532. Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе—онда ол
өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
533. Егер кісі түсінде тауық көрсе—онда ол өңінде досының
ісіне сүйсінеді.
534. Егер кісі түсінде тауысты (қырғауыл тұқымдас ұзын
құйрықты әдемі құс) көрсе—онда ол өңінде асқан сұ-
луға үйленеді.
535. Егер кісі түсінде тұнық суға түссе—жарықтыққа шы-
ғар, егер кісі түсінде лай суға түссе—ғамға кіріптар бо-
лар.
536. Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе—онда ол өңінде
тілеген тілегіне жетеді.
537. Егер кісі түсінде түйеге мінсе—әулиелер қолдар.
538. Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе—онда ол жақсы.
Өйткені түйе—ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген
кісіні, ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы,
түсте көлікке мініп, құламай жүру—жақсы.
539. Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе—онда ол өңінде
ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
540. Егер кісі түсінде түлкі көрсе—онда өңінде оның адал
досының орнын алдампаз алаяқ басады.
541. Егер кісі түсінде түлкі көрсе—сапар қылса, жолы бол-
мас, егер кісі түсінде бөрі көрсе—сапар қылса, жолы
болар.
88
89
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
542. Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе—онда ол өңінде байи-
ды.
543. Егер кісі түсінде тыр-жалаңаш жүрсе—онда ол өңінде
барлық қайғы-мұңынан арылады.
544. Егер кісі түсінде ұшып жүрсе—онда ол өңінде пайда,
табыс табады.
545. Егер кісі түсінде үйрек көрсе—онда ол өңінде мұқ таж-
дықтан құтылады.
546. Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе—онда ол
өңінде табыс табады.
547. Егер кісі түсінде шақа санаса—дұшпаннан ғайбат сөз
есітеді.
548. Егер кісі түсінде шаш алдырса—кембағал болар, егер
кісінің түсінде шашы өссе—бедәулет болар.
549. Егер кісі түсінде шымшықты көрсе—онда оның өңінде
ісі оңғарылады.
550. Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары
қалпында көрсе—онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр
кешеді.
551. Егер кісі шабдалы жеп жүрсе—онда ол екі дүниеде бір-
дей шат-шадыман ғұмыр кешеді—түс өңге айналуы
үшін, аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
552. Егер кісіге түсінде өлген адам бір нәрсе берсе, ғайыптан
қолына бір нәрсе келер.
553. Егер кісілерге тұлымын көрсетіп жүрсе—ол рәсуалық.
554. Егер кісіні түсінде ит қапса—залымға кіріптар болар.
555. Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын болса—онда
оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде
азу тісі сынса—онда оның балаларының бірі қатерге
ұшырайды. Егер кісінің түсінде, ең түпкі азу тісі сына-
тын болса—онда оның өзі бір қатерге ұшырайды.
556. Егер кісінің түсінде өлген адамдар бірдеңе сұраса—он-
да ол өңінде шығынға ұшырайды.
557. Егер кісінің түсінде салқын жел есіп тұрса—онда ол
өңінде жақсы да жайлы тұрмыста болады.
558. Егер кісінің түсіне ақ қоян енсе—онда қыс қатты бола-
ды. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе—онда қыс жай-
лы болады.
90
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
559. Егер қара, ақ тышқандарды інге кіріп шығып жатқа-
нын көрсе—өмірі ұзын болар.
560. Егер қаршыға құс және кішкене құсты тұтып алса—
дәулеті зияда, бәлки перзент көреді деп айтады.
561. Егер қатын өз шашын жұлар көрсе—пердесі жырты-
лып, ұятты болар.
562. Егер қатын семіз болып көрінсе—жыл жақсы болар,
тоқтық болар.
563. Егер қатынның сіңбіргенін көрсе—ер бала табар.
564. Егер қойды түсінде көрсе—қой бұқарадүр, бұқара ха-
лық мұны жақсы көреді деп айтады.
565. Егер қолымен мұрнын сіңбірсе—бір қыз баласы бола-
ды, өмір жасы ұзақ болады.
566. Егер қою көріп, бір тамшы екі тамар көрсе—ол кісіге
пайда һәм зекетін өтеу керек.
567. Егер Құранды жер көрсе—жаттаған сабағын ұмытпақ.
568. Егер Құранды сатар көрсе—жамандардан сақтану ке-
рек.
569. Егер Құранды ұрласа, яки жасырар көрсе—ол кісі на-
мазын ұрлар.
570. Егер Құранды хатым қылар көрсе—Алла тағала қа-
сын да көп сауаптар табар, һәм нендей мұрадына же-
тер.
571. Егер Құраннан бір нәрсені біреуге берер көрсе—рахмат,
сүйініш, қорқытқан хабар, уағыз секілді іс болмақ.
572. Егер Құранның жолдарын күңгірт көрсе—Құран тура-
сында бір бедғат сөз сөйлейтін болар.
573. Егер құс басы секілді болар көрсе—шаһардан шығып
саяхат қылар.
574. Егер қыз бала көрсе—ақыры қорлық іс болар. Садақа
берген дұрыс.
575. Егер Қызыр пайғамбарды көрсе—кейін ғұлама болар.
576. Егер маңдайы артар көрсе—дәулеті артар, әмірі
жүрер.
577. Егер маңдайы кемір көрсе—дәулеті кемір.
578. Егер маржан, меруерт тағып алса—үйден берекет кет-
пес деп айтады.
90
91
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
579. Егер Мұса, Һарун пайғамбарларды көрсе—ол пенденің
жанында бір бас тартушы, күш қылушы, залымдарды
һалак қылар.
580. Егер неке жүзігі жоғалып немесе сынып қалса—үлкен
қасірет, жақын адамдардың бірі дүниеден өтеді.
581. Егер ол адамды көркем жүзбен көрсе—көркемдік та-
бар. Қайғыда болса, құтылады.
582. Егер ол балықтың қарнынан інжу шығар көрсе—бір ер-
кек бала табар.
583. Егер ол битті жаңа киімде көрсе—оның малы көп бо-
лар, мәртебесі артар.
584. Егер ол қатын шашы күзелген көрсе—ері талақ
қылады.
585. Егер ол Құранды жіпке тізіп жазар көрсе—Құранды
ақылымен тәфсир еткені болар.
586. Егер ол мұсылмандық ғаламатынан басқа іс істесе—
харам дүние болар.
587. Егер ол мысықтың бір нәрсесін табар көрсе—бір нәр-
сенің төлеуіне яки ұрымен әуре болар.
588. Егер ол пілді соғыс жерінде мініп жүрсе—піл иесіне
көңіл сынығы болар.
589. Егер ол сәби еркек бала болса—ізгілік ғамалы артар
хайырлы түс.
590. Егер өз аяғыңызды күтімге алып отырсаңыз—ол сіздің
ғылыммен айналысатыңызды және бұдан соншалықты
пайда түспейтінін сездіреді. Егер аяқ орнында ағаш аяқ
тұрса—достарға ашық-жарқын еместігіңіз.
591. Егер өзін жарты құлақ көрсе—қатыны өліп, екінші
қатын алар.
592. Егер өзін мәжусидің шоқынатын жерінде көрсе—оның
ақылы мәжуси жолында болған болар.
593. Егер өзін мұрынсыз көрсе—рахимы болмай, баласы
бол мас.
594. Егер өзін мінберде болып, ізгі сөз сөйлер көрсе—ол ша-
малы шарафатта кісі болар, сонымен атағы шығар.
595. Егер өзін соқыр көрсе—ислам дінінен азғаны болар.
596. Егер өзін сыңар көзді көрсе—дінінің жартысы кетер,
яки бір үлкен күнәға кездесер.
92
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
597. Егер өзінде көп құлақтар көрсе—ол кісі хақысын қабыл
етпеген болар.
598. Егер өзінің қолын қыналаса—біреуді өлтіру хауфы
бар.
599. Егер сақалсыз, мұртсыз жігіт көрсе—ол кісіге сол ша-
малы хайыр табар.
600. Егер сақалы жерге жеткенше ұзын болса—иесі өлер, са-
қалдың өте қара болуы—уайымсыздығы, жасыл бол са
—зор бақыт, өте қалың болса—көп мал-дәулетті болар.
601. Егер семіз сиыр көрсе—жылдың тоқтығы, жақсы лы-
ғы.
602. Егер сен біреуді тілдесең—сәтсіздік;
603. Егер сол жағынан салынар көрсе—жақын ағайының
қатыны кетер.
604. Егер судағы балықты түсінде көрсе—һәм жақсы, пер-
зент көресіз дер.
605. Егер Сүлеймен пайғамбарды көрсе—ұлық болар, ғалым
болар.
606. Егер сыңар көрсе—ол кісі үмітсіз болар, үміттенгені
бола қоймайды.
607. Егер түске семіз сиыр енетін болса—онда арзаншылық
болады. Егер түске арық сиыр енетін болса—онда қым-
батшылық болады.
608. Егер түсінде беліне белбеу байлар көрсе—оған бір ер
бала болар, яки бір іске әкім болар салтанатпен, яки
өкіметіне сыйласулы болар.
609. Егер түсінде бидай, арпаны көрсе—ниғмет дер, бәлки
нарық арзан болса керек дер.
610. Егер түсінде бір танымайтын қарт кемпір көрсе—дүние
болар.
611. Егер түсінде дария суларын көрсе—көп нәфәқалық
пайдалар көреді, судан ішсе мұратына жетер, ғиззаты
көп болады деп айтады.
612. Егер түсінде жылан көрсе—һәм жақсы, адамға дәфи
қылмаса.
613. Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса—онда ол
өңінде бір қызметті алады.
614. Егер түсінде қойлар көрсе—көп қатындар болар.
92
93
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
615. Егер түсінде құлағы өзінен бөлінсе—қатыны талақ бо-
лар, яки қыз баласы болар.
616. Егер түсінде құлағына асылған алқа көрсе—қызын
күйеуге берер, ол қыз ұл бала табар.
617. Егер түсінде қыбла танымас болса—дінінде нашарлық
болмақ.
618. Егер түсінде қыблаға тура қарап оқыса—діні тура бо-
лар.
619. Егер түсінде қылыш яки мылтықты көрсе—нафақа лық
болар, мәртебесі зияда болар,—дейді.
620. Егер түсінде ләйлік деген құсты көрсе—зәхмат көреді.
621. Егер түсінде нақұрыс кісі көрсе—бір мұнафиқ жал-
ғаншы ер болар.
622. Егер түсінде намазын оқып, тамам қылып бітіріп
шықса—істері тамам болар, егер қатындарға ғана
имамдық қылса—бір нашар елге басшы болар.
623. Егер түсінде өгізге мінер болса—өкімет ісі тақырыпты
мал тілер.
624. Егер түсінде өзін біреу ұрса, өлтірсе—жақсы емес, құ-
дайы қылмақ лазым.
625. Егер түсінде өлген адамды көрсе—зияны жоқ. Сол өл-
ген адаммен сөйлессе—рас айтады дер.
626. Егер түсінде тостаған сынса, ішінде суы қалса—қатыны
өледі, егер тостаған сынбай, суы төгілсе—баласы өліп,
анасы қалар.
627. Егер түсінде ұрыс, талас, төбелес дұшпанын көрсе—
ғайбат сөйлеуден тілін сақтау керек. Бір бәлеге кездесіп
қалу қаупі бар, садақа берсін.
628. Егер түсінде үйіне бір жынды кісі кіргенін көрсе, ол
жынды үйінде бір іс қылғанын көрсе—дұшманы, яки
ұры оған зарар келтірер, яки өзі жынданар.
629. Егер түсінде шайтанды дұшман етер көрсе—ол кісі
иман келтіріп, Құдай жолына бой ұсынған болар.
630. Егер түсінде шайх, яғни қарт ақсақал көрсе—ол баба сы
(ұлы атасы) болар.
631. Егер түсінде Шиш пайғамбарды көрсе—ниғмат шад-
лық, бала, хош тірлік көрер.
94
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
632. Егер түсіңізде мыстан сізге күш көрсетсе—отбасыңыз
бен жұмысыңызда біршама проблемаларға кезігуіңіз
ықтимал.
633. Егер тырнағын орта көрсе—дінінде, дүниесінде тү зік-
тігі.
634. Егер тысы жақсы, іші жаман жемісті көрмек—мұна-
фиқпен жорылар.
635. Егер тышқан үйінен ауып бір жаққа кетер көрсе—оның
берекесі, ниғматы кетер.
636. Егер тістері босап сілкінсе—жақын қарындастары сыр-
қау болар.
637. Егер тісті қолына алмай кетсе—ол үй ішінен біреуі
өлетіндігі.
638. Егер тісі түсін қолына алса—үй ішінде қатын жамаға-
ты көп болар.
639. Егер уысына хайуанның, я өзінің көзін ұстар көрсе—
қолына мал кірер.
640. Егер үйде тышқанды көп көрсе—малы көп болады.
641. Егер хазірет Иса әлайһиссәламды көрсе—ізгілігі көп
хайыр, берекенің иесі болар, һәм Алла риза боларлық
сафарды кезер және азға қанағатшыл болар.
642. Егер хош иісті ағаш көрсе—ол ағашқа ұхшашлы кісі-
ден мал тиер.
643. Егер һәр бір түсті көрген кісі—ол түске аһл болмаса, сол
көрген түстің мөлшерінде машақат шегер.
644. Егер шашын маңдайынан салынып түсер көрсе—қор-
лық деген.
645. Егер шашынан, сақалынан, мұртынан жып-жылмағай
болар көрсе—ол кісі қатты сырқат болар.
646. Егер шошқа, басқа бөрі, қабылан, жолбарыс түсінде
көрсе, өлтірсе—дұшпанға үстін болады, егер зиян қыл-
маса—сол хайуанаттарды көргеннің зияны жоқ. Егер
бұл хайуанатты өлтірсе—жақсы болады, дұшпан да ры
өлгендей болар, егер мініп жүрсе—дұшпандары қо лы-
на кіріп, фәрман пірадар болады деп айтады.
647. Егер ізгі сөз сөйлемесе, хұтба оқымаса, һәм мінберге
сәлахиятты болмаса—ауыр жамандыққа кездесер.
94
95
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
648. Егер яһуди көрсе—атасы бір туған қарындасынан ми-
рас алар, яки бір күнәһқа батарлық етер.
649. Егіздерді көрсең—игілік белгісі;
650. Егін егуді көру—дүниесінде, яки дінінде ғамалы бола-
ды.
651. Егін салып, астық шашса—мұратына жетер.
652. Екі ерін көрмек—әйелі, досы яки баласы, туысы,
қатыны делінген.
653. Екі желкесін көрмек—екі жақсы үй болады.
654. Екі жұмыртқа—дұшмандарының үстем болмағы.
655. Екі жұмыртқасын пішілген көрсе—дұшманына үстем
болып, олардан пайда табар.
656. Екі көзінде жас жүргенін көрмек—халал мал кө бей-
мек.
657. Екі қасын көрмек—дінінде кәмалаттығы.
658. Екінді мен үйлі намаздарын бұзар көрсе—борышы ның
жарымын өтеуіне дәлелет қылар.
659. Екінді уақытында үйлі оқыр көрсе—борышын өтемек
болар.
660. Емен көрсең—ерекше таныстыққа бастайды;
661. Ер адамға сақалы көп болмақ—байлық, құрметтілігі.
662. Ердің ашық жүзді көрінуі—малы, құрметі артпақ.
663. Ердің екі емшегі—қатыны болады яки қызын көрер.
664. Ердің зәкәрі—адамдар арасында шарафатты болуы,
я ұл баласы. Егер түсінде бұл құралдың артқанын
көрсе—дәулеті, баласы артады, кем болғанын көрсе
де—осылай. Түсінде зәкәрінің кесілмегі—я өзінің өл-
мегі болар.
665. Ердің маңдайы—дәулеті.
666. Ердің түсінде көз көрмегі—дініне назар көзінің түс-
кені.
667. Еркек қарбыз жесе—уайым.
668. Еркекті жалаңаш көрсең—сәтсіздіктің белгісі.
669. Ерін. Қалың, сүйкімсіз ерін—ұнамсыз кездесу, отбасы
мәселесі. Жұқа ерін—шешімі табылмаған мәселеден
жол тауып кету.
670. Еріннің қалыңдығы—досы, серігі, малшысы болар де-
ген.
96
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
671. Есек—дәулет, байлық.
672. Есекке теріс мініп жүрсе—дәрежеге ие болады.
673. Ескерткіш көрсең—даңқың артады.
674. Есуастық: түсінде есуас адамдай болып жүру—на дан-
дықтың белгісі.
675. Есік: түсінде есік көру—сол үйдің отағасын білдіреді.
Есігінің ашық екендігін көру—молшылықтың белгісі.
Кейбір кездері үй есіктерін әйел деп те жорамалдаған.
Жабық есік—тұрмысқа шықпаған қызды, ал ашық
есік—жесір әйелді білдіреді. Үйдің есігі ауысқанын
көру—үй иесінің әл-ахуалының өзгеретінін білдіреді.
Үйінің екі есігі бар екенін көру—әйелінің ұрысқақ, жан-
жалшы екенінің белгісі. Танымайтын, бөтен есіктерді
көру—білім, рызықты, пайданы, жолшылықты, түс
көрушінің пайдасына жорылады. Есігінің жаңа еке-
нін көру—жақсылықтың белгісі. Есігін жаба алмау-
ын көру—әйелі екеуінің арасындағы түсінбеушілікті
білдіреді. Ескі есігін алып, жаңа есік қойғанын
көрсе—егер үйін сатып жатқан болса, жақсы, қымбат
бағаға сататындығының белгісі. Егер бір есікті түсінде
қағатын болса, оған ішінен біреу жауап берсе, онда кісі
мұратына жететіндігін білдіреді. Үй есігінің құлап
жатқанын көру—ауру кісі болса, шипа табатынын
білдіреді. Бұндай түс көру—жақсылықтың белгісі. Тар
есіктен кең жерге шыққанын көру—қиыншылықтан
құтылатынының белгісі. Үйіне бір есік жасап жатқанын
көру—үйленудің белгісі. Танымайтын үйдің есігін
ашу—сол үйдің егесінен жәрдем сұраудың белгісі. Бір
есікті жауып, басқа бір есікті ашқанын көру—жаңа-
дан келін түсіретіндігінің белгісі. Үйдің есігі—отаға-
сын, бөлмелер есігі—әйелін, асхана есігі—рызықтың
белгісі. Бөлмелердің есігі жаңа болса—онда әйелінің
ашық, жақсы мінезді болғандығының, ал егер есіктер
ескі болса—әйелінің мінезі жанжалшыл, жаман
екендігінің белгісі.
676. Есіктер перделі болса—реніш болар.
677. Есікті таппай жүрсең—ісіңде кедергі кездесер.
96
97
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
678. Есінеу: түсінде есінеу—күнә істеуді, жалқаулықпен на-
мазды оқымауды, яғни шайтанның амалын істейтінін
білдіреді. Кейде мұндай түс—сырды ашып айтуды және
ауруға шалдығуды білдіреді.
679. Ет: түсінде ет көру—егер піскен болса, мал-мүліктің
белгісі. Шикі ет—аурудың, қиыншылықтың белгісі.
Түсінде бір адамның етін жегенін көру—сол адамды
ғайбаттағанын білдіреді. Өз етін жегенін көру—тапқан
табысын пайдаланатынын білдіреді. Доңыздың еті—
арам малдың белгісі. Сиырдың еті—қиыншылықты
білдіреді. Бураның етінің піскенін жеу—бір адамның
малын жеп ауырып, кейіннен құтылып кетеді. Тү-
сінде өз үйінде сойылған қойдың етін көрген адам—
танымайтын бір адаммен кездеседі. Түсінде майлы
қойдың етін көру—мирастың белгісі. Кімде-кім түсінде
шикі ет жегенін көрсе—бұл түс жақсылықтың ны ша ны.
Түсінде шикі етті көре тұра жемеу—жақсы емес. Кім де-
кім түсінде піскен ет жегенін көрсе—ол адамның малы
артады. Егер піскен етті қария кісімен бірге отырып
жесе—ол адамның беделі артады. Ет—науқастықтан
жазылып, қайғы-мұңнан арылуды білдіреді. Құстың
еті—сапарға шығып, табысқа кенелуді білдіреді. Кей-
де түсінде құстың етін жеу—жұмақты және адамды
жұмаққа кіргізетін салих амалды білдіреді. Балық
еті—оңай жолмен табылған рызықтың белгісі. Кейде
балық еті—теңізден алатын пайданы білдіреді. Кімде-
кім түсінде өз етінің көбейіп артқанын көрсе—ол
адамның жағдайы жақсарады. Егер ол адам ауру болса,
жазылады. Егер өз етінің азайғанын көрсе—ол адам-
ның жұмысы тұрақтайды.
680. Еттен істелген тамақ—кедей адамның байитынын, етсіз
тамақ көру—мұқтаждықты білдіреді. Әртүрлі нәрседен
істелген тамақ көру—науқастықтың белгісі. Түсінде
дәмді тамақ пісіргенін көру—молшылыққа кенелудің
нышаны.
681. Еттің тіліктері—зиянды нәрселерді білдіреді. Кей-
де адамның жасырған сырының жария болатынын
білдіреді.
7-0185
98
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
682. Етік—байлықтың белгісі. Етік тіктіру—қиыншы лық-
ты, екі адамның арасындағы достықтың бұзылуын
білдіреді. Үлкен етік—той-томалақтың немесе сүйінші
хабарды білдіреді. Кішкене, қысқа етік—сіз туралы ай-
тылатын сөздер.
683. Ешкі сауып жүру—кездейсоқтық, күтпеген қуаныш.
684. Ешкі: түсінде ешкіні көру немесе ешкі сүтін ішу—
жақсылықтың белгісі. Түс көруші асыл мұратына
жететіндігін білдіреді. Түсінде ешкі етін жеу—жеңіл
бір ауруды білдіреді.
685. Ешкінің және басқа хайуандардың жүні—аз малдың
белгісі. Еті желінетін хайуанның жүнін көру—халал
малды және оның мөлшеріндей дүние мүлкінің кө-
бейетіндігін, ал еті желінбейтін хайуанның жүні—
харам малды білдіреді.
686. Жабайы қаз—арзаншылық пен берекет, молшылық-
тың белгісі.
687. Жабайы үйрек—надан, салақ әйелді білдіреді. Жабайы
үйректің жүні—мал-мүліктің белгісі. Түсінде жабайы
үйректі ұстап үйіне әкелгенін көрген адам салақ әйелге
үйленеді. Ұстаған үйрегінің қашып кеткенін көру—
әйелімен ажырасуды білдіреді.
688. Жабу: түсінде бір есікті жапқанын көру—бойдақ бол-
са, жақсы әдепті бір қызбен үйленетіндігін білдіреді,
ал егер әйелі бар кісі болса, әйелімен ажырасады. Есік-
ті кілтпен кілттеу—үйленудің белгісі. Үйінің есігін
жапқанын көру—жақсылықтың белгісі.
689. Жабық терезе—бос уайым.
690. Жағалауда жүрсең—тыныш өмір сүресің.
691. Жаз мезгілі: түсінде жаз мезгілі болғанын көру—
қалауының орындалатындығын, қыс кезінде жазды
көрсе—қиыншылыққа тап болады.
692. Жазалану: түсіңізде жазаланғаныңызды көрсеңіз—
теріс әрекетініңіз үшін кешірілетініңізді білдіреді.
693. Жазу жазу—айланың белгісі. Түсінде жазуының на-
шар екендігін көру—табысқа кенелуді білдіреді.
694. Жазылған жазу—көңілсіздікті білдіреді. Түсінде
жазу жазғанын көру—істейтін ісіңіз жайында ойла-
98
99
ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
нып, ешқандай шешімге келе алмайтындығыңызды
білдіреді. Сізге берілген жазуды немесе сізге беріл-
ген хатты оқығаныңызды көру—егер оқуға ыңғайлы
болса, жақсылықтың, оқылмайтын дәрежеде болса,
жамандықтың белгісі. Өшіп қалған көрінбейтіндей
дәрежеде бұлыңғыр жазуды оқуға тырысу—сізге
берілген істі орындайтындығыңызды, дуалға неме-
се тақтайдың бетіне жазылған жазуды оқу—бір істі
істегенде өзіңізге сенімділік танытатындығыңызды;
аспанда тұманмен жазылған жазу көру—ойлаған
нәрсеңіздің орындалмайтынын; оқылмайтындай дәре-
жеде бір тақтайдың үстінде айқыш-ұйқыш жазудың
сізге берілгенін көру—кейбір істердің оңай шешіле-
тінін білдіреді.
695. Жай шұлық көрсең—жақсылық.
696. Жайнамаз: түсінде жайнамаз көру—арлы әйелдің
белгісі. Жүн немесе мақтадан жасалған жайнамаз-
дың үстінде отырғанын көру—құлшылыққа мән
беруді білдіреді. Жайнамаздың жоғалғанын көру—
құлшылыққа немқұрайлы қараудың белгісі.
697. Жақ: түсінде жақ көру—қайыр мен молшылықтың
белгісі. Жақтың сары түсте көрінуі—қорқыныш пен
қайғыдан құтылудың белгісі.
698. Жақсылық жасау: түсінде біреуге жақсылық істе-
генін көрген адам—жаман істеріне тәубе етеді, ту-
ған-туыстарының көңілін аулайды немесе кедей-
кеп
шіктерге садақа береді. Түсінде жақсылық
жа сау —әділдік орнайтынын білдіреді.
699. Жақұт—қуаныштың белгісі. Сәби күтіп жүрген адам-
ның қызы дүниеге келеді.
700. Жақып (ә.с.): түсінде Жақып пайғамбарды көру—бала-
шағасы тарапынан қиыншылықтың шығуы, бірақ
кейіннен жақсы өмір сүретіндігінің белгісі. Жоғалған
жоқтық табылатындығын білдіреді.
701. Жалаңаш әйел—өтірік, өсек.
702. Жалаңаш еркек көрсең—кедейлікке тап боласың.
703. Жалаңаш жүру: түс жорушы Кирманидың айтуы-
на қарағанда: «Түсінде бір жұмыс үшін шешінгенін
100
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
көрсе және ол жұмыс дінге байланысты болса—
дүниелік пайда көретінін, бірақ ақыреттен нәсібі
болмайтынын білдіреді»—дейді. Базарда немесе бір
топ адамның ішінде жалаңаш жүргенін және оған
адамдардың қарап қалғанын көрсе—сақтап жүрген
Достарыңызбен бөлісу: |