«Тегіс Мұнай» ЖШС
«Тегіс Мұнай» ЖШС қызметінің негізгі түрі геологиялық барлауды ұйымдастыру
болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы
шешіміне сәйкес және 2012 жылғы 30 қазандағы Қатысу үлестерін сатып алу – сату
шартына сәйкес, Қоғам «Тегіс Мұнай» ЖШС-ның жарғылық капиталына 100% қатысу
үлесін сатып алды, оның құрамына «МАҢҒЫШЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС-ның жарғылық
капиталына 100 % қатысу үлесі де кіреді.
«МАҢҒЫШЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС
100% үлесі «Тегіс Мұнай» ЖШС-ға тиесілі.
«МАҢҒЫШЛАҚ-МҰНАЙ» ЖШС-ның жерді пайдалануға келісімшарты бар, ОҚО-
дағы «Придорожное» кен орнында газды барлау, өндіру жобасын іске асырумен
айналысады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы. Алматы қ.
Бөлу және тарату компаниялары
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
53
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы – республиканың оңтүстігіндегі
ең ірі өңірлік электр желілік компаниялардың бірі болып табылады, өзінің қызмет
аймағында – Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрғындар, өнеркәсіп және
ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін электр энергиясын бөлу мен таратуды
қамтамасыз етеді. «АЖК» АҚ-ның қызмет көрсету аумағы Балқаш көлінің жағалауынан
Қытай шекарасына дейін созылып жатыр.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ.
«АЖК» АҚ-ның теңгерімдік тиістілігі 220-110-35-10-6-0,4 кВт кернеу
сыныптарының электр желілерінен тұрады.
«АЖК» АҚ теңгерімінде жалпы созылымы 29 381 км электр жеткізу желілері бар,
соның ішінде:
созылымы 432,4 км, кернеуі 220 кВ; созылымы 2 733 км, кернеуі 110 кВ әуе
электр жеткізу желілері;
220 кВ – 40,1 км; жалпы созылымы 117 км, кернеуі 110 кВ кабельдік желілер;
созылымы 2 589 км, кернеуі 35 кВ электр желілері;
жалпы созылымы 12 426,4 км, кернеуі 6-10 кВ әуе және кабельдік желілер;
жалпы созылымы 10 887 км, кернеуі 0,4 кВ электр жеткізу желісі;
кернеуі 35-220 кВ, жалпы трансформаторлық қуаты 7 024 МВА 209 бірлік
қосалқы станциялар саны.
кернеуі 6-10/0,4 кВ, жалпы трансформаторлық қуаты 2 325 МВА
трансформаторлық қосалқы станциялар саны 7011 бірлікті құрайды.
2013 жылы желтоқсанда Алматы қаласының айналасына 220 кВ шығыршық салу
жұмысы аяқталды.
.
2015 жылы электр энергиясын жеткізу көлемі – 6 235 млн кВт/сағ. (2014 жылы – 6
235 млн кВт/сағ.) құрады.
Компанияның веб-сайты:
http://www.azhk.kz/
«Маңғыстау ЭБК»
АҚ
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ табиғи монополиялар
субъектісі болып табылады және Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының,
Ақтау қаласын қоспағанда, тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу және тарату
бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. «МЭБК» АҚ Маңғыстау облысында электр
энергиясын жеткізу және тарату бойынша қызмет көрсету нарығында басым жағдайға
ие.
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның ірі акционері «Самұрық-
Энерго» АҚ болып табылады – 75 % + 1 акция.
«МЭБК» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясының 90 %-ын
Маңғыстау
облысының
ірі
мұнай
өндіру
компаниялары
тұтынады
(«Маңғыстаумұнайгаз»АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Каражанбасмұнай» АҚ және
т.б.).
54
Компания құрамына:
созылымы 665,1 км – кернеуі 220 кВ; 2 316,4 км –110 кВ; 948,7 км – 35 кВ; 1
638 км – 6-10 кВ; 601,8 км – 0.4 кВ электр энергиясын жеткізуші әуе желілері; жалпы
созылымы – 7,52 км, кернеуі – 6-0,4 кВ кабель желілері.
белгіленген қуаты 1 956,4 МВА, кернеуі 35 кВ және одан артық 57 қосалқы
электр станциясы;
белгіленген қуаты 75,563 МВА, кернеуі 6-10 кВ 432 трансформаторлық
қосалқы станция кіреді.
2015 жылы электр энергиясын жеткізу көлемі – 2 518 млн кВтч/сағ.құрады.
Компанияның веб-сайты:
http://mrek.kz/
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамы
Қазақстанның ірі аймақтық энергия таратушы компанияларының бірі және Шығыс
Қазақстан облысы табиғи монополиясының субъектісі болып табылады.
2012 жылы кәсіпорын Қоғамның сенімгерлік басқаруына берілді. 2013 жылы
наурызда «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ акциялар
топтамасы Қоғамның меншігіне берілді.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі
түрі электр энергиясын жеткізу және тарату болып табылады. Қызмет көрсету
аумағының алаңы – 283 300 шаршы километр.
Кәсіпорын желілерінің жалпы созылымы – 34 556 км.
Компания құрамына:
•
созылымы 143,8 км, кернеуі 220 кВ; 4 777,25 км – 110 кВ; 4 268,43 км – 35 кВ;
12 952 км – 6-10 кВ; 10 688,14 км – 0.4 кВ әуе электр жеткізу желілері;
•
1 722,96 км кернеуі – 10-6-0,4 кВ кабельді ЭЖЖ;
•
белгіленген қуаты 3 472,11 МВА, кернеуі 35 кВ және жоғары 313 қосалқы
станция;
•
белгіленген қуаты 1 499 МВА – кернеуі 6-10/0,4, 6 513 трансформаторлық
қосалқы станция;
•
белгіленген қуаты 2 МВт Зайсан ГЭС-і (жұмыс тәртібі – маусымдық) кіреді.
2015 жылы жеткізілген электр энергиясының көлемі – 3 431 млн кВт/сағ. құрады.
Компанияның веб-сайты:
http://ekrec.kz/
«АлматыЭнергоСбыт»
ЖШС
«АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы маусымда
«Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым ретінде
құрылды.
55
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы – «Самұрық-Энерго» АҚ,
қатысу үлесі - 100 %.
«АЭС» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысының 2,6 млн. астам тұрғыны мен
24 мың кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз ететін Қазақстан аумағындағы
электр энергиясын жеткізушілердің ең ірісі болып табылады. Серіктестіктің негізгі
міндеті – Алматы қаласы мен Алматы облысының сегіз әкімшілік ауданын электр
энергиясымен сенімді және тұрақты қамтамасыз ету.
«АЭС» ЖШС электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарының
субъектісі бола отырып, мына қызметтерді жүзеге асырады:
энергия өндіруші кәсіпорындардан электр энергиясын сатып алу және оны
түпкі бөлшек тұтынушыға сатады;
Өңірлік желілік компанияның жеткізу-тұтыну режимдерін енгізу бойынша
жедел өкімдерін орындайды;
тұтынушыларға электр энергиясын жектізу бойынша шарттар жасайды;
электр энергиясын жеткізу бойынша жүйелік оператордың, ӨЭК, ЭӨҰ-ның
қызметін төлейді;
бөлшек сауда тұтынушыларының жасалған шарттарда белгіленген электр
тұтыну режимдерін, алған электр энергиясына ақы төлеу талаптарының сақтауын
бақылайды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жұмысының негізгі бағыттарының бірі электр
энергиясын тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.
2015 жылы сатылған электр энергиясының көлемі 5 771
кВт/сағ. құрайды.
Компанияның веб-сайты:
http://www.esalmaty.kz/
«Шығысэнерготрейд» ЖШС
«Шығысэнерготрейд» ЖШС 2004 жылы «Шығыс Қазақстан аймақтық
энергетикалық компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде құрылды.
«ШЭТ» ЖШС Шығыс Қазақстанның 496 мың тұтынушысына сатып алынған
электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым болып
табылады.
ШҚО сату нарығындағы «ШЭТ» ЖШС-ның электр энергиясын сату бойынша үлесі
43%-ды құрайды. Шығыс Қазақстан облысындағы «ШЭТ» ЖШС тұтынушылары «ШҚ
АЭК» АҚ, «ҚазМырыш» АҚ және басқа да энергия жеткізуші ұйымдардың желілеріне
қосылған. ШҚО-дағы ЭЖҰ-ның жалпы саны 15 кәсіпорынды құрайды.
2015 жылы 1 кВт/сағ. үшін энергиясының орташа сату бағасы 9,422 теңгені
құрады.
Есепті кезеңдегі сату көлемі 2 643 млн. кВт/сағ. құрады.
Компанияның веб-сайты:
http://shygys.kz/
56
Қаржы нәтижелері
Нәтижелерді ұсыну кезіндегі тәсілдер
2015 жылы Қоғамның электр энергетикасы және көмір өндірісі салаларындағы
жұмысы бекітілген жоспарларға сәйкес атқарылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің
қорытындылары туралы есепті дайындаған кезде бірыңғай тәсілдерді қолдану
мақсатында шоғырландыруда үлестік қатысу әдісі қолданылады. Бұған қоса,
қолданыстағы есеп саясатына сәйкес, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді
көрсету бастапқы құны бойынша, яғни, қайта бағалау есепке алынбай көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шоғырландырылған теңгерімдегі үлестік
қатысу әдісін қолданған кезде «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелену үлесі 50 %-ды
құрайтын «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «ForumMuiderB.V.» көмір активтері компаниясы
сияқты ірі компаниялардың айналымдары алынып тасталды. Сонымен қатар, үлестік
пайдада «Балқаш ЖЭС» АҚ қауымдастырылған компанияның 37,92% иелік ету үлесі
бойынша қаржылық нәтидесі көрсетіледі.
Қоғамның шоғырландырылған қаржы нәтижелерін есептеген кезде осы
компаниялар бойынша алынған пайданың үлесі «үлестік қатысу әдісі бойынша есепке
алынатын ұйымдардың пайдасының/зиянының үлесі» бабында көрсетіледі.
Бекітілген 2015 жылға арналған Даму жоспарына сәйкес, жекешелендіруге
жататын активтер тоқтатылған қызмет бойынша есепке алынды. Факті бойынша 2015
жылы аталған активтер («Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «ШЭТ» ЖШС, «МЭБК»
АҚ) негізгі қызметке жатқызылды.
Негізгі нәтижелер
Компания қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінде 2014 жылы 15,9 млрд
теңге залал шексе, есепті кезеңде (- 77,8) млрд теңге мөлшерінде залал шекті,
Жағдайдың нашарлауы теңгенің айырбас бағамының төмендеуі салдарынан бағам
бойынша 106,9 млрд.теңге шығын келуіне байланысты. Бағам бойынша шығындардың
әсерін есептемегенде, қорытынды пайда 29,01 млрд. теңгені құрайды. Бекітілген Даму
жоспарына сәйкес, 2016 жылы 6,25 млрд. теңге, 2017 жылы 41,7 млрд. теңге мөлшерінде
пайда алу жоспарланып отыр.
Қоғамның 2016-2020 жылдарға арналған Даму жоспарында мына активтерді сату
көзделген: «АЖК» АҚ, «АЛЭС» АҚ, «Алматыэнергосбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай»
ЖШС, «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС,
«МЭБК» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Шелек-28» ЖШС және «Карагандагипрошахт и К»
ЖШС, соған байланысты аталған активтер 2017 жылдың божамында тоқтатылған
қызметке жатқызылды.
Басқа негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң серпін байқалады.
Осылайша, EBITDA көрсеткіші 2014 жылғы 76,1 млрд.теңгемен салыстырғанда, 2015
жылы 84,9 млрд. теңгені құрады. EBITDA көрсеткішінің артуы «ГРЭС-1» ЖШС-ның
2015 жылы шоғырландырылған деректерде 100% үлестің ішінде есептелуіне
байланысты, ал 2014 жылы 100% үлес ішіне тек 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап
енгізілді. 2016 жылға арналған болжамда көрсеткіш 85,6 млрд.теңге мөлшерінде
жоспарланған, оның 2015 жылмен салыстырғандағы болмашы өсуі негізінен «Екібастұз
ГРЭС-1» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «БЖЭС» ЖШС, «МЭБК» АҚ және «МСЭС» АҚ
57
бойынша EBITDA көрсеткішінің жақсаруына байланысты. EBITDA көрсеткішінің
2017 жылы 69,2 млрд.теңгеге дейін азаюы жекешелендірілетін ЕТҰ-ларды тоқтатылған
қызметке жатқызумен байланысты.
EBITDA margin көрсеткіші 2014 жылы 34%-ды құраса, 2015 жылы 37%-ды
құрады. Көрсеткіштің өсуі менеджменттің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне
байланысты, жалпы сату көлемі азайған жағдайда шығынды оңтайландыру
бағдарламасы жүргізіледі.
Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер
Атауы
Өлшем
бірлігі
2014*
2015
2015 к 2014
2016
2017
нақты
нақты
ауытқу, %
болжам
болжам
Топ акционерлеріне
тиесілі қорытынды
табыс (залал)
млрд теңге
15,94
-77,83
6,25
41,71
Бағам айырмасын
есептемегендегі Топ
акционерлеріне
тиесілі қорытынды
табыс (залал)**
млрд теңге
29,01
182%
20,24
41,71
EBITDA
млн теңге
76 129
84 895
112%
85 581
69 156
EBITDA Margin
%
34,00%
37%
109%
33%
57%
* Салыстыру мақсатында 2014 жылдың көрсеткіштері ЕТҰ-ны тоқтатылған қызмет бойынша толық шоғырландыруға
көшіруді ескере отырып қайта есептелді.
** Қорытынды пайда бағам айырмашылығы бойынша шығындардың ықпалын есепке алмай шығарылды.
Компания қызметі менеджментінің нәтижелерін талдау (MD&A)
Операциялық және қаржылық көрсеткіштер
Өндірістік НҚК (өндірушілерге қатысты)
ЕТҰ атауы
2014
2015
2014
жылға
қарағанда
2015
жылғы
ауытқу
2016
2017
(болжам)
(болжам)
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВтсағ.
«АлЭС» АҚ
5 036
5 086
101% 4 920
5
130
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
667
666
100% 871
871
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
14 096
10 729
76% 11 175
13
410
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»
АҚ
4 755
3 211
68% 4 945
5
192
«ЖГРЭС» АҚ (активті сатқан
сәттен бастап нақты - 2015ж. 15
мамырға дейін)
2 521
1 176
47%
-
-
«Шардара СЭС» АҚ
565
465
82% 265
374
58
«Мойнақ СЭС» АҚ
577
903
156% 906
906
«Samruk-Green Energy» ЖШС
0,4
3,2
788% 3,4
4,1
«Бірінші жел электр
станциясы» ЖШС
-
79
172
172
Барлығы
28 216
22 318
79%
23 259
26 059
Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн кВтсағ.
«АЖК» АҚ
6 235
6 165
99%
6 350
6 696
«ШҚ АЭК» АҚ
3 391
3 431
101% 3 466
3
751
«МЭБК» АҚ
2 718
2 518
93% 2 517 2 621
Барлығы
12 344
12 114
98%
12 332
13 068
Электр энергиясын сату көлемі, млн кВтсағ.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
5 946
5 771
97% 5 947
6
226
«Шығысэнерготрейд» ЖШС
2 659
2 643
99% 2 811
2
910
Барлығы
8 605
8 414
98%
8 758
9 135
Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал
«Алматы электр станциялары»
АҚ
5 580
5 031
90%
5 449
6
078
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
1 868
1 795
96%
1 834
1 834
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»
АҚ
103
81
79% 76
76
АО «ЖГРЭС» (активті сатқан
сәттен бастап нақты - 2015ж. 15
мамырға дейін)
10
5,318
53%
Барлығы
7 561
6 913
91%
7 359
7 987
Көмір сату көлемі, млн тонна
38,1
33,9
89%
32,5
35,7
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы электр энергиясын өндіру көлемінің
21%–ға (немесе 5 898,4 млн кВт/сағ.) азаюы мына электр станциялары бойынша:
- «ГРЭС-2» АҚ және «ГРЭС-1» ЖШС бойынша, ҚР нарығында электр энергиясын
сатудың азаюына;
- «Шардара СЭС» АҚ бойынша Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында
судың аз болуына;
- «ЖГРЭС» АҚ бойынша 2015 жылы мамырда активтерді сату есебінен 53% - ға
(немесе 1 345 кВт/сағ.) электр энергиясын өндірудің азаюына байланысты.
Сонымен қатар 2015ж. тамызда «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС
пайдалануға берілді, оның энергия өндіру көлемі 79,2 млн.кВтсағ. құрады.
59
(ПВЭС – БЖЭС)
МГЭМ – МСЭС)
ШрГЭС – ШарСЭС)
АТЭЦ – АЖЭО)
Жылу энергиясын өндіру көлемінің 2015 жылы 8 %-ға (648 мың Гкал) кемуі
климатологиялық температуралармен салыстырғанда сыртқы ауа температурасының
барынша жоғары болуына байланысты жылыту жүктемесінің азаюына байланысты.
(АТЭЦ – АЖЭО)
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын жеткізу көлемінің
2%-ға (немесе 230,5 млн.кВтсағ.) және 2014 жылғы факт бойынша электр энергиясын
5 036
667
14 096
4 755
2 521
565
577
0,4
-
5 086
666
10 729
3 211
1 176
465
903
3,2
79
-
2 000
4 000
6 000
8 000
10 000
12 000
14 000
16 000
АлЭС
АТЭЦ
ГРЭС-1
ГРЭС-2
ЖГРЭС
ШрГЭС
МГЭС
SGE
ПВЭС
2014-2015 жж. электр энергиясын өндіру көлемінің өзгеру
динамикасы, млн.кВт.сағ.
2015
2014
5 580
1 868
103
10
5 031
1 795
81
5
-
1 000
2 000
3 000
4 000
5 000
6 000
АлЭС
АТЭЦ
ГРЭС-2
ЖГРЭС
2015
2014
Жылу энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы, мың Гкал
60
сату көлемінің 2%-ға немесе 191,4 млн.кВтсағ.салыстырғанда азаюы ауа райының
жылы болуына байланысты.
МРЭК – МЭБК
ВК РЭК – ШҚ АЭК
Шыгысэнерготрейд – Шығысэнерготрейд
Көмір сату көлемінің 11%-ға (немесе 4,2 млн.тоннаға) кемуі РФ, «ГРЭС-1» ЖШС
мен «ГРЭС-2» АҚ тұтынушыларынан сұраныстың азаюына байланысты.
Алдағы кезеңге болжам:
2016-2017 жылдарға арналған болжам бойынша электр энергиясын өндіру көлемі
2015 жылдың фактісіне қатысты бірте-бірте өсіре отырып болжанады. 2016 жылы
электр энергиясын өндіру көлемін 941 млн.кВтсағатқа ұлғайту негізінен «ГРЭС-1»
ЖШС мен «ГРЭС-2» АҚ станциялары есебінен жоспарлануда.
6 235
3 391
2 718
6 165
3 431
2 518
-
1 000
2 000
3 000
4 000
5 000
6 000
7 000
АЖК
ВК РЭК
МРЭК
Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн.кВт.сағ.
2015
2014
5 946
2 659
5 771
2 643
-
1 000
2 000
3 000
4 000
5 000
6 000
7 000
АЭС
Шыгысэнерготрейд
Электр энергиясын сату көлемі, млн.кВт.сағ.
2015
2014
61
2016-2017 жж. арналған жоспарда жылу энергиясын өндіру көлемі «Алматы
электр станциялары» АҚ жылу энергиясын өндіру көлемін ұлғайту есебінен 2015
жылғы фактімен салыстырғанда 6 -15 %-ға өсіре отырып болжанады.
Электр энергиясын жеткізу және тарату көлемі бойынша өсу 2016 жылы «АЖК»
АҚ мен «ШҚ АЭК» АҚ тұтынушыларынан түскен өтінімдердің өсуі есебінен күтіледі.
2016 жылға жасалған болжамда көмір сату көлемі РФ мен ҚР негізгі
тұтынушыларының болжаммен алғандағы көмір тұтыну көлемінің кемуіне байланысты
1,4 млн. тоннаға немесе 2015 жылғы фактіден 4 %-ға азаяды.
2017 жылға жасалған болжамда көмір сату көлемі 10 %-ға немесе 2016 жылғы
фактіге 3,2 млн. тоннаға артады. 2015-2016 жылдарға көмір өндіру мен сату көлемі ҚР
мен РФ-дағы электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі ескеріле отырып
қарастырылды.
Шығыстарды азайту туралы
Қоғам 2015 жылғы экономикалық жағдай бойынша болжамдарды ескере отырып,
бірқатар шараларды даярлады: даму жоспарына түзетулер енгізді, онда ағымдағы
шығыстар қысқартылып, инвестициялар бойынша шығыстар оңтайландырылды.
Қызмет нәтижелері бойынша 2015 жылы Қоғамның компаниялар тобында 13 002
млн. теңгеге ағымдағы шығынстарды және 34 394 млрд. теңгеге инвестициялық
шығыстарды оңтайландыру жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |