптан 

бір іс кездеседі. 

233.  Бидай: түсінде піспеген бидай жегенін көрсе—істеген 

құлшылығы мен тақуалығының шынайы екендігін 

білдіріп, жалпы жақсылыққа жорылады. Жасыл ма-

сақ арзаншылық пен молшылықты білдіреді. Түсінде 

қолында, қаптың ішінде немесе қырманда жиналған 

бидайды көрсе—өзгелердің табысынан үлес алатынын 

немесе бидайдың аздығы мен көптігіне қарай білімді 

болатынын білдіреді.

234.  Бидайдың ортасында жатсаң—байисың. 

235.  Билеу—шаттану. 

236.  Бит көрсең—ақшаға, жақсылық хабарға тап келесің. 

237.  Биік жер: түсінде шыңның немесе одан да биік жерде 

тұрғанын көру—мәртебесінің артатынын білдіреді. 

Сау дада жолы болады. 

238.  Биік мұнара—бір ер болады, адамдар ортасында—ол 

ізгі сөз сөйлейді, егер де ол мұнара жығылса—ол ердің 

өлетіндігі, яки ол орыннан жоқ болуы. 

239.  Биіктен төмен түсу—қолындағы мал-мүлкінен айры-

лудың белгісі. Кімде-кім таудан түскенін көрсе—

жақ 


сылықтың белгісі. Кімде-кім ескі баспалдақпен 

төменге түскенін көрсе—ол адамның саудада жолы 

болмайды. Баспалдақтан құлайтын болса—дұшпаны-

нан жеңіледі. 

240.  Бой: түсінде бойының шеттен тыс ұзарғанын көрген 

адамның өмірі де ұзақ болады. Бойы қысқарса—қиын-

шылық пен қорқынышты білдіреді. Түсінде бір адам-


64

65

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



мен бой өлшегенін көрсе—сынға түседі. Бой өлшеген 

адамнан бойы ұзын болса—сынақтан жеңіп шығады. 

241.  Бойының ұзындығы—ажалы жақындығы, мәртаба дан 

түсуі. 


242.  Борсық—ауыр жағдайдан кейінгі сәттілік. 

243.  Бос шелек көрсең—үмітің алдайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет