LA9: Бір жыл ішінде бір қызметкерді оқытуға бөлінетін сағаттардың орташа саны, қызметкерлердің
санаттарына бөлгенде
№
Персонал санаты
2015 жылдың
аяғындағы жалпы
саны
2015 жыл ішіндегі
даярлық
сағаттарының
саны
Бір қызметкерге бір
жыл ішінде бөлінген
даярлық
сағаттарының орташа
саны
1.
Жоғары басшылық (топ-
менеджмент)
85
2 521
29,6
2.
ӘБП
1661
27 482
16,5
3.
Өндірістік персонал
20441
1 025 944
50,1
4.
Қызмет көрсетуші персонал
630
2 202
3,5
№
Персонал санаты
2015 жылдың
аяғындағы жалпы
саны
2015 жыл ішіндегі
даярлық
сағаттарының
саны
Бір қызметкерге бір
жыл ішінде бөлінген
даярлық
сағаттарының орташа
саны
1.
Жоғары басшылық (топ-
менеджмент)
87
1 534
17,63
2.
ӘБП
1 735
22 980
13,24
3.
Өндірістік персонал
21 117
931 550
44,11
4.
Қызмет көрсетуші персонал
630
2 202
3,50
LA11: Нәтижелілікті бағалау мен мансапты дамыту мерзімділікпен жүргізіліп тұратын
қызметкерлердің үлесі
№
Көрсеткіш
Мәні
1. Қызметкерлердің 2015 жылдың соңындағы жалпы саны (тізімдік)
22 650
2.
Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны, оның
ішінде
1 008
2.1. Ерлер
532
2.2. Әйелдер
476
3. Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны
4%
3.1. Ерлер
2%
3.2. Әйелдер
2%
4.
Кадр резервін жасақтау
Қоғамның орнықты дамуының негізі шешуші лауазымдарды иеленуге кадр
резервінің болуы, бұл менеджмент қызметінің сабақтастығын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Қоғамның перспективтік қызметкерлерін анықтау, іріктеу, ілгері жылжыту жүйесі
кәсіби және жеке басының құзыреттерін, олардың өсу мен дамуға деген әлеуетін,
тікелей басшылардан, әріптестерден, клиенттерден (ішкі), жетекшілік ететін
қызметкерлерден 360 градус тәсілі бойынша кері байланысты бағалауға негізделеді.
2015 жылғы бірінші тоқсанда үміткерлерді бағалау қорытындысы, анықталған
әлеует рейтингтері, олардың мансаптық жоспарлары негізінде белгіленген тәртіпте
мыналар қалыптастырылып, бекітілді:
- 2015-2020 жылдарға арналған Қоғамның негізгі лауазымдарына сабақтастық
бағдарламасы («Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекітетін Сабақтастық
жоспарының лауазымдарын қоспағанда);
137
- 2015-20202 жылдарға арналған Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен тізілімге
сәйкес Қоғам Басқармасы мүшелерінің және өзге қызметкерлердің сабақтастық
бағдарламасы.
Ағымдағы жылы мансаптық жоспарларға сәйкес резервте тұрған 13 адам Қоғамның
ашылған негізгі бос лауазымдарына тағайындалды, резервте тұрған 1 адам Қоғамның
ЕТҰ-сына аударылды.
Кадр резервіне қатысушыларымен танысу, олардың мансаптық жоспарларын қарау
және
бағалау,
оларға
Қоғамның
пайымдауы
мен
Даму
стратегиясын,
трансформацияның негізгі бағыттарын және Қоғамның қызмет тиімділігінің мүмкін
болатын өзгерістерін хабарлау үшін Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және
Басқарма Төрағасының кадр резервіне қатысушыларымен кездесулері тұрақты негізде
жүргізілуде.
Сабақтастықты жоспарлау үдерісін одан әрі жетілдіру мақсатында Қоғамның
еншілес ұйымдарының қызметкерлері есебінен үміткерлерді іріктеу жоспарлануда.
Еншілес ұйымдардың бірінші басшылары Қоғам мен ЕТҰ-ның негізгі лауазымдарына
41 қызметкерді алдын ала ұсынды.
Соған қоса, Қоғамның еншілес ұйымдарында да Кадр резервін және сабақтастықты
жоспарлауды қалыптастыру бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Қоғамның
компаниялар тобы бойынша 2015 жылдың соңында кадр резевінің саны 684 адамды
құрады.
Көрсеткіштердің атауы
Өлш. бірл.
2015 жыл
Оның
ішінде КО
Резервтегілердің арасындағы тұрақтамаушылық
%
3,6%
0%
Кадр резерві қалыптастырылатын лауазымдар
бойынша бос орындар саны
бірл.
91
13
Кадр резервіне кірген қызметкерлер толтырған бос
орындар пайызы
%
61,5%
100%
Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдарға өз қалауы
бойынша босатылған резервтегілер саны
адам
25
0
Барлық резервтегілердің саны
адам
684
27
Резервтегілер толтырған бос орындар саны
бірл.
56
13
5.
Жастармен жұмыс және тәлімгерлік институтын дамыту
Қоғам компаниясы тобы қызметінің кадрлық әлеуетті дамыту саласындағы басым
бағыты жастар саясатын іске асыру болып табылады, ол жастардың әлеуметтік
бейімделуіне ерекше мән береді, жас қызметкерлердің өз мүмкіндіктерін табысты және
тиімді көрсете алуына, олардың кәсіби әлеуетін дамытуға жағдай жасап, дене тәрбиесі
мен спортты дәріптеуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, Қоғам компаниялары тобында жастардың қоғамдық ұйымдары мен
қозғалыстары құрылды, олардың жұмысының негізгі бағыттары – мен жастардың
рухани, мәдени дамуы, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін,
138
олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық,
ұйымдастыру жағдайларын жасау мен кепілдіктер беру болып табылады.
Қоғамда барлығы құрамында 12 жастар ұйымы жұмыс жасайды, жалпы саны –
4 676 адам. Ең ірі және қазірдің өзінде жұмыс жасап жатқан жастар ұйымдарының бірі
- «Богатырь Көмір» ЖШС Біріккен жастар қозғалысы (БЖҚ), «Шығыс Қазақстан
аймақтық энергетикалық компаниясы»АҚ Жастар қозғалысы кеңесі және «Алматы
электр станциялары» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымы болып табылады.
Техникалық және кәсіби білімі бар білікті жас мамандарды даярлау сапасын
арттыру, сондай-ақ студенттердің оқу орнында алатын теориялық білімі мен өндірістегі
және еңбек нарығындағы талаптар арасындағы айырмашылықты азайту мақсатында
Қоғамның компаниялар тобында дуальдық білім беруді енгізу мен дамыту жөніндегі,
білім берудің бейінді ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікке бағытталған іс-шараларды
іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді.
Осылайша, «Алматы ЭнергоСбыт» ЖШС-да «Алматы мемлекеттік энергетика
және электронды технологиялар колледжі» МҚКК және «Алматы қаласы Білім
басқармасы» ММ, «Кәсіпкерлер палатасы» және «Алматы ЭнергоСбыт» ЖШС
арасында дуальдық білім беру жүйесімен оқытатын техникалық және кәсіби білім
бойынша мамандар даярлау мәселесі бойынша 2015-2018 жылдарға арналған төрт
жақты келісімшарт жасалды.
«Алматы электр желілері» АҚ-да «Алматы мемлекеттік энергетика және
электронды технологиялар колледжі» МҚКК-нің 25 студенті 3 жұмысшы мамандығы
бойынша оқиды, олар 2015 жылдың I жартыжылдығында кәсіпорын қызметкерін
дайындау бөлімінде теориялық білім алуды аяқтап, қыркүйектен бастап өндірістік
департаменттерде машықтанудан өтті.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ Өскемен
политехникалық колледжімен дуальдық білім беру жүйесі бойынша 2 студентті оқытуға
шарт жасасты.
«Екібастұз ГРЭС-2 cтанциясы» АҚ-да Екібастұз инженерлік-техникалық
институтымен, сондай-ақ, К.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық
колледжімен дуальдық білім беру нысаны бойынша шарт жасалған.
2015 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-да әлеуметтік серіктесі ретінде К.Пішембаев
атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі қалды. Іс-шараларды іске асыру
жоспарына сәйкес маусым айында жоба жабылды және 15 студент «металл жонушы»
және «электргазбен дәнекерлеуші» кәсіптері бойынша дуальды білім алды.
Электр энергетикасы саласының кәсіптерін дәріптеу мақсатында Қоғам «Алматы
энергетика және байланыс университеті» ҰАҚ-мен бірлесе отырып, 2015 жылы
қарашада болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша
республикалық олимпиада өткізді. Олимпиада туралы ережеге сәйкес, олимпиада
жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қоғамның гранттары мен шәкіртақылары
тағайындалады. Байқауға 50 талапкер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бітіруші
сынып оқушыларының 2 (екі) талапкеріне «электр/жылу энергетикасы» мамандықтары
бойынша барлық оқу курсы бойына грант берілді, ҚР білім беру ұйымдарының күндізгі
бөлімдерінде оқитын 2-3 курс студенттерінің 2 (екі) үміткеріне Қоғам бір жылғы оқу
ақысын төлей отырып, қоса шәкіртақы тағайындады.
Бұдан бөлек, Қоғам тобының кәсіпорындар базасында еңбек ұжымына жастардың
тиімді бейімделуі мен бекітілуіне қолайлы жағдай жасау үшін тәлімгерлік бағдарламасы
139
жұмыс жасайды, оның аясында әр жас маманға тәлімгер бекітіледі, тәлімгерлер
мамандық ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі, күрделі мәселелер бойынша кеңес
береді, жұмыстарын қадағалайды және оның сапасына баға береді.
Қоғамда ұрпақ сабақтастығын насихаттау мен энергетика мамандығын дәріптеу
үшін еңбек династияларына құрмет көрсету жөніндегі іс-шаралар өткізу дәстүрге
айналған. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қоғам Астана қаласында 50 жылдан 170
жылға дейін еңбек өтілі 7 еңбек династиясымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу
материалдары сайттардың беттері мен еншілес компаниялардың қабырға баспаларына
орналастырылды.
6.
Ынталандыру және еңбекке ақы төлеу
Қоғамдағы еңбекке ақы төлеу жүйесі оның құндылықтары мен мәдениетіне қолдау
көрсете отырып, өнімділіктің тұрақты өсуіне, кәсіби тұрғыдан өсу мен дамуға
ынталандыруға бағытталған.
Қоғамның компаниялар тобындағы еңбекке ақы төлеу жүйесі сыйлық ақы берудегі
ішкі әділдік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілікті сақтау, әрбір қызметкердің қызмет
нәтижелеріне қосқан жеке үлесін бағалау қағидаттарына құрылған.
Қоғам әлеуметтік бағдар ұстаған компания ретінде еңбекке ақы төлеу саласы
бойынша қабылдаған барлық міндеттемелерді орындайды.
Қоғам өз қызметкерлерінің өндірісте жоғары жетістіктерге жетуге талпынуына,
олардың компания ішіндегі кәсіби және мансаптық өсуге қызығушылық танытуына
айырықша мән береді. Қоғам персоналға лайықты жалақы төлеу арқылы жоғары
деңгейде ынталандыруды қамтамасыз етуге тырысады.
Қоғамның компаниялар тобында ауыр, зиянды (айырықша зиянды), қауіпті жұмыс
жағдайында еңбек ететін қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының
«Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген тиісті жылға арналған ең
төменгі айлық жалақы мөлшері және салалық коэффициентті арттыратын еңбекақы
есебінен еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты сақталған.
Қоғам тобында жасалған Ұжымдық шарттарға сәйкес, қызметкерлердің жалақысы
жыл сайын индекстеледі.
Қоғамның компаниялар тобы бойынша 2015 жыл ішіндегі орташа айлық жалақы
көрсеткіші 154 357 теңгеден 164 490 теңгені құрап, 7 %-ға өсті. Өндірістік
қызметкерлердің орташа жалақысының өсуі 141 566 теңгеден 150 312 теңгеге дейін
6,2%-ды, әкімшілік қызметкерлердің орташа жалақысының өсуі 302 353теңгеден 325
199 теңгеге дейін 7%-ды құрады.
Қоғам қызметкерлері үшін кәсіпті (лауазымды) қоса атқарғаны, қызмет көрсету
аумағының кеңейгені немесе орындайтын жұмыс ауқымының ұлғайғаны үшін
бекітілген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қосымша ақы енгізілген, сондай-ақ жоғары
кәсіби шеберлігі мен жоғары біліктілігі немесе айырықша маңызды жұмысты
орындағаны үшін тарифтік мөлшерлемеге сараланған үстемеақылар белгіленеді.
Бұдан бөлек, Қоғам мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары жыл сайын
аймақтардағы еңбек нарығына қатысуға мониторинг жүргізіп, алынған мәліметтер
негізінде қызметкерлердің еңбек ақы мөлшеріне түзету енгізеді. Қоғам бойынша ең
төмен жалақы мөлшері 2015 жылы 65 060 теңгені құрады, бұл өткен жылғы
көрсеткіштен 7 %-ға артық. Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет
туралы» Заңына сәйкес, 2015 жылғы ең төмен жалақы мөлшері 21 364 теңгені құрады.
140
2015 жылы Қоғамда Трансформация жол картасы аясында, сондай-ақ еңбекке ақы
төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қоғамның әкімшілік және басқарушы
қызметкерлерінің лауазымдарын бағалау мен HayGroup әзістемесі бойынша
грейдерлеуге негізделген еңбекке ақы төлеу жүйесін ендіру жөніндегі жоба іске
асырылды.
Жоба аясында Қазақстан Республикасының жалпы индустриалдық нарығының,
Ресей Федерациясының референтті нарығының ұқсас деңгейлерімен салыстырғанда
сыртқы нарықпен бәсекеге қабілеттілік ескеріле отырып, Қоғамның басқарушы және
әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдары бағаланып, оларға сыйлықақы берудің
ағымдағы тәжірибесіне талдау жасалды.
2016 жылы әкімшілік қызметкерлердің еңбегіне грейдирленген ақы төлеу жүйесін
Қоғамның барлық еншілес ұйымдарына енгізу жоспарланып отыр.
EC5: Ұйым қызметінің маңызды аймақтарындағы бастапқы деңгейдегі жалақы мен бекітілгең төмен жалақы
арасалмағының диапазоны
№
Көрсеткіш
Мәні (2015)
Өлшем бірлігі
1. Ең төмен жалақы
21,364
мың теңге
2.
Қызметтің маңызды аймақтарындағы ұйымдардың
бастауыш деңгейдегі қызметкерінің жалақысы
106,13
мың теңге
2.1. Ерлер
104,39
2.2. Әйелдер
107,88
3. Қарым-қатынас
497%
%
3.1. Ерлер
489%
3.2. Әйелдер
505%
Әлеуметтік жауапкершілік
Іскерлік ортадағы ашықтыққа, қоғамның дамуындағы бизнестің рөліне қойылатын
талаптар өсіп отырған қазіргі жағдайда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Қоғамның даму стратегиясында айрықша орын алады.
Қоғамның орнықты дамуына қосқан үлесі үшін өзінің жауапкершілігін сезіне
отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің қызметіне ықпал ететін көптеген мүдделі
тараптар – инвесторлар, серіктестер, қызметкерлер, өнім берушілер, мемлекеттік
141
басқару органдары, қалың жұртшылық және т.б. алдында әлеуметтік жауапты мінез-
құлық бойынша өздеріне ерікті түрде міндеттемелер қабылдайды.
Қоғам қоршаған ортаны қорғау мен энергия үнемдеу, жасыл технологияларды
дамыту, экологиялық стандарттарды ендіру, жергілікті қоғамдастықтарды қолдау,
қайырымдылық және демеушілік қызмет жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы компания аясында
қызметкерлерге қатысты әлеуметтік жауапты шаралар мен адам капиталына,
қызметкердің денсаулығына, қауіпсіздігіне, еңбегін ынталандыруға инвестиция салу,
баспанамен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу, өмірі мен денсаулығын
сақтандыру, кәсіподақтар құруға жәрдемдесу, қызметкерлерді оқытуға байланысты
мәселелерді іске асырады.
Осылайша, 2015 жылы «Самұрық - Энерго» АҚ жұмыста және корпоративтік,
әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда жоғары
нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорын ретінде «Парыз» бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі конкурсының Гран - при жүлдесінің иегері атанды.
Қоғам
тобының
еңбек
ұжымының
әлеуметтік
көңіл-күйін
бағалау,
қызметкерлердің көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштерін өлшеу және проблемалар мен
қауіпті аймақтарды анықтау мақсатында 2015 жылдың 3-тоқсанында Әлеуметтік
серіктестік орталығы мен «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік университеті
әлеуметтік тұрақтылық рейтингі мен қызметкерлердің қатыстырылу көрсеткішін
анықтау бойынша зерттеу жүргізді.
Әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің көрсеткіші Қоғам қызметінің стратегиялық
көрсеткіштеріне
жатқызылған,
Қоғамның
компаниялар
тобының
бірінші
басшыларының НҚК-сі осы көрсеткіштер бойынша анықталады.
Сонымен, Қоғам тобы бойынша өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік
тұрақтылық рейтингінің көрсеткіші 2015 жылы жағымды динамикамен сипатталып,
2014 жылғы 69%-дан 2015 жылғы 72%-ға артты.
Әкімшілік-басқару персоналының тартылу деңгейі де 2014 жылғы сияқты, 2015
жылы да жағымды мәнге ие болды - 65%.
Зерттеу нәтижелері қызметкерлердің жұмыстың негізгі сипаттамаларына жоғары
деңгейде қанағаттанғанын көрсетті. Бұл ұжымда қалыптасқан ахуалға байланысты
әріптестермен қарым-қатынастан көрінеді, олардың арасында әріптестердің
кәсібилігіне сенім арту, тікелей басшымен өзара қарым-қатынас деңгейінің жоғары
болуы байқалады.
Қызметкердің өз жұмысына қанағаттану деңгейіне қызметкерлерге жұмыс
қызықты болатындай жағдайды қамтамасыз ету, олардың жұмыста дербестіктің және
бастама білдіру мүмкіндіктерінің болу деңгейіне қанағаттануы, сондай-ақ жұмыста
қандай да бір жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндіктің болуы секілді факторлар айтарлықтай
әсер етеді – қызметкерлер осы факторлардың барлығына жоғары деңгейде
қанағаттанған.
Тұрақтылық бойынша кадрларды іріктеу, жайғастыру және тікелей басшымен
жұмыс сапасы мен нәтижелерін талқылау мүмкіндігін қанағаттандыру, сондай-ақ Қоғам
тобының қосымша қызметкерлерінің жақсы еңбек жағдайларына, кәсіби және
қызметтік өсу келешегіне жоғары деңгейде қанағаттануға қатысты қосалқы индекстері
142
белгіленген. Жалақы деңгейін жақсы деп сұралған респонденттердің төрттен бір бөлігі
(27%) атап көрсеткен.
Еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтау, қарсылық білдіретіндей көңіл-күйдің
алдын алу, еңбек дауларын шешу және еңбекті ұйымдастыру мен еңбек қатынастары
мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын уақытылы қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар Қоғамның компаниялар тобында 2015-2018 жылдарға арналған
әлеуметтік тұрақтылық пен қызметкердің тартылу рейтингін арттыру жөніндегі іс-
шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Жоспар персоналдың еңбегіне ақы төлеу, еңбекті ынталандыру, қызметкерді оқыту
және дамытуды жетілдіру, жас қызметкерлерге, тұрғын үйге, денсаулықты қорғау,
еңбек және техника қауіпсіздігі, сондай-ақ бақылау іс-шараларына қатысты саясатты
жетілдіру жөніндегі іс-шаралардан тұрады.
2015 жылы ақпан-наурыз айларында барлық еңбек ұжымдарында басшылықтың
және қызметкерлердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы
жұмысының қорытындылары бойынша есеп беру жиналыстары өткізілді. Барлық ЕТҰ-
да еңбек ұжымының басшысы мен қызметкерлерінің арасында кері байланыс белсенді
түрде жүзеге асырылады, тұрақты негізде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша
қабылдау жүргізіледі.
Барлық өндірістік ЕТҰ-да еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын
жүргізу үшін әлеуметтік тұрақтылық бойынша жұмыс топтары құрылған.
Қоғамның компаниялар тобында қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерге кепілдік
беретін, еңбек және олармен тікелей байланысты өзге де қарым-қатынастарды реттейтін
13 ұжымдық шарт жасалды.
Қоғамның компаниялар тобының қызметкерлеріне 2015 жылы ұсынылған
әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер қатарына: қызметкерлерді өз еңбек (қызметтік)
міндетін орындау барысында тап болатын жазатайым оқиғалардан сақтандыру,
сауықтыруға, шипажай-курорттық емделуге берілетін біржолғы көмек, сырқаттану
парағына төлем жасау, медициналық сақтандыру мен емделу, өндірістік жарақат алған
жағдайда материалдық көмек көрсету және т.б.жатады.
Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» компаниялар тобында ұжымдық шарттарға
сәйкес, артық жұмыс уақытына, мереке және демалыс күндеріне, түнгі жұмыстарға ақы
төлеу, ауыр, зиянды және айырықша зиянды, қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында
жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша және үстеме ақы төлеу; ақы төленетін
қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, электр энергетикасында үздіксіз 10 жыл
және одан да көп жұмыс өтілі болған жағдайда мерейтойға (50, 60 жас) байланысты
біржолғы сыйақы беру қарастырылған.
Жұмыс пен білім беру ұйымдарындағы оқуды қатар алып жүрген қызметкерлерге
де емтихан немесе бағыттаушы сессия кездерінде, диплом жобасын (жұмысын)
дайындау және қорғау, мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде қосымша демалыс
беріледі.
Сөйтіп, 2015 жылы Қоғамның компаниялар тобы бойынша 2 703 595 мың теңге
сомасында әлеуметтік төлемдер төленді, оның негізгі үлесін әлеуметтік төлемдердің
жалпы сомасының еңбек демалысын алған кезде сауықтыруға берілетін біржолғы
жәрдемақыға – 37 %, жас қызметкерлер үшін баспана сатып алуға арналған несие
төлеміне – 3 %, мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға – 6 %,
143
қызметкерлердің шипажай-курорттық еміне – 7 %, медициналық сақтандыруға – 6 %
және т.б.құрайды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050»: Мәңгілік
ел» Жолдауының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз орта құру туралы
қағидаларын және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасын
орындау үшін Қоғамның компаниялар тобында 2015 жылы 189 адам еңбек етуде, оның
ішінде 53-інің екінші топтағы мүгедектігі, 136 адамның үшінші топтағы мүгедектігі бар.
Бұған қоса, 2015 жылы Қоғамның компаниялар тобында 1 630-дан астам адам 87
млн. астам теңгеге медициналық сақтандырумен қамтылды, Қоғамның топтары
бойынша 5 000-нан астам адам медициналық қызмет көрсетумен қамтылды, ЕТҰ
өндірістік қызметкерлері жыл сайын медициналық тексеруден, тұмауға қарсы вакцина
алады. Барлық өндірістік ЕТҰ-да алғашқы медициналық жәрдем көрсететін медицина
қызметкерлері бар.
Қоғамның еншілес ұйымдарында қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын
жақсарту үшін тұрғын үй сатып алуға несие беру бойынша бағдарлама жүзеге
асырылады.
Осылайша, «Богатырь-Көмір» ЖШС-да қызметкерді жұмыс орнында ұстап қалу
үшін жас қызметкерлерге үй сатып алуға қарыз беру бағдарламасын жүзеге асырады.
2015 жылы 13 жас қызметкер 75 707 мың теңге сомасына тұрғын үй сатып алды.
Бұқаралық спортты насихаттау мен спорттық мәдениетті дамыту мақсатында 2015
жылы 16-17 қыркүйекте Қоғам компаниялары тобы қызметкерлерінің арасында
Басқарма Төрағасының кубогына ІІІ дәстүрлі спартакиада өткізілді. Спорттың мынадай
5 түрі бойынша жарыстар өткізілді: мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі
және армрестлинг. Жарыстарға Қоғамның еншілес компанияларынан жиналған 13
команданың құрамында 250-ге жуық қатысушы болды. Қоғам командасы «Самұрық-
Қазына» АҚ-ның 2-Спартакиадасына қатысып, 17 команданың ішінен 3-орынды
иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |