Ген – ДНҚРепликация (ДНҚ-полимераза) астына 3´–5´ түсіру
... Т А Ц Г Г А Т Т Ц А Г А ...
керек 3 5´ Ген (ДНҚ)
Транскрипция (РНҚ-полимераза) иРНҚ 5 А У Г Ц Ц У А А Г У Ц У ... 3´ Кодон (иРНҚ)
Трансляция А Г А Антикодон (тРНҚ) Фенотип – Нәруыз Мет. Про. Лиз. ... (рибосома) 1 2 3
Өсіп жатқан полипептидтi тiзбек (2-кестені қара)
Нәруыз синтезiнiң үлгiсi (прокариот генінің жұмысы)
Вирустар, олардың геномының құрылысы және көбеюi.Көптеген вирустарда ген болып ДНҚ саналады, кейбiр вирустарда (ретровирустарда) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) бар. Вирустың нуклеин қышқылы түзу немесе сақиналы болуы мүмкiн. ДНҚ немесе РНҚ вирустың өзекшесiн құрайды, ал өзекше нәруызды қабықпен капталған. Бактерияда тiршiлiк ететiн вирустар бактериофаг деп аталады. Олардың геномының мөлшерi аз. Лямбда (l)фаг генінің саны 60-тан аз, фаг φ174 геномы 9 геннен ғана құралған болса, ал бактерияның геномы 5 мыңдай геннен тұрады.
РНҚ-сы бар вирустардың бiр тобы ретровирустардеп аталады, СПИД немесе рак вирусы осыған жатады. АҚШ ғалымдары Г. Темин және Д. Балтомир керi транскрипция процессін ашты: ретровирустардан бөлiнген ерекше ферменттiң әсерi арқылы матрицалық РНҚ-ның негiзiнде ДНҚ молекуласы синтезделе алуы мүмкiн. Фермент керi транскриптаза деп аталады. Бұл ферменттiң әсерiнен клеткаға енген оң тiзбектi РНҚ-дан (5–3´) терiс тiзбектi ДНҚ (3–5´)синтезделедi, ары қарай РНҚ/ДНҚ–гибридтiк тiзбек ыдырап, терiс ДНҚ матрицасынан ДНҚ-ның оң тiзбегi (5–3´) түзiледi. Пайда болған қос тiзбектi ДНҚ клетканың ДНҚ-сымен байланысқа түседi.
Қорытынды:1) басқа ағзалар сияқты вирустардың басым бөлігінде ген болып ДНҚ саналады, тек олардың бір тобында – ретровирустар үшін ген – РНҚ. Ең алдымен керi транскриптаза ферментiнiң көмегiмен бөлiнген иРНҚ-ға комплементарлы ДНҚ (кДНҚ) синтезделедi (8-сурет). Керi-транскрипция процесiне матрицалық иРНҚ-да кДНҚ-ның синтезi басталуы үшiн иРНҚ-ның 3¢-ұшына комплементарлы ашытқы-олигонуклеотид (қысқа тiзбек) қажет, мысалы полиА; 2) ДНҚ-полимераза ферментінің әсерінен ДНҚ-ның екiншi тiзбегi синтезделеді; 3) Комплементарлы ДНҚ-ның қосылған бөлiгi (шпилькалы) нуклеаза S1 ферментiарқылы ажырайды, нәтижесiнде қос тiзбектi ген алынады, ол қос тiзбектi комплементарлы ДНҚ (қт-кДНҚ) деп аталады. Осының негізінде вирус бактерияның, жануарлар мен адамның клеткасын зақымдай алады.