«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өнім үшін жауапкершілік 
Тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі 
Техникалық  реттеу  және  тұтынушылардың  қауіпсіздігін  арттыру  мақсатында 
«Жалпы  мақсаттағы  электрмен  жабдықтау  жүйесіндегі  электр  энергиясының  сапа 
нормасы» 13109-97 МемСт әзірленіп, онда  электр энергиясының сапасына қойылатын 
талаптар  көрсетілді.  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобында  бұл  мемлекеттік  
стандарттың орындалуы міндетті болып табылады.  
Өнімдер мен қызметтерді таңбалау  
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобында өнімдерді таңбалау қолданылмайды. 
Маркетингтік коммуникациялар 
Монополиялық  немесе  доминанттық  жағдайға  байланысты  «Самұрық-Энерго» 
компаниялар  тобы  үшін  маркетингтік  коммуникация  экономикалық  жағынан  тиімсіз 
болып табылады. 
Тұтынушының жеке өміріне қол сұқпаушылық 
Қоғам клиенттерінің жеке өміріне қол сұғылмауына және олар туралы ақпаратты 
қорғауға  бірінші  кезекте  мән  береді.  Осы  мақсатта  Қоғамның  әр  компаниясында 
компанияның  клиенттері  мен  тұтынушылары  туралы  мәліметтерге  авторлық 
қолжетімділігі  бар  қызметкерлер  тобы  белгіленген.  Бұған  қоса,  Қоғамның  бірқатар 
компаниялары  үшін    клиенттік  база  стратегиялық  және  коммерциялық  құпия  болып 
табылады.  
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобына қатысты басқа тұлғаларға клиенттік база 
туралы ақпаратты ашу тек Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талап 
етуі бойынша ғана жүзеге асырылады.  
Есепті  мерзім  ішінде  Қоғам  компаниялары  арасында  клиенттер  туралы 
мәліметтердің жоғалып кету оқиғасы орын алған жоқ.  
Талаптарға сәйкестік  
Қоғам өз жұмысын  қолданылып жүрген заңнамалар шеңберінде жүзеге асырады. 
Заң  департаменті  қолданылып  жүрген  заңнамалардың  барлық  нормаларын  сақтау 
бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Заң департаменті электр энергетикасы, 
экология, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өнім сапасы саласындағы 
ағымдағы және жаңадан күшіне енген заңдар мен  Техникалық регламенттерге ұдайы 
мониторинг жүргізіп отырады.  
Қоғамның  заңдылықтардың  барлық  нормалары  мен  талаптарын  сақтау  бойынша 
ұстанымының  дәлелі  ретінде  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобының  қазіргі  кезде 
атмосфераға  шығарылатын  қатты  бөшектердің  анағұрлым  көп  бөлігін  ұстап  қалуға 

 
160 
 
мүмкіндік  беретін  түтін  аулағыш  қондырғыларды  орнату  жұмыстарын  жүргізіп 
жатқанын айта кетуге болады.  
Аталған  іс-қимыл  табиғатқа  тигізетін  жағымсыз  әсерді  азайтуға  бағытталған 
техникалық регламенттің 2013 жылы күшіне енуімен регламенттелді. 
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің денсаулық пен қауіпсіздікке тигізетін 
әсеріне қатысты нормативтік талаптар мен ерікті кодекстер талаптарына сәйкес 
келметін оқиғалар  
Есепті  мерзім  ішінде,    «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобында  өнімдер  мен 
көрсетілетін  қызметтердің  денсаулық  пен  қауіпсіздікке  тигізетін  әсеріне  қатысты 
нормативтік  талаптар  мен  ерікті  кодекстер  талаптарына  сәйкес  келмейтін  оқиғалар
 
орын алған жоқ. 
Маркетингтік коммуникацияларға қатысты нормативтік талаптар мен ерікті 
кодекстер талаптарына сәйкессіздік оқиғалары  
2015  жылы  Қоғам  тобында  маркетингпен  немесе  өз  өнімдерін  жарнамалаумен 
байланысты сәйкессіздіктер оқиғалары байқалмады. 
Тұтынушылардың  жеке  өміріне  қол  сұғылмауының  бұзылуына  қатысты 
шағымдар  
Есепті  мерзім  ішінде  тұтынушылардың  жеке  өміріне  қол  сұғылмауы  талабының 
бұзылуы  және  «Самұрық-Энерго»    компаниялар  тобындағы  тұтынушылар  туралы 
мәліметтердің жоғалғаны туралы  шағымдар орын алған жоқ. 
 
 
 

 
161 
 
Сыртқы аудиторлық ұйым туралы ақпарат 
Сыртқы аудиторды таңдау критерийлері 
Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер: 

 
қызмет сапасы; 

 
қызметтің құны.. 
 
Аудиторлық ұйым қызметінің сапасы мынадай факторлар арқылы анықталады: 

 
аудиторлық ұйым мамандарының біліктілік деңгейі; 

 
қазақстандық және халықаралық нарықтардағы жұмыс тәжірибесі; 

 
қызмет көрсетудің оперативтілігі; 

 
энергетикалық және көмір өндіру саласын білуі. 
Аудиторлық ұйым туралы ақпарат 
2012  жылдан  бастап  PricewaterhouseCoopers  (одан  әрі  –  PwC)  фирмалар  желісі 
Қоғамның сыртқы аудиторы болып табылады.  
PwC  өз  клиенттерінің  бизнесінің  құнын  арттыруға  бағытталған  аудит,  салықтық 
және консалтингтік қызмет түрлерін көрсетеді. 
PwC – трансұлттық мұнай-газ және электр энергетикалық компанияларға қызмет 
көрсететін  жетекші  фирма.  Өнімдер  мен  ресурстарды  бірыңғай,  аталған  салаға 
бағытталған  практикаға  біріктіру  жоғары  сапалы  қызмет  көрсетіп,  клиенттерінің 
қызметіне  қосымша  құндылық  беруге  мүмкіндік  жасайды.  PwC  дүниежүзілік 
ресурстарды  жергілікті  жерлердегі  жұмыстарға  тартып,  клиенттерінің  білім  мен 
практиканың  артықшылықтарын  қолдануына  және  мұны  күнделікті  жұмыстарына 
енгізуге мүмкіндік алуларына жағдай жасайды. 
Бүкіл әлем бойынша 2 500 астам жылу және электр энергетикалық  компаниялар 
PwC фирмасының аудит жөніндегі клиенттері болып табылады. 
PwC-тің энергетика саласындағы жаһандық аудиторлық клиенттері: 

 
AGL Resources Inc. 

 
Consolidated Edison Inc. 

 
N.V. Nuon  

 
Allegheny Energy, Inc. 

 
Constellation Energy Group 
Inc. 

 
National Fuel Gas 
Company 

 
Ameren Corporation 

 
DTE Energy Corporation 

 
National Grid plc 

 
American Water Works Company 

 
E.ON AG 

 
NSTAR 

 
BG Group plc 

 
Edison International 

 
Pepco Holdings, Inc. 

 
British Energy Plc 

 
Enbridge Inc 

 
Puget Energy, Inc. 

 
Calpine Corporation 

 
Energy Australia 

 
RusHydro  

 
Centrica plc 

 
Exelon Corporation 

 
RWE AG 

 
China Power International 
Generation Company Limited 

 
Federal Grid 

 
Southern Union 
Company 

 
CLP Holdings Limited 

 
Huaneng Power International, 
Inc. 

 
Southwest Gas 
Corporation 

 
CMS Energy Corporation 

 
Koc Holding A.S. 

 
TECO Energy, Inc. 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  PricewaterhouseCoopers  компаниясының  Алматы  және 
Астана  қалаларындағы  персоналы  350-ден  астам  адамды  құрайды,  олар  ұлттық  және 
халықаралық  деңгейдегі  клиенттердің  қомақты  бөлігіне  қызмет  көрсетеді.  Сонымен 

 
162 
 
қоса, компания Орталық Азия өңірінде де: Бакуде (Әзербайжан), Ереванда (Армения), 
Тбилисиде  (Грузия),  Бішкекте  (Қырғызстан),  Ташкентте  (Өзбекстан),  Ашхабадта 
(Түрікменстан) және Ұлан-Батырда (Моңғолия) белсенді жұмыс істейді. Компаниямен 
бірге  оның  жылу-энергетикалық
 
сектор,  қаржылық  қызмет,  тұтынушылық  және 
өнеркәсіптік  тауарлар,  телекоммуникация  мен  қызмет  көрсету  секторымен  қоса, 
экономиканың барлық секторларындағы клиенттерінің саны өсіп келеді.
 
Соңғы 19 жыл ішінде PwC компаниясы  Қазақстанның энергетика секторындағы 
жетекші  аудиторлық  және  консультациялық  қызмет  бойынша  өнім  беруші  болып 
табылады. PwC Қазақстандағы ірі тау-кен және электр энергетикалық компаниялармен 
жұмыс жасап, оларға соңғы бірнеше жыл бойы ҚЕХС бойынша дайындалған қаржылық 
есептілік аудиті бойынша қызмет түрін көрсетті және қазіргі кезде де көрсетіп отыр. 
PwC  компаниясының  аудит  бойынша  Қазақстандағы  ең  ірі  клиенттері  болып 
табылатындар: 
Компания 
Қызмет түрі 
Кезең 
«Самұрық-Энерго» АҚ 
Холдингтік компания. 
2008-2010, 
2012 
«Алатау Жарық 
Компаниясы» АҚ 
Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін электр 
энергиясын тасымалдау, желілерге тарату жөніндегі 
техникалық қызметтер 
2010, 2012 
«Алматы электр 
станциялары»  АҚ 
Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін электр 
және жылу энергиясын өндіру. 
2010, 2012 
«АлматыЭнергосбыт» 
ЖШС 
Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында 
электр энергиясын сатуды іске асырады. 
2008-2010, 
2012 
«ҚазҚуат» АҚ 
«Шардара ГЭС» АҚ мен «Мойнақ СЭС» АҚ еншілес 
компанияларына басшылық жасайтын холдингтік 
компания. 
2008 
«Шардара СЭС» АҚ 
Электр энергиясын өндіру. 
2007 
«Мойнақ СЭС» АҚ 
Шарын өзенінде су электр станциясын салу. 
2008 
 «Маңғыстау 
электртораптық бөлу 
компаниясы» АҚ 
Мұнай өндіруші және басқа да компанияларға  электр 
энергиясын тасымалдау, электрді желілерге 
техникалық тарату, сондай-ақ  Маңғыстау облысының 
шалғай ауылдық аудандарына электр энергиясын сату 
жөніндегі қызметтер. 
2008-2010, 
2012 
  «Екібастұз ГРЭС-2 
станциясы» АҚ 
 «Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде 
өндірілетін көмір негізінде электр және жылу 
энергиясын өндіру. 
2005-2009 
«Еуроазиялық 
энергетикалық 
корпорация» АҚ 
«Шығыс» көмір кесігінде ашық әдіспен тас көмір 
және электр энергиясын өндіру. 
2005-2012 
«Богатырь Көмір» ЖШС 
«Богатырь» және «Солтүстік» көмір кесіктерінде 
ашық әдіспен тас көмір өндіру. 
2008-2010, 
2012 
«Өскемен жылу 
желілері» АҚ 
Өскемен қаласында жылу энергиясын өндіру, беру 
және тарату. 
2006 
 
Сыртқы аудитор «Самұрық-Энерго» АҚ-ға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: 
1.
 
Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік аудиті; 
2.
 
Жоспарлау және мониторинг жүйесін автоматтандыру; 

 
163 
 
3.
 
Қор үшін корпоративтік басқаруды диагностикалау  
Бұның алдындағы аудит қызметін жасаған - KPMG компаниялар желісі.  
 
Аудиторлық ұйымға 2015 жылы көрсеткен аудиторлық қызметі және 
қаржылық есептілік аудитімен байланысы жоқ қызметтер үшін төленген 
сыйақылар 
Қызметтер 
2015 жыл 
Аудит 
ҚҚС-ны қоса алғанда 32 339 059 теңге  
Консультациялық 
қызметтер 
ҚҚС-ны қоса алғанда 50 219 430 теңге 
Оқу 
ҚҚС-ны қоса алғанда 7 358 272 теңге 
 
Қоғамға аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау 
Қоғамның  міндетті  аудитіне  аудиторлық  ұйымның  қызметкері  ретінде  екі  жыл 
қатарынан  қатысқан  аудиторлық  ұйымның  қызметкерін  Қоғамның  Басқарма  мүшесі, 
басқарушы  директоры  және  бас  аудиторы  лауазымына  тағайындар  (сайлау)  алдында 
мүдделер қақтығысын болдырмау үшін алдын ала Аудит комитетінің  мақұлдауы талап 
етіледі.   
Тәуелсіз аудитордың қорытындысы 
«ПрайсуотерхаусКуперс» 
ЖШС 
сыртқы 
аудиторының 
пікірінше, 
шоғырландырылған  қаржылық  есептілік  «Самұрық-Энерго»  АҚ  мен  оның  еншілес 
компанияларының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  барлық маңызды 
қатынастарындағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның көрсетілген уақытта аяқталған 
жыл ішіндегі қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын Халықаралық 
қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес дұрыс көрсетеді.  
 
 

 
164 
 
Қаржылық  есептілік 
Шоғырландырылған  қаржылық  есептілік  (ескертпелерімен)  пен  тәуелсіз  аудитордың 
есебінің толық нұсқасы жылдық есептің интерактивті нұсқасында жарияланған. 
 

 
165 
 
Қосымшалар 
1-қосымша.  Пайдаланылған қысқартулар 
АЖК 
 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 
АлЭС 
«Алматы  электр станциялары» АҚ 
АҚ 
Акционерлік қоғам 
Бенчмаркинг 
«Самұрық-Энерго» АҚ-ға өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін 
тигізетін нақты өзгерістерді іске асыру мақсатында  өз жұмысын басқа 
компаниялардың практикасымен салыстыруына   мүмкіндік беретін  талдау 
әдістемесі   
ЖЭК 
Жаңартылатын энергия көздері 
ДСҰ 
Дүниежүзілік сауда ұйымы 
ЖЭС 
Жел электр станциясы 
МҮИИДБ 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік үдемелі  индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы  
«Самұрық-Энерго»   
компаниялар тобы 
«Самұрық Энерго» АҚ, оның еншілес және тәуелді ұйымдары және бірлесіп 
қадағалайтын кәсіпорындары  
МАЭС 
Мемлекеттік аудандық  электр станциясы 
ГТЭС 
Газ-турбиналық электр станциясы 
ГЭС 
Гидравликалық электр станциясы 
ЕТҰ 
Еншілес және тәуелді ұйымдар 
АРБД 
Қоғамның Адам  ресурстарын басқару департаменті 
ҚР БЭЖ 
Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі 
ЖГРЭС 
«И.Т.Батуров атындағы  Жамбыл  ГРЭС-і» АҚ 
МБЖ 
Менеджменттің біріктірілген жүйесі 
ҚИЭС  
Қазақстандық зияткерлік энергия жүйесі 
НҚК 
Жалпы алғанда Қоғамның, сондай-ақ оның басқарушы қызметкерлерінің  
қызметінің  тиімділік деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін,  Қоғам қызметінің 
тиімділік деңгейін сипаттайтын  негізгі қызмет  көрсеткіші (индикаторы) 
КМЖ  
Корпоративтік  менеджмент жүйесі 
ЭЖЖ 
Электр жеткізу желісі 
ҚР ИЖТМ 
Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 
Қоғам 
Қазақстан Республикасында тіркелген, еншілес және тәуелді ұйымдарды 
басқаратын  «Самұрық-Энерго» АҚ  холдингтік компаниясы 
БҰҰ 
Біріккен Ұлттар Ұйымы 
ШРШ 
Шектеулі рұқсат етілген шығарындылар 
ШРТ 
Шектеулі рұқсат етілген төгінділер 
Сатып алу жоспары 
Қоғамның  жарғылық қызметінің жұмыс істеуін, сондай-ақ оның орындалуын 
қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді  ақылы 
негізде  жоспарлы  сатып алуын көрсететін, белгіленген нысандар бойынша 
қалыптастырылған құжат. 

 
166 
 
Даму жоспарының 
көрсеткіштері 
Өндірістік, операциялық және қаржылық қызметті сипаттайтын  көрсеткіштер.  
Көрсеткіштер Даму жоспарының құрамында бекітілетін, есепті және 
жоспарланатын мерзім ішіндегі қызмет нәтижелеріне сәйкес келетін сандық 
мәнге ие. 
ӨҚҚ 
Өрт қауіпсіздігі қағидасы 
ҚТҚ 
Қауіпсіздік техникасы қағидасы 
ЖКБ 
Жүк тиеу-көлік басқармасы  
ТПҚ 
Техникалық пайдалану қағидасы 
ПХД 
Полихлорлы дифенилдер 
Тәуекел 
Алға қойған мақсаттар міндеттерге жетуге ықпал етуі мүмкін оқиғалармен 
немесе әрекеттермен байланысты белгісіздікке душар болу  
ҚР 
Қазақстан Республикасы 
РФ, Ресей 
Ресей Федерациясы 
ТМД 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 
Стратегия 
 «Самұрық-Энерго» АҚ  ұзақ мерзімді Даму  стратегиясы 
Қоғамның 
құрылымдық 
бөлімшелері 
Қоғамның  белгілі бір қызмет түрін атқаруға жауапты  және ұйымдық 
құрылымынан көрініс тапқан бөлімшелер (департаменттер, қызметтер) 
АТП АЭА 
 «Ақпараттық технологиялар  паркі» арнайы экономикалық аймағы 
КЭС 
Күн электр станциясы 
ЖШС 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
«АЭС»  ЖШС 
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 
ЖЭС 
Жылу электр станциясы 
ЖЭО 
Жылу электр орталығы 
Қор 
 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 
ГРЭС-1 
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз  ГРЭС-1» ЖШС 
ГРЭС-2 
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 
ЭЖҰ 
Энергиямен жабдықтаушы ұйым  
СО
2
 
Көміртегінің қос тотығы 
КОЛ 
Күшті органикалық ластағыштар 
EBITDA 
Несиені пайдалануға, салыққа, тозу мен өтелімге  жұмсалған шығындарды 
шегергенге дейінгі операциялық табыстар (ағылшынша  Earnings Before 
Interest, Tax, Depreciation and Amortization) 
EBITDA margin 
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІ ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ 
ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛГЕНІН АЙТЫП БЕРУ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ !!! 
GRI 
Есептілік жөніндегі жаһандық бастама  (Global reporting initiative) 
ISO 
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (International Organization for 
Standardization) 
KEGOC 
 «KEGOC»  акционерлік қоғамы  (KazakhstanElectricityGridOperatingCompany,  
Қазақстан электр желілерін басқару жөніндегі  компаниясы) 
SWOT 
Сыртқы және ішкі ортаға жағымды/ жағымсыз факторлардың әсерін талдау 
Өлшем бірліктері 

 
167 
 
2-қосымша. Есептің GRI нұсқаулығына сәйкестігі кестесі 
GRI 
индексі 
Көрсеткіш атауы 
Көрсеткішті 
ашу 
Беті 
1.
 
Стратегия және Талдау 
2.
 
 
1.1 
Ұйымда шешім қабылдайтын ең үлкен тұлғаның мәлімдемесі 

 
1.2 
Түйінді әсерлердің, тәуекелдер мен мүмкіндіктердің сипаттамасы 

 
2.1 
Ұйымның атауы  

 
2.2 
Басты брендтер, өнім және/немесе қызмет түрлері 

 
2.3 
Ұйымның функционалдық құрылымы, оның ішінде негізгі 
бөлімдер, операциялық компаниялар, еншілес компаниялар мен 
бірлескен кәсіпорындар 

 
2.4 
Ұйымның штаб-пәтерінің орналасқан жері 

 
2.5 
Ұйымның өз қызметін жүргізіп жатқан елдер саны және оның 
негізгі қызметі жүзеге асырылатын немесе есепте қамтылған 
тұрақты даму мәселелері тұрғысынан алғанда айрықша 
маңыздыболып табылатын ел атаулары 

 
2.6 
Меншік сипаты және ұйымддық-құқықтық нысаны 

 
2.7 
Ұйым жұмыс істейтін нарықтар (оның ішінде географиялық 
тұрғыдан топтастырғандағы қызмет көрсетілетін секторлар, 
тұтынушылар мен бенецифиарлар санаты) 

 
2.8 
Ұйымның ауқымы 

 
2.9 
Есептілік кезең ішінде болған ауқымдардың, құрылымдардың 
немесе меншіктердің елеулі өзгерістері 

 
2.10 
Есептілік кезең ішінде алған марапаттары 

 
3.1 
Ұсынылған ақпарат тиесілі есептілік кезең 

 
3.2 
Алдыңғыесептердің соңғысының жарияланған күні (егер осындай 
есептер жарияланған болса) 

қолдануға 
болмайды 
 
3.3 
Есептілік циклы 

 
3.4 
Есеп пен оның мазмұнына қатысты мәселелер бойынша байланыс 
ақпараты 

 
3.5 
Есептің мазмұнын анықтау үдерісі 

 
3.6 
Есеп шекарасы (мысалы, елдер, бөлімдер, еншілес компаниялар, 
жалға берілген қуаттар, бірлескен кәсіпорындар, өнім 
жеткізушілер 

 
ГВтч 
Гигаватт сағат 
ГДж 
Гигаджоуль 
Гкал 
Гигакалория 
кВ 
Киловольт 
кВтч 
Киловатт сағат 
км 
Километр 
м 
Метр 
м

Текше метр  
МВА 
Мегавольт-ампер 
МВт 
Мегаватт 
Млн  
Миллион 
Тыс. 
Мың 
 % 
Пайыз 

 
168 
 
3.7 
Қамту аймағын немесе есеп шекараларын шектеу 

 
3.8 
Алдыңғы есептермен және /немесе басқа ұйымдармен 
салыстыруға елеулі әсер ететін бірлескен кәсіпорындар, еншілес 
кәсіпорындар, өндірісті жалға беру, міндеттердің бір бөлігін 
сыртқы мердігерлер мен басқа да ұйымдық бірліктер бойынша 
мәліметтерді есепке қосу үшін негіздемелер 

 
3.9 
Есепке кірген, көрсеткіштер мен басқа ақпаратты дайындау үшін 
пайдаланылған болжамдар мен әдістемелерді қоса алғандағы 
деректер мен есептерді өлшеу әдістері 

 
3.10 
Алдыңғы есептерде келтірілген ақпараттардағы кез келген қайта 
тұжырымдаулар, сондай-ақ осындай қайта тұжырымдаулардың 
(мысалы, бірігу /жұтылу, есептілік кезеңінің, бизнес түрінің, 
бағалау әдісінің өзгеруі) мәнін сипаттау 
қолдануға 
болмайды 
 
3.11 
Есепте қолданылған қамту, шекаралар немесе өлшеу әдістері 
саласындағы алдыңғы есептілік кезеңдеріне қатысты елеулі 
өзгерістер  
 
 
3.12 
Есептегі Стандартты элементтердің орналасуын көрсететін кесте 

 
3.13 
Есептің сыртқы расталуына қатысты саясат және қолданылған 
тәжірибелік көзқарастар  

 
 
4.1 
Нақты міндеттерге, мысалы, стратегияны әзірлеуге немесе 
ұйымның қызметін жалпы қадағалауға жауапты жоғарғы 
басқарушы органның құрамындағы негізгі комитеттерді қоса 
алғандағы ұйымның басқару құрылымы 

 
4.2 
Жоғарғы басқарушы органның төрағасы бір мезгілде 
компанияның атқарушы менеджері болып табыла ма, көрсетіңіз 

 
4.3 
Біртұтас директорлар кеңесі бар ұйым үшін жоғарғы басшы 
органның тәуелсіз мүшелерінің және/ немесе компанияның 
атқарушы басшылығына жатпайтын мүшелерінің санын 
көрсетіңіз 

 
4.4 
Ұйымның акционерлерінің немесе қызметкерлерінің жоғарғы 
басқарушы органның қызметін бағыттауына немесе оған 
ұсынымдар беруіне көмектесе алатын тетіктер 

 
4.5 
Жоғарғы басқарушы органның мүшелеріне, жоғарғы атқару 
органның өкілдеріне және аға басшыларға төленетін төлемдер 
(демалыс жәрдемақысын қоса) мен ұйым қызметінің нәтижелері 
(әлеуметтік және экологиялық нәтижелерді қоса алғанда) 
арасындағы байланыс 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет