Саналатын «мақал-мәтелдердің» көрінісіне зерттеу жасалды. Талдау барысында ақын шығармашылығында мақал-мәтелдердің көрінісі үш сатыда қарастырылды



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата11.03.2023
өлшемі303,26 Kb.
#73401
1   2   3   4   5   6
Кілт сөздер: Абай, ақын, фольклор, жазба әдебиеті, өлең, қарасөз, мақал-мәтел, мәтін, 
мұра.
Кіріспе. Халық мұраларын өз шығармасында арқау ету Абайға дейінгі авторлық ауыз 
әдебиеті өкілдерінде кездеседі. Онда белгілі бір фольклорлық жанрлардың өзіне дейінгі 
сюжет, мотивтеріне еш өзгеріс енгізбестен түйдек-түйдегімен өз шығармасында молынан 
пайдалану орын алған. Сонымен бірге бұндай мотив, сюжеттер бірнеше ақынның 
шығармаларында қолданылса да, өзінің төл шығармасы ретінде саналған. Ал қазақ жазба 
әдебиетінің басында тұрған Абай шығармашылығында фольклордың қолданыс аясы мүлде 
басқа арнаға, тың бағытқа қанат жайғанын көреміз. Бірақ ол ақынның фольклордан мүлде 


ат басын бұрып, өз шығармасында қолданбады деген түсінікті тудырмаса керек. Олай 
дейтініміз ақын кей шығармаларында фольклорлық дүниелерді таңдап, саралап қолданғаны 
да байқалады. Абай өлеңдерінде фольклордың үлгілері әр қырынан көрініп отырады. 
Айталық ақынның інісі Оспанға, баласы Әбішке өзі, келіні атынан шығарған жоқтауы, онда 
қолданылған кейбір фольклорлық тіркестерден көне сарынның, жоқтау үлгісінің 
сақталғаны аңғарылады. Ақынның толғаулары мен арнауларында да фольклорлық 
үлгілердің формасында жырланғаны белгілі. Сонымен бірге ақынның қарасөздерінен 
прозалық фольклордың (аңыз, әңгіме) үлгілері мен ұсақ жанрлар туралы (мақал-мәтел) 
ойтұжырымдарын көреміз. Бұдан ақын шығармаларында халық әдебиеті үлгілерінің ашық, 
кейде көмескі түрде қолданылғаны байқалады. Осы қатарда ақынның «Ескендір», 
«Масұғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларын атай аламыз (Қасқабасов, 2010). Онда қазақ 
әдебиеті үлгілеріне дендеп еніп, ел арасында кеңінен тараған Шығыс аңыздарын, «Мың бір 
түн» ертегілерін поэма мәтініне өзек еткені айқын көрінеді. Ал кейбір өлеңдерінде 
фольклорлық мотивтер мен сюжеттер әдебиеттің көркемдеу тәсілдеріне, яғни метафораға 
айналып жымдасып кеткені туралы ғалымдарымыздың зерттеулерінде қарастырылған.
Оған Абайдың. 
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр нені. (Абай. Т.1. 2020: 219). 
Немесе:
«Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты, 
Құмары екеуінің сондай күшті …» 
Және де: 
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, 
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде, 
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер…» 
Жоғарыдағы өлең жолдарынан ертедегі мифтік мотивтің көмескіленіп, керісінше 
поэтикалық сипаты басым болғанын аңғарамыз. Бұл туралы С. Қасқабасов: «Көне 
замандағы, түркі қағанаты дәуіріндегі аспанды – еркек, жерді – әйел деп түсінетін мифтік 
ұғым қазақтың мифі мен діни нанымында ғана сақталып қоймаған. Ол ұлтымыздың көркем 
фольклоры мен классикалық әдебиетінде поэзиялық символға, көркем әдіске, метафораға 
айналған», – дейді. (Қасқабасов, 2002). 
Материалдар мен әдістер. Мақал-мәтелдер қазақ фольклорының ұсақ жанрларының 
бірі саналады (Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.1. 2008: 788). Ал халық даналығы саналатын 
мақал-мәтелдердің мән-маңызын ашып, оны шығрмаларына өзек етуі ақын поэзиясынан 
айқын көрінеді. Онда халықтың көне мұраларына сын көзбен қарай отырып, өте 
талғампаздықпен жыр жолдарында пайдаланып отырған. Оны Абайдың аударма 
өлеңдерінде кездесетін кейбір халық мақал-мәтелдері көрсетіп отыр. Ақынның «Сап сап 
көңілім, сап көңілім» өлеңінің:
«
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! 
Сабыр түбі – сары алтын. 
Сабыр қылсаң, жайыңды 
Білер ме екен бекзатым?
», –
деген шумақтарында «Сабыр түбір – сары алтын» мақалын өңін өзгертпей, өз мағынасына 
сай жыр жолдарында бере білген. Ақынның осы өлеңінде төмендегідей де мақалдарда 
кездесіп отырады:
Көріп алсаң көріктіні, 


Тандап алсаң тектіні, 
Сонда көңіл толмай ма? (Абай. Т.1. 2020: 31). Бұл мақал-мәтелдердің 
қолданысынан Абайдың халық даналығы саналатын осы жанрды өз аудармасында ойын 
дәп басып ашатындай етіп қолданысқа енгізген. Ақынның аударма өлеңінде бұлардан тыс 
та мақал-мәтелдерді жиі пайдаланғаны төмендегі мәтіндерден де көрінеді: «Бейнет көрмей, 
дәулет жоқ», «Аузымен орақ орған өңкей қыртым», т.б. Ақынның мақалдарды өз ойын 
дәлелді көрсету үшін өлең шумақтарына бейімдеп нақыл сөздердің өзегін қалдырып, 
құрылымын өзгерткені көрінеді. Ақын халық мақал-мәтелдерін ой қатпарында қорытып, 
өзінің туындыларында жаңа түспен өлең жолдарына негіз еткен. Сондықтан Абайдың 
халық мақал-мәтелдерін қалай қолданыс аясына енгізгенін төмендегі мәтіндерден де 
байқауға болады:
Халық мақал-мәтелі 
Абайдың оны өз шығармасында
қолданысқа енгізуі 
Берерменге бесеу көп, аларманға
алтау аз 
Берерменге бесеусің, аларманға
және алтау
Екі кеменің құйрығын ұстаған суға
кетеді 
Екі кеме құйрығын, 
Ұста жетсін бұйрығың. 
Жаман сиыр өрешіл 
Сиырша тойса, мас болып, 
Өреге келіп сүйкенер 
Еңбек етсең – емерсің
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей. 
Жетім қозы – түртіншек 
(Жетім қозы – тасбауыр) 
Жетім қозы тас бауыр, 
Түңілер де, отығар. 
Көптің аузына қақпақ бола алмайсың 
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің 
Қайта келер есігіңді қатты серіппе. 
Қайтып келер есікті, 
Қатты серіппе жарқын-ау.
(Өмірәлиев, 1993: 45) 
Әрине, мақал-мәтелдердің барлығы да сап алтындай тап-таза, түгелдей құнын жойған 
жоқ деп айтуға болмайды. Кейбір мақал-мәтелдер белгілі бір кезеңнің, белгілі бір 
идеологияның шеңберінде, белгілі бір топтың мүддесі негізінде де пайда болғаны да бар. 
Сондықтан да ондай дүниелердің барлығын да халық мұрасы дегенімізбен, қолданыс 
аясынан шығып қалғандары қаншама. Сондықтан да Абай Құнанбаевтың қазақтың көне 
мұраларына сын көзбен қарап, өз тарапынан, сол мұралардың кемшін түсіп жататын 
жақтарын ашып беруі заңдылық. Халық мұрасының, соның ішінде мақал-мәтелдердің 
кейбір ескірген түсініктерін, белгілі бір көзқарасқа ие топтардың өз мүддесіне байланысты 
бұрмалап қолдануына сын айтуы негізінен ақынның қара сөздерінде көрініс тапқан.
Зерттеу нәтижесі. «Абай Құнанбаев өзінің поэзиясында фольклорды көркем өнердің 
шебері, эстетика өкілі, ойшыл ақын ретінде пайдаланады да, қарасөзінде фольклорды 
зерттеуші есебінде қарастырады. Сонымен бірге өз жанынан да өзі өмір сүріп отырған 
ортаны бейнелеп көрсететін, өмір шындығына негізделген мақал-мәтелдер айтып, ел 
арасына таратып отырған. Сонымен бірге халық даналығын өз афоризіміне де айналдыра 
білген. Бала жасынан әжесі мен анасының әлдиі арқылы құлақ құрышын қандырған 
халықтың бай ауыз әдебиетімен сусындап, шешен билер мен жезтаңдай әнші, ақындардың 


сөзімен жан сарайын ашқан Абайдың халық мұрасын бойына сіңіріп, оны көркем 
шығармасында жаңаша бейнеде бере білуі асқан білімділік пен көпті көрген, көп кеңеске 
түсе білгенінің белгісі. Он бес жасынан бастап, әке қасында жүріп, ел арасындағы дау-
шарларды шешуге ат салысқан, сондай-ақ кейбір даулы мәселелерді өзі де шеше білген 
Абайдың халық мұрасының бай қазынасынан сусындамай қалуы, ел арасынан ұғып, түйген 
рухани дүниелерін халық қалауы бойынша қолдана білуі үлкен білімділіктің, 
парасаттылықтың белгісі (Абайтану. Т.1. 2020).
Талқылануы. Абай қазақ мақалдарының бәрі асыл емес екендігіне көзін жеткізеді, 
олардың кейбірі халықты еңбекке баулудың орнына енжарлыққа, бойкүйездікке 
шақыратынын көреді де сынға алады. Мәселен, «Бесінші қара сөзінде»: «Өзінде жоқ болса, 
әкең де жат», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі 
азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Мал тапқан 
ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз» (Абай. Т.ІІ. 2020:56) деген 
мақалдарды ақын бұқара халық тұрғысынан бағалайды, қоғам мүддесінен қарайды және 
оларды сын-тезіне алады. Ақын қара сөздерінде қазақ мақал-мәтелдерінің кейбір 
нұсқаларына айрықша тоқталып, олардың озығы мен тозығын ой таразысынан өткізеді. 
Мақалдың тәрибелік мән-маңызына баса назар аудара отырып, олардың кейбірінің заман 
ағымынан кейін қалып қалғанын, мазмұнының ескіргенін тілге тиек етеді. Оны ақынның 
«Жиырма тоғызыншы сөзіндегі»: «Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы 
да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар» 
(Абай. Т.ІІ. 2020: 88) деген тұжырымынан көреміз. Бұл қара сөзінде: «Жарлы болсаң, арлы 
болма», «Қалауын тапса қар жанар», «Сұрауын тапсаң адам баласының бермейтіні жоқ», 
«Атың шықпаса, жер өрте», «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол», «Алтын көрсе, 
періште де жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» мақал-
мәтелдеріне сын көзбен қарап, осындай білместікпен, білімсіздікпен айтылған нақыл 
сөздерден сақ болуға шақырады. Сонымен бірге халықты береке-бірлікке шақыратын: «бір 
жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» ұйымшылдыққа, жатқа намысын бергісі 
келмейтін ерлікке, сөзге тоқтайтын даналығына қатысты да өз қара сөздерінде тілге тиек 
етеді. Ақын «Отыз тоғызыншы қара сөзінде»: «Рас, бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл 
замандардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл 
замандағыдардан артық екі мінезі бар екен... әуелі ол заманда ел басы, топ басы деген 
кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен 
де соған бағынады екен, ал екінші мінезі – намысқорлық екен» деп түйін жасайды(Абай. 
Т.ІІ. 2020: 122). Бірінші мінезі туралы «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», 
«Бас басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа 
күймейсің» деген халық мақалын келтіре отырып, екі тізгін, бір шылбырын берген 
азаматына бағынып, соның айтқанын ұғып, айдағанына жүріп, әулиедей көретін мінезіне 
тәнті болады. ал екінші мінезіне байланысты ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға 
өкпе араздыққа бармай, бір тудың астына жиылатын ер мінезін көрсететін мақалдарға 
тоқталады. Айталық, «Аз араздықты қуған – көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары 
болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі 
келеді», «Жол қуған қазынаға жолығады, дау қуған бәлеге жолығады» деген мақалдарды 
мысал ретінде келтіріп, бүгінгі қазақтың бойында осы екі қасиетті бүкілдей жоғалып 
алғанын сынайды (Абайтану. Т.2. 2020).
Ақын қара сөздерінде кейбір мақал-мәтелдердің тарихилығына мән бергені көрінеді. 
Онда «Қасымқанның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» 
туралы тоқталып, сол кезеңдерде болған мақал-мәтелдердің тарихи мәнін ашып көрсетеді.
«Мақал-мәтелдердің» түпкі мәніне тоқталған Абай «Өнер алды бірілік, ырыс алды 
тірілік» мақал-мәтелдерін жан-жақты қарастырады. Бірлік малға емес, ақылға бірлік болса 
ғана өз мағынасын ашатынын, ал дүние дос болса, ондай бірліктің ғұмыры ұзаққа бармай, 
ертең-ақ жөнін табатынын тілге тиек етеді.


Абай өз дәуірінің, жасаған ортасының, оқыған дүниелері мен айтқан биліктері, өз 
кезінде жасаған заң-жарлықтарына сай да, өз жанынан тыңнан мақал-мәтелдерді барылққа 
әкелгенін көреміз. Абайдың өз шығарған мақал-мәтелдері деген бірнеше мақал Семейдегі 
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-
музейіннің» қорындағы ел арасынан жиналған қолжазба мұраларында сақталған. Араб 
әрпімен хатқа түскен бұл мақалдарда негізінен биге баға бергені «тура биде туған жоқ, 
туғанды биде иман жоқ» деген мақалдың бір нұсқасы ретінде хатқа түскен. Мақалды 
айтушылар «Абайдың өзінің шығарған мақалы» деп ұсынады. Мақалда биді батырмен 
салыстыра отырып, оның ел үшін орны мен мәртебесінің биіктігін айқын көрсетіп береді:
Батыр деген барақ ит,
әр қатын табады. 
Би деген ақ шариғаттың жолы, 
Бір-ақ қатын табады. (Абай музейінің қолжазба қоры, 43 бума). Сонымен 
бірге құлдық психология мен ақ сүйектік, сананың биіктігі мен төмендігін салыстыра 
бағалайтын төмендегі мақалды да Абайдың айтқаны деп көрсетеді. Онда қоғамның әр 
сатысындағы адам психологиясын бере білгенін көреміз:
Биді құл десең күледі, 
Құлды құл десең өледі (Абай музейінің қолжазба қоры, 43 бума). 
Ақын шығармашылығымен үндесіп жататын, халықты өнер-білім мен еңбек 
сүйгіштікке жетелейтін мақалдың да ақын атымен байланысты айтылатыны қолжазба 
мәтінде берілген. Онда: 
Күншілдің күні қаран, 
Еңбексіздің дәмі арам. 
Тағы:
Тоқтық не дегізбейді, 
Аштық не жегізбейді. (Абай музейінің қолжазба қоры, 43 бума). 
Бұл мақалдардан да ақын өз заманының кейбір керенау, ақылға сиымсыз, көңілге 
қонымсыз тұстарын мысқылдан, сықақ ете отырып, еттен өтіп, сүйекке жететіндей мақалға 
айналдырып артына мұра етіп, сөз мәйегін қалдырғаны көрінеді.
Қазіргі кезеңде Абайдың өлең шумақтары мен қара сөздеріндегі ойлы түйіндері нақыл 
сөз ретінде ел арасында кеңінен таралып жүр. Айталық: «Жаман дос көлеңке: басыңды бұл 
алса іздеп таба алмайсың, күн шалса, қашып құтыла алмайсың», «Артық ғылым кітапта, 
ерінбей оқып білуге», «Бір ғылымнан басқаның, кеселі көп асқанға», «Ғылымсыз дүние 
жоқ», «досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ 
бол», «Ісім өнсін десең – ретін тап», «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік», «қайратсыз 
ашу - тұл», «Білгенге маржан, білмеске арзан» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет