Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата31.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#829
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

18. ҚУ ТҮЛКІ 

(ІІ нұсқа)

Болыпты бір қу түлкі жұртты құртқан,

Жейді екен тышқан аулап ескі жұрттан. 

Бір жылы тышқан жемей арықтаған,

Кеткен соң тышқан ауып мұқыл сырттан.

Түлкінің тышқан жемей мәні болмас,

Кемірсе сүйек-саяқ, қарны толмас.

Даладан жемтік түсе қалғанында,

Қасқырды іздеп барып болды жолдас.


266

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

—Тоясың,—деді қасқыр,—маған ерсең,

Азырақ малды барып шолып келсең.

Тойғанда қалжыңдайтын мінезім бар,

Ойынды өкпе қылмай шыдап жүрсең.

—Көнемін,—деді түлкі,—бұл сөзіңе,

Шыдаймын қалжыңдаған мінезіңе.

Әйтеуір, өлтірмесең ойнай-ақ қой,

Болады тамақ тапсаң күнде өзіме.

Әкелді қасқыр сүйреп бір қойды алып,

Жарады тұмсық-басын қанға малып.

Екеуі жемтік қойға тойғаннан соң,

Ойнайды арлы-берлі асыр салып.

Қасқырдың талағандай ойнағаны,

Батады тістеп, қуып қоймағаны.

«Жанымды, бүйте берсе, шығарар» деп,

Қасқырдан құтылмақты ойланады.

Ойлайды түлкі тұрып әрбір ойды:

«Бұл қасқыр өсірмеді-ау біздің бойды.

Желкемнен жегенімді сығып алып,

Құрысын жегізгені жемтік қойды».

Ентігіп түлкі шықты тауға шауып,

Жемтігін бір жылқының алды тауып.

Қасында қазған ұра, жер қақпан бар,

Қойыпты шөп-шаламмен бетін жауып.

Қуанды мұны көріп түлкі ғаріп,

Қасқырды ертіп келді хабар беріп.

Жемтігін бір жылқының көргеннен соң,

Ауызды көкжал батыр салды келіп.



266

267


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Аш қасқыр арсалаңдап жүрді сасып,

Түлкі жүр жер қақпанды айтпай қашып.

Жүргенде қомағайлық есін алып,

Ұраға түсті қасқыр қара басып.

Ұраны түлкі келіп жағалайды,

Ырсылдап мазақ қылып, абалайды.

«Мықтысың ғой, секіріп шығарсың!» деп,

Қасқырды күлкіменен табалайды.

Қасқырға түсті осындай ақырзаман,

Табасы өлімнен де болды жаман.

Байқамай ор шетінде түлкі отырса,

Құйрығы салбырайды орға таман.

Жиналып алды қасқыр мұны көріп,

Ұстады сол құйрықтан шапшып келіп.

Түлкіні ор түбіне алып түсті,

Құдайым қасқырға да кезек беріп.

—Келдің бе, бұл араға, түлкі шырақ,

Айта бер иманыңды жылдамырақ.

Өзімнен сені бұрын өлтірейін,

Кеттің ғой өлгенімді көрмей бір-ақ.

Қасқырды түлкі алдайды айналдырып,

Қуланып, ыржыңдайды жалған күліп:

—Ұрадан сені сүйреп тарту үшін,

Әкеп ем ұзынырақ тал сындырып.

Өлесің босқа сен де орда қалып,

Сенсеңіз, қайғырамын соған налып.

Ұрадан басқа шығар айла бар ма?

Мен шығып әкелейін талды барып.


268

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жаны үшін иланады сөзге қасқыр,

Деген соң: «Құтқарамын сені тақсыр!».

Ернеуге екі аяқпен тұр асылып,

Үстіңмен жорғалатып мені астыр.

Екі аяқпен созылып қасқыр тұрды,

Жорғалап төбесіне түлкі барды.

Пәрменінше ернеуге секіргенде,

Ернеуге екі аяғы тура ілінді.

Айласын асырады түлкі тағы,

Қасқырды келемеждеп кете барды.

«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына»

Дегенді түлкі бұзып сатқан арды.

Әркезде істегенің шығар алдан,

Кезігіп тауда тазы түлкіні алған.

Қақпанның иесі кеп соғып алды,

Қасқырды ажал қамап орда қалған.

Жігіттер, бұл түлкідей болма зәлім,

Әстілі көргенсізден алма тәлім.

«Құйрығы арамзаның бір-ақ тұтам»

Деген сөз осы жырдан болар мәлім.



19. ҚҰНЫҚҚАН БҮРКІТ

Қара тауды жайлапты бала бүркіт,

Арқадан әуел баста келген үркіт.

Асырапты бір саятшы ұстап алып,

Жетілгенсін, аң ілдірді тырнақ-күртік.

Қартайғансын қамқорлыққа саятшы алып,

Бос қойды аяқ бауын шешіп алып.


268

269


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Үш мезгіл тегін жеммен тояттатты,

«Аң іздеп жүрмесін,—деп,—жерді шарып».

Түледі құйрық, қанат өсті қаулап,

Аспанда ұшып жүрді еркін заулап.

Місе тұтбай саятшының қамқорлығын,

Құныққан бүркіт кетті тышқан аулап.

Сай кезіп тышқан аулап жүргенінде,

Тасқа соғып өліпті, елден аулақ.

Кім білсін наласы ма саятшының,

Жүйесіз қаңғырғансын атқан әруақ.

Сен де алпыстан асып ең біреу бақты,

Қадірлеп, құрмет етті мешеу қартты.

Місе тұтпай, ел қыдырып ақтап жүрсін,

Жасыңдағы есіңе ап өткен шақты.

Тышқан қуған бүркіттей боп жүрмегін,

Көтере алмай басыңа қонған шақты.

20. ЖЫЛҚЫДАН ТУҒАН ЕСЕК

Болыпты бір адамның көк биесі,

Мәпелеп бағып жүрген оны иесі.

Дәмеленіп жүруші ед ат туады деп,

Көптен озған келісті бар жүйесі.

Бір күні күні жетіп бие туды,

Сұрғылт құлын нашайы оң жүйесі.

Сонда да баға берді дәмеленіп,

Деместен нашарсынып бар сүлесі.

Өскен соң екі құлағы ұзын болды,

Ши пақай, мәстек қарын, құзғын болды.


270

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қысқа жал, келте құйрық, бойы қортық,

Жылқы емес, естек емес, бұзғын болды.

Сол әліне қарамай азынағыш,

Шыдатпай байлаған жіп үзгін болды.

Шапсаң желіп, жүрсең тұрып, нағыз қырсау,

Шынжырдан қамшы һәм жүрген тізгін болды. 

«Мұндай түлік біткенше, бітпегін

Жақсы» деп мал иесі безгін болды.

Көпшілік бұдан азар болғаннан соң,

Сылынды екі безі оңды-солды.



21. СЕМІРГЕН ЕСЕК

Есегім неге ақырдың,

Көрінгенге көз салып.

Жақтырмаса даусыңды,

Қалмайды ма, ел налып.

Аз күн дәулет біткенге,

Тұрғандайсын жер жарып.

Өзіңді биік санайсың,

Тұрғандай басқа ол талып.

Момынға зәбір ойлайсың,

Дәрменді сен боп, ол—қалық.

Аттан есек оза ма?

Тұрғанмен жем-шөп боп қанық.

Шапқанда мәлім артыңыз,

Батбақты жерде боп анық.

Оза алмасаң төмпеш жеп,

Басыңа таяқ боп салық.


270

271


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Қорламағын жылқыны,

Тұрса да ол бір боп арық.

Дүбірі жылқы жер жарған,

Есекте қандай сыр анық.

Түсінген мұны ажыратар,

Арада қандай бар парық.

22. ШЫПЖЫҢ ТОРҒАЙ

Кең алқап, орай шалғын еді тоғай,

Мекендеп жүрді ақ құйрық шыпжың торғай.

Қымыңдап іннен інге секеңдейді,

«Сол жерге басшымын» деп інін қорғай.

Көктем шықты, құлпырды қыр мен ылди,

Ілесіп келген құспен келді қырғи.

Кең алқап, орай шалғын, сазды көріп,

Мекендеп қалып еді сол бір қырғи.

Қырғиға торғай барып алды қолын,

Дос болыпты шыр айналып оң мен солын.

Торғайларға зәбірді көп көрсетті,

Жүндеуді қырғиға айтып қандай жолын.

Күз келді жылы жерге қырғи кетті,

Қожақтайтын шыпжыңның күні өтті.

«Енді кімнің табанын жалар екен,—

Деп күліпті торғайлар,—шыпжың»,—депті.

Несі қызық, шыпжыңдап өткен өмір,

Ас ішпесе, суылдап жүрек, көңіл.

Жалпақтап қыл-қыбырлы ас ішкенше,

Тәтті емес пе, бейнеттеніп жесең шөгір.


272

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



23. ТЫШҚАН МЕН ТҮЙЕ

Бас та малға сатулы, бақ та малға,

Ақша керек абиыр, ат та барда.

Қанша шалқып, толқып байдыкі жөн,

Жарлы байғұс жарамас мақтағанға.

Бар мақтанса, әр нәрсе табылады,

Жоқ мақтанса, мақал бар шабылады.

Мақтанса да әлі шаң кедейлердің,

Әр мезгілде-ақ байларға жалынады.

Бай шақырған талпынар ұшқандай боп,

Жоқ адамнан дос қашар дұшпандай боп.

Мақтанғаны кедейдің—масқаралық,

Жетелеген түйені тышқандай боп.

«Таудай түйе сүйренді тартқаныма,

Сатылан торпақ шот емес артқаныма.

«Күшпен тартып келемін түйені»,—деп,

Тышқан байғұс түсті мақтанына.

Мақтанын тышқанның түйе білді,

Бұл айтқанын, жазғанын кие білді.

«... мәлім болар,—деп,—ақыр палуан»,

Миығынан мырс етіп түйе күлді.

«Кім екен,—деп,—қуаты болса да зор?»

Тышқан тұтып келеді түйені қор.

Осылайша екеуі келе жатса,

Бет алдында кез болды бір терең ор.

Ор дегені бір аққан арық болды,

Енді кесір тышқанға анық болды.


272

273


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Бір арық су көрініп дариядай,

Тышқан байғұс өте алмай ғаріп болды.

Сол тышқанның амалы енді құрып,

Жағасында арықтың қалды тұрып.

Жүдегенін тышқанның білді дағы,

Түйе сонда сөйледі мазақ қылып:

—Палуан, неге келдің, жүре бермей,

«Тәуекел» деп бұл жолға кіре бермей.

Келдің дағы арықтың жағасына,

Шікірейіп отырдың, түрегелмей.

Тышқан сонда сөйледі кәріп болып,

Семізінен басылып, арық болып.

—Менің жүрмей, кідіріп отырғаным,

Арық есті шығарды аққан толып.

Судың бірін байқаса болды анық,

Тізесінен түйенің келді арық.

Тізесіне түйенің жеткеннен-ақ,

Тышқан ердің қабағы болды жабық.

—Өте алмаймын мен мұндай көпіріңнен,

Бұған түссем, қылқылдап жүземін мен.

Тізенің де парқы бар тіземенен,

Сіз бір ұлұғ, артық жан, біз—бір нашар,

Әлін білсін әр адам қадам басар.

Сіздің бұл су келсе де тізеңізден,

Төбемізден біз жүзсек жүз кез асар.

Тышқан мінді түйенің өркешіне,

Салып қойды бұйдасын желкесіне.

Тышқан байғұс масқара болып қалды,

Қыламын деп қалпелік қалпесіне.

18-0184


274

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



24. АРЫСТАН, КИІК, ТҮЛКІ

Бар еді бір зәңгір тау асқан биік,

Әр түрлі мекен еткен аңлар сүйіп.

Жол шеккен тамақ іздеп аш арыстан

Сол таудың арасынан қуды киік.

Жақындап жүрді арыстан «жетемін» деп,

Ойлады: «түстік тамақ етемін» деп.

Келеді киік жылап, зыр жүгіріп,

«Қайткенде мұнан аман кетемін» деп.

Таппастан шыбын жанға қылар айла,

Қорқыныш—у жайылып тұла бойға.

Жанынан киік күдер үзген шақта,

Екеуі кез болады терең сайға.

Қуанды сайды көріп енді киік,

Сайланды өтейін деп күшін жиып.

Зырқырап атқан оқтай киік кетті,

Арыстан қала берді іші күйіп.

Сол жерде түлкі келді арыстанға,

Жанның бәрі асқанда.

—Бұл тұрсың дұшпан түгіл, досқа күлкі,

Киіктен қала қойсаң жарысқанда.

Айтамын мұны саған достықпенен,

Алмаймын еш нәрсеңді алдап сенен.

Тиісті бәйгі істен құр қалады,

Кейбіреу жүрексіздік бостықпенен.

Тілесең, қолдан келмес ісің бар ма,

Тиісті ет-қайратың мен күшің барда.


274

275


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Сидиған жаман киік өтіп кетіп,

Ұят қой тоқтағаның осы жарға.

Ақырсаң, кім шығарлық айбатыңа,

Дұшпанның қалма мысқыл, қайбатына.

Тұрсам да сайдың көріп тереңдігін,

Сенемін ебің менен қайратыңа.

Желікті мына сөзге енді арыстан,

Қарғуға жар шетіне келді арыстан.

Жете алмай қарғығанмен ар жағына,

Түбіне құлап жардың өлді арыстан.

Түлкі-екең құлап жатқан досын көрді,

Ақыры ойға түсіп жақын келді.

Атаусыз сүйген досын тастасын ба,

Сол жерде кешікпей-ақ асын берді.

Өлтіріп досын алдап түлкі бұзық,

Жеп жатыр өлісімен етін бұзып.

Бір айдай азық етіп түлкі жатты,

Сүйегін жан достының таза мұжып.

Досың көп тіршілік пен амандықта,

Түлкідей сөз беретін жарға жықпа!

Адамды әрбірісін қайрап салып,

Мұжыйтын сүйегіңді жамандықта.

Кісіге таза жолдас табу қиын,

Кейбіреу дос етеді мал мен бұйым,

Досың мен дұшпаныңнан қабат сақтан,

Басыңда, сірә, ақымақ, болса миың.


276

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



25. МЕНШІЛ ЕСЕК 

Сайраңдап тау ішінде жүрді құлан,

Қаймықпай қастығынан қара жылан.

Ой мен қыр, тау менен тас, ағаш, орман,

Ешқайсы болған емес бөгет оған.

Қиянат қастығы жоқ тірі жанға,

Қарсылық жасамаған ешбір аңға.

Үнемі аңдып басып, ізін байқап,

Түсірмей тал бойына ешбір таңба.

Мүлтіксіз келіп еді баяғыдан,

Ешкімнің жығылмай-ақ таяғынан.

Дұшпанның құрған торы қапылыста,

Ақсатты мүгедек қып аяғынан.

Есек ақыл айтады жаны ашып:

—Жүруші ең жүйріксініп судай тасып.

Мерт болдың ақылдаспай меніменен,

Білмейтін ешнәрсені сен бір жасық.

Өтірік қамқоршы боп қамқор есек,

Көпіртіп сөйлейді кеп жинап өсек.

Көздейді көлдей етіп көпке жанып,

Сөзіне жалған сыншы бермейді есеп.

Бұл есек нашар сөзін тимаған ғой,

Иесіне асылдықты қимаған ғой.

«Әтештен ән үйрен» деп бұлбұл құсқа,

Сын айтып әнге өзінше қинаған ғой.

Адам көп ел ішінде құдаңдай-ақ,

Залым көп арбайтұғын жыландай-ақ. 


276

277


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Мін айтқан есек сынды сыншыларға

Қайтеді жүре берсек иланбай-ақ.

26. ҚОЙШЫ МЕН ҚАСҚЫР

Бір қасқыр талап қылды жемекке қой,

Қай жаққа барайын деп ойлады ой.

Бір биік жота жерге шығып алып,

Қаяқта қой жақын деп созады бой.

Алыстан бір қора қой көрді көзі,

Сол қойға бармақ болды мұның өзі.

Ентігіп әлгі қойға келіп еді,

Қойшының айғай салып айтқан сөзі:

—Сен мені көрмейсің ба сорлы қасқыр,

Айғайға шыдай алмай таудан асқыр.

Ұрлықтың ешбір жайын білмейсіңіз,

Талтүсте нағып жүрсің қара басқыр.

Түн болса қараңғыда келмейсің бе,

Жарқырап тұрған күнді көрмейсің бе?

Талтүсте қыламын деп ұрлық, зорлық,

Қолында бір адамның өлмейсің бе!

Әй, сорлы, мен тұрғанда ала алмайсың,

Шетіне бұл қойымның бара алмайсың!

Мал жиып, егін салып жүрсең бой ма,

Біреудің дүниесіне жалаңдайсың.

Қылғаның күндіз-түні ұрлық-қарлық,

Көресің қолға түссең басқа тарлық.

Қойына көрінгеннің сүмеңдейсің,

Өзіңде бір жүрмейсің сыры бар ғып.


278

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Шетінен бұл қойымның жүргін кейін,

Аулақ жүр демей саған мен не дейін.

Ойлаған ойың сенің ұрлық-қарлық,

Демейсің жалғанда бір жөнделейін.

Әй, қасқыр, өзіңді өзің қор қыласың,

Қалайша көңіліңді зор қыласың.

Жалғанда түсің суық албастыдай,

Үркітіп қой, ешкіні қорқытасың.

Жүрмегін бұл арада кеткін өзің,

Өзіңе үлкен достық айтқан сөзім.

Көзіңді қойға қарап қызартайын,

Мен сенің алайын ба ойып көзің.

Мұндайтып қойшы сонда таяқты алды,

Қасқырды қашырмаққа айғай салды.

Өлсем де бір ауыз сөз айтайын деп,

Бұл қасқыр сөйлеуге сөз тұра қалды.

—Тұра тұр айғайламай қойшы батыр,

Сөйлеуге қасқыр жауап келе жатыр.

Сен мені ұры-қар деп сөкпегін көп,

Сендердің ұрлықтарың мыңға татыр.

Ұрлықты мен қылмасам кім қылады,

Адамзат бізден артық тым қылады.

Ұрлығын адамзаттың айтып берсем,

Бірінен бірі ұрлап жымқырады.

Аң болып жаралыппын әуел баста,

Бұл сөзім болса теріс алып таста.

Біздерді ұрысың деп сөктің неге,

Сіздерде толып жатыр ұялмаста.



278

279


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Қылуға бір еңбекті жайымыз жоқ,

Бір күн аш, кейбір күні жүреміз тоқ.

Сендерден ұрлық-қарлық қатты шығар,

Онан да ұрлық қалмақ жесеңші боқ.

Қылуға егін салып жеріміз жоқ,

Жер алып жер күтетін беліміз жоқ.

Басында жаралғанда болдық солай,

Адамша әрбір іске ебіміз жоқ.

Мен түгіл арыстан мен аюда бар,

Тыңдасаң әрбір жерден айтам хабар.

Қылмаған ата-баба кәсібі ғой,

Бұ қасқыр егін салып қайда барар?

Адамның қайласы бар, көлігі бар,

Біздерден ақылы артық күрегі бар.

Қылуға кей адамда тіршілік жоқ,

Осындай миы кеткен өлігі бар.

Ей, қойшы, не сөйлейсің маған қарап,

Жүргем жоқ дүниеде әске жарап.

Адамзат бір-біріне ұрлық қылар,

Зұлымдар момындарды алар талап.

Біріңді бірің талап өлтіресің,

Өтірік, жалғанды да келтіресің.

Басыңа не күн туды ұрлық қылып,

Ондай жан аштан өліп тентіресін.

Аш болсаң, жұмыс қылсаң, нан табасың,

Арттырып тамағыңнан мал табасың.

Адамзат, сен ұрлықты қылма ұят,

Қысылған жерде ойлап жол табасың.


280

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Сен мені ұрысың деп нағыласың,

Ашу қып неге маған қағынасың?

Қолыңнан әр іс келер адамзат,

Сен неге ұрлық жолға жаңыласың?

Жалғыз-ақ мен болдым ба көргеніңіз?

Қолыңнан бірер де жоқ бергеніңіз.

Жоқ болса бір-біріңнен сұрап жейсің,

Қылғанша ұрлық жақсы өлгеніңіз.

Қасқырдың байқадың ба мына сөзін,

Алға бас, жолдас-жора ашып көзің.

Қасқырдың айтқан сөзі рас емес пе,

Жарамас ұрлық-зорлық ол мінезің.

Еңбекші ентелей бас көзіңді ашып,

Жолынан адамдықтың жүрген қашып.

Қасқырдың сөккеніне болма душар,

Жаңылып лепсіңізден қара басып.

Ол іске аралассаң болмас бағаң,

Сыйламас бірге туған өзіңді ағаң.

Еңбексіз тегін мал деп қызықпағын,

Бір күні кірлемей ма киген жағаң.

Астыңда атың шапса, бір күн шабар,

Шапқылап кешке дейін көңіл табар.

Ол атың болдырмай ма, шаршамай ма?

Ентігіп терлеген соң қайда барар?



280

281


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

28. ТОТЫ ҚҰС

(Мысал дастан)

Жәрдемі қызыл тілдің отыз тісте-ай,

Өкініш қылсақ пайда жоқ өткен іске-ай.

Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,

Арманымнан өлерсің тоты құстай.

Шаншу жел пайда болса арман деңіз,

Дұшманның осалында қамын жеңіз.

Бар екен бір Үндістан деген шәһір,

Түбінде бір дария—аққан теңіз.

Аз болмас шаншу жанжал шақпақ оты-ай,

Көп болар аз да болса берекеті-ай.

Дарияның жағасында жүреді екен,

Бір еркек, бір ұрғашы—екі тобы-ай.

Екі тоты дарияның қырағындай,

Адам жүрмес аралдың жырағындай.

Еркегіне айтады ұрғашысы,

Тұқым салып балалар уағындай.

—Бұ ара балаларға жарамас бұл,

Тасқанда теңіз суы ап кетер сел.

Балаңды су тасып алып кетер,

Аударып басқа жақтан бір ұя қыл.

Еркек тоты айтады:—Бұл жақсы жер,

Күн бұрыннан қорықпай-ақ күніңді көр.

Бұл су бізге жамандық қыла қалмас,

Су тасыр деп қам жеме балалай бер.


282

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

—Бұл су тасыр қарқындап парманынан,

От аласың қалайша дарманынан.

Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,

Бақадай боп өлерсің арманыңнан.

Еркек айтар:—Қатын, сен не білесін,

Дұшманға жібермейді ер намысын.

Бақа деп бір нақыл сөз айта қалдық,

Кәнекей, бұл сөзіңнің айт мәнісін.

—Жақсы ұл көрдегіні төрге сүйреп,

Жаман ұл төрдегіні көрге сүйреп.

Тірлікті бір жерден қылады екен,

Қосылып бір бақамен екі үйрек.

Құрыпты жаңбыр жаумай қонған көлі-ай,

Екі үйрек, бақа тамыр болған жері-ай.

Екі үйрек бақамен амандасып,

Көл іздеп басқа жерге ұшқан жері-ай.

Бақа жылап, Құдайға налып берді-ай,

Мен мүсәпір болдым деп мекен жерде-ай.

Бақа жылап Құдайға зарланғансын,

Екі үйректің бақаға рахымы келді-ай.

—Сендер ең бұл арада өскен құсым,

Жаздырған сорлы пенде мендей болсын.

Кеше күндіз сендермен бір жүруші ем,

Қандай қылып жүрем мен үйрек досым.

Үйреніп сендерменен қалған көзім,

Қадірден боп жарасқан айтқан сөзім.

Жалғыздық бір Құдайға жарасады,

Қандай қылып жүремін жалғыз өзім.



282

283


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Үйрек айтты:—Үйренген көзіміз-ай,

Сені де жек көрмейміз өзіміз-ай.

Өзімізбен бірге алып кетер едік,

Насихат алмайсыңдар сөзімізді-ай.

—Бұл арадан ұшсаңдар шөл жағалап,

Басқа жерге қонсаңдар көл жаңалап.

Сендер ондай берсеңдер насихатты,

Ол сөзіңді алмайын мен нақ қылып.

—Ей, босқа сабыр ойла саспағайсың,

Бұрынғыдай уақылдап таспағайсың.

Ел-жұрт көріп таңырқап, саған сөйлер,

Айзыңды зыңғар-зыңғар ашпағайсың.

—Қосылып сендерменен бір жүрейін,

Жақсы-жаман іс болса бір көрейін.

Сендер ондай берсеңдер насихатты,

Қарыссын тіл мен жағым үндемейін.

Бұл сөзге бақа қойды ықласын,

Бір шөптің тістеп тұрды қақ ортасын.

Екі үйрек бақаны алып ұшты,

Ол шөптің тістеп алып екі басын.

Екі үйрек бақаны алып ұшты-ай,

Енді бұған ел-жұрттың көзі түсті-ай.

Көргендердің бәрі де таңырқады,

Япырмай, қараңдар,—деп,—мынау істі-ай.

Есітті сонда бақа мұндай гәпті-ай,

Со жерде шыдай алмай бір сөз депті-ай.

Көзі шықсын деп айтты көре алмаған,

Ал шөбі аузынан шығып кетті-ай.


284

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Сөз сөйлеуге алқымы кетті толып,

Шөбі кетті аузынан қатыл болып.

Сөзін айтып болғанша жерге түсіп,

Ол бақа мылжаланып қапты өліп.

Көңілін сұрай келді үйрек қонып,

Тіл тартпастан ол бақа қапты өліп.

Байғұс бақа тілімді алмадың деп,

Екі үйрек ұшып кетті ғамкүн болып. 

Тілді алмаған бақадай болма бекер,

Қайткенде бұл теңізге күшің жетер.

Жұмыртқамыз сары үрпік болған уақта,

Бұл су тасып, қалқытып алып кетер.

Жанашыр екі үйректің алмай тілін,

Аузындағы сөзіне қоймай зейін.

Насихат сөзін алмай өлді бақа,

Бақаның арманынан көрме күнін.

Еркек айтты:—Бұл сөзің болмас тіпті-ай,

Әйел бастап қылған іс оңбас тіпті-ай.

Қанша хикаят, нақыл сөз айтсақ дағы,

Ешбірі құлағыма қонбас тіпті-ай.

Ақыры сол араға тұқым салды-ай,

Тұқымын балайын қып ашып алды-ай.

Теңіз суы бір күні тасып кетіп,

Бейшара екі тоты білмей қалды-ай.

Сол теңіздің тасыды суы шалқып,

Тотының балапаны кетті қалқып.

Көз алдында сары үрпік балапаны,

Қанатын ағып барар суға шалқып.



284

285


МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

Еркек тоты жылап жүр бірде налып,

Ағып барар қанатын суға малып.

—Тілімді алмай түбіме сен жеттің,—деп,

Ұрғашысы айтады зарлап-налып.

Құдай-а, бейақылмен қылма жолдас,

Достың тілін алмаған адам оңбас.

—Айтып ем бұл суменен ойнама деп,

Ойынды бұл теңізбен қылса болмас.

Шайқадым жұмыртқаңнан жаздай бағып,

Көз алдымда барасың судай ағып.

Теңіз суы—тілсіз жау, зорлық қылып,

Ішімді өртендірді оттай жағып.

Сүйегімнен кетер ме күйігің-ай,

Көңілімнің қуанышы сүнігім-ай.

Атақ болды себепкер ажалыңа,

Ұя салмай бір жердің биігіне-ай.

Тілімді алмай түбіме менің жеттің,

Жастайынан баламды қаза еттің.

Мен келгенше осы жерде өліп кетсе,

Пардайы дағы кетпес қызметтің.

Екі тоты аспанға шарықтап ұшты-ай,

Шақырып жиып алды тамам құсты-ай.

Тамам құсты шұбатып ертіп алып,

Аспанға самұрық құсқа арыз етті-ай.

Айтылған құстың тілі бұл бір парыз,

Аспанда самұрық құсқа қылды арыз.

—Падишаһым, марһабат қылыңыз,—деп,

Ап кетті баламызды дария теңіз.


286

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Падиша қабыл көрді айтқан зарын,

Теңізден алып берді балаларын.

Теңізден мен алып беріп балаларын,

Ата мен қуандырды аналарын.

Екеуі балапанның екен тірі,

Жаны шығып қалыпты өліп бірі.

Жігітке баласы өлсе пайда болар,

Жанашыр жан жарының айтқан сыры.

Есікке құтты болсын қадамдары-ай,

Налымас үйге келген адамдары-ай.

Үйіңе қонайын деп мейман келсе,

Сарсылса қызметпенен табандары-ай.

Ері үйде далада түзде болса-ай,

Қонайын деп үйіңе мейман келсе-ай.

Жақсы сөзбен жіберсе барын беріп,

Мейманға сынап келген сыр бермесе-ай.

Шабан ат жаяулықтан аз ілгері-ай,

Жаман жардан бойдақтың таза ілгері-ай.

Шығарар жақсы қатын ердің атын,

Жақсы аттай қайым болар саз атын-ай.

Бала деп баласынба ақылы болса-ай,

Сөзінде қариядан нақылы болса-ай.

Қатын деп қатыннан деп қапы қалма,

Ілгері еркектенде ақылы болса-ай.

Жатқанда төсегіне жаннан кіріп,

Жақсы қатын сылаңдар сәһр тұрып.

Жаман қатын дүмімен көрпе түрер,

Құйрығымен жайындай бетіңе ұрып.



286


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет