Сандуєаш+озат



бет15/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

ДНҚ синтезі. Дезоксирибонуклеин қышқылының негiзгi құрылымдық бiрлiгi  нуклеотид. ДНҚ молекуласы бiр-бiрiне оралған қос тiзбектен құралған. Әдетте бiр тiзбектегi аденинге (пурин негізі) сутектi байланыс арқылы екiншi тiзбекте әрқашанда тимин (пиримидин негізі), ал гуанинге (пурин) цитозин (пиримидин) сәйкес келедi: А – Т, Г – Ц. Осындай толықтырылатын тiзбек комплементарлы деп аталады.

Генетикалық код

1-негiз


2-негiз

3-негiз


У

Ц

А

Г

У


УУУ
УУЦ
УУА
УУГ

Фен

Лей


УЦУ
УЦЦ
УЦА
УЦГ

Сер




УАУ
УАЦ
УАА
УАГ

Тир

Стоп


УГУ
УГЦ
УГА
УГГ

Фен


Стоп
Три

У
Ц
А
Г

Ц


ЦУУ
ЦУЦ
ЦУА
ЦУГ

Лей




ЦЦУ
ЦЦЦ
ЦЦА
ЦЦГ

Про




ЦАУ
ЦАЦ
ЦАА
ЦАГ

Гис

Глн


ЦГУ
ЦГЦ
ЦГА
ЦГГ

Арг




У
Ц
А
Г

А


АУУ
АУЦ
АУА
АУГ

Иле

Мет


АЦУ
АЦЦ
АЦА
АЦГ

Тре




ААУ
ААЦ
ААА
ААГ

Асп

Лиз


АГУ
АГЦ
АГА
АГГ

Сер

Арг


У
Ц
А
Г

Г


ГУУ
ГУЦ
ГУА
ГУГ

Вал




ГЦУ
ГЦЦ
ГЦА
ГЦГ

Ала




ГАУ
ГАЦ
ГАА
ГАГ

Асп

Глу


ГГУ
ГГЦ
ГГА
ГГГ

Гли




У
Ц
А
Г

Клетка бөлінер алдында, интерфазаның S-кезеңінде ДНҚ синтезі еселенуi, репликациясы өтіп, жаңа клеткалар бастапқы клеткаларға тән генетикалық информация алады. ДНҚ репликациясында басты рөлдi ДНҚ-полимераза ферментi атқарады. ДНҚ аутосинтезі репликациялық айыр құрылуынан басталады (6-сурет). Бұл процеске ерекше хеликаза ферментi қатысады. ДНҚ ажырағаннан кейiн де ДНҚ-полимераза жаңа тiзбектi синтездей алмайды, өйткенi ДНҚ құрылымында топологиялық қиындықтар бар. Ол ДНҚ-ның тығыз оралу дәрежесiне байланысты. Бұл қиындық гираза ферменттерiнiң (топоизомераза, т. б.) әсерi арқылы шешiледi: оралманың iлiнген тiзбектерiн кесiп ажыратады да, репликациялық айырдағы қысымды төмендетедi.


Нәруыз синтезi (ген жұмысы). Клетканың интерфазасының G1-сатысында өтетiн нәруыз синтезi транскрипция және трансляция этаптарынан тұрады. Информациялық РНҚ-ның ДНҚ тiзбегiнде синтезделуі транскрипция деп аталады. Бұл процесте РНҚ-полимераза ферментi басты рөл атқарады.
Транскрипция басталуы үшiн алдымен РНҚ-полимераза ДНҚ-ның промотор бөлiгiн тануы шарт. Промотор транскрипция басталу нүктесінің алдында орналасады және шамамен 40 жұп негiзден құралған. Фермент транскрипция нүктесiне дейiн шамамен 6-10 негiз қалғанда промотормен байланысады да, ДНҚ оралымын тарақата бастайды. Промотордан кейiнгi бiрiншi нуклеотидтен бастап терминациялық кодонға дейiн комплементарлық ережеге сәйкес ДНҚ-да иРНҚ-ның жаңа молекуласы синтезделедi. Синтезделген иРНҚ ядролық саңылаудан өтiп, бiрнеше рибосомамен байланысады. Рибосомада нәруыз синтезi – трансляция өтедi. РНҚ молекуласындағы триплеттер негiздерiнiң полипептидтiк тiзбектегi амин қышқылдар тiзбегiне аударылуы трансляция деп аталады. Рибосомаға нәруыз синтезi үшiн қажет амин қышқылдарын тРНҚ тасымалдайды. Нәруыз синтезінің жалпы принципі 7-суретте көрсетілген.
Нәруыздың полипептидтiк тiзбегiндегi амин қышқылдары қатарын ДНҚ нуклеотидтерiнiң тiзбегi арқылы бейнелеу генетикалық код деп аталады. Генетикалық код үш негiзден құралған, онда мүмкiн триплеттердiң үйлесуi 64-ке 43 тең 2-кесте.
Кодтың үш терминациялық кодоны бар: УАГ, УАА және УГА, олар код кестесiнде Стоп деп белгiленген: бiреуi де ешқандай амин қышқылын анықтамайды. Нәруыз синтезi олар орналасқан жерге дейiн жүредi де, транскрипция процесi тоқталады. Мутация нәтижесiнде терминациялық кодондардың бiрi түзiлсе, онда нәруыз синтезi ерте тоқтайды. Барлық организмдерде кодтың негізгі пиринципi – кодонның нақты амин қышқылын анықтау механизмi бiрдей.

  1. ДНҚ молекуласы генеткалық информацияға жауапты қосылыс. Оның құрамындағы төрт түрлі нуклеотидтің әр түрлі үйлесуі генетикалық код болып саналады. Ол үш негізден құралған яғни триплетті. Генетикалық кодтың барлық 64 триплетінің 61-і нәруыз молекуласының белгілі бір амин қышқылына сәйкес келеді, калған 3-еуі стоп-кодон болып саналады, бұл триплеттерде нәруыз синтезі аяқталады.

  2. Нәруыз синтезі генде (ядрода) иРНҚ молекласының синтезделуінен басталады. Бұл процесс транскрипция деп аталады. Синтезделген иРНҚ молекуласы ядродан цитоплазмаға өтіп рибосомаларда геннің тікелей жұмысы – трансляция іске асады. РНҚ кодондарына сәйкес деген амин қышқылдарды рибосомаға тРНҚ тасымалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет