Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет7/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

құпиясы жария болады. Мешітте шешінгенін көр-

се—күнәларынан арылады. Бір риуаятта: «Түсінде 

өзін жалаңаш көрсе—діни жауапкершілігін орын-

дау үшін қайрат көрсететінін білдіреді» делінеді. 

Жалаңаш жүріп жыныстық мүше 

сін бір нәрсемен 

жауып жүргенін көрсе—байлығы 

нан айрылаты-

нын, бірақ өзіне жетерліктей қалаты нын білдіреді. 

Жалаңаш бола тұра өзіне ешкімнің мән бермегенін 

көрсе—ауру болса, ауруынан жазылады; қарызы бол-

са, қарызынан құтылады деп жорылады.

704.  Жалаңаштану: түсінде анадан туғанындай жала-

ңаш 

танып жүргенін көрген адам—күнәдан арылып, 



сауапқа кенеледі. Дініне берік адам түсінде жала-

ңаштанып шешінгенін көрсе—қайыр мен табысқа 

жету 

дің, қиыншылықтан құтылудың белгісі. Ал 



дінмен ешқандай байланысы жоқ адам болса, қиыншы-

лығы одан сайын артатынын білдіреді. Әйел адам өзінің 

жалаңаш жүргенін көруі—жақсы емес. Егер тұрмыс 

құрған болса, ажырасады. 

705.  Жалаңаяқ жүру—қиыншылықтың белгісі. Кейбіреу-

лер керісінше жориды. 

706.  Жалау: түсінде жалау алып жүрсе—үлкен сыйлық 

алатынына жорылады. Ақ жалау—достық пен қарым-

қатынастың; үлкен жалау—үйленудің белгісі. Түсін-

де мұнара, мешіттің күмбезін, немесе байрақ көру—

бейбітшілік пен қуаныштың белгісі.

707.  Жалғыз жұлдыз—қуаныш.

708.  Жалпақтау: дүние үшін біреуге жалпақтау—негізсіз 

түстің белгісі.

709.  Жалынсыз отты көмір көрмек—харам мал, бәлки же-

тім малы болар. 

710.  Жамағат: түсінде топ адамды көрген адамға Алла 

Тағала мейірім етіп, оны қорғайды. Түсте адамдар дың 



100

101


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

арасында өлікті көрсе—өлген адам Алланың мейірі-

міне бөленеді.

711.  Жаман сөз есту—күнә істеудің белгісі.

712.  Жамандық: түсінде біреуге жамандық нәрсе үйрет-

кенін көрсе—жамандықтың белгісі. Біреудің сізге 

жаманшылық істеуі—ол кісіге келетін бәле-жаланы, 

қиыншылықты білдіреді.

713.  Жаназа: түсінде жаназаның арқасынан жүргенін көр-

се—ол адамның дінінің теріс екендігін білдіреді. Өзін 

табыттың ішінде жатқанын көрген адамның дүниесі 

көп болады. Егер өзін табыттың ішіне қойылғанын жә-

не бір топ адамның иығына көтеріп салғанын көрсе—ол 

адам салтанатқа ие болып, билікке көтерілетініне жо-

рылады. Ол үшін жылап жатқан адамдарды көрсе—ол 

адамның өмірінің соңы жақсы болады. Түсте жаназа 

көру—әрдайым жақсылық пен ұзақ өмірге жорылады. 

Жаназаның өз отбасынан бірі болғанын көрсе—науқас 

танысы болса, ауруынан жазылады, ұлды болады деп 

есептеледі. Өзінің өліп қалғанын көрсе—бақытты 

ғұмыр кешетінін білдіреді. Егер көршіңіздің өліп қал-

ғанын және оның жаназасын шығаруға дайындалып 

тұрғаныңызды көрсеңіз—көршіңіздің сізден разы 

екендігін білдіреді. Түсінде жаназаны көтеріп жүрген 

адамның қолына мал түседі. Кирманидың көзқарасы 

бойынша, түсте жаназа көтеріп жүру—діннен ал-

шақ таған адамға жәрдем берудің, ал өзінің табыттың 

ішін де кетіп бара жатқанын көру—жоғары дәрежеге 

көтерілудің белгісі.

714.  Жанартау, лапылдаған от—өмірінде үлкен өзгеріс бо-

лады. 

715.  Жанның денеден шығуы—аманатты иесіне беруді не-



месе ауру адамның ауруынан жазылатынын, яки түр-

меден босайтынын білдіреді. Кейде жанның дене 

ден 

шыққанын көру—кездесе алмай жүрген адамдар мен 



кездесудің белгісі деп жорылады. 

716.  Жан-жануарларды байлау—қайырлы іс. 

717.  Жанып жатқан есік—өлімнің белгісі болуы мүмкін.


102

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

718.  Жаңа аяқ киім кисең—жаңа орынға ауысуың мүмкін.

719.  Жаңа киім кисең—жаңа олжа келеді.

720.  Жаңбыр кезіндегі найзағай—жайсыздық белгісі.

721.  Жаңбыр көрсең—жылайсың, ренжисің.

722.  Жаңбыр суы—рахмат, жақсылық, егер көп орындарда 

күшті жауса, ол орында ауырлық болар. 

723.  Жаңғақ шағып жүрсең—ақша аласың.

724.  Жапырақ төсеп ұйықтасаң—екеуара сүйіспеншілік 

бел гісі.

725.  Жапырақсыз ағаш—жақсылық емес.

726.  Жапырақтың әртүрлісі болса—ауа райының бұзылуы. 

727.  Жардан өтіп кетсең—қауіптен құтыласың.

728.  Жарқанат көрсең—ұнамсыз мейман әйел келеді.

729.  Жарты ай көрсең—уақытша ғана бақыттың белгісі.

730.  Жарық жұлдыз көрсең—нәтижеге жетесің.

731.  Жас адамдар табыт көрсе—үйлену тойының белгісі.

732.  Жас әйел осы түсті көрсе—махаббаттағы сәттілік, тұр-

мыстағы бақыттылық. 

733.  Жас баланың түсі—атасына болар. 

734.  Жастықтар, орындықтар, бүркеншік, жаулық—қыз-

метшілері болады. 

735.  Жасыл жапырақ—сапарға бастар.

736.  Жасыл тон көрмек—дүниедегі тірлігі рахаты, оның 

үшін ол ұжмақ аһлдерінің киімі еді. 

737.  Жасыл түс—жолға, сапарға шығу.

738.  Жасыл шалғында жүру—қонаққа бару. 

739.  Жасыл шегір көзді көрмек—дінінен өзге қарсы дін 

болар, егер балалары болса, сырқат болар, екі көзінің 

кетпегі, баласының өлмегі. 

740.  Жат қатынмен, яки өз қатынымен шағылыс жасаса— 

жасы ұзын болар. 

741.  Жатқа оқымақ Құранды—бір хақ іс болмақ, аманат 

өтемек, шариғат жолын орындамақ. 

742.  Жауһар—байлық. 

743.  Және майдан бауларда кіріп жүрсе—көңілі хош уақыт 

болады деп айтады.

744.  Және түсінде аспандағы айды көрсе—көп жақсы бола-

ды, тірлікте мәнфағат болады деп айтады.



102

103


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

745.  Және түсінде түйеге мініп жүрсе—біздіктер, өлген-

дер, біздіктерден, яғни әулиелерден илтифат болар деп 

ай 


тады. Әртүрлі хайуанаттарды мінсе—жығылмаса, 

жақсы болады.

746.  Жәрдем: түсінде жәрдем беру—мәрттіктің белгісі. Бір 

адамға жәрдем бергенін көру—сауапты іс істегенін 

білдіреді. 

747.  Жебірейіл (ә.с.)-ның насихат айтқанын немесе сүйін-

шілеп жатқанын көрген адам сыйлы, құрметті және 

бір жақсылыққа сүйінші хабар алады. Егер ол адам 

жәрдемге мұқтаж болса, жәрдем алады, науқас болса, 

жазылады. Қажыға бармаған болса, қажыға барады. 

Жебірейілдің кейпіне кіргенін көрсе—жақсылық пен 

берекетке бөленеді. 

748.  Жексенбі—ғұмыр бойы маңдай теріңізді төгіп өте ті-

ніңізді білдіреді. Сізге өмірде оңай олжаның жоқтығын 

хабарлайды. 

749.  Жел—махаббат нышаны немесе мұң.

750.  Желкесін қалың көрмегі—Құдай тағдыр еткен нәр-

селерге, күллісіне қуатты болмақ. 

751.  Жемқорлық: түсінде біреуден пара алу немесе беру—

сауда-саттықтың ретсіздігін және жұмысыңыздағы 

бей-берекетсіздікті білдіреді. 

752.  Жеміс-жидек: түсінде дәмі тәтті жеміс-жидек көру—

рызықты, пайдалы істі, білімді білдіреді. Қышқыл 

жеміс те рызық пен білімді білдіреді. Қышқыл жеміс 

жемейтін кісі түсінде қышқыл нәрсені жегендігін 

көру—харам жолдан табылатын дүние-мүлікті, ау-

руы ның артатындығын білдіреді. Жеміс-жидек—жақ-

сылықтың белгісі.

753.  Жеміс құрты—екі жүзді, әдепсіз, аманатқа қиянат жа-

сайтын, сырты бүтін, іші түтін болған кісіні біл діреді.

754.  Жеміссіз ағаштар көрмек—бір семіз кісі болар, жуан 

дауысты, ізгілігі һәм малы аз болар. 

755.  Жемістерден сары жеміс көру—қайғы, сырқат болар. 

756.  Жемісті ағаш көрсең—игілік.

757.  Жеңу: түсінде біреуді жеңгенін көру—қиыншылықтан 

құтылуы, ауру болса, ауруынан жазылуды білдіреді.



104

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

758.  Жеңіс: түсінде жеңіске жеткенін көру—жетістікке 

жетудің белгісі. Жеңіске жетуді қиыншылыққа душар 

болу деп жоритындар да бар.

759.  Жер асты жолы: түсінде бұл түсті көру—білместен, 

қаламастан жаман іс істейтіндігін білдіреді. Жер асты 

жолымен жүріп, ол жерден таза су табу—жақ 

сы-

лықтың белгісі. Ол жерде таза емес, лай суды көру—



жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.

760.  Жер бөлігі: жер—әйелге жорылады. Жер сатып ал-

ға 

нын көрсе—үйленеді, сатса—ажырасады. Жерден 



көп өнім алғанын көру—ұрпағының көбейетінін біл-

ді реді. Жерде аунап жатқанын көру—жақсылықтың 

белгісі емес. Таза болса—жақсылық, ал таза болмаса—

керісінше болады. Өзі білмейтін жерден үлкен жерге 

ие болғанын көру—мал-мүлікке ие болады немесе өзге 

ұлт өкілімен үйленеді. Жерде отырғанын көрсе—үлкен 

дәрежеге көтеріледі. Жерден уыстап топырақ жегенін 

көрсе—ол адам бақуат болады. Алдына топырақ жиы-

лып қалғанын көрсе—өмірі ұзақ болады. Егін егілетін 

жерден сүдігерге жүргенін көрсе—сүннетті орындамай 

жүргенін білдіреді. Түсінде бір адамды көму үшін жер 

қазып жатқанын көрсе—біреуге айла жасаудың белгісі 

екенін білдіреді. Шұңқыр қазып жатқанын көрсе—

әйелінен айырылатынының белгісі. Топырақпен сөй-

лесіп жатқанын көрсе—ұзақ ғұмыр кешеді. Арық не-

месе канал қазып жатқанын көрсе—халыққа қызмет 

етіп жүргенін немесе үлкен қызметке көтерілетінін 

білдіреді. Бір жерге көпір салып жатқанын көрсе—

дініне берік екенін білдіреді. Ал көпірді құлатқанын 

көрсе—дініне салғырт екенін білдіреді. Егіндіктің су 

басып жатқанын көрген адам сапарға шығады. Жерді 

қазып топырағын жеп жүрсе—мал тауып алады. Үлкен 

жерден қыспақ жерге кіру—күнәнің белгісі. Егіндік-

ке қожайын болса—үйленетінін білдіреді. Баласы жоқ 

болса, перзентті болады.

761.  Жер көрмек—дүние, тіршілік. 

762.  Жер қазып жүрсең—мұңаюдың белгісі.


104

105


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

763.  Жер сілкінісі: түсінде жер сілкінгенін көру—жақ-

сылықтың нышаны емес. Ақша мен мал мүліктен ай-

рылуды және қиыншылықты білдіреді.

764.  Жер шарының картасы: түсінде карта көру—сапарға 

шығудың белгісі. Түсінде картаға зер салып қарау—

ұзақ сапарға шығуын білдіреді. Карта сызғанын көр-

ген адам, егер картаны толық сызса—оған жұмыс 

берілетінін, толық сызбаса—берілмейтіндігін білдіре-

ді. Түсінде біреудің карта көрсетіп, одан сұрағанын көр-

се—күтпеген жерден хабар келетінін білдіреді.

765.  Жер—өсекшіл, өтірікші әйелдің белгісі. Жер—білім 

мен жақсы сөзді білдіреді. Жердің тарылуы—күнәні 

ашық түрде істеудің белгісі. Кейде жердің жарылуы—

сол жердің берекелі екенін білдіреді. Бір жерді еге-

ленгенін көрген адам—бойдақ болса, үйленеді. Жер дің 

сілкінгенін көру—жүкті әйелдің баласын тастайтынын 

білдіреді.

766.  Жердің түрілгенін көру—өлім, яки біреуден өлу. 

767.  Жетімдік: түсінде жетімсіреу—адамдардың түрткісін-

де қалады. Түсінде жетімдікті көру—дұшпанын жеңу-

ді білдіреді. 

768.  Жиде ағашы—әдепті, кішіпейіл, баршаға жақсылық 

жасайтын адам екеніңізді аңғартады. 

769.  Жиде: Түсінде жиде көру немесе жеу—айналаңыздағы 

адамдар арасында беделіңіздің артатынын білдіреді. 

770.  Жираф: түсінде жираф көрудің ешқандай қайыры 

жоқ. Өйткені бұл жануар—қиыншылықтың белгісін 

білдіреді. Жираф—күйеуіне мойынсұнбайтын әйелді 

білдіреді. 

771.  Жиренішті нәрсе көру: түсіңізде жиренішті нәрсе 

көрсеңіз—жақсы емес. Сүйкімсіз әлпет көру—қауіп-

тің белгісін білдіреді. Өзіңізді жиіркенішті халде 

көрсеңіз—сіздің жарқын жүзді, ізгі ниетті мейірім-

ді жан екендігіңізді білдіреді. Жиіркенішті жануар 

көрсеңіз—жақында қуанышты хабар естіп, қуана ты-

ныңызды білдіреді. 

772.  Жиһаз көрсең—қуанышты кездесудің нышаны.



106

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

773.  Жоғары үкімет бастығын көрсе—сүйінішті іске кезде-

сер. 


774.  Жоқшылық—береке, жақсы, қымбатты достарды жә-

не уақытша бір қиыншылықты білдіреді.

775.  Жол: жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне 

салғырт қарайтындығын білдіреді. Түсінде жол үстінде 

тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады. 

Жолынан адасып кеткен адам—сауапты іс пен дінінен 

айрылады. Егер қайта тауып алса—тура жолды таба-

ды. Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса—

нәпсісін тәрбиелей алмай жүрген адамды білдіреді. 

Қараңғы жолдан жүрген адам—тура жолдан ұзақтайды. 

Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам—тура жолға 

түседі. Жол—діннің белгісі. Жолдың жағдайына қарай 

дінін де білуге болады.

776.  Жолаушы қасқыр көрсе—сапары сәтті болады. 

777.  Жолбарыс—залым немесе дұшпан бір кісінің белгісі. 

Түсінде жолбарысты өлтіргенін көру—дұшпанын же-

ңетіндігін, оның шарасыз қалатындығын білдіреді. 

Жолбарыс етін жегенін көру—молшылық, берекеге тап 

болады. Жолбарысқа мінгендігін көру—қызметінің, 

абыройының өсетіндігін білдіреді. Жолбарыстың тіс-

тегенін көру—тістеген жерінің мөлшеріндей жаман-

шылықтың келетіндігін білдіреді. Жолбарыс—қу, 

айлакер адамның белгісі. Түсінде жолбарыс көрген 

кісі—күнәлардан тәубе етеді.

778.  Жолмен келе жатсаң—сырқат, жайсыз хабар.

779.  Жолмен түзу жүріп бара жатса—хақ жолда екендігі. 

780.  Жомарттық: сараң адамның түсінде жомарт бо-

луы—көркем мінезді, адасып тура жол табатынын 

білдіреді.

781.  Жөндеу: түсінде қандайда бір нәрсені жөндегенін 

көру—қарыз болса, өтеуді, аурудың жазылатынын, 

жүкті әйел болса, балалы болатынын білдіреді. 

782.  Жуылған кірді сатып алса—аурудың нышаны.

783.  Жуыну: түсінде өзен-көлде, таза суда жуыну—

қиыншылықтан құтылудың белгісі. Түсінде тек қана 


106

107


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

басын жуу—зорлық істеген адамдардан құтылу. Қол 

жуу—қуаныштың, денесін жуу—құрметке бөленудің 

белгісі. 

784.  Жұлдыз—адамдар арасындағы құрметті адам. Қолында 

жұлдыз көру—ақылды бала. Үйінде көптеген жұлдыз 

көрген адамның ұрпағы көбейеді. Жап-жарық жұлдыз 

көрген адам қуанышқа бөленеді. Жұлдызды жеу—

адамдардың мүлкіне қол сұғу. Жұлдыздардың аспанда 

ағып жүргенін көрген адам бай болса, малынан айрыла-

ды, кедей болса, өледі. 

785.  Жұлдыздың сөнгенін көрсең—жақыныңнан айыры-

луың мүмкін.

786.  Жұлынған шаш—досыңның немесе жақыныңның өлуі 

мүмкін.

787.  Жұма: жұма намазын оқыған адамның арманы орын-



далады. Түсте жұма намазын көрсе—қайғы-мұңнан 

айрылып, қуанышқа кенеледі. Түсінде жұма намазын 

оқыса—ақыретті көп ойлайтыныңызды және Алла 

тағала құлшылықтарыңызды қабыл ететінін білдіреді. 

Бейуақыт намаз оқығанын көрсе—иманын жаңалау 

керектігіне жорылады. 

788.  Жұмақ: жұмақты көріп, бірақ ол жерге кірмеген 

адамның түсі—ол адам үшін жақсылықты білдіреді. 

Жұмаққа кіргісі келген адамды кіргізбесе—оның 

қалауы болмайды. Жұмақтың есіктерінің барлығы 

жабық болса—ата-анасына қарсы екендігін білдіреді, 

ал қалаған есігіне кірсе—ата-анасы одан разы бол-

ғанын білдіреді. Өзінің жұмаққа кіргенін көрген адам 

екі дүниеде де сенімділік пен қуанышқа бөленеді. 

Жұмақтың жемісін жесе—жеген жемісіндей рызыққа 

ие болады. Жұмақтан су, шарап, сүт ішсе—білім мен 

байлыққа жетеді. Жұмақтың жемісінен алып, біреуге 

бергенін көрсе—ол адам амал етпеген білімін біреуге 

үйрететінін білдіреді. Ауру адам жұмаққа кірсе—

ауруынан жазылады. Жұмақтан қуылса—кедейлікке 

ұшырайды. 

789.  Жұмыртқа көрсең—табыс, мейман келеді.



108

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

790.  Жұмыс істеу: егер түсінде қайырлы бір іс істейін деп 

жүргенін көрсе—мұратына жетеді. Біреуге жұмыс 

істетіп, оған бас-көз болып қасында жүрсе—оңды іс 

істейді. Түсінде бір бөлмеде отырып, сурет салып неме-

се жазу жазып отырса—өмірі ұзақ болады және ешқан-

дай қиыншылық көрмейді. Бақшада, егіндікте немесе 

фабрикада жұмыс істеп жүрсе—денінің саулығын, бай-

лық пен молшылықты білдіреді. 

791.  Жұмыстан босау—қалаған ісіне жетудің белгісі. 

Кімде-кім түсінде жұмыстан шығарылып, орнына 

қария адамның орналасқанын көрсе—ол адамның ісі 

оңды болады. Өзінің орнына жас жігіттің тағайын-

далғанын көрсе—ондай жағдайда ісінің оңды жүре-

тінін білдіреді. 

792.  Жүгері жесең—ақша келеді. 

793.  Жүгері жинасаң—малың көбейіп, бақ дәулетті бола-

сың. 

794.  Жүгірген ит көрсең—жаңа орын іздейсің.



795.  Жүгіру: түсінде жүгіргенін көру—жамандықтың бел-

гі сі. Жүгіріп келе жатып құласа—бастаған ісі бітпей, 

қиындықтарға кездеседі. 

796.  Жүдеу бас көрмек—қайғы болады. 

797.  Жүзу: түсінде теңізде жүзіп жүргенін көрген адам 

ғалым болса, мұрат-мақсатына жетеді. Теңізде жүзіп, 

кейіннен жағаға шықса—егер ол білім іздеген адам бол-

са, бәріне қол сілтейді. Теңіздің терең жеріне барып, сол 

жерде рахаттанып жүзіп жүрсе—үлкен іске орналаса-

ды. Кімде-кім суда жүзіп жүрсе—дұшпанын жеңеді. 

798.  Жүзім жемісі һәм бақшалар көрмек—қатын болады. 

799.  Жүзім жеу—қуаныш, ұтыс. 

800.  Жүзім көрсең—үлкен табыс.

801.  Жүзінің ақ көрінбегі—имандылығы, қызылдығы—

дәулетті болатыны, қызыл мен ақтығы—құрметті бо-

латыны. 


802.  Жүзінің сарылығы—сырқаттылық. 

803.  Жүзінің тозаңменен қара көрінуі—өлім депті. 

804.  Жүзіп жүрген балықты көру—өңінде перзент сүйеді. 


108

109


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

805.  Жүкті болу: түсінде өзінің жүкті болғанын көрген әйел 

жұмыстарының орынды жүретінін және абыройының 

артатынын білдіреді. Жүктілік—түс көрушінің дүние-

лік нәрсесінің артатынын білдіреді. Жесір әйел мен жас 

қыз жүкті болса—тұрмысқа шығады. 

806.  Жүн киім кимек—көп мал болар, мамық шапан ки-

мек—дүние ахырет хайырын жияр. 

807.  Жүн шұлық—сырқат.

808.  Жүніс пайғамбарды көрсе—бір істе асығып, тұтқын-

дық тарлыққа түсіп, соң құтылар да, ажал күніне шейін 

жақсы тіршілікпен өтер. 

809.  Жүрек айну: түсіңізде жүрегіңіз айныса—күшіңіздің 

әлсіз болғаны және сізден күшті адам сізге тиісіп, 

соның салдарынан абыржисыз. Сондай-ақ мұндай түс 

денсаулығыңыздың жоқтығын білдіреді. 

810.  Жүрек—қазына болады, жоруы да һәм солай болады. 

811.  Жүрегіңіздің қатты соғып жатқанын, өзіңізге дем жет-

пей жатқанын сезінсеңіз—қызметіңізде күрделі мәселе 

болады.  Кейбір  жасаған  қателіктеріңізді  уа қы ты сын да 

жолға қоймасаңыз, ол үлкен шығынға әкеледі. 

812.  Жүсіп пайғамбарды көрсе—өтірікші, залымдардан за-

лал көрер, һәм тұтқынға түсіп, ауыр халдер көріп, соң 

үлкен ұлық болар, мақсатына жетер. 

813.  Жылан көрсең, ауырып қалуың, досыңның опасыз ды-

ғына кезігуің мүмкін.

814.  Жылан көрсең—жақында қуанышқа кенелесің. 

815.  Жылан қуып жүрсе—зымиян қатындардан сақтану ке-

рек. 

816.  Жылау—қуану. 



817.  Жылдам ағыс көрсең—қуаныш.

818.  Жылқы мініп жүрсең—қуаныш.

819.  Жылқы сатып алып жүрсең—жаңа хабар аласың.

820.  Жылы су ішсең—ауырасың.

821.  Жібек кию—еркекке арамнан жиналатын мал, дінінде 

кемшілік. 

822.  Зәмзәм суы: кімде-кім түсінде зәмзәм суын ішсе—дерті 

мен ауруынан айығады. Сондай-ақ мал-мүлік пен білім 

деп те жорылады. 


110

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

823.  Зейтүн майын көрмек—хайырлы берекет болмақ. 

824.  Зікір: түсінде Алла тағаланы зікір еткен адамдарды 

көру—дұғаның қабыл болатынын, мәртебесінің көте-

рілетінін білдіреді. 

825.  Иек көру, үру—тамыр иесі болар, яғни нәсіл иесі. 

826.  Имамдарды көрмек—хайыр, шарафатдүр. 

827.  Ине көрсең—дұшпан қоршауында қалғаның.

828.  Ит көрсең—адал досыңа байланысты сәттілік.

829.  Ит қабатын болса—жалаға ұшырайды. 

830.  Калима шаһадат: түсінде калима шаһадат айту—тура 

жолдың, молшылықтың белгісі. 

831.  Кәуап—жақсылық. Кәуап сатып алу—мол табыс. 

832.  Кәмпит көрсең—мейман келер.

833.  Кебін: түсінде кебін көру—ақырет амалдарын біл ді-

ре ді. Кейбір кезде сыр сақтауын, бойдақ кісінің теңі 

бол ма ған әйелге үйленетіндігін білдіреді. Кебін киген-

дігін көру—біреудің зиянқорлыққа шақыратынды  ғын, 

бірақ ол істі істемейтіндігін білдіреді. Түсінде өлік-

тің кебіні қысқа болса—түс көрушіге тәубе ету керек 

екендігін білдіреді. Түсінде ашық қабірдің ішінде кебін 

киіп жатқандығын көру—кем-кетіктерге, әлсіздерге 

жәрдем етуді білдіреді. Кебінін шешіп тастап, көшеде 

жүргендігін көру—мол табысты білдіреді. Үстінде кебін 

кигендігін көру—өлімді білдіреді. Жағраф Садықтың 

көзқарасы бойынша, кебін төрт нәрсені білдіреді: дүние 

нығметін, жолаушылықты, өлім мен ауруды. Түсінде 

танитын кісіге кебін тіккендігін көру—молшылықтың 

белгісі. Түсінде бірнеше кебін жинағандығын көру—

абыройының өсетіндігін, ал кебін таратып жүргендігін 

көру—жақсылықтың белгісі. 

834.  Кедей: түсінде кедей адамдарды көру—жағдайға бай-

ланысты кейде молшылықты, кейде кедейлікке түсуді 

білдіреді. Түсінде тіленіп жүргенін және бір нәрсе 

алғанын көрген адам—қиыншылықсыз мал-мүлікке 

ие болады. Үсті-басы алба-жұлба кедей адамды көру—

кері кетуді білдіреді. Кейбір түс жорушылар мұны 

басшылыққа шығу деп жориды. Кедей адамға бір нәрсе 


110

111


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

беру—бәле-жаладан құтылуды білдіреді. Кедей адам-

нан бір нәрсе алу—күтпеген жерден біреуден жәрдем 

алатынын білдіреді. Кедейдің жылап жүргенін көру—

қайырлы хабарды; мұңды жүзін көру—істерінің кері 

кететінін білдіреді. 

835.  Кездеме: түсінде кездемені көру—дүниелік істерді 

білдіреді. Түрлі-түсті материалдардан тігілген көй-

лек кигенін көру—қиыншылықтың белгісі. Тү сінде 

көрген кездеме түстеріне байланысты да түр лі жо-

рамалдар айтылған, ақ түсті—қуанышқа, сүйіс-

пеншілікке, көк түсті—сүйіншіге, жасыл түс ті—ту-

ра жолда екендігіне, қызыл түсті—мұң-қайғыға, 

қара түсті—өлімге, сары түсті—ауруға жорыған. 

Тү сінде кездемені жыртқанын көру—әйелімен ажы-

расатынын білдіреді. Түсінде кезде мені жинағанын 

көру—ұзын сапарды білдіреді.

836.  Кездесу: түсінде бір жолдасымен кездесуге кеткенін 

көру—бір жұмыс үшін мемлекет мекемесіне бараты-

нын, егер кездескен болса—жұмысының оңалатынын, 

кездеспесе—болмайтынын білдіреді.

837.  Кек алу: түсінде тіс қайрап жүрген адамынан кек 

алғанын көру—жақсы көретін адамының өлетінін 

білдіреді. 

838.  Кекеш: түсінде кекештенгенін көру—жоқшылықтың 

белгісі немесе бастық болып дұшпандарын жеңетін ді-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет