Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

айналдырғанын көру—ешкімнің жәрдемінсіз қалып

өз ісін өзі шешетінін білдіреді. Диірменнің су не-

месе жануар, яки басқа бір нәрсенің күшімен айна-

лып жатқанын көру—қайыр мен берекеттің ке луін, 

рызықтың молшылығын, оңайшылықты білдіреді. 

Қол диірменмен ұн шығарып жатқанын көру—үлкен 

қайырға жетіп, өз қолымен тапқан табысын кедей-

лерге таратады. Диірмен тасының ұрланғанын немесе 

сынып бөлшектенгенін көру—түс көрушінің немесе 

диірмен иесінің мол дүниелік болатынын білдіреді. 

Жел диірмені соғыс және өлім деп жорылады. Жел 

диірменнің желкендері боялған әрі әдемі болса—тұр-

мысының ойдағыдай жүретінін, мақсатының орын-

далатынын білдіреді. Қанаты жоқ жел диірменін 

көру—үйленудің белгісі. Диірменнің бидайдың орны-

на адамдарды үгіткенін көру—бүлік пен ұрыс-керіс. 

Біраз адамның өлімін, желінбейтін нәрсені үгіткенін 

көру—рызықтың молдығын, арзандығын, науқастың 

шипасын табатынын білдіреді. 

346.  Диірменші: түсінде диірменші көру—сол жердегі 

бидайдай нәпсілік және дүниелік істерден тазаруды 



76

77

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



қа 

лайтын адамның белгісі. Түсінде жас диірменші 

көрген адамның рызығы дұшпанының жәрдемімен 

қолына түсіреді. Түсінде ұн тартатын адамды көру—

шипаның, білім үйреніп, үйретудің белгісі. Егер 

қауіп ті іс басына келсе, құтылады. Кімде-кім түсінде 

кәрі диірменші көрсе—дүниелік нәрсеге қатты көңіл 

бөліп кеткенін білдіреді. Өзіне жетерліктей дәрежеде 

та бысы  болады. 

347.  Дойбы: дойбыдан ұтылғаныңызды көру—табыстың 

азаятынын; жеңгеніңізді көру—артатынын білдіреді. 

Түсінде дойбы ойнау—уақытын бос өткізіп жүргенін, 

қиялдауды, саудада зиян көруді меңзейді.

348.  Доңыз—дұшпандарымен айтысып, тартысады. 

349.  Доп: түсінде доп көру—дұшпандық, әзіл-оспақ, дүние-

мүліктің белгісі. Кейде жолаушы болудың немесе бір 

жерден басқа жерге көшудің белгісі. Доппен ойнау—

дұшпандық пен әзіл-оспақтың белгісін білдіреді.

350.  Достық—сый-құрмет.

351.  Досың өлейін деп жатса—жақсылық келеді. 

352.  Досыңмен кездесу—күтпеген жақсы жаңалық. 

353.  Дөңгелек: түсінде дөңгелек көру—жұмысыңызда 

орынды жүретінін білдіреді.

354.  Дуал: кімде-кім дуалдың үстінде жүргенін немесе 

дуалға мініп алғанын көрсе—ол дуал оның жағдайын 

білдіреді. Дуал әлсіз болса—халінің нашар екендігі-

нің белгісі. Дуалдың айналасындағы әшекейлер—ол 

адамның ұрпағын білдіреді. Үстіне дуал немесе басқа 

бір нәрсе түскенін көрген адам—көп күнә іс істейді. 

Бір дуалға жабысып тұрғанын көру—беделінен ай-

рылатынын білдіреді. Дуалға қарап одан өзінің түрін 

көрген адам—өліп, есімі қабірінің басына жазылады. 

Қолы на алтын білезік тағып, дуалдың үстінде отырға-

нын көрсе—жоғары мәртебеге шығады. Кірпіштен үй 

салғанын көрген адам—игі іс істейді.

355.  Дуалау: түсінде сиқырлап жатқанын көру—наданның 

кесірі тиетінін және екі жүзді адамға жорылады. Түсте 

дуа көру—сәтсіз сапарға жорылады. Өзінің дуашы 

екенін және басқа адамдарды дуалап жатқанын көр се—


78

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

адамдарға кесірі тиетініне жорылады. Сиқыр—діні-

мізде жағымсыз қылық болғандықтан, жақсылыққа 

жо рылмайды. Ибн-Кесир былай деді: «Сиқыр көру—

жақсы емес. Түсінде дуалату үшін біреуге беру—

істерінің кері кететінін білдіреді».

356.  Дулыға—әйелді, дүние-мүлікті, жолаушылықты, жұ-

мыссыз жүрген кісінің жұмыс табатындығын білдіре-

ді. Түсінде қымбат дулыға көру—бай әрі әдемі әйелді 

білдіреді.

357.  Дұға: түсінде дұға қылу—ояу кездегі құлшылық не-

месе түс көрушінің намазын білдіреді. Түсінде дұға 

қылудан тартынғанын көрсе—үмітсіздікке түседі. 

Өйткені үмітсіздік—дұға қылмай қашқақтаудың бел-

гісі. Қараңғы жерде дұға қылғанын көрген адам—

қиыншылықтан құтылады. Түсінде дұға қылу—тура 

жолға түсіп, рызыққа кенелуді білдіреді.

358.  Дұшпаныңды сүйіп жүрсең—ымыраға келесің. 

359.  Дүйсенбіде жұмысқа нық басып кетіп бара жатсаңыз—

сәтті іс басталмақ. 

360.  Егер автокөліктен қашып жүрсеңіз—сіздің жолыңыз-

да көре алмаушылық бар екенін хабарлайды. 

361.  Егер арық қатын көрінсе—аштық болар. 

362.  Егер арық сиыр көрсе—аштық жыл болар. 

363.  Егер аспанға шықса—көп жақсы болады, аспаннан 

жығылса—жаман.

364.  Егер астролог сізге жұлдыз жорамал айтып жатса—

өміріңізде үлкен өзгеріс орын алып, ұзақ сапарға шы-

ғасыз. Сондай-ақ жаңа таныстар пайда болады. 

365.  Егер аузын бұзылған, яки байланмалы көрсе—ол ка-

фірлік. 


366.  Егер ащы жемісті ағаштан пайдаланса—ашулы кісі ден 

мал тиер. 

367.  Егер әдетінде сақал-мұртын, шашын алдыртып жүре-

тін болса—ол кісіге ізгілік болар. 

368.  Егер әйел телефонмен сөйлессе—сіздің күндесіңіздің 

пайда болғанын хабарлайды. 

369.  Егер әшекей бұйымды жоғалтып алса—ауыр уақыт-

тарды басынан өткереді. 



78

79

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



370.  Егер балапан көрсең—пайдалы бір ісің туралы уайым-

дап жүрсің. 

371.  Егер балиғ болған ұл баланы табар көрсе—құрметті 

болмақ. 


372.  Егер банкке ақша өткізіп жатсаңыз—жасап жатқан 

тірлігіңіздің пайдасы далаға кетпек. 

373.  Егер банктен алтын алып жатса—үлкен кіріс кіреді. 

374.  Егер барлық тістері түсіп қолына, етегіне жиылса—

өмірі ұзақ болады. 

375.  Егер бармақтарын қысқа, кем көрсе—намазы кем болар. 

376.  Егер басын арыстан басы секілді, яки бөрі басы секілді 

көрсе—жақсы, көп пайда, ұлықтық табар. 

377.  Егер басын ашық көрсе—ері қайтпас, егер ері болмаса, 

тіпті ер көрмес, құрғақ жүрер. 

378.  Егер басында шаштарын кетірсе—күнәһларына кифа-

рат болар. 

379.  Егер бит көп, тәнінен шығып жатса—ол кісінің өмірі 

қысқа болар. 

380.  Егер бойжеткен сабынмен жуынып жатса—бүкіл 

ғұмыры жетістікке толы болмақ. 

381.  Егер бойжеткен түсінде тотықұс асырап алса—оның 

сүйген адамы оған мін тағады. 

382.  Егер бұлбұл үнсіз болса—достар арасындағы біршама 

түсінбеушіліктен хабар бергені. 

383.  Егер бір белгісіз түйеге мінер көрсе—сапар қылар. 

384.  Егер бір жас әдемі қатын сыйласа—халал қатының бо-

лар. 

385.  Егер бір кісі өзін сәби көріп, мектепте Құран үйренер 



көрсе, я әдеп үйренер көрсе—күнәдан тәуба қылар. 

Егер бай, ғалым болса, оның халы надандыққа түсер, 

яки малы кетер. 

386.  Егер бір кісі түсінде өзін сүт емер көрсе—тарлықтан 

құтылар. 

387.  Егер бір кісіні қара жүзді көрсе—ол кісінің дінсіздігі. 

388.  Егер бір кісінің үйінде сіңбіру көрсе—ол үйден қыз 

алар, егер қызы болмаса, сол үйдің қатынымен ойнас 

қылу хауфы бар. 


80

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

389.  Егер бір қатын түс көрсе, бірақ ол қатын ол түске 

лайықсыз болса—күйеуінің пайдасына жорылар. Се-

бебі қатын еркектің сол қабырғасынан жаратылды. 

390.  Егер бір надан кісіні Құраннан қарап оқыр көрсе—

хикматты, ғиззатты болмақ. 

391.  Егер бір нәрсені алғанын көрсе—ниғматтар, олжалар 

табар, алған нәрселерінің мөлшерінде шадлық табар. 

392.  Егер бір өкімет адамының есігінің жанында азан 

оқылса—ол кісіні куәлікке ұстар. 

393.  Егер бір өнер иесі түс көрсе—өзінің өнерінің мөлшерін-

де жорылар. 

394.  Егер бір сауыттан су ішсе, шыныаяққа нан турап же-

се—өмірі өткен болар. 

395.  Егер ол Адамды өз суретінен сынық жүзді қайғылы 

көрсе—бір орыннан көшіп кетер, ниғматына кемшілік 

келер, қорлыққа түсер, мұнан кейін шадлық көрер, 

тәуба міндет болар. 

396.  Егер бір тірі битті тұтып лақтырып тастаса—ұстаған 

жолына қарсы бір іс қылғаны. 

397.  Егер біреу азан оқыса—адамдарды дінге үгіт етер һәм 

қажыға бару нәсіп болар. 

398.  Егер біреу азан шақырып, тәкбир айтып, намаз оқыса—

фарыз қажы қылар, һәм нәфіл қажы қылар. 

399.  Егер біреу өзінің есегін ет жеу үшін сойса—кәсібінде 

шатасумен мал табар. 

400.  Егер біреу түлкімен әуреленсе—ол кісіге ауырлық бо-

лады. 

401.  Егер бірнеше түйелер бір жерге кіргенін көрсе—ол жер-



ге дұшман кірер, көп уақыт сынық көңіл болар. 

402.  Егер Ғәбдүсәлам есімді кісіні көрсе—саламаттықпен 

жорылар. 

403.  Егер Даниял әлайһиссәламды көрсе—түс жору ғы лы-

мында ғалым болар. 

404.  Егер Дәуіт пайғамбарды көрсе—қуатты салтанат та-

бар. 

405.  Егер де біреудің үйінің төбесіне шығып азан шақыр са—



ол үйдің жамағаты өлер. 

80

81

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



406.  Егер де кісіні түсінде келеге түсіп жараған бура 

қуалайтын болса—онда ол Құдай атына құрбандығын 

беруі керек. Өйткені оның түсінде көргені—Әзірейіл-

дің өзі. 

407.  Егер де қатын ерінің сіңбіргенін көрсе—бір ер бала та-

бар. 


408.  Егер де оған бір нәрсе берер көрсе, қанша алса—сол ша-

мада ізгілік көрер. 

409.  Егер де ол қатын жиіркенішті жаман көрінсе—не діні, 

не дүниесі болмас. 

410.  Егер де өзін түсінде шашты көрсе—оған жақсылық бо-

лар. 


411.  Егер екі жұмыртқасын кесік көрсе—қызы балалардан 

кесіледі, яки қыздары өліп, марқұм болады. 

412.  Егер екі кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі 

түсетін болса, онда бұл—жақсы. Өйткені халық түстегі 

атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген 

кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде 

мінген атынан құлап қалса—онда ол жақсы емес, алда 

қауіп-қатер бар болғаны.

413.  Егер еркек қарбызды жесе—уайымға батады.

414.  Егер еркектер мен қатындарға имамдық қылса—бір 

шаһарға ұлық болмақ, егер қази болуға лайықсыз 

болса—бір ізгі іске кездеспек. 

415.  Егер ері шашын тартар көрсе—яки киімі ескі көрсе—

ол қатын ол ерінің қысымында болғаны. 

416.  Егер жағынан көтерілер көрсе, жақын қарындасынан 

айрылу. 


417.  Егер жас әйел түсінде өгіз көрсе—тағдырын жақ сар-

татаны ұсыныс болады. 

418.  Егер жексенбі туралы айтып жатқан болса—күрделі 

мәселелеріңізді шешуге өз жолдасыңыз көмектеседі. 

419.  Егер жоғарғы тісі түсіп қолына алса—ол кісіге мал 

түсер. Ал егер алдына түссе—бір ер баланы Құдай бе-

рер. Егер жерге түссе—өлім қайғысы болар. 

420.  Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі кө-

ретін болса—онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер 

6-0185


82

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

қасқыр көретін болса—онда өңінде оның сапары сәтті 

болады. 


421.  Егер жұлдыз көрсе—бұл һәм жақсы, мәртебелік болар 

балалары дер.

422.  Егер жұлдыздар сіздің өміріңіз туралы сыр шертсе—

таңғажайып жетістік пен қуаныш болғалы тұрғанын 

білдіреді. 

423.  Егер жұмыс өгізін көрсе, оны сойып, етін бөліп алар 

болса—басшы ұлығы өледі. 

424.  Егер Зәкария пайғамбарды көрсе—қартайған кезінде 

бір жақсы, тақуа ұл бала көрер. 

425.  Егер иттің басы, аттың басы, есек басы, осы секілді 

жануарлардың басын көрсе—біреуге кірісіп, еңбегінің 

бейнетін көрер. 

426.  Егер кағба үстінде намаз оқып көрсе—дінсіздігі болар.

427.  Егер кағбатуллада азан оқыр көрсе—ол кісі ізгілікте 

болар. 

428.  Егер керуенде азан оқылса—ол кісінің малы жоғалар. 



429.  Егер көбелектер сізді айнала ұшып жүрсе—өте алыстағы 

досыңыздан немесе танысыңыздан хат аласыз. 

430.  Егер көршінің үйінің төбесінде азан айтар көрсе—ол 

көршінің қатынынан қауіплі болар. 

431.  Егер күйеуі басқа біреуге ғашық болып қалса—бір-

қалыпты жанұялық өмірден шаршағандықтан басқа 

жақтан қызық іздеп жүргенінің белгісі. 

432.  Егер күйеуі шаршаңқы болса—жақын адамдардың бірі 

ауруға шалдыққан. 

433.  Егер кісі қыста түсінде көк майса жер көрсе—Құдай-

дың рахметін көргені. Егер кісі түсінде жазда қар көр-

се—Құдайдың азабын көргені.

434.  Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін 

болса—онда бұл жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде 

жаман киімде көретін болса—онда бұл жақсы емес. 

435.  Егер кісі түсінде (азды-көпті) ешкі көрген болса—онда 

бұл жақсы емес. 

436.  Егер кісі түсінде (азды-көпті) қой көрген болса—онда 

ол барша тілектеріне жетеді. 


82

83

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



437.  Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса—онда ол 

өңінде байлыққа кезігеді. 

438.  Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның ашулы 

қалпында көрсе—онда ол өңінде әлденеге қапа болады. 

439.  Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның жайда-

ры қалпында көрсе—онда ол өңінде ұлық дәрежеге 

жетеді. 

440.  Егер кісі түсінде азан айтып намаз оқыса, немесе Құран 

оқыса—онда өңінде оның дәрежесі өседі. 

441.  Егер кісі түсінде ай көрсе—патшаның қатыны қыз та-

бады, егер кісі түсінде күн көрсе—патшаның ісі рауан 

табады.


442.  Егер кісі түсінде ақ қоян көрсе—қыс қатты келер, егер 

кісі түсінде қара қоян көрсе—қыс жақсы келер.

443.  Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе—онда ол бұ дүниеде 

де, ол дүниеде де сый-құрметке бөленеді. 

444.  Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе—онда ол өте 

жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады. 

445.  Егер кісі түсінде алма жесе—онда ол өңінде тілегіне 

жетеді. 


446.  Егер кісі түсінде алтын көретін болса—онда оған өңінде 

үлкен әкімдер шапағатын тигізеді. 

447.  Егер кісі түсінде анар жесе—онда ол өңінде байиды. 

448.  Егер кісі түсінде ас ішсе—онда ол өңінде мол дәулетке 

ие болады. 

449.  Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе—онда өңінде әкім 

болады. 

450.  Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар шапса—болыс бола-

ды.

451.  Егер кісі түсінде аюды көрсе—онда ол өңінде көлденең 



олжаға кезігеді. 

452.  Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса—онда өңінде 

оның дәулеті артады. 

453.  Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса—онда ол өңінде 

дұшпанын мұқатады. 

454.  Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе—онда ол 

өңінде бақытқа бөленеді. 


84

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

455.  Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе—онда 

өңінде оның дәулеті артады. 

456.  Егер кісі түсінде басына құс қонса—һәм бір амалға 

тұрады.


457.  Егер кісі түсінде басына тәж кисе—онда ол өңінде 

байлыққа ие болады. 

458.  Егер кісі түсінде бидай көрсе—онда ол өңінде байиды. 

459.  Егер кісі түсінде биікке шығар болса—онда ол өңінде 

үлкен дәрежеге жетеді. Егер ол биіктен құлар болса—

онда ол өңінде қапалы болады. 

460.  Егер кісі түсінде биіктен құласа—онда ол өңінде та-

бысқа кезігеді. 

461.  Егер кісі түсінде боққа бататын болса—онда ол өңінде 

байлыққа кенеледі. 

462.  Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын 

көрсе—онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді. 

463.  Егер кісі түсінде біреуді ұрса—дұшпанын мұқатады.

464.  Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе—онда өңінде 

оның ішіп-жем қоры мол болады. 

465.  Егер кісі түсінде доңыз көрсе—онда ол өңінде дұш-

пандарымен айтысып, тартысады. 

466.  Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе—онда ол өңінде 

өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

467.  Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе—мұратына же-

тер.

468.  Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе—онда бұл өте 



жақсы. 

469.  Егер кісі түсінде есекке теріс қарап мініп жүрсе—онда 

ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады. 

470.  Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе—онда оның 

мал-мүлкіне зиян келеді. 

471.  Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе—онда ол 

өңінде табысқа кезігеді. 

472.  Егер кісі түсінде жүзім жесе—онда өмірде оның бағы 

жанады. 

473.  Егер кісі түсінде ит көрсе—онда ол өңінде кішігірім 

уайымға түседі. 


84

85

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



474.  Егер кісі түсінде кезқұйрықты көрсе—онда ол өңінде 

қадірсіз болады. 

475.  Егер кісі түсінде көгершін көрсе—онда өңінде оның ісі 

оңғарылады. 

476.  Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса—онда оның 

өңінде барша тілектері қабыл болып мұратына жетеді. 

477.  Егер кісі түсінде көкекті көрсе—онда өңінде оның жоғы 

түгенделеді, табысы артады. 

478.  Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе—онда ол өңінде 

қапа болады. 

479.  Егер кісі түсінде күміс ақша санаса—бай болады.

480.  Егер кісі түсінде күрек тісі сынса—қатыны өледі, азуы 

сынса—баласы өледі, ең түбіндегі азуы сынса—өзіне 

шікәс жетеді.

481.  Егер кісі түсінде қазды көрсе—онда өңінде оның азық-

түлік қоры көбейеді. 

482.  Егер кісі түсінде қайыңды көрсе—онда ол өңінде та-

бысты болады. 

483.  Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе—онда ол өңінде 

қайғыға ұшырайды. 

484.  Егер кісі түсінде қарағайды көрсе—онда ол өңінде 

сүйіктісімен табысады. 

485.  Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе—онда ол өңінде 

байлыққа ие болады. 

486.  Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе—онда ол өңінде 

қуанышқа бөленеді. 

487.  Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе—онда өңінде оның 

байлығы тасиды. 

488.  Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәмзәм суын ішсе— 

онда ол өңінде барлық күнәсынан тазарады. 

489.  Егер кісі түсінде қасқыр көрсе—онда ол өңінде дұшпа-

нын көбейтеді. 

490.  Егер кісі түсінде қауын және қарбыз жесе—онда өңінде 

оның досы байиды. 

491.  Егер кісі түсінде қой көретін болса—онда ол өңінде бас-

шы қызметке тұрады. 

492.  Егер кісі түсінде қоңды жарамды атқа мініп жүрсе—

онда оның байлығы артады. 



86

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

493.  Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) 

мініп жүрсе—онда оның билігі өңінде барлық халықа 

жүреді. 

494.  Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе—онда ол 

мұратына жетеді. 

495.  Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем, сиыр малына мініп 

жүрсе—онда бұл жақсылық емес.

496.  Егер кісі түсінде қоян көрсе—онда ол өңінде барлық 

тілектеріне жетеді. 

497.  Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су 

ішсе—онда ол өңінде әкім болады. 

498.  Егер кісі түсінде құмай құсты көрсе—онда ол өңінде 

тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады. 

499.  Егер кісі түсінде құрма жесе—онда ол өмірде ұзақ жа-

сайды. 

500.  Егер кісі түсінде құс ұстаса—қатын алады.



501.  Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе—онда ол өңінде 

бақытты болады. 

502.  Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе—онда ол өңінде 

ел билеген бастық болады. 

503.  Егер кісі түсінде қынаны көрсе—онда ол өңінде тілегіне 

жетеді. 


504.  Егер кісі түсінде қыранды көрсе—онда ол өңінде дәре-

жеге ие болады. 

505.  Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе—онда өңінде оның 

барлық ісі ойдағыдай орындалады. 

506.  Егер кісі түсінде қырғиды көрсе—онда ол өңінде бақыт-

ты да дәулетті болады. 

507.  Егер кісі түсінде мәст түйе құласа—садақа қылсын, 

шірәке хазірет Әзірейілді көріпті.

508.  Егер кісі түсінде Меккеге барса—онда ол өңінде барлық 

тілегіне жетеді. 

509.  Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне 

мінәжат етсе—онда өңінде оның дәрежесі өседі. 

510.  Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның ашулы қал-

пында көрсе—онда ол өңінде үлкен бәлеге ұшырауы не-

месе қаза болуы мүмкін. 


86

87

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



511.  Егер кісі түсінде оң жақ азу тісінің түсіп қалғанын 

көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып 

келетін біреу қайтыс болады. 

512.  Егер кісі түсінде отын көтерсе—көп дүниядар болар.

513.  Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе—онда ол өңінде патша 

болады. 


514.  Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін 

болса—онда оның ісіне қарай, өңінде бірде жақсылық-

қа, бірде жамандыққа кезігуі мүмкін. 

515.  Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып, кө-

ңіл көтеріп жүрсе—онда өңінде жұмақтағыдай күй 

кешеді. 


516.  Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе—онда 

ол өңінде жақсы табысқа жетеді. 

517.  Егер кісі түсінде өлген адамдардың қолынан бірдеңе 

алса—онда ол өңінде пайда, табыс табады. 

518.  Егер кісі түсінде өлген адамды жақсы киіммен көрсе—

жақсы болғаны, иман киіммен көрсе—иман болады.

519.  Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе—онда ол 

өңінде барлық тілегіне жетеді. 

520.  Егер кісі түсінде пәлен жерге шықса—мәртебесі бәланд 

болар, егер кісі түсінде бәлендерден жығылса—көп 

қапа болар.

521.  Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жол-

барысқа, барысқа, не мүйізтұмсыққа мінсе—онда ол 

өңінде барлық жауларын тізе бүктіреді. 

522.  Егер кісі түсінде піскен ет жесе—онда ол өңінде ішіп-

жемінің көбейгенін көреді. 

523.  Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе—онда өңінде 

оның басына бақыт, байлық, дәулет орнайды. 

524.  Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе—онда ол, өз ісіне 

қа рай, өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда бола-

ды. 

525.  Егер кісі түсінде сасықкөкекті (бәбісек) көрсе—онда ол 



өңінде тілеген тілегіне жетеді. 

526.  Егер кісі түсінде семіз сиыр көрсе—арзаншылыққа 

тағаллұқ, егер кісі түсінде арық сиыр көрсе—қымбат-

шылыққа тағаллұқ.



88

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

527.  Егер кісі түсінде сол жақ азу тісінің түсіп қалғанын 

көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып 

келетін біреу қайтыс болады. 

528.  Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе—онда ол 

өңінде әкім болады. 

529.  Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса—онда ол өңін-

де ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға 

тү се тін болса—онда ол өңінде қайғылы күйге душар бо-

лады. 

530.  Егер кісі түсінде тазқараны көрсе—онда ол өңінде дұш-



пандарын тізе бүктіреді. 

531.  Егер кісі түсінде тары көрсе—онда ол өңінде тілеген 

тілегіне жетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет