Қайталану коэффициенттерін дисперсиялық талдау әдісі?
Компьютер көмегімен анықтау әдісі?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.
Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.
Бегімбеков Қ.Н., т.б. Мал өсіру және селекция. -Алматы 2006.
Садыкулов Т.С., Бексейітов Т.К. Мал өсіру және слекция, Алматы, 2011.
Стамбеков С. Ж. Генетика. - Новосибирск. Ана-тілі, 2002.
Тәжірибелік сабақ №10
Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік. Сабақтың мақсаты:Мутациялық өзгергіштік: вариациялық қатардың теориялық жиілігін анықтау және селекциялық жұмыстың тиімділігін бағдарлауды меңгеру.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар:Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер. Мазмұны:Вариациалық қатарды құрастыру және оны график түрінде бейнелеу. Вариациялық қатар –организмдердің зерттеліп отырылған белгінің мәні бойынша кластарға үлестірімі. Қатарды құрастыру үшін мынадай жұмыстарды атқару керек:
1) іріктемеден максимал (хmax) және минимал (хmin) варианталарды табу;
2) класс санын (l) анықтау, 13-кесте арқылы табуға болады;
Класс санының іріктеме көлеміне сәйкес өзгеруі
Іріктеме көлемі (п)
25-40
40-60
60-100
100-200
200 <
Класссаны (l)
5-6
6-8
7-10
8-12
10-15
3) класс аралығын (k) есептеу;
4) кластардың төменгі шекараларын табу керек, бұл үшін белгінің минимал мәніне (аз жағына айналдырылса ыңғайлы, бірақ азайту класс аралығының жартысынан аспағаны дұрыс (хтіп– к/2)класс аралығығын максимал варианта енгенге дейін қосады;
5) кластардың жоғары шекараларын табу, олар келесі кластың төменгі шекарасынан белгінің өлшеу дәлдігіне сәйкес бір бірлікке кем болуы керек;
6) варианталарды өздерінің мәндеріне сәйкес кластарға жүйелі түрде түсіру, оларды нүкте мен сызықшалар арқылы түсірген ынғайлы: