Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге келесі талаптар қойылған: - адамдар мен жануарлардан бөлінетін заттарда әрдайым кездесіп, қоршаған ортаға көп мөлшерде түсіп отыруы; - адам мен жануарлардың организмінен басқа табиғи резервуарының болмауы; - сыртқы ортада тіршілігін сақтау мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету мерзімімен сәйкес келуі; - сыртқы ортада көбейе алмауы; - қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін сақтай алуы; - оларды бір-бірінен ажыратып балауға мүмкіндік беретін типтік қасиеттерінің болуы -қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек -қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек
Санитарлык - микробиологиялык тэж1рибеде патогендк шартты-патогенд1 жэне санитарлык - керсетюш микроорганизмдерден баска зерттеу материалыньщ (су, топырак, тагам ешмдерк дэр1-дэрмектер жэне т.б.) белгы i колем ¡ндеп немесе мелшершдеп жалпы микроб санын аныктау пайдаланылады.
Қосымша:. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты микрофлоралардың ішінен – ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, сульфитті редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына жататын бактериялар, ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында тіршілік ететіндерден – Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus және Staphylococcus aureus жатады. Ішек таяқшасы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын барлық негізгі критерийлерге сәйкес келеді. Олар адамдар мен жануарлардың ішегінде тіршілік ететін қалыпты микрофлораларға жатады, қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, сыртқы ортада тірі қалуы мен төзімділігі патогенді энтеробактериялардың қасиеттеріне ұқсас, су мен топырақта көбейе алмайды. Сонымен қатар ішек таяқшаларының тағы бір артықшылығы – басқа ішек флорасына қарағанда, ластанған нысандарда өте көп мөлшерде кездесуі. Ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) қоршаған ортаның нәжіспен ластанғандығын білдіретін негізгі көрсеткіш және эпидемиологиялық (эпизоотиялық) қауіптіліктің индикаторы болып табылады.